Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 13:05, реферат
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, дәстүрлі европалық біліммен қатар, Қазақстан мәдениеті мен менталитетін ескере отырып дамуда. Университеттік білім жүйесі студенттердің өз тілінен басқа латын және грек тілдерін тереңдетіп оқытуды жетілдіріп, пайдаланып отыр. Себебі орта ғасырлардағы еуропа ғылымының негізі осы тілдер болды және осы тілдер арқылы дамыды. Философия, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, сонымен қатар медицина, биология, химия, пәндері, Ертедегі Рим және Грек ғылымдарына негізделген және терминдеріне, түсініктемелеріне, анықтамаларына сүйенеді.
Сәулет өнері инженерлі-құрылыс жағынан, сондай-ақ ансамбілдік жағынан керемет жетістіктерге жетті. Римдіктердің көркем бейнелері мен кеңістіктің байланысы жөніндегі түсініктері де жаңарып, өзгерді. Классикалық Парфенонның шағын және канцентірлілігі оны ошақтамай, керісінше Акропольды айнала орналасқан далаға ашық екендігін жеткізіп, көрсетеді. Римдік сәулет өнерінде өзінің құрылымдық көлемдері мен таңқалдыратын оқшау пішіндерге басым болатын. Ежелгі сәулетшілер жартылай қабырғаға енген бағаналы жалған перипетраларға құмар еді. Егер ежелгі грек алаңдары мысалы Афиндегі Агора немесе басқа да эллиндік қалалардағы алаңдар, баршаға ашық болса, римдік алаңдар не Август пен Нерон форумдары сияқты айнала қоршаланып, не ойпаттарда орналастырылды.
Дәл сол қағидалар мүсін өнерінде де байқалды. Грек атлеттерінің пластикалық дене пішіндері әрқашан ашық бейнеленеді. Басына киім кешектерінің шетін оранып құдайға құлшылық еткен римдіктің мүсіні көбіне өз ішінде оқшауланып, шоғырланған. Рим шеберлері мүсіндік бейнелерде адамның жеке тұлғалық индивидуалдық қасиеттеріне көп көңіл бөлген.
Римдік сәулетті пластикалы бейнелердің жүйесі күрт қарама-қайшы. Бұлардағы формалардың шағындығы жалған, ол эллиндердің классикалық формаларына ұқсастандырудың нәтижесінде пайда болған. Гректерге қарағанда римдіктерді пішін, көлем, кеңістік түсінігі әлде қайда басқа болуының себебі олардың концентрлі емес эксцентрлі ойлауының нәтижесінде. Бұл күйде Рим өнері адамның дүниені түсінуінің жаңа эстетикалық сатысы. Рим ескерткіштерінің екіжайлығын тудыратын Рим бейнелеушілерінің эллиндік классикалық пішіндерге бас бұруы, қазіргі кезде сол кездегі жаңашылықтарға жауап болған реакция ретінде танылады. Көркем пішіндерінің бүтіндігінің жоғалуы, олардағы қайшылықтар мен шектелгендіктерін қанағаттандыру үшін римдіктерді ірі көлемді кейде таңқажайып құрылыстарды көтеруге мәжбүр еткізді. Мүмкін сол себепті римдік күнбездер, форумдар ал көп жағдайларда мүсіндік шығармалар ежелгі гректердікінен біріспыра ірілеу.
Ежелгі Рим өнеріне «кеңістік» факторының ықпалы. Ежелгі Рим республикасының өнеріне маңызды ықпал тигізген факторлардың бірі, орасан зор кеңістік. Рим өнерінің территориалды шектерінің үнемі өсуі мен динамикасы, сонымен қатар б.з.д. V ғ. бастап оның өрісіне этрус, италий, галл, мысырлық әсіресе грек өнерлерінің формаларының енуі, тек қана римдік көркем өнерінің патенциалының қасиеті ғана емес. Бұл үрдіс, жалпы еуроппалық өнердің дамуымен байланысты, оның ішінде римдік бастаманың рөлі ерекше–антика дәуіріндегі көркем өнерінің сақтаушысы, түсіндірушісі мен қатар өзіндік римдік негіздерін салушы. Римдік жалында әртүрлі көркем өнер құндылықтары балқытылып, нәтижесінде жаңа сонымен қатар антикалық ғұрыптарды сақтаған ортағасырлық эстетикалық тәжірибе пайда болды. Атлант мұхитының Пириней жағалауларынан бастап, Сирияның шығыс шекараларына дейін Британ аралдарынан бастап, Африка континентіне дейінгі аймақта көптеген тайпалар мен халықтар империяның астанасы мен ұсынылған көркем жүйелерінің ықпал өрісінде мекендеген. Рим өнерінің жергілікті өнермен қатынасуы өзгеше ескерткіштердің пайда болуына әкелді. Астаналық формаларға қарағанда, мүсіндік портреттердің таңғалдыратындары: солтүстік Африканың–формаларының экспресивтілігі, кейбір британдықтар –ерекше салқындық, тәкаппарлық, пальмирлік –шығыс өнеріне ылайық бас киімдердің, киімнің өрнектелген әшекейлігі, құндылықтар. Сондада б.з. 1 мыңжылдығының ортасында, антика дәуірінің аяқталған шегінде Жерорта теңізінің жағалауында әртурлі эстетикалық негіздердің байланысу тенденцияларының пайда болып, ерте орта ғасырдың мәдениетінің дамуын анықтады демесе болмайды.
Рим өнерінің соңы деп немқұрайлы және шартты айтқанда Империяның кұлауы деп айтуға болады. Ал Рим өнерінің пайда болу мерзімі туралы сұрақ – өте даулы. Б.з.д. і мыңжылдықта Аппенин түбегінде этрусскілер мен гректердің жоғары көркем туындыларының тарала басталуы, енді дами бастаған римдіктердің өнерлерінің байқалмай қалуына себеп болды. Өйткені талай уақыт бойы б.з.д. VIII – VI ғасырларда Рим көптеген басқа да италий, этрусск, грек қалаларының арасында шағын ғана елді мекен еді.Сондада Рим өнерінің өркендері басталатын осынау алшақ уақыттардың өзінен латын аттары жазылған–фибулалар, цисталар және де қоладан құйылған Капитолийлік қаншық сақталған. Бірақ осындай шағын болса да, маңызды мәліметтерді санай отырып, ежелгі Рим өнерінің тарихын б.з.д. 1 ғ. бастаған дұрыс емес
Рим өнерінің периодталуы –оның тарихының ең бір қиын мәселелерінің бірі. Ежелгі Греция өнерінің орнығу жылдары – архаикалық, өркендеген кезеңдңрі – классика және құлдырау кезеңдері – эллинизм деп, кең тараған және қабылданған кезеңдерге бөліну түріне қарағанда, ежелгі Рим өнерінің тарихшылары оның дамуын, тек қана императорлық династиялардың ауысуымен байланыстырған.
Бірақ династиялардың немесе императорлардың ауысуы, міндетті түрде көркем өнер стилінің ауысуына әкелетін үрдіс емес. Сондықтанда Рим өнерінің даму кезеңдеріндегі пайда болуы, өркендеген кезеңі және құлдарау кезеңдерінің көркем стиль формаларының әлеуметтік-экономикалық, тарихи, діни, тұрмыстық факторлармен байланысында өзгеруін ажырату өте қажет.
Егер ежелгі Рим өнерінің негізгі даму кезеңдерін бөлсе, олар көне (б.з.д. VII-V ғ.ғ.) және Рим өнерінің орнығу кезеңі (б.з.д. V-І ғ.ғ.) – республикандық дәуір деп бөлуге болады. Осы ұзақ уақыт аралығында көбіне этрусс, италий және грек мәлениеттерімен күресе, Рим өнерінің негізі салынды. Заттық материалдардың тапшылығы мен ежелгі мәліметтерде осы узақ уақыт аралығының аз көлемде ақпараттануының нәтижесінде осы кезеңдерді одан әрі терең зерттеу қиынға түседі. Б.з.д. VІІІ–V ғасырларда рим өнері, дамыған этрусс және грек мәдениеттерінен гөрі, енді дамып келе жатқан италиктердің өнері мен де бәсекеге түсе алмады. Рим өнерінің ең дамыған, өркен кезеңдері б.з.д. І-ІІ ғасырларына сәйкес болып келеді. Осы уақыттарда ескерткіштердің стильдік ерекшеліктеріне байланысты: ерте кезең–Август билігі, бірінші кезең–Юлий, Клавдий және Флавий әулеттерінің билігі, екінші кезең–Траян билігі, кеш кезең–Адриан және соңғы Антонион әулеттерінің билігі деп ажыратуға болады. Солтүстік Септимия және Помпей мен Цезарь кездерін өткел кезеңдер деп санау қажет. Солтүстік Септемий билігінің сонынан Рим өнерінің құлдырауы басталды.
Ежелгі Рим өнерінің Еуропалық өнерге ықпалы. Ортағасырлардан бастап, бүгінгі күнге дейінгі Еуропалық көркем өнер туындыларының барлығында еделгі Рим өнерінің орасаң зор ықпалының іздерін байқауға болады. Оған үнемі көңіл бөлініп отырылды. Көптеген ұрпақтар, ежелгі Рим ескерткіштерінің спецификасы ашылмай, олар тек гректерден кейінгі антиканың көрінісі деп көрінгенмен, өздерінің сезімдері мен мақсаттарына жақын көп идеялар алды.
Ренессанс дәуірінен бастап ХХ ғасырға дейінгі тарихшылар Рим өнерінде өздерінің кезеңдеріне заманауи әртүрлі ерекшеліктерді байқап отырған. ХV- ХVІ ғасырлардың гуманистерінің ежелгі Римге қаратпасында әлеуметтік-саяси (Кола де Риенцо) ағартушылық-моралистік (Петрарка) тарихи-көркемділі (Кирияк Анконский) тенденциялары байқалады. Сондада ежелгі Рим өнерінің ең күшті ықпалы Италиялық сәулетшілер мен суретшілерге тиді, олар бай римдік көркем туындыларын өзінше қабылдай түсінген. ХVІІ ғ. ежелгі Рим өнері еуропалық елдерді қызықтырды. Бұл гуманистік және ренессанс кезеңдерін жалғастырған «антикварды» кезең деп аталған. Франциядағы ХVІІ ғасырдағы революция француз ғалымдарын мен суретшілерін Рим өнеріне көңіл бөлуге тудырды. Дәл сол кезде ежелгі мұраларға ғылыми-эстетикалық қатынас пайда болып, «антикварды» кезеңінің қайраткерлерінен гөрі И. Винкельман өз уақытының ағартушылық философиялық қайраткері, ежелгі өнер тарихын жазушы ретінде танылды. Бірақ ол римдік өнерді Греция өнерінің жалғасы деп санады. ХVІІІ ғасырдың соңында ХІХ ғасырдың басында ежелгі Рим өнерімен тек қана жеке тұлғалар ғана емес, Еуропа елдерінің мемлекеттік мекемелері де айналыса бастады. Археологиялық қазбалар қаржыланып, ірі мұражайлар мен ғылыми ұйымдар ашылып, алғаш рет ежелгі Рим өнерінің туындылары жайлы ғылыми еңбектер жазылды.
ХІХ ғасырдың соңында Ф.Викгоф пен А.Ригл ежелгі Рим өнерінің негізі мен спецификасын философиялық тұрғыда қабылдау мүмкіндігін қарастыуға әрекеттенді.
Құнды теориялық зерттеу болып О.Брендельдің «Ежелгі Рим өнерін зерттеуіне кіріспе» деген кітабі жарық көріп, онда ежелгі Рим өнеріне ренессанс дәуірінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі көз қарастар қарастырылған.
11 Рим – Грецияның мұрагері
Римдіктердің ұлылармен құрылмаған бізге белгілі қандай мәдениет аумағын алсақ та, оған қатысы жоқ деп айту қиын. Сондықтан римдік мәдениет, әсіресе римдік өркениет ерекше жеке болып қарастырылды. Бірақ бұл мәдениет бос жерде жайдан жай пайда болған жоқ. Римдіктерге өз көршісі және бәсекелесі – этрускілер әсерін тигізді. Бірақ аса үлкен ықпал тигізген ең бірінші Оңтүстік Италияның қалаларын ежелден мекендеген гректер еді. Гректердің мәдениетінің өте жоғарғы деңгейде дамуы арқасында римдіктер олардың жетістіктерін үлкен зейінмен меңгеруге жағдай жасады. Грек және римдік мәдениеттер арасында белгілі бір туыстық және барлық жағдайда ұқсастық бар. Бұл оларды ортақ түсінік төңірегінде біріктіруге – антикалық мәдениет түсінігіне мүмкіндік береді. Антикалылық – сөз жүзінде «ежелгі», «көне» дегенді білдіреді; арнайы мағынада бұл термин Ежелгі Греция мен Ежелгі Римнің тарихы мен мәдениетін білдіреді.
Грек тілі мен грек мәдениетінің Римге ену үрдісі әсіресе, Рим өз билігіне бүкіл Италияны, ал көп ұзамай (б.з.д. ІІ ғасырдың ортасы) барлық Грецияны да қосып алғаннан кейін күшейді. Атақты Рим ақыны Гораций Греция әскери күшпен жеңіле отырып, жеңіске жетушілерді өз өнерімен бағындырды деп жазады. Осы уақыттан бастап грек мәдениеті римдіктердің жерінде әдебиет, өнер, ғылымның жоғарғы жетістіктері – латын мәдениетінің бөлінбес мұрасы болып қалыптасты.
Ұлттық латын әдебиеті гректік үлгілерге еліктеу ретінде басталды. Латын тіліндегі комедиялардың бірінші авторы грек Ливий Андроник (б.з.д. ІІІ ғасыр) болды. Комедиографтар Плавт пен Теренций римдік сахнада грек комедияларының өңделген үлгісінен көрініс берді.
Рим мәдениетінің классикалық дәуірінде ақындық шығармалардың көп бөлігі грек үлгілерімен және бұрыннан бері грек ақындарымен өңделген жанрларына қарап жазылды.
Римдік пантеон негізінен гректерден көшірілген болды. Бұл ұқсастықтар толық болмаса да, Юпитер – Зевспен, Юнона - Гера, Диана - Артемидамен, Венера - Афрдитаға т.с.с. ұқсас болды. Онымен қоса римдіктердің діні (әсіресе оның табынушылық жағы) маңызды ерекшеліктерге ие болды. Римдіктерде гректерге қарағанда ұсақ құдайлар көбірек болды, бал ашу мен көріпкелдік сияқты түрлерге үлкен мән берілді.(бұл тұсты олар этрускілерден иеленуі мүмкін).
Өнер аумағында да гректердің ықпалы соншама зор болды. Рим храмдары гректердің үлгісімен салынды; римдік мүсіншілер мүсіндерін атақты гректік модельдерге қарап қалады. (Грецияны бағындырғаннан кейін гректердің мүсіндері көптеп Римге әкелінді). Грек үлгілерінің тағы бір үлкен ықпалы философия және ғылым сияқты аймақтарда көрінді. Мұнда римдіктер үлкен ден қойып терминологияны, философиялық және ғылыми зерттеулердің қолданылу әдістері мен мүмкіндіктерін оқып, гректердің ізімен жүрді. Грек философиялық терминдерін латын тіліне аударуда және осылайша латын философиялық лексикасын құрастыруда үлкен рөлге Цицерон ие болды.
Римдіктер белсенді оқырмандар болды және олар грек мәдениетінің көптеген үлгілерін әділетті түрде қайталанбас туынды ретінде санап, оған зор құрметпен қарады. Онымен қоса римдіктер бөтен үлгілерді көшіріп алып рахаттануға мүмкіндік бермеген сана сезімді иеленді. Гректердің ғылым мен өнер шеңберіндегі артықшылықтарын мойындай отырып, римдіктер өздерінің міндеттері тәжірибелік, ең алдымен саяси және әскери қызмет шеңберінде қарады. Өзінің басты міндетін Рим, ылғи да әлемге үстемдік ету мен дүние жүзіне римдік тәртіпті орнату етіп қойды.
Римдіктер грек мәдениетінің Гомерден бастап, оның дамуының әр түрлі дәуірлеріне қарайтын үздік жетістіктерін меңгерді. Бірақ, римдік мәдениеттің дамуына үлкен ықпал еткен классикалық дәуірден кейінгі (б.з.д. ІІІ ғасырдан бастап) грек мәдениетінің спецификалық формасы – эллинизм дәуірінің мәдениеті болды. Б.з.д. І ғасырдан бастап Греция мен Римде мәдениеттің дамуы бірдей қарқын мен бағыт алды.
Мәдени формалардың бір болуы, мәдени дамудағы қарқындары мен формаларындағы айырмашылықтардың жойылуы, белгілі бір уақыт кезеңде ортақ грек-римдік мәдениеттің болғандығы жайлы айтуға мүмкіндік береді. Бұл түсінік («антик мәдениеті» түсінігімен толық ұқсастыруға болмайды) - әсіресе рим империясы дәуіріндегі Греция мен Рим мәдениетінің ортақтығын білдіреді. Бұл латын тілінің синонимі болуды қойған «грек» және «латын» белгілі бір уақытқа ортақ «римдік» болып біріккенін білдіреді.
Шынында да біздің заманымыздың соңынан бастап сол немесе басқа құбылыстардың мәдени қажеттіліктерін бағалаудағы басқа критерийлер пайда болды. Латын тілі арнаулы, ал грек тілі халықтың бір бөлігі ғана қолданған және римдік мәдениетті бұқарасының тілі ретінде (18-19 ғғ. Ресейдегі француз тілі сияқты) болған, зор көп ұлтты мемлекетте ұлттық рөл ойнамайды, ал шығарманың әдеби тілі тек формальді мәнге ие болды. Атақты Плутархты мысалға, «римдік» (бірақ «латындық емес») жазушы деп толық есептеуге болады. Белгілі философ-стоик Марк Аврелий Рим императоры бола тұрса да, грек тілінде жазған. Империя дәуіріндегі мәдениеттің көптеген ірі өкілдері еркін түрде бірдей латын және грек тілдерінде сөйлей алды. Өнер аумағында «грек» немесе «латын» тілдерінің арасында бұл дәуірде қандай да бір айырмашылықтарды көру мүмкін емес деп айтуға болады.
Осылайша, грек-рим өркениеті антик әлемінің мәдени құндылықтарының сақталуына жағдай жасап, оларды болашақ европалық мәдениетке жеткізді.
12 Рим театры
Рим театры және драмасының қайнар көзі Грецияда сияқты салт-жора ойындарға, бай карнавалдық элементтеріне жатады. Мысалы, Сатурналии мерекесі – Сатурн құдайына арналған. Бұл мерекенің ерекшелігі үйреншікті қатынастарды «бұралу»: мырзалар біраз уақытқа «құлдарға», ал құлдар – «мырзаларға» айналуы. Рим театры және драманың ең ерекше қайнар көзі өнімді жинау ауылдық мерекелер болды. Бұрынғы уақытта, Рим кішірек қауым болғанда – Лациум, ауылдарда орақ біткені үшін мерекелер өткізілді. Бұл мерекелерде қызықты, қатал әндер салынды – фесценниндер.
Басқа жабайы көріністер сатур болған. Сатурдың негізі боп этрусстардың беттік би қимылы себеп болды. Б.з.б. 364 жылы Римді тез жайылғыш апат аңғарды. Құдайлардың көңілін жұмсарту үшін сахналық ойындар өткізілді. Этруриядан билеуші-актерлер шақырылды, қайсылары сырнай аккомпонементіне өзінің билерін биледі. Этрустардың актерлеріне рим жастары еліктеді, қайсылары билерге қызықты сөйлесулер қосты. Солай сатурлар пайда болды. Сатурлар қайғылы оқиғалар тұрмыстық және күлдіргіш мінезінде, өз өзіне сөйлесу, ән айту, өлең және драмалық би қосты.
Драмалық көріністер күлдіргіш мінезінде, олардың тағы бір түрі – ателландар болды, қайсылары басқа тайпалардан алынған. Жастар осы ойындармен айналысып және мерекелерде оларды ойнады.