Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 10:25, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Азаматтық, әлеуметтік және экономикалық құқықтардың сақталуы тұрғысынан жұмыс тобының адам құқықтары сақталуы мен көші-қон және еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың қамтамасыз етілуінің өзекті мәселелеріне арналған арнайы зерттеулерінің нәтижелері берілген. Сонымен қатар, бұл бөлімде мүмкіндігі шектеулі адамдардың (мүгедектердің), оралмандардың құқықтарының, баланың, әйелдердің, аз ұлттардың құқықтарының сақталуының, халықты құқықтық ағартудың өзекті мәселелері көрсетілген. Ұлттық жоспардың екінші бөлімінде азаматтардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқығының қамтамасыз етілуі мәселелері, адамның және азаматтың алдын ала тергеу мен анықтау барысында; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүргізу саласындағы; атқару ісін жүргізу сатысындағы; пенитенциарлық жүйедегі құқықтарының сақталуы талданады.

Содержание

1. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі және оны қорғау мәселелері
1.1 Халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын адамдардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқықтары..................................................................7-9
1.2 Алдын ала тергеу және анықтау кезеңіндегі адам құқықтары...............9-13
1.3 Азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу құқығы...................................................................................................................13-20
1.4 Әділ сот ісін жүргізу құқығы...................................................................20-32
1. 5Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары. Сотталғандар
құқықтары.............................................................................................................32-42
2. Сотта қорғалуға конституциялық құқықты іске асыру жолдары
2.1 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметінің
ұйымдастырылуы.................................................................................................43-46
2.2 ҚР омбудсмен институтының даму перспективалары..........................47-50
2.3 Сараптамалық-талдау қызметі. Заңнаманы жетілдіру жұмыстары.....50-65

Қорытынды......................................................................................................66-69
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....…..............................................................70-72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адам мен азаматтын конституциялық құқықтары.doc

— 526.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

Кіріспе…..............................................................................................................4-6

 

1. Адам мен  азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі және оны қорғау мәселелері 

1.1 Халықтың әлеуметтік қорғалатын  топтарына жататын адамдардың  тегін білікті заңгерлік көмек  алу құқықтары..................................................................7-9

1.2 Алдын ала тергеу және анықтау  кезеңіндегі адам құқықтары...............9-13

1.3 Азаптаулардан және басқа  да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын  және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер  мен жазалау түрлерінен еркін  болу құқығы...................................................................................................................13-20

1.4 Әділ сот ісін жүргізу құқығы...................................................................20-32

1. 5Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары. Сотталғандар

құқықтары.............................................................................................................32-42

 

2. Сотта қорғалуға конституциялық  құқықты іске асыру жолдары

2.1  Адам құқықтары жөніндегі  уәкіл мекемесі қызметінің 

ұйымдастырылуы.................................................................................................43-46

2.2 ҚР  омбудсмен институтының даму  перспективалары..........................47-50

2.3 Сараптамалық-талдау қызметі. Заңнаманы жетілдіру жұмыстары.....50-65

 

 

Қорытынды......................................................................................................66-69

 

     Пайдаланған  әдебиеттер тізімі....…..............................................................70-72

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабында «адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» біздің мемлекетіміз үшін жоғары құндылық болып табылады делінген. Сондықтан тәуелсіздік жылдарында біздің барлық күш-жігеріміз адамның іргелі құқықтары мен қоғамның барлық мүдделерін жүзеге асыруға бағытталды. Сонымен бірге Қазақстан өзінің адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерінен ауытқымай, БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың осы бағыттағы күш-жігерлеріне қолдау көрсетіп келеді [1].

Мемлекетіміздің адам құқықтарын қорғау жөніндегі кешенді іс-қимыл практикасы әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінде өзін сәтті жағынан танытты. Қазақстан мұндай жоспарды тұңғыш рет қабылдай отырып, оны бұрынғы кеңестік кеңістіктегі алғашқы қолданған ел болып отыр. Мен осы Жоспарда көзделген шаралардың адам құқықтарын қорғау саласындағы қазақстандық заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдірудің маңызды құралына айналатынына сенімдімін. Жоспарда ұлттық заңнама мен құқық қолдану практикасын, адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің қызметін, билік пен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара іс-қимылды халықаралық стандарттарға сай жетілдіру, адамның құқықтық қорғалуы мен оның өз құқықтары, құқық қорғау тетіктерінің түйінді проблемалары мен оларды шешу шаралары туралы хабардар болуы деңгейін анықтау көзделген.

Қазақстан тарихында тұңғыш рет қабылданған адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді одан әрі демократияландыру бағытын берік ұстанғанының жарқын куәсі болып табылады [2].

Ұлттық жоспардың ұсынымдары мен іс-шараларында азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру тетіктерін жетілдіру мәселелері көрсетілген. Сот жүйесі тәуелсіздігін нығайтуға, адам құқықтарын қорғаудың соттан тыс тетіктерін дамытуға, азаматтардың азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтарын, соның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарының құқықтарын халықаралық стандарттар деңгейінде қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.

Ел тарихындағы тұңғыш қабылданған 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін адам құқықтарын ілгерілету мен қорғауды әділдік пен бейбітшілік туралы Жарғыны жүзеге асыруға арналған негізгі талаптар ретінде қарай отырып, арнайы іс-шаралар мен заңнаманы жақсартуға көңіл бөлу және даму аспектілерін талқылау арқылы күшейтуге бағытталған.

Тақырыптың ғылыми зерттелуі. Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы Іс-қимыл жоспарын әзірлеу Қазақстан Үкіметінің, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының, үкіметтік емес ұйымдардың, БҰҰ-ның басқа да агенттіктерінің және осы бастаманы қолдаған Ұлыбританияның және Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Елшіліктерінің, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы сияқты әріптестік ұйымдардың арасындағы сәтті ынтымақтастықтың нәтижесі болып табылады.

Қазақстанда Адам құқықтары саласындағы іс-қимыл жоспарын енгізудің саясатты неғұрлым толық және тиімді жүзеге асыруға, құқықтың, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудің жоғары тұру принципін нығайтуға, азаматтық қоғам мен Үкімет арасындағы диалогтың жаңа деңгейге көшуіне жағдай жасайтынына сенімдімін. Бұл жоспар Қазақстан Үкіметінің «Еуропаға жол» бағдарламасын жүзеге асыруда, атап айтқанда, Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі Үкіметтің атқаратын жұмысында практикалық маңызға ие.

Диплом жұмыстың жаңалығы. Қазақстан тәуелсіз мемлекет, әлем қауымдастығының тең дәрежелі мүшесі бола отырып, адам құқықтары саласындағы жұмыс пен қоғамды демократияландырудың маңыздылығын белсенді көрсетіп, құқықтық негіздемені қалыптастырып, оны қамтамасыз ету тетіктерін жасауға ерекше күш салып келеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамада адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды бекітудің маңызды қадамдарын жасады.

Бірінші бөлімде адамның өмір сүру және жеке басының өміріне қол сұғылмау, еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты мекендi таңдау, ойлау, ар-ождан және дін бостандығы, бірлесу, бейбіт жиналыстар мен митингтер өткізу бостандығы, мемлекет істерін басқаруға қатысу (еркін және әділ сайлау), сөз және ақпарат алу бостандығы, денсаулық сақтау және медициналық көмек алу құқықтарының сақталу мәселелері егжей-тегжейлі талданады.

Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Азаматтық, әлеуметтік және экономикалық құқықтардың сақталуы тұрғысынан жұмыс тобының адам құқықтары сақталуы мен көші-қон және еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың қамтамасыз етілуінің өзекті мәселелеріне арналған арнайы зерттеулерінің нәтижелері берілген. Сонымен қатар, бұл бөлімде мүмкіндігі шектеулі адамдардың (мүгедектердің), оралмандардың құқықтарының, баланың, әйелдердің, аз ұлттардың құқықтарының сақталуының, халықты құқықтық ағартудың өзекті мәселелері көрсетілген. Ұлттық жоспардың екінші бөлімінде азаматтардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқығының қамтамасыз етілуі мәселелері, адамның және азаматтың алдын ала тергеу мен анықтау барысында; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүргізу саласындағы; атқару ісін жүргізу сатысындағы; пенитенциарлық жүйедегі құқықтарының сақталуы талданады.

Зерттеу пәні мен объектісі. Дипломдық жұмыста ұлттық заңнама мен құқық қолдану практикасын, адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің қызметін, билік пен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара іс-қимылды халықаралық стандарттарға сай жетілдіру, адамның құқықтық қорғалуы мен оның өз құқықтары, құқық қорғау тетіктерінің түйінді проблемалары мен оларды шешу шаралары жұмыстың пәнін құрады.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маныздылығы. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның, Нәсілдік кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның, Бала құқықтары туралы конвенцияның, Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның, Босқындар мәртебесі туралы конвенция мен оның Хаттамасының қатысушысы болып табылатынын атап өткен жөн.

Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі. Азаматтардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқығының қамтамасыз етілуі мәселелері, адамның және азаматтың алдын ала тергеу мен анықтау барысында; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүргізу саласындағы; атқару ісін жүргізу сатысындағы; пенитенциарлық жүйедегі құқықтарының сақталуың зерттеу.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, өзіне екі бөлімнен тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен  тұрады. Жұмыс 72 бетте жазылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Адам мен  азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі және оны қорғау мәселелері 

1. 1 Халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын адамдардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқықтары

 

Бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық сот жүйесінің тиімсіз жақтарын талқылай отырып, сыбайлас жемқорлық себептерінің бірі ретінде әдетте соттардың жеткіліксіз қаржыландырылуын, заңнаманың жетілдірілмегендігін және т.б. атайды. Бұл ретте бұл проблеманың аспектілерінің бірі - азаматтардың барлығы бірдей және кез келген жағдайлардың барлығында бірдей өз құқықтарын сотта қорғай алмайтыны, сотқа жүгінуге қолдары жете бермейтіні болып табылатынын ұмытып кетеді. Зейнеткерлер тұрғын үй даулары және зейнетақыны дұрыс есептемеу туралы талап арыздары бойынша сот процестерінде жеңіске көп жете бермейді.

Сонымен бірге, бұл талап арызды беру алдында және сот процесінің өзінде білікті заңгерлік көмек қажет болатын істің ең күрделі санаттары. Алайда мұндай заңгерлерге халықтың көпшілігінің қолдары жете бермейді, ал Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3 тармағында көзделген азаматтық істер бойынша тегін заңгерлік көмек беру жүйесі Қазақстанда заңгерлік тұрғыдан жоқ, дегенмен де адамдарға олардың білікті заңгерлік көмек алу құқықтарын қамтамасыз етуге арналған заңнама мен институттар бар, бірақ оны жүзеге асыру тетіктері жоқ [3].

Конституциялық норманы жүзеге асыру үшін жеке «Тегін білікті заңгерлік көмек көрсету туралы» Заң қабылдау қажет, онда адвокаттарға бұл мақсатқа бюджеттен қаражат бөлу процедуралары туралы нақты нормаларды көздеу керек, өйткені бүгінгі таңда заңнаманың жетілдірілмегендігінен тіпті көрсетіліп қойған заңгерлік көмектің өзіне көбінесе дер кезінде ақы төленбейді.

Табысы төмен азаматтарға және ең алдымен ауылды жерлерде тегін білікті заңгерлік көмек көрсетуге басым көңіл бөлу қажет. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті судьялардың 4 съезінде айтқан болатын.

Осыған орай облыстарда, Астана және Алматы қалаларында Заңгерлік консультациялар орталығын (ЗКО) құру идеясын қолдау қажет, бұл арнайы заң қабылдауды талап етпейді, оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жүзеге асыруға болады. Бұл мәселені шешу және халыққа құқықтық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің функциясы болып табылады, өйткені Ереже бойынша оған халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласындағы іске асыру және бақылау-байқау функциялары жүктелген.

Сондықтан Ережеде Орталықтың негізгі функциялары – ауданның (қаланың), облыстың заңгерлік консультациясында қызметте тұратын адвокаттардың халыққа, әсіресе табысы төмен адамдарға білікті заңгерлік көмек көрсету деп қосымша көрсетуге, сондай-ақ мемлекет тендер нәтижелері бойынша тегін заңгерлік көмекке мемлекеттік бюджет қаражатынан заңгерлік консультацияларға ақша аудару жолымен ақы төлеуге тиіс екенін және бөлінген қаржының игерілгені үшін есеп берілуге қажет екендігін қарастыруға болады.

Сонымен қатар, Литва Республикасының табысы төмен азаматтарға тегін заңгерлік көмек беру жөніндегі тәжірибесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әділет департаменттерінде тегін заңгерлік көмек көрсету жөніндегі арнайы бөлімдер құруды ұсынамыз, олар адвокаттармен халықтың әлеуметтік-қауқарсыз топтарына тегін заңгерлік көмек көрсету жөнінде келісім-шарттар жасайтын болады. Тегін білікті заңгерлік көмекті бюджеттік қаржыландыру тетіктерін, халықтың әлеуметтік-қауқарсыз топтарына заңгерлік көмек көрсету, көрсетілген көмекті бақылау тәртібін «Тегін білікті заңгерлік көмек көрсету туралы» Заңда баяндау қажет.

Адвокатура туралы заңнаманы халықаралық нормаларға сәйкес келтіру адвокат қызметінің заңда белгіленген тәртіппен адвокат мәртебесін алған адамдардың кәсіптік негізде жеке және заңды тұлғаларға олардың құқықтарын, бостандықтары мен мүддеделерін қорғау, сондай-ақ әділ сот ісіне қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында көрсететін білікті заңгерлік көмегі болып табылатындығымен барлығының келісуі тиіс екенін талап етеді.

Адвокатура кәсіптік қоғамдастық болып табылады және азаматтық қоғам институты ретінде мемлекеттік билік пен басқару органдары жүйесіне кірмейді. Ол заңдылық, тәуелсіздік, өзін-өзі басқару, корпоративтілік принциптерінің, сондай-ақ адвокаттардың тең дәрежелілігі принципінің негізінде әрекет етеді.

Өкінішке орай, адвокаттардың құқықтық мәртебесі бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегіден өзгерген жоқ десе де болады. Адвокаттар әлі күнге дейін қылмыстық істер бойынша толыққанды дәлелдемелер жинау мүмкіндігінен айырылған; олар мәлімдеген өтініштер мен шағымдарды тергеу, прокуратура органдары мен соттар көбінесе елемейді.

Сот қызметінде орын алатын жалпы айыптауға бейімдік көп жағдайларда адвокаттар өз қорғауындағылар мен сенім артқандардың құқықтарын қорғау жөніндегі күш-жігерін босқа уақыт жоғалтуға айналдырады.

Осыған байланысты, адвокатардың мәртебесін көтеру қажет, ол үшін алдын ала мына сипаттағы шараларды қабылдау қажет:

Адвокаттарды олардың нақты істер бойынша кәсіптік міндеттерін орындауы кезіндегі жасаған іс-әрекеттері үшін қылмыстық, азаматтық-құқықтық және әкімшілік қудалауға заңнамалық түрде тыйым салуды енгізген жөн.

Информация о работе Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары