Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 14:29, курсовая работа
Халықаралық қатынастар тарихын қарастырсақ, оның бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Оның ішінде біздің қазіргі түсінігіміздей халықаралық қатынастардың қалыптасуы Жаңа дәуірде жүзеге асты. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың негізін салған 1648 жылғы Вестфаль бітімі болып есептеледі. Бұл құжаттың негізінде 1618 – 1648 жылдардағы Европадағы Отызжылдық соғыстың қорытындысы шығарылған болатын. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бүкіл әлемдегі сыртқы саяси жағдайды өзгертіп, саяси күштердің жаңаша орналасу тәртібіне әкелді. Вестфальда халықаралық қатынастардың құқықтық негізі қаланды, егеменді мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектісі етіп жарияланды.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3-8
І -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕСТФАЛЬ ЖҮЙЕСІ (ХVІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ – ХVІІІ ҒАСЫР)...............................................9-42
Жаңа заман қарсаңындағы халықаралық қатынастар ...........................9 - 14
Халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесінің құрылуы және
дамуы ............................................................................................................14-38
ХVІІІ ғасырдың соңғы отыз жылдығы – ХІХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістер....................................................38-41
ІІ -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕНАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ................................................................................................................42-52
2.1 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы...................42-45
2.2 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің күйреуі......................45-43
2.3 Ұлттық соғыстар мен отарлық бәсекелестік кезеңі...................................43-50
ІІІ- ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР...................................................................53-65
3.1. ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар..............53-56
3.2. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы державалардың әлемді отарлық бөлісу үшін күресі.................................................................................57-63
3.3. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс кезіндегі халықаралық қатынастар.....................................................................................63-65
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................66-67
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................68-70
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................71-
Отызжылдық соғыстағы жеңімпаздар – антигабсбургтік коалиция, осылайша аумақтық және саяси артықшылықтарға қол жеткізді. Әсіресе Франция мен Швеция өз халықаралық позицияларын нығайтты. Империя маңындағы қалаларға Францияның ықпал етуі – оның империяның істеріне араласуына мүмкіндік берді. Швеция Империя мүшесі болып, империялық съезд – рейхстагқа өз делегаттарын жіберуге құқық алды. Екі ел Вестфаль бітімінің орындалуының кепілдіктері болып жарияланды. Сонымен бірге кепілдік мемлекеттер арасында Отызжылдық соғысқа қатыспаған Орыс мемлекетті деп аталды. Келісімге қол қоймаса да, бұл Орыс мемлекеттінің халықаралық ықпалының өскендігін көрсетті, оны басқа европалық мемлекеттердің өзіне тең құқықты әріптес ретінде мойындағанын білдірді.
Габсбургтердің жеңілісі және антигабсбургтік коалицияның жеңісі Европада қандай да болсын елдің немесе елдер тобының үстемдігін орнатпады. Отызжылдық соғыс және Вестфаль бітімі нәтижесінде сол кездің ірі мемлекеттері арасында белгілі бір тепе-теңдік немесе баланс қалыптасты, ол бойынша олардың бірде-біреуі басқаларына үстем болмады. Сондықтан күштер тепе-теңдігі (балансы) халықаралық қатынастарды тұрақтандырғыш ролін атқара бастады. Ол агрессиялық сыртқы саясат жүргізген елдер үкіметтерінің басқыншылық соғыста тез және жеңіл жеңіске жету үмітін жойды. Алайда күштер балансы Европаны жаңа соғыстардан қорғай алмаса да, ол европалық мемлекеттердің тәуелсідігі мен дербестігін сақтаудың маңызды алғы шарты болып, олардың дамуы үшін жағымды сыртқы жағдайды қамтамасыз етті.
Сонымен бірге Вестфаль бітімі халықаралық құқықтың дамуында да маңызды кезең болып табылады.
Құқықтық нормалар да
өзгерді. Орта ғасырларда халықаралық
қатынастарда бір-бірімен феодаолдық
тәуелділігі бойынша
Вестфаль бітіміне Франция мен Испаниядан басқа соғыстың көптеген қатысушылары қол қойды. Олар оңтүстік Нидерландыдағы үстемдік үшін 1659 жылға дейін соғысып, 1659 жылы 7 қарашада Пиреней бітімін жасады. Ол бойынша Франция Пиренейдегі бірқатар шекаралық аумақтарды (Русильон және т.б.) және Нидерландыдағы Артуа провинциясын иеленді. Пиреней бітімінде француз королі ХІV Людовик пен испан инфантасы Мария Терезаның некесі туралы келісім бекітілді, бұл келісім кейін ХІV Людовиктің испан иеліктеріне (испан мұрасына) өз дәмесін білдіруіне мүмкіндік берді. Нәтижеде, Францияның шекарасы кеңейтіліп, Испания тарапынан сыртқы қауіп жойылып, Францияның жалпы саяси күші нығайды.
Отызжылдық соғыстың жалпы нәтижесі бойынша антигабсбургтік коалиция елдері жеңген жағдайда болды. Француз монархиясы үшін Отызжылдық соғыс пен Испаниямен соғыстың табысты аяқталуы европалық үстемдік үшін күресті бастауына негіз болды. Швеция европалық державаға айналып, оның Солтүстік Европадағы сыртқы саясатының басым бағыттары көрінді. Испаниядан тәуелсіздігін түпкілікті алған Голландия экономикалық өсу үшін, отарлар үшін күресуге, европалық істерде өзінің саяси ықпалын өзгертуге жағдайлар жасады. Алға жас капиталистік мемлекеттер Англия мен Голландияның феодалдық-абсолюттік Франция мен Испаниямен және бұл мемлекеттердің бір-бірімен сауда экономикалық жағынан қарсы тұруы шықты. ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап көптеген мемлекеттер өзінің сыртқы саясатының мақсатын күштердің балансын сақтау деп жариялады.
Отызжылдық соғыс пен Вестфаль бітімінен кейінгі Европадағы халықаралық қатынастардың дамуында жаңа кезең басталды.
Батыс Европаның саяси өмірінде ұлы державалар қатарына Франциядан басқа Англия, Нидерланды, Швеция және әлі де Испания, Габсбургтер мемлекеті кірді. Габсбургтер мемлекетінің негізін ХVІІ – ХVІІІ ғасырлар межесінде Австрия, Чехия, Венгрия құрады; оған Моравия, Силезия, Штрия, Тироль, Каринтия, Хорватия, Словения, Трансильвания және т.б. жерлер кірді. Бұл мемлекеттің басшысы герман ұлтының Қасиетті Рим империясының басшы тәжін иеленді. Габсбургтердің мұрагерлік жерлерінің барлығы емес, 1/3-і империя құрамына кірді. Европалық ауқымдағы саяси процестерде герман мемлекеттері – Бранденбург, Саксония, Бавария курфюрстісі, италиялық мемлекеттерден – Венеция республикасы, Савойя герцогтығы және папа облысы (көбінесе папалық және папалық дипломатия) және сонымен бірге Португалия мен Дания белгілі бір роль атқарды.
Шығыс Европада Ресей
үстем жағдайда болды, сондықтан
бұл аймақтағы халықаралық
Халықаралық қатынастардың идеологиясыздануы, тарихи аренадан австриялық және испандық Габсбургтер басқарған Контрреформация лагерінің кетуі антигабсбурггтік коалицияны сақтау қажеттігін жойды. Оларды біріктірген жалпы саяси міндт шешілді, діни даулардың күні өтті, бұрын бір лагерьге біріккен мемлекеттердің шынайы мемлекеттік мүдделері, мақсаттары мен өзара қайшылықтары анықталды. Алға жас капиталистік мемлекеттер Англия мен Голландияның феодалдық-абсолюттік Франция мен Испаниямен және бұл мемлекеттердің бір-бірімен сауда экономикалық жағынан қарсы тұруы шықты. Сауда жөнінен бәсекелесу европалық басты мемлекеттердің экономикалық саясатындағы меркантилизм принципінен туындады.
Европалық мемлекеттер Отызжылдық соғыстан кейін қалыптасқан күштердің жаңа ара салмағын бағалады. ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап көптеген мемлекеттер өзінің сыртқы саясатының мақсатын күштердің балансын сақтау деп жариялады. Сол кезден бері қарай қандай да болсын агрессиялық мемлекет оны өз пайдасына бұзғысы клсе, бірден оған қарсы күштердің ара салмағының балансын қалпына келтіруді мақсат еткен коалиция (бірнеше елдерден тұрған) құрылды. Күштердің балансын дәйекті түрде жақтаған Англия болды, себебі аралдық мемлекет ретінде, күшті құрлықтық армиясы жоқ болғандықтан, ол күштердің ара тепе-теңдігінің бұзылуының кез келген ұмтылысына мазасызданды.
Ал күштердің ара салмағын бұзуға тырысқандар Европада баршылық еді. Бұл кезде мемлекеттердің көпшілігі басқа елдердің бір бөлігін өзіне қосып алу арқылы тұрғындардың санын көбейтуга, өз аумағын кеңейтуге ұмтылды. Бұл ұмтылыс көптеген экономикалық себептермен түсіндіріледі. Ол кезде қазіргі кезеңге қарағанда жер және жұмыс күші көбірек бағаланды. Ауыл шаруашылығы барлық елдердің экономикасының басты саласы болды. Неғұрлым егіндік, жыртпалы жерлер көп болып, онда көп шаруалар еңбек етсе, мемлекет те соғұрлым күшті және бай болатын еді. Сондықтан сол кездегі мемлекеттер өз аумақтарын кеңейтуге, құнарлы әрі тұрғындары көп аумақтарды басып алуға тырысты.
Ауыл шаруашылығымен бірге мемлекеттердің баюының көзі дүниежүзілік сауда болды. Сондықтан олар дүниежүзілік сауда жолдарын, әсіресе теңіз жолдарын бақылау үшін басқыншылық соғыстарын жүргізді. Осы мақсатпен европалық мемлекеттер ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда өзінің отарлық экспансиялық әрекеттерін белсенді етті. Теңізгі шығуға мүмкіндігі жоқ елдер оған жетуге ұмтылды.
Бұл кезеңде мәртебе, бедел де үлкен роль ойнады. Вестфаль бітімі европалық монархтардың құқықтарын теңестірді. Сондықтан орта ғасырлардағы сияқты халықаралық істерде мемлекеттің күші билеушінің атағы мен шығу тегі немесе феодалдық сатыдағы оның шенімен емес, мемлекеттің әскери күші оның мөлшерімен, отарлық империясымен және дүниежүзілік саудадағы ролімен анықталды.
Алайда ХVІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында европалық мемлекеттер жүргізген соғыстардың көпшілігінің сылтауы әулеттік дәмелелер болды. Халықаралық қатынастардың идеологиясызданып, конфессиялық фактордың ролінің төмендеуі нәтижесінде әулеттік мүдделер қайтадан алға шықты. Себебі, көптеген европалық мемлекеттер (тіпті ірілері де) ежелден келе жатқан әулеттер басқарған мұрагерлік монархиялар еді. Сондықтан мемлекеттер арасындағы қатынастар көбінесе әулеттік құқық негізінде жүргізілді.
Алайда ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда абсолютизмнің дамуы мен мемлекеттік биліктің монархтардың қолында шоғырлануы нәтижесінде ежелгі корольдік әулеттердің өзіндік «мемлекеттену» процесі, олардың мемлекетпен ұласуы, оларды біртұтас және орталықтандырылған ірі мемлекеттің міндеттері және мақсаттарымен үйлестіру процесі аяқталды. Бұл монархтардың өз мемлекетінің игілігі, гүлденуіне деген жауапкершілігін түсінуінен көрінді. Монархтардың мемлекетке деген қатынасының өзгеруіне Ағартушылық дәуір әсер етті, оның арқасында европалық мәдениетте экономикалық прогресс, игілікті жағдайдың, ғылым мен білімнің жаңа құндылықтары бекітілді. Ағартушылықтың ықпалымен Пруссия үкіметтері, Габсбургтер, Ресей, Франция, испания жән т.б. елдер монархтары саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалардан көрініс тапқан ағартушылық абсолютизмі саясатын жүргізді. Сонымен бірге әулеттік дәмелер басқыншылық сыртқы саясаттың пердесі болды.
ХVІІ ғасырдың екінші жартысы – Англия, Франция, Нидерландының отарлық империяларының және отарлардың шаруашылық ролінің үздіксіз өсуінің кезеңі болды. Теңіздегі соғыс бұрынғыдай испандық «күміс» флотты тонау мақсатын азайтып, енді жаңа отарлық аумақтар үшін және Англия, Франция, Голландия арасында отарлық иеліктерді қайта бөлісу үшін күрес сипатын ала бастады. Отарларды өз мүдделерін толық қорғай алмаған Испания және Португалия отарларының есебінен кеңейту мақсаты қойылды.
Европалық саясатта отарлық
фактордың маңызының
Англияның испандық «Жеңілмейтін армаданы» 1588 жылы жеңуі нәтижесінде Испания мен Португалия (бұл кезде бұлар бір мемлекет болатын) өздерінің сауда және отарлық монополиясын жоғалтты. Бұл басқа мемлекеттердің, ең алдымен Англия мен Голландияның отарлық экспансиясының бірден күшеюіне әкелді. ХVІ ғасырдың соңындағы азаттық соғыс нәтижесінде Голландия дербес мемлекетке айналып, сауда мен теңізде жүзу ісін дамытып, дүниежүзілік сауда мен дүниежүзілік қаржының ірі орталығы ретінде өз ролін көтері саясатын жүргізді. Англияда ХVІІ ғасырдың ортасында белсенді сауда мен отарлық экспансияны қолдаған саяси күштер билікке келген революция болып өтті.
Екі елдің (Англия мен Голландия) отарлық экспансиясының негізгі объектісі Солтүстік Америка және Оңтүстік Азия болды. ХVІ ғасырда Орталық Американы және Оңтүстік Американы Мексика шығанағы мен Рио-Грандтан бастап Ла-Платаға дейін басып алған испандықтар, Флорида түбегінен солтүстікке қарай жатқан жерлерге аса көңіл аудармады. Сондықтан мұнда ХVІ ғасырдың аяғы – ХVІІ ғасырдың басында басқа европалық елдерден, негізінен Голландия, Англия, Франциядан алғаш болып қоныс аударушылар келді. ХVІІ ғасырдың басынан бастап Солтүстік Американың Атлант мұхиты жағалауларындағы алғашқы ағылшын отары (1607 жылы Вирджиния, 1620 жылы Жаңа Англия т.б.), Кариб теңізі аралдарында (1623 жылы Сент-Китс, 1625 жылы барбадос) пайда болды. Бірте-бірте ұсақ европалық мемлекеттердің отарларын ағылшындар мен француздар жұтып алды. ХVІІІ ғасырдың басына қарай ағылшындар Американың солтүстік-шығыс жағалауларын солтүстікте Ньюфауленд араладарынан оңтүстікте Флорида түбегіне дейін отарлады. Француздар Қасиетті Лаврентий өзені шатқалын, Ұлы Америка көлі, Миссисипи өзені бассейндерін басып алды.
ХVІІ ғасырдың басында, Англия мен Франциядан басқа елдер, ең алдымен, Голландия отаршылдары Үндістанға енді. Голландықтар Африканың оңтүстігінде Кап отарын құрып, Европадан Оңтүстік Азияға баратын теңіз жолына өз бақылауын орнатты. Олар португалдықтардан Үндістандағы бірқатар отарларды, оның ішінде Цейлон аралын (1640 жылы) тартып алды. Сонымен бірге олар ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында Оңтүстік-Шығыс Азияда бірқатар отарларын құрды. Голландықтардан кейін Үндістанға ағылшындар келді. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында олар Үндістан түбегінің шығыс жағалауында бірнеше қалаларды (1612 жылы Суратты, 1619 жылы Неллурды, 1639 жылы Мадрасты және т.б.) басып алды. Ал ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап Үндістанды француздар белсене игере бастайды. Ағылшындар, голландықтар, француздықтардың отарлық саясат жүргізу әдістері бірдей болды. Оның негізгі құралы монополиялық Ост-Инд компаниясы болды (ағылшындар – 1600 жылы, голландықтар – 1602 жылы, француздықтар – 1644 жылы құрды), олар өз үкіметтерінен отарларда сауда жасауға, теңізде жүзу, бекіністер салу істерінде, басқаруды жүргізуде, аумақтар басып алуда ерекше құқық алған еді.
Бұлардың барлығы Англия мен Голландия және Францияның арасында ХVІІ ғасырдың екінші жартысында отарлық бәсекелестіктің бірден шиеленісуіне әкелді. Бастапқыда Англия мен Голландия арасында отарлық және сауда қайшылықтары өткір болды. 1651 жылы ағылшын парламенті Навигациялық акт заңын қабылдады, ол бойынша шетел товарлары Англияға ағылшын кемелерімен немесе товарды экспорттаушы ел кемелерімен әкелуі тиіс болды. Бұл заң сол кеде негізінен теңіз тасымалымен айналысқан Голландияға біраз нұқсан келтірді. Нәтижеде Англия мен Голландия арасында 1652 жылы алғашқы сауда соғысы (теңіз соғысы) болды, ол 1654 жылға дейін созылды, кейін тағы екі соғыс – 1655-1667, 1672-1674 жылдары болды.
Алайда ХVІІ ғасырдың соңына қарай осы екі державаның Франциямен отарлық және сауда қайшылықтары алға шықты, ол ХІV Людовик кезінде ірі теңіз және отарлық державаға айналған еді. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында-ақ француздар Америкада бірнеше отарларды – Жаңа Франция (Канада), Кайенна, Ньюфауленд, Мартиника, Гваделупа және т.б., Африкада – Сенегал отарларын құрды. Ғасыр соңында олар Кариб теңізіндегі Эспаньола (Гаити) аралының шығысының бір бөлігін басып алып, Үндістанға жетті. Дүниенің түрлі бөліктерімен сауда жасайтын ірі монополиялық компаниялар пайда болды – Вест-Инд, Ост-Инд, Сенегал, Гвинея, Леванта (Шығыс жерорта теңізімен сауда жасайтын).
Францияның отарлық және сауда экспансиясы Англия мен Голландияны өз отарлық және теңіз мүдделерін қорғау мақсатында бірігуге мәжбүр етті. 1688-1689 жылдардағы Англиядағы «Даңқты революция» нәтижесінде ағылшын королі болып Құрама провинциялар Республикасының статхаудері Вильгельм Оранский таңдап алынды. Сол кездегі екі ірі теңіз державасы Англия мен Голландияның униясы пайда болды. Олар өз алдарына ең алдымен ХІV Людовиктің европалық континент пен отарлық дүниедегі басып алу жоспарларына кедергі жасау міндетін қойды.
Информация о работе ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар