ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 14:29, курсовая работа

Краткое описание

Халықаралық қатынастар тарихын қарастырсақ, оның бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Оның ішінде біздің қазіргі түсінігіміздей халықаралық қатынастардың қалыптасуы Жаңа дәуірде жүзеге асты. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың негізін салған 1648 жылғы Вестфаль бітімі болып есептеледі. Бұл құжаттың негізінде 1618 – 1648 жылдардағы Европадағы Отызжылдық соғыстың қорытындысы шығарылған болатын. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бүкіл әлемдегі сыртқы саяси жағдайды өзгертіп, саяси күштердің жаңаша орналасу тәртібіне әкелді. Вестфальда халықаралық қатынастардың құқықтық негізі қаланды, егеменді мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектісі етіп жарияланды.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3-8

І -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕСТФАЛЬ ЖҮЙЕСІ (ХVІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ – ХVІІІ ҒАСЫР)...............................................9-42

Жаңа заман қарсаңындағы халықаралық қатынастар ...........................9 - 14
Халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесінің құрылуы және
дамуы ............................................................................................................14-38
ХVІІІ ғасырдың соңғы отыз жылдығы – ХІХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістер....................................................38-41

ІІ -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕНАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ................................................................................................................42-52

2.1 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы...................42-45
2.2 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің күйреуі......................45-43
2.3 Ұлттық соғыстар мен отарлық бәсекелестік кезеңі...................................43-50

ІІІ- ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР...................................................................53-65

3.1. ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар..............53-56
3.2. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы державалардың әлемді отарлық бөлісу үшін күресі.................................................................................57-63
3.3. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс кезіндегі халықаралық қатынастар.....................................................................................63-65

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................66-67

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................68-70

ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................71-

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаңа замандағы халықаралық қатынастар.doc

— 451.00 Кб (Скачать документ)

         Жапон-Қытай соғысы. Кореядағы азаттық  көтерілісін пайдаланған Жапония 1894 жылы Қытайға соғыс ашты. Жапон әскерлері Оңтүстік Маньчжурияға, Ляодунь түбегіне, Шаньдунға басып кірді. Қытайлар жеңіледі. Жапонияның Симоносеки қаласында 1895 жылы 17 сәуірде бейбіт келісімге қол қойылады, ол бойынша Қытай Кореяның тәуелсіздігін мойындады, Корея енді іс жүзінде Жапонияның тәуелсіздігіне түсті. Сонымен бірге қытайлар жапондықтарға Ляодунь түбегін, Тайвань және Пескадор аралдарын берді. Қытайдың бірқатар қалаларында Жапонияның еркін сауда жасауына және т.б. экономикалық қызметіне рұқсат берілді.

         Жапонияның халықаралық аренада  белсенді қимыл жасауы европалық  державалар – Ресей, Англия, Франция,  Германияны қобалжытты. Олардың  Қиыр Шығыста өз мүдделері  болды. Олар Симоносеки келісімін  қайта қарауға қол жеткізіп, Қытайға Ляодунь түбегін қайтартқызды. 1897 жылы неміс әскерлері Шаньдун түбегіндегі Циндао портын оккупациялап алды. Цин үкіметі бұл аймақты 99 жылға жалға берді. 1898 жылы Ресей Ляодунь түбегін (25 жылға), Далянь (Дальний және Люйшунь (Порт-Артурды – Тынық мұхитта өзінің әскери-теңіз базасы болған қамал құрылысын бастады) қалаларымен бірге жалға алды. Франция Хайнань аралдары маңындағы Гуанчжоувань шығанағы жағалауын, Ұлыбритания Цзюлун (Коулун) және Шаньдун түбегіндегі Вэйхайвэй портын алды. Сонымен бірге Ресей 1897 жылы Читадан Владивостокқа дейін Қытай-Шығыс темір жолын (КВЖД) салуға концессия алды, ал 1898 жылы оның тармағы Оңтүстік Маньчжур темір жолын (ЮМЖД) салуға құқық алды.Осы кезден бастап Жапония мен Ресей арасында шиеленіскен күрес басталды.

         Шетел державаларының отарлық  экспансиясының күшеюі 1899 жылғы  Пекиндегі ихэтуань  көтерілісінің  себебі болды, немесе боксерлер  көтерілісі (жұдырықтасып күресуге  үйретілгендер), оның негізгі ұраны  – шетелдіктерді Қытайдан қуу  және жою болды. Шетелдіктерді қорғаймыз деген сылтаумен 8 держава – Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Франция, Ресей, Италия, Германия, Австро-Венгрия әскери интервенция ұйымдастырды. 1900 жылы тамызда интервенттер ихэтуаньдер қарсылығын басып, Пекинді алды. 1901 жылы 25 тамызда (7 қыркүйекте) Цинь үкіметі мен шетел державалары Пекинде Қорытынды (немесе Боксерлік) протоколға қол қойды. Ол бойынша Қытай көтерілісшілерді қолдаған шенеуніктерід қатал жазалауы, шетелдерге шығын төлеуі (450 млн. лян), 2 жыл бойы шетелден қару сатып алмауы, қытай қалаларында державалардың әскери гарнизон ұстауына рұқсат беруі, Пекинде елшілік квартал құруы т.б.-ға тиіс болды.

         Бұл оқиғалардан АҚШ-та тыс  қала алмады. 1893 жылы АҚШ Гавай  аралдарын басып алды, шетел интервенциясына  қатысты. Алайда АҚШ Қытайды бөлісуге байланысты басқа державалардың ұмтылыстарын қолдамады. 1899 жылы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Хей Қытайдағы «ашық есік» принципін жариялады. Оның мәні – Қытайдағы барлық державалардың «ықпал ету аймағы» солтүстікамерикалық товарларды енгізу үшін ашық болуы талап етілді. АҚШ өзінің экономикалық басымдығына сүйене отырып, бәсекелестерін Қытайдан ығыстыруды көздеді. Бұл доктрина халықаралық қатынастар тарихында «Хей доктринасы» деген атпен белгілі. Қытайда шет мемлекеттердің тең мүмкіндігі және Қытайдың аумақтық тұтастығын сақтау көзделді. Бұрын Монро және Олни доктриналары европалық мемлекеттердің Латынамерикалық континентке араласуына қарсы бағытталса, Хэй доктринасы АҚШ үшін Қытайда басқа державалармен тең экономикалық мүмкіндіктерді талап етті. Олар Ресейдің Қиыр Шығыста, Қытайда күшеюін қаламады.

         Қиыр Шығыста Англия мен Ресей мүдделері шиеленісті. Ихэтуань көтерілісі кезінде Қытай темір жолын қорғауды сылтау етіп Ресей Маньчжурияны басып алған еді. Бұл Жапония, Англия, АҚШ тарапынан наразылықты тудырды. Англия Ресейдің Маньчжуриядан әрі жылжымауына мүдделі болды. Лондон Ресейден Орта Азия мен Кавказда кейбір жеңілдіктерге қол жеткізуге тырысты. Ресей Лондонның Ауғаныстанмен дипломатиялық қатынастарды үзуді және Персиядағы ықпал аймағын бөлісуді талап етуін қаламады.

         Ресейді Маньчжуриядан ығыстыруға  тырысқан Ұлыбритания Жапониямен  жақындасуға бет алды. 1902 жылы 30 қаңтарда  Лондонда (сыртқы істер министрі  Г.Ленсдаун) ағылшын-жапон одақтық  келісіміне қол қойылды, ол  бойынша екі держава Қытайдың тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, сонымен біргі «ашық есік» принциптерін сақтауға міндеттенді. Бұл әскери-саяси одақ АҚШ, Германияға, әсіресе Ресейге қарсы бағытталды. Келісімде Жапония үшін маңызды шарт – орыс-жапон соғысы кезінде Франция Ресеймен бірге қимылдаса, Англия – Жапония жағында соғысатыны айтылды. Одақ 5 жылға жасалды. Ұлыбритания іс жүзінде бұл келісім арқылы Жапонияны Ресейге қарсы соғысқа итермеледі. Егер келісуші бір жақ басқа державамен соғысса, 2-жақ бейтарап болады, ал егер қарсы жаққа бір немесе бірнеше мемлекеттер қосылса, онда 2-жақ оған көмекке келуі тиіс.

         Орыс-жапон қақтығысының негізіне  Қиыр Шығыстағы 2 державаның мүдделерінің  қайшылығы жатты. Ресейдің басты  елдермен, ең алдымен, Жапониямен  қатынастарының күрделенуіне оның  елдің орталығы мен қиыршығыстық  шетті жалғастыратын темір жол  жүйесін дамытуға, қатпайтын порттарды иеленуге, Қытайда ерекше жағдайға ие болуға ұмтылуы ықпал етті. Ресей, Германия, Англия, Франция, АҚШ-тың Қытай істеріне араласуы олардың арасындағы қайшылықтарды шиеленістіріп, бұл мемлекеттерідің Қытайда бекінуге ұмтылушылығы бұл аймақтағы жағдайды шиеленістірді.

         Жапонияның Корея мен Маньчжурияны  иеленіп, одан әрі Қытайға ішкерлей  ену үшін жасаған әрекеттері  басқа елдердің, ең алдымен Ресейдің  қарсылығын тудырды. Жапония бәсекелестерінен  бұрын қимылдап, өз позицияларын  бекіту үшін Ресеймен соғысқа дайындала бастады. Жапония Ресейден Маньчжуриядағы әскери күшін әкетуді талап етті. Ресейдегі патша үкіметі Жапония соғысуға тәуекел етпейді деп есептеді. Орыс-армиясының саны аз әрі дайындығы нашар еді. Патша үкіметі жақсы қаруланған, армиясын неміс нұсқаушылары үйреткен Жапонияның әскери күшін бағалай алмады. Англия мен АҚШ Жапонияға ақшалай көмек беріп, ол үшін кемелер жасап, қарумен қамтамасыз етті.

         1902 жылғы ағылшын-жапон келісіміне  сүйенген Жапония Ресейге өз  талаптарын қойып (оның Кореядағы протекторатын мойындау, Кореяны Оңтүстік Маньчжуриямен қосатын темір жол салуға рұқсат алу, Маньчжурияда Жапониямен Ресейдің құқықтарын теңестіру),  оларды 1903 жылы 23 желтоқсанда ультиматум түрінде талап етті. Петербург оны орындады, алайда 1904 жылы 6 ақпанда Жапония Ресеймен дипломатиялық қатынасты бұзып, 2 күннен кейін 9 ақпанда соғыс жарияламай, Порт-Артурдағы, Кореядағы Чемульподағы орыс әскери-теңіз базасына шабуылдады. Осылайша, 1904-1905 жылдардағы орыс-жапон соғысы басталды. Соғыс екі жақтан да империалистік сипатта болды. Соғыс Ресей үшін жағымсыз болды. 1904 жылы желтоқсанда Жапония Порт-Артурды (157 күн табандылықпен қорғанған бекініс құлап, жапондықтар орыс флотын жойып жіберді, бұл Ресейдің жеңілуінің бастамасы еді) алды, 1905 жылы наурызда орыс армиясын Мукден түбінде, мамырда орыс флотын Цусимо шайқасында (орыс флоты толық күйрейді) жеңді.

         Бұдан кейін ағылшын үкіметі  Жапония үшін Лондон банктерін  жапты. Англия мен АҚШ Қиыр  Шығыста Жапонияның одан әрі  күшеюін қаламады. Франция Ресейдің ірі әскери құрылымдарын Шығыстан тез арада әкетіп, батысқа бағыттауын қалады, Ресей оған Германиямен қарсы күш ретінде қажет еді. Сондықтан соғыстың аяқталуын бәрі қалады.

         Ресей мен Жапония арасындағы  келіссөздерде  делдал болып, күштер балагсын сақтауға тырысқан АҚШ президенті Т.Рузвельт еді. Ол Ресейдің емес, Жапонияға ниеттес болды. Жапония әскери жеңістеріне қарамастан, экономикалық, қаржылық қиын жағдайда болды, Токио үкіметі одан әрі соғысты жүргізуді қаламады.

         Ресей ауыр шығындарға ұшырады,  оның экономикалық және теңіз  ресурстары жапондықтарға қарағанда  жоғары болды, алайда патша  үкіметі де соғысты тез аяқтап, бітім жасауға асықты. Ел 1905 –  1907 жылдардағы революцияның басталу  қарсаңында тұр еді (Порт-Артур бекінісінің құлауы орыс армиясына моральдық нұқсан келтірді, патша мен әскери басшылықтың қылмысты ісі елдің ашу-ызасын тудырды.Бекініс құлағаннан кейін 3 аптадан кейін Ресейде революция басталды).

         Орыс-жапон келісімі 1905 жылы 5 қыркүйекте Америкадағы курортты қала Порт-Смутте қол қойылды (Ресей жағынан – министрлер кабинетінің төрағасы – Витте, Жапония жағынан – Сыртқы істер министрі Д. Комур). Келісімді талқылауда 2 мәселеде келіспеушіліктер болды: контрибуция төлеу туралы; Сахалин аралы тағдыры – жапондықтар алған еді. Келісім шарттары Ресей үшін ауыр болды. Келісім бойынша Ресей Жапонияның Кореядағы басымдығын мойындады. Ляодун түбегін, Порт-Артур, Дальний қалаларын, Оңтүстік-маньчжурия темір жолын Жапонияға берді. Сахалин аралдарының оңтүстігін Жапонияға берді, Сахалиндегі екі мемлекет шекарасы 50-параллель арқылы өтті. Екі жақ та Маньчжуриядан өз әскерін шығаратын болды.

         Осылайша, 1904 – 1905 жылдардағы орыс-жапон  соғысы Ресей үшін (орыс халқы  үшін қымбатқа түсті: 400 мың адамынан, Тынық мұхиттағы әскери флотынан толықтай дерлік айырылды.Ресей өзінің экономикалық, мемлекеттік және әскери артта қалғандығынан жеңіліске ұшырады. Соғыста жеңілу революциялық қозғалысты өрістетті. Бітімнің жасалуы патша үкіметіне Ресейдегі алғашқы буржуазиялық-демократиялық революцияны басып-жаныштауға мүмкіндік берді) ауыр аяқталды. Цусимодағы орыс эскадрасының талқандалуы Ресейдің бүкіл әлемде және Қиыр Шығыстағы халықаралық беделін төмендетті, қуатты державаларға кіріптар етті. Соғыстан кейін халықаралық аренадағы күштердің қайта топтасу процесі тез басталды. Қиыр Шығыста Жапонияның басымдығы бекітілді.

 

3.2. ХІХ ғасырдың аяғы  – ХХ ғасырдың басындағы державалардың  әлемді отарлық бөлісу үшін  күресі

 

Әлемді аумақтық бөлісудің аяқталуы. ХІХ ғ. 60 ж аяғы-70 ж. Европалық саясаттың оқиғалары көптеген европалық мемлекеттер үкіметінің көңілін өзіне аударды. Олар белгілі бір уақытта отарларға деген өз назарларын бәсеңдетті.Франция белсенді отарлар саясаттан уақытша бас тартты. Германия да осылай, тек қана Ұлыбритания мен Ресей ғана өздерінің отарлық экспанциясының қарқынын төмендетпеді.Ұлыбританияның отарлық мүдделері жан-жақты болды. Ол Африканың оңтүстігінде өз отарлық иеліктерін кеңейтуге күш салды. Отарлар әскерлері бурлардың жерлерін және африкалық тайпалар жерлерін тартып алды. 1879-1880 жж.британ отапршылдары зулус тайпасының қарсылығын басты.Үндістанды бағындырғаннан кейін олар онымен көрші елдерді бағындыруға тырысты.1860 ж. Непалға тең емес келісімді таңды.1878-1880 жж. тағы да Ауғанстанды бағындыруға әрекет жасады. Ауғанстанның дербес сыртқы саясат жүргізуін жойған келісімге қол қойдыртты. Ұлыбритания үкіметі Ресейдің Орталық Азиядағы табысты экспанциясын бақылап отырды. ХІХ ғ.70-ж. аяғы-80 ж. басы түркмен тайпалары Ресей қоластына өтті.1885 ж.орыс және ауған іскерлерінің Кушка түбегіндегі әскери қақтығысы Ұлыбританияны қобалжытты.  Лондонда Үндістанға төнген орыс қаупі туралы айтыла бастады.

ХІХ ғ.соңына қарай Үштік одақ пен орыс-француз одағы құрылғаннан кейін европалық державалардың отарлық сакясатын күшейте бастады.Бұл кезге қарай отарлық державалардың қатары кеңейді. Бұрыннан отарлары бар Испания,Португалия, Голландия, Ұлыбритания,Франциямен бірге олардың қатарлары бұрын отарлары болмаған жоқ Германия, Италия, Жапониямен толықтырылды. АҚШ пен Ресейдің де сыртқы экспанциясы өзіндік ерекшелігі бар,батыс европалық мемлекеттердің формасына ұқсамады. Аз уақыт ішінде бұл ірі мемлекеттер оңтүстік және оңтүстік шығыс Азия және Африкадағы отарлармен ықпал ету аймақтарын өзара бөлісті. Отарлық мемлекеттер үкіметі эмиграцияны қолдады.17 ғ.Африканың оңтүстігінде кап отары пайда болды.Бастапқыда оның тұрғындары голланд қоныс аударушылары болды.Олар түземдерді құл реьтінде пайдаланды.19 ғ. басында Кап отарын Ұлыбритания басып алып,отызыншы жылдары ондағы құлиеленушілікті жойды. Бұған наразылық ретінде Голландия отаршылары континетке ішкерелей енеберді. Бұл қозғалыс трек деп аталды.19 ғ.отарсында бурлар Трансвааль және Оренжевая республикасын құрды.Олар африканың оңтүстігінде барынша орнықты.

Франция 1881 ж. Тунисті аннекциялады. Бұл ел Осман империясының провенциясы болып саналып,оны бей басқаратын. Египеттегі үстемдікке жетудің алғашқы қадамын Ұлыбритания 1875 ж.жасалады. 1876 ж. Египеттегі мемлекеттік банкроттық нәтиежесінде Ұлыбритания мен Франция оны бірлесіп басқара бастайды.Британ әскерінің Египетті оккупациялауы Франция мен Ұлыбританияның арасындағы дау 20 жылға созылды,бірақ әскри жанжал болған жоқ. Европалық мемлекеттер арасындағы келесі бір даулы аймақ Конго өзені бассейні.Конго өзені жағалауларында бірнеше европалық қоныстарды құрды.Алайда бұл жерлерге Бельгиядан да басқа бірнеше мемлекеттер дәмеленді.Конго өзені бассейнін отарлық бөлісуге байланысты туған қайшылықьарды шешу үшін 1884-1885 жж.Берлинде Африкалық конференция өтті,оған 14 мемлекет қатысты.Оның шешімі бойынша Бельгия басқаруына берілген Ерікті Конго мемлекеті құрылды,оның аумағында барлық европалық мемлекеттер сауда,кемемен жүзу,табиғи ресурстарды игеруде тең құқықты болды.Бұдан кейін Африканы отарлық бөлісуде Ұлыбритания мен Франция басты роль атқарды.Кейптаун-Каир-Калькуттаны теміржолмен байланыстыру идеясын С.Родс ұсынды.

Родс жоспарын жүзеге асыру барысында британ отаршылдары  Египеттен кейін Шығыс Суданды  баспы алды,ал 1899-1902жж.бур республикасынбасып алу үшін Оңтүстік Африкада ағылшын-бур соғысы болды.19ғ.аяғы Ұлыбритания оңтүстік шығыс Азияда Бирманы,Малайяны т.б. ірі аумақтарды басып алды.Француздар Африкада батыстан шығысқа қарай өз отарлық иеліктерінің жолағыне жасауға тырысты.Француздық батыс Африка отарын құрды.Конго,Чад,Габонның бір бөлігін қамтыған Орталық Африкадағы жерлерді басып алып Француздық экваторлық Африка отарын құрды.Конгодан шығысқа қарай жылжыған француздар 1898ж.Фашода деген жерде ағылшыне-египет әскерімен кездесті.1883ж,Франция Мадагаскарды басып алудан басып алуды бастап,1895ж.оны өз протектуаратына айналды.Бисмарк нвропалық саясатқа көңіл бөлді,сондықтан герман отарларын құрған жеке адамдар көпестер,кеме иелері,банкирлер болды .1884ж.Бремен көпесі Людериц герман оңтүстік батыс Африкасын,Петерс германдық шығыс Африка отарын құрды.Германияның Африкадағы бұл иеліктері британ отаршылдары мүдделеріне нұқсан келтірді,себебі олардың экспанциялық жолында жатты.Бисмарк отставкаға 1890ж кеткенне кенйін Германия англия арасында шиеденісті.Ағылшын-бур соғысында бурларды Германия қолдады.

ХХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар. ХІХ –ХХ ғасырлар межесінде әлемнің түрлі бөліктеріндегі соғыстар мен жанжалдар отарлық қайшылықтардың барынша шиеленіскендігін көрсетті. ХХ ғасырдың басында Европадан тыс жерлердегі отарлық дауларды келісімге келе отырып шешу саяси мәдениеті пайда болды. Бұл үрдіс отарлық және аумақтық дауларды реттеу туралы көптеген келісімдерден, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі екі Гаага конференциясыларының шешімдерінен көрінді. 1899 жылы 18 – 29 шілдеде І-Гаага және  1907 жылы 15 маусым – 18 қазандағы ІІ-Гаага конференцияларында қару-жарақтарды шектеу туралы мәселе қаралып, халықаралық дауларды шешуге құқықты Третейлік соттың Тұрақты палатасын құру және Третейлік соттың қызметінің принциптерінжасалды. Гаага конференциясының шешімдері соғысты болдыртпау және бейбітшілікті нығайтудың нәтижелі құралы болған жоқ. Алайда бұл мәселелердің халықаралық форумда талқылануы үкіметтер мен халықтардың соғыс қаупіне алаңдайтындығын көрсетті.

Информация о работе ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар