ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 14:29, курсовая работа

Краткое описание

Халықаралық қатынастар тарихын қарастырсақ, оның бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Оның ішінде біздің қазіргі түсінігіміздей халықаралық қатынастардың қалыптасуы Жаңа дәуірде жүзеге асты. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың негізін салған 1648 жылғы Вестфаль бітімі болып есептеледі. Бұл құжаттың негізінде 1618 – 1648 жылдардағы Европадағы Отызжылдық соғыстың қорытындысы шығарылған болатын. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бүкіл әлемдегі сыртқы саяси жағдайды өзгертіп, саяси күштердің жаңаша орналасу тәртібіне әкелді. Вестфальда халықаралық қатынастардың құқықтық негізі қаланды, егеменді мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектісі етіп жарияланды.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3-8

І -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕСТФАЛЬ ЖҮЙЕСІ (ХVІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ – ХVІІІ ҒАСЫР)...............................................9-42

Жаңа заман қарсаңындағы халықаралық қатынастар ...........................9 - 14
Халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесінің құрылуы және
дамуы ............................................................................................................14-38
ХVІІІ ғасырдың соңғы отыз жылдығы – ХІХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістер....................................................38-41

ІІ -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕНАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ................................................................................................................42-52

2.1 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы...................42-45
2.2 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің күйреуі......................45-43
2.3 Ұлттық соғыстар мен отарлық бәсекелестік кезеңі...................................43-50

ІІІ- ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР...................................................................53-65

3.1. ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар..............53-56
3.2. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы державалардың әлемді отарлық бөлісу үшін күресі.................................................................................57-63
3.3. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс кезіндегі халықаралық қатынастар.....................................................................................63-65

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................66-67

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................68-70

ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................71-

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаңа замандағы халықаралық қатынастар.doc

— 451.00 Кб (Скачать документ)

 ХІХ ғ. ортасында европалықтар мен американдықтар тынық мұхиттың солтүстік бөлігін белсенді түрде игере бастады. 1854 ж. АҚШ Жапония жағалауына Мэть Перри басшылығымен әскери эскадра жіберіп, ол 2 Жапон портының шетел саудасы үшін ашылуы туралы келісім жасады. Сол жылы Ұлыбританияда келісім жасады.1858 ж. Жапония АҚШ, Нидерланд,Ресей, Ұлыбритания, Франция мен сауда келісімдерін жасады, олар бойынша бұл елдерге кең құқықтары мен артықшылықтар берілді.

  Жапонияның шетел саудасы үшін ашылуы оның европалық үлгімен модернизациялануына ықпал етті. 1868 ж. Жапонияда мемлекеттік төңкеріс болды, оны « Мәйдзи реставрациясы» дейді, ол өмірдің түрлі сал-ғы терең реформаларға жол ашты. Сол реформалар арқасында Жапония өз тәуелсіздігін бекітіп қала қойған жоқ, себебі ХІХ ғ соңында белсенді сыртқы экспансия жолына түсуге мүмкіндік алды.

 

2.3 Ұлттық соғыстар мен отарлық бәсекелестік кезеңі

 

Италия мен  Германияны біріктіру жолындағы  дипломатиялық күрес. 1848-1849 жылдардағы революция кезінде Италиядағы Сардиния корольдігі өзінің сыртқы саясатының мақсаты-Италияны біріктіру деп жариялады. Оған Австрия империясы кедерге  болды, себебі солтүстіктегі Ломбардия мен Венеция Австрияға қарады, себебі Италияның орталығын Австрия бақылады. Сардиния Австрияны жеке жеңе алмайтынын біліп, одақтас іздеді, ол үшін Қырым соғысына да қатысты. Француз императорына Австрияға қарсы біріккен сағыс жоспары қызықтырды. Бірақ Италияндықтардың ұлттық мүддесін ойламады, себебі Францияның оңтүстік шекарасына үлкен және күшті мемлекеттің пайда болуын оның жоспарына кірмеді. Солтүстік Италияны Гавсбкргтер езгісінен азат ету ұранын Европаның орталығындағы Австрияның позицияларын әлсірету үшін пайдалануға ыңғайлы болды. Напалеон ІІІ «1815 ж. трактатты» толық ревизиялау, Рейннің сол жағын анексиялау және батыс, оңтүстік германияның кіші мемлекеттерін Францияның сателмететіне, қорғаныстың алғашқы шетіне айналдыруды мақсат етті. Австрияға қарсы соғысқа қатысу үшін Напалеон ІІІ жоғары баға – 1815 ж. келісім бойынша Пьемонтқа қарап кеткен Саойя мен Ниццаны сұрап, Пьемонт премер-министрі граф Кавурден жеке келісіп, рұқсатын алады. 1859 ж. 26 –шы сәуірде өзі 1-болып соғыс бастады. Бұл австрия-итальян –француз соғысы «Италияның тәуелсіздігі үшін 2-соғыс» деп аталды.1859 ж. қыркүйекте орт. Италияның мемлекеттерінде плебисциттер өткізіліп, олар Пьемонтқа қосылды. Осылайша, біртұтас Итальян мемлекетін құру бағытындағы алғашқы қадам жасалынды. 1861  жылы ІІ жалпыитальяндық парламетке сайлау өткізілді.14-ші наурызда Итальян корольдігінің құрылғандығы жарияланды, королі Виктор Эмманицл болды.

  ХІХ ғасырдың 60-жылдың аяғы 70-жылдың  басында халықаралық өмірдің негізгі оқиғалары Европаның орталығында шоғырланды. Олар неміс жерлерінің Пруссияның басшылығымен бірігумен байланысты болды. 1862 ж. министр-президент болып Отто фон Бисмарк боғаннан бастап Пруссия өзінің сыртқы саясатын белсенді ете бастады. Белсенді сыртқы саясатқы Бисмаркты Пруссиядағы ХІХ ғ. 60-жылдарының басындағы конституциялық дағдарыс итермеледі. Ол прусс ландтағының үкімет ұсынған әскери реформа жобасын қабылдаудын бас тарту нәтижесінде пайда болды.1864 ж. ІІ прусс-австрия әскерлері Шлезвигті басып алды. Австрия прусс-дат соғысы тез аяқталды. Дания жеңілді. 1864 ж. 12-ші мамырда ол жеңілгенін мойындады, Прусс, Австрия талаптарын қабылдап, уақытша бітім жасады. Австрия Пруссияға Данияны жеңуге көмекті солт.теңізге шығаруға, ол осылайша болашақтары пруссия мен соғыста өз жеңілісін дайындады.

  Бисмарк Австрия мен соғысқа диплом дайындық та жүргізді. Ол Францияны 1865 жылы қазанда Италия, Ресейді бейтарап етті. Енді Австрияны соғысқа арандатты. Австрияны Гаштейн келісімін бұзды деп айыптады, 1866 жылы маусымның басында оны бұзатынын жариялады.1866 жылы 23 –ші тамызда Прагада Австрия мен Пруссия бейбіт келісімге қол қойды, ол бойынша Германия  одағы жойылып, Солтүстік Германия одағы құрылды. Пруссияға Шлезвинг, Гольштейн, т.б. германия мемлекеттері қарады.1866 ж. Пуссияның Германияны біріктіру бағытындағы Австрия мен соғысында Франция бейтарап болды.Сол бейтараптығы үшін Франция Бисмарктың келісімімен Ұлы Люксембург Герцогтығын өзіне қосып алғысы келді.1867 жылы  мамырдағы Лондон халықаралық конференциясы шешті.

 Франциямен алда  соғыстың боларын білеген Бисмарк  оған дайындалды.Ол болашақ қарсыласын  әдеттегідей халықаралық оқшаулауға тырысты. ІІІ Наполеонның экспансиялық саясатына наразы болған европалық державалар Ұлыбритания, Ресей, Италия  оған қарсы болып, одақтаспады. 1870 жылы 19 шілдеде Франция Пруссияға соғыс жариялады. Бисмарк өз дегеніне жетті. Франция бүкіл әлем,  германия қоғамы алдында агрессор ретінде көрінді. 19 қыркүйекте Парижді немістер қоршап алды. 1871 жылы 18-ші қаңтарда Вестфальдағы король сарайының айналы залында прусс королі І Вильгельм І Германия империясының құрылғандығын, өзінің император титулын-кайзер-алатындағын жариялады. Франция Пруссия соғысы аяқталу кезінде аяқ басты.1871 жылы қаңтардың аяғында уақытша бітім жасалды. 26 ақпанда Версальда бітімге қол қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ -ТАРАУ. ХІХ  ҒАСЫРДЫҢ  АЯҒЫ – ХХ  ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚАТЫНАСТАР

 

3.1. ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы  халықаралық қатынастар

 

         ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарының басындағы ұлттық соғыстар Европаның бет-бейнесін өзгертті. Негізгі державалардың құрамы өзгерді. Бұл соғыстарға дейін Австрия, Ресей, Франция, Ұлыбритания, Пруссия европалық саясатқа белгілі бір дәрежеде ықпал етіп отырды. Енді Пруссияның орнын Герман империясы басты. Онымен бірге Италия да Европаның басты державасының бірі роліне үміттене бастады.Ұлттық соғыстарда жеңіске жеткен Германия мен Италия европалық саясатта алдыңғы орынға шықты, ал қалған державалардың оларға орын беруіне тура келді. Қырым соғысынан кейін және экономикалық техникалық әлсіздігіне байланысты Ресейдің күші де әлсіреді.1866 жылғы соғыстағы жеңілістен кейін Австрия да әлсіреді. Ұлыбританияның күші белгілі бір дәрежеде өсті. Қырым соғысынан кейін оның европалық істерге араласуы төмендеп тамаша оқшаулану саясатына көшті. Ұлыбритания отарлық саясатқа көп көңіл бөле бастады.Ұлыбританияны Европадағы күштердің арасалмағы қанағаттандырды,әсіресе Франция мен Ресейдің әлсіреуі оны қанағаттандырды. Осының негізінде Европаның белгілі бір дәрежеде тыныштануы жүзеге асты. Салыстырмалы түрде алғанда дамудың бейбіт кезеңі басталды.

Германия біріккен халықаралық  аренада Бисмарк нақты саясат принципіне адалдығын көрсетті.Бисмарк Францияны оқшаулау үшін Австрия –Венгриямен де,Ресеймен де достық қатынастар орнатуға тырысты.1873 ж.24 сәуірде Ресей мен Германия арасында одақтық келісімге қол қойылды.Оған да Германия қосылды.Осылайша 3 мемлекеттің соғыс бола қалған жағдайда өзара көмек және халықаралық мәселелерде өзара кеңесуге міндеттенген тобы пайда болды.Ол Үш императорлар одағы деп аталды.Үш император І Вильгельм (Германия), Франц Йосиф (Австрия-Венгрия), ІІ Александр (Ресей) алдында 1872 ж. қыркүйекте кездескен болатын. Бисмарк Францияны жаңа соғысқа арандатқысы келді. Оны Францияда жүріп жатқан әскери реформалар туралы хабар алаңдатты. Бұл кезең Европа және халықаралық қатынастар тарихына 1875 ж.соғыс қаупі деген атпен енді.

ХІХ ғ.70-ж. ортасына қарай негізгі оқиғалар Таяу Шығыста өтті. Бұл кезең тарихи әдебиетте «1875-1877 жылдардағы Шығыс дағдарысы» деген атпен мәлім. 1871 жылы Қара теңіздің бе йтараптығына қол жеткізген Ресей Балканда өз ықпалын қалпына келтіруге тырысты. 1) Ол түрік сұлтаны қоластындағы христиандарды қолдады; 2)Қара теңіз бұғаздарына өз бақылауын орнатуға тырысты. Босфор, Дарданелл бұғаздары Ресей үшін маңызды болды. Орыс-австрия қайшылықтарының шиеленісуіне ХІХ ғ.70-ж. ортасында Осман үстемдігіне қарсы Балкан халықтарының азаттық қозғалысының тарихта бұрын болмаған дәрежеде өрлеуі әсер етті.1875 ж. жазда түрік үстемдігіне қарсы Осман империясындағы католиктер,православтар,мұсылмандар мекендеген Босния және Герцеговина провинциясы тұрғындары көтерілді. Порта ХІХ ғ.30-40 жж.берген христиандар мен мұсылмандарды әлеуметтік жағынан теңестіру туралы уәдесін орындамады.Герцеговина мен Боснияда көтеріліс басталғанда Австрия-Венгрия бұл түріктің ішкі істері оған араласпаймыз дегенмен алайда кейін Австрия-Венгрия Босния мен Герцеговинаны өзіне қосып алуға тырысты.Ұлыбритания мен Австрия-Венгрияны негізінен Осман империясының тағдыры толғандырды,олар Балкандағы өз ықпалдарын жоюға мүмкін Осман империясының күйреуін болдыртпауға тырысты.1877 ж.12(24) сәуірде Ресей Түркияға соғыс жариялады. Румыниядан басқа Ресей жағында Сербия мен Черногория соғысқа кірісті.Түрік бекінісі Плевна көп айлар қоршаудан кейін ғана берілді.Балканда орыс әскерлері Стамбулға жақындады,Закавказьеде түріктердің Ардаган, Карс, Батум қалаларын алды.1878ж.19ақпанда түрік астанасы маңындағы Сан-Стефано деген жерде уақытша бітімге қол қойылды. Алайда Сан-Стефано келісіміне Европалық елдер қарсы болды. Әсіресе Ұлыбритания мен Австрия-Венгрия бітімді қайта қарауды талап етті. 1878 ж. маусым шілдеде Берлинде негізгі европалық мемлекеттер және Осман империясы қатысқан халықаралық конгресс болды.Ол бойынша Румыния, Сербия,Черногория тәуелсіз мемлекет болды. Дунай мен Балкан таулары арасында дербес Болгар княздығы құрылды. Сан-Стефано келісім шартын қайта қарау Ресейдің мүддесіне нұқсан келтірді. Сондықтан Берлин конгрессінің шешімдеріне Ресей,Болгарияда наразылық туғызды.Берлин конгресінің басты қатесі европалық державалардың көпшілігінің Балкандағы мүддесін және күштер балансын орнатқанымен,оның қатысушылары балкан халықтарының талап-тілегімен есептемеді.Орыс-түрік соғысы және Берлин конгресі Австрия-Венгрия мен Ресейдің арасындағы қайшылықтардың бірден шиеленісуіне әкелді.Ресей мен Австрия-Венгрия Балкан түбегіндегі жаңадан құрылған жас тәуелсіз мемлекеттерге өз ықпалын жүргізу үшін бәсекелесті.Бастапқыда Ресей ықпалы басым болды.Алайда бірте балкан мемлекеттері Австрия-Венгрия ықпалы түсті.1881ж.Сербия Австрия-Венгриямен құпия келісім жасады,онда Сербия Босния мен Герцеговинаға дәмесінен бас тартты.Австрия-Венгрияның қолдауымен 1882 ж.Милан Обреновия өзін король деп дариялайды,1885 ж. Болгарияға қарсы соғыс ашты. 1883 ж. Румыния, Германия, Австрия-Венгрия, Италия одағына қолсылды.

ХІХ ғасырдың 80-90-шы жылдарындағы халықаралық қатынастар. 1878 ж. Берлин конгресінен кейін күштердің арасалмағында біраз өзгерістер болды.Ең алдымен орыс-герман қатынастары нашарлап,Германияның Австрия-Венгриямен жақындасуы басталды.Бисмарк Ресей мен Австрия-Венгрия арасы ақыры түпкілікті шиеленісетіні түсініп,ол Ресей мен Австрия-Венгрияның қайсысын жақтайды деген мәселелерде ол сенімді әріптес ретінде Австрия-Венгрияны көрді.Өз таңдауын Австрия-ВЕнгрияға тоқтатқан Германия 1879 ж.7 қазанда Венада Австрия-Венгриямен одақтастық жөніндегі құпия келісімге қол қойды,ол бойынша 2 жақтың біріне Ресей соғыс ашса бір-біріне көмектесуге міндеттенді.Солтүстік Африканы отарлық бөлісу үшін пайда болған Франция мен Италия арасындағы қайшылықтардың шиеленісуін пайдаланған Бисмарк Италиямен жақындаса бастайды.1882 ж.20 мамырда Венада Германия, Австрия-Венгрия, Италия арасындағы Үштік Одақ туралы келісімге қол қойылды. Германия Австрия-Венгрия Италияға Францияға соғыс ашса көмектесуге уәде берді. Германияның сыртқы саясатындағы бұл бетбұрыс бірте жүзеге асырылды. Бисмарк Ресеймен қатынасты үзгісі келмеді,оның Франциямен жақындасуын болдыртпауға тырысты.1885ж.Шығыс Румелияда Болгария княздығымен бірігуді талап еткен көтерілістер туды.Солтүстік және оңтүстік Болгария бірікті,алайда бұл Берлин трактаты ережелеріне қайшы келді,сонда Балкандағы жанжалдарға европалық державалар араласты.Осы жағдайда Болгарияда мемлекеттік төңкеріс болып, князь Александр Баттенбергский биліктен тайдырылып,оның орнына 1887 ж.Австрия-Венгрия, Германия Фердинанд Саксен-Кобургский билікке келді.Ресей үшін Болгар дағдарысының жағымсыз шешілуі оның Австрия-Венгриямен және Германиямен қатынастарын нашарлатты.1887 ж.6 (18) қарашада Берлинде алдын ала қайта қауіпсіздендіру деп аталған орыс-герман келісіміне қол қойылды.Ресеймен қатынастары нашарлай бастаған Германия Ұлыбританияны қатынастарын жақсартуға тырысты.

Ұлыбритания тамаша оқшаулану  саясатын ұстанды.1887 ж. 12 желтоқсанда Австрия-Венгрия,Ұлыбритания,Италия Лондонда Жерорта теңізі бассейінде Қара теңіз бұғаздарында және Балканда бейбітшілікті және сатус-квоны қолдау жөнінде келісім жасады. Бұл кезеңде орыс-ағылшын қайшылықтары Орта Азия үшін де шиеленісті. Ресей Ұлыбританияның батыс Қытай мен Ауғанстанға өз ықпалын таратуға қарсы тұрды. 1880 ж.Ұлыбританияның Түрікмениядағы орыс әскерлерінің жылжуына кедергі жасауға тырысуы, Ауғанстанға күшпен өз адамын қоюға тырысу әрекеттері сәтсіз аяқталды.1885 ж. көктемде Ресей әскерлерінің Ауғанстанға жылжуына кедергі болу үшін Англия Ресейді Қара теңізде атқылауды ойлады.Алайда Ресей қысымымен және Ресейді Германия қолдап Сұлтан Қара теңіз бұғаздарын жапты.Үш император одағы күйреді, Ресей мен Германия орыс-герман бәсекелестігіне қарамастан 1887 ж. алдын-ала қайта қауіпсіздендіру жасады. Германияға Франция соғыс ашса Ресей бейтарап, ал Таяу Шығыста Ресейге Ұлыбритания қарсы шықса Германия Ресейді қолдануға міндеттенді.

Германиядан қарыз ала  алмаған Ресей Франциямен жақындаса  бастайды.1888 ж. Париждің ірі банклеріалғаш рет Ресейге француз үкіметінің кепілдігімен қарыз берді.Осылайша 2 мемлекет арасындағы қатынастарда тарихи бетбұрыс басталды. Арасында терең саяси идеологиялық келіспеушіліктер бар еді. 1891 ж. Парижде Ресей мен Франция қауіп төнгенде өзара кеңесу туралы келісім жасады.1892 ж.5 (17) тамызда орыс және француз армиясының штабы өкілдері әскери конвенцияға қол қойды,ол бойынша екі жақтың біріне Германия соғыс ашса,бір-біріне әскери көмек беруге міндеттенді. Әскери конвенция 1893ж .желтоқсанда өз күшіне енді.Орыс-француз одағының құрылуы Ресейдің халықаралық оқшаулықтан түпкілікті шығуына әкелді.Орыс-француз одағының құрылуы халықаралық жағдайдың тұрақтануына әсер етті.19 ғ.соңына қарай халықаралық қатынастардың жаңа тұрақты жүйесі пайда болды. Негізгі державалар күштерінің балансы Европа концерт қалпына келтірілген жоқ.1897 ж.Ресей мен Австрия-Венгрия сәуір-маырда Балкан істері бойынша келісімге қол қойды.Бисмарк Германияның 2 майданға соғысуына қарсы болып,Ресеймен достық қатынастарды сақтауға тырысты.Алайда ол 1890отставкаға кетеді.Оның орнына Л:Каприви отырады.Ол 2 майдандағы соғысқа дайындала бастайды.

ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы Қиыр                                          Шығыстағы халықаралық қатынастар. ХІХ ғасырдың соңғы жылдары – ХХ ғасырдың басы маңызды тарихи оқиғалармен сипатталады. Бұл кезеңде халықаралық қатынастарда шиеленіс күшейді. Әлем империализм дәуіріне енді, бұл державалардың сыртқы саяси қызметінің сипатында көрінді. Олардың арасында бөлініп қойған әлемді қайта бөлу үшін күрес басталды, ол үшін қарулануды күшейту, әскери-саяси блоктар құру процесі жүрді. Осы кезеңде ірі державалар отарлық экспансияның жаңа фазасына өтті: бөлініп қойған жерлерді қайта бөлісу үшін күрес, яғни бұрын басқа ел басып алған аумақты тартып, басып алу. Бұл бағыттағы алғашқы империалистік соғыстар – Куба үшін испан-американ (1898), ағылшын-бур (1899-1902), орыс-жапон (1904-1905) соғыстары.

         Қайшылықтардың бір түйіні Қиыр  Шығыста болды. Отарлық мемлекеттердің  бәсекелестігі Оңтүстік-Шығыс Азия  мен Қытайда күшейді, бұл біраз  соғыстарға, жанжалдарға әкелді. Әлемнің  бұл аймағында алғаш болып  Жапония мен Франция белсенді  іс-қимылдарға кірісті. Отарлық агрессияның объектісі, бөліске түсетін басты ел – Қытай,  оған апаратын жерлер, яғни оның аралдарының жағалаулары және Қытайға вассалдық тәуелділікте болған Корея, Вьетнам болды.

         1875 жылы Жапония Лю Цю (Окинава)  аралын аннексиялады (бір елдің жерін тұтас немесе бір бөлігін күшпен тартып алу). 1885 жылы Жапония Қытаймен оның ішкі істеріне араласуға құқық беретін келісім жасауға қол жеткізді. 1884 жылы француз отарлық әскерлері қытай армиясы қорғап тұрған Солтүстік Вьетнамға басып кіреді. 1885 жылы Тяньцзиньде Франциямен жасаған бейбіт келісім бойынша Қытай Вьетнамға жоғарғы билігінен бас тартты, сонымен бірге Францияға Оңтүстік Қытайда кең құқықтар мен артықшылықтар берді.

Информация о работе ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар