ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 14:29, курсовая работа

Краткое описание

Халықаралық қатынастар тарихын қарастырсақ, оның бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Оның ішінде біздің қазіргі түсінігіміздей халықаралық қатынастардың қалыптасуы Жаңа дәуірде жүзеге асты. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың негізін салған 1648 жылғы Вестфаль бітімі болып есептеледі. Бұл құжаттың негізінде 1618 – 1648 жылдардағы Европадағы Отызжылдық соғыстың қорытындысы шығарылған болатын. 1648 жылғы Вестфаль бітімі бүкіл әлемдегі сыртқы саяси жағдайды өзгертіп, саяси күштердің жаңаша орналасу тәртібіне әкелді. Вестфальда халықаралық қатынастардың құқықтық негізі қаланды, егеменді мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектісі етіп жарияланды.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3-8

І -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕСТФАЛЬ ЖҮЙЕСІ (ХVІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ – ХVІІІ ҒАСЫР)...............................................9-42

Жаңа заман қарсаңындағы халықаралық қатынастар ...........................9 - 14
Халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесінің құрылуы және
дамуы ............................................................................................................14-38
ХVІІІ ғасырдың соңғы отыз жылдығы – ХІХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістер....................................................38-41

ІІ -ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ВЕНАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ................................................................................................................42-52

2.1 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы...................42-45
2.2 Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің күйреуі......................45-43
2.3 Ұлттық соғыстар мен отарлық бәсекелестік кезеңі...................................43-50

ІІІ- ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР...................................................................53-65

3.1. ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар..............53-56
3.2. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы державалардың әлемді отарлық бөлісу үшін күресі.................................................................................57-63
3.3. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс кезіндегі халықаралық қатынастар.....................................................................................63-65

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................66-67

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................68-70

ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................71-

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаңа замандағы халықаралық қатынастар.doc

— 451.00 Кб (Скачать документ)

Француз королі ХІV Людовик ақылды саясаткер болмады. Францияны ел үшін барлық уақытта қажетті емес соғыстарға киліктірді. Англиямен отарлар үшін болған соғыста Франция жеңілді. Англия парламентінің басшылығымен елге қажет сыртқы саясат жүргізді. Францияның Англиямен сауда, отарлық бәсекесі көптеген соғыстарды туғызды. Олардың көбі Европада жүрді. Екі жақтан да коалиция құрылды. ХVІІІ ғасырда Англия мен Франция 35 рет соғысқан.

Халықаралық қатынастардағы поляк мәселесі. ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарындағы соғыстардың маңыздысы – 1733 – 1738 жылдардағы поляк мұрасы үшін соғыс болды. Соғыстың түрткісі – поляк королі ІІ Августтің 1733 жылы қайтыс болуы, тақ үшін талас басталды. Таққа өлген корольдің ұлы, саксон курфюрстісі Фридрих Август және француз королі ХV Людовиктің күйеу баласы (қызы Марияның күйеуі) Станислав Лещинский таласты. Станислав Лещинскийді Франция қолдады. Фридрих Август Францияның бұрыннан бәсекелесі Австрияның қолдауына сүйенуге тырысты. Француз дипломатиясы мен поляк шляхтасын сатып алу арқылы ақыры таққа С.Лещинский отырады, алайда оның таққа отыруы үш аптаға созылды. 1733 жылы 24 қарашада орыстар Речь Посполита жеріне кіріп, олардың бақылауымен ІІІ Фридрих деген атпен Фридрих Август таққа отырады.

Бұған жауап ретінде Франция  Австрияға қарсы соғыс жариялайды. Франция Ресейге қарсы Швеция, Түркияны тартқысы келді, бірақ жүзеге аспады. Француз флоты орыс флотынан жеңіледі. Әскери сәтсіздіктерден кейін 1736 жылы ХV Людовик С.Лещинскийді тақтан бас тартқызады. Бес жылға созылған соғыстан кейін, 1738 жылы Вена келісіміне (Австрия мен Франция арасында) қол қойылып, соғыс аяқталды. Келісімге 1739 жылы Ресей, Речь Посполита тағы басқа елдер де қосылды. Онда поляк тағы туралы мәселе және европалық жерлерді аумақтық қайта бөлісу келісілді.

Француз – австрия келісімі Франция үшін табысты болды, ол өзіне Лотарингияны қосып алды, Италияда испандық Бурбондардың болуына қол жеткізді.

Бұл соғыс Ресей үшін (поляк істері арқылы жанама түрде болса да) батысевропалық халықаралық саясаттағы алғашқы және табысты қатысуы болды.

Австрия-пруссиялық  бақталастықтың күшеюі. ХVІІІ ғасырдың ортасындағы Орталық Европадағы халықаралық қатынастарда екі герман мемлекеті – Австрия мен Пруссияның бәсекесі негізгі орын алады, ол европалық ауқымдағы екі соғыста шешілді: 1740 – 748 жылдардағы австрия мұрасы үшін соғыста және 1756 – 1763 жылдардағы Жетіжылдық соғыста. Жетіжылдық соғысқа, екі герман мемлекеттерінің соғысына Европаның басқа мемлекеттері де қатысты, олардың әрқайсысы өз мүдделерін болды. Ең алдымен Франция мен Англия қатысты, олар қарама-қарсы коалициялар құрды. Соғыс отарларда жалғасып, Европа көлемінен кеңейіп, жаһандық ауқымды қамтыды. Жетіжылдық соғыста Ресей шешуші роль атқарды. Австрия мен Пруссияның Орталық Европадағы бәсекесі европалық күштердің орналасуындағы жаңа құбылыс болды.

Австрия, яғни Габсбургтер мемлекетінің тарихы ХІІІ ғасырдан, ең алғаш монархы 1273 жылы таққа отырған Рудольф  Габсбургтің кезінен басталады. 1438 – 1740 жылдары император тағы Габсбургтердің қолында болды, олар Европадағы үстемдікке ұмтылды.

Австрияда баласы жоқ VІ Карл 1711 -1740 жылдары билік құрды. Испаниядағы сияқты тақ мұрагерлігі туралы мәселе пайда болды. Мәселе австриялық габсбургтер иеліктері ол кезде біртұтас мемлекетті құрамауына байланысты (Австрия, Штрия, Чехия, Венгрия, Ломбардия, Нидерландының бір бөлігі, Каринтия, Крайня) мәселе күрделенді.

Қарсы жақ Пруссия  корольдығын жас мемекет деп  айтуға болады. Бұл мемлекет негізін  империяның солтүстік-шығыс бөлігіндегі жеке князьдықтардан алады, бұл ең алдымен, ХV ғасырдан, Гогенцоллерн әулетіне жатқан Бранденбург жерлері. 1525 жылы Пруссия герцогтығы пайда болды, ол бастапқыда Польшаның вассалдығында болды, одан ХVІІ ғасырда құтылды. Абсолюттік монархиялық құрылыс жағдайындағы, милитаристік сипаттағы мемлекет болды. Прибалтикада Швеция, Польшамен бәсекелесті.

Австрия және Пруссия  арасындағы қарсы тұруға Англия мен  Франция да қатысып, өздерінің отар үшін, әлемдік үстемдік үшін күрес  мәселелерін шешіп отырды. Егер Франция  Пруссияны қолдаса, онда Англия Австрия  жағында болды немесе керісінше. Екеуі де (Англия, Франция) бір-бірінің барынша әлсіреуіне мүдделі болды. Ағылшындар: «Американы Европада жаулау керек!» деген ұранды ұстанған.

1740 – 1748 жылдардағы жаңа әскери  қарсы тұрудың басталуына 1740 жылы  қазандағы Австрия императоры VІ Карлдың өлімі түрткі болды. 1713 жылы қабылданған «Прагматикалық санкция» (тақ мұрагерлігі туралы) бойынша габсбургтік жерлерді оның қызы Мария Тереза иеленуі тиіс болды. Бірақ бұл кезге қарай көптеген европалық аулалар бұл санкцияны мойындамады. Олар австриялық жерлерді бөлісіп, үш жүз жылдық иелігі (тарихы) бар Габсбургтер империялық тағын жойып, Австрияны әлсіретуді ойлады. Алайда Мария Тереза да берілмеді. Оның негізгі қарсыластары герман жерлерінде – ІІ Фридрих (аумақ үшін күрескен) және бавариялық курфюрст Карл Альбрехт (империялық тақ үшін күрескен) болды. ІІ Фридрих көп ұзамай Гогенцоллерндердің Силезияның бір бөлігіне «ескі құқықтарын» қалпына келтіру үшін деген сылтаумен Силезияға басып кіріп, оны алады. Ал Бавар курфюрстісі І Фердинанд императордың үлкен қызының ұрпағы ретінде тақтан дәмеленді.

Бірінші Силезия соғысы европалық мемлекеттердің барлығына  жуығын тартқан және ширек ғасырға  созылған әскери жанжалдың бастамасы  болды.

Силезияны басып алу  антипрустық коалицияны туғызды. Оған түрлі уақытта Австрия, Ресей, Англия, Нидерланды, Саксония, Сардиния кірді.  Испания мен Франция керісінше  Пруссиямен одақ жасасып, бавар курфюрстісінің империялық тақты алу ұмтылысын  қолдады. 

Осылайша, Силезия соғысы – 1740 – 1748 жылдарды қамтыған Австрия мұрасы үшін европалық соғысқа ұласты. 1741 жылы Франция Германияға өз әскерлерін кіргізіп, Испаниямен бірге Англия, Италия әскерлерін жеңілісіке ұшыратты. Баварлықтар Австрияға басып кірді, Венаға қауіп төндірді. Франциямен бірге Праганы алды. Мария Терезаның жағдайы нашарлады, оның билігінде Венгрия мен Тироль ғана қалды. Бұл жағдайда Англияның делдалдығымен Мария Тереза ІІ Фридрихпен құпия келісім жасады, ол бойынша австриялық тақ Силезияның бір бөлігінен бас тартты, ал ІІ Фридрих әскери қимылдарды тоқтатты (Клейншельдорф конвенциясы). 1742 жылы 25 қаңтарда курфюрстер Карл Баварскийді VІІ Карл деген атпен (1742 – 1745) император етіп сайлайды. Бұған жауап ретінде австрия әскерлері Баварияға басып кіріп, Мюнхенді алды, императорды иеліктерінен қуып шықты.Одан әрі күрес кезекпен-кезек жеңіспен жүріп отырды, онда Австрия және оның одақтастары басым болды. ІІ Фридрихтың Чехияны басып алуға деген ұмтылысы сәтсіз болды. VІІ Карл өзіне Баварияны қайтарды, бірақ ол өлгеннен кейін оның ұлы Баварияны өзінде сақтау үшін императорлық таққа дәмесінен бас тартты, осылайша империялық тақ да бос болды.

1745 жылы 25 желтоқсанда  Австрия мен Пруссия арасында  сепараттық Дрезден бітімі жасалды,  ол бойынша Силезия Пруссияға қарады. Бұған жауап ретінде прусс королі Мария Терезаның күйеуі – Франц Стефанның герман императоры етіп сайлануын мойындады. Франц Стефан І Франц деген атпен жиырма жыл империяны басқарды (1745 – 1765). Пруссия соғыстан шықты, бірақ әскери іс-қимылдар Оңтүстік Нидерландыда, Италияда және отарларда, Англия мен Франция арасында жалғасты.

1748 жылы қазанда Англия  мен Голландия және Франция  арасында Аахен бітімі жасалды,  австрия мұрасы үшін соғыс  аяқталды. Бітімге Австрия, Испания,  Сардиния қосылды.

Келісім жанжалды жоймады. Мария Тереза габсбургтік мемлекеттің ыдырауына жол бермеді, бірақ Силезиядан айырылды және онымен келіскісі келмеді. Австрия-пруссия бәсекелесі шиеленісе түсті.

Франция өзін соғыс олжасынан  құр қалдым деп есептеді, оның теңіз  флотына күрделі зиян келтірілді.

Англия өзінің Солтүстік  Америкадағы басып алушылықтарын  бекіте алмады.

Үлкен жеңіске жеткен Пруссия болып шықты. Ол Силезияны  өзіне қосып алып, европалық державаға  айналды. Соғыстың нәтижелері оның қатысушыларын  қанағаттандырмады. Пруссияның көтерілуі, ағылшын-француз отарлық бәсекелестігі жаңа соғыстың болмай қоймайтындығын көрсетті.

ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы халықаралық қатынастар. Австрия-француз одағының құрылуы. Англия мен Пруссияның жақындасуы. 1756 – 1763 жж. Жетіжылдық соғыс. Халықаралық қатынастарға ауыр зардаптарын тигізген оқиға Европадан тыс, сол кездегі ірі отар және теңіз державалары Франция мен Англия арасында жүрді. Оларды Үндістан мен Солтүстік Америка қызықтырды. ХVІІІ ғасырдың ортасында француздар Үндістанды белсенді отарлады. Солтүстік Америкада ағылшындар ХVІІІ ғасырдың басында солтүстікте – Ньюфауленд аралдарынан оңтүстікте – Флорида түбегінде дейінгі жерлерді, ал француздар Қасиетті Лаврентий өзенінің шатқалын, Ұлы Америка көлі, Миссисипи өзендерінің бассейндерін басып алды.

Француз отарларының  орналасуы ағылшындардың Солтүстік  Американың ішкі аудандарына өтуіне кедергі болды. Ұлыбритания мен  Франция арасында соғыс болмай қоймайтын  еді. Ұлыбритания да, Франция да болашақ соғыстың дипломатиялық дайындығына үлкен мән берді. ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы соғыстарда Ұлыбритания Габсбургтер монархиясын қолдаған еді, себебі екеуі де Франциямен жауласқан еді. Енді Англия, 1714 жылы билікке Ганновер әулеті келгеннен кейін,  Австрия мұрасы үшін соғыстағы Австрияның әлсіздігін көріп, одақтастық мәселені қайта қарапды, Пруссияға көңіл аудара бастады.1756 жылы 16 қаңтарда Ұлыбритания Пруссиямен бейтараптылығы туралы Вестминистрлік конвенция жасады.

Габсбургтер екі ірі мемлекет – Ресей және Франциямен жақындасуға мәжбүр болды. Габсбургтерді де, Ресейді де Пруссияның аумағының кеңейіп, күшінің өсуі мазасыздандырды. Сонымен бірге Ресей Ұлыбританиямен 1755 жылы одақ туралы келісім жасады.

Алайда Габсбургтердің Франциямен жақындасуына екі ғасыр  бойы екі арада жинақталған кедергілер көп болды. Екі жақ үшін саяси батылдық қажет болды. Пруссияның Ұлыбритания жағына шығып, дәстүрлі одақтастық қатынастарын бұзуын Франция өзін «сатып» кетті деп сезінуі біраз роль атқарды. Енді ең бастысы, Ұлыбритания мен Пруссияға қарсы күшті коалицияны құру қажет болды. Австрияда Франциямен жақындасуды белсенді жақтаған 1753 жылы Габсбургтер монархиясының дипломатиялық ведомоствасының басшысы болып тағайындалған граф, дипломат Винцель Йозеф фон Кауниц болды. Оның күш салуымен, ақыры, 1756 жылы 1 мамырда екі жақ арасында бейтараптық және қорғаныстық туралы актіге Версальда қол қойылды.

1754-1755 жылдары Солтүстік Америкадағы француз және британ отарлық әскерлері арасында әскери қақтығыстар басталды. 1756  жылы мамырда Ұлыбритания Францияға қарсы соғыс жариялады.  1756 жылы 17 (28) тамызда прусс королі ІІ Фридрих Саксонияға басып кіріп, саксон армиясын қоршап алды. Осылайша дәуірдің екінші ірі соғысы – Жетіжылдық соғыс (1756-1763 жылдар) басталды. Ресей Франция, Австрияны жақтап, Версаль келісіміне қосылды. 1756 жылы 31 желтоқсанда ол Габсбургтермен Петербургте одақтық келісім жасады. Нәтиежеде екі коалиция құрылды: бір жағынан – Пруссия,Ұлыбритания және герман мемлекеттері, екінші жағынан – Габсбургтер, Ресей, Франция, Саксония, Швеция, империя құрамына герман мемлекеттерінің көпшілігі. Кешегі жаулардан құрылған бұл коалициялардың пайда болуы тарихқа «дипломатиялық революция» деген атпен енді.

Бұл соғыс халықаралық қатынастардың  күрделі кешенінің салдары болды: Гогенцоллерндер мен Габсбургтердің әулеттік бәсекелесі, Габсбургтердің Пруссия басып алған Силезияны қайтаруға деген ұмтылысы, ағылшын-француз сауда бәсекелесі және орыстар мен прустардың Шығыс Прибалтикадағы ықпал үшін күресі болды. Әскери соғыс қимылдары прусс шекарасының өн-бойында, яғни Шығыс Пруссиядан Саксония мен Силезияға дейінгі жерлерде болды. Прустықтар Саксонияны тізе бүктірді, ал 1757 жылы қарашада Росбах шайқасында француз-австрия әскерлерін жеңді, Чехияны басып алуға ұмтылды. Соғысқа орыс әскерлерінің кірісуі Пруссияны жеңіліске ұшыратты.  Орыстар 1758 жылы Шығыс Пруссияны, Померанияны басып алды, 1760 жылы аз уақытқа Берлинге кірді.  Европада қарсыласу тоқтады деуге болады. Ресейде билік ауысып (Елизавета қайтыс болып, таққа ІІІ Петр отырады), ол соғыстан шықты. Соғыстың соңына қарай 1761 жылғы «Фамилиялық келісім» бойынша Францияны қолдап, соғысқа Испанияға қосылды.

1763 жылы 15 ақпанда Австрия мен Саксония Пруссиямен Губертусбург бітімін жасады. Австрия прусс королінің жерлеріне деген дәмесінен бас тартты. Силезия Пруссияға (оны 1740 жылы басып алған еді) бекітілді. Пруссия Саксониядан кетті. Бұл келісім Европадағы соғыстың қорытындысын шығарды.

Алайда соғыстың қорытындысы Европадағы шайқастарда ғана емес, сонымен бірге  отарлардағы шайқастарда да анықталды. Мұнда күштердің ара салмағы француздар үшін қолайсыз болып, ағылшындардың пайдасына шешілді.

Жетіжылдық соғыстың басты қорытындысы – Франция бір жарым ғасыр бойы құрған бүкіл отарлық империясынан айырылды. 1763 жылы 10 қарашада Парижде, бір жағынан – Англия және Португалия, екінші жағынан – Франция мен Испания арасында бейбіт бітімге қол қойылды. Париж бітімі Губертусбург бітімімен бірге жетіжылдық соғысты аяқтады. Париж бітімі бойынша: 1) Англия Франциядан Солтүстік Америкадағы Канаданы, Кейп-Бретон, Шығыс Луизиана (Жаңа Орлеансыз) аралдарын, Вест-Индиядағы бірнеше аралдарды, Африкада бүкіл Сенегалды, Үндістанда бес қаладан (Пондишери және т.б.) басқа барлық француз иеліктерін алатын болды;  2) Францияға Англия Сен-Пьер және Микелонды берді; 3) Испания Англияға Флориданы бергені үшін Франциядан Батыс Луизиананы және ақшалай компенсация алды.

Жетіжылдық соғыс нәтижесінде ең көп шығынға ұшыраған Франция болды. Оның отарлық және әскери-теңіз күші әлсіреді. Ал Ұлыбритания керісінше ірі отарлық және теңіз державасына айналды. Оған тең келер бәскелес болмады, осы кезден бастап ол теңіз қожайнына айналды. Пруссия күшейіп, енді оны европалық ірі державалар тең мемлекет ретінде қабылдайтын болды.  Жетіжылдық соғысқа қатысқан Габсбургтер монархиясы мен Ресейдің ештеңеге қолы жетпеді. Сондықтан олар енді Шығыс мәселесіне назар аудара бастады.

Жетіжылдық соғыс бұрынғы  күштер балансын Ұлыбритания мен  Пруссия пайдасына бұзды. Халықаралық  қатынастардың Вестфаль жүйесінің  негізгі принциптерінің бірі күйреді.

Халықаралық қатынастардағы поляк мәселесінің шиеленісе түсуі. Польша мемлекетінің жойылуы. Бір кездері күшті мемлекет болған Осман империясы ХVІІІ ғасырда құлдырау кезеңіне аяқ басты. Осылайша, Осман империясының тағдыры туралы мәселе немесе «Шығыс мәселесі» пайда болды.

Қара теңіз жағалауын иеленуге тырысқан Ресей Осман империясының иеліктерін бөлісуге мүдделі мемлекеттер арасында бөлуді жүргізуді талап етті. Ресейдің бұл көзқарасы ХVІ – ХVІІІ ғасырларда түріктермен үздіксіз соғысқан Габсбургтер монархиясының позициясымен сәйкес келді. ХVІІ ғасырдың аяғында Ресей мен Габсбургтер монархиясы Қасиетті лиганың түріктерге қарсы соғысына қатысты. 1711 жылы І Петр түрік сұлтанының иелігіне Прут жорығы дегенді жасады. 1735 – 1739 жылдары Ресей Габсбургтер монархиясымен және Иранмен бірге Қара теңіәзге шығу үшін Осман империясына қарсы соғысты.

Информация о работе ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар