Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 14:29, курсовая работа
Халықаралық қатынастар тарихын қарастырсақ, оның бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Оның ішінде біздің қазіргі түсінігіміздей халықаралық қатынастардың қалыптасуы Жаңа дәуірде жүзеге асты. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың негізін салған 1648 жылғы Вестфаль бітімі болып есептеледі. Бұл құжаттың негізінде 1618 – 1648 жылдардағы Европадағы Отызжылдық соғыстың қорытындысы шығарылған болатын. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бүкіл әлемдегі сыртқы саяси жағдайды өзгертіп, саяси күштердің жаңаша орналасу тәртібіне әкелді. Вестфальда халықаралық қатынастардың құқықтық негізі қаланды, егеменді мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектісі етіп жарияланды.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3-8
І -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕСТФАЛЬ ЖҮЙЕСІ (ХVІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ – ХVІІІ ҒАСЫР)...............................................9-42
Жаңа заман қарсаңындағы халықаралық қатынастар ...........................9 - 14
Халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесінің құрылуы және
дамуы ............................................................................................................14-38
ХVІІІ ғасырдың соңғы отыз жылдығы – ХІХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістер....................................................38-41
ІІ -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕНАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ................................................................................................................42-52
2.1 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы...................42-45
2.2 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің күйреуі......................45-43
2.3 Ұлттық соғыстар мен отарлық бәсекелестік кезеңі...................................43-50
ІІІ- ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР...................................................................53-65
3.1. ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар..............53-56
3.2. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы державалардың әлемді отарлық бөлісу үшін күресі.................................................................................57-63
3.3. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс кезіндегі халықаралық қатынастар.....................................................................................63-65
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................66-67
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................68-70
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................71-
- ХІХ ғасырдың ортасындағы ұлттық соғыстар мен отарлық бәсекелестік кезеңіндегі халықаралық оқиғаларға талдау жасау;
- ХІХ ғасырдың 70-90-жылдарындағы
халықаралық қатынастардың
- ХІХ ғасырдың аяғы
– ХХ ғасырдың басындағы
Диплом жұмысының тақырыбының хронологиялық шеңбері – 1618 – 1648 жылдардағы Отызжылдық соғыс пен 1648 жылғы Вестфаль бітімінен бастау алып, жаһандық ауқымдағы алғашқы соғыс болған 1914 – 1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі аралықты қамтиды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш тарауды құрайтын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан және 67 беттен тұрады.
І -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕСТФАЛЬ ЖҮЙЕСІ (ХVІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ – ХVІІІ ҒАСЫР)
1.1 Жаңа заман қарсаңындағы халықаралық қатынастар
Орта ғасырлардағы Европаның саяси картасы үлкен аумақта шашырай орналасқан ірі және ұсақ феодалдық иеліктердің мозаикасы іспеттес болатын. Бұл иеліктер, дәлірек айтқанда, оның билеушілері сол кезеңнің халықаралық қатынастарында басты роль атқарды. Сондықтан олардың арасындағы қатынастар тең емес, сатылы сипатта болды. Шені бойынша ең жоғары феодалдық билеуші неміс халқының Қасиетті Рим империясының императоры болып есептелді.
Көбінесе Империя деп аталатын бұл мемлекеттік құрылым, император титулы алғаш рет пайда болған антикалық Рим империясына ұқсауға тырысушылық негізінде пайда болды. Батыс Рим империясын варварлар басып алғаннан кейін, ол Шығыс Рим империясында немесе Византияда сақталды. Ал Батыста 800 жылы, Рим папасы франктердің королі Ұлы Карлға император титулын берген кезде ғана қалпына келтірілді. 962 жылы бұл титулды саксондық әулеттен шыққан император болған герман королі І Оттон қабылдады. І Карлдың үлгісі бойынша ол жалпыәлемдік, бүкілхристиандық империяны қалпына келтіру міндетін қойды. І Оттон және оның ізбасарлары ХІІІ ғасырда герман жерлерін, Солтүстік Италияны, Бургундияны, Провансты, полаб славяндарының жерлерін, Чехияны біріктірген қуатты мемлекеттік құрылымды құруға қол жеткізді.
Орта ғасырлардың соңында император билігі бірте-бірте құлдырай бастайды. Х – ХІ ғасырлардағы мұрагерлік-сайлаулық негізден, ол сайлаулық негіздегі билікке айналады. Оның орнына Империяны құраған жеке аумақтық иеліктердің билеушілерінің беделі мен ықпалы өсе түсті. Империялық сейм немесе рейхстаг, бастапқыда император жанындағы ақсүйектердің кеңесі түрінде болса, енді ол императордың билігін шектейтін құралға айнала бастады. 1356 жылы рейхстаг императордың князьдердің ішкі істеріне араласуынан бас тартуын және императордың сайлану тәртібін бекіткен «Алтын булла» деп аталған ерекше қаулыны қабылдайды. Императорды сайлау құқығын ірі князьдар иеленді. Оларды курфюрсттар (сайлаушы-князьдар) деп атады. Императордың өз қол астында әкімшілік аппараты, жалпымемлекеттік қаржысы немесе армиясы болған жоқ. Оның билігі іс жүзінде басқа да империялық князьдар сияқты өз иелігінде дербес билеуші (қожайын) болған мұрагерлік иеліктеріне негізделді. «Алтын булла» империялық билікке қатысты неміс князьдерінің кең дербестігін немесе «шынай неміс еркіндігін» заңды түрде бекітті.
Император халықаралық конференциялар мен келіссөздерде төрағалық етті, өзара қырқыстарда төреші ролін атқарды, мемлекеттік және шіркеулік иеліктердің билеушілерін және соған сай оларға герцог немесе король титулдарын тағайындады. Корольдер маңыздылығы жөнінен императордан кейінгі сатыда тұрды, алайда олар да тәуелсіз билеушілер болып, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізді. Феодалдық сатының одан төменгі сатыларында князьдар, герцогтар, графтар және т.б. тұрды. Олар дербес билеушілер болып есептелмеді, сөз жүзінде болса да, императордың немесе корольдің вассалдық тәуелділігінде болды. Вассалдар өз сеньорларының одақтастары болып есептеліп, басқа билеушілермен жанжал туған кезде қолдауы тиіс болды.
Орта ғасырларда мемлекеттер
арасындағы өзара қатынастарда әулеттік
принцип басты роль атқарды. Европада
сол кезеңде жүргізілген соғыст
Халықаралық қатынастарда әулеттік принциптің басым болуы «некелік дипломатияның» гүлденуіне әкелді. Орта ғасырларда әулеттік некелер негізінде орасан зор мемлекеттік құрылымдар пайда болды, мысалы, ХІІ ғасырдағы Анжуй державасы. Аквитан герцогтығының орасан зор аумағының мұрагері Элеонора 1137 жылы болашақ француз королі, Капетинг әулетінен VІІ Людовикке күйеуге шығып, оған өз мұрагерлік иеліктерін сыйға берді. Кейін де француз корольдері өз иеліктерін кеңейту үшін некелік одақтар құрып отырған.
Жаңа дәуірдің басында халықаралық қатынастарда христиан шіркеуі үлкен роль атқарды. Антикалық Рим империясы кезінен-ақ ол үстем, мемлекеттік дін статусына ие болған еді.
Орта ғасырларда діни көзқарас үстем болған кезде христиандық негізде европалық халықтардың рухани және саяси бірігуге деген үрдісі байқалды. Бұл үрдіс барлық христиан халықтарын біртұтас билеушінің қол астына біріктіру бағытындағы көптеген ұмтылыстардан көрінді. Мұндай монархияның алғашқы түрі антикалық Рим империясы болды. VІІІ ғасырдың соңы – ІХ ғасырдың басында бұл міндетті алғашқы орта ғасырлық император Ұлы Карл орындауға тырысты. Кейін бұған Қасиетті Рим империясының билеушілері де ұмтылды.
Алайда ХІ ғасырда
христиандықтың екі үлкен тармаққа
– католицизм мен православиеге
бөлінуі Европаның саяси
Орта ғасырларда христиандық шіркеулер Европа халықтарының саяси өмірінде және халықаралық қатынастарда да маңызды орын алды. Ұлы Карл кезінен бастап Батыс Европада билеушілерге шіркеуде тәж кигізіп, ұлықтау рәсімі қалыптасты.
Алайда бірте-бірте билеушілердің сыртқы саяси салада қолданған ескі дәстүрлері мен мінез-құлық ережелері мемлекеттік және рационалды негіздегі жаңа ережелер мен құндылықтарға орын бере бастады. Шашырай орналасқан феодалдық иеліктерді біртұтас мемлекетке біріктіру және бір орталықтан басқарудың күшейтілуіне байланысты халықаралық қатынастардың саясилануы мен тармақталуы үрдісі байқалды, яғни олардың күресі мен ынтымақтасуының өрісі түрлі феодалдық топтар мен конфессиялар арасында емес, тұрғындардың түрлі топтарының жалпы мүдделерін білдірген егеменді мемлекеттер арасында жүре бастады.
ХV – ХVІ ғасырларда Европада алғаш рет біртұтас мелекеттер жүйесі қалыптаса бастайды. Англияда ХІ ғасырда-ақ норман әулеті корольдықты саяси жағынан біріктіре алды. 1453 жылы Жүзжылдық соғыс аяқталғаннан кейін ағылшын және француз монархиясы түпкілікті бөлінді. Бургундияның батыс бөлігі қосылғаннан кейін 1477 жылға қарай Францияның саяси картасы қазіргі күйіне жақындай түсті.
Солтүстікте Кальмар униясының арқасында 1397 жылы біріккен дат-норвег-швед корольдығы (Исландияны қоса) қалыптасты. Европаның шығысында Поляк-литва және Орыс (Москва) мемлекеттері қалыптаса бастайды. Европаның оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс шет аймақтарында Шығыстан келген басқыншылармен күресте біртұтас мемлекеттер қалыптаса бастайды. Балкан түбегін ХІV – ХV ғасырларда Осман империясын құрған түріктер-османдар басып алды. Оның иелігінде Жаңа дәуірдің қарсаңында Солтүстік Африка, Кіші Азия, Палестина, Қосөзен аралығы және т.б. болды.
ХV ғасырда Габсбургтер мемлекетін аумағы мен тұрғындарының саны жөнінен европалық ірі монархиялармен теңестіруге болатын еді. Германия мен Италия Жаңа дәуірге бытыраңқы күйде енді. Герман халқының Қасиетті Рим империясы орта ғасырларда Батыс Европадағы ең ірі мемлекеттік құрылым болды.
ХV – ХVІ ғасырларда европалық мемлекеттердің орталықтану процесі әлсіз жүрді. Мемлекеттік басқарудың заң шығарушы, әкімшілік және т.б. институттары әлі қалыптасқан жоқ еді. Орталықтану процесінің деңгейі жоғары болған корольдік абсолютизмнің, яғни биліктің монархтың қолына шоғырлануының қалыптасуы да жоғары болды. Жалпы алғанда ХVІІ – ХVІІІ ғасырларға қарай Европаның көптеген елдерінде, тек Польша мен Қасиетті Рим империясын есептемегенде, орталықтандырылған және тиімді басқару жүйесі құрылды.
Басқарудың жаңа объектісінің – бір орталықтандырылған мемлекеттің – пайда болуымен билеушілердің өз иеліктеріне деген жаңа қатынастары қалыптаса бастады. Орта ғасырларда өз иеліктеріне вотчина сияқты, монархтың өз жеке иелігі ретінде (онымен не істеймін десе де, өз еркі) қараса, енді Жаңа дәуірдің қарсаңында монархтың мемлекетті иелену құқығының да шегі бар (мораль, заң, ұрпақтар алдындағы борыш) екендігі туралы түсініктер қалыптаса бастады. Осы түсініктерге байланысты, мемлекеттің мүдделері осы мемлекетте өмір сүретін жеке адамның, тіпті монархтың мүддесінен де жоғары болады. Мемлекеттің мүдделерін негіздейтін идеология пайда бола бастайды. Осылайша, мемлекеттік мүдделер деген ұғым пайда болды. Бастапқыда ол әулеттік мүдделермен ұштасып жатты. Мемлекеттің қуаттылығының көрсеткіші оның көлемі, байлығы, әскери күші болып саналатын болды.
XVII ғасыр – ерте жаңа дәуір кезеңі. XVI ғасыр европалық халықтардың өміріне, саяси, экономикалық, діни, мәдени салада үлкен өзгерістер әкелді. Ал олар халықаралық қатынастар мен сыртқы саясаттың мәнін, сипатын жаңартты. Орта ғасыр мен ерте жаңа дәуір межесі (XVI-XVII ғғ.) ұлы географиялық ашылулар мен алғашқы отарлық жаулап алушылық кезеңі болды. Жаңа дүниенің ашылуы, Үндістанға, Оңтүстік Шығыс Азия жерлеріне жаңа теңіз жолының ашылуы еврорпалықтардың дүние туралы жаңа түсініктерін қалыптастырумен бірге европалық мемлекеттердің геосаяси мүдделерін де өгертті. Бір жағынан қалған әлемге қарсы тұра алатын біртұтас Европаның қалыптасуы басталды. Екінші жағынан ұлы географиялық ашылулар белсенді халықаралық байланыстардың дамуын ынталандырды. Бұл ең алдымен экономикалық байланыстың дамуын, дүниежүзілік тауар нарығының дамуын, континентаралық байланыстың дамуын белсенді етіп, Европаны Америкаға, Азияға, Африкаға жақындатты. Отарлық саясатқа қатысу европалық мемлекеттер арасында жанжалдарды туғызды. Себебі отарлық тонаудың нәтижесінде жиналған байлық европалық мемлекеттердің саясаттағы орнын анықтады. Осылайша XVI ғасыр Португалия, Испания тарихындағы маңызды кезең болды.
Европа тарихындағы XVI ғасыр – Испания ғасыры болды. Батыс Европаның саяси өмірінде XVI ғасыр ұлттық негіздегі абсолюттік монархия формасындағы орталықтандырылған мемлекеттердің қалыптасуымен белгілі болды. Бұларға Англия, Франция, Испания, Португалия, Дания, Швеция, Нидерландыдағы Испанияға қарсы азаттық күрестің нәтижесінде пайда болған Голландия Құрама провинциялар республикасын айтуға болады. Ұлттық мемлекеттің құрылуы және ерте жаңа дәуірдегі мемлекет формасы ретіндегі абсолютизм дәуір идеологиясының қалыптасуына ықпал етті. Саясат XVI ғасыр кезеңінен бастап адамзат қызметінің жеке саласы болып, гуманистер еңбктерінде жаңа саяси түсініктер қалыптасады. Бұл көзқарастар мемлекеттік мемлекеттік мүдде принципі сауда соғыстарына, теңіз жолдарын иелену үшін соғыстарға, отарларды қанау монополиясы үшін аймақтағы немесе европалық саясаттағы үстемдік үшін, тұрғындардың тілі мен мәдениеті жағынан туыс, даулы шекаралық аумақтарды өзіне қосып алу үшін болған соғыстарға келді.
Европалық елдердің экономикалық даму эволюциясы мәселелері халықаралық қатынастарға барған сайын үлкен ықпал ете бастады. Капиталистік қатынастардың даму деңгейі мен қарқыны, тұрақтылығы бұл мемлекеттердің халықаралық саясаттағы жетістіктерін анықтап отырды. Осыған байланысты Германия, Италия, Испания бірте-бірте өз үстемдігін жоғалтып, Англия, Франция, Голландияға орын берді. XVI ғасырда Европадағы конфессиялық жағдай (діни) мүлдем өзгерді. Реформация нәтижесінде герман жерлері Швейцария, Англия, Дания, Швеция, Норвегия, Құрама провинциялар республикасы католиктік дүниеден бөлінді. Германияда және Францияда көптеген онжылдықтар бойы діни соғыстар болды. Католиктік және протестанттық елдердің қарсы тұруы пайда болды.
XVI ғасырдың екінші жартысында испан королі ІІ Филипп протестантизмді тұншықтырып, бүкіл Европада католицизмді қалпына келтіруді мақсат еткен саясат жүргізді. Мемлекеттік және сауда мүдделерінің пайда болуына қарамастан, әулеттік және конфессиялық принцип негізінде соғысу XVII ғасырдың ортасына дейін мемлекетаралық одақтар құру мен әскери жанжалдардың негізі болып қала берді. Орта ғасырларда діни фактор халықаралық қатынастардың дамуына ықпал еткен болатын. Енді діни қарсы тұрудың сипаты өзгерді: христиан шіркеуінің өз ішіндегі түрлі конфессия өкілдері саяси қарсыластар болды. Бұл европалық мемлекеттердің діни негізде бір-бірімен соғысуына әкелді. Бұл Европаның христиандық тұтастығын бұзды және Европаны Осман империясының басқыншылығы алдында әлсіз етті.
Ал Осман империясының өзі орта ғасыр мен ерте жаңа дәуірде (XVI-XVII ғасырлар) ірі әлемдік держава болып, европалық саяси құрылымның ажырамас бөлігіне айналды. Ол Балканда және Шығыс Жерорта теңізінде орнығып, орталық және батыс Европаға әрдайым қауіп төндіріп отырды, венгр корольдігінің, Дунай князьдықтарының көп бөлігін басып алды. Оның агрессиялық акциялары австриялық иеліктерге, поляк жерлеріне, итальян мемлекетінің иеліктеріне бағытталды. Стамбул маңызды дипломатиялық орталыққа айналды. Осман агрессиясымен жеке күресе алмаған европалық мемлекеттер түрлі антитүріктік коалициялар құрды. Ал оған тікелей жақын орналасқан көрші елдер онымен бейбітшілікті сақтауға тырысты.
Ерте жаңа дәуірдің халықаралық өмірінде саяси тепе-теңдік жүйесі үстем бола бастады. Мұнда ірі мемлекеттер арасындағы қайшылықтар негізгі болды. Олар өз айналасында орта және кіші мемлекеттердің коалициясын құрды. Осылайша дипломатиялық және әскери жанжалдарға үлкен және кіші мемлекеттердің көп бөлігі тартылды. Жанжалдар жалпыевропалық сипат ала бастады. Коалиция бір мемлекеттің екінші мемлекет есебінен күшеюіне жол бермеуге тырысты. Халықаралық мәселелерді шешудің негізгі құралы бұрынғысынша соғыс болып қала берді. Әскери операциялардың ауқымы өсіп, олар созылмалы сипат алды және негізінен жалдамалылардан тұратын тұрақты армияны қажет етті. Орталықтанған абсолюттік мемлекеттерде рекруттық әдіс қолдана бастады.
Халықаралық мәдени экономикалық байланыстар мен әскери-саяси жанжалдардың жаһандануы мемлекеттік мүддені қамтамасыз етуде және сауданы қарақшылықтан қорғауда теңіз сауда флотының ролі өсті. XVII ғасырдың ортасына қарай голландықтар мен зелландықтар кеме жасауда алдыңғы орында болды. Ерте жаңа дәуірде қазіргі саяси мәдениеттің негізі қаланып, барған сайын дипломатия үлкен роль атқара бастады. Дипломатиялық қызмет пайда болып, жетіле бастады. Халықаралық саясатта кітап басу ісінің салдары болған коммуникациялық революция белгілі роль атқарды. Баспасөз, алғашқы газеттер мен журналдар XVII ғасырдан бастап пайда болды, саяси және діни күресте халықаралық қатынастарда белсенді қолданыла бастады.
Информация о работе ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар