Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 07:54, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында «Инклюзивті білім беру жүйесін» жетілдіру көзделген [1]. Осының негізінде, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінде дыбысты дұрыс айтуын түзету жолдарын қарастыру мәселесі де өзінің өзектілігін айқындайды.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІІНДЕ ДЫБЫС АЙТУЫН
ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ...................................................................6

1.1 Сөйлеу тілінде балалардың дыбыс айтуын
түзетудің теориялық негізі..........................................................................................6
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың
дыбыс айту ерекшеліктері.......................................................................................16
1.3 Дыбыс айту бұзылысының туындау себебтері.................................................26

ІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДЫБЫСТЫ
ДҰРЫС АЙТУЫН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ................................................37
2.1 Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету
жұмыстарының бағыттары......................................................................................37
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс
кемістігін диагностикалау........................................................................................47
2.3 Қалыптастыру экспериментінің
әдістемесі мен нәтижелері........................................................................................53

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Байрова, дисс.doc

— 889.50 Кб (Скачать документ)

АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК – ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ӘОЖ 371.15                                                                       Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЙРОВА АЙЗАТ ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДЫБЫС АЙТУЫН ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

 

 

 

 

Педагогика және психология ғылымдарының магистрі

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

 

 

 

 

 

 

                            Ғылыми жетекшісі:

п.ғ.к., доцент А.Б.Куздеубаева

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2015

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ........................................................................................................................3  

1 БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІІНДЕ ДЫБЫС АЙТУЫН

 ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ...................................................................6

 

1.1 Сөйлеу тілінде балалардың дыбыс айтуын

түзетудің теориялық негізі..........................................................................................6

1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың

 дыбыс айту ерекшеліктері.......................................................................................16

1.3 Дыбыс айту бұзылысының туындау себебтері.................................................26  

 

ІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДЫБЫСТЫ

 ДҰРЫС АЙТУЫН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ 

ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ................................................37

2.1 Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету

жұмыстарының  бағыттары......................................................................................37 

2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс

кемістігін диагностикалау........................................................................................47

2.3 Қалыптастыру экспериментінің

әдістемесі мен нәтижелері........................................................................................53

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................72

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................75 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында «Инклюзивті білім беру жүйесін» жетілдіру көзделген [1]. Осының негізінде, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінде дыбысты дұрыс айтуын түзету жолдарын қарастыру мәселесі де өзінің өзектілігін айқындайды.

Сөйлеу – бұл, қарым-қатынас жасаудың қажетті құрамды бөлігі. Сәби сөйлеуді ерте жастан-ақ меңгере бастайды. Осыны ескерсек, көмек көрсетудің аталаған түрі ерте жаста яғни, мектепке дейінгі кезеңде атқарылғаны дұрыс. Ерте балалық шақ – бұл, сөйлеу тілін меңгеруге және үйренуге қолайлы кезең болып саналады. Осы кезеңде балада фонематикалық естудің негізі қалыптасып, сөз дыбыстарын қайталау дағдыға  айналады да, алғашқы сөздерді түсіну мен айту пайда бола бастайды. Сондықтан, ерте балалық шақта мектепке дейінгі жетілудің алғышарттары қалыптасатындықтан, баланың сөйлеу тілінің жетілуіне жүргізілген түзету жұмыстары, әдіс-тәсілдер табысты әсер ете алады демекпіз.

Сөйлеу тілі бұзылған балалардың дыбыс айтуын түзету аясында біршама  зерттеулер, арнайы әдістемелік әдебиеттер және әдістемелік құралдар жарық көрген. Мәселен, сөйлеу тілі баланың жан-жақты дамуындағы барлық  танымдық психикалық үдерістеріне байланысты болатындығын психологтар: Л.С.Выготский, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, Р.Е.Левина, А.Р.Лурия, А.А.Люблинская және т.б. өз зерттеулерінде дәлелдеп өткен [2,3,4,5,6,7].

А.К.Маркова, Р.Е.Левина, У.Н.Усанова, Л.Р.Вескер [8,5,9,10] еңбектерінде сөйлеу тілі дамымаған ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін ынталандыруда дыбыс айту жүйесін жетілдіру мен сөздің буындық құрылымын меңгеруінің түрлі мәселелерін талқылап ұсынған.

Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілінің тежелуі мен тұтығуын жоюға байланысты түзету әдістемесін алғашқылардың бірі болып Н.А.Власова, Е.Ф.Рау, Н.А.Чевелева, С.А.Миронова [11,12,13,14] және т.б. ғалымдар өздерінің тәжірибелік еңбектерін ұсынған.

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауының пайда болуын түрлі ғылыми аспектілерде келесідей зерттеушілер: психологиялық-педагогикалық (Р.ЕЛевина, 1951, 1961; Э.Л.Фигередо, 1989); психологиялық-лингвистикалық (В.К.Урфинская, 1959, 1963); медико-педагогикалық (С.С Лепидевский 1969); физиологиялық (Н.Н Трауготт 1940); клиникалық (Ю.Я Флоренская 1949) және т.б. қарастырған.

Л.Г.Парамонова, Р.И.Лалаева, Л.Ф.Спирова, Г.В.Чиркина, Т.Б.Филичова, М.Ф.Фомичева, М.Е.Хватцев [15,16,17,18,19,20,21] және т.б. ғалымдар сөйлеу тілінің ақауы бар баланың фонетикалық естуін ерте жаста дер кезінде қалыптастыру маңыздылығын еңбектерінде арқау еткен.

Сондай-ақ, арнайы педагогиканың белгілі ғалымдары Л.В.Чудинова, Л.Ф.Спирова, Г.А.Каше, Н.А.Никашена, Н.Л.Евзекова [22,17,23,24,25] және т.б. зерттеулерінде сөйлеу тілі бұзылған балалардың түзете оқытудың бағыттары көрсетілген. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйене келе, сөйлеу тілі тежелген балаларды ерте жастан дыбысты дұрыс айтуын түзету жұмыстарын жүргізген тиімдірек болады деп тұжырым жасай аламыз.

Дейтұрғанмен, мектепке дейінгі кезеңде дыбысты дұрыс айтуын түзетуде балаларды сөйлеу тілін ынталандыру жұмыстары әліде болса, зерттеуді айғақтайды. Аталған мәселенің шешімін табу ерте жаста баланың сөйлеу тілін дамытуда оның белсенділігін ынталандыруды, жетілдіруді, нақтылауды және түзетушілік, дамытушылық ықпалын арттыруды қамтамасыздандыратын арнайы тәсілдерді қолдану аздық ететіндігі арасындағы қайшылықтың бар екенін көрсетіп отыр.

Демек, ерте жаста балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету мәселесі қосымша тереңірек ғылыми зерттеуді талап ететін өзектілігі мен теориялық тұрғыда әлі болса жеткіліксіздігі және тәжірибелі түрде толық өңделмегендігі зерттеу тақырыбын: «Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс айтуын түзету жолдарын зерттеудің ғылыми негіздері» деп алуымызға негіз болды.

 Зерттеу мақсаты: Балалардың сөйлеу тілінде дыбыс айтуын түзету бойынша әдістемелік әдебиеттерге теориялық шолу және сөйлеу тілін ынталандырудағы түзету жұмыстарының тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелеу және оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: Дыбысты дұрыс айтуын түзету жұмысының дамытушылық жолдары.

Зерттеу болжамы: Егер мектепке дейінгі балаларды дыбысты дұрыс айтуға ынталандыратын арнайы жұмыстар бағытталған түрде ұйымдастырылса, онда сөйлеу тілі тежелеген балалардың дыбысты дұрыс айтуын ынталандыруға мүмкіндік артар еді.

Ғылыми зерттеу жұмысының міндеттері:

- мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыта-түзету жұмыстарына арналған әдебиеттерге  теориялық талдау және жинақтау;

- мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс айту ерекшеліктеріне сипаттама беру;

- сөйлеу тілінде ауытқушылығы бар балалардың дыбысты дұрыс айтуын ынталандырудың түзете-дамытушылық амал-тәсілдерін қарастыру;

- анықталған болжам мен арнайы әдістемелерді тәжірибелік - экспериментте тиімділігін анықтау.

Зерттеудің әдіснамалық базасы:

- А.К.Маркова, Р.Е.Левина, У.Н.Усанова, Л.Р.Вескер [8,5,9,10] еңбектерінде балалардың сөйлеу тілін ынталандыруда дыбыс айту жүйесін жетілдіру мен сөздің буындық құрылымы жүйесін құрудағы әдістемелік негізі;

- Л.Г.Парамонова, Р.И.Лалаева, Л.Ф.Спирова, Г.В.Чиркина, М.Е.Хватцев [15,16,17,18,21] және т.б. ғалымдар сөйлеу тілінің ақауы бар баланың фонетикалық естуін ерте жаста дер кезінде қалыптастыру жайлы еңбектеріне негізделеді;

- Сөйлеу тілі тежелген балалардың байланыстыра сөйлеу тілінің ерекшелігін анықтауда К.К.Өмірбекова, К.Н.Серкебаева, К.Б.Бектаева, Н.Власова, Е.Ф.Рау, Н.А.Чевелева, С.А.Миронова, В.И.Селиверстов [26,27,28,29,12,13,14,30] және т.б. ғалымдардың еңбектері негізінде қаралады.

Ғылыми зерттеу жұмысының теориялық мәнділігі: Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс айтуын түзету жолдары мен ерекшеліктері, және олардың туындау себебтері арнайы әдіснамалық әдебиеттерге сүйену арқылы талданды.

Ғылыми зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы: Бұл ғылыми зерттеу жұмысты логопедияның өзекті мәселенің бірін зерттеуге қосқан үлес ретінде қарастыруға болады: мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытуда дыбысты дұрыс айтуын қалыптастыру жолдары ұсынылады. Зерттеу нәтижелерін мектепке дейінгі ұйымда тәрбиешілер балалардың сөйлеу тілін ынталандыру жұмысында қолдана алады.

Ғылыми зерттеу жұмысында қолданған зерттеу әдістері: Қарастырып отырған мәселеге қатысты ғылыми-әдістемелік теориялық талдау және жинақтау, зерттеуді жобалау, бақылау және эксперимент, зерттеу барысында қолданған мәліметтерді талдау, салыстырып, сапалық және сандық сараптау және қорытындылау.

Зерттеудің эксперименталды базасы: Облыстық логопедиялық  №6  балабақша тәрбиеленушілері.

Зерттеу жұмыстарының кезеңдері:

1-кезең (2013-2014жж) Зерттеу мәселелері бойынша лингвистикалық, психологиялық, педагогикалық және әдіснамалық әдебиеттерді жинақтау және оларға теориялық талдау жасалып, жұмыстың өзектілігі тақырыпты таңдауға себебші болды.

2-кезең (2014-2015жж) Зерттеудің ғылыми аппараты айқындалып, оның зерттеудің мақсаты, міндеті, пәні, нысаны белгіленіп, нақтыланды. Зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік материалдармен танысып, талдау және жинақтау жалғасты.

3-кезең (2014-2015жж.) Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Алынған мәліметтерге сандық және сапалық талдау жасалынды. Магистрлік диссертацияның жұмысы әдеби рәсімделді.

Магистрлік диссертацияның көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

I БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ ДЫБЫС АЙТУЫН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

1.1 Сөйлеу тілінде балалардың дыбыс айтуын түзетудің теориялық негізі

 

Біздің тіліміз ойлаумен тығыз байланысты. Сөйлеу тілі – ойдың тікелей құралы деп айта аламыз. Біз сөздің жәрдемімен ғана ойлай аламыз. Адамның ойлауы тек тіл арқылы ғана туып және де дыбыс айтуы арқылы ғана жеткізіледі. Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен бірге психикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, баланың сөйлеуін дамытумен бірге біз оның дыбыс айтуын түзетуіміз керек. Бұл жайында ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді дамыту жүйесі міндеттелген [1]. Аталған мәселелер бойынша баланың таза, дұрыс сөйлеуінің оның дыбысты дұрыс айтуының дамыту туралы ғалымдардың зерттеулерін де негізге ала отырып зерделейміз.

Сөйлеу тілінің баланың жан-жақты дамуындағы барлық психикасына байланысын Л.С.Выготский, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, Р.Е.Левина, А.Р.Лурия, А.А.Люблинская және т.б. психологтардың зерттеулерінде дәлелденген [2,3,4,5,6,7]. Мәселен, Л.С.Выготский сөйлеу тілі қызметінің негізгі үш түрін: комуникативті, танымдық және реттеушілігік деп атап өткен. Бұл тұрғыда ғалымның еңбектер желісінен: «Сөз ішінде ой тек қана анықталмайды, ол және істелінеді» және «Сөйлеу тілі ең алғаш адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы, ол кейін ойлау құралы сосын іс-әрекетті реттеуші» деген тұжырымына сүйенуге болады [2,98].

Тіл дамыту мәселесінің психологиялық негіздерін анықтауда белгілі психологтардың (Ж.Аймауытов, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, П.Я.Галперин, А.С.Лурия, Н.И.Жинкин, Д.Б.Эльконин, Н.А.Степанов, А.А.Люблинская және т.б.) [31,32,33,34,35,7] жоғары психикалық функциялардың дамуындағы сөз бен сөздің орны жайындағы теориялары оқушының дыбысты айту тілін дамытудың әдістемесін жасау басшылыққа алынды. Психологтар сөйлеу әрекеті екі түрлі деп, оларды сырттай сөйлеу және іштей сөйлеу деп бөліп, оларды бір-бірімен тығыз байланыстырады. Өйткені, олардың физиологиялық негізі бір десек те, олардың бір-бірінен ерекшелігі бар. Сырттай сөйлеу тыңдаушысына бағытталады, ал іштей сөйлеу біреудің сөзін түсіну, ұғыну үшін жұмсалады деп санайды.

Аталып өткен ғалымдардың зерттеулерімен танысу бізге, сөйлеу тілінің мазмұндылығына, ойлау актілерінің орындалуындағы және баланың мінез-құлқындағы роліне бағытталғандығын өз зерттеуіміздің негізі ретінде топшылаймыз. Тілді оның әлеуметтік, психологиялық жағынан зерттеген еңбектерге сүйенсек, баланың психикалық дамуындағы жеке процестері болып саналатын сөйлесу мен ойлаудың бірімен бірінің байланысы және өзара тәуелдігі анықталады.

Н.В.Власова және Е.Ф.Рау [11,12] мектепке дейінгі балалардың өз беттерімен дыбыс айту дәрежесіне байланысты сөздік жаттығуларды күрделендіріп құрастырды. Ғалымдар мектепке дейінгі балалармен жүргізілетін логопедиялық сабақтардың алғашқы әдістемелердің авторлары болып табылды. Мәселен, Н.А.Власова сөйлеу тілінің жеті түрін ажыратады, оларды мектепке дейінгі балалармен жүргізілетін сабақтарда бірізділікпен, кезектілікпен жүргізу керек:

1) қосарланған сөйлеу тілі;

2) қайталап сөйлеу;

3) таныс сурет бойынша жауап беру;

4) таныс суреттерді өздері суреттеу;

5) таңдалған кішігірім мәтіннің  мазмұнын айту;

6) тосынан айтылған сөйлеу тілі (таныс емес суреттер бойынша);

7) қалыпты сөйлеу тілі (таныс әңгімелесу өтініш) [11].

Е.Ф.Рау логопедиялық жұмыстың міндетіне  «жүйелі жоспарланған сабақ арқылы сөйлеуі тежелген балалардың сөйлеу тіліндегі қысымнан айырылып, дыбыс айтуын еркін, ырғақты, бір қалыпты, анық етіп, дыбыс айтудағы қателерді жою және нақты,  дұрыс артикуляцияны тәрбиелеу» деп анықтама берген [12].

Зерттеуімізде, Н.А.Власова мен Е.Ф.Рау әдістемелердің негізіне балалардың өз сөйлеу тілінің дәрежесі алынады [11,12]. Аталған авторлардың ғылыми еңбектерінде алғаш болып кішкентай балалармен жүргізілетін жұмыс сөздік жаттығулардың бірізділігін, кезектілігін ұсынып қолданады, мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін түзету жүйесінің жеке бөлімдерін құрастырды. Қазіргі таңда логопедтер осы әдістеменің кейбір элементтерін пайдаланады.

Информация о работе Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары