Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 10:25, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Азаматтық, әлеуметтік және экономикалық құқықтардың сақталуы тұрғысынан жұмыс тобының адам құқықтары сақталуы мен көші-қон және еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың қамтамасыз етілуінің өзекті мәселелеріне арналған арнайы зерттеулерінің нәтижелері берілген. Сонымен қатар, бұл бөлімде мүмкіндігі шектеулі адамдардың (мүгедектердің), оралмандардың құқықтарының, баланың, әйелдердің, аз ұлттардың құқықтарының сақталуының, халықты құқықтық ағартудың өзекті мәселелері көрсетілген. Ұлттық жоспардың екінші бөлімінде азаматтардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқығының қамтамасыз етілуі мәселелері, адамның және азаматтың алдын ала тергеу мен анықтау барысында; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүргізу саласындағы; атқару ісін жүргізу сатысындағы; пенитенциарлық жүйедегі құқықтарының сақталуы талданады.

Содержание

1. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі және оны қорғау мәселелері
1.1 Халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын адамдардың тегін білікті заңгерлік көмек алу құқықтары..................................................................7-9
1.2 Алдын ала тергеу және анықтау кезеңіндегі адам құқықтары...............9-13
1.3 Азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу құқығы...................................................................................................................13-20
1.4 Әділ сот ісін жүргізу құқығы...................................................................20-32
1. 5Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары. Сотталғандар
құқықтары.............................................................................................................32-42
2. Сотта қорғалуға конституциялық құқықты іске асыру жолдары
2.1 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметінің
ұйымдастырылуы.................................................................................................43-46
2.2 ҚР омбудсмен институтының даму перспективалары..........................47-50
2.3 Сараптамалық-талдау қызметі. Заңнаманы жетілдіру жұмыстары.....50-65

Қорытынды......................................................................................................66-69
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....…..............................................................70-72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адам мен азаматтын конституциялық құқықтары.doc

— 526.00 Кб (Скачать документ)

Әділет министрлігіне мынадай талдау материалдары жіберілді:

  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Р.Жақсыбеков бекіткен 2007 жылғы 2 сәуірдегі № 93-6/15-66  Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге өтінімін жылжыту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарының 6-тармағын орындау үшін Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция, Баланың құқықтары туралы конвенция, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенция, Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция, № 138 Жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жасы туралы ХЕҰ конвенциясы, № 182 Балалар еңбегінің ең жаман нысандарына тыйым салу және түп-тамырымен жою бойынша дереу шаралар туралы ХЕҰ конвенциясы, Босқындардың мәртебесі туралы конвенция мен Босқындардың мәртебесіне қатысты хаттама сияқты адам құқықтары саласындағы осындай шарттарға ұлттық заңнаманың сәйкестігіне талдау дайындалды.
  • Мемлекеттік органдарда этникалық топтарды білдіру тетіктеріне қатысты ұсыныстар. Қорытындыда билік органдарындағы аз ұлттардың өкілдік етуі бойынша халықаралық тәжірибе ұсынылды, квота беру институтына баға берілді.
  • Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдірудің 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысты қорытынды. Қорытындыда дінге сеншілердің құқықтарын шектеуге әкелуі мүмкін бағдарламаның кемшіліктері аталды, діни топтарымен жұмысты жетілдіру жөнінде ұсынымдар келтірілді.

Білім және ғылым министрлігі әзірлеген «2007-2011 жылдарға арналған Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша қорытынды дайындалды.

Оны қарау қорытындысы бойынша жобаны Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауын ескере отырып пысықтау ұсынылды. Жолдауда жақын арадағы үш жылда Қазақстан өңірлерінде 100 жаңа мектеп салу, әрбір оқып-үйренушіні оқыту тиімділігін, білімі мен қабілет деңгейін бағалаудың бірыңғай жүйесін жасау, он-лайн режимінде оқыту практикасын дамыту және елде оқу теледидарларын құру, оқу жоспарларына жаратылыс ғылымдары, әсіресе бірінші кезекте математика пен информатика  бойынша қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу, ғылыми-жаратылыс бейінінде арнайы сыныптар жүйесін құру қажеттігіне назар аударылған. Бұдан басқа, жұмыс көрсеткіштері жоғары мектептерге, мысалы, тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға стипендияны қаржыландыру, сондай-ақ бағалау жүйесін жетілдіру және үздік оқытушыларға сыйақы беру мәселесін зерделеу  нысанында гранттар беруге мемлекеттік конкурстар жүйесін енгізу мәселесінің маңыздылығына көңіл аударылды.

Бұдан басқа, «Қазақстан балалары» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында Қазақстанның бастапқы баяндамасын қарау қорытындысы бойынша, атап айтқанда, құқық қорғаудың лауазымды адамдары үшін тренинг өткізу, трафикке, балалар жезөкшелігіне және басқа да жыныстық пайдалану нысандарына қарсы күрес жөніндегі жан-жақты бағдарлама, көшедегі балалардың қарқынды санына қарсы күрес бағдарламасын әзірлеу бойынша БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі қорытынды ескертулерін орындау шараларын көздеу ұсынылды.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне Еуропа елдерімен өңірлік кездесуде талқылауға ақпарат жіберді, оның барысында Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы білім беру жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі ұлттық баяндама тыңдалып, оның Қазақстан Республикасында орындалу барысына баға берілді.

Уәкіл мекемесі Қазақстанның НАТО-мен серіктестігінің жеке іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі жоспарды орындауға қатысаты. Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат Сыртқы істер министрлігіне жіберілді.

Польша Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің өтініші бойынша жыл сайынғы ЕҚЫҰ кеңесіне дайындалуға байланысты жыныстардың теңдігін жылжыту бойынша омбудсмен мекемесінің жұмысы туралы ақпарт жіберілді.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің ережелерін жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы баяндаманың жобасы қаралды. Талдау қорытындысы бойынша CCPR/C/66/GUI/Rev.2. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт бойынша ел есептерін жасау жөніндегі БҰҰ-ның Басқару қағидаттарын ескере отырып, баяндаманың жобасын егжей-тегжейл толықтыру қажеттігі атап көрсетілді. Атап айтқанда, жобада азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің нормаларын орындау бойынша қабылданған құқықтарды, шараларды қамтамасыз етуде мемлекеттің қол жеткізген құқықтары мен бостандықтарын іске асыру, прогресс туралы ақпаратпен толықтыру ұсынылды.

Уәкіл мекемесі екі жыл бойы Халықаралық омбдусмен институты жүргізетін зерттеу жобасына қатысып келеді. Есептік кезеңде осы жобаның шеңберінде институттың қызметін реформалауға қатысты. Сондай-ақ Қазақстандағы омбудсмен институтының мәртебесі мен қызметіне қатысты сұрақтарға жауаптар дайындалды. Бұдан басқа, Солтүстік Ирландияның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының талас-тартыстардың өзгеруіне қарай ұлттық құқық қорғау институттарының ролі мен функциялары туралы сұрақтарға жауаптар дайындалды.

Мемлекеттік органдардың адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ескеруге бар назарын аударуы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның аппарат қызметкерлерінің ҚР Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына атсалысуға мүмкіндік береді.

Сараптамалық-талдау қызметіндегі басты бағыт құрамына Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы енгізілген ҚР Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамындағы жұмыс болды. Комиссяның отырыстарында мынадай заң жобалары бойынша Уәкіл мекемесінің ұстанымы қойылды: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру, сот ісін жүргізуді жеңілдеті және соттардың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ жекеше сот орындаушылар институтын енгізу мәселелері, зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша және басқалары [32].

Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның   шешімдерін орындау шеңберінде Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны, Азматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні Қазақстан Республикасының орындауы туралы баяндамалардың жобасына қосу үшін құқықтарды бұзу оқиғаларына шағымдарды қарау және ден қою бойынша Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметі туралы ақпарат дайындалды. Бұдан басқа, адам құқықтары саласындағы білім жөінідегі ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру барысы туралы ақпарат, сондай-ақ БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитеттің 45-ші сессиясының ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қосу үшін ұсыныстар дайындалды.

2007 жылы Адам құқықтары  жөніндегі уәкілдің жанындағы  Сарапшылық кеңестің 3 отырысы өтті. Отырыста Адам құқықтары жөніндегі  уәкілдің «Қазақстан Республикасында егде адамдардың құқықтарын сақтау туралы» арнайы баяндамасы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2006 жылғы қызметі туралы есебі, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Қазақстанда босқындар мен оралмандардың құқықтарын сақтау туралы» мамандандырылған баяндамасын дайындау мәселелері және басқалары талқыланды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының қызметкерлері үшін әдіснамалық семинарлар өткізу практикасы жалғасуда. Есептік кезеңде «Шетелдік кәсіпорындарға және шетелдік қатысатын кәсіпорындарға тартылған адамдардың құқықтары», «Адамның құқықтары және саясат» тақырыбында әдіснамалық семинарлар өтті [33].

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адам құқықтарына қатысты Конституция нормаларын талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің отырыстарына үнемі қатысады. Есептік кезеңде Уәкіл ҚР Конституциясының бірқатар баптарын түсіндіру туралы депутаттар тобының өтінішін (22.05.07), Жер кодексіне байланысты мәселелерді (28.05.07), «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының қабылдануына байланысты Конституциялық Кеңестің қаулыларын қайта қарау (07.11.07) мәселелерін талқылау бойынша Конституциялық Кеңестің 3 отырысына қатысты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 сәуірдегі № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын орындау бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарының бірлескен және үйлестірілген іс-қимылын ұйымдастыру мақсатында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері өзара іс-қимылды жандандыру, адамдар, соның ішінде кәмелетке толмағандарды  сатуға қарсы іс-қимыл бойынша ақпарат алмасу және бірлескен іс-қимылды үйлестіру; бала асырап алу бойынша заңсыз қызмет; адамның органын  трансплантациялау үшін алып қою бойынша заңсыз қызмет; Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке орналастыру бойынша заңсыз қызмет және басқалары бойынша жұмыс тобына енгізілді.

Адам құқықтары мәселелері, атап айтқанда ел баяндамаларын дайындау және халықаралық стандарттарды іске асыру бойынша сарапшылық консультация бер туралы өтінген мемлекеттік органдардың сауалдар саны өсті.

Осыған байланысты есептік кезеңде жұмыс Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің сарапшылық қолдауын алуға сұраныстың өсуі жағдайында жұзеге асырылды.

2007 жылға Уәкіл мекемесінің  сараптамалық-талдау қызметіндегі негізгі бағыт бұрынғысынша жұмыс топтарына қатысу және сарапшылық қорытынды дайындау арқылы оларды әзірлеу сатысында заң жобаларымен жұмыс болып табылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі        № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның мен азаматтың құқықтарының сақталуын қадағалайды және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру жөнінде шара қолданады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің  негізгі бағыттарының бірі адам құқықтарының бұзылуы туралы өтініштерді қарау, оларды қалпына келтіру жөнінде шара қолдану болып табылады [34].

Өтініштердің талдауы адам құқықтарының бұзылуының негізгі себептерін, заңнаманың кемшіліктерін, жүргізіліп отырған реформалардың динамикасын, азаматтардың мемлекеттік органдардың жұмысына қоғамдық тапсырушылар есебінде қанағаттанушылығын анықтауға мүмкіндік береді.

2007 жылы Адам құқықтары  жөніндегі уәкіл мекемесіне ауызша  кеңес алу үшін 398 адам жолданған, оның ішінде Уәкіл Ақмола және Алматы облыстарына барған кезде 40 адам жолданды.

2007 жылы Уәкілге  жолданған  кезде алдыңғы жылдардағыдай  Астана қаласы мен Ақмола облысы  тұрғындары жоғары белсенділік  танытты, олардың хаттарының саны  жолданған азаматтардың жалпы  санынан 67 пайызын құрайды.

Қарағанды және Алматы облыстарының  көптеген азаматтары Уәкіл мекемесінде ауызша қабылдауда болды (тиісінше 6% және 5,5%).

Ауызша тәртіппен жолданған азаматтардың географиялық бөлінуі төмендегі кестеде  берілген.

Азаматтардың ауызша жолданулары кезінде қозғайтын өзекті мәселелері, бұрынғыдай, сот шешімімен келіспеу, тұрғын үй құқықтарын іске асыру, құқық қорғау органдарының әрекеттері мен әрекетсіздігі.

Сонымен бірге 2007 жылы ауызша жолдану кезінде өтініш берушілер  қойған мәселелердің басымдылығы былтырғы жылға қарағанда аздап өзгерген, егер 2006 жылы  азаматтардың ауызша қабылдау кезінде азаматтардың тұрғын үй құқықтарын бұзу мәселелері алдыңғы қатарда болса,  есептік кезеңде  сот шешіміне келіспеу мәселелері (16,3%) өтініш берушілердің  тұрғын үй құқықтарын  іске асыру мәселелерінен (16,1%) асып кетті.

Сондай-ақ азаматтардың құқық қорғау органдарының әрекеттері мен әрекетсіздігіне арыздарының саны көбейді 2006 жылы 6,8% есептік кезеңде 10% дейін.  Жергілікті атқару және өкілетті органдардағы әкімшілік етудің тиісті деңгейде еместігіне өтініш берушілердің 8% жолданды. Ауызша кеңестер барысында  азаматтардың көтеретін мәселелері сипатының жалпы суреттемесі келесі кестеде ұсынылған.

 

Ауызша өтініштерде көтерілген мәселелер сипаттамасы

 

Мәселелердің өзіндік ерекшелігі

Саны

Сот шешімімен келіспеуі туралы

85

Тұрғын үй мәселелері

84

Құқық қорғау органдарының әрекеті мен әрекетсіздігіне арналған шағымдар

52

Жергілікті атқарушы және өкілетті органдарына әкімшілік ету мәселелері

42

Жеке тұлғалармен өзара қарым қатынас мәселелері

32

Еңбек құқықтары

31

Орталық атқару органдарына әкімшілік ету мәселелері

22

Әртүрлі негіздермен әлеуметтік қамтамасыз ету

16

Үкіметтің қатысы жоқ заңды мекемелердің әрекеттеріне шағымдар

16

Сот органдарының әрекеті мен әрекетсіздігі туралы шағымдар

15

Жер құқықтары

15

Тіркеу, азаматтықты алу, тұрғылықты орналасу түріне, азаматтың жеке тұлғалылығын растайтын құжаттар мәселелері

13

Зейнетақы тағайындау және төлеу мәселесі

10

Пенитенциярлық жүйе мекемелері әкімшіліктерінің әрекеттері мен әрекетсіздігі

8

Қылмыстық іс қозғаумен келіспеуі

7

Оралмандар құқықтары

7

Кәсіби заңгерлік көмек алу құқығы

5

Ақпарат алу құқығы

5

Жеке меншік құқығы

5

Денсаулық сақтау  құқығы

5

Бала құқығы

5

Cот шешімдерінің орындалмауы

4

Білім алу құқығы

4

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу құқығы

3

Мүгедектер құқығы

3

Тұтынушылар құқықтары

3

Бір пенитенциарлық мекемеден екіншіге ауыстыру

2

Басқа мемлекеттік органдарға тапсыру туралы өтініштер бар хаттар

2

Жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке және отбасы құпиясы,  қадір қасиетін қорғау құқығы

1

Сайлану және сайлау құқығы

1

Қолайлы қоршаған ортаға құқық

1

Басқалар

16

Барлығы

520

Информация о работе Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары