Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 10:25, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Азаматтық, әлеуметтік және экономикалық құқықтардың сақталуы тұрғысынан жұмыс тобының адам құқықтары сақталуы мен көші-қон және еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың қамтамасыз етілуінің өзекті мәселелеріне арналған арнайы зерттеулерінің нәтижелері берілген. Сонымен қатар, бұл бөлімде мүмкіндігі шектеулі адамдардың (мүгедектердің), оралмандардың құқықтарының, баланың, әйелдердің, аз ұлттардың құқықтарының сақталуының, халықты құқықтық ағартудың өзекті мәселелері көрсетілген. Ұлттық жоспардың екінші бөлімінде азаматтардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқығының қамтамасыз етілуі мәселелері, адамның және азаматтың алдын ала тергеу мен анықтау барысында; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүргізу саласындағы; атқару ісін жүргізу сатысындағы; пенитенциарлық жүйедегі құқықтарының сақталуы талданады.

Содержание

1. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі және оны қорғау мәселелері
1.1 Халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын адамдардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқықтары..................................................................7-9
1.2 Алдын ала тергеу және анықтау кезеңіндегі адам құқықтары...............9-13
1.3 Азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу құқығы...................................................................................................................13-20
1.4 Әділ сот ісін жүргізу құқығы...................................................................20-32
1. 5Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары. Сотталғандар
құқықтары.............................................................................................................32-42
2. Сотта қорғалуға конституциялық құқықты іске асыру жолдары
2.1 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметінің
ұйымдастырылуы.................................................................................................43-46
2.2 ҚР омбудсмен институтының даму перспективалары..........................47-50
2.3 Сараптамалық-талдау қызметі. Заңнаманы жетілдіру жұмыстары.....50-65

Қорытынды......................................................................................................66-69
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....…..............................................................70-72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адам мен азаматтын конституциялық құқықтары.doc

— 526.00 Кб (Скачать документ)

ҚР Әділет министрлігінің ҚАЖК берген Қазақстан Республикасының түрмедегі халқы бойынша 2009 жылғы 1 қаңтардағы сатистикалық мәліметтердің негізінде, Лондон университеті жанындағы Халықаралық түрме зерттеу орталығы (ХТЗО) әлемнің түрме жүйелерінің даму үрдісінің жалпы әлемдік кестесінің мәліметтерін жаңартты. ХТЗО есептеулеріне сәйкес 2009 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы ел халқының 100 мың адамына 382 қамалған адамнан келетін индекспен 17 орын алды (салыстыру үшін: 2008 жылы – 18 орын, 2007 жылы – 23 орын, 2006 жылы – 25 орын), яғни соңғы 3 жылда сотталғандар санының орнықты өсу үрдісі байқалады. 2009 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанның пенитенциарлық жүйесінде 50394 сотталған адам жазасын өтеген (2005 жылы – 44076) [17].

Сотталғандарды айып изоляторлары мен камера үлгісіндегі үй-жайларға заңсыз қамау фактілеріне жол берілген, оларға негізсіз тәртіптік жаза қолданылған, мекеме әкімшіліктері жазаны өтеуден шартты түрде-мерзімінен бұрын босану (ШМБ) құқығын жүзеге асыруына және колония-мекендерге көшіруге, сондай-ақ амнистия актісін қолдануда заңсыз кедергі жасау жағдайларына жол берген.

Сотталғандар арыздарының сипаты жазадан, соның ішінде ауруы бойынша шартты түрде-мерзімінен бұрын босату тәртібі мен шарттары туралы, соттардың шартты түрде-мерзімінен бұрын босатудан бас тартуына шағымданудың тәртібі мен мерзімдері туралы, сондай-ақ мекеме әкімшілігінің қолданған жазасына шағымдану құқығы туралы хабардар болуының төмен деңгейі туралы куәландырады.

Сотталғандардың шартты түрде-мерзімінен бұрын босату туралы мәселелердің шешілуі кезінде сотқа қол жеткізу құқықтарының бұзылу жағдайлары орын алған.

Қазақстан әлеуметтанушылары ассоциациясы сарапшылары 1500 респондентке берген «Сіз қалай есептейсіз, түзеу мекемелеріндегі қамалған адамдардың жағдайы олардың функцияларын ҚР Ішкі істер министрлігінен Әділет министрлігіне бергеннен кейін жақсарды ма?» деген сұраққа респонденттердің 21,4% сотталғандардың жағдайы жақсарғанын растаған, 58,4% жауап беруге қиналған, ал сұрақ берілгендердің 20,2% сотталғандардың жағдайы жақсарған жоқ деп санайды. Әлеуметтанушылық зерттеудің алынған нәтижелері ҚР Конституциясы мен ҚАК, адам құқықтары саласындағы Қазақстанның халықаралық міндеттемелерімен кепілдік берілген сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз етуде елеулі проблемалардың бар екенін растайды.

Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген азаматтардың денсаулығын қорғау құқықтары жеткіліксіз дәрежеде қамтамасыз етілген. Пенитенциарлық мекемелерде азаматтық денсаулық сақтаудың жеке мамандарымен консультация өткізуге және сотталғандарды қазіргі заманғы тексерулерден өткізуге арналған мүмкіндіктер шектеулі. Медициналық көмекпен қамтамасыз етуге дәрігерлердің бос орындарының болуы және жалақы деңгейінің төмендігі ықпал етеді, бұл жағдайда олардың көпшілігінің өз міндеттерін тіисті дәрежеде орындауға құлқы төмендейді.

Мысалға, бүгінгі таңға сотталғандар арасындағы өлім-жітім елеулі проблема күйінде қалуда.

2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай  бойынша түзеу мекемелерінде 4347 туберкулезбен ауырған адамдар  болған (2008 жылғы 1 қаңтарда – 3460). Сотталғандар ішінде өлім-жітім деңгейі 268-ден (2007 жылы) 328 (2009 жылғы 1 қаңтарда) жағдайға дейін артқан.

Өлім-жітімнің өсуі аталған облыстарда туберкулезбен емдеу мекемелерінің болуымен ғана емес, сонымен қатар медициналық комиссиялардың ауыр науқастарды дер кезінде актілемейтіндігіне және әкімшіліктердің ауруы бойынша мерзімінен бұрын босатуға материалдарды сотқа уақтылы бермейтіндігіне де байланысты.

Жүргізілген тексерулер айрықша режимдегі мекемелер қызметіндегі заңдылықтың көптеген бұзылуын анықтаған. Бұл мекемелердегі адамның артық қоныстануы және сотталған адамдарды ұстауға арналған шығыстарды қаржыландырудың төмендеуі сотталған адамдардың қылмыстық-атқару заңнамасында және 1955 жылы БҰҰ бірінші Конгресінде жасалған, қабылданған Сотталған адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең төменгі стандарттық ережелерінде кепілдік берілген құқықтарының бұзылуының басты себебі болды. Оған қоса, сотталған адамдар қолайсыз және санитария мен гигиена нормаларына қайшы келетін жағдайда ұсталуға мәжбүр болды.

Ғимараттар мен үйлердің көпшілігінің жай-күйі Халықаралық ережелерге сай келмейтінін атап өту қажет, онда қамаудағыларға жетерліктей өмір сүру кеңістігі берілуге және жеткілікті ауа ағыны мен олардың денсаулығын сақтау үшін жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс деп анық айтылған. Түзеу мекемелерінің көпшілігі жиырмасыншы ғасырдың 30-60 жылдары соғылған ғимараттарда орналасқан.

Сотталғандар әдетте казармалық үлгідегі жатақханада өмір сүреді (100-150 адам), бұл сотталғандардың түзелуі процесін, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді едәуір қиындатады.

Қамау орындарының шамадан тыс толып кетуі санитарлық-гигиеналық жағдайдың нашарлауына әкеп соғады, сотталған адамды жеке қалу мүмкіндігінен айырады, қызмет көрсету жүйесіне, ішінара алғанда медициналық қызмет көрсету жүйесіне артық күш түсіреді, бағдарламалық іс-шараларды жүзеге асыруды айтарлықтай қиындатады және сөзсіз қамалғандар арасындағы, сондай-ақ қамалғандар мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастағы шиеленіске апарып соғады, бұл күш қолдану қатерін арттырады.

Жабық мекемелерде қамаудағылармен қатыгездік қарым-қатынас қатері артады.

2007 жылғы сәуірде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының ЛА-155/8 мекемесінде және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасының Арқалық қаласындағы №1 түрмесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қатысты азаптау элементтерін қолдану орын алған. Аталған мекемелер қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне наразылық белгісі ретінде 30-дан астам сотталғандар жаппай дене мүшелерін зақымдау акциясын жасаған. Бас прокуратураның күш салуының арқасында наразылық белгісі ретінде жаппай дене мүшелерін зақымдау акциясын қолданған сотталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалу фактісі бойынша объективті тергеу жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 27 ақпандағы қаулысымен Қылмыстық кодекстің 361-бабының бірінші бөлігі мен төртінші бөлігі (бірінші бөліктің белгілерін саралауға қатысты) конституциялық емес деп танылды.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 27 ақпандағы қаулысының негізінде Алматы облысы Қапшағай қаласының соты ЛА-155/8 мекемесіндегі жаппай дене мүшелерін зақымдау акциясына қатысқан сотталғандарға қатысты қылмыстық істің жүргізілуін тоқтатты.

Сотталғандардың Конституцияның 13-бабының 3 бөлігінде және Қылмыстық-атқару кодексінің 10-бабында кепілдік берілген білікті заң көмегін алуында проблемалар бар. Сотталғандар үшін көретілетін адвокат қызметтері тегін заңгерлік көмек тізбесіне енгізілмеген, айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін сотталған адам, егер де адвокаттар қызметіне ақы төлеу қаражаты болмаса, тегін білікті заңгерлік көмек алу құқығынан айырылады [18].

Түзеу мекемелеріндегі кәмелетке толмаған адамдар құқықтарын қорғаудың жай-күйі Адам құқықтары жөніндегі комиссияның ерекше алаңдаушылығын тудырып отыр.

Республика аумағында сотталған кәмелетке толмаған адамдар ұсталатын 5 түзеу мекемесі жұмыс істейді.

Бұл ретте, барлық мекемелерде балалардың асыраушысынан айрылуы бойынша және өзге де заңды негіздер бойынша әлеуметтік қамсыздандырылу құқығының бұзылулары айқындалған. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және тәрбие, емдеу және басқа да мекемелерде жүрген балалар тиісті алименттерге, зейнетақыларға, жәрдемақыларға және басқа әлеуметтік төлемдерге құқылы.

Бас прокуратураның мәліметтері бойынша түзеу мекемелерінде жүрген 437 кәмелетке толмай сотталғандардың 122-сі жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Бұл ретте, түзеу мекемелері әкімшіліктерінің тарапынан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік арнайы жәрдемақы алу құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 108-бабын бұза отырып, қабылданбаған.

Осылайша, 122 кәмелетке толмаған сотталғандардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабында кепілдік берілген асыраушысынан айырылуы бойынша және өзге де заңды негіздер бойынша әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы бұзылған.

Сотталғандардың ҚР Конституциясында және ҚР ҚАК-де, адам құқықтары саласындағы халықаралық актілермен кепілдік берілген құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметіне уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп 2009-2012 жылдардағы кезеңде іс жүзінде мына шараларды жүзеге асыруды ұсынамыз:

1. Қылмыстық-атқару жүйесі  мекемелерін құзырлы және білікті  кадрлармен жасақтау.

2. Соттардың қылмыстық жазаның бостандықтан айыруға балама түрлерін қолдану практикасын кеңейтуге арналған ұйымдық-құқықтық жағдай жасау.

Бостандықтан айыруға балама жазалау түрлерін неғұрлым кеңінен қолдануға, түрме халқын жұмыспен неғұрлым толық қамтуға және қамау орындарынан бостандыққа шыққан адамдарды сәтті қайта әлеуметтендіруге жағдай жасайтын сынау қызметін құру, қылмыстық-атқару мекемелерінің негізгі қорлары мен өндірістік базаларын жаңарту қажет.

3. Сотталғандарды бостандығынан  айыру орындарында ұстаудың қауіпсіз және лайықты шартарын қамтамасыз ету.

Қамаудағылармен қарым-қатынас жасаудың ең төменгі стандарттарына сай келетін мекемелердің қажетті санын салуды жалғастыру.

4. Әділет министрлігі  Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен  және «Еңбек» РМК-мен бірлесіп жазасын өтеп жүрген сотталғандарға арналған жұмыс орындарын арттыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын, бұл талаптарды өз уақытында өтеуге және ШМБ құқығын жүзеге асыруға жағдай жасайды.

5. Сотталғандар мен түзеу  мекемелері қызметкерлерінің шартты  түрде-мерзімінен бұрын босату мәселелері бойынша хабардар болуы мен құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу.

6. Сотталғандардың түзелуін  бағалауға қатысты: түзелу жолына  түсті, түзелу жолына берік түсті, түзелгенін дәлелдеді деген критерийлерді әзірлеу.

7. Сотталғандарға білікті  заңк көмегін көрсету тәртібін  заңнамалық түрде бекіту.

8. Түзеу мекемелері мен  тергеу изоляторлары азаматтық  қоғам институттары тарапынан  бақылау үшін барынша ашық  болуға тиіс. Құқық қорғау органдарының, түзеу мекемелері әкімшіліктерінің, тергеу изоляторларының қызметі жұртшылыққа белгілі болуға тиіс. Бұл ұйымдардың жабықтығы азаптау мен күш қолдануға идеалды түрде жағдай жасайды.

2012 жылы тәуелсіз қоғамдық, медициналық және т.б. бақылау  процедуралары, түзеу мекемелері әкімшіліктерінің, тергеу изоляторларының, психоневрологиялық диспансерлердің ҮЕҰ-мен және БАҚ-тармен өзара іс-қимылының түрлері мен әдістері регламенттелетін «Мәжбүрлеп ұстау орындарындағы адам құқықтарының сақталуын қоғамдық бақылау туралы» бөлек Заң қабылдансын.

9. «Мәжбүрлеп ұстау орындарындағы  адам құқықтарының сақталуын  қоғамдық бақылау туралы» бөлек  Заң қабылдағанға дейін қоғамдық  қадағалау комиссияларына адам  құқықтарының сақталуына мониторинг  жасау үшін заңнамалық түрде  түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларына, уақытша ұстау изоляторларына кенеттен кіріп бару құқығы берілсін.

10. Қазақстан Республикасы  Президентінің жанындағы Адам  құқықтары жөніндегі комиссия  мен Әділет министрлігі Қоғамдық  қадағалау комиссиялары мүшелерінің  түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларына еркін кіріп-шығуы жөніндегі шараларды қабылдасын.

11. Бостандығынан айыру  орындарында жазасын өтеп шыққан  адамдарды бейімдеу орталықтары  құрылсын, өйткені оларды Қазақстанның  қылмыстық-атқару мекемелерінде  ұстаудың қазіргі жағдайлары адамның денсаулығына, көп жағдайда қоғамның қалыпты өміріне кірісуге ұзақ уақыт қабілетсіз ететін белгілі бір нұқсан келтіреді.

12. Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігі алдағы уақытта  Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің  түзеу мекемелерінде ұстауда жүрген кәмелетке толмағандардың мүліктік және әлеуметтік құқықтарының бұзылуына жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдасын [19].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Сотта қорғалуға конституциялық  құқықты іске асыру жолдары

2.1  Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметінің ұйымдастырылуы

 

Алдыңғы жылдардағыдай азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын азаматтардың хаттарын қарау және ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ аумақтарда  құқықтық қорғау мониторингі арқылы қорғау жөніндегі жұмыс Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі бағыты болып табылады.

2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі  уәкіл мекемесіне 1286 жазбаша өтініш  келіп түсті. Алдыңғы екі жылмен  салыстырғанда  жазбаша өтініштер  көлемі кішкене азайды. 2005 жылы  өтініштер санының көбеюі омбудсменнің құқықтық қорғау өкілеттігін кеңейткен Қазақстан Республикасы Президентінің «Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» 2004 жылғы 29 қарашадағы № 1474 Жарлығының қабылдануына байланысты болғанын атап өткен жөн [20].

Осыған байланысты сот органдарының әрекеттері мен әрекетсіздігіне арыздар саны, сондай ақ сот шешіміне келіспеуі туралы өтініштер саны көбейді. Өткен жылы діни бірлестіктерді тіркеу мәселесі бойынша эдвокаси кампаниялары аясында хаттардың түсуі себепші болды.Тұтастай алғанда,        2004 жылдан бастап түсетін хаттардың саны жыл сайын мыңнан асады.

Есептік кезеңде Уәкілге барлығы 3468 адам жолданды.

Мемлекеттік органдарға  2 хат Премьер-министрдің атына жіберілді, және алам құқықтарын қамтамсыз ету мәселесі бойынша 12 нұсқау жіберілді.

Информация о работе Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары