Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 10:25, курсовая работа
Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Азаматтық, әлеуметтік және экономикалық құқықтардың сақталуы тұрғысынан жұмыс тобының адам құқықтары сақталуы мен көші-қон және еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың қамтамасыз етілуінің өзекті мәселелеріне арналған арнайы зерттеулерінің нәтижелері берілген. Сонымен қатар, бұл бөлімде мүмкіндігі шектеулі адамдардың (мүгедектердің), оралмандардың құқықтарының, баланың, әйелдердің, аз ұлттардың құқықтарының сақталуының, халықты құқықтық ағартудың өзекті мәселелері көрсетілген. Ұлттық жоспардың екінші бөлімінде азаматтардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқығының қамтамасыз етілуі мәселелері, адамның және азаматтың алдын ала тергеу мен анықтау барысында; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүргізу саласындағы; атқару ісін жүргізу сатысындағы; пенитенциарлық жүйедегі құқықтарының сақталуы талданады.
1. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі және оны қорғау мәселелері
1.1 Халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын адамдардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқықтары..................................................................7-9
1.2 Алдын ала тергеу және анықтау кезеңіндегі адам құқықтары...............9-13
1.3 Азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу құқығы...................................................................................................................13-20
1.4 Әділ сот ісін жүргізу құқығы...................................................................20-32
1. 5Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары. Сотталғандар
құқықтары.............................................................................................................32-42
2. Сотта қорғалуға конституциялық құқықты іске асыру жолдары
2.1 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметінің
ұйымдастырылуы.................................................................................................43-46
2.2 ҚР омбудсмен институтының даму перспективалары..........................47-50
2.3 Сараптамалық-талдау қызметі. Заңнаманы жетілдіру жұмыстары.....50-65
Қорытынды......................................................................................................66-69
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....…..............................................................70-72
Жұртшылық өкілдері «адамгершілік, қоғамдық тәртіп, демократиялық мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі тұрғысынан немесе тартысқан жақтардың мүдделерін қорғауды ескере отырып» сот мәжілісі залына жіберілмеуі мүмкін. Жұртшылық өкілдері сол сияқты «соттың пікірінше, соттың істі қарауы әділеттілік принциптеріне нұқсан келтіруі мүмкін айрықша жағдайлар бар кезде» сот мәжілісі залына жіберілмеуі мүмкін. Жыныстық құқық бұзушылықпен байланысты қылмыстық істі қарау кезінде адамгершілік сипаттағы ниет әдетте кең жұртшылық өкілдерін сот мәжілісі залына жібермеуге жеткілікті негіз болып табылады. Бұл тұрғыда «қоғамдық тәртіп» термині сот мәжілісі залында тиісті тәртіпті ұстау ретінде түсіндіріледі, ұлттық қауіпсіздік ниеттері әңгіме әскери немесе мемлекеттік құпияларды жария етпеу туралы болған кезде алға шығады. Алайда қай жағдайда болса да жұртшылық өкілдерін сот мәжілісі залына жіберу жөніндегі шектеу сот шешімдерін шығарар кезде жөнсіздікке жол бермеу жөніндегі күш салу негізіндегі демократиялық қоғамның құқықтық принциптеріне сай болуға тиіс. Процесс тараптарының жеке өмірге (отбасы мүшелері мен туыстарының мүдделерін қамтитын) араласпауы да сот мәжілісі залына жіберуді шектеу үшін жеткілікті негіз бола алады. Сот отырысының ашықтығы тараптардың біріне зиян келтіруге жағдай жасайтын қамқоршы болу туралы істі қарау мұндай ахуалдың мысалы бола алады. Сот мәжілісі залына кең жұртшылық өкілдерін жіберу әділеттілік мүддесі үшін шектелуі мүмкін, бұл айрықша жағдайларда жасалады және соттың тиісті шешімімен мұқият уәжделеді.
Жасырын отырыста сот тыңдауын талап ететін жағдайлар тізбесі айтарлықтай кең, олар әдетте сот шешімін жариялау кезеңіне жүрмейді. АСҚХП 14 бабының 1 тармағының ережелеріне сәйкес әңгіме жас құқық бұзушылардың мүдделерін сақтау және балаларға қамқоршы болу туралы мәселелерді шешу туралы болатын жағдайлардан басқа жағдайларда сот шешімдері «жария хабарланады». Осылайша, жария сот тыңдауы ережесіне кірмейтіндер айтарлықтай дәрежедегі егжей-тегжейлілікпен анықталуы мүмкін. Сот шешімі егер де ол сот мәжілісі залында ауызша жарияланса немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланса, не болмаса екі тәсіл де бірдей пайдаланылып жариялылыққа берілсе ол жария болып есептелінеді. Қалай болған жағдайда да ашықтықты анықтайтын фактор сот шешімінің барлық мүдделі тараптар үшін қол жетімдігі болып табылады.
Принципінде қазақстандық заңнама жариялылық принциптерін сақтауға қатысты жоғарыда аталған халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Алайда, судьялардың әділ сот ісін жүргізудің осы принциптерін еркін-бұра түсінуін болдырмау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының, жұртшылықтың және т.б. өкілдерінің қатысуымен сот процестерінің ашықтығын заңнамада бекіту дұрыс болар еді.
Кез келген қылмыстық іс бойынша әділ тыңдауды талап ету құқығын қамтамасыз ету механизмін әдетте заңнамада белгіленген ережелерге (АСҚХП 14 бабының 1 тармағы) сәйкес жұмыс істейтін білікті, тәуелсіз және әділ соттар жүзеге асырады. Бұл ереженің мағынасы биліктің саяси немесе әкімшілік органдары қылмыстық істі қараған кездегі жөнсіздікті немесе субъективизмді болдырмауда. Сот білікті және заң шеңберінде іс-қимыл жасауға тиіс. Бұл екі талап та ажырамас бірлікте. Соттың біліктілігі мәселелері әдетте сот юрисдикциясы проблемаларымен байланысты болса да, кез келген сот белгіленген нормативтік-құқықтық ережелер шеңберінде жұмыс істеуге тиіс. Бұл ереженің негізгі мақсаты қандай да бір нақты сот ісіне немесе құқық бұзушылыққа қарамай қылмыстық істерді заңнамалық түрде құрылған сот инстанциялары қарайтын құқықтық орта құруда.
Тәуелсіздік өкілеттіліктерді бөлісуді және сот органдарын олардың ісіне атқарушы билік тарапынан және аз дәрежеде мемлекеттің заңнамалық билік органдары тарапынан заңсыз араласудан қорғауды білдіреді.
Соттың әділдігі туралы айтқан кезде, біржақты пікірдің болуы (немесе болмауы) қандай да бір сот инстанциясының әділдігінің негізгі критерийі ретінде қарастырылатынын атап өтуге болады. Судьяның біржақты еместігіне егер де ол бұл сот ісін қарауға қандай да бір басқа сапада қатысса немесе оның қандай да бір саяси партияға қатысы болса, не болмаса оның жеке басы осы сот ісіне мүдделі болса бірден күмән тудыруға болады.
Барлық осы принциптер Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми түрде жүзеге асырылған.
АСҚХП 14 бабының 2 тармағына сәйкес «қылмыстық іс бойынша айыпталған әрбір адам кінәсі сотта дәлелденгенге дейін кінәсіздік презумпциясына құқылы». Әділ сот тыңдауына талап құқығының негізгі компоненті болып табылатын кінәсіздік презумпциясы, басқалардың арасында, қылмыстық іс бойынша сот процесі барысындағы дәлелдеу ауыртпалығы ең алдымен айыптаушы жаққа тиетінін, сондай-ақ айыпталушы кінәсіздік презумпциясын пайдалануға тиіс екендігін білдіреді. Бұған қоса, кінәсіздік презумпциясы сот тыңдауы барысында сотталушыға ғана қатысты емес, сол сияқты сотқа дейінгі кезең барысында күдіктіге немесе айыпталушыға да қатысты сақталуға тиіс. Құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары мен билік өкілдері «қаралып жатқан сот ісі бойынша қандай да бір алдын-ала шешімдер шығарудан тежелу» жолымен кінәсіздік презумпциясын сақтау үшін қажеттіліктің барлығын жасауға міндетті.
ҚР Конституциясында және қылмыстық іс жүргізу заңнамасында кінәсіздік презумпциясы принципі бекітілгеніне қарамастан практикада ол көбінесе сақталмайды. Қылмыстық процесті жүргізетін судья сотта істі қарағанға дейін айыптау жағы дайындаған қылмыстық істің материалдарымен танысатынын атап өткен жеткілікті. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы алдын ала тергеу жүргізетін органды күдікті, айыпталушы адамды айыптайтын да, ақтайтын да дәлелдемелерді іздеуге міндеттейтініне қарамастан бұл іс жүзінде сақталмайды. Практикада жауап алу және тергеу органдары кінәсіздігінің немесе айыпталушының пайдасына өзге де дәлелдемелерді қорғау жағы жинайды деп ойлап, адамның кінәсінің дәлелдерін іздейді. Сондықтан көп жағдайларда істің материалдары – бұл айыптау жағының версиясы мен айыптау қорытындысын дәлелдейтін ұқыпты (әрине ұқыптылықтың қандай да бір дәрежесінде) жиналған дәлелдемелер. Бұл материалдар судьяның столына түседі, ол бұлармен танысу процесінде сөзсіз айыптау версиясының «тұтқынында» болады. Нәтижесінде қорғау жағы әдетте өз версиясын ұсына және дәлелдей алмайды, тек айыптау жағы ұсынған жеке дәлелдерге күмән туғызумен ғана айналысады. Кінәсіздік презумпциясының принципін практикада қамтамасыз ету үшін бұл тәртіпті түбегейлі қайта қарау қажет [9].
Алқабилер сотын енгізу қандай да бір оң рөл атқаруы мүмкін, алайда бұл мәселені шешуде оған жоқ дегенде алқабилер сотының қатысуымен қаралуы мүмкін қылмыстық істер санатының шектеулігіне орай толықтай үміт артуға болмайды.
АСҚХП 14 бабының 3 (b) тармағының ережелерінде қылмыстық құқық бұзды деген айып тағылған жағдайда әрбір адамның «қорғау шараларына дайындық жүргізуге және өзі таңдап алған қорғаушымен жүздесіп-тілдесуге мүмкіндік беріліп, жеткілікті уақытпен қамсыздандырылуына» құқығы бар делінген. Қажетті уақыт және қорғануға дайындалу үшін жағдай талап ету құқығы айыпталушыға да, оның адвокатына да қатысты. Бұл құқықтық норма сотта істі қараудың барлық кезеңдерінде сақталуға тиіс. «Жеткілікті уақыт» ұғымы сотта істі қараудың сипатына және нақты істің жағдайына байланысты. Бұл жағдайда сот ісінің күрделілігі, айыпталушының, куәгерлердің жауаптарына қол жеткізуі, ішкі заңнамаға сәйкес соттың қандай да бір іс-қимылдарының орындалу мерзімдері және т.б. сияқты факторлар назарға алынады. «Жағдайлар» термині өзгелердің арасында айыпталушының және оның адвокатының қорғауға дайындалуға қажетті тиісті ақпаратқа, файлдар мен құжаттарға қол жеткізуін, сондай-ақ айыпталушыны өз адвокатымен құпиялылық жағдайында қарым-қатынас жасауына арналған тиісті техникалық құралдармен қамтамасыз етуді білдіреді. Айыпталушының өз таңдауы бойынша адвокатпен қарым-қатынас жасау құқығы қорғауға дайындалуға арналған қажетті жағдайларды алу құқығының маңызды элементі болып табылады.
Жалпы қазақстандық қылмыстық-процессуалдық заңнамада мұндай кепілдіктер бар. Алайда адвокаттың қамаудағы қорғауындағы адаммен өз қалауы бойынша кездесу мүмкіндігі бөлігінде тергеушіге тәуелділігін жою қажет.
Қылмыстық істерді қарау кезінде сотқа дейінгі кезеңде адвокат алу құқығы АСҚХП 14 бабының 3 (d) тармағымен көзделген сотта істі қарау барысында қорғану құқығымен тікелей байланысты. Бұл ережеде әрбір адам «оның ісін қараған кезде жеке өзі немесе өзінің таңдауы бойынша адвокаттың қызметін пайдаланып қорғана отырып сотқа жеке басының қатысуына; егер де ол адвокаттар қызметін пайдаланбайтын жағдайда ондай құқығының бар екендігі туралы хабардар болуға; әңгіме әділеттілік мүддесін қамтамасыз ету туралы болғанда тағайындалған адвокаттың қызметін пайдалануға» құқылы делінген. Соңғы жағдайда жеткілікті қаржы қаражаты жоқ айыпталушы адвокат қызметіне ақы төлеуден босатылады. Бұл заңнамалық норма мынандай нақты құқықтарды ұйғарады:
• өз ісі бойынша соттың тыңдауына жеке қатысу құқы. Түсіндіру тұрғысынан бұл норма неғұрлым даулы болып табылады. Бұл норманы әріппе-әріп оқу сырттай сот тыңдауын жоққа шығарады. Бұл ұстанымды адам құқықтары жөніндегі халықаралық, мемлекеттік емес ұйымдардың көпшілігі, сондай-ақ Халықаралық қылмыстық сот бөліседі. Алайда, Адам құқықтары жөніндегі комиссия сарапшыларының пікіріне сәйкес соттың сырттай тыңдауына мемлекеттің «айыпталушыны алдағы болатын сот туралы хабардар ету мақсатында, сол арқылы оған өзін қорғауға алдын ала дайындалуға мүмкіндік бере отырып жеткілікті күш салғанында» ғана жол беруге болады;
• жеке қорғану құқығы;
• өз қалауы бойынша адвокат таңдау құқығы;
• адвокаттық қызметті пайдалану құқығы туралы хабардар болу құқығы;
• тегін құқықтық көмек алу құқығы.
АСҚХП негіз қалаушы ережелерін басым түсіндіруге сәйкес адвокат қызметін алу құқығы қылмыстық істер бойынша сотта істі қараудың алдын ала тергеу мен сотқа дейінгі ұстауды қоса алғандағы барлық кезеңдерінде жүреді. Егер де айыпталушының адвокат қызметін өз таңдауы бойынша пайдалану мүмкіндігі болса адвокатты соттың тағайындауы әділеттілік принципіне қайшы келеді. Сот тағайындайтын адвокат айыпталушының мүдделерін осы мақсатқа өзінің тәжірибесі мен кәсіптік дағдыларын пайдалана отырып тиімді қорғауға қабілетті болуға тиіс [10].
Айыпталушының бұл құқықтарына қазақстандық заңнамада кепілдік берілген. Соған қарамастан практикада адвокат алу құқығын айыпталушының таңдауы бойынша қамтамасыз ету қажет. Сол сияқты білікті заң көмегін көрсету жүйесін мемлекеттік бюджет есебінен едәуір жетілдіру қажет.
«Қылмысы үшін сотталған әрбір адам шығарылған сот үкіміне қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жоғары сот инстанциясына шағымдануға құқылы» [АСҚХП 14(5) бабы]. Бұл құқық жоқ дегенде жоғары тұрған сот инстанциясы болатын екі деңгейлі сот ісін қарауды қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Кез келген сот ісін қайта қарау өзінің сипаты бойынша мазмұнды болып табылады, бұл өзге мәселелердің ішінде жоғары тұрған соттың тиісті шағымда көтерілген мәселелерді қараумен ғана емес, мәселелердің кең ауқымымен
Біріккен Ұлттар Ұйымының жарияланымы, тіркеу № E.89.XIV. 1, 78-бет. айналысатынын білдіреді. Апелляциялық процессуалдық іс-қимылдар дер кезінде болуға тиіс. Апелляция құқығын жүзеге асырудың тікелей салдары соттың бірінші инстанция соты шығарған кез келген үкімнің орындалуын осы істі апелляциялық соттың қайта қарауы аяқталғанға дейін тоқтата тұруға міндетті екендігі болып табылады. Бұл принцип егер де сотталған адам бірінші инстанция соты шығарған үкімді өз еркімен қабылдаған жағдайда қолданылуын тоқтатады. Қылмыс жасады деп сотталған барлық адамдар сол қылмыстың ауырлығына және бірінші инстанция соты шығарған үкімге қарамастан апелляция құқығына ие. Әділ сот ісін қарау кепілдіктері апелляциялық процессуалдық іс-қимылдардың барлық кезеңдерінде сақталуға тиіс.
Шағымдану құқығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бекітілген.
Дейтұрғанмен де, заңды күшіне енген сот үкімінің мәнісімен байланысты сотталғандардың құқықтарын неғұрлым толық қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманы жетілдіру қажет. Бұл кезеңде адамның сотта тыңдалу, білікті заңгерлік көмек алу құқығы көбінесе бұзылады.
«Егер қайсыбір адам қылмыстық іс жасағаны үшін ақтық шешім бойынша сотталып, одан кейін соттың қателігін даусыз дәлелдейтін қайсыбір жаңа немесе бұрын мәлім болмаған мән-жайдың негізінде шығарылған үкім бұзылса немесе оған кешірім жасалса және де жаңадан табылған жағдай кезінде мәлім болмағандығынан сотталушының өзі ішінара немесе толық кінәлі еместігі дәлелденсе, онда осындай сотталудың нәтижесінде жазаланған адамға заң бойынша өтемақы төленеді» [АСҚХП 14(6) бабы]. Бұл ретте сот қателігін өтеу тиісті сот инстанциясы осы іс бойынша ақтық шешім шығарған жағдайда ғана мүмкін болатынын атап өту керек. Сот шешіміне жасалған қылмыстың ауырлығына қарамастан шағымдануға болады. Бұл құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін келесі үш шарт сақталуы қажет: 1) жіберілген сот қателігі ресми мойындалуға және сот үкімінің жойылуымен немесе соттың ақтау туралы шешімімен расталуға тиіс; 2) тиісті мән-жайлардың кешіктіріліп ашылуы сотталған адамның іс-қимылдарымен байланысты болмауға тиіс; 3) сотталған адамға қатысты ақтық үкім жіберілген сот қателігі нәтижесінде шығарылуға тиіс. «Заңға сәйкес» сөйлемі мемлекеттер қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіпке сәйкес келтірілген зиянды өтеуге міндетті дегенді білдіреді.
Жасалған сот қателігі үшін зиянды өтеуді талап ету құқығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бекітілген.
Жоғарыда айтылғандардан келіп шығатынындай, әділ сот ісін жүргізу құқығын қамтамасыз етуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін негізгі кепілдіктер бар. Іс жүзінде адамның қылмыстық процесс барысындағы құқықтары мен бостандықтарының барша тізбесі қандай да бір түрде ҚР қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңнамаларында бекітілген.
Дейтұрғанмен де, қолданыстағы заңнаманың нормаларын салыстырмалы талдау және құқық қолдану практикасы адамның жеке бостандығы мен қауіпсіздігінің, сондай-ақ сотқа дейінгі, соттағы және соттан кейінгі құқықтарының қолданыстағы кепілдіктерін күшейту қажеттігі туралы куәландырады.
Сонымен қатар, әділ сот ісі саласындағы адам құқықтарын қамтамасыз етудің қажетті шарты биліктің шынайы тәуелсіз сот тармағының, өзінің абыройы мен әлеуметтік мәртебесін қастерлейтін соттардың білікті және жоғары кәсіби қауымдастығының болуы боп табылады.
Азаматтардың әділ сот ісіне құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға 2010-2012 жылдардағы кезеңде іс жүзінде мына шараларды жүзеге асыруды ұсынамыз:
Информация о работе Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары