Латын тилинин тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 13:05, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, дәстүрлі европалық біліммен қатар, Қазақстан мәдениеті мен менталитетін ескере отырып дамуда. Университеттік білім жүйесі студенттердің өз тілінен басқа латын және грек тілдерін тереңдетіп оқытуды жетілдіріп, пайдаланып отыр. Себебі орта ғасырлардағы еуропа ғылымының негізі осы тілдер болды және осы тілдер арқылы дамыды. Философия, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, сонымен қатар медицина, биология, химия, пәндері, Ертедегі Рим және Грек ғылымдарына негізделген және терминдеріне, түсініктемелеріне, анықтамаларына сүйенеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

К. С. Ислям латын тіліні- шы-у тарихы.doc

— 408.00 Кб (Скачать документ)

Кейіннен классикалық латын жазуы да бірқатар өзгерістерге ұшырады. Б.з.д І ғ. бастап У және Z тек грек тілінен шыққан сөздерде пайдаланылды. Антик кезеңінен кейін әріптерді жазбаша және қатармен бөлу пайда болды, сонымен қатар тыныс белгілер мен диакритикалық белгілер (әріптің үстінен немесе астынан қойылатын белгілер мағынасын анықтау үшін қолданылады). Б.з.д ХІ ғ. W әрпі, ал ХVI ғ.- J және U әріптері еңгізілді.

Латын тілінің бүкіл тарихы және ежелгі Рим тарихының ең бір ерекше және қызықты сұрақтарының бірі-Римнің мәдени ізбасарлары мен саяси бәсекелестер латындар мен этрускілердің қарым – қатынастары болған еді. Этрускілердің пайда болуы мен тілінің қалыптасуы, айтылып кеткендей, әлі күнге дейін анықталмаған. Этрус тілі жерортатеңіздік тіл тобына жатады (Оңтүстік Еуропа мен Жерорта теңізі аралдарындағы үндіеуропалық тіл қатары емес). Мүмкін, этрусс алфавиті грек алфавиті негізінде қалыптасқан. ХVIІІ ғ. этрус теориясындағы латын тілінің қалыптасуының теориясы пайда болды, бірақ этрус тілі жайында мәлімет өте аз болғандықтан (аз ғана жазбалар сақталған, олардың қазіргі таңда тек 150 сөзі ғана шешілген), оны анықтау мүмкін емес.

Этрускілер Римнің солтүстік батысында орналасқан Этрусияда мекендеген және олар жоғарғы мәдениетке ие болған ( ол жайлы этрус өнерінің ескерткіштері мәлім етеді). Римдікдер этрускілерден өнер (сонымен қатар әскер өнері),саяси мәдениет пен діни әдет – ғұрыпты қабылдапты. Б.з.д VIғ. этрускілер Римнің оңтүстігіне жылжуының нәтижесінде Тарквини этрусс династиясынан шыққан патшалардың қол астына енуіне тура келді. Ақырғы Тарквинидің қуылуы нәтижесінде (б.з.д 510 жылы, осы кезеңде Рим республика болып жарияланды) этрускілердің үстемдігі нашарлай бастады. V –VI ғ.ғ. олар толығымен саяси дербестігін жоғалтып, Римнің қол астына енеді. Біздің заманымыздың басында этрускілер толығымен романдалды, ал олардың тілі уақыт өте келе ұмытылды.

Этрускілерді күреспен жеңген уақыт Рим гегемониясының алғашқы кезеңі болды, б.з.д ІІІ ғ. бастап Римнің экономикалық және саяси жағдайы жоғарлай бастайды. ІІІ ғ. аяғында Орталық қала Лациум өз билік астына италиялық қалалармен аймақтарды біріктірді. Үш Пуни соғысы (ІІІ ғ.орт. –ІІ ғ. орт.) нәтижесінде римдіктер Батыс Жерорта теңізі мен Карфагенді өзінің мықты қарсыластарын жеңген. Б.з.д І ғ. аяғында Римнің қол астында бүкіл Жерорта теңізі, Испаниядан Грецияға, Азия мен Египетке дейін, қазіргі Франция территориясы, Англия мен Германиянің кейбір бөліктері және т.б жерлер енген. Кейінгі дәуірлерде империялық Рим мемлекеті жоғарғы билікке ие болды. Италиянің бірігуі нәтижесінде латын тілі римдік мемлекеттің ресми тіліне айналды. Әртүрлі халықтарға жататын және әртүрлі тілде сөйлейтін Италия аймақтарындағы тұрғындар римдік азаматтықты алып, өзінің біріккен  тұтас мәдениетінің бір бөлігі ретінде сезді.

Латын тілі  бүкіл Апенин түбегіне тараған, кейін тіпті Галия мен Испания халқымен қабылданып алынды.

 

2 Римдік құл иеленушілік республика

 

Римдік құл иеленушілік республика Жерорта теңізіндегі ірі мемлекеттердің бірі болды. Римдіктердің Италиядан тыс жаулап алынған жерлерді өз «провинцияларына» айналдырып, олардан салық жинады. Жаулап алушылық соғыстар арқасында нобилитет пен салт аттылар баи түсті.

Нобилитет дегеніміз – римдік ақсүйектер, ірі жер иеленушілерге айналған сенаторлық аристократия. Басқарушылық рөлге патрициандық таптар ие болған, бірақ жеке плебейлік таптар да алға шықты. Б.з.д. ІІ ғ. ортасында сенат тірегі болған нобилитет бүкіл елде басшылық етті. Нобилитет ішінде республиканың әртүрлі ішкі және сыртқы саясатына негізделген сұрақтарға келісе алмаған топтар арасында күрес жүріп жатты. Ақсүйек емес, бірақ бай жоғарғы плебс билігін құраған салт аттылар, әртүрлі төлемдерді, әсіресе провинциялардың салық төлемдерін өз қолына шоғырландырып алды. Сыртқы сауда мен өсім жүргізу іс-әрекеттер салт аттылардың қолында болды. Нобилитет пен салт аттылар римдік құлиеленуші қоғамның билеуші табы болды, олар провинцияларды тонап, көп құл санын пайдаланғанына қарамастан, олардың арасында келіспеушіліктер болып тұрды, соның нәтижесінде салт аттылар жиі антисенаттық коалицияларға қатысып отырды.

Рим экономикасының негізі болып ауылшаруашылық қала берді, бірақ ірі жериеленушілердің байып кетуінің нәтижесінде шаруалардың ойсырауына әкелді, яғни ауылшаруашылықтағы шаруалардың еркін еңбегі құл еңбегіне алмасу үрдісі жүзеге асырылды.

Екінші Пун соғысынан кейін Италияның көптеген жерлері ойрандатылып қалды. Теңіздің ар жағындағы римдік жорықтар да шаруалардың кедейленуіне әсерін тигізді, олар тек құлиеленушілерді ғана байытты.

Пун соғыстары кезеңі Рим республикасындағы құлиеленушілердің өсу кезеңі еді. Құлдардың саны күрт көбейіп кетті. Римдік әскерге қарсылық көрсеткен қала тұрғындары құлдарға айналды. Осылайша Карфаген, Коринф және тағы басқа көптеген қалалармен болған еді (Карфагеннің 50 мың тұрғыны, Сардинияның 80 мың тұрғыны құлға айналды).

Құл еңбегі еркін адамның еңбегінен әлдеқайда арзан еді. Құл еңбегін ірі ауылшаруашылығында, римдік латифундияда пайдалану тиімді болды, құлдардың көбі сонда шоғырланды. Мысалы: Сицилияның құнарлы жерлерінде жүз мыңдаған құлдар еңбек етті. Ауылдық құлдармен қатар қалалық құлдар: қолөнер құлдары және үй құлдары болды. Құлдар басты қаналушы тап болды, олардың арқасында тек римдік құлиеленушілер ғана емес, сонымен қатар экспроприацияланған римдік шаруалардың тұқымдары римдік люмпен-пролетариат та өмір сүрді.

Маркс еркін итальяндық шаруалардың экспроприациясының ерекшелігі «римдік пролетарий жалдамалы жұмысшы емес, жалқаулар» -деп айтқан.

Құлдар мен құлиеленуші арасындағы таптық күрес римдік құлиеленушілік қоғамның басты қайшылықтарының бірі болды. Құлдар мен құлиеленушілер арасындағы қайшылықтар тереңдеп, күшее түсудің салдарынан ашық көтеріліс формасына айналып, үнемі өсіп отырды.

Экспроприацияланған шаруалар мен құлиеленуші қоғамның билеуші таптары арасында да қайшылықтар өркендей түсті. «Римдік республикалық дағдысы кезінде еркін шаруалардан олардың жерлері тартылып алынып, олар кейін оңтүстік құлиеленуші штаттардағыдай «ақ кедейлер» табын құрды. Құлдар мен «ақ құлдар» өздерін бірдей босатып ала алмағандығының нәтижесінде ежелгі дүние құлдырады». «Ақ кедейлер» деп еркін, бірақ мүліктері жоқ римдік азаматтарды атаған. Ол жұмыс істемей, римдік құлиеленуші мемлекетінің арқасында өмір сүрген антикалық люмпен-пролетариат болды. Құлдардың үлкен көтерілістері кезеңдерінде «ақ кедейлер» уақытша көтерілісшілермен бір бағыттас болған еді.

Б.з.д ІІ ғ. екінші ширегінде құлдардың күресі қатал күреске айнала бастады. «Италияның сарқымас астық қоры» болып саналатын Сицилия қаласы ең бірінші күрестің майданына айналды. Үлкен латифундияларда жұмыс істеген көптеген құлдар осында шоғырланды. Өмір сүру жағдайлары өте қиын болды. Құлиеленушілер құлдардан қорқып, оларды шынжырда ұстады, таңба қойып, аямай жазалады және нашар тамақтандырып, киіндірмеді.

Б.з.д. 138 ж. Сириялық Евн атты құлдың басшылығымен көтеріліс басталып, оның орталығы Энна қаласы болды. Аралдың оңтүстік батыс бөлігінде де көтеріліс бұрқ ете түсті, көтерісшілердің басшысы киликиялық Клеон болды. Евн мен Клеон күштері қосылып, жалпы басшылық Евнның қолында болды. Көтерілген құлдар бірнеше римдік отрядтарды талқандады. Тавромений қаласы Энна қаласынан кейін көтерілісшілердің екінші саяси және әскери орталығына айналды. Евн патша болып жариаланды. Оның өз кеңесі болды, оған «ақыл - ойлары мәнді адамдар» енді. Құлиеленушілік сақталды, тек көтеріліске қатысқан жерлер ғана босатылды. Көтерісшілер шағын виллаларды, ондағы мүлікті, жем қорларын өртеген жоқ, сонымен қатар егіншілікпен айналысқандарға да қиямет көрсеткен жоқ.

Көтерілген құлдар күшті әскер құрып, бірнеше қалаларды басып алды. Римдік сенат консулдық армияны Сицилияға жіберуге мәжбүр болды. Ұзақ қоршаудың нәтижесінде римдіктер Тавромения мен Энна қаласын алды. Клеон шайқаста қаза тапты, ал Евн тұтқынға түсіп, абақтыда көз жұмды.

Сицилиядағы құлдар көтерілісі Италия, Греция және Жерорта теңізіндегі аралдарда көтерілістердің бастауы болды. Құлдардың құлиеленушілерге қарсы күресі қаруланған түрге айналып, күшейіп, құлиеленуші құрылымының ыдырау үрдісіне әкелді.

Римдік құлиеленуші мемлекетіндегі басты дамыған қайшылықтармен бірге еркін тұрғындар арасында да қайшылықтар өркендей бастады. Кедейленген шаруаларды нобилитет саясаты мүлдем қанағаттандырмады. Негізінен нобилитет арасында шаруалардың мүддесін қорғаушы адамдар болды, олар шаруаларды Римнің негізгі тірегі деп қарастырып, ыдырап кеткен және құлдық еңбекпен алмастырылған римдік шаруашылықтың қайта құрылуын талап етті.

Б.з.д. 134 ж. танымал плебей табының басшысы Тиберий Гракх халық трибуны болып сайланды, ол халық жиналысына қоғамдық жер қорын қарастыратын заңды жобасын ұсынды. Гракх жер пайдалануға шек қою, яғни ата-бабалардың істеріне қайта оралу үшін ескі аграрлық заңды қайта құру ұранымен жаңа заң жүргізбекші болды. Ондай шара заңды жобаның беделін көтерген еді. Осы заңды қорғауға түскен Гракх былай деген: «Италияда өмір сүретін жабайы аңдардың өз індері, апандары бар, ал Италия үшін күресіп қаза тапқандардың ауа мен жарықтан басқа еш нәрсесі жоқ. Олар үйсіз, үнемі тұратын жерлері жоқ, әйелдерімен, бала -шағаларымен қаңғырып жүреді. Қолбасшылар сарбаздарды өткен ұрпақтардың көрі мен күнбездері үшін жауға қарсы күресуге шақырып, алдайды. Себебі көптеген римдіктердің мехрабы да, көрі де болмаған. Оларды әмірші деп атағанмен олардың бір үзім өз жерлері де болмаған». Тиберий ұсынған заң жоба еркін римдік шаруашылықтың қайта құрылуына бағытталған еді. Заңды жобаның екінші бөлімінде артық мемлекеттік жерлерді бөліп, кедей азаматтарына мұрагерлікке таратып берілуі жайлы айтылған.

Сенаттың көпшілігі ірі жериеленушілер еді, олар заңды жобаға қарсы болды. Соған қарамастан Тиберий заңды жобаны сенаттан өткізді. Гракх заңы жүзеге асырыла бастады, бірақ нобилитет оған көнбеді. Өз араса шиеленіс басталып, соның нәтижесінде Тиберий Гракх қаза табады. Тиберий Гракхтың ісін оның інісі Гай Гракх жалғастырды. Ол 123 ші жылы халық трибуны болып сайланды. Гай кең демократиялық бағдарламаны жоспарлады, оның басты мәселесі аграрлық заң шығару еді. Ол римдік әскерге қатысты бірнеше заңды жобаны енгізді: легионерлердің жасауы үшін олардың жалақысынан ұсталынып жүрген салыққа тиым салды; 17 жасқа толмаған жасөспірімдерді әскери қызметке алуға тиым салды және т.б. Осы уақытта Гай құқықсыз италиктерге («одақтастар» және т.б.) азаматтық құқықтың берулуі жайлы заңды жобасын ұсынды. Бірақ осы заңды жоба жүзеге асырылмай қалды. Реакцияшыл күштер күшейді, келесі сайлауда Гракх трибун болып сайланбады.

Гай Гракх көтеріліс көтерді, бірақ римдік шаруалар біраз уақыттан кейін қозғалыстан бас тартып, ал италиктердің оған тірек болатын күші болмады. Осының нәтижесінде Гай және оның үш мың ізбасарлары қаза тапты, жалпы бүкіл қозғалыс сәтсіздікке ұшырады. Ескі құлиеленушілік тәртіптердің ыдырау үрдісінің тереңдігі соншалық Гракхтың кезіндегі  республика мен римдік шаруаларды қайта құру утопияға айналды. Шаруалардың пролетариаттануын ешқандай шаралармен тоқтату мүмкін емес еді. Бір айта кететін жай, осы кезеңде құлдар қозғалысы мен римдік-италийлік шаруалардың аграрлық қозғалысы римның негізгі саяси құрылысын дамытқан екі әртүрлі қозғалыстар болған.

Б.з.д. 104 ж. екінші сицилиялық құлдар қозғалысы басталды. Көтерісшілер 20 мың жаяу және 2 мың салт аттылардан тұратын әскер құрған. Римдіктер Сицилияда ірі күштерді шоғырландырып, құлдардың әскерін талқандады. Құлдар тағы жеңілді.

Б.з.д. І ғ. 90 ж. аяғында Италия территориясында одақтық соғыс басталды. Ол римдік азаматтықты алуға бағытталған италиктердің көтерілісі еді. Осыдан кейін шығыс провинцияларда да көтерілістер басталды. Римдегі ақсүйектермен демократтардың күресінің нәтижесінде консул Сулла (б.з.д. 82 ж.) диктатурасының орнауымен аяқталды. Римдік республикадағы қалған таптық күрес талантты қолбасшы және ұйымдастырушы Спартактың ең үлкен көтерілісіне де түрткі болды. 

 

3 Латын тілі

 

Ежелгі тілдер жайлы сөз қозғалғанда, ең алдымен еске латын мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: «неге римдіктер латын тілінде сөйледі?»-деген сұрақ пайда болады.

Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.

Дәстүрлі римдік аңыз бойынша, нақты осы Лацияда гректермен жаулап алынған Троядан қашқан Эней пана тапты, ал оның ұрпағы Ромулға Римнің бірінші патшасы және оның негізін қалаушы (б.з.д. 753 жылы) болуға тағдыр жазған екен.  Рим бірінші кезде тек Лация астанасы болды, өзінің экспансиялық саясаты арқылы бүкіл Италияны, ал кейін Жерорта теңізінің бассейнін жаулап алды, бүкіл Рим империясының астанасы болды, бірақ  бұрынғыша латындық деп аталды. Бұл тіл, басқа  тілдер сияқты, үлкен өзгерістерге ұшырады. Б.з.д. V-III ғасырларда латын тілі– Аппенин түбегінің көптеген тілдерінің ішіндегі жазба түрі бар тілдердің бірі болады. Б.з.д. IV-III ғасырларда ол Римнен тыс аймақтарға таралып, біртіндеп басқа тілдерді ығыстыра бастады, бұл б.з.д. I ғасырда жаулап алынған халықтардың ассимиляциясына әкелді. Бірінші латын жазба ескерткіштері - әртүрлі ыдыс-аяқтардағы және тастардағы жазулар, мадақтық әндер мен заңдар фрагменттері. Ғылымға белгілі ежелгі латын жазбалары б.з.д VII ғасырмен (күміс ыдыстағы жазулар) белгіленеді. Ең белгілі римдік жазу VII ғасырға жататын Римдік форумнан табылған тастағы жазу болып табылады. Небір сакральдік формуласы бар (ант немесе дұға) жазу ертедегі архаикалық әріптерімен жазылған, грек тіліне қарағанда унификацияланған, нәтижесінде, латын әдебиеттері пайда болғаннан кейін, жазулар латын жазуының ерекше түрі ретінде қала берді. Олардың мәні әртүрлі болуы мүмкін: бұл жасалған ерекшеліктері тізімдердегі мәзір тастарына жазылған жазулар, храмдағы рухани жазулар, қоғамдық ғимараттар мен ескерткіштердегі ресми мәнді жазулар, тұрмыс заттарындағы жазулар, қабырғаларда жазылған өлеңдер және т.б. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық әртүрлі дәуірдің латын жазбалары белгілі. Олар ежелгі фольклор, әдебиет шағармалардағы өлеңдер, дұғалар және әнұрандар. Римдік фольклор халықтың ауызша өнерінің бүкіл түрін біріктірді. Біз мұнда өлеңдерді, жоқтауларды, діни әнұрандар мен дұғаларды табамыз және де қалжың өлеңдер, пародиялық және мәнді өлеңдер кең тарағанын байқаймыз. Ел кезіп жүретін актерлер қолма - қол ойлап табылған көріністерді ұйымдастыратын. Әдеби тілдің тарихы тек б.з.д. 240 жылы ғана басталады, ол Римде әскери тұтқындар қатарында болған грек Андрониктің есімімен байланысты (құлдықтан босағаннан кейін ол Тит Ливий Андроник есімін алады).Ол алғаш рет Римде грек шығармаларын өңдеп, латын тілінде трагедия мен комедияны қойған, сонымен бірге Рим поэзиясының негізін салып, «Одиссеяны» аударған.  

Информация о работе Латын тилинин тарихы