Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 14:29, курсовая работа
Халықаралық қатынастар тарихын қарастырсақ, оның бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Оның ішінде біздің қазіргі түсінігіміздей халықаралық қатынастардың қалыптасуы Жаңа дәуірде жүзеге асты. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың негізін салған 1648 жылғы Вестфаль бітімі болып есептеледі. Бұл құжаттың негізінде 1618 – 1648 жылдардағы Европадағы Отызжылдық соғыстың қорытындысы шығарылған болатын. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бүкіл әлемдегі сыртқы саяси жағдайды өзгертіп, саяси күштердің жаңаша орналасу тәртібіне әкелді. Вестфальда халықаралық қатынастардың құқықтық негізі қаланды, егеменді мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектісі етіп жарияланды.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3-8
І -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕСТФАЛЬ ЖҮЙЕСІ (ХVІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ – ХVІІІ ҒАСЫР)...............................................9-42
Жаңа заман қарсаңындағы халықаралық қатынастар ...........................9 - 14
Халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесінің құрылуы және
дамуы ............................................................................................................14-38
ХVІІІ ғасырдың соңғы отыз жылдығы – ХІХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістер....................................................38-41
ІІ -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕНАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ................................................................................................................42-52
2.1 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы...................42-45
2.2 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің күйреуі......................45-43
2.3 Ұлттық соғыстар мен отарлық бәсекелестік кезеңі...................................43-50
ІІІ- ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР...................................................................53-65
3.1. ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар..............53-56
3.2. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы державалардың әлемді отарлық бөлісу үшін күресі.................................................................................57-63
3.3. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс кезіндегі халықаралық қатынастар.....................................................................................63-65
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................66-67
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................68-70
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................71-
Отарлық дауларды бейбіт жолмен реттеу үрдісі Ұлыбританияның ХХ ғасырдың басындағы сыртқы саясатында да күшейді. Германияның ХХ ғ. басындағы әскери-теңіз қаруларын жанталаса шығару және т.б. әрекеттері Европадағы күштер балансы мен өмір сүріп тұрған халықаралық тәртіпті бұзу мүмкіндігі Ұлыбританияның «тамаша оқшаулану» саясатынан бас тартуына әкелді. Ол Германияның болуы мүмкін қарсыластары – Франция және Ресеймен жақындасуға бағыт алды. Бұл үшін Ұлыбритания олармен отарлық дауларды реттей бастады. Бұл бағыттағы маңызды келісім Ұлыбритания мен Франция арасында 1904 жылы 8 сәуірде Лондонда Ньюфауленд және Батыс Африка туралы екі декларация – Сиам туралы, Египет-Марокко туралы жасалды. Бұл келісім «Шын жүректік келісім» немесе «Антанта» деп аталды.Англия – Египетте, Франция – Мароккода емін-еркін әрекет жасайтын болды.1904 жылғы келісім отарлық мәселелерге арналғанымен, іс жүзінде ол Ұлыбритания, Ресей, Францияның әскери-саяси одағын құру бағытындағы алғашқы қадам болды, бұл одақ түпкілікті І-дүниежүзілік соғыс жылдары қалыптасты.
1905 жылдың басында француздар
Марокко сұлтанынан олардың
Антантаның келесі қатысушы
3.3. Бірінші дүниежүзілік
соғыс қарсаңындағы және соғыс
кезіндегі халықаралық
Бірінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық дайындығы. Бірінші дүниежүзілік 1911ж. көктемде Марокка астанасы Фец маңында көтеріліс болды.Оны пайдаланған франуцуздар қалаға әскер кіргізіп,оккупациялады. Германияның бұл отарлық жанжалға араласуынан қауіптенген Франция оған Конгодағы отарлық иеліктерінің бір бөлігін ұсыныпМароккадан бас тартуды талап етті.Бұған қанағаттанбаған Германия үкіметі 1911 ж. 1 шілдеде Марокко жағалауына жеңіл крейсер жібереді.Агадир дағдарысы деп аталған өткір халықаралық дағдарыс туды.Германия әне Франция дипломаттары ұзақ келіссөздержүргізіп,Марокка дағдарысын тез арада бейбіт түрде реттеу мүмкін болды.Бірінші Марокка дағдарысы кезіндегідей Ұлыбритания Францияны қолдады.1911 ж. 4 қарашада француз-герман келісіміне қол қойылып,Германия Францияның Марккаға басым құқығын мойындайтын болды,ол үшін Франция экваторлық Африкадағы Конгоның бір бөлігін беретін болды.
Босния мен Герцеговинаны аннекциялаумен бірге 1908 ж. жас түрік революциясы халықаралық жанжалдар мен дағдарыстардың түрлерін туғызды. Бұл бағытта оны Ресей қолдады.Ресей Австрия-Венгриямен Германияның Италиямен байланыстарын әлсіретуге тырысты.1909 ж.11 (24) қазанда екі жақ нотамен алмасты.1911ж. 28 қыркүйекте Италия Осман империясына ультиматум қойып, келесі күні оған соғыс жариялады. 5 қарашада италия үкіметі Триполитания мен Киренаикиді аннекциялайтындығы туралы декрет жариялады.1912 ж. 15 қазанда Уиш алдын ала 18 қазанда Лозанада түпкілікті бітімге қол қойды. Итальян түрік соғысы кезінде Балканда жаңа дағдарыс туды.Соның бюірі Сербия болды. 1903 ж. Сербияда мемлекеттік төңкеріс болды.Билікке Петр Карагеоргиевич король болып сайланды.Ол Сербияның сыртқы саясатының басты бағыты барлық оңтүстік славян жерлдерін Ұлы Сербия қоластына біріктіру деп ойлады.
1912 ж. Сәуірде болгар-серб
одақтық келісім жасалды.
Франция мен Ресей жағында соғысқа кірісуге сылтау таба алмады.1914ж. 4 тамызға қараған түні герман әскері Бельгия аумағына басып кірді.Бұл британ үкіметінің Германияға соғыс жариялауына сылтау болды.себебі Ұлыбритания 1831ж.Бельияның бейтараптығы туралы келісімді сақтандыру кепілі еді.Ұлыбританияның Германияға қарсы соғысқа кіруі Үштік Антантаның осы кезге дейін аморфты топтан әскери-саяси одаққа айналдырды.Оның түпкілікті құрылуы 1914ж. 23 тамызда жүзеге асты.Ұлыбритания,Франция,Ресей Лондонда оңаша бітім жасамау жөніндегі декларацияға қол қойды.Антантаға орталық державалар Германия,Австрия-Венгрия одағы қарсы тұрды.Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған күні 1914ж.1 тамызда Германияның Ресейге соғыс жариялауы Соғыс европада басталып тез арада дүниежүзілік сипат алды. Елдердің бір бөлігі Германия жағына шықса екіншілері Антантаны қолдады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі дипломатиялық күрес. Бірінші дүниежүзілік соғыста соғысушы елдер үкіметі, әскери басшылығы соғыс тез арада аяқталады деп ойлады. Алайда олардың болжамдары жүзеге аспады. Соғыс ұзаққа созылған аипат алды. Соғыс дипломатиялық қызметті әлсіреткен жоқ, керісінше күшейтті. Соғысушы жақтар барған сайын өз жағына одақтастарды көптеп тартуға тырысты. 1914 ж. 23 тамызда Антантаға Жапония қосылды. 1914 ж. 2 тамызда түрік-герман одақтық келісіміне қол қойылды. 2 қыркүйекте Ресей Түркияға соғыс жариялады. Балкан, Шығыс, Батыс майдандармен бірге Закавказьеде орыс-түрік майданы пайда болды. Сонымен бірге Африка, Қиыр Шығыс, Океанияда герман иеліктерін ағылшын-француз әскерлерінің басып алуын көздеген әскери іс-қимылдар жүрді. 1914 жылы Австро-герман және одақтық дипломатияның бейтарап елдерді өз жағына тарту үшін күресі күшейді. Скандинавия елдері мен Голландия тұрақты, дәйекті бейтараптық ұстанды. Күрес негізінен Италия мен Балкан елдері үшін жүрді. Италия 1915 ж. 26 сәуірде Лондонда Антантаға қосылуы туралы келісімге қол қойды. Ол 4 мамырда Үштік одақтан шығып, 23 мамырда Австро-Венгрияға қарсы соғыс жариялады.Осылайша, Альпі етегінде итальян-австрия майданы пайда болды. Болгария 1915 ж. Үштік одаққа (Германия, Австро-Венгрия, Түркия) қосылып, ол Төрттік одаққа айналды. Греция мен Румыния Антанта жағында соғысты.
Соғысушы коалициялар
Соғысушы мемлекеттердің күш жұмсауына қарамастан, 1916 ж. соңында жеңіске жету әлі мүмкін болмады. Бұл жағдайда олар қарсы коалицияның бір мүшесімен сепараттық бітім жасау арқылы қарсыласты әлсіретуге тырысты. 1916 ж. 12 желтоқсанда Германия одақтастарының атынан Антанта елдеріне бейбіт келісім жасауды ұсынды. Алайда Антанта оны қабылдамады. Сепараттық бітім жасауы мүмкін елдер ретінде Төрттік одақта Австро-Венгрия, Антантада Ресей болды. 1918 ж. көктемде Антанта Австро-Венгрияны өз жағына тартудан үмітін үзіп, онымен сепараттық бітім жасаудан бас тартады. Германия Ресеймен сепараттық бітім жасап, Антантаны әлсіретуге тырысты. Алайда бұл 1917 ж. басында іске аспады. 1917 ж. ақпанда Германияның «шексіз су асты соғысын» жариялауы АҚШ-тың мүддесіне нұқсан келтіріп, АҚШ онымен диплрматиялық қатынасын үзеді. 1917 ж. 6 сәуірде АҚШ Германияға соғыс жариялады. 1917 ж. Ресейде Ақпан және Қазан революциялары болды. Қазан революциясы нәтижесінде билікке келген большевиктер 1918 ж. 3 наурызда Брест-Литовскіде Ресей герман блогы елдерімен сепараттық бітім жасады, оның шарттары Ресей үшін ауыр болды. 1918 ж. күзінде Германия және оның одақтастарының жеңілетіндігі белгілі болды. 1918 ж. 29 қыркүйекте Болгария, 30-нда Түркия, 3 қарашада Австро-Венгрия бітімге қол қойылды. 1918 ж. 11 қарашада Германия Антантамен бітімге қол қойып, бірінші дүниежүзілік соғысты аяқталды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Біз диплом жұмысымызда төрт ғасырға жуық уақытты қамтыған халықаралық қатынастардың дамуының екі басты үрдісін көрсетуге тырыстық. Оның алғашқысы осы ұзақ уақыт ішінде халықаралық қатынастар тұрақты сипат алды, яғни бірқатар тұрақты белгілермен сипатталған белгілі бір халықаралық тәртіп пайда болуымен байланысты. Осылайша, Жаңа замандағы халықаралық қатынастардың дамуын осы халықаралық жүйелердің әрдайым өзгеру процесі деп көрсетуге болады.
Жаңа заман халықаралық қатынастардың шын мәніндегі жалпыевропалық алғашқы жүйесі болып табылған – ХVІІ ғасырдың ортасында пайда болған Вестфаль жүйесінің құрылуымен басталады. Ол барлық европалық мемлекеттерді, оның ішінде Вестфаль бітіміне қол қоймаған Ресей мен Осман империясын да қамтыды. Сонымен бірге оған басынан бастап ХVІІ ғасырда европалық мемлекеттердің арасында отарлар мен ықпал ету аймақтарына бөлініп қойған бүкіл әлемді қамту үрдісі тән болды.
Вестфаль жүйесінің
негізіне Отызжылдық соғысты аяқтаған
келісімдер алынды, олар Европада халықаралық
мойындалған шекараларды
Соғыстар мен революциялардың,
бір елдердің құлдырауы мен ал
екіншілерінің өрлеуінің
Наполеондық Францияны антифранцуздық коалицияның жеңуі Европадағы күштердің балансын қалпына келтірудің және жаңа халықаралық мойындалған шекалардың орнатылуының маңызды алғы шарты болды. 1814 – 1815 жылдардағы Вена конгресі Наполеон соғыстарынан кейінгі европалық құрылымның басты міндеттерін шешуі тиіс болды. Вена конгресінің шешімдері халықаралық қатынастардың Веналық жүйесі деп аталған жаңа жүйенің негізіне алынды. Күштер балансы мен халықаралық мойындалған шекаралармен бірге ол бес ұлы державалардың одағына («пентархияға») және «европалық концертке» сүйенді.
Алайда европа қоғамында болған өзгерістердің ықпалымен, ХІХ ғасырдың ортасында Вена жүйесінің негіздері шайқалды. Бес державаның одағы ыдырады, «европалық концерт» күйреді. Ұлттық соғыстар барысында мемлекеттер арасындағы шекаралар терең қайта қарауға ұшырады. Ақырында, европалық державалар арасындағы күштердің ара салмағы түбірлі өзгерді. Мұның барлығы ақыр соңында, Вена жүйесінің күйеуіне әкелді.
Ұлттық соғыстар мен революциялар нәтижесінде ХІХ ғасырдың соңына қарай Европада жаңа халықаралық тәртіп қалыптасты. Ол барлық европалық жүйелерге тән мынадай ортақ белгілермен сипатталды: күштер балансы, бейбіт және 1878 жылғы Берлин конгресі сияқты халықаралық конференцияларда орнатылған халықаралық мойындалған шекаралар. Сонымен бірге жалпы мойындалған атауға ие болмаған жаңа халықаралық тәртіп кейбір белгілерімен де ерекшеленді. Бұл ең алдымен, екі қарама-қарсы топтың – Үштік одақ пен орыс-француз одағының (кейінірек – Үштік Антантаның) болуынан көрінді. Сонымен бірге ол шын мәніндегі жаһандық қамтудан да білінді, себебі европалық мемлекеттердің аумақтық және отарлық экспансиясының нәтижесінде бүкіл әлем отарлар мен ықпал ету аймақтарына бөлінді. ХІХ – ХХ ғасырлар межесінде алғаш рет халықаралық қатынастардың бұл жаһандық жүйесіне европалық державалармен бірге теңқұқықты қатысушылар ретінде АҚШ пен Жапония да кірді.
Алайда бұл халықаралық
тәртіп те ХХ ғасырдың басында оның
қайшылықтарының ықпалымен
Информация о работе ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар