Латын тилинин тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 13:05, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, дәстүрлі европалық біліммен қатар, Қазақстан мәдениеті мен менталитетін ескере отырып дамуда. Университеттік білім жүйесі студенттердің өз тілінен басқа латын және грек тілдерін тереңдетіп оқытуды жетілдіріп, пайдаланып отыр. Себебі орта ғасырлардағы еуропа ғылымының негізі осы тілдер болды және осы тілдер арқылы дамыды. Философия, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, сонымен қатар медицина, биология, химия, пәндері, Ертедегі Рим және Грек ғылымдарына негізделген және терминдеріне, түсініктемелеріне, анықтамаларына сүйенеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

К. С. Ислям латын тіліні- шы-у тарихы.doc

— 408.00 Кб (Скачать документ)

Б.з.д. 1-ші мыңжылдықтың І ғасырларында Апеннин түбегінің территориясын бінеше этникалық және тілдік топтардан тұратын италяндық үнді - европалық тайпалар қоныстанды. Ерте римдік мәдениеттің қалыптасуына үлкен ықпалды латын мен этрускілер тайпалары тигізді, олардан ол өрістік жоспарлауды, бірқатар ғимараттардың типтерін (қауіпсіздендіру, гидротехникалық, тұрғылықты және дінилік), ал сонымен қатар жоғарғы құрылыс техникасын (полигональді және дұрыс квадрлік тастық салу, жалған сводтар және куполдар, ағаш каркас және терракоттың облицовкасы кірпіштен салынған құрылыстардың). Римнің ежелгі дәуірдегі ғимараттарының бізге дейін жеткендерінен Юпитер Капитолийдің храмы қызықты (б.з.д. 509 жылы ашылды, кейінен бірнеше рет жаңартылды). Оның этрусктік сипаттағы (үш жекелік цэлла, подий, негізгі фасадтағы баспалдақ) кейінен римдік құрбандық сәулетінің ерекшеліктері болды. Үйдік архитектураның дамуы жөнінде саздық қоқым салатын ыдыстар бойынша айтуға болады. Олармен басында ежелгі жеркепелер б.з.д. IV ғасырда бейнеленді.

Қарапайым тікбұрышты үйлер атриумдік деп аталды. Олар Нацияда дамыды және ежелгі римдік үйдің кейінгі эволюциясында маңызды роль атқарды. Жаулап алынған жерлер Рим империясының кеңейуіне кең қалалық құрылыс шараларына әкелді. Құрылыс қатты өңделген жүйе болды, ол Рим провинцияларында жаңа өмір сүру салтын емес, сонымен қатар қоғамның таптық және саяси концепцияларының ұйымдасуын білдірді. Әлі латын, этрустік және саминиттік жерлерді отарлау үрдісінде қаланың басты жоспары қолданылды, оның негізінде әлем жақтарына бейімделген екі магистральдер - " кардо" және " дэкумануса" және оларға сәйкес екі қалалық қақпалар салынды. Қорғау қабырғаларының тік бұрышына салынған бұл схема римдік әскери лагердің бөлінісін қайталады. Рим қалаларына тән элеметтер ол тұрғылықты кварталдардың тең тікбұрыштар болуы. Олар қала тұрғындары арасында олардың қоғамдағы орнына сай бөлінді. Форум ( орталық алаң) және оған қосылған "курия" ( муниципалды сенат залы) базилика және Капитолий (басты қалалық храм). Орталықта сияқты, шеттерде де, ал кейбір кезде тұсында жергілікті дәстүрмен байланысты храмдар және діни жерлер орналысты. Регулярды жаңа құрылыстарға қарамастан және олардың жоспарлық мәні құрылыс үрдісінде жергілікті шарттармен: рельеф, акваториялар және ерте тұрғылықты жерлердің болуымен байланысты өзгерістер жасалатын. Осылайша, форум, порттық қалаларда, басқалардың қиылысында орналасқан. Ол гаваньға қарай ауысты.

Форумның композициясы алғашында нарықтың түрлі функцияларын, қоғамдық жиналыстардың және көрермендер үшін көріністер қоятын жерде орналасты. Бұл қызметі Помпейде оларды римдіктер жаулап алғанға дейін қалыптасты. Римнің  өзінде форум Эмилия мен Юлия базиликтері салынғаннан кейін аяқталған түрге ие болды.

Рим құрылыстық ойлаудың қалыптасуын (пуникалық соғыстар кезеңінде) Римдегі Ларго Арджентина және көкөністік нарықтағы ( форум Олиториум) тасты храмдар топтары арқылы бақылауға болады. Бұнда этрускілердің ықпалының қалдықтары (подий, негізгі фасадтың баспалдақтарын ерекшелеу) және бірінші көрсетілген айырмашылықтар (пилястрлер, жартылай коллоналар целланың шеткі жақтарында, храм бөлігін құдыретті жердің артқы шектеріне шығару). Кейінгі республикалық кезеңнің тұрмыстық архитектурасы комфорт талаптарының өсуіне сәйкес итальян типтік атриумді үйді дамытады. Оның композициясы Витрувийдің " атрий" немесе "каведий" деп аталатын орталық мекеме шеңберінде дамыды. Әдетте төрт скатты атрий төбесінің ортасында ошақтан түтін кетіру және ағарту үшін тесік - "комплювий", ал комплювийге едендегі кішкене су қоймасы сәйкес келді - "имплювий". Ескі, дәстүрлі орныққан атриумдық үйдің композициясының мысалы ретінде Помпейдегі б.з.д. ІІІ- IV ғғ. " Хирург үйін" көрсетуге болады. Негізгі кіру мен вестибюльге қарама қарсы атрийдегі ашық негізгі  ғимарат ("таблиннум") немесе екі қанат- коридор ("ала") орналасты.

Қаланың дамуымен және оның кварталдық құрылыстардың тығыздалуыменен үйдің композициясы тереңге өстік симетрияны сақтап дамыды. Үйдің артында портик пайда болды, ол бақшаға немесе аулаға қарай қарады, ол б.з.д. ІІ ғ. колонадамен қоршалған перстильге айналды. Архитектура мен табиғатты синтездеуге талпыныс дәстүрлі "террастік" үйлер жоспардың өзгеруіне әкелді; олардың ерекшелігі перстильдің террасамен қала мен табиғатқа шығумен аяқталуы болды. Қаладан виллалар үшін ( бұнда б.з.д. ІІ ғ. әлі иенің тұрғылықты комплексі қарапайым құрылыстардан бөлінді) ландшафтан ішкі кеңістікке және қайтадан табиғатқа өту тән болды.

Басты кіру ең алдымен перстильге әкелді, оның маңында тұрғылықты мекемелер орналасты. Кейіннен бір қатар ғимараттар табиғатқа қарапайым террасаға апарды, осымен қатар террасалардың өзінде су қоймалары, саябақтар және т.б. ("Мистери" виллалары, б.з.д. ІІ ғ. – І ғ. және "Диомеда" б.з.д. І ғ. бірінші жартысында Помпейдің қасында орналасты).

Керемет аристократиялық үйлер қарапайым құрылыстарда контрасқа түседі: негізінен бұл  3 - 5 қабатты кірпіш үйлер - инсулалар. Осындай үйлер б.з. д. ІІІ ғасырдан кейін пайда болды, олар Остия руиндары бойынша белгілі болды.

"Б.з.д. ІІ ғ. - І ғ. 1 жартысы  аралығында рим архитектурасында  маңызды бетбұрыс жасалады". Осы  уақытта б.з.д. V ғ. немесе IV ғ. құрылыс  тәжрибесіне римдіктермен енгізілген  клиндік арка өзінің көркемдік ой қорытуын алады. Бетонның ойлап табылуының нәтижесінде қабырғаларды қоюдың жаңа техникасы пайда болады (облицовкалар арасында қыстыру), бетондық аркалар мен сводтық жапқыштар кеңінен таралады. Арықтық көпір, су құбырлар, үлкен қоймалар сиқты сенімді инженерлік ғимараттар пайда болады және жетілдіріледі. Ізбестен басқа құрамына  "пуццолана" кіретін  (шығу тегінен вулкандық құм) мықты римдік бетон, үлкен конструкциялардың салынуын жеңілдетті, бірақ сонымен қатар олардың формаларын икемді қылды, ал сонымен қатар үлкен жабық қоймасы бар құрылыстарды салуға мүмкіндік берді.

ІІ ғ. – І ғ. 1 жартысында римдік құрылыстардың маңызды типтері қалыптасты.  Базилика форумға жақын орналасты және ресьми кездесулерге, сауда келісімдерін өткізу үшін, соттық отырыстарды өткізуге  арналды. Базилика тікбұрышты зал болды, оның орталық бөлігі колонналар мен столбалармен қоршалды (Помпейдегі "Базилика"). Басты қабырғалардың бірінде кіретін жері болды, қарама - қарсы жағында "трибунал" орналасты.

Термдер - жекеменшік, ал содан кейін қоғамдық құрылыстар, олар өзінде моншалар мен грек палестрлердің функцияларын біріктірді. Олар сонымен қатар кездесулер, диспуттар және сұқбаттарға арналды. Термдердің ғимараттары бірнеше мекемелерден тұрды. Оларға: "аподитерий" (шешінетін жер), "фригидарий" (суық монша), "тепидарий" (жылы монша) және "кальдарий" (ыстық монша). Термдер ауамен жылынды.

Бетонның ойлап табылуы театрлік архитектураға өз әсерін тигізді. Оның еркшеліктеріне: "кавеаның " субструкцияларда  орналасуы; кавеаның жартылай шеңбер формасы және "орхестрлер" - енді ағаш помост - сценада (б.з.д. І ғ. - б.з. І ғ. Ораждегі театрлар) ойнайтын актерлер үшін емес болды, олар беделді қонақтарға арналған орындар. Көшеге қараған фасадта және кавеаның периметрінің бойымен тент үшін ағаш мачталар орнатылды, олар театрдың үстіне орнатылды. Музыканттар ойнауына арналған кішігірім ғимараттар салынды; олар жиі жабық болды (Помпейдегі Одеон).

Бұл уақытта цирктің архитектуралық типі қалыптасты (б.з.д. 221 ж Фламиний циркі және Римдегі Максимус циркі), олар аттық жарыстарға арналды; цирктер гректік стадиондардан үлкен көлеммен және күшті әшекейлермен ерекшеленді. Римдік типті көрермендік құрылыстардың сопақ формасы - гладиаторлардың күресуіне, және т.б. ойындарға арналған амфитеатрларға тән болды. Ежелгі Помпейдегі римдік амфитеатр жерге қазылған аренасы мен орындары бар. 

Республикандық кезең патрициандық жанұялар мен диктаторлар арасындағы билік үшін  күреспен аяқталды. Олардың әрбіреуі халық арасында үгітке ие болғысы келді, сонымен қатар әртүрлі ғимараттарды салу арқылы өз беделін көтеруге тырысты.  Республиканың соңғы ғасырында құрылыс империяның зодчестволық гүлденуіне әкелді.

Римдік архитектурасына тән - симметрия; монументальді күшті архитектуралық массаларының икемділігі; арканың доминанттық рөлі, әлі ежелгі шығыста белгілі болды . 

 

14 Рим мемлекетінің  қызмет жүйесі

 

Римде қызмет жүйесі патша өкіметінің дәуірінде дами бастады. Барлық қызметтер сайлау жолымен тағайындалды; осы қызметтегі адамдарды магистрат деп атады. Көптеген рим қызметтерінің атаулары (диктатор, консул, цензор, трибун және басқалар) бүгінгі күнге дейін қолданылады (басқа мағынада).

Ежелгі Римнің жоғарғы мемлекеттік мүшелері, комиций болды. Сенат бұрынғы магистраттардан тұрды, саяси сұрақтарды шешті, халық жиналысының жұмыстарын бақылады.

Магистрат болып тек  бай  адамдар  сайланды, себебі  мемлекеттік қызметтегі азаматтарға төлем ақы төленбеген. Б.з.б.  IV  ғасырда  кейбір орындарға  плебейлерден де сайлана бастады. Жоғары  рим  магистраттары консулдар, преторлар  және  цензорлар  болды. Консулдар (consules), халық жиналысында  1  жылға  тағайындалды. Б.з.б.  367  жылдан бастап  бір  консул патрициядан, ал  екіншісі плебейлерден  болды. Б.з.б  II  ғасырдың  басында консулдыққа  43  жастан  кейін ғана тағайындалды. Консулдардың негізгі жұмысы: соғыс  кезінде  әскер басқару, сенатты  шақыру  және  халық жиналысының  шешімдерінің орындалуын  бақылау. Магистратураны бітіргеннен  кейін  консул  «проконсул»  деген  атау  алып, провинциялардың бірінде қызмет атқарған. «Провинция» деп Италиядан тысқары басып алынған жерлерді атаған.

Преторлар (praetor) 1 жылға төрт кісіден сайланды (екеуі рим азаматтарының, ал  екінш топ– шетел азаматтарының істерн қарастырған). Олар сот  жұмысын  басқарды. Рим  мемлекетінің  өсіумен  бірге  преторлардың саны  16 – ға жетті. Қызметін аяқтағаннан  кейін  претор  «пропретор»  атауын алады. Преторлыққа  40  жастан бастап  қана тағайындалған.

Квесторлар (guastories) ең бірінші олар  консулдардың көмекшілері болған, содан кейін преторлардың орынбасарлары болды. Біздің заманымызға дейін V ғасырдың  соңында  квесторларды  плебейден тағайындайды. Олар мұраға жауапты болған,  рим әскерінің жорықтарынан  кейін түскен мүлікті бөлумен  және  тағы  басқаларымен  айналысты (оларды 30  жастан  бастап алды).

Цензорлар (censores) 1,5 жылға консул қызметінде болғандардан тағайындалды. Олар кеме өндірісін, қаржыны  бақылады. Бұл  қызмет  ең жоғары  дәрежеде болды.

Республикалық  Римде  ерекше  орын  алатын  қызмет  халықтық  трибундар  (tribunus  plebis). Олар  сенаттың  және  басқа  магистраттардың  қызметін  бақылап, плебейлерге пайдалы жақтарын қарастырды. Олардың  саны  10  болды. Оларға тіл тигізген  адам  өлім  жазасына кесіліп  жазаланды.

Қызмет ординарлы және экстраординарлы  магистраттар болып екіге бөлінді. Экстраординарлы магистратқа диктатор, оның көмекшісі, атты әскедің қолбасшысы жатты. Олар алты айға ғана, соғыс кезінде немесе құлдардың көтерлісі болғанда тағайындалып отырған. Барлық  магистраттар диктаторға бағынған.

Римде қызмет иерархиясы болды. Қызмет иерархиясының соңғы баспалдағында  квестор қызметі тұрды, олардың көмекшілері  эдилдер болды, халық  трибундары, преторлар  және  консулдар болды.

Октавиан қосымша қызметтер кіргізді, Римнің префектері қаланы сумен  жабыдықтауын және канализацияны бақылаумен айналысты.

Бірте – бірте аппарат басқармасы үлкейе бастады. Әлеуметтік саяси бағытта консолидация  болды, біздің  дәуірімізге  дейін  I  ғасырдың  соңында  4  әлеуметтік  топтарға  бөлінген: сенаторлар, салт аттылар, муниципалдық, провинциалдық ақсүйектер, тағы да құқықтары жоқ рим азаматтары. Октавиан Рим ақсүйектерінің отбасыларынан ғана сенатқа адам алды. Ол білімсіз, байлықсыз адамға үлкен мемлекетті басқару қиын болады деп есептеді.

Республикалық салт аттылар  мүшелері сенатор ақсүйектерімен дауласты. Августың кезінде бұл даулар  тоқтатылды. Август оларды қаржы басқармасының жұмыстарына салды.

Әр муниципалда халық жиналысы өткізілді, онда қалалық кеңес және қалалық магистраттар болды. Муниципалдық кеңеске ақсүйектер және бай азаматтарды таңдады.

Түйіндей келе, империяның әлеуметтік саясаты өте жоғары болды.

 

15 Латын тілінің  әдеби нормасын дайындау

 

Б.з.б. I ғасырдың аяғында көп жерлерді жаулап алған Рим үлкен мемлекет боп саналды, оның жерлері Британия және Испаниядан басталып Кіші Азия және Египетпен аяқталды. Осы үлкен территорияны ежелгі республика заңымен емес, басқаша басқарды. Рим империясы V ғасырға дейін өмір сүрді; осы уақытта еуропалық өркениетінің негізі салынды.

Б.з.д Ш  ғасырда «Рим әлемі» орнатылды, онда латын тілі мемлекеттік тіл ретінде болды. Негізі - әдеби латын тілі болды. Латын тілінің дамуын 3 кезеңге бөлуге болады. Латын тілінің әдеби нормасы рим жазушылары мен ақындардың шығармаларында белгіленген. Гүлдену кезеңді классикалық немесе «алтын латын» деп атайды. Бұл кезеңде бай лексика философиялық, саяси, ғылыми және техникалық мәселелерді суреттейді. Классикалық тілдің әдемілігі үлгі.

Одан кейінгі классикалық («күміс») латын тілі - б.з. I-II ғасырларында дамыған. Бұл уақытта әдеби тілдің фонетикасы мен морфологиясы қалыптасты. «Күміс» латын тілі кезінде стилистика тереңдетіле зертеліп дамуда болды.

«Алтын» және «Күміс» кезеңдерінде латын тілі бір қалыпты дамыды. Бірақ латын тілінің дамуы ауыр жолмен кетті, сол себептен таза классикалық тілді жоғалтты.

Б.з. II – VI ғасырларында латын тілінің үшінші, соңғы (поздняя латынь) кезеңі дамыды. Халық тілі мен жазу латын тілінің арасындағы айырмашылық кетті. Рим империясы құлағаннан кейін латын тілі роман тілдерінің дамуына себеп болды. Жазуда латын тіліне жаңа сөздер еніп, XVIII ғасырға дейін Ватиканның саяси және ғылыми тілі болды. Ботаника және медицинада латын тілінде жазулар жазылды.

Информация о работе Латын тилинин тарихы