ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 14:29, курсовая работа

Краткое описание

Халықаралық қатынастар тарихын қарастырсақ, оның бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Оның ішінде біздің қазіргі түсінігіміздей халықаралық қатынастардың қалыптасуы Жаңа дәуірде жүзеге асты. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың негізін салған 1648 жылғы Вестфаль бітімі болып есептеледі. Бұл құжаттың негізінде 1618 – 1648 жылдардағы Европадағы Отызжылдық соғыстың қорытындысы шығарылған болатын. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бүкіл әлемдегі сыртқы саяси жағдайды өзгертіп, саяси күштердің жаңаша орналасу тәртібіне әкелді. Вестфальда халықаралық қатынастардың құқықтық негізі қаланды, егеменді мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектісі етіп жарияланды.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3-8

І -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕСТФАЛЬ ЖҮЙЕСІ (ХVІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ – ХVІІІ ҒАСЫР)...............................................9-42

Жаңа заман қарсаңындағы халықаралық қатынастар ...........................9 - 14
Халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесінің құрылуы және
дамуы ............................................................................................................14-38
ХVІІІ ғасырдың соңғы отыз жылдығы – ХІХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістер....................................................38-41

ІІ -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕНАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ................................................................................................................42-52

2.1 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы...................42-45
2.2 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің күйреуі......................45-43
2.3 Ұлттық соғыстар мен отарлық бәсекелестік кезеңі...................................43-50

ІІІ- ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР...................................................................53-65

3.1. ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар..............53-56
3.2. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы державалардың әлемді отарлық бөлісу үшін күресі.................................................................................57-63
3.3. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс кезіндегі халықаралық қатынастар.....................................................................................63-65

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................66-67

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................68-70

ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................71-

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаңа замандағы халықаралық қатынастар.doc

— 451.00 Кб (Скачать документ)

Отызжылдық соғыстан кейін Габсбургтердің дәмелерінің  орнына енді негізгі европалық мемлекеттердің аймақтық деңгейде басым болуға ұмтылыстары  шықты. Вестфаль бітімінен кейін олардың әрқайсысының саяси ықпалы өзгерістерге ұшырады.

ХVІІ ғасырдың екінші жартысы – ХVІІІ ғасырдың басында Батыс Европада Франция жетекші жағдайда болды. Бұл феодалдық абсолюттік монархиялық басқару және капиталистік уклад жағдайындағы ел еді. Ол мемлекеттік орталықтандырылған және күшті бюрократиялық аппараты бар ел еді, бұл корольдің елдің барлық ресурстарын пайдаланып, сыртқы саяси бағытын өзі жүргізуіне мүмкіндік берді. Франция басқа европалық елдерді аумағының көлемі, тұрғындарының саны, тұрақты армиясының мөлшері (бейбіт кезеңде де 200 мың адамнан төмен болмады) жөнінен басып озды. Ол қолайлы географиялық жағдайда орналасты, онда қажетті пайдалы қазбалардың қоры болды, әрдайым әскері мен сауда флотын күшейтіп отырды. Францияның барлық отарлық иеліктері Канаданы, Луизиананы (Миссисипи өзенінде), Антиль араладарын, Үндістанда Пондишериді, Африкада Мадагаскарды қамтыды. Сыртқы сауданы кеңейту және белсенді сауда балансы – кольбертизмнің экономикалық саясатының негізін құрады.

Европаның халықаралық өміріндегі жаңа жағдай ХІV Людовиктің билігінің басталуымен тұспа-тұс келді, оның атымен француз абсолютизмінің ең жарқын кезеңі байланысты болды. Оның ішкі және сыртқы саясаты табысты болды. Кардинал Мазаринидің көрнекті дипломатиялық және мемлекеттік қайраткер ретіндегі қасиеттері арқасында тақ Фрондамен күресте де, сонымен бірге Отызжылдық соғыс пен Испаниямен соғысты Франция үшін табысты аяқтады. Мазарини тәрбиесінде болған ХІV Людовик өз қолында бүкіл билікті шоғырландырды. Мемлекеттің үлкен потенциалдық мүмкіндіктері, Испанияның поверженносі, империяның бытыраңқылығы, болуы мүмкін қарсыластардың бытыраңқылығы ХІV Людовиктің агрессиялық сыртқы саясат жүргізуін анықтады.

Францияның агрессиясы батыс герман жерлеріне қарсы  бағытталды, әскери және дипломатиялық әдістерді қолданды. Агрессияның келесі бір бағыты – Испанияға қараған Франш-Контеге және Оңтүстік Нидерландыға бағытталды. 

Францияның Англиямен  қатынасынасына келсек, бұл кезде  ХІV Людовик қаржы және дипломатиялық қысым жасау арқылы Англияға өз бақылауын орнатқысы келді.

Оңтүстік Нидерландыны иеленуге ұмтылу Францияны Голландиямен қақтығысқа әкелді.

Француз дипломатиясының  басты мақсаттарының бірі – теңіз  державасы Англия мен Голландияның ынтымақтастығын, Англия мен Испанияның ынтымақтастығын болғызбауға тырысты.

Испания Португалияға өз үстемдігін қалпына келтіру үшін соғысты.

Францияның Европадағы саяси үстемдікке ұмтылысы көптеген европалық мемлекеттер қатысқан бірқатар соғыстарға әкелді. Бұл соғыстар Францияның өзінде де қаржы шығынына, салықтарды көбейтуге, ХVІІ ғасырдың ортасындағы халық көтерілістеріне әкелді.

Испания Вестфаль және Пиреней (1559 жылғы Испания мен Франция  арасында жасалған) бітімдерінің ауыр салдарларын бастан кешті, оның әскери күші және саяси беделі төмендеді, испан флотының да күні өтті. 1655 жылы испан королі ІV Филипп өлгеннен кейін ІІ Карл Габсбургтің баласы болмады. Испан тағына кім отырады деген мәселе, испан отарларын бөлісу үшін болған – испан мұрасы үшін соғысқа әкелді.

Испания әлсіресе, ал Голландияның Европадағы саяси ықпалы күшейе бастады. ХVІІ ғасырдың екінші жартысында күшті теңіз державасына айнала бастады.Ол экономикалық гүлденуді басынан кешірді, сауда және әскери флоты болды, банк жүйесі дамыды. Солтүстік Европа мен Рейн өзені бойындағы халықаралық сауданы бақылады. Испанияның, Португалияның отарларын басып алуға тырысты. Ост-Инд, Вест-Инд кампаниялары отарлық саясат жүргізді. Голландықтар Индонезияға, Үндістанға, Австралияға жетті, Жаңа Зеландияны ашты, Бразилияның бір бөлігін отарлады, Солтүстік Америкада 1626 жылы Жаңа Голландия отарын құрды. Оңтүстік Африкада Кап отарын құрды.

Англия ХVІІ ғасырдың ортасында революция, азамат соғысын бастан кешірді. ІІ Яков кезінде Франция субсидияларына тәуелді болды, сондықтан ағылшын сыртқы саясаты дәйексіз болды. Буржуазиялық жолмен дамыды, сондықтан шығару процесінде, сыртқы саясатта буржуазияның мүддесі көзделді. 1688 жылы Вильгельм Оранский – корль болды, ағылшын-француз қайшылығы бірінші орынға шықты. ХVІІ ғасырдың соңына қарай Голландиямен күресте Англияның басымдығы көрінді. Экономикалық күші өсті. Солтүстік Американың шығыс жағалауларында, Үндістанда, Антиль аралдарында, Африкада отарлары болды.

Европада Вестфаль бітімінен  кейін қалыптасқан халықаралық  қатынастар саяси тепе-теңдік принципімен  байланысты болды. Франция бұл теңдікті бұзды, оған қарсы коалициялар құрылды. Басшысы Голландия болды. ХVІІ ғасырдың ІІ-жартысы – ХVІІІ ғасырдың басында төрт соғыс болды.

ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық  қатынастар. ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында Франция өзінің экспансиялық саясатын жалғастырды. Франция үшін ұзақ және ауыр соғыс 1701-1714 жылдардағы – Испан мұрасы үшін соғыс болды. Испан королі ІІ Карлдің баласы болмады, ол 1700 жылы қаза болады. Европа мемлекеттері Испанияның өзін және оның отарларын бөлуді ойластырды.

Испан тағына француз  Бурбондары және австриялық Габсбургтер  дәмеленді, себебі олар әйелдері жағынан  билеуші испан әулетімен туыс еді. ХVІ Мария Терезамен неке келісіміне және өзінің ұрпақтарының ІV Филиппен туыстығына сүйенді, ал император І Леопольд шешесі жағынан ІІІ Филиптің немересі еді.

ІІ Карлдың өлер алдындағы  өсиеті бойынша ХІV Людовиктің немересі Филипп Анжуйскийде тақты мұраға қалдыратынын айтты, бірақ бір шартпен – испан және француз монархиясы ешқашан бірікпейді.

ІІ Карл 1700 жылы 2 қарашада қайтыс болғаннан кейін ХІV Людовиктің немересі Филипп Анжуйский V Филипп деген атпен таққа отырады. Бұдан кейін ХІV Людовик өз әскерлерін Испанияға жіберіп, Испания және оның отарларын немересі атынан өзі басқаруға сыңай танытады. «Пиреней енді жоқ!» деген оның сөздері Францияның билеуші топтарының біріккен француз-испан монархиясын құруға деген ұмтылысын көрсетті. Аумағының көлемі, тұрғындарының саны, экономикалық ресурстары бойынша испан отарларына тең келері жоқ еді. Қайтадан саяси тепе-теңдік мәселесі шығып, жаңа антифранцуздық коалиция ұйымдастырылды, оның ұйымдастырушысы Вильгельм Оранский болды. 1701 жылы 7 қыркүйекте Гаагада Англия мен Голландия Қасиетті Рим империясының императорымен одақ жасасты (ол Үлкен альянс деп аталды), олар 1702 жылы Мамырда Францияға қасры соғыс жариялады. Вильгельм австриялық эрцгерцог Карлді испан тағына үміткер ретінде қолдады. Кейінірек бұл коалицияға Бранденбург (1701 жылы Пруссия герцогтығының королі деген атақ алған) курфюрстісі, көптеген герман мемлекеттері, дания, Португалия т.б. қосылды. ХІV Людовикті Бавария курфюрстісі, Кельн архиепископы ғана қолдады. ХІV Людовиктің төртінші соғысы – испан мұрасы үшін соғыс басталды. ХІV Людовикке қарсы бүкіл Батыс европа шықты деуге болады. ХІV Людовик Швецияға сенім артты, ол Фравнцияның дәстүрлі одақтасы еді, алайда жас швед королі ХІІ Карл Францияға көмектесуге уәде бергенімен, оны орындай алмады, себебі бұл кезде Швецияның европалық ұлы держава ретінде тағдырын шешуге тиіс Солтүстік және Шығыс Европада өткен Солтүстік соғыс (1700-1721) жүріп жатты, Швецияға қарсы – Ресей, Саксония, Польша, Дания коалиция құрған еді. 

Әскери іс-қимылдар негізінен  Испанияда, Нидерландыда, онымен шекаралас герман жерлерінде, Францияда, Италияда жүрді. Ағылшын-голланд әскерлерін герцог Мальборо басқарды, империя әскерлерін Евгений Савойский басқарды. Француздар жеңілді, ел күйзелді. Экономикалық, қаржы дағдарысы, шетел армияларының басып кіруі, аштық, жұқпалы аурулардың таралуы Францияны бітім сұрауға мәжбүр етті, Соғыстан күйзелсе де, коалиция бітім жасауға асықпады, қатал шарттар қойды, француз армиясы нашарлады, дипломатия тығырыққа тірелді, алайда, кездейсоқ жағдай француздарды құтқарды. 1711 жылы баласы жоқ герман императоры І Иосиф қайтыс болады (ол тақты әкесі І Леопольдтен 1705 жылы мұраға алған еді). Император тағына оның австриялық эрцгерцог Карл отырады, ол испан тағынан да үміткер еді, енді ол VІ Карл деген атпен герман императоры болды. Батыс европаға Испания мен империяның қайтадан бір тақтың астына бірігу қаупі төнді, дүниежүзілік габсбургтік монархияның құрылуынан қауіптенген европалық елдер Утрехте 1712 жылы келіссөздер басталып, 1713 – 1715 жылдары бейбіт конгресс өтті. Оған Франция, Англия, Голландия, Савойя, Португалия, Венеция, Папа облысы т.б. қатысты, Испания кейіннен қатыстырылды. 1713 жылғы 11 сәуірде Утрехт бітімі испан мұрасы үшін соғыстың қорытындысын шығарды.

1713 жылғы Утрехт бітімі  бірнеше келісімдерден тұрады.

Франция – Англия келісімі бойынша Франция Гудзон шығанағы маңындағы жерлерді, Жаңа Шотландия мен Ньюфаунлендті Англияға берді, ағылшын тағын ганновер әулетіне беру тәртібімен келісті. Англия V Филипп Бурбонның испан тағына мұрагерлігін мойындады, бірақ ол француз тағынан бас тартатын болды.

Француз – голланд  келісімі бойынша Испанияның Нидерландыдағы жерлерін Франция босататын болды, ол француздық Нидерландыдағы кейбір жерлерінен айырылды. Голландия Францияға Лилльді және т.б. қалаларды қайтаратын болды.

Франция – Португалия келісімі бйынша Франция Амазонка шатқалындағы жерлерінен бас тартатын болды.

Франция – Пруссия  келісімі бойынша Пруссияға Нидерландыдағы Гелдерн, Невшатель графтығы өтті, Пруссия  Оранж графтығынан бас тартатын болды.

Франция – савойя келісім  бойынша Франция Ницца, Савойя герцогтығын  қайтарды. Савойя герцогын Сициллия королі деп мойындады. Савойя Францияға бірқатар жерлерді берді.

Император (австриялық) VІ Карл келіссөздерге көңілі толмай, елшілерін қайтарып алды. Кейін ол 1714 жылы Франциямен жеке Раштатт бітімін жасады. Ол бойынша Францияда Вестфаль, Нимвеген, Рисквик бітімдері бойынша қараған жерлер сақталынды. Франция Рейннің оң жағалауындағы герман қалаларын босатуға келісті, пиреней бекіністерін бұзуға кірісті. VІ Карл Италиядағы Сардиния, Неаполитанды, Тоскананың бір бөлігін, Милан герцогтығын сақтады. Австрияға испан Нидерландысы қарады.

Испания 1713 жылы Англиямен, Голландиямен, 1715 жылы – Португалиямен  келісімдер жасады. Англия біраз артықшылықтарға  жетті. Испаниядан Гибралтар аралын, Меноркадағы Маон портын алды, Америкадағы  испан отарларына африкалық негрлерді  сату монополиясына («асиенто») ие болды.

Утрехт, Раштат бітімдері  бойынша Испания отарларымен V Филипте қалды, Франция тағынан өзі де, мұрагерлері де бас тартатын болды. Европалық иеліктерін VІ Карлға, Гибралтарды Англияға беретін болды.

Испан мұрасы үшін соғыстың басты қорытындысы: ХІV Людовиктің Европадағы күштердің ара салмағын Францияның пайдасына өзгерту, Францияның Европадағы, отарлардағы үстемдігі дәмелері күйреді. Антифранцуздық коалициялар арқасында күштер балансы қалпына келтірілді. «Франция ғасырының» күні өтті. Күштер балансы кезеңі туды. Оған жаңа қауіп Швеция, Бранденбург – Пруссия мемлекеті, ресей тарапынан туа бастады. Олар ішкі қайта құрулар, сыртқы экспансия нәтижесінде әскери күшін, саяси ықпалын, халықаралық беделін көтерген елдер еді. 

Халықаралық  қатынастардағы Солтүстік және Балтық мәселесі. ХVІІ ғасырдың екінші жартысындағы халықаралық қатынастарда Солтүстік жән Шығыс Европадағы үстемдік Швецияда болды. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында шығысевропалық істерде Польша үстем болса, енді Отызжылдық соғыстан кейін Швеция күшейе бастады. Оның Отызжылдық соғыстан кейін Балтық теңізіндегі үстемдігі көршілері – Дания, Польша, Ресейге ұнамады. Швециямен күресте олардың әрқайсысының нақты міндеттері болды. 1697 жылы швед королі ХІ Карл өлгеннен кейін, таққа отырған ХІІ Карл ақылсыз, беделсіз король болды. Швецияның қарсыластары белсенді бола бастады. ХVІІ ғасырдың соңында І Петр (1682 – 1725), поляк королі, саксон курфурстісі ІІ Август Сильный (1697 – 1733), дат королі ІV Фридрих (1699 – 1730) арасында Солтүстік Одақ жасалды, оның негізі 1698 жылы Рав келісімінде қаланды. 1699 жылы Ресей – Дания (ІІ Август) келісімінде Швецияға қарсы шабуылдау соғысын жүргізу қарастырылды. Бұл кезде Ресей Түркиямен соғысып жатқан еді. Ол Түркиямен Швецияға қарсы шығу үшін 1700 жылы 3 маусымда бейбіт келісімге қол қояды.

Монархтар армиясы ХІІ  Карлге қарсы шықты, алайда олардың  үміттері ақталмады. Солтүсік одаққа қатысушылар соғысқа дайын емес болып шықты. Жас швед королі ХІІ Карлдың әскерлері басым болып шықты. Ол Данияны 1700 жылы Травендаль бітіміне қол қойдыртып, соғыстан шығарды. 1700 жылы қарашада Нарвада орыс әскерлерін шайқаста жеңді. Енді Польшамен соғысып, Варшава, Краков, Данциг және т.б. қалаларды тез басып алып, 1706 жылы Альтранштедт бітімін жасады. Солтүстік одақ ыдырады. Ресей соғысты өзі жалғыз жүргізуге мәжбүр болды.

1709 жылы орыстар Полтава  түбіндегі шайқаста шведтерді  жеңеді, бұл соғыстың барысын  түбірлі өзгертіп, Солтүстік одақты  қалпына келтірді. 1709 жылы Швецияға  қарсы Саксония, Дания, Пруссия  (Кельн одақтық келісімі) келісім жасады. Ресей – Саксония одағы қалпына келтірілді.

Алайда Швецияға қарсы  коалицияны соғыстың соңына дейін сақтау ақыры мүмкін болмады. Бұл соғыста  І Петр армиясы, флоты, дипломатиясы жеңеді. 1721 жылғы Ресей – Швеция арасындағы Ништадт бітім бойынша Солтүстік соғыс аяқталды. Ресей бұл соғыста үлкен табысқа жетті. Екі ел «мәңгілікке, шынайы, мызғымас» бітім жасады.

Солтүстік соғыстың нәтижелері бойынша Европадағы күштердің ара салмағын өзгертті. Швеция жеңіліп, ұлы держава статусын жоғалтты. Ресейдің халықаралық маңызы өсті, ол Балтық теңізіне шыға алатын болды, маңызды порттарды иеленді және әскери флоты болды. Ресей – Балтық теңізі державасына айналды. Ресейдің батыс европамен сауда қатынастарын орнатуға қолайлы жағдай қалыптасты. І Петр император болып жариялануы – Ресейдің халықаралық саясатта ролінің өскендігін көрсетті. Ресей Солтүстік пен Шығыс Европада үстем жағдайға ие болды.

ХVІІІ ғасырдың басындағы ірі соғыстар – испан мұрасы үшін соғыс пен Солтүстік соғыс аяқталғаннан кейін Европада күштердің жаңа ара салмағы пайда болды. Халықаралық саясатта күштер балансы принципін қатаң түрде сақтау басты принцип болды. Қайшылықтардың жаңа ошақтары, басым мүдделер пайда болды.

Үш негізгі қайшылық: Англия мен  Францияның теңіз бен отарлық үстемдік үшін күресі; Австрия мен Пруссияның Орталық Европадағы басымдық үшін күресі; Ресейдің Балтикада түпкілікті орнығып, Қара теңізге шығу үшін күресі.

Мемлекеттердің қалыптасқан жаңа жүйесінде бес мемлекет: Франция, Англия, Ресей, Австрия, Пруссия басты роль атқарды. Соғыстардың көбі коалициялық сипатта болды.

Дәуірдің бұл қайшылықтарынан  басқа европалық мемлекеттердің өз мәселелері де болды, олар да соғыс  арқылы шешілді. Олар: Оңтүстік Нидерландыдағы француз-австрия бәсекелесі; Австрия  мен Осман империясының Балкан үшін күресі; Батыс жартышардағы отарлық иеліктер үшін ағылшын-испан жанжалы.

Информация о работе ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар