Латын тилинин тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 13:05, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, дәстүрлі европалық біліммен қатар, Қазақстан мәдениеті мен менталитетін ескере отырып дамуда. Университеттік білім жүйесі студенттердің өз тілінен басқа латын және грек тілдерін тереңдетіп оқытуды жетілдіріп, пайдаланып отыр. Себебі орта ғасырлардағы еуропа ғылымының негізі осы тілдер болды және осы тілдер арқылы дамыды. Философия, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, сонымен қатар медицина, биология, химия, пәндері, Ертедегі Рим және Грек ғылымдарына негізделген және терминдеріне, түсініктемелеріне, анықтамаларына сүйенеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

К. С. Ислям латын тіліні- шы-у тарихы.doc

— 408.00 Кб (Скачать документ)

Б.з.д. 80 жылға дейін созылған кезеңді архаикалық деп атайды. XII кесте заңдары – рим құқығының бірінші жазбаша ескерткіші үлкен  маңызға ие. Заңдардың алғашқы нұсқасы сақталмаған, бірақ, әртүрлі рим жазушылары мен заңгерлердің жазбалары бойынша, қалыпқа толық келтірілген. Ежелгі заңдар және бұнда көрсетілген дамыған құқық қатынастарының ерекшеліктері бұл ескерткішті б.з.д. V ғасырға жатқызуға мүмкіндік береді. Көрнекті рим тарихшысы Тит Ливийдің айтуынша, XII кестелер заңдары римдік құқықтың негізгі дерегі болып саналды. Бұл I құқықтық Кодексте соттық процедуралар регламентацияланған, жекеменшік пен ұжымдық меншік, отбасы құқығы декларацияланады және жазалау жүйесі қалыптасады (Бұл Кодекс тек мемлекеттік құқықты қарастырмайды). Классикаға дейінгі кезең (б.з.д. III-II  ғасырлар) рим диалекті негіз болған әдеби тілдің қалыптасу кезеңі. Ежелгі латын жазуының кезеңі грек  ықпалынан мүлде еркін болды. Латын әдебиетінің пайда болуы б.з.д. III ғасырда Римнің қоластында Италияның бірігуі кезеңімен сәйкес келеді. Классикалық грек үлгілерінің қатты ықпалында болған латын поэзиясы ерте пайда болды. III-II ғасырдың басындағы әйгілі болған латын ақындары– Ливий Андроник (шығу тегі жағынан грек), Гней Невий және Квинт Энний. Соңғысы «Анналы» эпикалық («Жылнама») поэмасымен әйгілі болды (бұнда римнің ежелгіден бастап тарихы суреттеледі). Римнің өрлеу кезеңіндегі басты әдеби ескерткіштері болып әйгілі комедиографтар – Плавт пен Теренцийдің шығармалары саналды.

Тит Макций Плавт - (шамамен б.з.д. 250-184 ө.с.) грек үлгілеріне сүйенген латын комедиясының негізін салушы. Плавт барлығы 130 комедия жазған, олардың жиырма бірі бізге жетті. Плавтың комедиясында фольклор кең пайдаланылған, осыған орай олар үлкен табысқа жетті.

Публий Теренций  (шамамен 195-159 жылдарда ө.с.) барлығы 6 комедияcы бізге жеткен. Бұнда Теренций адамның мінезін аша отырып, күнделікті өмірін суреттейді. Теренцийдің әйгілі «адамдылықтың еш нәрсесі маған жат емес» деген сөздері оның шығармаларының мәнін жақсы көрсетеді. Орта ғасырларда және Қайта өрлеу дәуірінде Теренций ең көп оқылатын автордың бірі болды. Оның комедиясының тілі әдеби латынның үлгісі деп саналады. Ең нақты ұлы өрлеудің латын әдебиеті б.з.д. I ғасырда Катуллдың, Лукрецийдің поэзиясында, Цицерон, Цезарь және Саллюстийдің прозаларында орын алады.

Гай Валерий Катуллдың, шамамен, 87-54 поэтикалық мұрасы, 116 лирикалық өлеңдері және аз мөлшерлі эпиграммалары болыпты. Олар оған махаббат лирикасының шебері атағын берді.

Лукреций Кар (шамамен 95-55 жылдарда өмір сүрген) – эпикурдың негізгі ілімдері баяндалатын «Заттар табиғаты туралы» философиялық поэманың авторы.

Марк Туллий Цицерон (106-43 жылдарда өмір сүрген) – әр жақты жазушы және оратор. Оған көптеген көркем өнер стилімен жазылған философиялық, саяси және риторикалық трактаттар, сонымен қатар хаттар жатады. Цицерон тілі әр замандарда латын прозасының қайталанбас үлгісі болып саналды.

Гай Юлий Цезарь (100-44 жылдарда өмір сүрген) ол ұлы мемлекет қайраткері мен әскери басшы ретінде ғана емес, сонымен қатар проза жазушысы ретінде де әйгілі. Цезарьдың шығармалары – «Галл соғысы туралы жазбалар», «Азаматтық соғыс туралы жазбалар» және т.б.

Гай Саллюстий (86-35 жылдарда өмір сүрген) саяси қайраткер және тарихшы, латын әдебиетінің тарихына өзінің тарихи еңбектері («Заговор Каталины», «Югуртік соғыс» және т.б.) арқылы белгілі. Саллюстий тілі бейнелілік, классикалық дұрыстылықпен ерекшеленеді. Орта ғасырларда және кейінгі дәуірлерде Саллюстий беделді авторлардың бірі болды. Б.з.д I ғасырдың бірінші жартысындағы автордың шығармаларында латын тілі және латын әдебиеті өзінің хрестоматиялық мәнін алып, өрлеу дәуіріне кірді.

 

4 Римдегі тәрбие мен білім  беру

 

Римдік тәрбие мен білім беру бүкіл римдік мәдениет сияқты гректік үлгілерге негізделген,  бірақ өзінің тарихы бар. Рим тарихының бастапқы кезеңінде римдік тәрбие мен білім беру патриархалды және ашық түрде тәжірибелік сипатта болды; ауылдық тәрбие мен білім беруге үлкен назар аударылды. Б.з.д. ІІ ғасырдан бастап Римде гректік білім беру жүйесі бекітіледі.

Грециядағы сияқты, тәрбие және білім беру үрдісі үйде оқыту (үйге ұстаздарды шақыртып сабақ оқу) және қоғамдық түрдегі (жеке меншік немесе мемлекеттік мектептер) элементтерді біріктіре алды.

Теңестіруге келмейтін жақсы нәтиже беретін үйде оқыту мен жақсы жеке меншік мектептерде әрі қарай білім алуды тек ақшалы ата-аналар ғана қамтамасыз ете алды.

Ежелгі  Италия сауатты ел болған. Халықтың арасында сауаттылық қашан таралған уақытын айту қиын, бірақ б.з.д. ІІ ғасырдың ортасында - ақ  армияда құпия сөз (пароль) ауызша түрде  емес, жазбаша түрде беріле бастады. Солдаттар, мыңдаған шаруа ұлдары  оқи білген.

Бізде орта және жоғарғы рим мектептерін сипаттауға жеткілікті мәліметтер бар. Ол туралы Квинтилиан, Светоний және Сенека көп әңгімелеген. Бастауыш мектептің оқушылары қарапайым және кедей, олардың ұстаздары да қарапайым және кедей болды. Оның профессор атағын алу құқығы  болмады – бұл орта және жоғары мектептің ұстаздарының атағы (грамматиктер мен риторлардың); Ол арқа тіреуіші бар кең креслода  (кафедра) жайғасып отыра алмайды – ол тек грамматиктер мен риторларға ғана арналған; императорлар профессорларға қамқорлықтар көрсеткен, ал мектеп мұғалімі туралы олар тіпті естеріне де алмайды. Риторлар мен грамматиктер үкімет тарапынан бақылауда болса, ал бастауыш мектеп  мұғалімдері үкмет тарапынан бақылауға алынбаған; ол мектеп ашуға ешкімнен рұқсат сұрауға міндетті емес, ешкімге мектеп ісін жүргізуде есеп бермейді, оған ешкім бұйрықтар мен тапсырмалар жібермейді, оның еркіндігі өзінде, ол мектепті өз бетінше ашып, онда өз талғамы бойынша оқыта алады. Осындай ешқандай жағдайы жоқ орынға барушылар аз болды. Онымен тек өмірде жақсы орын таба алмағандар, амалы таусылғандар ғана айналысты. Көбінесе әсекрге жарамаған солдат, кәріліктен немесе сырқаттан  еңбекке жарамсыз шаруа немесе қолөнерші, аз да болса қандайда бір ақша табау үшін бастауыш мектеп ашққан. Орта және жоғарғы мектепте ұстаздықпен айналысқан  гректер болды. Болашақ оқытушы қатысушылармен өзін  ертерек қамтамасыз ету керек. Ол мектеп жасындағы көп балалар бар жерді және бәсекелестікте болмағандай жақын арадағы мектеп жоқ жерді іздейді, ата-аналармен танысып оларды өзінің білімімен, педагогикалық тәжірибесімен таң қалдыруға тырысады. Оны жүзеге асыру қиын емес: себебі, ұстаздан балаларды оқуға, жазуға және санауға үйретуге талап қойылады.

Ақшасы оның шектелген болғандықтан, ол кең және жарық бөлмені іздемейді. Ол ешқандай қолөнерші тұрғысы келмеген қандайда бір қора, жартылай қараңғы шеберхананы қанағат тұта алады. Ал кейде оның осындай орынға да ақшасы болмағандықтан, ол өз оқушыларымен форум алаңында, көшенің шуынана бөліп тұратын матамен жан-жағы қоршалып тұрған ашық ауаның астында да орналаса алады, ол бірнеше орындықтар алып (балалар жазба затттарын тізелерінде  ұстап отырып жазған, үстел қажет болған жоқ) және өзіне орындық алды, - міне «мектеп» осылай жабдықталған.

Антик мектебі оқу педагогикалық пәндеріне кедей болды; әліппе, жазбалар, тақта, кітаптар болған жоқ.

Бастауыш мектепте оқу бес жылға созылды, бірақ бұл бес жылды жартысына дейін қысқарту керек. Қалалық мектепте жазғы каникулдар төрт айға созылды: маусымның ортасынан бастап қазанның ортасына дейін; ауылдық мектептікі одан да ұзағырақ болуы ықтимал, себебі ата-аналарға шаруашылықта  балалардың көмегі қажет болды. Бұл каникулдарға жылдық мерекелер де қосылды, мерекелік күндер екі айға дейін жетті. Сабақ беру әрекет-әдістері жетілмеген, балалардың ойлауы мен қабылдауына сай келмегендіктен, енді қазір ең түк білмес деген оқушы бірнеше аптада игеретін сауаттылықты римдік оқушылар  бірнеше ай бойы меңгерді.

Бастауыш мектептің ұстазының білімі әртүрлі болды. Үлкен қалада, Римде оған қойылатын талаптар жоғары болды, ол тек оларды оқу мен жазуға ғана үйретіп қоймай, грамматикамен таныстырып, род, түр, септеу мен шақтарды айыруды үйретуге, дұрыс есептеуге үйретті. Ал бұл сол кезеңде нақты өңделмеген грамматика болмаған тұста оңай іс болған жоқ.

Римдік тәрбие мен білім беру гректікіне ұқсас, енді біз айтатынымыздай «кешенді» болды. Ол оқушының тек ойының ғана емес, сондай-ақ физикалық дамуына әрекет етуге тиіс болды. Сондықтан теориялық пәндермен қатар гимнастикамен де айналысуға міндетті болды, ал ұлдарға келешекте әскери қызметке дайындық қажет болды.

Теориялық тұрғыдан алғанда білім беру, біздің уақытымызда сияқты «қадам бойынша» болды, яғни бастауыштан және қарапайым білімнен күрделіге өту сияқты болды. Білім алудың бүкіл негізгі элементтері гректерден алынғандықтан, педагогикалық пәндердің атаулары, ұстаздардың аты сияқты гректердікіндей болды.

Алғашқы кездерде  оқушы грамматист-мұғалімнің көмегімен сауаттылықтың, есеп пен жазудың негізін игерді, ағаш тақтайшаларда ұшы үшкір таяқшалар арқылы жазған. Бай афиндік ритор Геродтың ұлы Аттика (б.з.д. ІІ ғасыр) піл сүйегінен жасалған таяқшаларда әліппені үйренді, ал материалды мұқият игеру үшін ұстаз үй құлдарының арқаларына әріптерді жабыстырып, оларды кезекпен оқушының алдынан өткізген.

Грецияда жалпы білімділіктің қажетті шарты деп ежелден бері есептелген музыкалық тәрбие беруге римдіктер аз мән берді. Музыкалық білімді – шекті аспаптарды ойнайтын ұстаз-кифарист – лира мен кифарада ойнауды үйретті.

Римдіктер үшін физикалық дамуға гректерге қарағанда үлкен мән берілді: бай адамдардың балалары айналыса алатын спорт залдар – палестралар маман-тәлімгерлермен жақсы жабдықталған болды. Бастапқы физикалық тәрбие беруді – гимнастикалық және спорт сабақтарының жүргізушісі – педотриб жүргізді.

Бастауыш білім алуды аяқтап, яғни ұлдар (шамамен 12 жасында) орта мектептік білім алуға көшеді. Бұл кезеңде олардың мұғалімдері грамматик болды. Грамматикпен олар грек және рим жазушыларын, ақын, философтарын, драматургтерін оқыды. Одан олар әдебиет, оның жанрлары, музыка жайлы білімдер алды. Астрономияны, грамматика мен геометрияны оқу міндетті болып саналды. Мұнда латын әдебиетімен қатар, жастар грек әдебиетімен де айналысып, бәрінен де көп Гомер поэмаларын оқыды.

Көңілі соққанда грамматика мен риториканы тереңдетіп оқудан тұратын білім алуды жалғастыра алды. нақты және жаратылыстық ғылымдардағы оқу, мектепте сол кезде тәжірибе түрінде жүргізілген жоқ, және «стандарттық білім», біз оны қазіргі кезде гимназиялық деп бөлеміз, ол гуманитарлық сипатта болды.

Ең алдымен, ежелгі, ең алғаш грек авторларының шығармаларын дұрыс оқуға және түсіндіруге үйретті. Бірақ, б.з.д. І ғасырдың соңына таман міндетті түрдегі оқу шеңберіне Цицерон мен Вергилий, кейін Овидий мен басқа да авторлар кірді. Шығармаларды талқылауда  стилистік анализ, сондай-ақ түсіндірілген мәтіннің моральдық мәніне үлкен назар аударылды.

Оқу барысында оқушы талқылаудағы мәтіндерде болған мәліметтерді игеріп, және осылайша тарихи, мифологиялық, географиялық және басқа да сипаттағы білім алып отырды.

16-18 жастағы білімпаз ұлдар  үшін білім алудың үшінші баспалдағы да ашық болды, ол ритор мектебі еді. Мұнда шешендік өнерге, бәстесу өнеріне үйретіп, тарихи, әдеби және саяси тақырыптарға сөз құрауға жаттықтырып, мәнерлеп оқу өнеріне ие болды. Мұндай мектептерді қамтамасыз ету қымбатқа түскендіктен, олар үлкен қалаларда орналастырылды.

Ритор ораторлық өнер мектебі Греция мен Римде (Цицероннан кейін) білім алудың жоғарғы шыңы болып есептелді. Мұнда оқушы сөз құрау өнерін үйренді. Ең алдымен грек және рим риторикасының үздік үлгілерінде, кейін тәжірибеде үйренді. Оқушылар сөз құрау мен оны айтуда жаттығып, сынаушы аудитория алдында шығуға үйреніп, аяқ астынан шығарылған және шындыққа жанаспайтын тақырыптарға ойдан шығаруға жаттықты. Шешенді тәрбиелеу қалай өту керек жайлы Квинтилианның «Шешенді тәрбиелеу» және «Шешенге білім беру» деген арнайы трактаттарында көрсетілген.

Мұндай білім тек маман риторлар немесе заңгерлерді өздік өмірге дайындық жүргізгені түсінікті. Атақты философ Сенека бірде: «біз өмір үшін емес, мектеп үшін оқимыз», - деп айтқан.

Бірақ, антик қоғамы басқа аумақтарда да мамандық дайындық үшін мүмкіндіктер берген. Мысалға, медициналық мектептер болған; құрылыс өнеріне нақты шеберлілікке үйренуге болды. Философияға немесе басқа ғылымдардың түрлеріне дарыны бар адам өз талабын нақ солай қанағаттандыра алды.

Римде гректік гимнасияларға ұқсас түрлері болды. Гимнасиялар – риторикалық дайындық философия мен нақты ғылымдарды терең оқумен бірге жүретін арнаулы мектептер; Мұнда ритор мектебінен кейінгі ұлдар білімдерін жалғастырды.

ІХ ғасырда білім беретін жүйе қалыптасып бітті. Мектепте оқу циклі екі байланысушы кезеңдерден – тривиум мен квадривиумнан тұрды. Тривиум бастауыш сыныптарда оқытылатын үш негізгі пәндерді – грамматика, диалектика мен риториканы қамтыды. Квадривиум – арифметика, геометрия, астрономия мен музыка – жоғарғы сыныптарда оқытылды. Осы екі бөлік қосылып «жеті ерікті өнерді» құрады. Латын мектебін бітірушілер орта ғасырдың білімді адамдарының қатарын толықтырды.

 

 

 

 

 

 

5 Ежелгі Римнің  медицина тарихы

 

Римнің ежелгі жазу ескерткіштерінің  көбі жоғалған, олардың мазмұны туралы пікір тек ежелгі авторлардың шығармаларында кездеседі. Ежелгі Римде медицинанның дамуына ерекше көңіл аударды. Тит Лукреций Кардың 6 кітаптан тұратын «Табиғи заттар» трактаты сол уақыттағы энциклопедия және Рим халқының философия, медицина, табиғат білімі саласында алдыңғы көзқарастарды бейнелейді. Лукреций еңбегінде медицина сұрақтарына  біліктілікпен жақындайды. Өте ұсақ қозғаушы бөлшектер, атомдар, тірі организмнің ауыр құрылысы, бірте-бірте өсімдік және жануар әлемінің дамуы, организмдердің өзгешелігі және белгілердің мұрагерлікпен берілуі, организмдердің бейімделмей қырылып қалуы туралы ойын айтады. Кейбір ауруларға өте дәл сипаттама береді. Лукрецийдің алтыншы кітабында жұқпалы аурулар, олардың пайда болуы туралы баяндалады да аурудың пайда болу концепциясын ұсынылады. Ол су, тамақ және басқа заттар арқылы жұғу мүмкіншілігі бар екеніне назар аударады, өзіне айқын емес нұсқауларды белгілеу арқылы, инфекция туралы айтады.

Рим медицинасы туралы толық мағлұмат Авл Корнелий Цельс еңбегінде беріледі. Оқыған және бай адам Цельс өзіне аудармашыларды тартып, энциклопедиялық «Өнер» күнбезін құрды, осында әр түрлі білім саласындағы кітаптар болды. Еңбектердің едәуір бөлігі құрып кетіпті, бізге жеткені «Медицина туралы» деген атпен VI-XIII кітаптары. Онда гигиена, патология, терапия және хирургия білімдері туралы баяндалған. Цельс ежелгі гректер, александрлықтар және үнді дәрігерлерінің еңбектерін толық қарастырып талдап қорыттынды жасаған. Әсіресе Цельс хирургияға көп көңіл бөлген, өзі де дәрігерлік тәжрибемен айналысқан, құлдарды емдеген. Оның трактаты медицина терминологиясының дамуына өте маңызды табыс енгізді, ал шығармаларының тілі – классикалық. Плинийдің айтуы бойынша, бұл «алтын латын тіл» заманы.

Информация о работе Латын тилинин тарихы