Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 07:54, курсовая работа
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында «Инклюзивті білім беру жүйесін» жетілдіру көзделген [1]. Осының негізінде, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінде дыбысты дұрыс айтуын түзету жолдарын қарастыру мәселесі де өзінің өзектілігін айқындайды.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІІНДЕ ДЫБЫС АЙТУЫН
ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ...................................................................6
1.1 Сөйлеу тілінде балалардың дыбыс айтуын
түзетудің теориялық негізі..........................................................................................6
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың
дыбыс айту ерекшеліктері.......................................................................................16
1.3 Дыбыс айту бұзылысының туындау себебтері.................................................26
ІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДЫБЫСТЫ
ДҰРЫС АЙТУЫН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ................................................37
2.1 Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету
жұмыстарының бағыттары......................................................................................37
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс
кемістігін диагностикалау........................................................................................47
2.3 Қалыптастыру экспериментінің
әдістемесі мен нәтижелері........................................................................................53
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................
Текшелерден «Жан» сөзін құрастыру керек.
Дәл осылай жас,жат,жал сөздеріне дыбыстық талдау жасалады.
3.Балалар, сендер қысқа сөздердегі дыбыстарды бөліп айтуды, ажыратуды үйреніңдер. Енді біз жанды дыбыстар ойынын ойнай аламыз.
Логопед үш баланы ортаға шығарады да:бірінші балаға сан «ж» дыбысы, екіншісі «а», үшіншісі «н» дыбысы боласың дейді.Балалар бір қатарға тұрады. Сосын бірінші,екінші,үшінші дыбыстарды дауыстап атауын өтінеді,қандай сөз шықты? Сонымен жан сөзінде қандай дыбыстар бар? Неше дыбыс бар?
5. «Жа» сияқты буындар мен «Жан» сияқты сөздерді кеспе әліппеден құрастыру және оқу.
6. Ырғақты жаттығу.
Бойды бүкпей тік ұста
Жай сол қолды сол жаққа,
Жай оң қолды оң жаққа,
Осылай бір байқа да,
Он шақты рет қайтала.
6. Балалардың зейінің, есте сақтау, сұраққа толық жауап беру қабілеттерін дамыту. Суретке қарап балалар логопедпен бірігіп сөйлем құрайды немесе логопедпен кейін қайталайды.
Мысалы: Жанарда сағат бар. Жалғас сүт сатып әкелді. Жазира сиыр сауды. Содан кейін балаларға мынадай сұрақтар қойылады:
Жанарда не бар?
Жалғас не істеді?
Кім сиырды сауды?
7. Сабақты қорытындылау. Бүгін сабақта қай дыбысты дұрыс айтып, ажыратуды үйрендік? «Сөз ойла,тез ойлан» ойынын ойнайық. «Ж» дыбысы бар сөз ойландар.
С дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты: «С» дыбысын сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру, сан сияқты сөздерге дыбыстық талдау жасау. Ашық буынды сөздерді оқу, сұраққа жауап беру арқылы сөйлем құрау.
Керекті құралдар: кеспе, әліппе, текше, белгілер.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Логопед: Балалар, бүгін біз «С» дыбысын дұрыс айту сабағын жалғастырамыз.
3. «С» дыбысын дұрыс айту. Логопед балаларға «С» дыбысы бар суреттерді көрсетеді де жауып қояды. Сосын логопед «С» дыбысы сөздің басында аяғығында кездесетін суреттерді атауын өтінеді.
4. Сан сөзіне дыбыстық талдау және жинақтау.
1. Логопед: Балалар, қандай дауысты дыбысты білесіңдер? (а,о,у,е,ы). Қант деген сөзге қандай дауысты дыбыс естіледі?
Доп, қыз, гүл, қол, және т.б. сөздерден дауысты дыбыстарды бөліп алу.
2. Логопед балаларға «сан» деген сөзді қайталап айтқызады. Содан кейін балаларға бірнеше сұрақ қояды.
Осы сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі? (С). Екіншісі ше? (А). Үшіншісі қандай? (Н). Осы дыбыстардан қандай сөз шығады? (САН). Осы сөзде қандай дауысты дыбыс естіледі? (А)
Текшелерден «сан» сөзін құрастыру керек.
Дәл осылай сүт,қас,бас сөздеріне дыбыстық талдау жасалады.
3. Балалар, сендер қысқа сөздердегі дыбыстарды бөліп айтуды, ажыратуды үйреніңдер. Енді біз жанды дыбыстар ойынын ойнай аламыз.
Логопед үш баланы ортаға шығарады да бірінші балаға «сан» «С» дыбысы, екіншісі «А», үшіншісі «Н» дыбысы боласың дейді. Балалар бір қатарға тұрады. Сосын бірінші, екінші, үшінші дыбыстарды дауыстап атауын өтінеді, қандай сөз шықты? Сонымен сан сөзінде қандай дыбыстар бар? Неше дыбыс бар?
5. «Са» сияқты буындар мен сан сияқты сөздерді кеспе әліппеден құрастыру және оқу.
6. Ырғақты жаттығу.
Бойды бүкпей тік ұста
Жай сол қолды сол жаққа,
Жай оң қолды оң жаққа,
Осылай бір байқа да,
Он шақты рет қайтала.
7. Балалардың зейінің, есте сақтау, сұраққа толық жауап беру қабілеттерін дамыту. Суретке қарап балалар логопедпен бірігіп сөйлем құрайды немесе логопедпен кейін қайталайды.
Мысалы: Саматта сағат бар. Сауле сүт сатып әкелді. Сара сиыр сауды Содан кейін балаларға мынадай сұрақтар қойылады:
Саматта не бар?
Сауле не істеді?
Кім сиырды сауды?
8. Сабақты қорытындылау. Бүгін сабақта қай дыбысты дұрыс айтып, ажыратуды үйрендік?
«Сөз ойла, тез ойлан» ойынын ойнайық. «С» дыбысы бар сөз ойландар.
З дыбысы
Сабақтың мақсаты: «З» дыбысын дұрыс айтып, ажырата білу. Зада сияқты сөздерге дыбыстық талдау жасау. Сөз тудырушы жұрнақтарды пайдаланып, жаңа сөз құрастыруға дағдыландыру.
Керекті құралдар: суреттер, кеспе әліппе, түсті жолақшалар.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау.
3. Сосын логопед: Қаз, көз суреттерін көрсетіп, сөздің аяғында қандай дыбыс естілетінін сұрайды. «З» бұл қандай дыбыс? Сонымен бүгінгі сабақта қандай дыбыстарды қайталаймыз?
4. «З» дыбысын «ажырату.
Логопед: Қазір «Керісінше» ойынын ойнаймыз. (Балалар жағалай тұрады. Логопед ортада) Мен қазір доп лақтырып «С» дыбысымен буындарды айтам, сендер допты қағып алып, маған қайтарғанда «З» дыбысы бар буынды айтып лақтыру керек: Мысалы, мен «за» десем сендер «за» дейсіңдер (со, су, сы, со, ас, ос, ыс, өс).
5.«З» дыбысын айтуға бағытталған жаттығулар.
Әр балаға «З» дыбысы бар суреттер беріледі. «Зада» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Логопед баланың суретін көрсетіп былай дейді: Бұл баланың аты Зада. Осы сөзге дыбыстық-буындық талдау жасайық. Кәне, бәріміз қосылып осы сөзді айтайық. Сөзде екі буын бар екені анықталады. Сөз схемасы сызылып, ондағы дыбыстар текшелермен белгіленеді. Әр буындағы дыбыс саны, қандай дыбыс екені анықталады. Осылай сақа, қозы, маса сөздеріне дыбыстық талдау жасап, схемасы сызылады. Талдау барысында әр буындағы дауысты дыбыстарға көңіл бөлінеді. Дұрыс айтылады. Әр буында бір дауысты дыбыс болуы ескертіледі.
1. Cөйлем құрауға жаттығулар.
Логопед: Мына сөз тіркестерін естеріне сақтай дұрыс қайталандар. Суық су, сұр мысық, қасқа қозы, қызыл қағаз.
2. «Мен, бастаймын сен аяқта» ойыны.
Логопед сөйлемді бастайды, балалар аяқтау керек. Мысалы, Пеш қасында сұр (мысық отыр). Зере қораға қасқа (қозыны қамады). Сара мен Зада сиыр (сауды).
Енді осы сөйлемдерді қайталаңдар. (Егер дұрыс қайталанбаса, сұрақ қою арқылы толық айтқызу керек).
6. Сабақты қорытындылау.
Логопед: Қандай дыбыстарды қайталадық. «Сөз ойлап тап» ойынын ойнайық. Алдымен, «З» дыбысына сөз» ойлаңдар.
Т дыбысы және әріпі
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың барысы:
1. Өткенді қайталау
Логопед: Қазір біз айтылған дыбыстарды қайталаймыз. Ал ол қандай дыбыстар екенін өздерің айтасындар.
Логопед дыбыс шығарудағы дыбыс мүшелерінің қызметін көрсетеді.
Балалар ықыласпен қарап, айтады: а, ә, у, и. Логопедтің айтуы бойынша кейбір балалар дыбыстарды анық айтады және сурет бойынша, осы дауысты дыбыстардың басталатын сөздерді табады (әтеш, ат, ит).
Логопедтің тапсырмасы бойынша балалар дыбыстарды үйлестіріп айтады (ал, уи, уа). Әр рет айтқанда дыбыстардың саны мен жүйелігін анықтайды.
2. «Т» дыбысымен таныстыру. «Т» дыбысымен буындар мен сөздер.
1. Логопед: Бүгін біз жаңа дыбыспен танысамыз. Мына қыз баланың (логопед қыз баланың суретін көрсетеді) есімі Толқын. Логопед бірнеше рет осы сөзді айтып, балалардың назарларын сөздің бірінші Т дыбысына аударады. Толқын деген сөзді хормен және жеке балалармен айтады. Басқа сөздермен де осындай жұмыс жасалады: тау, танк, тон.
2. Логопед: Кім байқады, қандай дыбысты дұрыс айтуға үйренеміз? (Т дыбысы).
3. Cосын логопед балалардың назарын Т дыбысының артикуляциясына аударады. (тіл жоғарғы тіске соғылады). Бірнеше балаға Т дыбысын айтқызу. Т дыбысы дауыссыз қатаң екенін балаларға айту.
4. Т дыбысымен буын айтқызу (балалардың назарын дамыту). Бұл үшін тапсырма ойын ретінде өткізіледі. Логопедті ықыласпен тыңдап, логопедтің айтқанын дәл қайталау. Қайталау үшін келесі буынды үйлестіріле айтылады: то-та, ту-та-то.
5. Ырғақты жаттығу.
6. Жабық буындарды айтқызып, оларға талдау мен синтез жасау: ат, от, ут, ит және бұрын өтілген ап, оп, уп, ип.
Бұл жаттығуды екі топтың арасында жарыс түрінде өткізуге болады. Балалар екі сапқа тұрады. Сосын әр топтың бірінші баласы тапсырма алады, мысалы, бірінші топтың баласы логопедтің соңынан от деген буынды қайталайды, оның қандай дыбыстардан құралғанын айтуы керек. Екінші бала сұраққа жауап беруі керек: Қандай буын мен дыбыстан құралады? Дұрыс жауап берген бала тобы бір ұпай ұтады? Осылай барлық бала сұралады.
7. Белгілі дыбыс ерекшелігі бар сөздерді ажырату. Тағы да ойын түрінде өткізу (балалардың назарын аудару). Логопед тайдың суретін балаларға көрсетеді де атайды. Мынау тай. Енді ықыласпен тыңдап тай деген сөзді естісендер қол көтеріңдер. Сосын логопед жүйелігін ауыстырып мына сөздерді айтады: тай, шай, май немесе бір сөзде Т дыбысы болатындарды (қалам, терезе, дойбы, тоқ, дақ, шоқ).
Балалар т дыбысы бар сөзді тауып атаулары керек.
3. Т дыбысы бар сөздерді айтқызу
Бірінші жағдайда жаттығуды әр түрлі өткізуге болады. Мысалы, тақтаға суреттер қойылады, олардың саны көп болады, ал еске сақтауға 3-4 сөз беріледі. Логопед шақырылған баланы теріс қаратып қояды да, 3-4 суретті әр жүйелігінде айтады. Бетімен тақтаға бұрылып бала сол жүйелігін бұзбай, логопед айтқан суреттерді көрсетеді. Сонан соң бала суреттерді айтады. Осылай бірнеше бала сұралады.
Логопед балаларға зейін қойып тыңдап 3-4 сөзді сақтауды ұсынады. Содан кейін балалар кезекпен жүйелігін сол түрде сақтап бір сөзден айтады, мысалы, бір бала ат деп айтса, келесі тауық ал үшіншісі мақта дейді. Бұл жаттығуды «Телефон» ойыны сияқты өткізуге де болады.
Екінші жағдайда жаттығуларды келесі түрінде өткізуге болады. Тақтаға бір қатар 4-5 суреттер қойылады. Логопед оларды есте сақтауға ұсыныс жасайды. Суреттердің атауын хормен және бөлек балаларға айтқызады. Содан кейін суреттер аударылады. Бұл сурет көрсетіліп, логопед суретте не бар екенің болжап білуді ұсынады. Дұрыс шешкен және керек сөзді анық айтқан балаға мәтін немесе сурет беру. Ең көп жауап берген бала (топ) жеңеді. Тақтаға 4-5 сурет қойылады. Балаларға суреттерді зейін қойып қарап және жүйелігін есте сақтауға ұсыныс жасалады. Сосын суреттер жабылады. Шақырылған бала барлық суреттерді атауы керек. Сосын басқа суреттер беріледі және т.б.
4. «Т» әріпі таңбасымен таныстыру. «Т» әріпін ауаға жазу.
5. Балалармен бірге «Шалқан» ертегісін айтып, бармақпен көрсету.
6. Сабаққа қорытынды.
Логопед сұрақ қояды: Қандай дыбысты бүгін дұрыс және анық айтып үйрендік ? (әр бала сөздер ойлап айтады).
Ц дыбысы
Сабақтың мақсаты: «Ц» дыбысын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға жаттықтыру, жұрнақтар арқылы зат есімінің кішірейтіп, еркелетіп айтылатын тұлғаларын айтуға дағдыландыру.
Көрнекі құралдар: суреттер, т ешелер, кеспе әліппе, жолақшалар.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабақтың мақсатымен тақырыбын анықтау.
Тақтаға циктің көрінісі бар сурет ілінеді. Балалар, суретте не бейнеленген? (Цирк). Осы сөздің басында қандай дыбыс естіледі? (Ц). «Ц» дыбысын айтқанда тілдің ұшы қай жерде? Ерін қайтеді? Енді осы дыбысты кезекпен бәріміз айтып шығайық.
3. Кім зейінді? Ойынын ойнайық. Мен әр түрлі буындар мен сөздерді айтам, ал сендер «Ц» дыбысы бар буын мен сөзді естігенде алдарындағы жалаушаларынды көтересіңдер. Мысалы: ца-цо-цу-ас-ақ және т.б. Сабын, цирк, сағат, циркуль, қасқыр, Самат, цемент, милиционер, велосипед, мотоцикл, және т.б.
4. Енді «Телефон» ойынын ойнайық, буындар мен сөздерді қайталау. Мысалы:
Са-цо-цу
Ас-ац-оц
Са-ца-цу-сы
Цемент, цирк, корцерт .
5. Қасық, конверт, алыс станция деген сөздерден сөйлем құрастыру.
6. «Керісінше» ойының ойнайық. Ырғақты жаттығуларды орнына ойнауға болады. Мен сендерге доп лақтырып сөз айтам, сендер сол сөзді кішірейтіп, еркелетіп айтып допты қайтара маған лақтыруларын керек. Мысалы:
Көл-көлшік,
Үй-үйшік,
Кілем - кілемше,
Көрпе -көрпеше,
Бала- балақай,
Кітап- кітапша және т.б.
7. Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасау.
8. Тексті тыңдап, сұрақ бойынша мазмұнын айтып беру.
Ш дыбысы және әрәпә
Сабақтың мақсаты: «Ш» дыбысын буында, сөзде,сөйлемде дұрыс айтпауға жаттықтыру, жұрнақтар арқылы зат есімінің кішірейтіп, еркелетіп айтылатын тұлғаларын айтуға дағдыландыру.
Көрнекі құралдар: суреттер, текшелер, кеспе әліппе, жолақшалар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Сабақтың мақсатымен
Тақтаға шананың суреті ілінеді. Балалар, суретте не бейнеленген? (шана). Осы сөздің басында қандай дыбыс естіледі? (Ш). «Ш» дыбысын айтқанда тілдің ұшы қай жерде? Ерін қайтеді? Енді осы дыбысты кезекпен бәріміз айтып шығайық.
3. Кім зейінді? Ойынын ойнайық. Мен әр түрлі буындар мен сөздерді айтам, ал сендер Ш дыбысы бар буын мен сөзді естігенде алдарындағы жалаушаларынды көтересіңдер. Мысалы: ша, ше, шу, ас, ақ және т.б. шахмат, шам, шахтёр, шана, шырын, шай, шекара, шағала, шелек, шаңырақ, шар, шардара және т.б.
4. Енді «телефон» ойынын ойнайық, буындар мен сөздерді қайталау. Мысалы:
Информация о работе Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары