ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 14:29, курсовая работа

Краткое описание

Халықаралық қатынастар тарихын қарастырсақ, оның бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Оның ішінде біздің қазіргі түсінігіміздей халықаралық қатынастардың қалыптасуы Жаңа дәуірде жүзеге асты. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың негізін салған 1648 жылғы Вестфаль бітімі болып есептеледі. Бұл құжаттың негізінде 1618 – 1648 жылдардағы Европадағы Отызжылдық соғыстың қорытындысы шығарылған болатын. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бүкіл әлемдегі сыртқы саяси жағдайды өзгертіп, саяси күштердің жаңаша орналасу тәртібіне әкелді. Вестфальда халықаралық қатынастардың құқықтық негізі қаланды, егеменді мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектісі етіп жарияланды.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3-8

І -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕСТФАЛЬ ЖҮЙЕСІ (ХVІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ – ХVІІІ ҒАСЫР)...............................................9-42

Жаңа заман қарсаңындағы халықаралық қатынастар ...........................9 - 14
Халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесінің құрылуы және
дамуы ............................................................................................................14-38
ХVІІІ ғасырдың соңғы отыз жылдығы – ХІХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістер....................................................38-41

ІІ -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕНАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ................................................................................................................42-52

2.1 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы...................42-45
2.2 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің күйреуі......................45-43
2.3 Ұлттық соғыстар мен отарлық бәсекелестік кезеңі...................................43-50

ІІІ- ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР...................................................................53-65

3.1. ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар..............53-56
3.2. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы державалардың әлемді отарлық бөлісу үшін күресі.................................................................................57-63
3.3. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс кезіндегі халықаралық қатынастар.....................................................................................63-65

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................66-67

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................68-70

ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................71-

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаңа замандағы халықаралық қатынастар.doc

— 451.00 Кб (Скачать документ)

ХҮІІІ ғасырдың аяғындағы  француз буржуазиялық революциясының халықаралық қатынастарға тигізген ықпалы. ХҮІІ ғ.соңындағы басты оқиға – Француз революцисы болды, ол Европадағы және бүкіл әлемдегі халықаралық қатынастардың дамуына үлкен әсер етті. Франциядағы революцияны тұншықтыру үшін оған қарсы европалық мемлекеттердің коалициясы құрылды. 1790 жылы 27 шілдеде қол қойылған Рейхенбах келісімінде Англияның үкімет басшысы Питт Францияға қарсы коалицияның негізін қалады. Ағылшын дипломатиясының қатысуымен 1792 жылы 7 ақпанда Пруссия мен Австрия арасында декларацияға қол қойылды. Алайда монархия 1792 жылы 10 тамызда құлатылды. Билікке келген жирондистер антифранцуздық коалицияны әлсіретуге күш жұмсады. 1793 жылы француз конвенті Англияға соғыс жариялады. 1793 жылы 31 мамыр-2 маусым аралығында Парижде көтеріліс болып, жирондистер биліктен кетті, яконбиншілдер диктатурасы орнады. 1793 жылы күзде конвент ағылшын кемелерінің француз порттарына келуіне тыйым салған Навигациялық актіні қабылдады. 1794 жылы 24 шілдеде Францияда термидорлық төңкеріс болып, билікке ірі буржуазия келді. 1794-1795 жылдары соғысқа қатысушылар арасында бейбіт келісімдер жасалды. 1795 жылы 5маусымда Базельде француз-прусс, ал мамырда Франция мен Голландия 22 шілдеде Франция мен Испания арасында бітімге қол қойылды. Директория кезінде Франция орталық Европада, Германияда, Италия басып алушылықтарын жалғастырды.  Н.Бонапарт 1799 жылы 18 брюмерде төңкеріс дайындап, өз диктатурасын орнатты. Н.Бонапартқа көмектескен Директорияның, 1797 жылғы Францияның сыртқы істер министрі, дипломат, карьерист Ш.М.Талейран болды.

ХVІІІ ғ. аяғы – ХІХ  ғ. басындағы халықаралық қатынастар. 1789 жылы басталған франуцуз революциясын тұншықтыру үшін 1792 ж. ақпанда Францияға Пруссия мен Австрияның қарсы шығуымен алғашқы коалиция құрылды. Францияның революцияны қорғау үшін болған соғыстары 1792 жылы көктемде басталған болатын. Бұл соғыстың басында француздар жеңілді.1792 жылы күздегі Вальми түбіндегі француз әскерлерінің жеңісі нәтиежесінде әскери іс-қимылдар қарсыластар аумағында жүрді. Революция мен Францияның тәуелсіздігіне төнген қауіп жойылды. Енді француз революционерлері жаңа жағдайдағы соғыстың мақсаттары туралы ойлап, езілген халықтарды абсолютизм мен феодализмнен құтқарамыз деген ұранды ұстанған революциялық Франция шетелдердің ішкі істеріне араласу құқығын иемденіп, аннексия және агрессиялық басқыншылық соғыстар жүргізе бастады. Францияның революциялық соғыстары басқыншылық соғыстары айнала бастады.1799-1804 жылдары Францияда бірінші консул Наполеон Бонапарт басқарған консулдық жылдары,1804 жылы Франция империя деп жарияланды, Наполеон бұл кездері француз диктаторына айналды. Академик Е.В. Тарле өзінің Наполеон туралы еңбектерінде ХІХ ғ. алғашқы онжылдығындағы Наполеонның сыртқы саясатында 2 міндетті көрсетті: 1) Англияны жеңу; 2) Ресеймен әскери одақ құру. Н.Бонапарт мемлекеттердің антифранцуздық коалициясымен соғыстарды жалғастырды. Пруссия мен Ресейдің бейтараптығына қол жеткізген Наполеон 1800 жылы мамырда Альпіден өтті. Маренго деген жерде 14 маусымда Австрияны талқандап, 1801 жылы 9 ақпанда оны Люневиль қаласында бітімге қол қойдыртты. Ол бойынша Рейн өзенінің сол жағалауы, Австрия аумақтары, Оңтүстік Нидерланды,Люксембург Францияға қарады.Австрияның кейбір аумақтары Францияға вассальдық тәуелділікте болды. Люневиль келісіміне қол қоюмен 1798 ж. құрылған 2 антифранцуздық коалиция өмір сүруін тоқтатты. Францияның дәйекті қарсыласы болған Ұлыбритания жалғыз қалып, 1802 ж. 27 наурызда Франциямен Амьенде бітімге қол қоюға мәжбүр болды. Ұлыбритания Францияның Рейн бойындағы жаңа шекарасын және т.б.аннексиясын мойындамады. Ол француз әскерін Рим,Неаполь,Эльба аралынан шығартуға қол жеткізді. Өзі Франция және оның одақтастарына олардан тартып алған отарларын қайтаруға, Мальта аралынан әскерін әкетуге міндеттенді. Екі жақта Түркияның тұтастығына кепілдік берді. Француз әскері Египеттен кететін болды, Амьен бітімі екі жақ үшін уақытша тынығу болды. Ағылшын-француз қатынастары шиеленісе берді.Англиямен соғыс 1803ж.қайта жалғасты.1800ж.1 қазанда Сан-Ильденфонсода Испаниямен келое салып Испания Францияға 1763ж.париж бітімі бойынша алған Луизиананың өз бөлігін беретін болды. Оны Наполеон 1803ж.30 сәуірде  француз-американ келісімі бойынша АҚШ-қа сатты. Ұлыбританияның премьер-министрі У.Питт Ресей, Австрия, Қос Сицилия корорльдығы, Швеция қатысқан үшінші антифранцуздық коалицияны құруға қол жеткізді. Үшінші коалицияны Люневиль келісімі жоюды көздеген Австрияда қолдады.Ресей барған сайын антифранцуздық позицияны иеленді. 1805 жылы 21 қазанда испан, француз флотын Трафальгар мүйісі маңында адмирал Нельсон талқандады. Бұл шайқас Ұлыбритания мен Францияның арасында болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ.  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ   ҚАТЫНАСТАРДЫҢ  ВЕНАЛЫҚ

ЖҮЙЕСІ

 

2.1  Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы

 

         Наполеон армиясын талқандағаннан кейін одақтастар Франциямен қатынастарын реттеуге асықты.1814 жылы 30 мамырда олар Людовик ХVIIІ –мен бейбіт келісім жасады. Ол Францияның егемендігін және аумақтық тұтастығын қамтамасыз етті. Ол өзінің 1789 жылғы шекарасын сақтады.Франциямен жасалған келісім Европадағы бейбіт реттеу мәселелерін толық шешпеді. Сондықтан 1814 жылы қыркүйектен 1815 жылы маусым аралығында Венада Европалық мемлекеттердің конгресі өтті. Ол Наполеон Империясы талқандалғаннан кейін Европадағы бейбіт реттеу мәселелерін қарастырды.Вена конгресінің маңызды міндеттері монархияларды қалпына келтіру, Напалеон басып алған аумақтарды азат ету, революциялық қозғалыстармен күресу, Францияда бонапартизмнің қайта өркендеуіне жол бермеу, жеңіске жеткендердің аумақтық және басқа да дәмелерін қанағаттандыру болды.Конграесс жұмысының қорытынды актіде жасалды. Конграске қатысушылардың бірі тең құқықты болды.Алайы да 4 одақтас держава- Ресей, Ұлыбритания, Прусс, Австрия басты роль атқарды.Олардың атынан І Александр , британ сыртқы істер министрі лорд Каслри, прусс канцлері князь фон Гарденсбург австрия канцлері – князб фон Меттерних және т.б.сөйледі. Бұл мәселелерді шешуде конгреске қатысушылар лигитизм принціпін басшылыққа алды.Алайда Европалық үкіметтердің көбі бұрынғы 1789 жылға дейінгіге қайта оралудың мүмкін еместігін түсінді және оған монархтардың өздері оралғысы келген жоқ. Сондықтан көптеген монархтар лигитизм дегенді- бұ жалпы мойындалған халықаралық келісімдерге негізделген заңды тәртіп деп түсінді. Вена конгресі халықаралық келісімдердің беделін, маңызын көтеруге  тырысты. Ол жаңа Европалық тәртіптің негізіне алынуы тиіс еді. Бұл тәртіп  ірі мемлекеттер арасындағы соғыстың қайталануы мүмкіндігін жоюға бағытталған еді.Лигитизм принципі Напалеон соғыстары аяқталғаннан кейін құрылған Веналық деп аталған халықаралық тәртіптің негізіне алынды. Австрия мен пруссия арасында Напалеондық  Францияның одақтасы болған Саксонияны  Пруссияның басып алуға деген дәмесіне байланысты келіспеушіліктер туды.

1815 жылы 3-ші Қаңтарды Ұлыбритания, Франция және Австрия империясы Ресесй мен Пруссияға қарсы бағытталған құпия әскери одақ құрды. 1815 ж 13-ші наурызда Ұлыбритания, Австрия, Ресесей,Пруссия Венада Напалеонмен соғысу үшін жаңа одақтың келісім жасап, Напалеонға қарсы Ұлыбритания коалиция ұймдастырды.

1815 жылы 28-ші мамырда Вена конгресінің қорытынды актісіне қол қойылды. Ресей – Ұлы Варшава герцогтығын алды, Познань-Пруссия құрамында қалдырылды, Австрия-Галицияны сақтады, ал Краков-Австрия, Ресей, Пруссия қорғауындағы ерікті және бейтарап қала деп жарияланды. Швецияның Финландиядан айырылуы орнына  напалеондық Франциямен соғысқа белсенді қатысушы ретінде Швеция Норвегияны алды. Австрияға бұрын Напалеон тартып алған Ұлы Варшава герцогтығының 1 бөлігі, себебі Балқан түбіндегі иеліктері қайтарылды.Вена конгресінің басты актісінде Европалық мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарға байланысты баптар болды.

Өзен жолдарының еркіндігі  туралы деклорация, құл сатуға тыйым салу туралы және дипломатиялық өкілдіктер рангасы туралы ережелер қабылданды. Қасиетті Одақтың құрылуы.Александр І конгресс шешімдері ұйымдық жағынан бекітілуі тиіс деп есептеді. Содықтан Европалық мемлекеттердің одағын құруды ойлады. Осылайша қасиетті одақты құру идеясы пайда болды.Александр І жасаған Қасиетті Одақтың Актісіне 1815 ж 26 қыркүйекте Парижде қол қойылды, оған Ресей, Австрия императоры және прусс королі қол қойды. Келісімде 3 монарх христиандық құндылықтарды, халықтар мен патшаларды революционерлерден, атеистерден, либералдардан қорғаудан міндеттенді. Кейін Қасиетті Одаққа Европаның басқа да көптеген мемлекеттері қосылды. Ұлыбритания Одаққа кірмеді, бірақ іс жүзінде оның өкілдері ХІХ ғ 30-жылдары на дейін оның жұмысына қатысты. Осман империясы да Одаққа кірмеді.

1815 – 1830 жж. еуропалық  дипломатия. Қасиетті Одақ құрылғаннан кейінгі алғашқы жылдары рған қатысушылардың түрлі көзқарасына қарамастан Европалық мемлекеттер еркін ойлаушылыққа қарсы бірыңғай майданда болды.

Қасиетті Одақтың 3 конгресі болды. 1818 ж Ахенде Экс-ла Шапель батыс Германия оған Ресей, Австрия,Пруссия, Ұлыбритания, Франция қатысты.Конгресс Францияны Қасиетті Одаққа тең құқықты мүше мүше ретінде қабылдады. 1818 жылы 30 қарашаға дейін оның аумағынан оккупациялық әскерлерді шығару туралы шешім қабылданды.2-конгресс 1820ж аяғы Х-ХІІ Троппау-1821 жылы қаңтар-наурыза Лайбахта Қасиетті Одақтың «қосарланған» конгресі болды. Лайбахта Троппау конгресінің жалғасы өтті. Онда Ресей, Австрия, Англия, Франция өкілдері Неаполь королі, т.б. Итальан монархтары, Рим папасымен келіссөздер жүргізді. 3-конгресс 1822 ж 20 қазанда -14 желтоқсан аралығында Веронда өтті.Верон конгресінде Ұлыбритания – Веллингтон қатысты.Конгресс Испаниядағы революция, Грециядағы көтеріліс,орыс –түрік жанжалына  байланысты туған ауыр сыртқы саяси жағдайларда өтті. 1820 ж түрік – Осман езгісіне қарсы гректер көтерілді.Верон конгресінде Қасиетті Одақтың Латын-Америкасына әскери интервенциясы да талқыланды. Испания Латын Америкадағы испан отарлық үстемдігін қалпына келтіруі  тиіс болды. Бірақ  Латын Америкасына интервенция жасауға Ұлыбритания қарсы болды.,оның өз сауда мүддесі болды.Англия Каннинг АҚШ-қа испания отарларлары жөнінде 1 бағыт ұсынды.Бұл америка президенті Дж.Монроның 1823 ж 2-ші желтоқсанда Сенатқа Конгреске жолдауын жіберуге әкелді.Ондағы идеялар тарихқа «Монро доктринасы» деген атпен енді. «Монро доктринасы» Испания отарларына өз тәуелсіздігін алуда жағымды рөль атқарды. ХІХ ғ. 20 ж-ң ортасына қарсы Латын Америкасында Парагвай (1811), Аргентина (1816), Чили (1818), Колумбия (1825) және т.б. тәуелсіз мемлекеттер пайда болды.

Ағылшын шетел істері бойынша статс секретары Джордж Каннинг 1823 жылы Испандық Америкамен іскерлік және сауда қатынастарын жүргізнетіндігігін жариялады. Верон конгресінде грек 1821-1822 жж. көтеріліс туралы мәселе де талқыланды. Ұлы державалар арасында келіспеушілік туды. Европалық монархрат, Ресей императоры түрік езгісіне қарсы грек көтерілісін Лигитимді тәртіпті бұзушылар, өз заңды монархы-түрік сұлтанына сұлтан Махмуд ІІ қарсы шықты деп айыпталды. Тек қана Ұлыбритания, Каннинг 1823 жылы 25-ші наурызда соғысушы 2 жақты (грек-түрік) тең құқықты деп, грек көтерілісін заңды деп, гректерді қолдады, екеуінің арасында делдал болды. Бұл шешім Қасиетті одаққа соққы болды.Ұлыбританияның Қасиетті Одақ принциптерінен кете бастағанын көрсетті. Англия Греция жөнінде Рсесей ұстанымын қолдап,Ресеймен жақындаса бастады.

1830 жылы Европада революциялық көтерілістер басталып, олар 1848 жылға дейін созылды. Революция 1830 жылы шілдеде Францияда басталды, Х Карл француз конституциялық жойған ордонанстарға қол қойды. Нәтижесінде Х Карлдың реакциялық саясатына қарсы елде революция басталып, ол жеңді, таққа герцог Орлеанский отырып,  ол І Луи Филипп деген атпен билік құрды. Ресей Францияға қарсы орыс-австрия-прусс интерверциясын ұйымдастыруға тырысты, бірақ оның ұсынысы қабылданбады.

  1830 жылы Париждегі революциялық оқиғалар ықпалымен 1830 жыл қыркүйек -1831 жылы қазан аралығында Польшадағы орыс иеліктерінде көтеріліс бұрқ ете түсті. Алайда оны І Николай басты. 15 жыл бойы революциялық күрес, ХІХ ғ. 30-ж аяғында Қасиетті одақтың ыдырауына әкелді.

«Шығыс мәселесінің» пайда болуы және еуропалық дипломатия. Халықаралық қатынастардың веналық жүйесін тұрақсыздандырғыш күшті фактордвң бірі-ХVII-XVIII ғ.-рдан қалған мұра және ХІХ ғ.-да шиеленісуін жалғастырған Шығыс мәселесі, яғни Осман империясы мен оның Балкандағы, Солтүстік Африкадағы, Таяу Шығыстағы иеліктерінің тағдыры туралы мәселе еді. Бұл маңызды аймақта, үш континеттің түйіскен жерінде сұлтан режимінің, Австрия мен Ресей империяларының, Жерорта теңізіне әрдайым қызығушылық танытып отырған Англия мен Францияның геосаяси дәмелері, себебі Балкан түбегі мен Оңтүстік Шығыс Европаны мекендеген халықтардың этноұлттық және конфессиялық қажеттіліктері, мүдделері қиысып жатты.

  1820 жылы Испания, Португалия, Неаполь мен Пьемонттегі революциялардың ықпалымен 1821 ж.түрік-осман езгісінде болған гректер азаттық күреске көтерілді. Ең алдымен Ресейдің оңтүстігінде өмір сүрген гректер қолдарына қару алды.1821 ж.наурызда олардың отрядторы түрік сұлтанына тәуелді Молдавияға кіріп, осман үстемдігіне қарсы Жалпы көтеріліс жасауды мақсат етті. 1822 ж. көтеріліс Грецияның өзінде де басталды. 1821-1822 ж.-ры түріктер грек көтерісшілердің үлкен шығынға ұшырады.

  Қасиетті одақтың Верон конгресінде 1822 ж. латын-америкалық мәселелермен бірге осы грек көтерілісі туралы мәселе де талқыланды. Европалық монархтың көпшілігі, оның ішінде ресей императоры да грек көтерілісшілерін лигитимді тәртіпті бұзушылар, өз заңды монархы-түрік сұлтанына қарсы шыққан бүлікшіліктер деп айыптады.

  Тек Ұлыбритания ғана 2 жақты да тең құқықты соғысушы жақ деп есептеп, сұлтан мен көтерісшілер арасындағы  делдалдықты қолдады, грек көтерілісін заңды деп, оған қолдай көрсетті. Ұлыбританияның саясатындағы бұл өзгеріс грек көтерілісінің шығыс мәселесінің немесе Осман империясының, ең алдымен оның европалық провинцияларының тағдыры туралы мәселенің шиелінісуімен байланысты болды.Бұл мәселеге Ұлыбритания үкіметі мән берді, себебі Балқан түбегі мен шығыс Жерорта теңізі оның сауда және стратегиялық мүддесінің аймағы болды. Осы аймақ арқылы Батыс Европадан оңтүстік Азияға қысқа жол жатыр еді.

 Ұлыбританияның Балкандағы  белсенді әрекеттері, шығыс мәселесінің  маңыздылығын түсінуі, қоғам тарапынан  қысым-мұның бәрі басқа да европалық мемлекеттердің грек көтерілісіне байланысты өз ұстанымдарын қайта қарауға мәжбүр етті.

Ресей император І Николай болғанғаннан кейін 1826 ж. басында ол Осман империясы үкіметінен түрлердің Балкан түбегігің христиан халықтарына қатысты зорлық – зомбылықтарын тоқтатуды талап етті.1827 ж. 24-ші шілдеде Ұлыбритания,Ресей,Франция Лондонда осы шартты конвенцияға қол қойды. І Николай грек көтерілістерін бүлікшіліктер  деп санайтынын, бірақ Түркиямен өз есебім бар деді.

  Үш мемлекет- Ресей, Ұлыбритания,Франция Тркияға 1827 жылы қарсы соғысқа әскери іс қимылдар жасай бастады.1827 ж. кіріседі. Түріктер Греция жағалауларына өз кемелерін жібереді.1827 ж. 8 Х Наварин мүіссі маңында одақтастар флоты түрік сүлтанымен египет патшасының флотын талқандады.

14-ші сәуірде 1828 ж. Ресей Түркияға соғыс жариялады. Орыс әскерлері Ресей мен осман империясының шекарасы болған Прут өзенінен өтіп, Дунай княздықтарын алды,Стамбулға жылжи бастады.1829 ж. 2-ші қыркүйекте Адрианопольде бейбіт келісімге қол қойылды.Ол бойынша Дунай сағасы және Кубан өзенінен Аджария шекарасына дейінгі Қара теңіздің Кавказ жағалауларының бәрі Ресейге қарады.

 Осылайша, 1828-1829 ж.-ғы түркиямен соғыста Ресей Дунай менКавказда орыс иеліктерін біраз кеңесті Грецияны азат етті.Алайда Осман империясының құрамындағы дербестік Гректерді қанағаттандырмады. Олар толық тәкелсіздікті қажет етті.Одақтастар оны қанағаттандырды. 1830 ж. ақпандағы Лондао конференциясының шешімі бойынша Греция тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.Шығыс дағдарысы египет патшасы Мұхаммед Алидің түрік сұлтанына қарсы бүлігінен басталады. 1833 ж. сәуірдің ор.әскерлері Босфордың азиялық жағалауында түсіп,египетармиясының стамбулға жолын бөгеді. Ресей мен Осман империясы арасындағы одақтық келісімге 1833 ж. 26 маусымда қол қойды.Ункяр-Искелеси келісімі Батыс елдерін шошытты.

Информация о работе ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар