Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 10:25, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Азаматтық, әлеуметтік және экономикалық құқықтардың сақталуы тұрғысынан жұмыс тобының адам құқықтары сақталуы мен көші-қон және еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың қамтамасыз етілуінің өзекті мәселелеріне арналған арнайы зерттеулерінің нәтижелері берілген. Сонымен қатар, бұл бөлімде мүмкіндігі шектеулі адамдардың (мүгедектердің), оралмандардың құқықтарының, баланың, әйелдердің, аз ұлттардың құқықтарының сақталуының, халықты құқықтық ағартудың өзекті мәселелері көрсетілген. Ұлттық жоспардың екінші бөлімінде азаматтардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқығының қамтамасыз етілуі мәселелері, адамның және азаматтың алдын ала тергеу мен анықтау барысында; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүргізу саласындағы; атқару ісін жүргізу сатысындағы; пенитенциарлық жүйедегі құқықтарының сақталуы талданады.

Содержание

1. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі және оны қорғау мәселелері
1.1 Халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын адамдардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқықтары..................................................................7-9
1.2 Алдын ала тергеу және анықтау кезеңіндегі адам құқықтары...............9-13
1.3 Азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу құқығы...................................................................................................................13-20
1.4 Әділ сот ісін жүргізу құқығы...................................................................20-32
1. 5Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары. Сотталғандар
құқықтары.............................................................................................................32-42
2. Сотта қорғалуға конституциялық құқықты іске асыру жолдары
2.1 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметінің
ұйымдастырылуы.................................................................................................43-46
2.2 ҚР омбудсмен институтының даму перспективалары..........................47-50
2.3 Сараптамалық-талдау қызметі. Заңнаманы жетілдіру жұмыстары.....50-65

Қорытынды......................................................................................................66-69
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....…..............................................................70-72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адам мен азаматтын конституциялық құқықтары.doc

— 526.00 Кб (Скачать документ)

Әкімдіктерге - 5, Бас прокуратураға - 2 ұсыным, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау – 2, бір-бірден денсаулық сақтау, әділет министрліктеріне, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне жіберілді.

Есептік кезеңде Уәкілдің ұсынымы бойынша адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған адамдар 31 жағдайда әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде прокуратура,  қылмыстық-атқару жүйесі, ішкі істер органдары, кедендік бақылау органдарының лауазымды адамдары мен  сот орындаушылары.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің араласуымен 78 жағдайда өтініш берушілердің құқықтары толық қалпына келтірілді, 24 жағдайда өтініш берушінің құқығы ішінара қалпына келтірілген.

Өңірлерде  адам құқықтарын сақтау мониторингі азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстың  маңызды бағыты болып табылады. Есептік кезеңде Адам құқықтарын сақтау мониторингі Ақмола, Алматы облыстарында пенитенциарлық, балалар, психиатриялық мекемелерінде өтті. Мониторинг нәтижелері бойынша  мемлекеттік органдарға  адам құқықтарын қалпына келтіру және оларды іске асыру жөнінде  ұсыныстар жіберілген.

Сараптамалық-талдау жұмысы  Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметінде  бұрынғыдай маңызды орын алады. Есептік кезеңде «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне  жедел іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Босқындар туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасы жүйесін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына ұсыныстар әзірленді.

Заңнаманы одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар  сараптамалық қорытындылар нысанында әзірленген, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы жұмыс топтарының, консультативтік кеңес органдарының отырыстарында мәлімделді.

Былтырғыдай, заң жобаларымен оларды  әзірлеу сатысында жұмыс істеу Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің есептік кезеңдегі сараптамалық-талдау қызметінің негізгі  бағыты болды.

2007 жылы Уәкіл атына  құқықтық  қорғау мәселелеріне сараптамалық- талдау өтінішімен  ҚР Конституциялық  Кеңесі, Сыртқы істер министрлігі, Әділет министрлігі,  Білім және  ғылым, Мәдениет және ақпарат министрліктері жолданған. Халықаралық құқықтық қорғау шарттарын орындау, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы  халықаралық стандарттарды  іске асыру туралы  елдік есептерді дайындау мәселелері бойынша  мемлекеттік органдардың сұратуларының  саны көбейді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі жанындағы Сараптамалық кеңес Уәкіл мекемесіне айтарлықтай сараптамалық консультативтік қолдау көрсетеді. Есептік кезеңде кеңестің 3 отырысы өтті, онда  Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің  «Қазақстан Республикасында  егде адамдардың құқықтарын сақтауы туралы» арнайы баяндамасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің   2006 жылғы қызметі туралы есеп, «Қазақстанда босқындар мен  оралмандардың құқықтарын сақтау туралы» мамандандырылған  баяндаманы дайындау мәселесі және т.б. талқыланды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғаммен ынтымақтастығы және өзара іс-қимылы  Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің  2007 жылғы қызметінің маңызды бағыттарының бірі болды. «Шетелге баланы асырауға беру Қазақстанға қажет пе?» тақырыбында қоғамдық тыңдауды өткізу, Адам құқықтары жөніндегі орталық пен Ішкі істер министрлігі арасында азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою, «Қазақстанда омбудсмен институтының дамуы» атты халықаралық конференцияны өткізу осының айғағы [21].

Адам құқықтары саласында білім беру жөніндегі жұмыс жалғасты. Есептік кезеңде өткізілген кездесулер барысында  Қазақстанда адам құқықтары саласында білім беру жөніндегі бүкіләлемдік бағдарламаны және Бүкіләлемдік бағдарламаның  бірінші кезеңінің (2005-2007 жылдар) іс шаралар жоспарын іске асыру барысына баға берілді.

Аталған Жоспарға сәйкес ағарту іс шаралары құқықтарды қорғаудың ұлттық механизмдері туралы білім алуға ықпал етуі тиіс. Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі 2007 жылы Уәкіл институты, оның құзыры, оған жүгіну тәртібі туралы ақпаратты қамтитын плакаттар мен жаднамалар сериясын шығарған, сондай-ақ көпшілік қолы жететін жерлерге тарату науқаны жүргізілген.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметінде адам құқықтары саласындағы халықаралық ынтымақтастық ерекше орын алады.

Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі нысандары мен механизмдері мыналар болып табылады: шетелдік серіктестермен іскерлік хат алмасу, халықаралық құқықтық қорғау ұйымдарының өкілдерімен және ҚР дипломатиялық миссиялар басшыларымен екі жақты кездесулер, халықаралық және өңірлік  конференциялар мен форумдарға қатысу,  бірлескен жобалар.

Уәкіл мекемесінің тұрақты серіктестігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), және Қазақстан Республикасындағы Босқындар ісі жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссарының басқармасы болып отыр. Есептік кезеңде Еуропалық құқық арқылы демократия үшін комиссиямен (Венеция комиссиясы) сындарды өзара іс-қимыл жалғасты, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыретін кеңейту перспективасын зерттеу және бірлескен халықаралық конференцияны ұйымдастыру соның нәтижесі болды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Адам құқықтары жөніндегі орталықтың қызметкерлері ЕҚЫҰ-ның төрт форумына, сондай-ақ БҰҰның органдары мен мекемелері өткізген әртүрлі іс шараларға қатысты, бұл қазақстандық омбудсменнің  жұмыс тәжірибесімен таныстыруға, адам құқықтарын қорғау және қолдау саласындағы  неғұрлым өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

2007 жылы Қазақстан Республикасындағы  Босқындар ісі жөніндегі БҰҰ  Жоғарғы комиссарының басқармасымен  және Еурокомиссиямен «Орталық  Азияда баспана жүйесін күшейту  мақсатында институционалдық даму әлеуетін  нығайту қызметі», ЮНИСЕФ және Еурокомиссиямен «Қазақстанда  бала құқықтары жөніндегі омбудсмен  жүйесін құруды қолдау» атты бірлескен жобаларды іске асыру жалғасты.

«Орталық Азияда баспана жүйесін күшейту мақсатында институционалдық даму әлеуетін  нығайту қызметі» бағдарламасы нәтижесінің бірі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Қазақстан Республикасында босқындар мен оралмандардың құқықтарын сақтау» тақырыбына төртінші арнайы баяндаманы дайындау болды. Баяндамада босқындар мен оралмандардың құқықтарының сақталуына талдау жасалады, мемлекеттік, үкіметтік емес ұйымдардан алынған ақпарат қорытылады, Қазақстан Республикасында босқындар мен оралмандардың құқықтарын сақтау ахуалын жақсарту жөнінде ұсыныстар беріледі,

Одан басқа Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ақпараттық бюллетені үш рет басылып шықты, онда 2007 жылғы мекеме қызметінің мәселелері көрсетіледі,  Қазақстан аумағында босқындар мен оралмандардың құқықтарының сақталуына мониторинг материалдары, сондай ақ үкіметтік емес ұйымдардың ақпараты қамтылады. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс қимыл жасауда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы ҮЕҰ Консультативтік кеңесі маңызды рөл атқарады, онда ҮЕҰ Уәкіл мекемесімен одан әрі іс қимыл жасау мәселелері талқыланады, азаматтардың құқығын қорғаудың өзекті мәселелері қаралады, оларды шешу жөніндегі шаралар  әзірленеді. Есептік кезеңде Консультативтік кеңестің бес отырысы өтті.

Адам құқықтары туралы, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметі  және оған жүгіну тәртібі  туралы ақпарат тұрақты жаңартылып отыратын Уәкілдің веб-сайтында  қамтылған (www.ombudsman.kz)..  Сайттағы ақпарат сайтқа кірушілерге  үш тілде берілген: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде. Одан басқа азаматтардың  Адам құқықтары жөніндегі уәкілге электрондық хат жіберу мүмкіндігі пайда болды. Компьютерлендірудің дамуына байланысты интернет жүйесі бойынша түсетін хаттар  саны тұрақты өсіп келеді. Электрондық байланыс құралдары арқасында өңірлерді қамту мүмкіндігі кеңейді [22].

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінде бұқаралық ақпарат құралдарымен серіктестік маңызды болады. Есептік кезеңде құқықтардың бұзылуы туралы фактілерді тексеру практикасы жалғасты, олар туралы БАҚ-та жарияланады.

Фактілерді тексеру туралы іс жүргізу  БАҚ-та болған төрт хабар бойынша басталды. Уәкілдің шетелдіктердің қазақстандық балаларды асырап алуы, гендерлік теңдікті орнату, адамның қадір-қасиетіне қол сұқпаушылық, мүгедектер құқықтары сияқты құқықтық қорғау мәселелері жөніндегі ұстанымы БАҚ-та кеңінен жарияланды. Тоқсан сайынғы және тематикалық конференцияларды өткізу, адам құқықтары мәселелері бойынша телебағдарламаларға қатысу, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкерлерінің БАҚ-та мақала беру практикасы жалғасты. Одан басқа, есептік кезеңде телеканалмен бірлесіп жеке телехабар дайындау сияқты БАҚ-та құқық қорғау мәселесін жариялау мүмкіндігі алғаш рет пайдаланылды [23].

Сонымен бірге Уәкіл аппаратының қызметкерлері үшін методологиялық семинарлар өткізу практикасы жалғасты. Есептік кезеңде шетелдік немесе шетелдік қатысатын кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің құқықтары,         сондай-ақ адам құқықтары және саясат жайындағы ахуалды талдауға арналған екі семинар өтті. Өз қызметі кезеңінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі мемлекеттік органдарға,  сондай-ақ  тұтас қоғамға қызметі қажет құқықтық қорғау институты ретінде қалыптасты. Оған кәсіптік, адам құқықтарын қолдау және қорғау процесіне тартылған барлық субъектілермен тәуелсіздік және ынтымақтастық қағидалар негізінде өз функцияларын орындауға ұмтылыс ықпал етті.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бес жылдағы қызметі нәтижелері бойынша оның қызметінің маңызды бағыттарының бірі медиаторлық функция болып келеді деп қортынды жасауға болады.

 

 

 

2.2 ҚР  омбудсмен институтының даму  перспективалары

 

Уәкіл аппараты штатын кеңейту және институттың материалдық жағдайын жақсарту мәселесі аса назар аударуды қажет етеді, онсыз омбудсменге жүктелген функцияларды толыққанды орындау мүмкін емес.

Әлемнің барлық елдерінде, бұрынғы кеңес одағының елдерін есептемегенде, омбудсмен бюроны немесе офисті басқарады, ол оның штатын құрады және басқарады, әдетте, оның штатын өзі дербес белгіленген бюджет шегінде белгілейді. Әдетте, омбудсмен офисі мамандандырылған бірнеше бөлімдер мен тергеушілер штатынан, сондай-ақ қажетті техникалық персоналдан тұрады.

Бұл ретте, егер Испания омбудсмені институтының штаты  180-ге жетсе, Греция омбудсменінің штаты 140, ал кейбір ТМД елдерінде: Ресей Федерациясы, Украинада  қызметкерлер саны 250 адам құрайды. Швецияда тек Ұлттық Парламенттік омбудсмен қызметкерлінің штаты 50 адамды құайды, сонымен бірге негізгі омбудсменнен басқа басқа да бірнешеуі бар, мысалы, этникалық кемсітушілікке қарсы күрс жөніндегісі,  оның штаты  40 адам. Көп санды мемлекеттерде омбудсмен аппаратының штаты аймақтық өкілдіктерді санамағанда 50 адамды құрайды.

Нақты бір азаматтың бұзылған құқығын қалпына келтіру адам құқығын бұзуға жол берген мемлекеттік мекеменің қызмет тәжірибесін қайта қарауға ынталандырады.

Арыздармен жұмыс істеу, азаматтарды қабылдау институт қызметінің тиісті әкімшілік ету жүйесін құру мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін институт қызметінің бірінші кезектегі құрылымы.

Азаматтардың жолдану практикасы әртүрлі: жеке қабылдау, қоңырау шалу, факс бойынша. Барлық хаттар, қолдары болмаса да және интернет арқылы келсе де іс жүргізуге алынады және ол бойынша нақты жұмыс жүргізеді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы ақпаратты белсенді таратқанымен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық көрсететін қызметтер мен көмекке азаматтардың қол жеткізу мәселесі орын алып отыр. Бұл бәрінен географиялық факторға атап айтқанда, Астана қаласынан алыс болуына, омбудсмен мекемесіне келіп түсетін хаттардың көбеюіне тиісінше оларды қарау және тексеру жұмысы көлемінің ұлғаюына, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта жүзеге асырылатын сараптамалық консультативтік жұмыс көлемінің өсуіне байланысты [24].

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық хаттармен жұмыс істеуден басқа көлемді сараптамалық талдау жұмысын жүргізеді:

- Уәкіл қызметі туралы кезеңдік  есептерді және жыл сайынғы  арнайы тақырыптық есепті дайындау;

-  ел есептерін әзірлеуге  қатысу;

- ол мониторинг жүргізу және  комитеттер мен халықаралық ұйымдарға құқықтық қорғау қызметінің барлық бағыттары бойынша нақты және объективті ақпарат беру жөнінде жұмысты жандандыруды көздейді.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықпен Еуропалық одақ қаржыландыратын «Қазақстанда омбудсмен институтын нығайту» атты  қазақстандық, испандық, грек омбудсмендерімен екі жақты серіктестік бағдарламасы аясында  жұмыс істеген халықаралық сарапшылар да оның штатын кеңейту және мәртебесін көтеру қажеттігі туралы  қорытындыңа келді. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында өткен «Омбудсмен тиімді жұмыс істеген жағдайда адам құқықтарының тұрақты дамуы» халықаралық конференцияда осындай сипаттағы ұсыныстар жасалған.

Сонымен бірге аймақтық орталықтарды құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылған, себебі шағымданушылар жиі өздерінің  жолданғысы келетін жергілікті өкілдіктер туралы ақпарат сұрайды [25].

Осылайша штат санының аз болуына және бар санатқа байланысты адам құқықтарының бұзылуы туралы хабарға толыққанды  және жедел шара қолдануды қамтамасыз ету, сондай ақ құқықтардың бұзылуына күнәлі лауазымды адамдарды жазалау процесін, Уәкілдің ұсынымдарын толық орындауды қадағалау, егер ұсыным орындалмаса жұмысты жалғастыру өте қиын, және кейбір кезде қызметкерлердің жүктемесі көп болғандықтан сапасына зиян келтіріледі.

Информация о работе Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары