Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 10:25, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Азаматтық, әлеуметтік және экономикалық құқықтардың сақталуы тұрғысынан жұмыс тобының адам құқықтары сақталуы мен көші-қон және еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың қамтамасыз етілуінің өзекті мәселелеріне арналған арнайы зерттеулерінің нәтижелері берілген. Сонымен қатар, бұл бөлімде мүмкіндігі шектеулі адамдардың (мүгедектердің), оралмандардың құқықтарының, баланың, әйелдердің, аз ұлттардың құқықтарының сақталуының, халықты құқықтық ағартудың өзекті мәселелері көрсетілген. Ұлттық жоспардың екінші бөлімінде азаматтардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқығының қамтамасыз етілуі мәселелері, адамның және азаматтың алдын ала тергеу мен анықтау барысында; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүргізу саласындағы; атқару ісін жүргізу сатысындағы; пенитенциарлық жүйедегі құқықтарының сақталуы талданады.

Содержание

1. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі және оны қорғау мәселелері
1.1 Халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын адамдардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқықтары..................................................................7-9
1.2 Алдын ала тергеу және анықтау кезеңіндегі адам құқықтары...............9-13
1.3 Азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу құқығы...................................................................................................................13-20
1.4 Әділ сот ісін жүргізу құқығы...................................................................20-32
1. 5Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары. Сотталғандар
құқықтары.............................................................................................................32-42
2. Сотта қорғалуға конституциялық құқықты іске асыру жолдары
2.1 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметінің
ұйымдастырылуы.................................................................................................43-46
2.2 ҚР омбудсмен институтының даму перспективалары..........................47-50
2.3 Сараптамалық-талдау қызметі. Заңнаманы жетілдіру жұмыстары.....50-65

Қорытынды......................................................................................................66-69
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....…..............................................................70-72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адам мен азаматтын конституциялық құқықтары.doc

— 526.00 Кб (Скачать документ)

Кейбір жағдайларда өтініш иелері жеке тұлғалар арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысты түсінік беруді сұрайды, бұл жағдай да Уәкілдің құзырына жатпайды. Мысал ретінде: П. жалпы саяси қуғын-сүргіннен жәбір шеккендердің мәртебесін алудың мәселесін түсіндіру туралы (2007 жылғы 01 маусымдағы кіріс №523/02 хат), С. заңсыз сотталып, бас бостандығынан айыру орнында болғаны үшін өтемақы төлеу мәселесіне қатысты (2007 жылғы 20 шілдедегі кіріс №694/03 хат), Я. жалпы саяси қуғын-сүргіннен жәбір шеккенді ақтау мәселесіне қатысты (2007 жылғы 20 тамыздағы кіріс № 800/02 хат), С. заңнаманы қолдануды түсіндіруге қатысты хаттары (2007 жылғы 30 қаңтардағы кіріс №101/02 хат) жатады.

Н. кінәлі адамдарды жауапқа тарту мәселесі бойынша хат (2007 жылғы 25 мамырдағы кіріс №502/03 хат) жолдады. Шағым мазмұны бойынша өтініш иесін еш себебін түсіндірместен жұмыстан босатылғандығы және жұмысқа қайта орналасуына ықпал етіп, және осыған байланысты кінәлі адамдарды жауапқа тартуды сұрайды. Көмек көрсету үшін Адам құқығы жөніндегі уәкіл мекемесі бұл шағымды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберді [38].

Ф. нотариустың қызметіне шағымданған хаты (2007 жылғы 21 мамырдағы кіріс № 479/03 хат) осындай сипатта. Бұл шағым тиесілігі бойынша Республикалық нотариаттық палатаға жіберілді

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен осы хаттар халықтың құқықтық сауаттылығының, мемлекеттік органдардың құзыреті туралы және оларға өтініш жасаудың тәртібін білу туралы ақпарат таратудың деңгейінің төмен дәрежеде екендігін куәландырады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен сотталған адамдарға кешірім жасау туралы өтініштермен байланысты шағымдар санаты аздап кездеседі.

Есептік кезең ішінде Уәкілге осы мәселе бойынша ұлы Д.Шідербаевтың мүддесін қорғаған А. өтініш (2007 жылғы 09 сәуірдегі кіріс № 337/02 хат) білдірген болатын.

Сотталған адамдарға кешірім жасау туралы мәселені шешу Уәкілдің құзыретіне жатпайтындығын ескере отырып, өтініш иелеріне Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияға өтініш беру тәртібіне қатысты түсініктер беріледі.

Есептік кезеңде басқа мемлекеттік органдарға бағыттап ауыстыру туралы өтінген (0,31%) 4 шағым келіп түсті. Уәкіл қатаң түрде тек өз құзыреті шеңберінде ғана қызмет жасайтындықтан, құқық бұзушылық туралы мәліметтерді құрамайтын хаттар көбінесе қараусыз қалады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ережелермен айқындалған өкілеттікті жүзеге асыра отырып, Уәкіл адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандығын қалпына келтіру жөніндегі шараларды қабылдайды [39].

Есептік кезең ішінде өндіріске 429 шағым (жазбаша шағымдар санының 33,4%) қабылданды, өндіріске 561 арыз (43,6%) қабылданған жоқ, олардың ішінен 471-і (36,6%) құзыретті шектеу себебі бойынша, 90-ы шағымда құқық бұзушылық қаралмауына байланысты (7%). Баяндаманы дайындау сәтінде шағымдардың бір бөлігі – 93 арыз - өндірісте және 16 шағым қарауда болды.

2007 жылы 78 шағым (өндіріске  қабылданған шағымдардың жалпы  санының 18,1%) оң нәтижемен шешілді. 24 жағдайда (5,6%) өтініш берушінің құқықтары жартылай ғана қалпына келтірілді.

Уәкілдің шағымдармен жұмыс нәтижесінің динамикасы мынадай кестеде берілген.

Алматы қаласының арнайы мектебінің директорының міндетін атқарушы, «ҚСҚ оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тараз қаласының қарттар және мүгедектерге арналған интернат үйінің директоры лауазымынан босатылып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің араласуы нәтижесінде сот шешімін орындаудан қашқаны үшін ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің сауалы бойынша жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша мемлекеттік еңбек инспекцияларымен еңбек заңнамасын бұзғаны үшін екі ЖШС басшысы мен жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды [40].

Осы бөлімде оң нәтижеге қол жеткізілген анағұрлым үлгілік өтініштер келтірілген, олар шағымдарды тексергенде оң нәтижеге жеткен мемлекеттік органдардың атаулары бойынша жүйеленген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Адам құқықтарын қорғау саласындағы қол жеткен прогрестерге қарамастан Қазақстан Республикасының құқық қорғау тетіктері елеулі түзетулерді талап етеді.

2007 жыл Қазақстанда демократиялық  реформалар мен адамның және  азаматтың құқықтық мәрбесін дамыту бастамашылығымен өтті.

Өткен жылдың қорытындылары туралы айтқанда, бірінші кезекте, елді одан әрі демократияландыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңын қабылдаудың маңызыдылығын атап өту қажет.

Аталған конституциялық түзетулердің шеңберінде адамның өмір сүруге ажырамас іргелі құқығының дәрежесін айқындаудың өлшемдік негізі сапалы өзгерістерге ұшырады. Өлім жазасы түрінде жаза тағайындау негіздемелерінің ауқымы - құқық тұрғысында адамды өмірінен айырудың рұқсат етілген жалғыз нысаны - төменге дейін шектелді. Мемлекетке адамдардың қаза болуымен ұштасқан террористік қылмыстарды, сондай-ақ соғыс уақытында аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазалаудың жоғары шарасын қолдану мүмкіндігін қалдырды. Ал сотталушыға рақымшылық жасау туралы өтініш беру құқығы беріледі. Осы арқылы Қазақстан Республикасында қылмыстық саясатты ізгілендірудің жоғары дәрежесі сызып көрсетіледі.

Құқық шектейтін бұлтартпау шараларының бірі қамауға алуға санкция беру құқығын сотқа беру адамның еркін сұруіне және жеке басына қол сұғылмау құқығын негізсіз бұзуды алдын алу мақсатын көздейді. Көрсетілген шара бас бостандығынан айыру түрінде бұлтартпау шарасын таңдау кезінде тергеушілер мен прокурорлардың жауапкершілігін күшейтуге, сот билігінің беделі мен тәуелсіздігін арттыруға, адамның еркін сүруіне констиуциялық құқығының сенімді қорғалуын қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Азаматтық және саяси құқықтары турады халықаралық пактіге және Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға факультативтік хаттамаларға қол қойды. Қазақстан көрсетілген халықаралық шарттарға қосылу арқылы келесі жылы заңнаманы жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды ұйғарып отыр.

Билік пен азаматтық қоғамның сындарлы ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы мемлекеттік саясаттың тұтқалы элементтерінің бірі болды. Бұған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанынан Қоғамдық палатаны құру, ІІІ Азаматтық форумды жүргізу болып табылады [41].

Әкімшілік реформаны одан әрі іске асыру мақсатында «Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды. Осы арқылы мемлекет Басшысы барлық мемлекеттік органдар жүйесінде жұмыс істеу тиімділінің арттыру, барлық атқарушы билік деңгейлері арасында өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық тетігін жақсарту, мемлекеттік қызметке аса дарынды, бастамашыл және кәсіби кадрларды тару үшін қолайлы жағдай жасау, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну тетігін жетілдіру, Қазақстан Республикасында мемлекеттік әкімшілік етуді жоғары халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес келтіру қажеттігін мақсат етті.

Орталық атқарушы органдардағы  әкімшілік реформа шеңберінде оны саяси басшылық арасында ауыстырылуына қарамастан  орталық атқарушы органның үздіксіз жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін жауапты хатшы лауазымы енгізілді. Тұтқалы мемлекеттік органдардың жұмысындағы тұрақтылық республикалық даму жоспарларын іске асыру қарқынын тездетуге, сапалы мемлекеттік қызмет алуда адамның құқықтарын сақтау деңгейін арттыруға қызмет етеді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі кең ауқымдағы мәселелерді шешуге тартылды. Алдағы жыл мекеме ұсынатын қызметтерге белсенді сұраныстың сақталуын білдіреді.

2007 жылы үлеске қатысушылардың, Халықаралық Кришнаны тану қоғамы  діни общинаның құқықтарымен  байланысты проблемалардың күрделілігі  күн тәртібінде биліктің қоғам алдында айқын болуы мен есеп беру және бірлесіп алдын ала талқылау құралдары мен ресімдерін әзірлеу және ахуалдардың мониторингісі қажеттігін тақырып қып қойды.

Азаматтар жиі ұшырайтын күрделі проблемалардың бірі сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру  мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтықты  одан әрі арттыруда, сондай-ақ атқарушы билік органдарының қызметін парламенттік бақылау нысандарын дамытуда және іске асыруда көрінеді.

Халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан қосылған халықаралық құқық қорғау шарттарын имплементациялаудың белгілі бір стратегиясын әзірлеу қажет.

Алдағы жылы мемлекеттік органдардың халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуін қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға көңіл бөлетін боламыз. Сонымен бірге Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі халықтың және ең алдымен, өз құқықтарын тиімді түрде талап етуі үшін әлеуметтік осал топтың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру бойынша мақсатты жұмыстарды жалғастырады Адам құқықтары әлі де болса мемлекет саясаты мен мемлекеттік органдар қызметінде абсолютті басымдыққа айналған жоқ. Әлі күнге дейін елде барлық билік тармақтарының адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы іс-қимылдарын түсіну мен үйлестірудің қажетті деңгейі жоқ. Ұлттық жоспардағы ұсынылған ұсынымдар мен шаралар адам құқықтары саласындағы заңнамалық, институционалдық және бақылау тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Азаматтық қоғам институттарының құқық қорғау әлеуеттерін толығырақ пайдалану, құқықтық ағартудың рөліне, өз құқықтарын қорғай алатын және құқықтық қатынастың басқа қатысушыларынан, ең алдымен мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан өзінің құқықтары мен міндеттеріне барабар қарауды талап ете алатын әлеуметтік-белсенді тұлғаны қалыптастыруға мұқият көңіл бөлу қажет [42].

Ұлттық жоспардың іс-шараларын жүзеге асыру қоғамда адам құқықтарының жоғары мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ-дың және басқа субъектілердің бекітілген ұсынымдарды жүзеге асыру процесіндегі өзара іс-қимылдың тиімді тәсілдерін пысықтауға жәрдемдесуі мүмкін.

Еліміздің ұлттық заңнамасын жетілдіру барысында азаматтық қоғам институты өкілдерінің адамның құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын заң жобалары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді талқылауға толыққанды қатысуы үшін барлық жағдайды жасау қажет.

Жасалған жұмыстардың мақсатқа сәйкестілігі мен маңызы Ұлттық жоспардың Қазақстанның құқықтық даму тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттерін әзірлеуді бастайтын қажетті бастапқы желісі ғана емес, оның адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау тетіктерін жетілдіру жөніндегі келесі іс-қимылдардың сәттілік өлшемдері бола алатындығында.

Ұлттық жоспарды әзірлеу барысында сарапшылар халықаралық тәжірибені, ішінара алғанда Литвадағы, Швециядағы, Австралиядағы, Испаниядағы, Әзербайжандағы, Молдовадағы, Индонезиядағы, Сингапурдағы, Филиппиндегі Ұлттық жоспар жасау тәжірибесін толық көлемде ескеруге тырысты.

Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның үйлестіруші рөлімен өз жұмысының аралық нәтижелерін дөңгелек үстелдер форматында талқылауға мүмкіндік алды.

Қарқынды диалог шеңберінде жалпы баға мен адамның, оның өмірінің, құқықтары мен бостандықтарының жоғары құндылығы туралы конституциялық постулатты іс жүзіне асыруға бағытталған заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік берген жобаның барлық қатысушыларының сындарлы ұстанымдарын атап өту қажет.Ұлттық жоспарды жүзеге асыру нәтижелерінің бірі заңнамалық, атқарушы, сот және соттық емес, бақылау, қоғамдық институттардың мемлекеттік-құқықтық өмірдің бірыңғай ритміндегі өзара іс-қимылының оңтайлы әдістерін әзірлеу бола алады. Бұл Ұлттық жоспардың басты жетістігі де болуы мүмкін.

Ұлттық жоспар мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың бірыңғай стратегияны жүзеге асыру, жалпы көзқарастар мен әдістерді әзірлеу ісіндегі күш жігерін біріктіруге, билік пен оппозиция арасындағы қатынастарды құқықтық өріске аударуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Ұлттық жоспардың орындалуы мына нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы тиіс:

- ұлттық заңнама мен  құқық қолдану практикасына адам  құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды енгізу;

- адам құқықтарын қорғаудың  мемлекеттік және қоғамдық тетіктерін  жетілдіру;

- адам құқықтары жөніндегі  соттық емес институттарды, соның  ішінде Омбудсмен институтын  нығайту;

- азаматтық қоғам институттарын  дамыту және олардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы;

- адамның және азаматтың  азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік  және мәдени құқықтарын тиімді  қорғауды қамтамасыз ету;

- халықтың әлеуметтік  қауқарсыз топтарының құқықтарын  қамтамасыз етуге арналған арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру;

- мемлекеттік органдар  мен азаматтық қоғам институттары  қызметінің мөлдірлігін қамтамасыз  ету;

- халықтың адам құқықтары  және оның әрбір адам мен  жалпы қоғам үшін құндылығы  саласындағы жалпыға ортақ танылған  халықаралық стандарттар туралы хабардар болуының жоғары деңгейіне қол жеткізу (адам құқықтары саласындағы ағарту);

Информация о работе Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары