Латын тилинин тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 13:05, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, дәстүрлі европалық біліммен қатар, Қазақстан мәдениеті мен менталитетін ескере отырып дамуда. Университеттік білім жүйесі студенттердің өз тілінен басқа латын және грек тілдерін тереңдетіп оқытуды жетілдіріп, пайдаланып отыр. Себебі орта ғасырлардағы еуропа ғылымының негізі осы тілдер болды және осы тілдер арқылы дамыды. Философия, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, сонымен қатар медицина, биология, химия, пәндері, Ертедегі Рим және Грек ғылымдарына негізделген және терминдеріне, түсініктемелеріне, анықтамаларына сүйенеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

К. С. Ислям латын тіліні- шы-у тарихы.doc

— 408.00 Кб (Скачать документ)

Ателланда 4 күлдіргіш киіпкерлер қатысты: Маки, Буккон, Папп және Доссен. Ателландарда бір қалыпты сөздер болған емес, сондықтан олар ойнағанда өзінен суырып салып айта алады. Халықтық драмаға Мим шығады. Грецияда сияқты Мим халықтың тұрмысынан көріністер шығарды, ал кей кездері ертегілерді сықақтады, қорытындылап күлдіргіш түрде құдай және батырларды шығарды.

Сонымен, Римде салт-жора ойындар, ежелгі Грециямен сәйкес келеді. Драманың әлсіз бастамасынан халықтық театр әрі қарай дамыған жоқ. Бұны рим өмірінің тәртібімен және абыздардың қарсы болуы деп түсінуге болады. Сондықтан, Римде мифология пайда болмаған, қайсысы Греция өнері және драмасының дамуына себеп болды.

Республика дәуіріндегі Рим театры. Римдіктер әдеби драманы, гректерден алып оны латын тіліне аударды. Бірінші Пуникалық соғыс аяқталуына қарсы, б.з.б. 240 жылы мерекелік ойындарда драмалық көріністі  көрсетуге шешті. Көріністі дайындау грек - Ливий Андроникке берілді, ол рим сенаторының құлы болды. Бостандық алғанда, Римде қалып рим ақсүйектерін грек және латын тілдеріне үйретті. Бұл мұғалім, ойындарда трагедия және комедия қойды. Бұл көрініс рим театрының дамуына түрткі болды.

Б.з.б. 235 жылы өз пъесаларын сахнаға драматург Гней Невий (б.з.б.280-201 жылы) қойды. 1 Пуникалық соғыс аяқталғанда, Невии Римге көшіп әдеби қызметімен айналыса бастады.

Гней Невийды бірінші Рим ақыны деуге болады. Оның өлеңдері (сатурлар), драмалары, «Пуникалық соғыс» поэмасы көркем байланыста ерекшеленді. Басында Невий грек трагедияларын жазды. Біраз уақыттан соң трагедиялардың сюжеті Рим тарихы болды. Сондай трагедия римдіктерде претекст деп аталды.

Бірақ, жоғары даңққа Невий комедия аумағында жетті. Невий паллиатты - әдеби комедияны шығарды. Палиатта Римде б.з.б. III-II ғасырларда көрсетілді. Невий римның хадықтық комедиясы - тогатаның негізін салушы.

Тит Макций Плавт (б.з.б. 254-184 жылы) Невий ісінің жалғастырушысы. Оның шығармашылығы Рим ауыл шаруашылық қауымынан мемлекетке айналған кезеңдеріне жатады.

Плавт Паллиаттың жарқын өкілі болды. Плавтың  сүйікті  кейіпкері – әккі әрі қу  құл, жас  иесіне  махаббат  істерін  шешуге  көмектескені  туралы. Плавтың  комедияларында  ән  мен  би үлкен  орын  алады. Бұл  кантика (canto – «ән айтам»).

Плавтың пьесалары күштілігімен ерекшелінді. Плавтың 20 комедиясы түгелдей бізге жетті және біреуі үзінді түрінде. Барлық комедиялары алдыңғы сөзден басталады. Оның комедиялары үлкен тарихи өмір сүрді, бірақ орта ғасырларда Плавты ұмытты: құдайға сенушілер оның пьесаларын адамгершіліксіз деп санады. Бірақ қайта өрлеу дәуірінде Плавт қайта Еуропалық театрға шықты.

Теренций (б.з.б. 185-159 жылы). Публий Теренций Афр Плавт сияқты паллиат жанрында жұмыс істеді. Карфагенде туып, бала кезінде  Римге әкелінген, ол онда Рим сенаторының құлы болды. Баланың қабілетін көріп сенатор оған білім беріп бостандыққа жіберді. Теренций көптеген атақты адамдармен достық қарым-қатынаста болды. Ол алты комедия жазды, түгелі сақталған. Тиренцияның комедияларында отбасы мінезінің даулары көрсетілді. Белгілі комедияның бірі «Інілері» (б.з.б.160жылы) – жастарды тәрбиелеу мәселесін көтереді, жастарға мейірімді болу қажеттігін, бұйрық және жазалау емес,  ақылды кеңестерімен тәрбиелеу керектігін дәлелдейді.

Император дәуіріндегі Рим театры. Б.з.б. I ғасырда Римде республика құлады. Цезарьді өлтіргеннен кейін және Антониды жеңгеннен кейін Римнің императоры Октавиан болды. Келешекте оны Август деп атады. Қоғамдық театрдың мағынасын Август жақсы білді және оның дамуына көмектесті. Бірақ Рим сахнасында жанрды нығайту сәтсіздікпен аяқталды. Октавианның диктатурасы құрылғаннан кейін, трагедия құлдырай бастады.

Сенека (б.з. 4-65 жылы). Император дәуіріндегі Сенеканың трагедияларынан басқасы бізге жеткен жоқ. Луций Анней Сенека император Неронның тәрбиешісі болды. Бір уақыттарда мемлекетте жоғары қызмет істеді, бірақ содан кейін астыртын рекет үшін айыпталды және Неронның бұйрығы бойынша өз-өзін өлтірді. Трагедияларды Сенека өзінің өмірінің ақырғы жылдарында жаза бастады. Барлығы 9 трагедия жазды. Сенеканың батырлары – күшті, құмарланған. Олардың ішінде тирандар, құмарлық үшін қастыққа баратындар. Әйел кеиіпкерлері де өз армандары үшін түгелін қырып жояды. Сенеканың шығармашылығы жаңа уақыт трагедияларының қалыптасуына себеп болды. XIV- XVII ғасырларда еуропалық драматургтер Сенеканың өнеріне үйренді. Шекспир және Бен Джонсон Англияда, Корнелль, Рассин және басқалары Сенеканың трагедияларың өз шығармашылық тәжрибесінде қолданды.

Театр көріністерді ұйымдастыру. Көріністер мемлекеттік мерекелерде Римде өткізілді. Пъесалар патриция мерекелерінде – Рим ойындарында қыркүйекте өткізілді; Юпитер, Юнона және Минерваға арнап плебей мерекелер – Плебей ойындары қараша айында болды; Аполлон ойындары – шілде айында.

Бір қалыпты театр мұражайы б.з.б. I ғасырда Римде болған жоқ: осы құрылысқа сенат қарсы болды. Олар өзіне алаң тауып, сонда көріністер қойды. Рим актерлері бостандыққа жіберілгендер немесе құлдар болды. Актерлер труппаларға қосылды, олардың ішінде бастық – антрепренер болды. Ол өкіметтен көріністерге рұқсат алып жүрді және өзі басты рөлдерде ойнады. Барлық әйелдер рөлдерін ер адамдар ойнады, әйелдер труппаға алынған жоқ.

Актерлер б.з.б.III-II ғасырларда трагедия мен комедияларда маскасыз ойнады. Маскалар б.з.б. 130 жылы пайда болды. Сондықтан гректерге қарағанда римдіктер актерлердің бет қимылын көре алды. Маскалармен бұрын да қолданды, бірақ тек керекті жағдайларда.

Ең маңызды театр өміріндегі оқиға бірінші театрдың салынуы болды. Бұл театр б.з.б. 55 жылы Ұлы Гней Помпеймен және 40 000 адаммен салынды. I ғасырдың соңында Римде тағы екі театр салынды: Бальба және Марцелла. Марцелладан қалған қабырғалары әлі күнге дейін сақталған.

 

13 Римнің сәулет  өнері

 

Римдік сәулет өнерінің дамуы рим тарихының барысымен, қоғамдық қатынастардың қиындатылуымен, қаланың өсуімен тығыз байланысты болды; ол грек және этрустік ықпалы нәтижесінде пайда болды. Ертеде қала жоспарсыз, тәртіпсіз салынды. Оның тарихы және қисық көшелері, ағаштан және кірпіштен жасалынған қарапайым үйлер болды. Ірі қоғамдық ғимараты тек храмдар болды (Мысалға, Юпитердің Капитолийлік жарда орналасқан храмы және, Вестаның форумдағы кішігірім храмы б.э.д. VI ғасырда салынды). Қала ішінде бос жерлер және түк салынбаған жерлер сақталды. Ақсүйектердің үйлерін саябақтар қоршады. Су жиналатын шұңқырлар алғашында ашық болды, ал кейіннен оларды ағаш жапқышпен, одан кейін ұсақ тастармен жауып тастады.

Римды галдар жаулап алғаннан кейін, қаланың ғимараттарын көбін қиратып, өртеді. Өрттен кейін римдіктер негізгі көшелерін және алаңдарын бұрынғы үлгі бойынша қайтадан  салады. Кеңейген қала жаңа сервиевтік деп аталатын қабырғалармен қоршалды.

Рим халқының көбейуі ашық жерлердің  салынуына әкелді. Кейбір көше жолдары үлкен таспен қаланды. Ескі клоак (су құбыры) жүйесі қайта салынды. Өсіп жатқан халық таза суды талап етті, оны жүргізу үшін жердің астында қазылған бірнеше шақырымдық 2 су құбыры салынды.

Құрылыс салудың жаңа кезеңі б.з.д. II ғасырдан басталды, бос жерлер ғана салынбай, сонымен қатар қоқыстар да алынып тасталды, қалалық жерлердің бағасы көтерілді.  Б.з.д. I ғасырда қарапайым кірпіштен және ағаштан жасалған үйлердің орнына көпқабатты үйлер, виллалар пайда болды. Олар күйдірілген кірпіштен және бетоннан, тіпті мәрмәр тастан салынды. Бірнеше жаңа су құбырлары көптеген шақрымдарға ауыз суын жеткізді. Қаланың орталығы қайта салынады. Римдік форум кеңейді, оның маңында жаңа қоғамдық ғимараттардың жаңа түрлері пайда бола бастады. Қала аумағының тым тығыз құрылысы, арнайы жасыл аймақтарда  -  бақтардың салынуын талап етті. Осылайша, Саллюстий мен Лукулланың жасыл бақтары пайда болды. Қала кварталдарға бөлінді, ал кварталдар аудандарға топталынды. Римдіктердің жорықтарының нәтижесінде әртүрлі байлықтар Римге және итальяндық қалаларға жеткізілді. Бұл Рим сәулетінің өрлеуіне әкелді. Римдіктер өздерінің ғимараттарында және архитектуралық ғимараттарында адамның күшін, терең ойларын көрсетуге тырысты. Осыдан Рим сәулетшілерінің монументальді және көлемді ғимараттарға деген сүйіспеншілігі туды. Рим сәулет өнерінің басқа ерекшелігі - бұл ғимараттарды әшекейлеу, олардың ішінде бай декоротивті заттардың, көптеген әшекей заттардың болуы; сәулет өнерінің утилитарлы жақтарына деген қызығушылық. Олар тәжірибелік қажеттілікке керек ғимараттарды (көпірлер, акведуктер, театрлар, амфитеатрлар және т.б.) салуды жақсы көреді. Римдік сәулетшілер жаңа конструктивті принциптер жасады, олар кеңінен аркаларды, күмбездерді, колонналармен қатар пелястрларды және тіреуіштерді қолданады.

Грек сәулетшілері ғимараттардың жоспарларын симметриясыз жасаса, римдіктер симметрияны ұстанды. Олар кеңінен грек ордерлерін - дорикалық, ионикалық және коринфтік (ең сүйіктісі - коринфтік ордері болды) қолданды. Грек классикалық сәулет өнерінде ордерлер өзімен декоротивті зат пен ғимараттың конструкциясы ретінде пайдаланса, римдіктер оны тек декоротивті элемент ретінде пайдаланатын. Бірақ римдіктер ордерлік жүйені дамытты және өздерінің ордерлерін жасады, олар гректіктерден басқа болды. Бұндай композитті ордер болды, яғни барлық грек ордерлерінің бір ордерде қосындысы, ордер және ордерлік аркада яғни ол аркалардың жиынтығы болып келеді.

Римдік сәулет өнері біздің заманымызға дейінгі IV-I ғғ. өз дамуының екі кезеңінен өтеді. Бірінші кезең - б.з.д. IV-IІІ ғғ. Бұнда Рим кедей және кішігірім қала болды. Бұл уақытта сәулет өнері этрусстік сәулет өнерінің үлкен ықпалымен дамыды, мысалы, ерте Рим храмының формасы және оның декоротивті заттарын, аркаларды қолдану этрускілерден алынды. Ғимараттардың басты типі - әскери - инженерлік (қорғаныш қабырғалар, мысалы, Сервий қабырғасы б.з.д. IV ғасырда салынған, қабырғалардың кейбір бөліктері б.з.д. VI ғасырда салынған) және азаматтық (бірінші су құбырлары және жолдар - б.з.д. IV ғасырдың аяғы). Екінші кезең - б.з.д. ІІ-І ғасырлар, бұл кезең бетон мен жинақтық сымдардың кең пайдалануымен ерекшеленеді. Жаңа типті ғимараттар пайда болады, мысалы базиликтер (бұнда сауда келісімдері және сот төрелігі жүргізілді; бірінші базилик б.з.д. ІІ ғасырда салынды), гладиаторлармен және жануарлармен өтетін спорттың түрі амфитеатрлар, цирктер, термдер - күрделі монша бөлмелерінің жиынтығы, кітапханалар ойнауға арналған жерлер, саябақтар пайда болды. Монументальді ғимараттардың жаңа түрі - триумфтік арка пайда болады. Сауданың дамуы қажетті қоймалардың (мысалға, б.з.д. ІІ ғ. Эмилий порты), арнайы нарық мекемелерінің салынуына әкелді.

Басқару қажеттіліктеріне керек мекемелер: канцеляриялар, мұрағаттар (орталық сенаттық Табуляр мұрағаты б.з.д. І ғ 80 ж. салынды), соттық мекемелер пайда болды. Италия мен Жерорта теңізін жаулап алу тұрақты әскери лагерлердің, көп қабатты жолдың салынуына әкелді. Қала халқының қажеттіліктері клоакалардың жетілдіруіне және жаңа су құбырлардың, аквадуктардың,  салынуына әкелді. Осы су құбырлары суды Римге бірнеше ондаған шақырымға  дейін жеткізеді. Б.з.д.І ғ. Рим миллиондаған халқы бар, көп қабатты үйлі, қоғамдық маңызы зор көптеген тығыз салынған мекемелері бар үлкен қалаға айналады. 

Римнен басқа б.з.д. І ғ. кішігірім Помпей қаласы да әртүрлі ғимараттарымен, алаңдарымен, үлкен тасты көшелерімен, театрыларымен, амфитеатрларымен, цирктерімен және көптеген дүкендерімен және таверналары бар мәдени орталыққа айналады.

Ғимараттың сәулет өнері стилистика жағынан нейтральді ретінде қабылданды, көкейтесті эстетикалық бағдарлама және ғимаратта салынған семантика өзінің көрінісін үлкен Нерон сарайында тапты, ол Неронмен Римнің орталығында 64-68 жж. аса байлықпен салынған ғимарат "Алтын үй" деп аталды; ғимараттың өзінің символикалық мәнін "Алтын" (aureus) білдіретін атау Нерон билеушінің тиындар туралы аңыздарда, өлеңдік шумақтарда және шешендердің сөздерінде билікті білдіретін ресьми сипатты алады.  Мейрам және жарқырау туралы көрініс сарай сәулет өнерінде көрсетілген жоқ, бірақ ол толығымен сәулетке салынған безендіруді шарттады. Вилланың құрылысы алтын түске, перламутрға, қымбат аппликациялларға толы болды; басты ғимараттың триклинияларында төбе піл сүйегінен жасалған тақтайшалардан тұрды; оң қанаттағы залдағы қабырғалар мәрмәрдан салынды. Ішкі, басты емес бөлмелер олардан айырмашылығы болған жоқ; олардың сыртқы әшекейі  алтын мен мәрмәрдің орнына стукпен айырбасталуымен ерекшеленді. Бұл "Алтын үйдегі" сәулет өнері мен жасанды безендірудің қатынасы оның жекеменшік ерекшелігін құраған жоқ, ол сол дәуірдің сәулеттік ойлаудың жалпы принципін білдірді.

Консерваторлық құрылыс формаларының безендірумен бірігуі римнің ішкі ұлттық принципі болды. Рим ақыны египеттік сәулет жайлы баяндағысы келгенде және өз отандастарының осы сәулеттің римдіктен қандай айырмашылығы бар екенін көрсеткенде, ол былай жазды: "Үй жарқырағанмен, кескіленген мәрмәрмен жалтыратылмаған; оның негізі жұқа агат болған жоқ; ал оның орнына үлкен  тас қолданды; барлық сарайлық палаталарда аяқ астында оникс болды және қара Мареотия ағашымен босағаға жапсырылды, ол жәй еменнің орнына безендіру ретінде емес, негіз ретінде қызмет атқарды".

Басқа мемлекеттердегі ғимараттар монолитті ағаштан және тастан, ал Римде олар пластиналарға кесілетін және сыртқы безендірілу түрінде пайдалынылатыны туралы түсінік көп ғасырлық тәжрибеге негізделді. Бірінші Капитолий храмының төбесі мен колонналары (дәстүр бойынша б.з.д. 509 жылы белгіленеді) терфактік пластиналармен қапталған ағаштан болды, ал целла мен цоколь – сыртқы безендіруі тастан болды. Қайсыбір республикалық кезеңнің маңызды ғимараттары туф пен тавертинмен безендірілген болды. Ал сирек кірпіштен және стукпен сыртынан қапталатын болды. Жиһаздар сияқты, уақыттың өтуі ең алдымен безендірудің ауысуынан көрінді. Август императорының істері белгілі. Ол Римді кірпішті етіп қабылдап, ал мәрмәрлі етіп қалдырды; құрылыс материалы емес, сыртқы безендіру жөнінде мәселелер көтеріліп,  айтылады. Римдіктердің бірінші болып ізбесті (әкті) пайдаланғаны тарихта белгілі болып отыр. Ерекше "путеоландық" құм және қосымша қосынды ерітінді ретінде емес, кірпіштен немесе дербес қосылатын тесовтік тастан жасалған қабырғалар арасына бос орынға толтырылып, тез арада сынбайтын монолит ретінде қолданылды. Осылайша құрылыста сыртқы әшекейлеу үшін қолданылған әдістің заты болды. Себебі, қабырғалар (ішкі және сыртқы жақтың) ерітіндімен қосылып, сырт жағында мекемеге немесе көшеге қаратылды және кейбір эстетикалық безендіруді талап етті. Б.з.д. ІІ ғасырдың аяғы және б.з.д. І ғасырда бұл рәсімделудің арнайы схемасы жасалады. Ол жоғарғы технологялық жетілдірудің деңгейімен және көркемдік әсемділігімен ерекшеленеді. Бірақ ғимарат негізінің бір бөлігі бола тұрған осылай безендендірілген аяқталған қабырға сияқты, ал оның сыртқы түрі эстетикалық немесе идеологиялық маңызды болып қабылданған жоқ. Қазір мысалға, Помпейдегі форумдік базиликаның ішкі солтүстік қабырғасы түрлі сәулеттік рельефтермен қапталған, үтіктелген, оның толық өңделгені болатыны елесетету қиын. Веспиано храмының ішкі қабырғалары жетілдіріліп жасалуы оларды ешкім көрмейтіндей жасанды безендірудің астына жасырылды. Рим империясындағы бүкіл құрылыстың көлемін еске түсіру керек, барлық сансыз қалаларды бүкіл Рим империясын Пальмирден Меридке дейін және Рейннен Сахараға дейін қаптады. Олардың құрлысы негізгінен бетонды және кейіннен облицовканы қолданды. Бұл әдістің бүкіл көлемін және тарихи мәнін елестету керек: "рим сәулет өнеріндегі декоротивті және конструктивті шешім өз дамуында бір-бірінен дербес дерлік болды және құлдырауда олар әртүрлі, ал кейбір кезде қарама-қарсы заңдарға бағынды".

Информация о работе Латын тилинин тарихы