Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 10:25, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Азаматтық, әлеуметтік және экономикалық құқықтардың сақталуы тұрғысынан жұмыс тобының адам құқықтары сақталуы мен көші-қон және еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың қамтамасыз етілуінің өзекті мәселелеріне арналған арнайы зерттеулерінің нәтижелері берілген. Сонымен қатар, бұл бөлімде мүмкіндігі шектеулі адамдардың (мүгедектердің), оралмандардың құқықтарының, баланың, әйелдердің, аз ұлттардың құқықтарының сақталуының, халықты құқықтық ағартудың өзекті мәселелері көрсетілген. Ұлттық жоспардың екінші бөлімінде азаматтардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқығының қамтамасыз етілуі мәселелері, адамның және азаматтың алдын ала тергеу мен анықтау барысында; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүргізу саласындағы; атқару ісін жүргізу сатысындағы; пенитенциарлық жүйедегі құқықтарының сақталуы талданады.

Содержание

1. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі және оны қорғау мәселелері
1.1 Халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын адамдардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқықтары..................................................................7-9
1.2 Алдын ала тергеу және анықтау кезеңіндегі адам құқықтары...............9-13
1.3 Азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу құқығы...................................................................................................................13-20
1.4 Әділ сот ісін жүргізу құқығы...................................................................20-32
1. 5Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары. Сотталғандар
құқықтары.............................................................................................................32-42
2. Сотта қорғалуға конституциялық құқықты іске асыру жолдары
2.1 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметінің
ұйымдастырылуы.................................................................................................43-46
2.2 ҚР омбудсмен институтының даму перспективалары..........................47-50
2.3 Сараптамалық-талдау қызметі. Заңнаманы жетілдіру жұмыстары.....50-65

Қорытынды......................................................................................................66-69
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....…..............................................................70-72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адам мен азаматтын конституциялық құқықтары.doc

— 526.00 Кб (Скачать документ)

1. Сот процедураларының, сондай-ақ сот билігі органдары  қызметінің ашықтығы мен мөлдірлігіне  бағытталған шаралар қабылдау. Бұл мақсаттарға ең алдымен сот отырыстарында болып жатқандарды міндетті түрде аудио немесе бейнежазбаға түсіру сияқты сот процестерін жазып алудың объективті әдістерін енгізу жолымен қол жеткізуге болады. Қазіргі кезде сот отырысының барысын азды-көпті ең дұрыс жазып алатын жалғыз құжат сот отырысының хаттамасы болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамамен сот отырысының хаттамасын міндетті түрде жүргізу мүлде көзделмеген, ал тараптың іс бойынша процесте аудио-бейне жазбаны қолдану құқығы іс бойынша төрағалық етушінің келісімімен ғана жүзеге асуы мүмкін. Сондықтан сот отырысы барысын бұзу мүмкіндігін болдырмау үшін іс жүргізу заңдарына осындай өзгерістер енгізген жөн.

Ұсынылып отырған жаңалық сот процесін мөлдір етеді және сот ісін жүргізудің жариялылығы мен ашықтығы принципін нақты іске асыруға алып барады, іс бойынша шешімнің тек зерттелген және хаттама мен аудио- бейнежазбада тіркелген дәлелдемелердің негізінде ғана қабылдануына жағдай жасайды, бұл істі объективті қарауды қамтамасыз етеді және сот шешімдерінің сапасын жоғарылатады.

Электрондық байланыс құралдарын неғұрлым кеңінен пайдалану туралы мәселені қараған жөн. Мысалға, бастапқы кезеңде процестерді қашықтан қатысу режимінде жүргізу үшін, ішінара алғанда қабылданып қойған сот актілерін қайта қарау кезінде соттарда бейнеконференция байланысын енгізуге болады.

2. Әділ сот төрелігінің  жариялылығы мен мөлдірлігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді соттың басқа мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен өзара қарым-қатынас тәртібін реттеуден де көреміз.

Соттағы істің қозғалысы туралы ақпаратты мөлдір ету, сот актілерінің қол жетімдігіне кепілдік берілу қажет. Азаматтар мен ұйымдар соттардың қызметі, судьяларға кандидаттарды іріктеу және т.б. туралы мәліметтерді еркін алуға тиіс. Бұл айтылғандар Қазақстан Республикасындағы әділ сот төрелігінің жариялылық пен мөлдірлік принциптерін толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

3. Әділ сот төрелігін  жүргізу сапасы, бірінші кезекте, қандай да бір судьяның кәсіпқойлығы  мен сауаттылығына байланысты, судьялар  корпусының сапасында проблемалардың  бар екені анық. Бұған судьяға  кандидаттарды іріктеу процедурасының сапасыз және объективті емес түрде жүргізілуі кем жағдай жасамайды. Сондықтан судьяларды тағайындаудың әлдеқайда мөлдір тәртібі қажет. Бұл проблеманы шешу мақсатында Жоғары Сот Төрағасының судьялардың, барлық деңгейлердегі соттар мен сот инстанцияларының басшыларының бос орындарына тағайындауға ұсынатын адамдарының тізімі алдын ала БАҚ-та не Интернетте жұртшылықтың назарына жеткізу үшін жариялануы қажет.

Судьялар лауазымына кандидатураларды талқылау кезінде соттар қызметіне қатысы бар кәсіптік ассоциацияларды қоса алғандағы азаматтық қоғаммен консультациялар жүргізу қажет.

4. Судьяға кандидат-тағылымгерлерді  мемлекеттік қолдау, сондай-ақ судьялар  референттері (көмекшілері) институтын  енгізу туралы мәселені қарау.

5. Соттар мен судьялардың мамандандырылуын тереңдету жөніндегі шаралар қабылдау: Қазақстан өңірлерінде ювенальдық соттарды дамыту; салық, еңбек және басқа соттарды құрудың негізділігін зерделеу.

6. Соттарды тәртіптік  жауапкершілікке тартумен байланысты  мәселелер де реттеуді талап етеді. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңда судьялардың тәртіптік жауапкершілігінің негіздері анықталған, олардың бірі істі қарау кезіндегі заң бұзушылық болып табылады [11].

Бұл ретте аталған Конституциялық заңның 39-бабының 3 тармағынан келіп шығатыны, егер де бұл жерде заңды өрескел бұзушылыққа жол берілмесе және ол туралы жоғары тұрған сот инстанциясының сот актісінде көрсетілсе сот актісін жою немесе өзгерту өз бетінше судьяның жауапкершілігіне әкеп соқпайды.

Осылайша заң шығарушы іс жүзінде судьяның жауапкершілігі туралы мәселені жоғары тұрған сот инстанциясына тәуелді етіп қойып отыр.Практикада жоғары тұрған сот инстанцияларының судьялары істі қарау кезінде судьяның іс-әрекетінен өрескел заң бұзушылықты көре отырып, ол туралы өз актілерінде көрсетпейді, бұл судьяны тәртіптік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік бермейді.

Сондықтан заңнамалық деңгейде судьяның нақты қандай заң бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін анықтаған дұрыс болар еді. Республикалық тәртіптік-біліктілік алқа мен Сот қазылар алқасы шешімдерін мүдделі адамдардың Жоғары Сот Кеңесінде шағымдана алуы туралы мәселені қараудың маңызы бар.

7. Азаматтық істерді қарау  мерзімдерін, сот ісін жүргізу  мен атқару ісін жүргізу кезінде келтірілген нұқсанды өтеу тетіктерін белгілеуге қатысты қағидаларды жетілдіру талап етіледі. Ішінара алғанда, істерді заңда белгіленген мерзімінен артық қараумен байланысты барлық мәселелерді азаматтарға соттардың істі қарау мерзімдерін бұзуымен байланысты пайда болған нұқсанды өтеуді талап ету құқықтарын бере отырып реттеу қажет.

Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (ҚР АІК) нормалары ҚР Азаматтық кодексінің 923-бабына сәйкес сот қызметкерлері келтірген зиянды өтеудің іс жүргізу регламентациясын мүлде қарастырмайды. АІК-нің сотқа талап қою туралы әңгіме етілетін жалғыз бабы мүдделі адамға қалағанына қол жеткізуге мүмкіндік бермейді, дәл осы кезде мұндай шағымдар кең таралған және атаулы жеріне жетпейтінін практика көрсетіп отыр.

Осыған байланысты конституциялық іс жүргізуге қатысушыларды ұлғайту және оған азаматтарды бұзылған конституциялық құқықтарын қорғау үшін Конституциялық Кеңеске жүгіну мүмкіндігін бере отырып қосу туралы мәселені қараған дұрыс болар еді.

8. Ұзақ уақыттар бойы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып, теория мен нормашығармашылық жұмыста құқықтың азаматтық және қылмыстық салаларының дамуына көп көңіл бөлінді. Сонымен бірге, әкімшілік-құқықтық қатынастар ең қарқынды дамып келе жатқан құқық саласының бірі болып табылады. Мемлекеттегі кез келген әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістер құқықтың қарастырылып отырған саласындағы нормалардың маңызында көрініс табады.

Әкімшілік құқық қатынастары саласындағы құқық қолдану практикасы көрсеткеніндей, 2004 жылы құрылған әкімшілік соттар әкімшілік істерді шешуде әлеуметтік шиеленістерді едәуір төмендетті, сондай-ақ азаматтардың билік құзырына ие болған адамдардың қателіктерінен және бұрмалауынан қорғалу деңгейін жоғарылатты, әкімшілік істерді әділ қараудың белгілі бір кепілдіктерін жасады [12].

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында әкімшілік істерді сотта қарау жеке сот ісін жүргізу нысаны ретінде нормативтік түрде бекітілген жоқ. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде «әкімшілік сот ісін жүргізу» термині «әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу» деген жалпылама өрнекпен алмастырылған, өйткені әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сол сияқты уәкілетті мемлекеттік органдар да қарайды.

Әкімшілік процестің нашар дамуы, құқықтық жүйеде әкімшілік-іс жүргізу құқығы саласының жоқтығы қазіргі кезде сот ісін жүргізудің жеке элементтерінің әкімшілік іс жүргізумен қабыстырылуына әкеп соқты.

Әкімшілік сот ісін жүргізуді дамытудағы заңды қадам Қазақстан Республикасының Әкімшілік-іс жүргізу кодексін қабылдау болуға тиіс. Бүгінгі таңда әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының көпшілік-құқықтық дауларды азаматтар мен ұйымдардың қатысуымен қарау және шешу тәртібін реттейтін нормалары бірікпеген, бөлек-бөлек, бұл атқарушы билік органдарының күнделікті құқық қолдану практикасын, мемлекеттік және сот органдарының құқық қорғау қызметін қиындатып отыр және олардың кодифакциялануы талап етіледі.

9. Айыптау тарапынан іс  жүргізу теңдігіне қол жеткізу  бағытында адвокаттардың мәртебесі мен іс жүргізу мүмкіндіктерін заңнамалық жолмен көтеру қажет.

10. Өз ведомствосының қызметкеріне  қатысты қылмыстық істі тергеу  практикасын жою қажет. Мұндай  қылмыстық істерді тергеудің  объективтілігінің шарты құқық  қорғау органдарының өз қызметкерлеріне қатысты тергеулі болуын жою болуға тиіс.

11. Судьялардың тәуелсіздігін  нығайту мақсатында соттар алқасы  төрағаларының тиісті соттар  судьяларымен сайланбалылығын заңнамалық  түрде белгілеу.

12. Бітімгерші судьялар  институты (билер соты) енгізіліп, оларды  халықтың сайлауын заңнамалық тұрғыда бекіту.

13. Қадағалау шағымдарын  алдын ала қараудың қолданыстағы  тәртібін қайта қаралсын, ол процеске  қатысушылардың құқықтарын елеулі  шектейді, оларды прокурормен тең  емес дәрежеге қояды, ал прокурордың  қадағалау наразылығы алдын ала қарау процедурасын қажет етпейді.

Адвокаттардың, сотталғандардың, жәбірленгендердің және процестің басқа да қатысушыларының қадағалау инстанциясына берген қадағалау шағымдарын прокурорлардың наразылықтары сияқты тікелей қадағалау алқасында іс жүргізу шешімдерін қабылдай отырып қарау қажет.

14. Қадағалау шағымын 3 судья  құрамында алдын ала қарау  азаматтардың олардың шағымдарын  объективті қаралу құқықтарына  жасалатын қысым ретінде жойылсын. Қазіргі уақытта қадағалау инстанциялары 2 сатыдан тұрады: 3 судья құрамымен істі алдын ала қарау, олардың қаулысына шағым жасалмайды; 5 судья құрамын түпкілікті қарау, олар істі егер де алдын ала қарауда іс қозғалған болса қарайды. Мұндай тетік азаматтар мен заңды тұлғалардың негізделген қанағаттанбаушылығын тудырады. Бір сотта 2 инстанция (апелляциялық және қадағалау) болуы мүмкін емес, өйткені апелляция төрағасы қадағалау төрағасына вертикаль бағынышты және азаматтар мен заңды тұлғалардың істі қараудағы объективтілікке белгілі бір сенімсіздігін туғызады. Бірінші инстанция сотының шешімдеріне келіспейтін заңды және жеке тұлғалар облыстық сотқа апелляциялық шағыммен бір рет қана арыздана алады. Олардың сеніміне ие болу үшін апелляциялық істі алқалық құраммен қарауға тиіс. Олардың шешімімен келіспейтін жағдайда шағым Жоғарғы Сотқа берілуі мүмкін, ол жерде де алдын ала қарау болмауға тиіс. Еуропалық Соттың қадағалауды инстанция ретінде мойындамау туралы және Рим Конвенциясының құқықтық айқындылық туралы пікірін ескере отырып, ҚР Жоғары Соты шағымдану кезінде істі түпкілікті қарайтын қадағалау соты болуға тиіс. Осылайша, барша сот жүйесі тек үш инстанциядан тұратын болады, бұл азаматтар мен заңды тұлғалардың әділ сот төрелігіне қол жеткізуін қамтамасыз етеді, бұл сот жүйесінің ашықтығы (транспаренттілігі) туралы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

15. Адвокаттың мемлекеттік, коммерциялық және басқа да  заңмен қорғалатын құпияны құрайтын  құжаттарды талап ету құқықтары  туралы мәселе заңнамалық түрде  реттелсін. Заңда қорғаушы талап  еткен құжаттардың берілуі мүмкін  емес жағдайларды көрсету қажет.

16. Сауалдама жүргізу тәртібі  туралы, сауалдама нәтижесі бойынша  алынған мәліметтерді жазу туралы, мұндай дәлелдемелерді бағалау  мен пайдалануға жол беру туралы  мәселелерді заңнамалық түрде  бекіту, адвокаттардың дәлелдемелер, құжаттар және басқа да мәліметтер жинау жөніндегі құқықтарын ұлғайтудың құқықтық негізін құру, яғни адвокаттардың сот процесінде дәлелдемелерді ұсынуы туралы мәселені заңнамалық тәртіппен олардың рұқсат етілген болуын мойындау көзқарасы тұрғысынан шешу.

17. Қылмыстық жазалау түрі ретіндегі өлім жазасын жою және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Халықаралық хаттамасын ратификациялау.

 

 

1. 5 Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары. Сотталғандар құқықтары

 

Атқарушылық іс жүргізу сот ісін жүргізудің азаматтардың құқықтары іс жүзінде жүзеге асатын және бұзылған құқықтары қалпына келетін кезеңі болып табылады.

Атқару құжаттарының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жүктелген. 2006 жылы атқарушылық іс жүргізудің заңнамалық базасын жетілдіру мақсатында «Кейбір заңнамалық актілерге атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заң қабылданды. Заң нормалары Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты тұжырымдамасының сот атқарушылары мен приставтардың қызметін бірыңғай жүйеге біріктіруге қатысты ережелерін жүзеге асыруға, сот шешімдерінің атқарылуын процессуалдық соттық бақылауды қолдануды кеңейтуге бағытталған [13].

Бұл Заңда сот актілерін атқару процедурасын жақсартатын нормалар көрініс тапқан. Мысалға, сот атқарушыларының салық құпиясын құрайтын ақпаратқа қол жеткізуі қамтамасыз етілген, бұл борышкердің мүліктік жағдайын анықтау процедурасын едәуір жеңілдетеді.

Сол сияқты борышкерге қатысты неғұрлым толық ақпаратты жедел алу мақсатында «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Несиелік серіктестіктер туралы», «Шағын несиелік ұйымдар туралы» және «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер енгізілген.

Азаматтық іс жүргізу кодексі «Сот атқарушысының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану», «Шешімді атқару кезіндегі басқа адамдардың құқықтарын қорғау» сияқты баптармен толықтырылған. Сол сияқты «Атқарушылық іс жүргізу және сот атқарушыларының мәртебесі туралы» Заңға атқарушылық іс жүргізудегі өкілділік пен құқықтық мирасқорлық тәртібін, сот атқарушысына қарсылық білдіру тәртібін белгілейтін баптар енгізілген [14].

Ішінара атқару жолымен атқарушылық іс жүргізу органдарының инкассалық өкімі негізінде борышкерлердің есеп-шотынан ақша алу тетігі жетілдірілген.

Информация о работе Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары