Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 10:25, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Азаматтық, әлеуметтік және экономикалық құқықтардың сақталуы тұрғысынан жұмыс тобының адам құқықтары сақталуы мен көші-қон және еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың қамтамасыз етілуінің өзекті мәселелеріне арналған арнайы зерттеулерінің нәтижелері берілген. Сонымен қатар, бұл бөлімде мүмкіндігі шектеулі адамдардың (мүгедектердің), оралмандардың құқықтарының, баланың, әйелдердің, аз ұлттардың құқықтарының сақталуының, халықты құқықтық ағартудың өзекті мәселелері көрсетілген. Ұлттық жоспардың екінші бөлімінде азаматтардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқығының қамтамасыз етілуі мәселелері, адамның және азаматтың алдын ала тергеу мен анықтау барысында; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүргізу саласындағы; атқару ісін жүргізу сатысындағы; пенитенциарлық жүйедегі құқықтарының сақталуы талданады.

Содержание

1. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі және оны қорғау мәселелері
1.1 Халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын адамдардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқықтары..................................................................7-9
1.2 Алдын ала тергеу және анықтау кезеңіндегі адам құқықтары...............9-13
1.3 Азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу құқығы...................................................................................................................13-20
1.4 Әділ сот ісін жүргізу құқығы...................................................................20-32
1. 5Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары. Сотталғандар
құқықтары.............................................................................................................32-42
2. Сотта қорғалуға конституциялық құқықты іске асыру жолдары
2.1 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметінің
ұйымдастырылуы.................................................................................................43-46
2.2 ҚР омбудсмен институтының даму перспективалары..........................47-50
2.3 Сараптамалық-талдау қызметі. Заңнаманы жетілдіру жұмыстары.....50-65

Қорытынды......................................................................................................66-69
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....…..............................................................70-72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адам мен азаматтын конституциялық құқықтары.doc

— 526.00 Кб (Скачать документ)

- азаптау актілерінің  барлығының Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қудалануы, олардың шағын немесе орташа ауыр қылмыс санатына жатқызылмауы және оларға тиісті үкімдер шығарылуы қамтамасыз етілсін, сондай-ақ жаңа заңдар мен түзетулердің іске асуын қамтамасыз ету мүддесіне барлық судьяларды, прокурорларды және адвокаттарды үздіксіз оқытудың міндетті сипаты қамтамасыз етілсін;

- іс жүзінде азаптау  мен жәбір көрсетуге қатысты  барлық пайымдауларды дер кезінде, әділ әрі тиімді тергеуді және  кінәлілерді, құқық қорғау органдарының  қызметкерлері мен басқа адамдарды қоса, қылмыстық қудалау мен жазалауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдансын, және де мұндай тергеулерді толығымен тәуелсіз органдар жүргізуге тиіс;

- адамның нақты жасырын  ұстауға ұшырамауын және барлық  ұсталған күдіктілердің іс жүзінде қамауда ұсталған уақыты ішінде барлық негізгі құқықтық кепілдіктерге ие болуын қамтамасыз ету жөніндегі тиімді шаралар дер кезінде қабылдансын. Олардың қатарына, ішінара алғанда - бас бостандығынан нақты айырылған сәттен бастап мыналар жатады - адвокатқа қол жеткізу құқығы, тәуелсіз медициналық куәландыру құқығы, туысқанын хабардар ету құқығы, ұсталған сәтінде өз құқықтары туралы, соның ішінде тағылған айыпқа қатысты хабардар болу құқығы, сондай-ақ дер кезінде судья алдында болу құқығы;

- барлық ұсталған адамдардың хабеас корпус процедурасы негізінде оларды ұстаудың заңдылығын тиімді және жедел шағымдану құқығына кепілдік берілуге тиіс;

- ұсталған адамның өзінің  туысқандарына қайда тұрған жерін  хабарлау құқығын беруден бас  тартуға пайдаланылуға болатындай ешқандай айрықша жағдаяттың болмауын қамтамасыз ету үшін ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне түзету енгізілсін;

- тұтқындаудың немесе  ұстаудың кез келген түріне  ұшыраған адамдарды қамауда ұстауға, ұстауға және жауап алуға қатысты  барлық ережелер мен нұсқаулықтарды жариялау қамтамасыз етілсін, сондай-ақ ұсталған сәттен бастап азаптаудан тиімді қорғалуын қамтамасыз ету үшін әрбір ұсталған адамның адвокатқа, тәуелсіз дәрігерге, туысқандарына және басқа да құқықтық кепілдіктерге қол жеткізу құқығының жүзеге асырылуы қамтамасыз етілсін;

- құқық қорғау органдары  қызметкерлерін олардың кәсіптік  біліктілігін көтеру мақсатында  жасөспірімдермен жұмыс істеу  үшін дайындау қамтамасыз етілсін, сотқа дейін ұстауды қоса алғандағы  бостандығынан айырудың бар мүмкіндігінше созылмауы қамтамасыз етілсін, бостандықтан айыруға балама шаралар әзірленіп, пайдаланылсын;

- мойындатуға кез келген  ынталандыруды жою үшін тергеушілердің  қызметтік аттестациясы жүйесі  өзгертілсін, полиция қызметкерлерін  адам құқықтарымен таныстыру жөніндегі қосымша шаралар қабылдансын;

- Азаптауларға қарсы конвенцияның 3-бабында бекітілген міндеттемелерді  орындауға мүмкіндік беретін  жер аудару, оралу және ұстап  беру тәртібін регламенттейтін  заңнамалық актілер қабылдансын; Конвенция ережелерінің ұсталғандарды беру туралы кез келген толықтығы азырақ екіжақты немесе көпжақты келісімдерден басым болуы қамтамасыз етілсін, пана беру туралы жасаған өтініштеріне келісім берілмеген адамдардың тиімді аппеляция беруіне кепілдік берілсін; барлық жер аудару, оралу және ұстап беру жағдайларында Конвенцияның 3-бабына сәйкес міндеттемелердің толық сақталуы қамтамасыз етілсін; бірде бір адамның оған ол жерде азаптауды қолдану қатері төнуі мүмкін деп ұйғарылған елге айдап шығарылмауы, оралмауы немесе берілмеуі, пана беру туралы өтініштері кері қайтарылған адамдардың қабылданған шешімнің күшін тоқтата тұрып тиімді апелляция бере алуы қамтамасыз етілсін;

- 2004-2006 жылдары іске асырылған  бағдарламаға ұқсас қылмыстық-түзеу  жүйесін оны Біріккен Ұлттар  Ұйымы қабылдаған Қамаудағы адамдармен қарым-қатынастың ең төменгі стандарттарына толық сәйкес келтіру мақсатында одан әрі дамыту бағдарламасы бекітілсін;

- пенитенциарлық жүйедегі  мамандарды дайындау жалғастырылсын  және ұсталған адамдармен байланыстағы  барлық адамдар адам құқықтарын қорғау және қамаудағылармен қарым-қатынас саласындағы халықаралық стандарттармен таныс болуы қамтамасыз етілсін;

- қамау орындарының шектен  тыс толып кетуі қысқартылсын, соның ішінде жаңа пенитенциарлық  мекемелер салу және заңдарда  көзделген түрмеге қамауға балама болып табылатын шараларды қолдану жолымен қысқартылсын;

- ақтық шара ретінде  оқшаулауды қолдану қатаң қадағалаумен  және сот қадағалауы тәртібімен  шешімді қайта қарау мүмкіндігімен  барынша ең қысқа мерзімге  шектелсін;

- қамаудағыларды дене мүшелерін зақымдаушылық сияқты түңілу актілерін жасауға итермелейтін себептер анықталып, тиісті қорғау шаралары қамтамасыз етілсін;

- тұтқынға алу немесе  босату кезіндегі ұсталған адамдарды  куәландыру үшін тұрақты негізде  де, сол сияқты олар өтінген  кезде де жұмыс істейтін Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігінен тәуелсіз жұмыс істейтін денсаулық сақтау қызметі құрылсын, судьялардың қамаудағыларға азаптау әдістерін және адамгершлікке жатпайтын, қатыгез іс-әрекеттер қолданылып алынған дәлелдемелерді қарауы, тәуелсіз медициналық куәландыруды тағайындауы немесе істі қосымша тергеу жүргізу үшін қайтаруы қамтамасыз етілсін;

- қамауда ұстау уақытындағы  барлық өлім жағдайының дер  кезінде, тәуелсіз және жан-жақты  тергелуі және азаптау, жәбірлеу  нәтижесінде болған кез келген осындай өлімге кінәлі немесе кез келген осындай өлімге әкеп соққан қасақана немқұрайдылыққа кінәлі деп танылған адамдардың қылмыстық қудалануы қамтамасыз етілсін;

- қоғамдық қадағалау комиссияларының  елдегі барлық қамауда ұстау  орындарына ескертусіз тексеру жүргізуге шектеусіз құқығына кепілдік берілсін және комиссия мүшелерімен байланысқа түскен қамаудағы адамдардың қандай да бір қуғын-сүргінге ұшырамауы қамтамасыз етілсін;

- азаптауды болдырмау  мақсатында ұлттық превентивтік  тетік барынша жылдам құрылсын немесе тағайындалсын және Конвенцияның Факультативтік хаттамасының ережелеріне сәйкес оның тәуелсіз сипатын қамтамасыз етудің барлық қажетті шаралары қабылдансын;

- Адам құқықтары жөніндегі  уәкіл лауазымы өзіне тиісті  адам, қаржы және өзге де ресурстарымен Парламент қабылдаған заң негізінде және Париж принциптеріне сәйкес қызмет ететін толыққанды ұлттық құқық қорғау институтына айналсын [6].

Жоғарыда айтылғандарға және БҰҰ Азаптауларға қарсы комитеті берген ұсынымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұсынымдардың бірқатары бойынша олардың орындалуы туралы 2012 жылдың аяғына дейін есеп беруге тиіс екендігіне, ал Азаптауларға қарсы конвенцияның енгізілуі туралы тегіс қамтитын баяндаманың 2012 жылы болатынына сәйкес, Адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспары азаптаулардан және қатыгездік жәбір көрсетулер мен жазалаулардан қорғау саласындағы заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған келесі бірқатар іс-шараларды қамтиды:

 

1.4 Әділ сот ісін жүргізу құқығы

 

Әділ сот ісін жүргізу құқығы жеке құқықтардың қосылуын білдіреді, сот төрелігін жүргізу барысында олардың әрқайсысын қамтамасыз ету сот ісін жүргізудің әділ болу-болмауын анықтауға мүмкіндік береді. Әділ сот ісін жүргізу құқығын оны құрайтын құқықтарды топтастырып, үш элементке бөлуге болады: 1) сотқа дейінгі құқықтар, 2) сот процесі кезіндегі құқықтар, 3) соттан кейінгі құқықтар.

Қылмыстық іс бойынша әділ сот ісін жүргізу құқығы осы жеке тұлғаны қылмыстық процеске тартқан сәттен бастап пайда болады. Қандай да бір сот ісінің жағдайына қарай бұл сәт ұстаумен, тұтқындаумен немесе айып тағылумен қабат кеп қалуы мүмкін. Осылайша, әділ сот ісін жүргізу кепілдіктері қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу және анықтау процестерінде, сондай-ақ соттың мүмкін болатын апелляциялық (қадағалау) шағымы бойынша әрекеттерін қоса алғандағы соттың істі қарауы барысында қамтамасыз етілуге тиіс.

Әділ сот ісін жүргізу құқығы адамның іргелі құқығы болып табылатыны белгілі. Бұл барлық жерде қолданылатын, халықаралық құқық қорғау жүйесінің негізгі идеясы болып табылатын принциптердің бірі. 1948 жылдан бастап Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті (АСҚХП) таныған әділ сот ісін жүргізу құқығы әдеттегі халықаралық құқықтың құрамдас бөлігі ретінде барлық мемлекеттердің құқықтық міндеттемесіне айналды.

Әділ сот ісін жүргізу құқығы басқа да БҰҰ мен өңірлік үкіметаралық органдар қабылдаған көптеген халықаралық және өңірлік келісім-шарттар мен келісім-шарттық емес нормаларда мойындалған және ерекше атап өтілген. Бұл құқық қорғау нормалары әлемнің барлық құқықтық жүйелеріне қолданылатындай құқықтық процедуралардың әр алуандығын ескере отырып әзірленген – оларда барлық жүйелер ұсынуға тиіс ең төменгі кепілдіктер келтірілген [7].

Мысалға, ЕҚЫҰ құжаттарында әділ сот ісін жүргізу құқығын қамтамасыз ету үшін қатысушы мемлекеттер жасауға тиіс қажетті шарттар ресімделген. Олардың ішінде: соттардың тәуелсіздігі мен мемлекеттік сот қызметінің әділ жұмыс істеуі; қылмыстық айыптау бойынша тұтқындауды немесе ұстауға соттың санкция беруі; заң негізінде құрылған білікті, тәуелсіз және әділ соттың әділ және ашық сот ісін жүргізуі; кедергісіз білікті, соның ішінде сот тәртібімен қудаланатын адамның материалдық жағдайы жетпейтін жағдайда ақысыз заңгерлік көмек алу мүмкіндігі; кінәсіздік презумпциясы; заңның үстемдігі және сот жүйесінің тәуелсіздігі.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әділ сот ісін тек сот жүргізеді. Сот жүйесін Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық) соттар құрайды.

Сот жүйесі адамның бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және қорғаудың мемлекеттік биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарына тәуелсіз негізгі мемлекеттік институты бола отырып мемлекеттік құқықты қорғау тетігінде орталық орын алады.

Қазақстанда сот жүйесін дамыту, сот ісін жүргізудің тиімділігі мен объективтілігін арттыру, сот процедураларының ашықтығы мен мөлдірлігін барынша қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау міндеттерін іске асыру жөніндегі шаралар жүйелі түрде қабылданып келеді.

Ішінара алғанда, 2008 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебелері туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңымен мемлекеттің сот жүйесі елеулі реформаларды бастан кешті. Облыстық және соған теңестірілген соттарда кассациялық инстанция енгізілетін болады. Мемлекеттің жоғары сот органы – ҚР Жоғары Соты тек қадағалау инстанциясы соты ретінде анықталатын болады. Мамандандырылған соттар ретінде әскери, қаржы, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі және т.б. соттар анықталған.

Сот жүйесін реформалау, қылмыстық және азаматтық істердің сотта қаралуға жататынын анықтау қажеттігі салдарынан ҚР ҚІК, АІК нормаларын өзгертуге бағытталған заң жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінде қаралу үстінде.

Өмірдің әлеуметтік-экономикалық шарттары өзгеруде, материалдық және салалық заңнама өзгеруде және де құқық қолдану практикасы іс жүргізу заңнамасының тиімділігін тексеріп, оның кемшіліктерін, қауқарсыздығын және ақтаңдақтарын анықтайды. Республикамыз әлем қауымдастығына белсенді кірігуде, көпжақты және екіжақты халықаралық-құқықтық актілердің қатысушысына айналуда.

Сонымен қатар, елдегі сот жүйесін дамытудағы оң үрдістер әлі толық жетілген деуге болмайды.

Қылмыстық істерді қарау кезінде айыптауға бейімдіктің үстем болуы жалғасуда. Ақтау үкімдерінің аса сирек шығарылуы және судьялар ортасындағы мұндай жағдайларға абайлап қараудың сақталуы бұған жанама дәлел бола алады.

Сот жүйесінде жемқорлық, заң мен Судьялық этика кодексінің талаптарын бұзу жағдайлары бар.

Бұл ережелерге Қазақстан Республикасының заңнамасында кепілдік берілген. Сот тыңдауының әділдігін бағалау кезінде пайдаланылатын аса маңызды критерий қорғау мен айыптаудың өкілеттіктерінің теңдік принципін сақтау болып табылады. Сотта істі қараудың бүкіл барысында өкілеттіктердің теңдігі сот процесі ағымында тараптарға қатысты процедуралық іс-қимылдарды тең дәрежеде қолдануды ұйғарады. Бұл принциптің барлық бұзылуының ақтық тізбесін беру мүмкін емес. Мұндай бұзушылықтарға айыпталушыға және/немесе оның адвокатына қорғауға дайындыққа қажетті жеткілікті уақыт бермеу де, айыпталушыны және/немесе оның адвокатын тиісті істі айыптаушының қатысуымен апелляциялық сотта тыңдауға жіберуге кедергі жасауға тырысу да жатады.

Қазақстан Республикасындағы заңнама мен құқық қолдану практикасы қорғау мен айыптау тараптары өкілеттіктерінің теңдігіне әлі қол жетпегендігін көрсетіп отыр.

АСҚХП 14 бабының 1 тармағы да әділ сот ісін жүргізу тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды элементі ретінде соттың жариялы түрде өтуіне талап ету құқығына кепілдік береді. Сот процесінің жариялылық принципі сот тыңдауының да (бірақ ешқандай да басқа сот-тергеу іс-қимылдарының ашықтығын көздемейді), осы сот ісі бойынша шешімнің де ашықтығын ұйғарады. Бұл құқық осы сот тартысына қатысушы екі жаққа да, демократиялық қоғамдағы кең жұртшылыққа да тиесілі. Сотта жариялы түрде тыңдауды талап ету құқығы сот процесі жүзбе-жүз және жариялы түрде ешқандай да алдын ала тараптар жасайтын мәлімдемесіз жүргізілетінін білдіреді. Сот немесе трибунал ақылға қонымды мерзімде мүдделі тараптарды сот тыңдауының уақыты мен орны туралы хабардар етуге, сондай-ақ сот процесіне қатысқысы келетін кең жұртшылыққа қажетті қолайлылықтарды ұсынуға міндетті. Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдары мен кең жұртшылық өкілдері 14-баптың 1 тармағындағы нормалардың талаптарына сәйкес сот мәжілісі залынан шығарылып жіберілуі мүмкін, алайда мұндай іс-қимылдар қолданыстағы процедуралық нормаларға сәйкес шығарылған сот шешіміне негізделуге тиіс [8].

Информация о работе Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары