ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 14:29, курсовая работа

Краткое описание

Халықаралық қатынастар тарихын қарастырсақ, оның бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Оның ішінде біздің қазіргі түсінігіміздей халықаралық қатынастардың қалыптасуы Жаңа дәуірде жүзеге асты. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың негізін салған 1648 жылғы Вестфаль бітімі болып есептеледі. Бұл құжаттың негізінде 1618 – 1648 жылдардағы Европадағы Отызжылдық соғыстың қорытындысы шығарылған болатын. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бүкіл әлемдегі сыртқы саяси жағдайды өзгертіп, саяси күштердің жаңаша орналасу тәртібіне әкелді. Вестфальда халықаралық қатынастардың құқықтық негізі қаланды, егеменді мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектісі етіп жарияланды.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3-8

І -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕСТФАЛЬ ЖҮЙЕСІ (ХVІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ – ХVІІІ ҒАСЫР)...............................................9-42

Жаңа заман қарсаңындағы халықаралық қатынастар ...........................9 - 14
Халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесінің құрылуы және
дамуы ............................................................................................................14-38
ХVІІІ ғасырдың соңғы отыз жылдығы – ХІХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістер....................................................38-41

ІІ -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕНАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ................................................................................................................42-52

2.1 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы...................42-45
2.2 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің күйреуі......................45-43
2.3 Ұлттық соғыстар мен отарлық бәсекелестік кезеңі...................................43-50

ІІІ- ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР...................................................................53-65

3.1. ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар..............53-56
3.2. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы державалардың әлемді отарлық бөлісу үшін күресі.................................................................................57-63
3.3. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс кезіндегі халықаралық қатынастар.....................................................................................63-65

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................66-67

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................68-70

ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................71-

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаңа замандағы халықаралық қатынастар.doc

— 451.00 Кб (Скачать документ)

 

2.2  Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің күйреуі

 

ХІХ ғасырдың 40-60-шы жж. халықаралық қатынастар. Веналық лигитимдік тәртіпке 1848-1849 жылдардағы революциялар терең соққы берді.Олар Италияда басталып, бірден бірнеше мемлекеттерді – Франция, Австрия,Пруссия және т.б. герман мемлекеттерін қамтыды. Бұл Европалық мемлекеттердің арасында тығыз экономикалық, мәдени, саяси байланыстар бар екендігін ғана емес, себебі олардың алдында бірдей және ұқсас мәмелелердің тұрғандығын көрсетті.

 Мәселелердің бастысы  бұл елдердегі азаматтардың көпшілігі  өз елдердегі саяси режимге  қанағаттанбай, өз құқықтары мен  ьостандықтарын кеңейтуге ұмтылды.  Абсолюттік мемлекет елдерінде  конституция еңгізуді талап етті, ал либералдық конституциясы бар елдер жалпыға бірдей сайлау құқығын еңгізуді талап етті.

« Әлеуметтік – мәселе»  де -өткір мәселе болды. Себебі Вена конгресі орнатқан лигитимді тәртіпте үлкен наразылық туғызды. Әсіресе  оған мемлекеттік билігі немесе мемлекеттік дербестігі жоқ, шетел әлеуметтері билігінде болған халықтар итал-р, немістер, полыктар, венгрлер т.б. қарсы болды. Тіпті тәуелсіз және егеменді мемлекет – Францияның өзінде де қоғамдастық лигитимді тәртіпке өз наразылығын білдірді. Француздар Веналық тәртіп олардың ұлттық мүдделеріне қайшы келеді, себебі ол Францияны реакциялық монархиялар – Австрия,Пруссия, Ресейдің ыңғайына қарай сыртқы саясат жүргізуге міндеттейді деп есептеді.

  1848 ж. қаңтарда Сицилияда халық көтерілісі мен басталған революциялар санаулы арада апталарда жарты Европаны қамтыды. 23-нен 24 ақпанға қараған түні үкіметке қарсы демократия Парижде көтеріліске ұласты. Халықаралық көтерілістер нәтижесінде Европадағы саяси жағдай өзгерді. Францияда Шілде монархиясы құлатылып, республика жарғыланды.Рим папасы Римнен қашты. Бұл Европадағы халықтардың бүкіл жүйесіне әсер етті. Ревоюциялар ықпалымен қасқа уақытта Вена конгресінде құрылған тәртіп әлсіреді. Австрия үкіметінің басшысы Климент Моттернихтің биліктен кетуі револбциялар соққысымен Вена жүйесінің күйреуінің символы болды. 1848 ж. революциялар нәтижесінде көптеген Европалық мемлекеттердің үкіметтері сыртқы саяси бағытын бірден өзгертті.Француз республикасының Уақытша үкімет басшысы басқа елдерге үлгі көрсетті. 1848 .ж 2-ші наурызда ол Европаның барлық үкіметтеріне монифест жолдады. Революция Австрия мен Пруссия арасындағы қатынастарды нашарлатты. 1834 ж. Прус королі бастамасымен Герман таможнялық одағы құрылды. 1848 ж. сәуірде прусс әскерлері Шлезвигті алды, прусс-дат соғысы басталды.

   Венгр патриоттарының қозғалысы да жүрді. Олар Австрия империясы құрамындағы кен дербестікті талап етті.1848 ж. 14-ші сәуірде Венгрия тәуелсіз республика деп жарияланды.

  Габсбургтер үшін әскери қимылдар Италияда табысты болды. 1848 ж. 22-ші шілдеде австрия әскерлері Италияндықтарды талқандап, Пьемонт үкіметін 8 тамызда уақытша бітімге қол қойдыртты. Австрия империяларына революциялық қозғалыстан күресуде Ұлыбритания және Ресей қолдау көрсетті. 1848-1849 жылдардағы оқиғалардың жалпы қорытындысы: революцияр жеңілді.Европалық мемлекеттер «1814-1815 ж.-ғы трактаттармен» анықталған шекараларына оралды.

Европалық мемлекеттердің сыртқы саясатындағы бұл өзгерістердің салдары «европалық концерт» түпкілікті ыдырады. Ірі европалық мемлекеттер 1848-1849 жылдардағы революцияға дейінгі күштердің ара салмағын өз пайдасына өзгертуге тырысты. Францияда 1848-49 ж. революциялар нәтижесінде билікке Луи Н.Бонапарт келді. 1848 ж. ХІІ ол Француз республикасының (2рет) президенті болып сайланды.

 Орыс –француз  жақындасуы. Қырым соғысынан кейін Ресей жаңа одақтас іздей бастады, ол Франция болды.1860 ж. көктемде Сирияда бекіту ұмтылыстары болды. Сирияда Франция мүддесі Ағылшын қақтығысты.1862 ж. ІІІ Наполеон ірі авактюра ұйымдастырды, ол Мексиканы басып алып, өз вассалына айналдырғысы келді.1862 ж. 24-ші Сәуірде Пруссияның министрлер кеңесінің президенті – Бисмарк болды. 1863 ж. 8-ші ақпанда Сан-Петербургте поляк істері бойынша конвенцияға қол қойды. Онда көтерілісті бірге басу көзделді.Себебі Пруссия оның Австрияның,Фран-ң соғысында –Ресейдің бетараптылығын ойлады.

ХІХ ғасырдың бірінші  жартысындағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі АҚШ. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында АҚШ батыс Европадан, әсіресе Ұлыбританиядан өнеркәсіптік өндірістің дамуына жөнінен артта қалды. Ел экономикасы әлі де аграрлы болды. АҚШ негізінен батысқа қарай өсті.Батыстағыбос жерлерде  адамдар қоныстанып, игеріле бастады, кейін олар шататтарға айналды. 1861 ж. АҚШ-та Шығыс пен Батыста 40 штат болды. ХІХ .ғ ортасына қарай АҚШ аумағы тынық мұхитқа дейінн жетіп, бүгінгі аумағына жетті. 1867 ж. Ресейден Алясканы сатып алды. Жаңа жерлерді үздіксіз игеру АҚШ экономикасын аграрлық сипатта болуын анықтады. Солтүстігіндекапиталиятік шаруашылық дамыды, ал оңтүстігінде құл еңбегігн падаланған плпнтаторлық шаруашылық дамыды. (темекі,мақта, күріш, қант, т.б.). ХІХ басында АҚШ-тың сыртқы саясаты белсенді бола бастады, ол 2 бағытта жүргізілді:1- Солтүстіктің сауда буржуазиясының: 2-Оңтүстіктің плантаторларының мүддесін көздеді. Солтүстіктің сауда буржуазиясы бейтарап ел ретінде еркін теңіз сауда құқығын мойындауды талап етті;

1812-1814 ж-.ры АҚШ пен Англия арасында соғыс болды.1830 ж. АҚШ дипломатиялық жолмен өз аумағын 2 есеге ұлғайтты. 15 млн. долларға Франциядан солт. Америкадағы Луизананы алды. Флорида түбегін иеленген әлсіз Испаниямен тіпті санаспады.1810-1818 ж.-ры Флориданы бөлік-бөлік етіп окупациялады.1819 ж Испания Флориданы АҚШ-қа төлемсіз ақ берді және 42 параллельден жоғары жатқан материктің бүкіл батыс бөлігін берді. Осылайша, АҚШ-тың тынық мұхитқа қарай экспансиясына жол ашылды.

Орталық және Оңтүстік Американың орасан зор аумағын испан және португал отаршылдары иеленді, бұл  аумақ ХІХ ғ. ортасында Иберийлік немесе Латын Америкасы деп аталды.Бразилия-Португалия отары болды. 1810-1826 жылдары Латын Америкасында азаттық соғысы түрінде сипат алған революциялар болды. 1822 ж. Бразилияда либералдық революция шынайы халықаралық революция – Сан-Домингода,  Парагвайда болды. 1803 ж. Гайтидің тәуелсіздігі жарияланды. Испан Америкасын біріктіруге Симон Боливар күш жұмсады.1821 ж. ол жаңа тәуелсіз мемлекет, құрамына Жаңа Гренада, Венесуэла, Кито кірген.Ұлы Колумбияның мемлекетінің президенті болып, ол 1824 ж. Перу диктаторы болды.1826 ж. Боливияның өмірлік президенті болды. Аргентина,Боливия, Парагвай, Уругвайға бөлінді. ХІХ ғ. ортасына қарай АҚШ-та өнеркәсіпті Солтүстік пен ауыл шаруашылықты құлиеленушілік Оңтүстік арасында қайшылықтар пісіп-жетіле бастады.Экономикалық,саяси, әлеуметтік дамуы жөнінен солтүстік алда болды. Англия солт-к тің өнеркәсіптік американ шраттарымен бәсекелес болды, сондықтан олардың әлсіреуіне немеес жойылуына мүдделі болды.Оңтүстіктің жеңілуі ағылшын  буржуазиясы үшін экономикалық экспания жасау үшін шексіз мүмкіндік ашатын еді.

  АҚШ-тағы азаматтық соғысы европалық мемлекеттердің басып алушылық саясатын туғызды, кейін интервенцияға айналды.Кубаға плацдармы бар Испания Сан-Домингодағы Нигретян Рсепубликасының шығыс бөлігі есебінен өз иеліктерін кеңейтуді ойлап, оны анексиялады. Бұл АҚШ наразылығын туғызды. Англия мен Францияда оңтүстік пен солтүстіктің қарсы тұруын өз мақсатында пайдалануды ойлады. Англия құлиеленушілік Оңтүстікті қолдауға бейім болды. 1861 ж. мамырды ағылшын үкіметі солтүстік пен оңтүстіктің жанжалында өзін бейтарап депжариялады. 1861 ж. Х-аяғында 3 мемлекет- Ұлыбритания, Франция, Испания- Мексикаға біріккен интервенция жасау ткуралы Лондонда келісімге қол қойды.

Линкольн үкіметі 1862 жылы мамырда гомстед туралы заң шығарды, ол бойынша 10 долларға АҚШ азаматы 160 акр жер алатын болды, 5 жылдан кейін оның қожаасына айналатын болды. ІІІ Напалеон 1862 жылы күзде 3 державаның – Франция, Англия, Ресейдің оңтүстікті қолдап, уақытша бітім жасауды ұсынды. Бірақ оны Ресей, Ұлыбритания қолдамады. Солтүстік Америкада маңызды өзгерістер болды. Құлдықтың жойылуы Конфедеренттердің жағдайын нашарлатты. Солтүстіктер жеңе бастады. Азаматтық соғыс  кезінде Ресей мен АҚШ арасында жақындасу басталды.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Орта Шығыстағы  және Үндістандағы халықаралық қатынастар. ХІХ ғ. ортасында Ұлыбритания әлемдегі ең ірі отарлық держава болды. Бұған ол бұрынғы отардық император Испания мен Португалияның құлдырауы және Франция Голландиямен теңіз және отарлық соғыстардағы жеңісі нәтижесінде жетті. Ұлыбританияның отарлық күшеюінен 18 ғ. соңғы Француз революциясы мен Напалеон соғыстары да әсер етті. Олар көптеген отарлық мемлекеттердің күшін өздеріне аударуға мәжбүр етті. Себебеі континенттік  Европа әлемнің қалған бөлігінен 2 блокада арқылы үзіліп қалды: Францияға қарсы ағылшын теңіз блокадасы, Ұлыбританияға қарсы Француз континенттік блокадасы.Ұлыбританияның әрекеттерінен әсіресе Голландия көп зиян шекті: Ұлыбритания оның бай және стратегиялық маңызды иеліктері – Африканың оңтүстігі Кап отары мен Цейлон аралын бойлап алды.

  Өнеркәсіп төңкерісі нәтижесінде әкономикалық жағынан күшейіп себебі Наполеон соғыстары нәтижесінде европалық державалардың әлсіреуін пайдаланған Ұлыбритания ХІХ ғ. 1-жартысында әлемнің түрлі бөліктерінде белсенді отарлық саясат жүргізген 1-ден бір ел болды.

  Британ отарлық  әкспаниясының басты бағыты –Үндістанға бағытталды. Европалық отаршылдарды пряности, роскын бұйымдары қызықтырды. Үндістан мақтасы – европалық өнеркәсіпке қажет болды себебі Үндістан – Британ өнеркәсіптің дайын бұйымдарын өткізу рыногы болды. ХІХ ғ. 1-ширегінде княздықтары мен,Бирма соғыс нәтижесінде елдің көп бөлігін өзіне бағындырды. Тек қала Инд өзенінің төменгі және жоғарғы ағыстарындағы Синд пен Пенджа қана әлі ағылшындарға бағынбаған еді. Олар ХІХ ғ. 2-ширегінде ғана бағындырылды. Нәтижесінде, бүкіл Үндістан, мұхит жағалауынан, Ауғаныстан шөлі мен Гималай тауларына дейінгі жерлер британ Үстемдігіне өтті.Португалия,Францияның азғана шағын иеліктері әліде болды, бірақ бұлар істің жайвн өзгертпеді.

   1832-1842 ж.-ры британ отаршылдары Ауғаныстанды басып алуға тырысты. Алайда ауған көшпелілері оларға тойтарыс берді. Үндістанды бағындырғаннан кейін, енді Араб түбегіндегі «жылы теңіздеріндегі» кемемен жүзу ісін бақылауға көңіл аударды. Мұнда Европадан Үндістанға баратын қысқа жол бар еді.1869 ж. Суэц каналы ашылды. Бұл жолда Аден порт-бекінісі маңызды тірек пункті болды. Себебі Үндістаннан Қытайға апаратын маңызды теңіз пункті-Малая түбегін (Малакка) және Сингапур аралын басып алды. Бұдан кейін ағылшындар қытай мен айналысты. Ұлыбритания ХІХ ғ. 30 жылдары өз саудасы үшін қытай рыногын ашуға күш арқылы жетуді ойлады. Күш қолдануға Қытай үкіметінің британ көпестерінің Қытайға Үндістан мен Түркиядан заңды және заңсыз жолмен опиум әкеліп сатуына тиым салу шаралары түрткі болды. Британ көпестері опиум саудасы арқылы Қытай мен сауда айналымын сбалансировать етуге тынысты. 1773-1839 ж. британ көпестерінің опиум саудасынан кірістері 70 есе өсті. Қытай үкіметі опиум сауданың ел экономикасы мен тұрғындар денсаулығына зиян салдырын көріп, 1839 ж. бұл саудаға тыиым салып, елдегі опиум қорын жоюға шаралар қабылданды. Бұған жауап ретінде британ үкіметі Қытайға қарсы тарихқа « опиум соғысы» деген атпен енген соғыс жариялады. Британ әскери –теңіз эскардасы Қытайдың ірі порттарын блокировать етті. Бірқатар қалаларын кеме түсіріліп десанттар басып алды. Бұл әрекеттер Қытай үкіметін жеңілістерге баруға мәжбүр етті. 1842 ж. 29 тамызда Никитин қасы маңында британ әскери кемесі бортында бейбіт келісімге қол қойылды.Никитин келісімі бойынша 5 Қытай портында британдықтар саудасы мен қоныстануына рұқсат берілді. Гонконг (Сынган) аралы Ұлыбританияның «Мәңгілік» илігіне өтті.Қытай Ұлыбританияға белгілі бір әскери контрибуция төлейтін болды және импорт тов-на таможнялық тарифті төмендетті.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қиыр Шығыстағы  халықаралық қатынастар. ХІХ ғ ортасында европалық ірі державалардың арасында отарлық бәсекелестік күшейе түсті. Олар европалықтардың аяғы бармаған Азия мен Африка елдеріне, Оңт-шығыс Азияға, Қытайға, Жапонияға көз тікті.  Франция  өзінің отарлық саясатын белсенді етті. Напалеон ІІІ билікке келгенде – Алжир болды. Теңіздің арғы жағындағы иеліктері жөнінен ХІХ ғ ортасында  Франция Ұлыбритания мен Нидерландыдан, Испания мен Португалиядан да артта қалды. Напалеон ІІІ ХVIII ғ-да айырылған отарлық империясының орнына жаңа әскери теңіз күшін қалпына келтіруді қолға алды. Күшті флот құра алды., 2-отарлық империясының негізін салды. Француз отаршылдарын Қытай қызықтырды. Бұл елдің үкіметі 1850 – 1864 ж.-ғы тайпиндер көтерілісінен әлсіреді. Франция өз ықпалымен тарату үшін осы жағдайды пайдаланып  қалуға тырысты.Ұлыбритания, АҚШ-пен бірге 1854 ж. Фпанция Қытайдан шетел мемлекеттерінен оның аумағында сауда жасауға шексіз құқық беруді, опиумды сатуға ресми түрде рұқсат беруді, Пекинге шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиясын жіберуді талап етті. Цин үкіметі бұл талаптарды мойындамады. Ұлыбритания, Францияның Қырым соғысына көңіл аударуы Қытайды уақытша құтқарды. 1856 ж. Париж бітімі жасалғаннан кейін Қытайға 2-опиум соғысын ашып, 1857 ж. маусымда Тяньцзинде ағылшын-қытай және француз –қытай келісімдері жасалып, ол бойынша Ұлыбритания, Франция Пекинге тұрақты дипломатиялық миссиясынжіберіп, 2 ел азаматтары қытайда еркін қимылдап, Янцзы өзенінің бассейнінде сауда жасайтын болды. Опиуммен сауда жария жағдайында жүргізген болды, миссионерлердің қызметіне еркіндік беілді.  АҚШ-та тең құқық пен мүмкіндіктерді сылтау етіп, Тяньцзинде Ұлыбритания мен Франция сияқты құқықтарға ие болды. 1858 ж Ресей Қытаймен Айгун келісімін жасады, ол бойынша Амурдың сол жағалауы Аргуннен сағасына дейінгі иеліктерін мойындады, кейін Ресейде Тяньцзин келісімін жасады. Алайда Тяньцзынь келісімі күшіне енгенше соғыстар қайта жалғасты.1860 ж. британ, Француз әскерлері Тяньцзынь, Пекинді басып алып, талқандалды. 1860 ж Тяньцзыңь кеісімін бекітті және қытайға үлкен контрибуция төлетті, Тяньцзынь қ-сы шетел саудасы үшін ашық болды, Коулун түбегін Ұлыбританияға берді.1860 ж. ХІ Ресейде Қытаймен Пекин келісімін жасады, ол бойынша Уссуршт өлкесі Ресей иелігі деп мойындалды. 1858 ж Тяньцзынь, 1860 ж. Пекин конвенциялары Қытай үшін тең құқықсыз келісім шарттар болды. Олар арқылы европалық мемлекеттер Қытайдағы ықпал ету өрісін бөлісе бастады. 1858 ж. Айгун және 1860 ж. Пекин келісімдері бойынша Ресей Қытаймен жалпы шекараны орнатып, Қиыр шығыстағы өз позициясын нығайтты. Европалық мемлекеттер мен американ отаршылдардың қызықтырған келесі ел – Жапония болды. Бұл елге европалықтар ХVI ғ.-да енуге тырысты. Алғаш болып 1542 ж. португалдар, кейін Испания, Голландия ,ағылшын көпестері мен миссионерлері келді. Алайда 17 ғ. басында Жапон үкіметі христиандықтың таралуына қарсы шаралар жүргізіп, 1633,36,39 жылдары шетелдіктер үшін Жапонияны «жапты».

Информация о работе ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар