Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 14:29, курсовая работа
Халықаралық қатынастар тарихын қарастырсақ, оның бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Оның ішінде біздің қазіргі түсінігіміздей халықаралық қатынастардың қалыптасуы Жаңа дәуірде жүзеге асты. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың негізін салған 1648 жылғы Вестфаль бітімі болып есептеледі. Бұл құжаттың негізінде 1618 – 1648 жылдардағы Европадағы Отызжылдық соғыстың қорытындысы шығарылған болатын. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бүкіл әлемдегі сыртқы саяси жағдайды өзгертіп, саяси күштердің жаңаша орналасу тәртібіне әкелді. Вестфальда халықаралық қатынастардың құқықтық негізі қаланды, егеменді мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектісі етіп жарияланды.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3-8
І -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕСТФАЛЬ ЖҮЙЕСІ (ХVІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ – ХVІІІ ҒАСЫР)...............................................9-42
Жаңа заман қарсаңындағы халықаралық қатынастар ...........................9 - 14
Халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесінің құрылуы және
дамуы ............................................................................................................14-38
ХVІІІ ғасырдың соңғы отыз жылдығы – ХІХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістер....................................................38-41
ІІ -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕНАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ................................................................................................................42-52
2.1 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы...................42-45
2.2 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің күйреуі......................45-43
2.3 Ұлттық соғыстар мен отарлық бәсекелестік кезеңі...................................43-50
ІІІ- ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР...................................................................53-65
3.1. ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар..............53-56
3.2. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы державалардың әлемді отарлық бөлісу үшін күресі.................................................................................57-63
3.3. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс кезіндегі халықаралық қатынастар.....................................................................................63-65
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................66-67
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................68-70
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................71-
Жаңа замандағы халықаралық қатынастардың тағы бір маңызды үрдісі мемлекеттердің үкіметтерінің өзара қарым-қатынастарында басшылыққа алған ережелер мен принциптердің эволюциясында болды, олар белгілі бір формада халықаралық құқықтың негізін құрады. Жаңа заманның басында халықаралық қатынастардағы басты рольді әулеттік және конфессиялық принциптер атқарды. Ұлы географиялық ашулар мен дүниежүзілік сауданың өрлеуі кезеңінен елдердің сауда мүдделері үлкен маңызға ие болды. Европада біртұтас және орталықтандырылған мемлекеттердің құрылу үрдістері алдыңғы орынға Вестфаль бітімі бекіткен мемлекеттік егемендік принципін шығарды. Осы кезден бастап Европадағы халықаралық қатынастар егеменді мемлекеттер арасындағы қатынастар ретінде түсініле бастады.
Одан әрі халықаралық қатынастар ұлттық егемендік, легитимизм (тарихи және заңдық тұрғыдан түсінуде), «ұлттар принцпі» және т.б. принциптерімен байытылды. Бұл принциптердің әрқайсысы белгілі бір тарихи кезеңдерде басқаларын ығыстыра немесе жоя отырып, алдыңғы орынға шықты. Осылайша, бірте-бірте бай, алуан түрлі, алайда мазмұны жағынан өте күрделі, сонымен бірге әртүрлі, бірақ сипаты жағынан қарама-қайшылықты халықаралық құқықтың нормалары қалыптасты.
Халықаралық қатынастардың дамуындағы осы жетістіктер мен шешілмеген мәселелер Жаңа заманнан кейінгі Қазіргі заман кезеңіне мұраға қалды.
ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ
Информация о работе ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар