ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 14:29, курсовая работа

Краткое описание

Халықаралық қатынастар тарихын қарастырсақ, оның бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Оның ішінде біздің қазіргі түсінігіміздей халықаралық қатынастардың қалыптасуы Жаңа дәуірде жүзеге асты. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың негізін салған 1648 жылғы Вестфаль бітімі болып есептеледі. Бұл құжаттың негізінде 1618 – 1648 жылдардағы Европадағы Отызжылдық соғыстың қорытындысы шығарылған болатын. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бүкіл әлемдегі сыртқы саяси жағдайды өзгертіп, саяси күштердің жаңаша орналасу тәртібіне әкелді. Вестфальда халықаралық қатынастардың құқықтық негізі қаланды, егеменді мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектісі етіп жарияланды.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3-8

І -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕСТФАЛЬ ЖҮЙЕСІ (ХVІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ – ХVІІІ ҒАСЫР)...............................................9-42

Жаңа заман қарсаңындағы халықаралық қатынастар ...........................9 - 14
Халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесінің құрылуы және
дамуы ............................................................................................................14-38
ХVІІІ ғасырдың соңғы отыз жылдығы – ХІХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістер....................................................38-41

ІІ -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕНАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ................................................................................................................42-52

2.1 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы...................42-45
2.2 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің күйреуі......................45-43
2.3 Ұлттық соғыстар мен отарлық бәсекелестік кезеңі...................................43-50

ІІІ- ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР...................................................................53-65

3.1. ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар..............53-56
3.2. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы державалардың әлемді отарлық бөлісу үшін күресі.................................................................................57-63
3.3. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс кезіндегі халықаралық қатынастар.....................................................................................63-65

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................66-67

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................68-70

ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................71-

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаңа замандағы халықаралық қатынастар.doc

— 451.00 Кб (Скачать документ)

Алайда Ресей Қара теңіз бен  Балкан түбегіндегі экспансияның Австрияға  ұнамайтындығын сезінді. Сондықтан  ол «солтүстік аулалармен» - Пруссия, Дания, Швециямен жақындасады, бұл саясатты замандастары «солтүстік жүйе» немесе «солтүстік аккорд» деп атады. Бұл саясатты жақтаушы 1763 -1781 жылдары Ресей сыртқы істер коллегиясының басшысы Н.И.Панин болды. 1766 жылы Ресей Ұлыбританиямен сауда келісімін жасады, бұлар Таяу Шығыстағы қайшылықтарды шешу үшін қажет дипломатиялық «тыл» болды.

1768 – 1774 ылдардағы орыс-түрік  соғысына Портаның (Осман империясын  Европада осылай атаған) Ресейдің  Польшадағы ықпалының өсуіне  наразылығы түрткі болды. 1764 жылы  поляк тағына ІІ Екатеринаның  қолшоқпары Станислав Август  Понятовский отырғызылды. Түркия поляк дворяндарының әскери тобы Бар конфедерациясымен 1768 жылдан бері соғысып жатқан орыс әскерлерін Польшадан алып кетуді талап етті. Ресей бұл талапты орындамады, нәтижеде 1768 жылы 25 қыркүйекте (6 қазанда) Түркия Франция мен Габсбургтер монархиясының қолдауымен Ресейге соғыс жариялады. Бұл соғыс барысында орыс әскерлері Дунай князьдықтары мен Закавказьеде ірі жеңістерге жетті, Балтық теңізінен Жерорта теңізіне өткен орыс әскери-теңіз эскадрасы 1770 жылы Чесмада түрік флотын талқандады. 1768 – 1774 жылдардағы орыс-түрік соғысы нәтижесінде Кючук-Кайнардж бейбіт бітімі жасалынды, ол бойынша тәуелсіз деп жарияланған Қырым хандығы Осман империясынан бөлінді, Керчь, Еникале, Кинбург бекіністерімен бірге Қара теңіз жағалауларының бір бөлігі Ресейге қарады; Үлкен және Кіші Кабарда Ресей иеліктері құрамында қалдырылды; орыс сауда кемелері Қара теңіз бен бұғаздарда кедергісіз жүзу құқығын иеленді, Молдаваия мен Валахия князьдықтары автономия алып, Ресей қол астына өтті.

Бұл жеңістерден кейін ІІ Екатерина Габсбургтерге тарихқа «грек жобасы» деген атпен енген Осман империясын аумақтық бөлісу жоспарын ұсынды. Ол бойынша Балкан түбегінің солтүстігі Габсбургтер мен Ресей арасында бөлінді және оңтүстікте Екатерина немересі Константин князь басқарған грек империясын құру көзделді. Алайда бұған европалық мемлекеттер қарсы болып, Ұлыбритания, Франция Осман империясының тұтастығын сақтауды қолдады, олар өздерінің сауда және сыртқы саяси мүдделерін көздеді. Олар Европадан Оңтүстік Азияға баратын қысқа жол жатқан Шығыс Жерорта теңізінде Ресейдің немесе басқа да қандай да болсын мемлекеттің ықпалының күшеюіне жол бермеуге тырысты. Ұлыбритания қысымымен Габсбургтер мен Пруссия да жобаға қарсы шықты.

Ресей жеке өзі іс-қимыл  жасауға көшті. 1783 жылы сәуірде ол бұрын түрік сұлтанына қараған  Қырымды өзіне қосып алғанын  жариялады. 1783 жылы 24 шілдеде (4 тамызда) Шығыс Грузияда Картли-Кахети патшалығымен Георгиев трактатын жасап, Закавказьедегі плзициясын нығайтты. Ол бойынша грузин патшасы ІІ Ираклий Ресейдің қорғаушылығын мойындап, дербес сыртқы саясат жүргізуден бас тартты. ІІ Екатерина Ираклий иеліктерінің тұтастығын сақтауға кепілдік берді. Ресей соыс болса Грузияны қорғайтындығы туралы міндеттеме алды. Бұларға жауап ретінде Ұлыбритания, Франция, Пруссия қолдауымен Осман империясы 1787 жылы Қырымды қайтаруды талап етіп Ресейге соғыс жариялады. Бұл соғыста 1788 жылы Габсбургтер Ресейді қолдап соғысқа кіріседі. Соғыста Ресей жеңеді. 1791 жылы 29 желтоқсанда Яссы бейбіт келісімі жасалынды. Ол бойынша Қырым Ресейде қалдырылды, Осман империясының шекарасы Днестрге дейін ығыстырылды. Түркия Грузияға деген дәмелерінен бас тартты.

ХVІІІ ғасырдың соңындағы Осман империясымен болған соғыстардағы Ресейдің жеңісі Таяу Шығыстағы күштердің ара салмағын оның пайдасына өзгертіп, «Шығыс мәселесіне» мүдделі болған басқа европалық мемлекеттермен қатынаста оның позициясын күшейтті. «Шығыс мәселесі» ХІХ ғасырда да шиеленісіп отырды.

Осман империясының дағдарысы  және «шығыс мәселесінің» шығуы. Орыс-түрік соғысы (1768 – 1774 жж.). ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында европалық мемлекеттерді мазасыздандырған мәселе – Речь Посполитадағы жағдай болды.1764 жылы поляк королі ІІІ Август өлгеннен кейін Станислав Август Понятовский король болып сайланады. Ол поляк мемлекеттін нығайтуға бағытталған басқару реформаларын жүргізуге тырысты. Бұл Ресей мен Пруссияға ұнамады. Речь Посполитаның ішкі істеріне араласу үшін олар «дисседенттік мәселе» дегенді сылтау етті.

         Католиктік Польшада диссиденттер деп діни шектеуліктерге ұшыраған православтар мен протестанттарды атады. Ресей мен Пруссияның талап етуі бойынша поляк сеймі «диссиденттерге» діни еркіндік және т.б. құқықтар берді. Алайда бұған ықпалды католиктік дворяндық топтар (шляхталар) қарсы шықты. Олар үкіметке қарсы Бар конфедерациясы (Бар қаласының атымен) ұйымдастырып, қарулы көтеріліске шықты. Орыс армиясы бұл көтерілісті басты. Әскери қимылдар бірнеше жылдарға созылды. Бұл Ресейден көп күшті талап етті. Сонымен бірге бұл Ресей 1768 – 1774 жылдары Түркиямен соғысып жатқан еді. Ақырында, Ресей Пруссиямен, Габсбургтер монархиясымен Речь Посполитаның аумағын бөлісу туралы келісіп, 1772 жылы 25 шілдеде (5 тамызда) Петербург конвенциясына қол қойды. Ол бойынша Ресей – Шығыс Пруссияны, Пруссия – Поморьені, Габсбургтер – Галицияны алды. Польшаның бұл бірінші бөлінісінен ұтқан Пруссия болды, ол Шығыс Пруссияны өзіне қосып алды.

Шығысевропалық үш монархияның  Речь Посполитаға деген бұл қатынасы – басып алушылық сипатта болды. Бірақ бұл олардың мемлекеттік мүддесіне және сол кездегі моральға сай болды, себебі үкімет ол кезде халықтардың, жеке ұлттардың мүдделерімен санаспайтын. Мемлекет шекараларын орнатуда жергілікті тұрғындардың тілі, діни, мәдени дәстүрлері есепке алынбады. ХVІІІ ғасырдың соңында поляк халқының басына түскен бұл қайғылы жағдайдың негізгі себебі Мемлекеттің әлсіздігі, оның өз функцияларын орындай алмауы, әсіресе сыртқы агрессиядан елді қорғауды ұйымдастыра алмауы болды.

1772 жылғы бөлініс поляк  қоғамын сілкінтті. Билеуші топтар  мемлекеттік билікті нығайту қажеттігін сезінді. ХVІІІ ғасырдың соңындағы Француз революциясының ықпалымен поляк сеймі 1791 жылы 3 мамырда Конституция қабылдады. Ол депутаттардың вето құқығын жойды, мұрагерлік монархияны орнатты және бірте-бірте биліктің бөлінуі принципін енгізді.

Бұл оқиғалар шығысевропалық монархияларды қобалжытты. Елде Ресейдің араласуымен 1791 жылғы Конституцияға  қарсы болған Таргвиц конфедерациясын  құрушылардың көтеріліс болды. Конфедераттарды  король Станислав Август Понятовский  қолдады. Олар 1791 жылғы Конституцияны жойғызды. Бұл оқиғаларды Ресей, Пруссия пайдаланып, 1793 жылы 12 (23) қаңтарда Польшаны екінші рет бөлісу туралы конвенцияға қол қойды. Ол бойынша Ресей – бүкіл Белоруссияны және Днепрдің оң жағасындағы украин жерлерін алды, ал Пруссия – Речь Посполитаның батыс және солтүстік жерлерін алды. Бұл әрекеттерге жауап ретінде Польшада 1794 жылы Т.Костюшко бастаған көтеріліс болды. Оны басуға А.В.Суворов басқарған орыс армиясы және прусс, австрия әскерлері жіберілді. Көтеріліс басылып, басшысы тұтқындалды. Бұл поляк мемлекетінің тағдырын шешті. 1795 жылы 13 (24) қазанда Ресей, Пруссия және Габсбургтер монархиясы Польшаны үшінші рет бөлісу туралы конвенция жасады. Поляк мемлекеті Европаның саяси картасынан жойылды. Ресейге – Литва, Курляндия және Неман мен Буг өзендеріне дейінгі украин жерлері, Пруссияға – Польшаның солтүстігі Варшавамен қоса, Люблин және Краков облыстары – Австрияға қарады. 1797 жылы 15 (26) қаңтарда үш мемлекет тағы бір конвенцияға қол қойды, ол Речь Посполитаны бөлісуді бекітіп, поляк мемлекетінің қалдықтарын, поляк азаматтығын т.б. жойды.

Поляк патриоттары өз елінің бөлісуімен келіспей, оның тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын қалпына келтіру үшін күрес жүргізді. Олар революциялық Франциядан көмек сұрады. Осылайша, европалық саясатта поляк мемлекетінің тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы мәселе, яғни «поляк мәселесі» пайда болды. Сонымен бірге үш мемлекеттің европалық саясатта бір бағыт ұстау үшін жақындасуының алғы шарты жасалды. Үш мемлекеттің – Ресей, Австрия, Пруссияның Европадағы саяси жағдайға ықпалы артты.

         Отарлық империялардың құрылуы (ХVІІ – ХVІІІ ғғ.). Отаршылдық және отарлық империялардың құрылуы-жаңа дәуір өркениетінің ерекшілігі болып табылды. Ең алғашқы отар басып алған испандықтар мен португалдықтар Америка, Азия, Африкадан тонап алған байлығының көп бөлігі Голландия мен Англияда капитализмнің дамуына ықпал етті.

17ғ.соңынан бастап  отарлық экспанция жолына алғаш  түскен Голландия болды.Мұнда  басқа Европалық мемлекеттерге  қарағанда алғаш рет 1566-1609 жылдары тарихтағы тұңғыш буржуазиялық революция болып, капиталистік қатынастар дами бастады. Испандық Ұлы армада (1588 ж.) жеңілгеннен кейін теңізде күшейген голландықтар отар басып ала бастады.1590-1593 жылдары голланд экспидициялары Батыс Африка мен Оңтүстік Америка жағалауларына жетті.1595 ж. Ява аралына алғаш голланд сауда экспедициясы келіп, Индонезиядағы голланд отарлық экспанциясын бастады.1598-1600 жылы голландықтар бұрын португалдарға тиесілі болған Маврикий аралын басып алды. Отарлық басып алушылықтарда 1602 ж. Құрылған голландық  Ост-Инд сауда отарлық компаниясы маңызды роль атқарды.Голландықтар португалдықтарды Жапониядан қуды.1638-1658 жж. португалдықтармен соғысын Цейлон аралында бекіді. 1642 ж. қарай голландықтар Тайваньды иеленді,1652 ж. Оңтүстік Африкадағы тірек пунктерді басып алды. Голландия Жаңа дүниені отарлауға да көңіл аударды. 1621 ж. Вест-Инд компаниясы құрылды, ол Солтүстік Америкада Жаңа Амстердам қаласымен Жаңа Нидерланды отарын құрды.17 ғ. голланд отарлық үстемдігінің кезеңі болды.

Голландиямен бір мезгілде Англия да отарлық экспанциясын бастады.Португалия мен Испанияның отарлық үстемдігіне қарсы күресте ағылшын қарақшылары маңызды роль атқарды, оларды үкімет қолдап отырды. 1600ж. Англияда да Ост-Инд компаниясы құрылды.17 ғ.басында Солтүстік Америкада голланд отарларымен бірге ағылшын отарлары да пайда бола бастады. 1607 ж. алғашқы ағылшын отары-Виргиния құрылды. 16 ғ.соңына қарай ағылшындар Африкаға өтті.1609 ж. ағылшындар Бермунд аралдарын иеленді.Жалпы алғанда 17 ғ.бірінші жартысында Англия отарлық басып алушылығы жөнінен Голландиядан артта қалды.1651ж.Кромвель қабылдаған Навигациялық акт голланд саудасы мен теңізде жүзу ісіне ауыр соққы болды. 1652-1654,1665-1667,1672-1674 жылдардағы үш соғыс нәтиежесінде Англия Голландияны жеңді. Екінші соғыстан кейін Солтүстік Америкадағы голланд иеліктерін Англия басып алды.

17 ғ.ортасына қарай Солтүстік Америткадағы Қасиетті Лаврентий өзені бойында Жаңа Франция отары құрылды. Француздар Ұлы Америка көлі және Миссисипи өзендері бассейнінде өз отарларын құрды. Солтүстік Америкадағы француз отарлық жүйесі әлсіз болды. 1638 ж.Үнді мұхитында француздар Бурбон деп атаған аралды басып алды. 1664 ж. француздық Ост және Вест-Инд компаниялары құрылды.Мұндай соғыстарға 1701-1714 жылдардағы испан мұрасы үшін, 1740-1748 жылдары Австрия мұрасы үшін, жетіжылдық соғыс жатты. Бұл соғыстар ағылшын-француз отарлық бәсекелестік шешпеді.Ал жетіжылдық соғыста ағылшындар француздардың отарлық позицияларына ауыр соққы берді. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік жолындағы соғыс нәтижесінде Англия солтүстікамерикалық 13 отарынан айырылды, бұл оның отарлық империясына ауыр соққы берді.18 ғ. француз революциясы отарларындағы азаттық қозғалыстарына түрткі болды.1791 ж. Сан-Домингода негр-құлдар көтерілісі басталды. Гаитилықтар испан, ағылшын, француз әскерлеріне қарсы соғысты. Наполеон соғыстары нәтижесінде Франция өз отарларының көбінен айырылды, барлығына жуығы Англияға өтті. Луизаның француздық батыс бөлігі 1803 жылы АҚШ-қа өтті.

 

1.3.ХVІІІ ғасырдың соңғы отыз жылдығы – ХІХ ғасырдың басындағы  халықаралық қатынастардағы өзгерістер

 

Солтүстікамерикандық  отарлардың тәуелсіздігі үшін күресі және оның халықаралық қатынастарға тигізген ықпалы. 1775 жылы Солт. Америкадағы Атлант мұхиты жағлауындағы ағылшын отарлары өз тәуелсіздігі жолындағы соғысты бастады. Ол 1783 жылы Версаль келісіміне қол қойды. Әскери жанжалдық басында Европалық мемлекеттер – Франция, Испания, Ресей өздерінің бейтараптығын жариялады. АҚШ әскерін бас қолбасшысы Джордж Вашингтон басқарды,1775-1777жылдары көтерілісшілер жеңілді.Тәуелсіздік Декларациясын қабылдағаннан кейін АҚШ Францияға өз өкілін жібере алды.1777ж-ң аяғында әскери іс-қимылдар барысында бетбұрыс болды, ол Францияның АҚШ-пен дипломдық келіссөздердегі позициясын өзгертуге әсер етті.1778 жылы 6-ақпанда Б. Франклин Франциямен АҚШ  үшін екі маңызды келісімді сауда және одақ жөніндегі келісімді жасады.

Саратога түбіндегі  жеңілістен кейін ағылшындар әскери іс-қимылдарды елдің оңтүстігіне  ауыстырып, онда біраз жеңілістерге жетті. Франклин қайтадан Франциядан үлкен көмек сұрауға мәжбүр болды. АҚШ-тың европалық одақтастары Англияға қарсы дербес іс-қимылдар жүргізілді. Франция Үндістанда, Ирландиядия жағалауында, Англияның Атлант мұхиты жағалауларында, Вест-Индияда әскери операциялар жүргізді. Испания Гибралтарды қоршап алды. Англияның әскери күшінің әлсіреуіне 1780 жылы 28 ақпанда Ресейдің басшылығымен құрылған Европалық мемлекеттердің бейтарап елде Лигасының да белсенді қимылдары ықпал етті. Европа мемлекеттерінің көпшілігі сол Америкаға тәуелсіздік үшін соғыста бейшарап позицияны ұстанды.1781 жылы әскери іс-қимылдар барысында түпкілікті бетбұрыс кезеңі туды. Вашингтон және Грассе басқарған Француз эскадрасы Вирджиниядағы Иорктаун түбінде ағылшындарды шешушіжеңіліске ұшыратты.1783 ж 3-қыркүйекте Париж (Версальда) қол қойылды. Келісімге бір жағынан –Ұлыбритания және екінші жағынан АҚШ, Франция, Испания, Голландия қол қойды. Келісімнің мәнді бөлігі аумақты дауларды шешуге арналған баптар болды. АҚШ шекарасы батыста Миссисипи өзені, солт. –Ұлыбритания көл және қасында Лаврентий өзендері бойынша, орнатылды.

1783 жылы Версаль бітімі халықаралық қатынастардың Вестфальдік жүйесін нығайтқан жоқ, керісінше оны шайқалтты. АҚШ-тың өзіне қарағанда 1783 жылы Версаль бітімінің жалпы адамзат үшін де маңызы болды. Құрама провинциалдар республикасын халықаралық құқық мостындағын 1648 жылы Вестфаль бітімі кезінен бері алғаш рет монархиялық мемлекеттер әулеттік комбинацияларнәтижесінде емес, халықтық көтеріліс нәтижесінде пайда болған мемлекетті мойындады. 1783 жылы Вестфаль бітімі маңызды фактіні бекітті: Европаның басты державасы мен монархтары халықтың өзін-өзі билеу құқығын, яғни мемлекет құруға, оның заңдары мен шекараларын анықтауға, өз калауы бойынша үкімет құруға деген құқығын мойындады. АҚШ-тың құрылуына байланысты ХVIIIғ соңындағы халықаралық қатынастардың тәжірибесіне жаңа принцип - ұлттық егемендік принципі енді.Ұлттық егемендік теориясында маңызды ұғым - ұлт түсінігі, оны ағартушылар ерікті азаматтардың жиынтығы ретінде анықтады. Олардың анықтауынша азамат - өз құқықтарымен бостандықтарын сезінетін адам. Солтүстік Америкадағы Британ отарларының тәуелсіздік жолдардағы соғысы және 1783 жылғы Версаль келісімі халықтардың Вестфаль жүйесі негізделген принциптерді жоққа шығарды. Жетіжылдық соғыстан кейін шығыстан және оңтүстік-шығыс Европадағы аумақтық өзгерістен кейін, олар ХVII ғ-ң ортасына қарай Европада қалыптасқан халықаралық жүйесін одан әрі шайқалтты.

Ғылыми әдебиетте АҚШ-ғы тәулсіздік жолдағы жеңісіндегі  Европаның көмегінің ролот/лы мәселе бірнеше рет көтерілді. Американың зерттеушілерінің бірқатары отарлардың өз күшімен жеңіске жету мүмкін емес еді деп есептейді. Мысал ретінде отарларға көрсетілген үлкен қаржылай, материалдық және әскери көмекті айтады. Ресей ұстанған кейін көптеген Европалық мемлекеттер қосылған «қарулы бейтараптық» саясаты да Англияны жеңуге үлес қосты. Америка революциясының маңызды халықаралық салдары, ең алдымен халықтардың жаңа субъекті - егеменді буржуазиялық республика пайда болды, ол отарлық мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды өз мүддесіне пайдалана білді. Соңғы жеңіліс Англияның теңіздік және отарлық үстемдігінің әлсіреуіне әкелді.

Информация о работе ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар