Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 13:05, реферат
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, дәстүрлі европалық біліммен қатар, Қазақстан мәдениеті мен менталитетін ескере отырып дамуда. Университеттік білім жүйесі студенттердің өз тілінен басқа латын және грек тілдерін тереңдетіп оқытуды жетілдіріп, пайдаланып отыр. Себебі орта ғасырлардағы еуропа ғылымының негізі осы тілдер болды және осы тілдер арқылы дамыды. Философия, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, сонымен қатар медицина, биология, химия, пәндері, Ертедегі Рим және Грек ғылымдарына негізделген және терминдеріне, түсініктемелеріне, анықтамаларына сүйенеді.
Ұлының шешесінің мүлкіне жеке меншік құқығы тек мынадай жағдайда шектелді: бұл мүлікпен әкесінің өмір бойы пайдалану және басқару құқығы болса; ұлы бұл шектеуге де тартылған жоқ, егер мүлік әкесінің еркіне қарсы иеленілген болса немесе мүлік беретін тұлға белгілі бір шарт қоятын болса. Юстиниан тұсында бұл институттың дамуының қорытындысы әкесінің ақшасына алынбаған бағыныштылардың мүлігі олардың иелігі болып танылды.
Әкелік билік иесінің қайтыс болуымен немесе бағыныштының өлімімен, иесінің және бағыныштының еркіндігін немесе азаматтығын жоғалтумен, иесінің әке билігінің құқығынан айырылуы, бағыныштының кейбір құрметті атақты иеленуімен байланысты тоқтатылды.
Әкелік билік сондай-ақ бағынушының тәуелсіздік алуымен тоқталды, яғни иесінің еркімен оның қол астынан бағыныштының келісімімен азат етілуі. Юстиниандық кезеңдегі құқықта манципация жүргізілді: а) сот хаттамасынна жүргізілген императорлық рескриптіні иеленуде; б) сот хаттамасына енгізілген үй иесінің талабымен; в) бағыныштыға белгілі бір уақытқа өзара дербестік жағдайды берумен;
Эмансипация тәуелсіздік алушының бұрынғы иесіне мысалға реніш көрсетілген, рақымсыздығы жағдайында алынып тасталды.
7 Рим есімдері
Бабаларға табыну римдік діннің құрамдас бөлігі болды. Ежелгі Римдегі рулық және отбасылық қатынастардың төтенше маңыздылығы өмірдің және мәдениеттің көптеген салаларынан көрінді. Толық түрде бұл өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін есімдердің римдік жүйесіне қатысты. Римдік азаматтың толық есімі 3 негізгі бөліктерден тұрды: жеке аты, рулық аты және лақап аты.
Есім (nomen - имя) – ұрпақтан ұрпаққа берілетін рудың аты. Рулық атқа құрметпен қарау, оған кір келтіруге қорқу текті адамның жеке адамгершілігін білдірген. Римдік «есімдердің» шығу тегі мен этимологиясы белгісіз; оларды жиі этрустік деректерге жатады деп болжайды, бірақ мұны дәлелдеу мүмкін емес. Римдік nomen ылғи -ius жалғауымен аяқталады, мысалы, Iulius, Cornelius, Likinius.
Рулық есімдер саны тарихи түрде рулардың санымен шектелетіндігі түсінікті.
Жеке есімі (praenomen - «предимя») рулық есімнің алдында тұрғандықтан солай аталған, мысалы, Gaius Iulius Publius Cornelius. Жеке есімдер екі ондықтан көп болған жоқ, көп жағдайда олар -ius немесе -us жұрнағына аяқталып отырды. Олар әдетте қысқартылған түрде жазылды (тек бас әріппен).
G.- Gaius S. - Servius
K. – Kaeso M. – Marcus
Qu. – Quintus M. – Manius
Mam. – Mamercus D. – Deciomus
Sex. – Sextus L. – Licius
P.- Publius T. – Titus.
Ti. – Tiberius Gn. – Gnaeus
A. – Aulus Sept. - Septimus
Есімнің үшінші құрамдас бөлігі тәртіп бойынша рудың жеке бұтағына жататын жанұялық лақап ат (cognomen - прозвища ) болды. Лақап аттар әр түрлі себептер бойынша туындауы мүмкін еді, сондықтан олар алуан түрлі болды. Әдетте, алғашында лақап ат оны иеленушінің қандайда бір мінез құлықтық қасиетіне тән сипатын көрсетті. Мысалы, Scaevola («сол қол»), Dentatus («тісті»), Bibulus («ішімдікке құмар»), Scipio («посох») және т.б. Уақыт өте келе бұл жеке тұлғалық сипатты жоғалтып, тұтас отбасының айырықшалай атын білдіру болып сақталды.
Жеке тұлғалық сипаттарды білдіру үшін тағы бір толықтауыш есім – екінші cognomen немесе agnomen жиі қолданылды. Қандайда бір аумақта көрсеткен қызметі үшін, сондай-ақ маңызды биографиялық жағдайды білдіру үшін бұл ат берілетін. Мысалы, екі атақты саяси қайраткерлер мен қолбасшылар б.з.д. ІІІ және ІІ ғасырларда «Публий Корнелий Сципион», ал әскери ерлігі үшін «Африканы бағындырушы» деген ат алып, Publius Cornelius Scipio Africanus деп атала бастады. Ал ондай атақты алған адамдарды айыру үшін біріншісін «Үлкен», ал екіншісін «Кіші» деп атады. Арнайы құжаттар мен атуларда толық атқа сондай-ақ әкесінің аты praenomen қосты, мысалы,M(arkus) Valerius M(arci) f(ilius) Messala (Марк Валерий, Марк, Мессалдың ұлы), кейде тіпті атасының жеке аты қосылды.
Жоғарыда келтірілген римдік есімдердің жүйесі рулық және отбасылық атауын айырбастамаған өз руының толық құқықты ұрпақтары, еркек адамдарға ғана, қатысты болды. Барлық басқа жағдайларда басқа ережелер әрекет етті.
Егер адам бір рудан басқа руға өтсе (асырап алу нәтижесінде), ол толық жаңа рулық аттардың «жинағын» иеленді. Онымен қоса екінші лақап аты ретінде сол өзінің бұрынғы рулық атын -anus немесе -inus жалғауымен асырап алушының толық атына қосылған атын сақтады. Мысалы, Цезарьмен асырап алынған болашақ император Август Октавий (Octavi) руынан шыққан Gaius Iulius Caesar атын иеленді.
Еркіндік алған құл, еркіне жіберілген деген құқықтық статус иеленсе, өзінің бұрынғы қожайынының жеке және рулық атын, ал лақап аты ретінде құл болғандағы аты сақталды. Мысалы, Марк Туллий Цицеронның еркімен жіберілген Тирон Markus Tullius Tiro (Марк Туллий Тирон) деген ат алды. Римдік азаматтық алған шетелдіктер онымен қоса римдік рулардың біреуінің атын алды, ал өзінің бұрынғы есімі лақап аты ретінде сақталды. Мысалы, атақты иудейлік тарихшы Иосиф «Иосиф Флавий» деген ат алды, оған еркіндік берген император Веспасиан жатқан Флавийлер руына жатқанын білдіреді.
Әйелдер Рим дәстүрі бойынша ерекше жеке есімге ие болған жоқ (praenomen), бұл ретінде рулық есімнің әйелдерге женский родтағы формасы қолданылды. Мысалы, Марк Туллий Цицеронның қызы Tullia деген ат алды. Егер қыздары екеу немесе бірнешеу болса, атқа « Үлкен» немесе «Кіші», «Үшіншісі» т.с.с. деген ат қосылды.
Римдік жанұяның ішінде (familia) мүліктік, мұрагерлік және басқа қатынастар ежелден бері қатаң түрде регламенттелініп, ХІІ таблицалар заңында көрінді: отбасы басшысы (pater familias ) қалған ерікті үй мүшелерінің алдында артықшылық құқықтарды иеленді.Жанұяның екі негізгі түрі белгіленді: адам туғаннан бастап жататын жанұя және familia adoptiva асырап алушының қолына кірген жанұя.
«Асырап алуды» білдіру үшін арнайы құқықтық термин қолданылды. Бұл термин жанұяға ритуалды «қабылдаудың» құқықтық актісін білдірді. Асырап алумен жоғарыда көрсетілген барлық есімдердің өзгеру әдісімен байланысты болғаны түсінікті. Рулық және отбасылық қажеттілігін өзгертуде (mutato familiat ) бөтен руға кіруші белгілі бір уақытқа дейін өз құқықтарының бір бөлігін жоғалтуға мәжбүр болды.
8 Римнің төлеу әдістері
Ең басты төлеу әдісі мал айырбасы болды. Римде ақшаның «пекуниа» («пекус - мал») аталуы осымен байланысты. Кейін саудада тауар үшін мыстан жасалған бөлшектермен есеп алысты, ал қазіргі ақшамен есеп алысу Римде б.з.д. V ғасырда пайда болған. Белгілі ақша бірлігі мыстан жасалған асс болды - мыс кесегі , салмағы 1 римдік фунт, немесе 1 либра (327, 45г.). Италияның аймақтарында салмақтың жүйесі әр түрлі болды. Кейіннен Италияның жерлерінде басты өлшем салмағы рим либрасы болды, Сондықтан асс салмағы 327, 45 гр «Н» әрпімен белгіленді. Уақыт өте римдік асстың салмағы жеңілдене бастады, б.з.д. I ғасырда асстың құны жоғалды, сол себептен римдіктерде «құнсыз» деген сөздің орнына «Астың құнындай» деген сөз тіркесі пайда болды. Тек б.з.д. IV ғасырдан бастап Римде күміс ақша соғыла бастады. Оның шығуына басты себепкер - гректер. Б.з.д. 340 жылдары орамжапырақтай күміс ақшаларды - дидрахмаларды (салмағы 7,58 гр., кейіннен – 6,82 гр..) гректердің үлгілерімен Римде жасай бастады. Ақша мекемесі Римде б.з.д. 289 жылы 3 адамнан тұрды. Олардың бірінші шарты - ақшаны шығару. Күміс ақша - денарий және сестерций – б.з.д. 269 немесе 268 жылы Римде жасалына бастады, денарийдің салмағы 4,55 г немесе 1/7 г рим либрасы. 2 –ші Пуникалық соғыстң дәуірінде алтын ақша таралды – скрупул, оның құны 20 күміс сестерций.
Рим Республиканың соңғы жылдары кезеңінде алтын ақша айналымға кірді «алтын» деп аталатын – жалғыз осындай алтын денарий 100 сестерцийге тең. Августың тірі кезінде алтын ақшалар римде бекітілді, үш металлды жүйесі пайда болды (мыс – күміс – алтын). Августың реформасына дейін Рим мемлекетінде алтын ақша жүйесі пайдаланбаған, ақшалар Грек стандартымен жасалына бастады, алайда салмағы бір болған жоқ: «алтын» Августтың тірі кезінде 8,19 гр. болса, Нерон кезінде 7,28 гр. болды. Нерон ақшаның жүйесіне жаңа өзгерістер әкелді. Римдік ақшаның жүйесінде «императордың тәжі» белгісі болды.
«Алтыннан» басқа рим ақшасының жүйесіне өзіне күміс ақшаларды қосты: 1 денарий = 4 сестерций =10 ассқа; 1квиннарий = 2 сестерций = 5 ассқа; 1 сестерции = 2,5 ассқа; 1 триент = 1/3 ассқа; 1 квадрант = 1/6 ассқа, ең кіші ақша унции = 1/12 ассқа тең. Константин императоры айналымға екі асстық ақшаны кіргізді – дупондий. Ақырғы ғасырлар Батыс Рим империясы жаңа алтын ақшаны жасай бастады – солид. Ежелгі Римнің патшасы Сервий Тулий ақшаны мемлекеттік белгімен белгілеген. Денарийдің салмағы 10 фунт, квинарии – 5 фунт, ал сестерции -2,5 фунт болу керек еді,- Карфаген соғысына ақша жетпегені үшін, ақшаны ауыстыруға мәжбүр болды. Бұл өлшем дұрыс болып шығып, өте көп пайда әкелді. Штемпель көмегімен мыс ақшаларға бір жағынан Янустың басын, екінші жағынан кеменің бір бөлігін бейнеледі, ұсақ ақшаларда – триента және квадранта – кеменің бейнесін орнатты. Империяның дәуірінде реформалар өткізілді. Қазна екіге бөлінді: императорлық және сенаттық, сондықтан императорлық және сенаттық ақша жасалына бастады. Императорлық ақшалар күміс және алтын белгімен, ал сенаттық ақшалар тек қана қола болып, S және С әріптері белгіленді, «сенатус консультум». Республика және империя ақшаларында өзгешеліктер көрінеді. Республика кезеңде ақшаларда Янус, Юпитер, Марс, Юнон, Минер, Беллоланың бастары бейнеленсе, тек Цезарь кезінде сенаттың рұқсатымен ақшада өз суретін бейнеледі. Октавиан Августың, Марк Антонийдың, Клеопатраның портреттері ақшада сақталған. Күмістен, алтыннан бірінші шығарған ақшаны Плинии Үлкені «қылмыскер» деп атайды. Себебі, алтын үшін қан төгісі аз болған жоқ.
Рим өлшеу жүйесі, әр аумақта әр түрлі. Метрикалық жүйе XVIII ғасырда орнатылды, бірақ әлі күнге дейін кейбір елдерде қабылданған жоқ. Бастапқы Римнің өлшем ұзындығы фут 29,6 см-ге тең. Үлкен қашықтықтарды өлшеу үшін миля пайдаланды, ол 1478,8 м-ге тең. Салмақты фунтпен өлшеді – 327 гр, ол 12 унцииға бөлінді – 27,2 гр. Көлемнің бірлігі «конгии» - 3,3 литр.
Б.з.б. 753 жылы Римді Ромул құрды. Ол бір жылды 10 айға (Ромул жылы) наурыздан бастап бөлді. Алайда 10 айлық жыл ұзақ болған жоқ, келесі патша Помпилий оны 12 айға ауыстырды. Келесіде жылдың басын 1 қаңтарға көшірді. Цезардың қолдауымен күнтізбе қайта қаралды және айлардың күндері саналды. Бұл күнтізбемен Ресей 1918 жылға дейін қолданды.
Апта күндері жұлдыздар атауларымен белгіленді: Ай, Марс, Меркурии, Юпитер, Венера, Сатурн және Күн. Апта сенбіден (Сатурн) басталды. Айдың кейбір күндері ерекше атаулармен белгіленді. Мысалы, айдын 1-ші күні – «календа», 5 немесе 7-ші күн – «нона», 13 немесе 15-ші күн – «ида» деп аталды. Римдіктер тәулікті өлшеу жүйесін әлі білген жоқ. Рим тәулігі екіге бөлінді: күн және түн болып.
9 Рим Республикасы және оның әскері
Римдік демократиялық ортада үлкен беделге ие болған Гай Марий римдіктердің Иберия мен Нубидиядағы соғыстары кезінде алға шықты. 107 ж Марий консул болып сайланып, өзінің барлық көңілін римдік әскерді күшейтуге бағытталды. Уақыт өте келе, Рим әскері, бұрынғы бүкіл азаматтар енген милицияның орнына, екінші Пун соғысынан кейін, яғни ұзақ соғыстар мен үлкен жаулап алушылық кезеңдерде Римде және бүкіл Италияда үлкен әлеуметтік өзгерістер жүзеге асып, төменгі таптардан өз еркімен еріп келген сарбаздардан тұратын, мамандандырылған келісімшарт әскері қалыптасты. Осының нәтижесінде әскердің құрамы өзгеріп, цензі жоқ азаматтар да әскер қатарына алына басталды. Он алты жылдық әскери қызмет орнатылды. Сарбаздардың өз еркімен әскер қатарына енуінің нәтижесінде милициондық римдік әскер мамандандырылған әскерге айналды. Әскер құрамының өзгеруі оның қайта құруын керек етті.
Марийдің ұсынысы бойынша бірқатар ұйымдастырушылық шаралар өткізілді. Марий дәуірінің алдында үш қатарлы жабдықтандыру ерекшелігі жойылғанға байланысты легиондарды велиттер, гастаттар, принциптер мен триарийлерге бөлінуі жойылды. Жеңіл жаяу әскері жойылды. Әскердің жеке түрі ретіндегі салт атты әскер жойылып, ол толығымен легион құрамына енді. Легионның шабуыл жасау тәртібі өзгерді: әрбір үш манипул бір кагортаға (600 адам) біріктіріліп, екі қатарға орналасты (әрбір қатар бес кагортадан тұрды). Тактикалық бірлікке кагорта айналды.
Рим әскерінің қайта құрылуының жағымды және жағымсыз жақтары болды. Легионның ұйымдасуы күрделенді (легион–кагорта–манипул), бірақ тактикалық қозғалыс пен легионды басқару жеңілдетілінді. Шабуылға дайындық пен шабуыл кезіндегі басқару құрамының рөлі мен мағынасы жоғарлады. Бірақ манипул бірігуінің нәтижесінде өтілген аймақта легиондардың еркін қозғалысы шектелді. Легиондардың әскери тәртібінің тактикалық тереңдігі қысқарды. Легионның бөлігі велиттердің (жеңіл жаяу әскер) жойылуы, шабуылдың табысты аяқталуы мен одан шегінудің ықтималдылығы кеміді. Соғыстың тек тез және шешуші шабуыл жасау формасы ғана жүзеге асырылуы тиімді еді. Әскердің техникалық жабдықталуы күшее түсті. Шанцтік құрал жабдықтар кең пайдалына басталды, сонымен қатар инженерлік арбалар пайда болды, бірақ осыған қарамастан легионерлер міндетті жеке жүгінен кұтылмады. Осының нәтижесінде Марийдің жаулары римдік сарбаздарды «әртүрлі жүкпен жүктелген есектер» деп келемеждей бастады, осыған қарамастан Марий өз іс- әрекетіне мызғылмайтын болып қала берді.
Өткізілген реформалар, әрине, римдік әскердің күшеюіне әкелді. Әскердің мамандандырылған әскерге өзгеруі республиканың саяси өміріндегі рөлін өзгертті. Қолбасшының рөлі аса жоғарлады, әрбір жеке мамандандырылған сарбаздың қамы көбінесе оның қолында еді. Іс жүзінде әскер жеке топталған ірі құлиеленушілердің қаруына айнала бастады, олар Римде әскери диктатураны орнатуға тырысты.