Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 14:29, курсовая работа
Халықаралық қатынастар тарихын қарастырсақ, оның бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Оның ішінде біздің қазіргі түсінігіміздей халықаралық қатынастардың қалыптасуы Жаңа дәуірде жүзеге асты. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың негізін салған 1648 жылғы Вестфаль бітімі болып есептеледі. Бұл құжаттың негізінде 1618 – 1648 жылдардағы Европадағы Отызжылдық соғыстың қорытындысы шығарылған болатын. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бүкіл әлемдегі сыртқы саяси жағдайды өзгертіп, саяси күштердің жаңаша орналасу тәртібіне әкелді. Вестфальда халықаралық қатынастардың құқықтық негізі қаланды, егеменді мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектісі етіп жарияланды.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3-8
І -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕСТФАЛЬ ЖҮЙЕСІ (ХVІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ – ХVІІІ ҒАСЫР)...............................................9-42
Жаңа заман қарсаңындағы халықаралық қатынастар ...........................9 - 14
Халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесінің құрылуы және
дамуы ............................................................................................................14-38
ХVІІІ ғасырдың соңғы отыз жылдығы – ХІХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістер....................................................38-41
ІІ -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕНАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ................................................................................................................42-52
2.1 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы...................42-45
2.2 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің күйреуі......................45-43
2.3 Ұлттық соғыстар мен отарлық бәсекелестік кезеңі...................................43-50
ІІІ- ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР...................................................................53-65
3.1. ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар..............53-56
3.2. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы державалардың әлемді отарлық бөлісу үшін күресі.................................................................................57-63
3.3. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс кезіндегі халықаралық қатынастар.....................................................................................63-65
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................66-67
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................68-70
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................71-
XVI ғасырда Европада негізгі мемлекеттер арасында қайшылықтардың басты ошақтары қалыптасты. Бұл мемлекеттер өз арасындағы қарсы тұруларға басқа мемлекеттерді, оның ішінде европалық саясатта ролі аз мемлекеттерді тартып, көп жақты жанжалдарға айналдырды.
Кезең қайшылықтарының негізгі ошақтарына француз-габсбург қарсы тұруын жатқызуға болады, келесі бір ұзаққа созылған күрделі қайшылық – Англия мен Испания арасындағы отар үшін қайшылық. Бұл қайшылық XVI ғасырдың соңғы ширегіндегі ағылшын-испан теңіз соғысына ұласты. Оның белгілі көрінісі – 1588 жылы Испандық жеңілмейтін армаданың күйреуі болды. Ол Испанияның әскери күшіне және халықаралық беделіне үлкен нұқсан келтірді. Халықаралық қайшылықтардың үшінші түйіні – Солтүстіктегі теңіз жолдарындағы (Солтүстік теңіз, Балтық теңізі) үстемдік үшін күреспен байланысты. Мұнда Швеция, Дания, Солтүстік Герман қалалары, Құрама провинциялар республикасы, Польша, Москва мемлекеттері қарсылас болды. Төртінші түйін – Нидерландының Испанияға қарсы тәуелсіздік үшін күресі (1566-1609 жылдар). Бесінші түйін – алғашқы отарлық империялар – Португалия мен Испания арасындағы бәсекелестік те өшпеді. Алтыншы түйін – Франция мен Англия арасындағы европалық істердегі, отар үшін күрестегі бәсекелестік болды. Жетінші қайшылық – Османдық фактор – Осман империясының Европаға қаупі. Халықаралық жанжалдар конфессиялық қайшылықтар нәтижесінде ушықты. Аталған халықаралық жанжалдардың ешбіреуі XVI ғасырда толық шешімін тапқан жоқ. Француз-габсбург қарсы тұруы европалық мемлекеттердің отар үшін күресі, Солтүстік теңіз жолдарындағы үстемдік үшін күресі, Осман экспансиясы және т.б. халықаралық жанжалдар XVII ғасырда жалғасып, сол кезеңдегі саясатты анықтады. XVII ғасырда халықаралық өмірдегі ірі оқиға – 1618-1648 жылдардағы Отызжылдық соғыс болды.
1.2 Халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесінің құрылуы және дамуы
Халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесінің құрылуы 1618 – 1648 жылдарды қамтыған Отызжылдық соғыстың қорытындысын шығарған Вестфаль бітімінен басталады. Отызжылдық соғыс жалпыевропалық ауқымдағы алғашқы соғыс болды. Оған тікелей және жанама түрде көптеген мемлекеттер қатысты.
1618 – 1648 жылдарға созылған
бұл соғыс көптеген европалық
мемлекеттердің сыртқы саяси
мүдделері мен сыртқы
Германиядағы діни соғыстар нәтижесін қорытындылаған 1555 жылғы Аугсберг бітімінен кейін, Германияда католиктер мен протестанттар арасында арасында жарты ғасырдай ірі қақтығыстар болған жоқ. Алайда ХVІ – ХVІІ ғасырлар межесінде діни қақтығыстар қайта күшейді. Өзін католик дінінің қорғаушысы деп есептеген Қасиетті Рим империясының басшысы Австрия эрцгерцогы ІІ Фердинанд болғаннан кейін протестанттарға қысым жасалына бастады. Ол протестанттық «ересьті» түпкілікті жоюды көздеді және сонымен бірге Европада ХVІ ғасырдағы жеңілістерден кейін Габсбургтер үстемдігін қалпына келтіруге тырысты. Германия қайтадан екі қарама-қарсы топқа бөлінді – Католиктік Лига және Евангелистік (протестанттық) уния, екеуі де шетел мемлекеттерінің қолдауына сүйеніп, соғысқа дайындықты бастады.
Отызжылдық соғыста Европаның саяси дамуындағы екі бағыт қақтығысты: 1) біртұтас жалпыевропалық христиандық монархия құруға ұмтылған австриялық және испандық Габсбургтер. Олар Европадағы католиктік реакцияны басқарды; 2) Англия, Франция, Голландия және Швеция, бұлар ұлттық негіздегі күшті мемлекет құру саясатын ұстанды. Бұл орталықтандырылған мемлекеттерде, Франциядан басқасысында протестанттық сенім үстем болды. Қарсылас блоктардың экономикалық дамуы да әртүрлі болды. Антигабсбургтік блок елдеріне капиталистік уклад тән болды.
Соғыстың себебі – католиктік реакция және Габсбургтердің Европадағы үстемдікке ұмтылуы болды. Ал соғыстың басталуына түрткі болған жағдай Германиядағы ішкі күрес болды. Германия императоры Чехияда ХV ғасырдың І-жартысындағы гусистік соғыстар нәтижесінде католизмге табынушылықты қалпына келтіруге тырысты. Бұл ұмтылыс 1618 жылы чехтардың көтерілісін туғызды, бұл ұзаққа созылған жалпыевропалық соғыстың бастамасы болды. Император католиктік Лигамен одақ жасап, 8 қарашада чехтардың көтерілісі басылды. Император чех жерлерінде католицизмді қалпына келтіріп, Чехияны өзіне бағындырды. Осыдан кейін габсбургтік коалиция әскерлері Протестанттық уния күштерін жеңіліске ұшыратты.
Соғыстың кезеңдері: 1) Чех – 1618-1623 жылдар; 2) Дат – 1625-1629 жылдар; 3) Швед – 1630-1965 жылдар; 4) Франция – 1635-1648 жылдар.
2 кезең. Герман
Сол кезден бастап Англия, Франция, Голланди антигабсбургтік коалицияға Солтүстік Европаның сол кездегі күшті державасы Швецияны қосуға тырысты. ХVІІ ғасырдың басында ол оңтүстік-шығыс Прибалтикада белсенді экспансиялық саясат жүргізді. 1611 жылы швед королі ІІ Густав Адольф Швецияға бүкіл Балтық теңізі жағалауларын қосып балтық империясын құрғысы келді. Ресей, Польша империямен осы мақсатта соғысты. 1630-жылдардағы соғыс кезінде ІІ Густав Адольф армиясы Польшада болды, өз мақсатын жүзеге асыруға тырысты.
Католиктік Лигаға қарсы соғысу үшін швед королі материалдық көмекті қажет етті, оған Франция, Ресей көмек берді. Франция – негізгі бәсекелесі Габсбургтердің әлсіреуіне мүдделі болды. Ресей Польшаға қарсы күресте Швеция қолдауына сүйенгісі келді.
3 кезең. Польшамен бітім жасаған ІІ Густав Адольф 1630 жылы өз армиясымен Қавсиетті Рим империясының жеріне басып кіреді. 1631 жылы 17 қыркүйекте Брейтенфельдте (Саксонияда) ол католиктік Лига армиясын жеңеді. 1632 жылы 6 қарашада Валленштейн армиясын жееді. Бұдан кейін швед королі ІІ Густав Адольф қаза болады. Бұл Ресейге кері әсер етіп, 1632 жылы ол Польшаға соғыс ашады. Польшамен 1634 жылы Полянов бітімін жасайды.
4 кезең. Католиктік
коалицияға қарсы Франция ашық
соғысқа кіріседі.Ол кезде
1635 жылы француз армиясы
Нидерландыда испан короліне
қарсы және герман жерлерінде
императорға қарсы соғыс
Соғысты аяқтауды тездетуге басқа елдер де ұмтылды. Соғысушы жақтардың күйзелуі, негізгі соғыс қимылдары жүрген герман жерлерінің қатты құлдырауы елдерді соғысты аяқтауға ұмтылдырды. Герман жерлерінің тұрғындары 1/3-ге кеміді, тұтас аймақтар күйзелді. Көптеген жерлерден адамдар көшіп кетті, шенеуніктердің озбырлығы, аштық, жұқпалы аурулардың таралуы жағдайды қиындатты. Материалдық және мәдени құндылықтардың жойылуы, өнеркәсіптің құлдырауы Германияда ұзаққа созылған әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа әкелді. Отызжылдық соғыс оның барлық қатысушылары үшін күйзелісті болды, тіпті соғыс қимылдары жүрмеген елдер де күйзелді. Мемлекеттік салықтың көбеюі, салықтың өсуі, азық-түліктің қымбатшылығы нәтижесінде соғысып жатқан елдерде әлеуметтік шиеленіс соғысты аяқтау қажеттігін тудырды.
1638 жылы Рим папасы
мен дат королі соғысты
Вестфаль бітімі және оның маңызы. Отызжылдық соғыстың қорытындысын шығарған тарихқа Вестфаль бітімі деген атпен енген бітім 1648 жылы 24 қазанда, бір мезгілде Мюнстер (империя мен Франция арасында) мен Оснабрюкта (швед-герман қатынастары) жасалды. Ол герман мемлекеттерінің бірі Вестфалияда жасалғандықтан, Вестфаль бітімі деп аталды. Ол нақты аумақтық және саяси-құқықтық келісімдерге қол жеткізуімен бірге Европадағы жүз жылдық конфессиялық қарсы тұрудың қорытындысын шығарып, континенттегі күштердің жаңа арасалмағын орнатты.
Вестфаль бітімі Отызжылдық соғыстың нәтижесінде Европада болған аумақтық өзгерістерді бекітті. Сонымен бірге онда герман империясының саяси құрылысы, оның аумағындағы діни сенім және Голландия мен Швейцарияның халықаралық құқықтағы тәуелсіздігі бекітіліп, қамтылды. Ірі аумақтық өзгерістер Солтүстік Германияда жүрді. Ең көп дәрежеде өзінің аумақтық дәмелеріне, талаптарына қол жеткізген Швеция болды. Ол Балтық және Солтүстік теңіздерге құятын ірі өзендер Одер, Эльбаның сағасындағы көптеген жерлерге ие болды (Шығыс Пруссия, Курляндия/Батыс және Шығыс Померанияны портты қала Штеттинмен қоса), Рюген және Вилин (Одер сағасындағы) аралдарын, Висмар қаласын және Везердегі екі епископтықты – Бремен және Верденді, олар зайырлы иеліктерге айналды; Швецияға қараған ескі ганзей қалалары өз еркіндіктерін сақтайды делінді. Нәтижеде, Швеция өзінің сыртқы саяси мақсаты Балтық теңізін «швед көліне» айналдыруға жетті (Балтикаға үстемдік теу мақсатына жетті). Сонымен бірге ол үлкен ақшалай контрибуция алды, өзінің халықаралық статусын көтеріп, европалық державаға айналды.
Францияның аумақтық иеленгендері оған қарағанда аздау болды. Вестфаль бітімі бойынша Рейн өзенінің сол жақ жағалауларындағы өз иеліктерін кеңейтті. Ол 1552 жылы басып алып, 1559 жылы итальян соғыстары нәтижесінде жасалған Като-Камбрезий келісімімен оған қараған үш лотарингиялық епископ, бекіністер: Мец, Туль, Верденге өз құқығын мойындатқызуға қол жеткізді. Сонымен бірге ол Страсбург, Зундгау, Хагенау қалаларын қоспағанда бұрын Габсбургтерге қараған Эльзасты иеленді. Шіркеуден конфискеленген иеліктер есебінен кейбір герман мемлекеттері, негізінен протестанттық мемлекеттер – Шығыс Помераниядағы Бранденбург, Саксония, Брауншвейг және т.б. өз аумақтарын кеңейтті. Он империялық қала Францияның ықпалына түсті. Францияны соғыстың жалпы саяси нәтижелері қанағаттандырды, бұл – ең алдымен, герман империясының саяси беделінің түсуі, оның аумағының бытыраңқылығы, империя мен Габсбургтік коалицияға кірген мемлекеттердің күйзелуі және экономикалық құлдырауы.
Вестфаль бітімінің маңызы, ең алдымен оның мемлекеттер арасындағы қатынастарда жаңа ережелерді орнатуында болды. Жаңа халықаралық тәртіпте Отызжылдық соғысқа әкелген қайшылықтар шешілді. Діни салада – Вестфаль бітімі католиктер мен протестантарды құқығы жағынан теңестірді. Кальвинизмге ресми түрде мойындалған конфессия статусы берілді. 1624 жылға дейін жүргізілген шіркеу жерлерінің конфискеленуі (діннің ықпалынан айырылуы) заңдастырылды, шіркеудің жаңа жерлер басып алуына тыйым салынды. Неміс князьдары өз қол астындағылардың діни наным-сенімін анықтау құқығынан айрылды. Оның орнына діни жағынан шыдамдылық принципі енгізілді. Осылайша, Вестфаль бітімі жүз жылғы діни қарсыласуды тоқтатып, Европадағы діни жауласудың әлсіреуіне алғы шарт жасады. Нәтижеде, мемлекеттер арасындағы қатынастарда конфессиялық фактордың маңызы төмендеді. Бұл халықаралық қатынастардың идеологиясыздануына әкелді, сыртқы саясаттың негізіне нақты белгілі бір мүдделер алынды.
Саяси салада – Вестфаль бітімі Габсбургтердің Батыс Европаның басқа халықтары мен елдерін өз билігіне бағындыруға деген ұмтылысын жойды. Мұндай дәмелер ХVІ ғасырдың І-жартысындағы император V Карлда да болған еді. Отызжылдық соғысты бастаған ІІ Фердинандтың да осындай дәмесі болған еді. Бітім Германияның екі ғасырға саяси бытыраңқылығын заңды түрде бекітті. Бітім «нағыз неміс бостандығы» принципін бекітті, бұл принцип орта ғасырларда император мен империяның жеке герман князь-мүшелері (шендер) арасында жасалған болатын, сонымен бірге бітім «бостандықтарды» кеңейтті. Бұрын князьдар тек ішкі саясатта дербес болатын, енді олар сыртқы саясатта да дербестік алды. Князьдар шетел мемлекеттерімен түрлі қатынастар жасау құқығын алды, тек бір ғана шектеулік болды, ол Империяға жау пиғылда одақ жасап, оған қарсы соғыспауы тиіс болды. Осылайша, Қасиетті Рим империясының өз ішінде саяси байланыстардың әлсіреуіне маңызды қадам жасалды.
Вестфаль бітімі Қасиетті Рим империясының императорының беделіне нұқсан келтірді. Бұрын император монархтар арасында шені бойынша ең үлкені болып, Европадағы билік пирамидасының басында тұр еді. Басқа қалған монархтар – князьдар, герцогтар, графтар, князьдар (Москваның ұлы князын да қоса) феодалдық сатының төменгі сатысында тұрды. Вестфаль бітімі Европаның тәуелсіз мемлекеттерінің король титулы бар басшыларын императормен құқығы жағынан тең етті. Олардың барлығы титулдарына қарамастан жоғары биліктің иесі деп мойындалды. Ортағасырлық қалдықтарға соққы берілді.
Вестфаль бітімі бойынша Испания Құрама Республикасы Провинциясының (Голландия) тәуелсіздігін мойындады. Бұл мемлекет солтүстік нидерланды протестанттарының католиктік Испания үстемдігіне қарсы күрес нәтижесінде пайда болған еді, ол 1648 жылы халықаралық-құқықтық жағынан мойындалды. Сонымен бірге Альпінің жоғарғы тауларында орналасқан село және қала қауымдарының неміс, француз және итальян феодалдарына қарсы күресі нәтижесінде 1315 жылы пайда болған Швейцария конфедерациясы да тәуелсі мемлекет ретінде мойындалды. Екі мемлекеттің тәуелсізідігінің мойындалуының үлкен маңызы болды. Олар Республика болғанына қарамастан, монархиялармен бір егеменді мемлекеттер ретінде мойындалды. Бұл ортағасырлардағы республиканы үшінші сорттағы мемлекет деп есептейтін дәстүрдің бұзылғанын көрсетті. Әулеттік себептермен немесе монархтардың тілегімен емес, азаматтардың өз еркімен құрылған мемлекеттер халықаралық-құқықтық жағынан мойындалған еді. Себебі, Голландия, Швейцария өз азаматтарының көтерілісі мен бостандық пен тәуелсіздік үшін ұзаққа созылған күрес нәтижесінде пайда болған еді. Олардың талаптарын қанағаттандырған европалық монархтар іс жүзінде халықатардың өзін-өзі билеу құқығын мойындау мүмкіндігін тудырды.
Информация о работе ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар