Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 10:25, курсовая работа
Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Азаматтық, әлеуметтік және экономикалық құқықтардың сақталуы тұрғысынан жұмыс тобының адам құқықтары сақталуы мен көші-қон және еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың қамтамасыз етілуінің өзекті мәселелеріне арналған арнайы зерттеулерінің нәтижелері берілген. Сонымен қатар, бұл бөлімде мүмкіндігі шектеулі адамдардың (мүгедектердің), оралмандардың құқықтарының, баланың, әйелдердің, аз ұлттардың құқықтарының сақталуының, халықты құқықтық ағартудың өзекті мәселелері көрсетілген. Ұлттық жоспардың екінші бөлімінде азаматтардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқығының қамтамасыз етілуі мәселелері, адамның және азаматтың алдын ала тергеу мен анықтау барысында; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүргізу саласындағы; атқару ісін жүргізу сатысындағы; пенитенциарлық жүйедегі құқықтарының сақталуы талданады.
1. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі және оны қорғау мәселелері
1.1 Халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын адамдардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқықтары..................................................................7-9
1.2 Алдын ала тергеу және анықтау кезеңіндегі адам құқықтары...............9-13
1.3 Азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу құқығы...................................................................................................................13-20
1.4 Әділ сот ісін жүргізу құқығы...................................................................20-32
1. 5Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары. Сотталғандар
құқықтары.............................................................................................................32-42
2. Сотта қорғалуға конституциялық құқықты іске асыру жолдары
2.1 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметінің
ұйымдастырылуы.................................................................................................43-46
2.2 ҚР омбудсмен институтының даму перспективалары..........................47-50
2.3 Сараптамалық-талдау қызметі. Заңнаманы жетілдіру жұмыстары.....50-65
Қорытынды......................................................................................................66-69
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....…..............................................................70-72
Қызметкерлер штаты шектелген жағдайда басқа да маңызды функцияларды орындау мүмкін болмай қалады: аумақтарға жиі бару, буқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар мониторингі, заңнаманы жетілдіру.
Штаты он төрт адамды құрайтын, оның біреуі басшы, бес техникалық қызметкер бар Ұлттық орталықтың өсіп келе жатқан жұмыс көлемін іске асыру күрделеніп келеді.
Осыған байланысты Уәкіл институтының тиімді жұмысы аппарат қызметкерлерінің штатын елу адамға дейін көбейту арқылы қамтамасыз етуге болады, бұл басқа елдерде омбудсмен офистері тәжірибесіндегі ең ыңғайлы саны болады.
Қазіргі кезде Уәкіл мекемесі персонал іріктеуде қиындықтарды бастап кешіп отыр, себебі жұмыс сипаты кәсіби талаптарға сәйкес тек заңнаманы ғана емес, арнайы білімнің, халықаралық қағидаттар мен стандарттардың болуын талап етеді.
Уәкіл мекемесінің мемлекеттік қызметкерлерінің лауазымы деңгейін «С» санатынан «В» санатына дейін көтеру аппараттың тиімді қызмет етуіне ықпал етеді. Қазіргі кезде Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталықтың келем деген қызметкерлерге қызметінің өсуіне уәде бере алмайды, сондықтан мемлекеттік органдардың қызметкерлерін орталыққа шақыруларды қабылдамайды. Сонымен бірге «С» санатында бола тұра, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың соттарда, министрліктерде, құқық қорғау органдарында жеткілікті тәжірибесі бар сауатты қызметкерлерді іріктеп алуына мүмкіндігі жоқ.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлерінің мәртебесін көтеру Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен орталықтың қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының логикасына жауап береді.
Уәкілдің заңнаманы жетілдіруге қатысу, мамандандырылған омбудсмендерді құру және аппарат санын құру мәселелері сондай-ақ Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиямен (Венеция комиссиясы) ынтымақтастықта талданған.
2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің өтініші бойынша Венеция комиссиясының сарапшылары Хортур Торфасон және Петер Пацалау Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыретін келешекте кеңейту мүмкіндігі туралы зерттеу жүргізген. Венеция комиссиясының 71-ші пленарлық отырысында мақұлданған сараптамалық қорытынды әртүрлі еуропалық елдердің тәжірибесін салыстырып зерттеуді қамтитын сараптамалық жұмыстың нәтижесі болды. Сараптамалық қорытындыда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесін реформалау мүмкіндігімен дамуына байланысты кейбір мәселелер бойынша мынадай қорытындылар келтірілді:
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі конституциялық деңгейдегі кепілдіктерге ие болуы керек, онда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің сипаттамаларының және өкілеттіктерінің мәні және оны парламентте кәсіптік көпшілікпен сайлауды көздейтін тағайындаудың негізгі шарттары мазмұндалуы тиіс.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституциялық Кеңеске жүгіну құқығына ие болуы керек.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, егер ол заң шығаруға бастамалық ету құқығына ие болса артықшылықтарға ие болмайды, сондықтан ол заңнаманы реформалау жөнінде Парламентке және/немесе Үкіметке немесе Президентке ұсыныс жіберу мүмкіндігімен шектелуі тиіс [26].
Уәкіл заңнаманы және бекітілген құқықтық қорғау шарттары бойынша өз пікірін білдіру мүмкіндігіне ие болуы тиіс екенін ескерсек, ондай қорытындылардың міндетті күші болмауы тиіс.
Уәкіл мекемесі нығаю және даму сатысында болғандықтан Қазақстанда мамандандырылған омбудсмендер функцияларын еліміздің жалпы Уәкіл мекемесінің шеңберінде жасау қажет.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заңнама осы мекеменің қызметіне бөлінген бюджеттік қаражат осы мекеме өзінің міндеттері мен мақсаттарын толық, тәуелді және тиімді атқаруын қамтамасыз етуі және алдыңғы жылы мекемеге келіп түскен арыздар санын ескеруі қажет. Заңда немесе ережеде мекеме өз бюджеті туралы өзі ұсыныс береді деп бекітіп омбудсменнің бюджеттен тәуелсіз болуын көздеуге болады.
Венеция комиссиясының қатысушы елдерге арналған қарарлары халықаралық шарттардың нормалары мен басқа мемлекеттердің жинақталған тәжірибесін қамтитын маңызды сараптамалық құжаттар болып табылады. Конституциялық құқық саласында белгілі сарапшылар болып табылатын комиссия мүшелері қорытындыларда маңызды құқықтық қорғау мәселелерін шешу үшін әдіснамалық бағыттарды қысқаша мазмұндайды.
Тұтас айтқанда, Қазақстандағы омбудсмен институты Париж қағидаларына сәйкес тәуелсіз, нақты юрисдикциясы мен өкілеттері бар, қол жетімді, басқа органдармен, үкіметтік емес құқықтық қорғау ұйымдармен ынтымақтас, жедел мекеме болды.
Сонымен бірге адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін оларды іске асыру және қорғаудың нақты үйлестірілген құқықтық механизмдері мен рәсімдер жүйесі қажет. Кешенді механизмді, барлық аумақта адам құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін құру мәселесі өзекті болып табылады, оған өңірлік орталықтарды құру ықпал етеді.
Мемлекеттік қызметкерлер санаты – мемлекеттік орган мәртебесінің бағалау өлшемдерінің бірі. Осыған байланысты орталық мемлекеттік органдармен жаңа деңгейдегі қатынастарға көшу Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппараты қызметкерлерінің санаттарын көтеруге мүмкіндік береді.
2.3 Сараптамалық-талдау қызметі. Заңнаманы жетілдіру жұмыстары
Сарапшылық-талдау қызметі және адамның құқықтары мен бостандықтарына, олардың қорғау нысандары мен әдістеріне қатысты заңнаманы жетілдіруге жәрдемдесу Уәкілдің қызметіндегі басымдықтардың бірі болып табылады.
Заң жобаларын құқықтық сараптау тұрғысында ғана, сонымен бірге жалпыға танылған қағидаттар мен халықаралық құқық нормалары тұрғысында бағалау құқықтық реттеудегі кемшіліктерді анықтауға және оларды жою жөніндегі ұсыныстармен жүгінуге мүмкіндік береді.
Сапалы заңнама әзірленіп жатқан нормативтік құқықтық актілердің әлеуметтік бағытын айқындауға, құқықтық нормаларды адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерге сәйкестігін белгілеуге, оларды тану мен сақтауды қамтамасыз ету бойынша шаралар ұсынуға мүмкіндік беретін құқық қорғау сараптамасы практикасында кеңінен қолданғанда мүмкін болады.
2007 жылы азаматтардың
конституциялық құқықтарын
Есептік кезеңде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларына талдау жүргізілді, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жүйесін Қазақстан Республикасы конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасына ұсыныстар әзірленді, уақытша ұстау изоляторларына, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну құқықтарын іске асыру мәселесі бойынша қоғамдық мониторинг жүргізуді заңнамалық реттеу қажеттігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындалды [27].
2007 жылы заңнаманы дамытуда
басым бағыт конституциялық
Уәкіл мекемесі ҚР Әділет министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жүйесін Қазақстан Республикасы конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ұсыныстар дайындады. Атап айтқанда, Конституция нормаларымен сәйкес келтіру мақсатында «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заңдарға және «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Прокуратура туралы» ҚР заңдарына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар ұсынылды [28].
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп жария етілген. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдық қағидаты барлық қоғамдық өмір салаларында, соның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттің қызметінде негізгі болып табылады. Осы қағидатты ескере отырып, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарады [29].
Атап айтқанда, заң жобасында телефонмен сөйлесулерді жасырын тыңдаудан, компьютер жүйесінен ақпаратты жасырын түсіріп алудан, бақылаудан, тұрғын үйге енуден, яғни Конституцияда кепілдік берілген жеке өміріне қол сұғылмау, хат жазысу құпиясына, телефонмен сөйлесу, телегарфпен хабарлау және почта жөнелтілімдеріне, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұқпау құқығын қозғайтын шаралардың тұтас ауқымынан тұратын жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу бойынша жаңа өкілеттік көзделеді. Заң жобасымен жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларына бөлу енгізілді. Бұл ретте арнайы үшін – прокурордың санкция беруі талап етіледі, ал жалпы үшін – талап етілмейді. Сонымен бірге бұрын прокурордың санкциясы талап етілген бірқатар іс-шаралар арнайы тарауға ауыстырылған: бұлар жасырын бақылау, компьютер жүйесінен ақпаратты түсіру және жеке өмірге қол сұқпауды қозғайтын бірқатарлары.
Бұдан басқа, егер қолданыстағы заңнама бойынша прокурор тек ауыр және аса ауыр қылмыстарды анықтау, алдын алу және ашу үшін арнайы жедел-іздестіру іс-шараларына санкция берсе, енді заң жобасына сәйкес – орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін және одан да елеулі – тергеуден, анықтаудан және соттан жасырынған айыпталушылардың, сондай-ақ қылмыстық жауапкершіліктен жалтарған, және хабар-ошарсыз жоғалған адамдардың орналасқан жерін анықтау үшін береді. Мұны қылмыстардың көптеген ең үлкен санын орташа ауырлықтағы қылмыстар құрайтындығымен дәледейді, алайда заң жобасына ілеспе бірде бір құжатта жеке өмірге қол сұқпау туралы айтылмайды.
Заң жобасын ұсынылған редакцияда қабылдау азаматтарды олардың конституциялық құқықтарын ұдайы бұзу жағдайына әкеледі. Осы проблемаларды жою үшін Уәкіл «Казахстанская правда» газетінде сөйлеген сөзінде және бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарындағы сұхбаттарда заң жобасына сыни баға берді.
Уәкілдің адам құқықтарын реттеуге байланысты ұсыныстарына мемлекеттік органдардың тарапынан барабар ден қоюы орнықты әлеуметтік даму мақсаттарына қол жеткізу және адамның құқықтарын бұзатын заңдарды қабылдаудан жеке бастың қауіпсіздігіне кепілдіктерді қамтамасыз ету үшін қажетті құқықтық шарттарды қалыптастыруға ықпал етуге тиіс.
Қазақстанда баспана институтын нығайтуға бағытталған ұсыныстарды «Босқындар туралы» ҚР Заңында қолдау назар аударуға тұрарлық. Есептік кезең ішінде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері ос заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының алты отырысына қатысты. Қазақстанның Босқындардың мәртебесі туралы конвенцияға және Босқындардың мәртебесіне қатысты хаттамаға қосылғанын назарға алсақ, осы заң жобасын әзірлеу ұлттық заңнамада адам құқықтарын сақтаудың халықаралық стандарттарын имплементациялау бойынша маңызды қадам болып табылады [30].
Заңнаманың тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі шарты заңдарды іске асыру арқылы мониторингті жүзеге асыру болып табылады. Осындай мониторингтің қорытындысы бойынша құқық қатынастарына қатысушылардың құқықтық кепілдіктерінің деңгейін арттыру мақсатында қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі, заңға тәуелді актілер, жаңа заңнамамен берілген мүмкіндіктерді түсіндіруге қосымша шаралар қабылдануы мүмкін.
Азаматтардың заң нормаларын тиімді іске асыруы мақсатында олардың құқықтық ақпараттандырылуы барынша өзекті бола түсуде. Азаматтарды тек қолданыстағы заңнамалық актілер туралы ғана емес, сонымен бірге қабылдауға жоспарланғандар туралы хабардар еткен мақсатқа сай болмақ. Халықтың өмірлік маңызды мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде қоғамдық таңдаулар практикасы оң нәтиже беруде. Мәселен, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі жүргізген «Қазақстанға баланы шетелдіктердің асырап алуы керек пе?» тақырыбындағы қоғамдық тыңдаулар осы мәселе бойынша қалың жұртшылықтың пікірін анықтауға мүмкіндік берді. Қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша ұсынымдарда «Қазақстан Республикасының Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияға қосылуы және оны ратификациялауы туралы» ҚР Заңын қабылдау қажеттігі расталады.
Уәкіл мекемесінің жұмысында аса маңызды бағыт құқық қолдану қызметінің түрлі қырларына байланысты мәселелер бойынша сарапшылық қорытынды дайындау болып табылады. Сарапшылық талдау туралы Уәкіл мекемесіне жүгінген мемлекеттік органдардың арасында: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, сыртқы істер, әділет, білім және ғылым министрліктері бар.
ҚР Конституциялық Кеңестің өтінуімен Уәкіл мекемесі жерге меншік құқығын шектеу шектеріне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы 3-тармағын және 39-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының өтініші бойынша сарапшылық қорытынды дайындады. Қорытындының мәтінін қосымшадан қараңыз.
ҚР Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтау мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдарын іске асыру іс-шараларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жоспарын орындауы туралы ақпаратты дайындалды [31].
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 14-тармағына сәйкес ЕҚЫҰ/ДИАҚБ әзірлеген ұлттық деңгейде адамдар саудасының құрбандарын қайта бағыттау тетігін Қазақстан Республикасында ендіру шарттары бойынша ҚР Үкіметіне ұсыныстар жіберілді.
Информация о работе Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары