Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 10:25, курсовая работа
Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Азаматтық, әлеуметтік және экономикалық құқықтардың сақталуы тұрғысынан жұмыс тобының адам құқықтары сақталуы мен көші-қон және еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың қамтамасыз етілуінің өзекті мәселелеріне арналған арнайы зерттеулерінің нәтижелері берілген. Сонымен қатар, бұл бөлімде мүмкіндігі шектеулі адамдардың (мүгедектердің), оралмандардың құқықтарының, баланың, әйелдердің, аз ұлттардың құқықтарының сақталуының, халықты құқықтық ағартудың өзекті мәселелері көрсетілген. Ұлттық жоспардың екінші бөлімінде азаматтардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқығының қамтамасыз етілуі мәселелері, адамның және азаматтың алдын ала тергеу мен анықтау барысында; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүргізу саласындағы; атқару ісін жүргізу сатысындағы; пенитенциарлық жүйедегі құқықтарының сақталуы талданады.
1. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі және оны қорғау мәселелері
1.1 Халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын адамдардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқықтары..................................................................7-9
1.2 Алдын ала тергеу және анықтау кезеңіндегі адам құқықтары...............9-13
1.3 Азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу құқығы...................................................................................................................13-20
1.4 Әділ сот ісін жүргізу құқығы...................................................................20-32
1. 5Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары. Сотталғандар
құқықтары.............................................................................................................32-42
2. Сотта қорғалуға конституциялық құқықты іске асыру жолдары
2.1 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметінің
ұйымдастырылуы.................................................................................................43-46
2.2 ҚР омбудсмен институтының даму перспективалары..........................47-50
2.3 Сараптамалық-талдау қызметі. Заңнаманы жетілдіру жұмыстары.....50-65
Қорытынды......................................................................................................66-69
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....…..............................................................70-72
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан бері азаптауларға және басқа да қатыгез іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы күрес саласында жүйелі сипаттағы бірқатар қадамдар жасады.
Бұл қадамдар заңнамалық салада да, институционалдық және практикалық салада да жасалды.
Заңнамалық реформалар саласында 1998 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы БҰҰ Азаптаулар және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясын (бұдан әрі – Азаптауларға қарсы конвенция) ратификациялағанын атап өту қажет.
1999 жылғы 30 наурызда ұсталғандар
құқықтарының, соның ішінде азаптаулардан
қорғалу құқықтарының
2002 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, соларға сәйкес ҚР Қылмыстық кодексіне азаптауды қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 347-1 бап енгізілді, ал қылмыстық іс жүргізу заңнамасында азаптауды қолданып алынған дәлелдемелерге жол беруге болмайтындығы туралы норма бекітілді.
2005 жылғы 21 қарашада Азаматтық
және саяси құқықтар туралы
халықаралық пакті
2008 жылдың 28 маусымында Азаптауларға
қарсы конвенцияның
2008 жылғы 10 шілдеде ҚР
Жоғары Соты сот практикасында
халықаралық келісім-шарттар
2009 жылғы 11 ақпанда Қазақстан азаматтарға БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіне жеке шағымдарымен арыздануға мүмкіндік беретін Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Факультативтік хаттамасын ратификациялады.
Институционалдық реформалар саласында мыналарды атап өту қажет:
2002 жылғы 19 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл (Омбудсмен) лауазымы құрылды.
2001-2002 жылдары пенитенциарлық
жүйені және алдын ала қамау
орындары (тергеу изоляторлары) жүйесін
Ішкі істер министрлігінің
2006 жылғы 16 қаңтарда әділ
сот төрелігі жүйесін
Сонымен қатар, оң қадамдарға мыналарды жатқызуға болады:
- 2004-2005 жылдары қамауда ұстау орындарын қоғамдық байқау комиссиялары жүйесінің құрылуы.
2004 жылғы 29 желтоқсанда «Қазақстан
Республикасының кейбір
Қоғамдық бақылауды қоғамдық бірлестіктер түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында қамаудағы адамдарға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қамауда ұстау, медициналық-санитарлық қамтамасыз ету, еңбек етуін, бос уақытын және оқуын ұйымдастыру жағдайлары бөлігінде жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысымен қоғамдық бақылау жүргізетін облыстық (республикалық маңызды қалалық) қоғамдық қадағалау комиссияларын құру ережелері бекітілді.
Сонымен қатар, Қылмыстық-атқару жүйесін (ҚАЖ) дамыту бағдарламасының 11 тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сезікті, айыпталушы және сотталған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына бақылау жасау жөніндегі ұсынымдар әзірлеп, барлық қоғамдық қадағалау комиссияларына жіберді.
Қоғамдық қадағалау комиссиялары (ҚҚК) еліміздің барлық өңірлерінде дерлік құрылған және оған үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының өкілдері кіреді.
Алайда бұл комиссиялардың мәртебесі мен қызметі заңда бекітілмеген және бас бостандығынан айыру орындарына олардың кенеттен кіріп бару құқықтары жоқ;
- құқық қорғау ұйымдарының қатысуымен ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі (Омбудсмен) жанындағы азаптаудың алдын алу жөніндегі жұмыс тобының құрылуы, оның міндетіне қамауда-бақылауда ұстау орындарында болу, ұлттық превентивтік тетіктер құру моделі мен процедурасы жөніндегі ұсынымдар әзірлеу кіреді. Жұмыс тобы 2008 жылғы қазанда бірқатар қамауда-бақылауда ұстау орындарында болды;
- 2008 жылы Ішкі істер
министрлігінің жанынан
Бұл оң қадамдарға қарамастан жалпы ахуал анықтау мен тергеудің заңсыз әдістерін, соның ішінде азаптау мен қатыгездік көрсетудің басқа да түрлерін қолдану ауқымы және онымен күрестің тиімсіздігі алаңдаушылық туғызатындай халде.
2001 жылы Қазақстан Азаптауларға
қарсы конвенцияның орындалуы
туралы өзінің алғашқы
Қазіргі орын алып отырған проблемаларды үш топқа бөлуге болады.
1. Заңнамалық сипаттағы проблемалар
2002 жылы ҚР Қылмыстық
кодексіне «азаптау» сияқты
Оның үстіне, мысалға, адамдарды ұлттық қауіпсіздік органдарының уақытша ұстау изоляторларында ұстау ережелері сияқты маңызды құжат «қызмет бабында пайдалану үшін» грифіне ие, яғни жұртшылық үшін жабық, бұл басқаларды айтпағанның өзінде адамның құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын жарияланбаған нормативтік құқықтық актілерді пайдалануға тыйым салатын ҚР Конституциясын бұзу болып табылады.
2. Институционалдық сипаттағы проблемалар
БҰҰ Азаптауларға қарсы комитетінің ұсынымдарына қарамастан институционалдық сипаттағы елеулі жақсарулар бола қойған жоқ.
Азаптаулар туралы хабарламаны тиімді тергеуге арналған тәуелсіз органдар құрылған жоқ. Ішкі істер министрлігі жүйесінде азаптауларға қарсы хабарламаны тергеуге арналған Өзіндік қауіпсіздік басқармасының құрылуы ведомство ішіндегі кәдімгі корпоративтілік себептерге қатысты ахуалды толыққанды шешуге ықпал еткен жоқ.
Оның үстіне, Ішкі істер министрлігінің тергеу изоляторлары жүйесінің Әділет министрлігінің қарамағына берілгеніне қарамастан ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары сол күйі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағында қалды.
2002 жылы құрылған Адам
құқықтары жөніндегі Уәкіл (Омбудсмен)
институты адам құқықтары
БҰҰ белгілеген халықаралық стандарттарға және ЕҚЫҰ ұсынымдарына сәйкес Омбудсмен институты адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттың тәуелсіздігінің жалпы критерийлері мен қызметінің тиімділігін белгілейтін Париж принциптеріне сәйкес келуге тиіс. Париж принциптеріне сәйкес құрылмаған ұлттық мекемелер тәуелді боп саналады және халықаралық қоғамдастық тарапынан жеткілікті сенімге ие бола алмайды.
Осыған байланысты Омбудсмен институты Конституцияға сәйкес не болмаса бөлек Заңмен құрылуға, яғни юрисдикциясы мен өкілеттіктері анық көрсетіліп, тәуелсіз болуға тиіс. Бұл ретте Омбудсменді тағайындау процедурасы Заң бойынша ел Парламентінің қатысуымен жүргізілуге тиіс. Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындауға Президент пен Парламенттің Конституцияға өзгеріс енгізбей-ақ тең дәрежеде қатысуына мүмкіндік береді және Омбудсмен туралы жаңа Заң қабылдауға болады. Мысалға, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің (Омбудсменнің) кандидатурасын ел Президенті ұсынып, Парламент Мәжілісі не тұтас Парламенттің өзі бекітеді, бұл БҰҰ-ның жалпыға ортақ Париж принциптеріне және ЕҚЫҰ ұсынымдарына сәйкес келеді.
«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» ҚР Заңын қабылдаудың қажеттігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы халықаралық ұйымдармен бірлесіп өткізген адам құқықтары жөніндегі халықаралық конференциялардың қорытынды құжаттарында бірнеше рет атап өтіліп, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына жеткізілген.
Қазіргі кезде 2010 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне байланысты «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» ҚР Заңын әзірлеп, оны қабылдаудың қажеттігі пісіп жетілді.Мұндай Заңның қабылдануы қазақстандық Омбудсменнің мәртебесін халықаралық стандарттарға сәйкес көтеруге мүмкіндік берер еді және де ол «халық адвокаты» ретінде өзін мемлекеттік билік пен олардың лауазымды тұлғалары, басқа да ұйымдар тарапынан жасалған әділетсіз іс-әрекеттің құрбаны санайтын нақты адамның бұзылған құқықтарын тиімді қорғайтын еді. Бұл қазақстандық Омбудсмен институтының қызметін халықаралық және құқық қорғау ұйымдары тарапынан сынауға жол бермес еді.
Азаптаулар туралы шағымдар бойынша тергеу жүргізетін ішкі істер органдарындағы Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен тергеу іс-әрекеттеріне санкция беретін және соттағы айыптауды қолдайтын прокуратура органдары корпоративтілікпен және өз функцияларымен бір-бірімен байланысқан органдар болып табылады, азаптаулар туралы хабарламаны тәуелсіз және тиімді тергеуді көздемейді. Сол сияқты азаптау құрбаны болғандарды тәуелсіз куәландыруға арналған тәуелсіз медициналық қызмет те жоқ, ал бас бостандығынан айыру орындарының және алдын ала қамауда ұстау орындарының медициналық-санитарлық бөлімдері тиісінше пенитенциарлық жүйе мен ішкі істер органдарының құрамында.
2008 жылғы қарашада БҰҰ
Азаптауларға қарсы
БҰҰ Азаптауларға қарсы комитетінің Қазақстан Республикасының екінші баяндамасын қарау нәтижесі бойынша балама баяндаманың қағидаларын ескере отырып жасаған Қорытынды ескертулерінде азаптаулардың алдын алудың және онымен тиімді күресудің заңнамалық, институционалдық және процедуралық сәттеріне қатысты 20-дан астам ұсынымдар бар.
Бұл ұсынымдардың негізгілері мыналар болып табылады:
- барлық нысандағы азаптау практикасы ашық және тура айыпталсын, мұндай айыптау мұндай іс-әрекет жасайтын не өзге де жолмен атсалысатын немесе азаптауға қатысатын адам мұндай іс-әрекеттері үшін заң алдында жеке жауапкершілікке ие деп танылып, қылмыстық тәртіппен жасаған қылмысының мөлшеріне қарай жазаланатын болады деп айқын ескерту жасай отырып полиция мен түрмелер қызметкерлеріне жолдансын;
- ҚР Қылмыстық кодексінің
347-1 бабы бойынша қылмыстық
- Конвенцияның талаптарына
сәйкес азаптау актісі үшін
барлық жазалаулар жасалған
Информация о работе Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары