Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 10:25, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Азаматтық, әлеуметтік және экономикалық құқықтардың сақталуы тұрғысынан жұмыс тобының адам құқықтары сақталуы мен көші-қон және еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың қамтамасыз етілуінің өзекті мәселелеріне арналған арнайы зерттеулерінің нәтижелері берілген. Сонымен қатар, бұл бөлімде мүмкіндігі шектеулі адамдардың (мүгедектердің), оралмандардың құқықтарының, баланың, әйелдердің, аз ұлттардың құқықтарының сақталуының, халықты құқықтық ағартудың өзекті мәселелері көрсетілген. Ұлттық жоспардың екінші бөлімінде азаматтардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқығының қамтамасыз етілуі мәселелері, адамның және азаматтың алдын ала тергеу мен анықтау барысында; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүргізу саласындағы; атқару ісін жүргізу сатысындағы; пенитенциарлық жүйедегі құқықтарының сақталуы талданады.

Содержание

1. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі және оны қорғау мәселелері
1.1 Халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын адамдардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқықтары..................................................................7-9
1.2 Алдын ала тергеу және анықтау кезеңіндегі адам құқықтары...............9-13
1.3 Азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу құқығы...................................................................................................................13-20
1.4 Әділ сот ісін жүргізу құқығы...................................................................20-32
1. 5Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары. Сотталғандар
құқықтары.............................................................................................................32-42
2. Сотта қорғалуға конституциялық құқықты іске асыру жолдары
2.1 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметінің
ұйымдастырылуы.................................................................................................43-46
2.2 ҚР омбудсмен институтының даму перспективалары..........................47-50
2.3 Сараптамалық-талдау қызметі. Заңнаманы жетілдіру жұмыстары.....50-65

Қорытынды......................................................................................................66-69
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....…..............................................................70-72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адам мен азаматтын конституциялық құқықтары.doc

— 526.00 Кб (Скачать документ)

Дейтұрғанмен де қабылданған Заңда сот актілерінің атқарылуы жағдайын түбегейлі өзгертуге қабілетті принципті ережелер жоқ.

Талдау нақты орындалудың төмен көрсеткіштері атқару құжаттарының атқарылуы ұзақ (мерзімдік) сипатқа ие, не болмаса объективтік себептермен қиын болатын жеке санаттары бойынша орын алатынын көрсетеді.

Мысалға, алимент өндіру ұзақ уақыт жүреді, әдетте баланың кәмелет жасына жеткеніне дейін кезең-кезеңімен өндіріледі. Бұл санаттың нақты орындалу көрсеткіші өте төмен, шамамен 40%, бұл сот шешімдері орындалмайды деген сөз емес. 2006 жылдың қорытындысы бойынша қалдықта қалған құжаттардың ішінен алимент өндіру туралы 46 276 құжат кезеңімен орындалу үстінде.

Нақты орындалудың өте төмен көрсеткіші сот үкімдері бойынша сома өндіру туралы атқару құжаттары бойынша байқалады. Бұл істер бойынша әдетте қылмыстан келген зиянның сомасы өндіріледі. Борышкерлер негізінен сотталғандар, материалдық және әлеуметтік жағдайлары нашарлар. Сонымен бірге, табысынан өндіру үшін олар бас бостандығынан айыру орындарында жұмыспен қамтылмайды. Атқару құжаттарының аталған санаттары бойынша орындалудың төмен пайызы тұтас алғандағы шынайы орындалу көрсеткіштерін төмендетеді.

Түскен ақпаратты талдау сот атқарушыларының өндіріп алушылардың да, борышкерлердің де құқықтарын бұзатынын көрсетеді.

Қазақстан әлеуметтанушылары ассоциациясы «Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір» жобасы шеңберінде 1500 респондент арасында жүргізген сауалдама сұрақ берілгендердің тек 12,0% Қазақстан Республикасында соттың шешімі толық көлемде орындалады деп есептейді. Респонденттердің 51,1% сот шешімдерінің ішінара орындалатынына сенімді,ал сұрақ берілген адамдардың 33,3% жауап беруге қиналған.

Респонденттердің 46,8% сот шешімдерінің орындалмау себептерін сот атқарушыларының жемқорлануымен байланыстырады, сұрақ берілгендердің 23,0% тиімді заңнаманың жоқтығымен түсіндіреді, респонденттердің 16,6% сот шешімдерінің орындалмауы себебі ретінде сот атқарушыларының төмен біліктілігін белгілеген, респонденттердің 7,9% сот шешімдерінің орындалмауын сот атқарушылары өкілеттіктерінің жеткіліксіздігімен түсіндіреді. Алынған мәліметтер азаматтардың сот шешімдерінің сапалы және дер кезінде орындалуына құқықтарын бұзуға байланысты маңызды проблемалардың бар екенін дәлелдейді.

Сот шешімдерінің белгіленген мерзімде орындалуының төмен сапасы не болмаса орындалмауы, жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуы сот атқарушыларының төмен құқықтық және әлеуметтік мәртебесімен, білікті және тәжірибелі мамандардың тапшылығымен, сондай-ақ сот шешімдерін атқарудың қолданыстағы тетігінің кемшіліктерімен тығыз байланысты.

Осы уақытқа дейін сот атқарушыларының саны белгіленген нормативтерге сәйкес келмейді, бұл оларға шектен тыс күш түсуіне және кадр ағымына әкеп соғады. Төмен жалақы, әлеуметтік қорғалмау да бұл кәсіптің тартымдылығына әсер етеді.

Проблеманы шешуге сот атқарушыларының еңбегін ынталандыру тетігін енгізу жәрдемдесер еді, мұны халықаралық сәтті тәжірибе де дәлелдеп отыр.

Францияның, Польшаның, Словакияның, Балтия елдерінің, Германияның, Әзербайжанның, Арменияның, Белоруссияның, Молдованың мемлекеттік атқару жүйесінде сот атқарушылары бекітілген жалақысымен қатар борышкердің қаражаты есебінен әрбір атқарылған іс-қимыл бойынша өндірілген сомаларға қарай сыйақы алады.

Мұндай ақы төлеу схемасы Германияда сот шешімдерін атқарудың жүз пайыздық дерлік атқарылуына қол жеткізуге мүмкіндік берген. Және де бірде-бір сот атқарушысы қылмыстық жауапқа тартылмаған.

Осыған ұқсас тетікті Қазақстанда енгізу сот атқарушыларының кадрлық құрамын сапалық жақсартуға, республика бюджетіне түсімді арттыруға, сот атқарушылары институтын ұстауға мемлекет шығынан азайтуға және атқару ісін жүргізу органдарындағы жемқорлық проблемасын шешуге мүмкіндік берер еді.

Бұл тетікті енгізу кезінде атқару сапасы артады және сот атқарушыларының штаттық бірліктерін бөлу қажеттігі жойылатынын атап өткен жөн.

Өкінішке орай, борышкерлерді сот актілерін орындаудан қашқаны үшін қылмыстық және басқа да жауапкершілікке тарту тетігі тиімсіз болып қалуда.

Атқару ісін жүргізу органдарын одан әрі реформалау қажет. Атқару ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімділігі атқару ісін жүргізу органдарының құқықтық мәртебесін, сот актілерінің орындалуын бақылау тетігін айқын анықтауға байланысты.

2006 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан  Республикасы Президентінің жанындағы  Адам құқықтары жөніндегі комиссияның  кеңейтілген отырысында атқарушылық  іс жүргізуді жетілдірудің мәселелері  қаралды. Бұл ретте атқарушылық іс жүргізу органдарын Әділет министрлігінің қарамағына берудің, сондай-ақ оларды Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің құрылымына оның атын Сот актілерін атқаруды қамтамасыз ету комитеті деп қайта атай отырып енгізудің дұрыстығы мойындалды.

2007 жылы Адам құқықтары  жөніндегі комиссияның үйлестірушілік  рөлімен тәуелсіз сарапшылар  дайындаған Адам құқықтарының  ахуалы туралы базалық баяндамада  Азаматтық іс жүргізу кодексінің 236-бабын сот атқарушысын соттың  жазып берген атқару құжатын  орындағаны туралы сотты хабардар етуді не болмаса мерзімі аяқталған кезде сотқа құжаттың орындалмауының себептері туралы жазбаша ақпарат беруді міндеттейтін 6-шы тармақпен толықтыру ұсынылды. Осы бапта соттың сот атқарушысынан осы ақпаратты бермеуінің себептері туралы қажетті түсініктемесін талап ету құқығын көздеу ұсынылды.

Аталған шаралардың қабылдануы сот шешімдерінің орындалуының тиімділігін арттыруға, сот билігінің беделін нығайтуға және халықтың сотқа сенімін арттыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз, өйткені сот актілерінің орындалмауы, атқару ісін жүргізу органдарының селқостығы мен әрекетсіздігі сот билігі мен жалпы мемлекет беделіне едәуір нұқсан келтіреді.

Сот актілерінің барлық санаттарының орындалуын регламеттейтін Сот актілерінің орындалуы туралы кодекс әзірлеу мен қабылдау мүмкіндігін зерделеген жөн.Борышкерді өз міндеттерін орындауға жанама мәжбүрлеу шараларын қолданудың және астрэнта (тұрақты өсіп отыратын өсім) институтын енгізудің шетелдік тәжірибесі назар аударуға тұрарлық, бұл борышкерлердің тәртіптілігіне әкеп соғады. Борышкерлердің сот орындаушысының талап етуі бойынша өз активтерін декларациялау міндетін заңнамалық түрде бекіту және сот орындаушысына борышкердің өз мүлкін ажырату жөніндегі оның мүліктерді өндіріп алудан жасыру мақсатында жасаған мәмілесін жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгіну құқығын беру туралы мәселені де зерделеуге болады [15].

Атқару ісін жүргізудің тиімділігін арттыру және осы саладағы адам құқықтарын толық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік органдармен бірлесіп 2009-2012 жылдардағы кезеңде іс жүзінде мына шараларды жүзеге асыруды ұсынамыз:

1. Талап арыз берушілерге, әсіресе жалғыз басты аналарға  алиментшілердің, сондай-ақ жасаған  қылмысымен келтірген зиянды  өтемеген сотталған адамның төлемқабілетсіздігі кезеңінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеудің тетігін әзірлеп, енгізу. Бұл ретте борышкерден мемлекеттің жұмсаған шығынын регрессивті өтеуді әрі қарай талап ету құқығын белгілеу;

2. Сот актілерін орындамаумен  байланысты қылмыстар бойынша жауап алу функцияларын Ішкі істер министрлігінен Атқару ісін жүргізу органдарына беру.

3. Халықаралық озат тәжірибелерді  зерделеу негізінде сот атқарушыларының  еңбегін материалдық ынталандыру  тетіктерін әзірлеп, енгізу.

4. Атқару істерін жүргізу  органдарын Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің құрылымына соңғысын Сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі комитет деп атай отырып, кіргізу мүмкіндігін қарастыру.

5. ҚР Азаматтық іс жүргізу  кодексінің (ҚР АІК) 236-бабын сот  орындаушысын сотты оның жазып берген атқару құжатының орындалғаны туралы хабардар ету не болмаса мерзімі аяқталған кезде құжаттың орындалмаған себептері туралы жазбаша ақпарат беруге міндеттейтін 6-шы тармақпен толықтыру. Осы нормада сот орындаушысынан бұл ақпаратты бермеудің себептері туралы соттың қажетті түсініктеме талап ету құқығын қарастыру.

6. Сот актілерін мемлекеттік  органдардың, республикалық және  жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын  мекемелердің орындау тәртібін  өзгерту. Бұл мақсатта бюджеттік  заңнамаға мемлекеттік мекемелеріне өздерінің алдағы қаржы жылына бюджеттерін жоспарлау кезінде сот актілері бойынша өз міндеттемелерін өтеуге қаражатты көздеуді міндеттейтін норма енгізу қажет.

7. Мемлекеттік мекемелердің  бірінші басшыларының сот актілерінің орындалмағаны үшін жауапкершіліктерін заңнамалық түрде қарастыру.

8. Шет елдердің мәжбүрлеп  атқару саласындағы практикасының  тиімділігін ескере отырып, Қазақстан  Республикасының атқару ісін  жүргізу туралы заңнамасында  борышкерді өз міндеттерін орындауға  мәжбүрлеудің жанама шараларын қолдануды қарастыру қажет, олар мәжбүрлеп атқарудан едәуір өзгеше және атқару ісін жүргізудің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ол үшін астрэнта (тұрақты өсіп отыратын өсім) институтын енгізу қажет, бұл әділ сот ісін жүргізудің, атқару ісін жүргізу субъектілерінің құқығын қорғаудың тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.

9. Заңнамалық түрде сот  орындаушыларын әлеуметтік қорғау  шараларын көздеу. Сот орындаушыларының  қызметін материалдық-техникалық, соның  ішінде қызметтік автокөлікпен  қамтамасыз етудің қажетті шараларын қабылдау.

Республиканың түзеу мекемелері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚР ӘдМ ҚАЖК) қарамағында. Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасы қамаудағы және сот үкімімен бас бостандығынан айырылған адамдардың құқықтарын қорғайтын халықаралық стандарттардың көпшілігіне сәйкес келеді.

Бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылған адамдардың құқықтық мәртебесі сотталғандардың басқа санаттарымен салыстырғанда барынша шектелген болып табылады. Бұл ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, қылмыстық-атқару заңнамасына толықтай сәйкес келеді. Адам құқықтары тек қана заңдармен және конституциялық құрылысты қорғау мақсатында қаншалықты қажет шамамен шектелуі мүмкін. Мысалға, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес сотталғандардың сайлау және сайлану, республикалық референдумға қатысу құқығы жоқ. Олар сол сияқты орын ауыстыру, тұратын жер таңдау және т.б. құқықтарында да шектелген. Алайда сотталғандар Қазақстан Республикасының азаматы бола отырып, әрбір адамға тиесілі табиғи құқықтарға ие, олар: өмір сүру, денсаулығын қорғау, білім алу, ар-ождан мен діни сенім бостандығы, адамдық қадір-қасиетін құрметтеу, ана тілін пайдалану және т.б. құқықтарын қамтиды.

Қылмыстық-атқару жүйесі саласында 2009 жылғы 1 қаңтарда 73 түзеу мекемесі және 20 тергеу изоляторы жұмыс істейді.

Өткен жылдар ішінде Қазақстан Республикасында құқықтық реформаны жүзеге асыру шеңберінде қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру, жөніндегі едәуір жұмыстар жүргізілді.

Түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларын Ішкі істер министрлігінен Әділет министрлігінің қарамағына беру, қылмыстық және қылмыстық-атқару саясатын ізгілендіру жөніндегі іс-шаралар Қазақстанды Орталық Азиядағы түзеу жүйесін реформалау жөніндегі сөзсіз көшбасшы жасады.

Қылмыстық-атқару жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы

№ 673 қаулысымен Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) қабылданды.

Бағдарлама қылмыстық-атқару жүйесін (бұдан әрі – ҚАЖ) басқаруды ұйымдастыруды жетілдіруге және ҚАЖ мекемелерінде адамдарды ұстап тұру жағдайларын жақсартуға, қылмыстық жазалауды орындаудың тиімділігін арттыруға, сотталғандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған [16].

Сотталғандар құқықтарының қамтамасыз етілуіне қоғамдық бақылау жасау мақсатында 2005 жылдан бастап республиканың барлық облыстарында қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың бастамасы бойынша құрылған қоғамдық қадағалау комиссиялары (ҚҚК) жұмыс істейді.

Сотталғандарға діни салт-жораларды мүмкіндігінше осы мақсаттағы діни салтқа сәйкес арнайы жабдықталған үй-жайларда атқару мүмкіндігі беріледі. Оларға діни әдебиеттерді, жеке пайдаланатын діни тағзым заттарын өзімен бірге алып жүруге және пайдалануға рұқсат етіледі. Діни көмек көрсету үшін діни қызметкерлерді шақыруға рұқсат етіледі.

Қазіргі кезде қылмыстық-атқару жүйесінің барлық түзеу мекемелерінде 36 мешіт пен шіркеу ғимараты, әртүрлі конфессиялардың 168 ғибадат бөлмелері жұмыс істейді. Дінге сенетін сотталғандар саны 9508 адамды құрайды.

Бостандығынан айыру орындарында ұйымдастырылған жалпы білім беруге оқыту сотталғандарға бостандыққа шыққаннан кейін одан әрі білім алу мүмкіндігін бере отырып, елдегі білім беру жүйесімен үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 52 жалпы білім беру мектептері жұмыс істеп, онда орта білімі жоқ 6256 сотталған адам оқиды.

Сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы, сотталғандарды қайта әлеуметтендірудегі және қоғамға толыққанды азаматтарды қайтарудағы маңызды шаралардың бірі психологиялық қызметті дамыту болып табылады. ҚАЖ-ның барлық мекемелерінде психологтар лауазымы енгізілген. Психологтардың жалпы саны 224 адамды құрайды.Сонымен бірге, жүргізілген жұмыстарға қарамастан, пенитенциарлық жүйеде адам құқықтарын сақтау саласындағы өз шешімін талап ететін маңызды проблемалар сақталуда.

Информация о работе Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары