Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 13:05, реферат
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, дәстүрлі европалық біліммен қатар, Қазақстан мәдениеті мен менталитетін ескере отырып дамуда. Университеттік білім жүйесі студенттердің өз тілінен басқа латын және грек тілдерін тереңдетіп оқытуды жетілдіріп, пайдаланып отыр. Себебі орта ғасырлардағы еуропа ғылымының негізі осы тілдер болды және осы тілдер арқылы дамыды. Философия, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, сонымен қатар медицина, биология, химия, пәндері, Ертедегі Рим және Грек ғылымдарына негізделген және терминдеріне, түсініктемелеріне, анықтамаларына сүйенеді.
Некелік одақ ерлі-зайыптылардың біреуінің қазасымен, олардың біреуінің еркіндігінен айырылуымен, айырылысумен тоқталды. Классикалық кезеңде айырылысу еркін түрде болды және ерлі-зайыптылардың екеуінің келісімімен (divortium) сияқты некелік өмірден бас тартудан бір жақты арыз арқылы да (pepudium ) жол берілді. Шексіз монархия кезеңінде айырылысудың маңызды шектеулері қалыптастырылды. Юстиниан ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімімен айырылысуына тыйым салды. Айырылысу туралы бір жақты талаптар мынадай жағдайда қабылданды: егер де ерлі-зайыптылардың біреуі екіншісін өлтіруге қол жұмсаса немесе басқа да кінәлі әрекет еткен жағдайда ерлі-зайыптылардың біреуінің күнәсінсіз де, егер де кешірімді себеп болса айырылысуға жол берілді; мысалға, жыныстық өмірге қабілетсіз болса; шіркеудің ықпалымен тақуалық жолға кетсе; Ерлі-зайыптылардың бір жақты айырылысуы кешірімді себепсіз болса, оған айыппұл салынды, бірақ неке тоқталды деп есептелінді.
Cum manu mariti некесі тұсында әйелі
күйеуінің билігінің астына
Sine manu некесі тұсында әйелі өз әкесінің билік астында болды, яғни бұрынғы отбасының құрамында қалды, ал егер некеге дейін әйелі дербес болса, онда некеге тұрғаннан кейін де сол қалпы сақталды. Бірақ некесінде де ерінің басшылығы көрінді. Әйелі ерінің аты мен сословиелік жағдайын иеленді. Күйеуінің тұрған жері әйелі үшін де тұрғын жер болуға міндетті болды; күйеуі арыз тәртібімен әйелін иеленген үшінші жақтан талап ете алды; т.б. Ерлі-зайыптылардың екеуі де бір-біріне құрметпен қарауға міндетті болды; ерлі-зайыптылардың біреуіне көз салу ренжіген жаққа айырылысуға негіз берді, жасауын қайтарып алу туралы сұрақ оның үлесіне орай шешілді; көзіне шөп салушылық нәтижесі күйеуіне қарағанда, әйеліне қиынырақ соқты.
Cum manu некесі тұсында әйелінің бүкіл мүлігі күйеуінің некеге дейінгі мүлігімен қосылып, күйеуінің толық меншігіне өтті. Тіпті ажырасқан жағдайда да әйелімен келген мүлік оған қайтарылмады. Әйелі тек күйеуі өлген жағдайда мұралық ету тәртібімен аталған үлесті ғана алды.
Sine manu некесі тұсында
ерлі-зайыптылардың мүліктері
Sine manu некесінде тұрған
әйелінің ие болған мүліктері
де солай өзінің жеке мүлігі
болып табылды. Егер қандай да
бір мүлікке қатысты ерлі-
Бұл термин жанұялық өмірдің материалдық қиындықтарын жеңілдету үшін үй иесі немесе үшінші жақ берген әйелінің күйеуге шыққандағы берілетін заттары немесе мүліктің бір бөлігі. Ежелгі республикалық кезеңде некелер ылғи да cum manu тұрғыда болғанда, жасаудың арнайы құқықтық жағдайының өлшемі болған жоқ. Сол себепті бұл сұрақ бойынша ерекше келісім болмаса, әйелімен әкелінген қалған барлық мүлігінен бөлінбей, күйеуінің меншігіне толық түрде өтті.
Sine manu некесінде тұрғанда
күйеуіне берілетін мүлік
Классикалық кезеңде (біздің заманымыздың алғашқы үш ғасыры) жасау арнайы келісімге ие болды. Бүкіл неке бойында жасау күйеуінің меншігінде болды, ол бұл мүлікті пайдалануға құқығы болды.Алайда Августтың заңы бойынша егер әйелі келісім бермесе, жасауға келген жер учаскелерінің күйеуінің өз меншігіне алуына тыйым салынды. Неке тыйылған жағдайда жасау қайтарылып берілді. Егер неке құру барысында бұл мәселе бойынша арнайы келісімге отырған болса, жасауды қайтарып алу жөнінде осы негізге қарап, арнайы талап қойылды. Әдетте әйелінің мұрагерлігіне де өтетін жасауды қайтару туралы келісіміне талап қойылды. Егер арнайы келісім болмағанда, претор әйеліне aetio rei uxoriae талабын береді.(ол әйеліне ғана берілді, оның мұрагерлеріне берілген жоқ.Егер әйелінің өліміне байланысты неке тоқталса, жасау күйеуінде қалды); жасауды қайтара отырып, күйеуінің оның тұсында қалған балаларды ұстау үшін бір үлесін алып қалуға, егер айырылысуда әйелі кінәлі болса, мүлік шығыны ретінде айыппұл алуға құқығы болды.
Юстиниан тұсында жасауды қайтару туралы ереже екі аталған талаптардың бірігуі жолы бойынша жеңілдендірілді. Жасауды қайтарып беру туралы келісім болса да-болмаса да, әйелі мен оның мұрагерлері енді алды, яғни жасау толық күйінде қайтарылды, бірақ күйеу жағынан қажетті шығындырды орнын толтырған жағдайда есептелінді.
Император кезеңде күйеуі жасау ала отырып, өз жағынын әйелінің пайдасына сыйлық формасы ретінде отбасылық мүлікке сәйкес келуші үлес қосу керек болды. Алғашқы кезде бұл сый-сыяпат некеге дейін берілді. (себебі ерлі-зайыптылар арасында сыйлық беруге тыйым салынды). Сондықтан неке алдындағы сый деп аталды (donation ante nuptias). Юстиниан бұл сыйды неке тұсында да беруге рұқсат бергендіктен, оны donation propter nuptias (неке түріндегі сый) деп атады. Көлемі бойынша бұл мүлік жасаудың көлеміне сәйкес келді. Неке кезінде бұл күйеуінің меншігі мен басқаруында болды; некені бұзу жағдайында,егер күйеуі кінәлі болса, мүлік әйеліне өтті. Келіссөзде әдетте күйеуінің өлімі жағдайында да әйелінің бұл мүлікті беруін талап етуге құқығы болды.
Гай әкелік билік институтын ius proprium civium romanorum (Рим азаматтарының қатаң ұлттық институты) деп атап және: «Өз балаларының үстінен біз, яғни Рим азаматтары сияқты билік жүргізетін тағы да басқа адамдар жоқ шығар», - деп қосады.
Өзара жеке тұлға ретінде (persona sui iuris) тек әке ғана болды; ұлдары мен қыздары (personae alieni iuris ) бөтен құқықты тұлғалар деп есептелінді. Билік астындағы ұлы libertas және civitas иеленді; жұртшылық құқық аумағында (егер ол ересек болса) ол әкесімен қатар тұрды, азаматтық міндеттерді иелене алды (тек сенатор бола алмады), дегенмен семьяда ол толық түрде әке билігіне бағынады, тіпті жасына қарамайды, ол некеде болса да, мүмкін өз балалары болса да әкесіне бағынышты болды. Балаларының үстінен билік ету ата-анасының екеуіне бірдей емес, тек әкесіне ғана жатты.Әкелік билік берілген ата-анасынан заңды некеде туған ұлының немесе қызының тууымен, сондай-ақ оларды заңды түрде бауырына басып, асырап алған жағдайда пайда болды. Күйеудегі әйелден туған әрбір бала оның күйеуінің де баласы болып есептелді, егер де кері жағы дәлелденбеген болса. Әкелік билік конкубинаттан балаларды заңдастыру жолымен де қалыптаса алды. Заңдастыру некелік жолмен емес туған балаларды заңды деп мойындау болып табылады. Заңдастыру мынадай жағдайда болды: а) заңсыз баланың ата-аналары қайтадан некеге тұрған кезде; б) сәйкес келуші императорлық рескрипті алу жолымен; в) ұлын муниципалдық кеңес (курия) мүшесіне қосу жолымен, ал қызын муниципалды сенат мүшесіне күйеуге беру жолымен.
Берілген ата-аналардан, бірақ некесіз жағдайда туған балаларға заңдылық жағдайды берген заңдастырудан айырмашылығы-асырап алуда әкелік билік бөтен тұлғаға жүргендігі.
Асырап алудың екі түрі болды:егер әкелік билікте болмаған тұлға асырап алынса(persona sui iuris), ол arrogatio деп аталды; ал екіншісі егер әкелік билікте болған тұлғаға қатысты асырап алу жүргізілсе (persona alieni iuris), ол adoptio деп аталды.
Юстиниан құқығы бойынша arrogatio ол үшін императорлық рескрипт алу жолымен жүргізілді; adoptio - асырап алушының бұрынғы иесімен асырап алатын тұлғаның қатысуымен асырап алушымен келісімінің сот хаттамасына (apud acta) енгізілуі жолымен жүрді.
Асырап алуға қажетті жағдайлар:
a) асырап алуға тек тәртіп бойынша ер адам ғана мүдделі (әйелге рұқсат берілген жоқ);
б) асырап алушы біреуге бағынышты болмау керек (persona sui iuris болу керек);
в) асырап алушы асырап алатын тұлғадан жасы ең кем дегенде 18 жасқа үлкен болу керек (Рим заңгерлерінің айтуынша,«асрап алу табиғатқа еліктейді» adoption naturam imitatur). Аррогация қатынасында тағы да асырап алынатын тұлға мүддесіне асырап алушылық қайшы келмес үшін магистрат істің жағдайына зерттеу жүргізеді.
Arrogatio нәтижесінде өзара
жеке тұлға әкелік биліке
Ата-аналар мен балалардың қарым-қатнасы Рим тарихының әр түрлі кезеңдерінде алуан түрлі болды. Ежелгі уақыттарда әкесі өз балаларына қатынасында өмір сүру және өлу құқығын, балаларын сату құқығын т.с.с. иеленді. Уақыт өте келе бұл қатаң билік жұмсарды. Соңында әкелік билік балаларын жазалауға,үй шараларын қолдану құқығына, балаларының ата-аналарына құрмет көрсету міндетіне құқылы болды, ал балалары ата-аналарына арыздана алмады, ата-аналарының рұқсатынсыз некеге тұра алмады.
Ата-аналары мен балалары қажеттілік жағдайда бір-біріне алимент төлеуге міндетті болды.
Әкесі өзінің билік астындағысын ұстап тұрған кез келген үшінші тұлғаға қарсы талап қоя алды (filii vindicatio).
Бағынышты ұлы commercium иеленді; яғни мүлік мәмілесін жүргізе алды. Бірақ, бұл commercium жүргізгенде түскен пайданың бәрі әкесінің мүлігіне түседі; қалыптасқан римдік тәртіп бойынша бағынышты «өзінің ештеңесін иелене алмайды», алайда бағыныштының мәмәлелері бойынша міндетті болып ол өзі мойындалды, -республикалық кезеңде бағынышты ешқандай жеке мүлікке ие болған жоқ. Бағыныштының заңды бұзған жағдайында, жәбір көруші ерекше (құлдық тәртіп бұзғаны жағдайында сияқты) aetio noxalis ерекше талабы берілді (noxae dedere сөзінен зиянның орнын толтыру үшін басымен жауап беру); Әкесіне жәбір көрушіге зиян келтірген соманы төлеу немесе бағыныштысын жәбір көрушіге келтірген зиянның сомасын жұмыс істеп жабуға қажетті мерзімге беруге құқықты болды,егер тәртіп бұзушы басқа иесінің билігіне өтсе, онда aetio noxalis бойынша жауапкершілік жаңа иесіне көшті.
Сауданың дамуымен, шаруашылықтың жандануымен мұндай жағдай иесінің өзі үшін қолайсыз болды.
Бағыныштыдан жаза белгілеуге мүмкін болмауы, бағыныштының мәмілелері бойынша иесінің заңды жауапкерсіздігі үшінші тұлғаның бағыныштылармен мәмілеге тұруға қарсылығын туғызды. Иесінің шаруашылық мүддесі бағыныштыларын (құлдарды сияқты) тек шаруашылықта әр түрлі қызметтер мен жұмыстарды жүргізуді ғана емес, сондай-ақ заңды қимылдарды жүргізуді талап етті. Бұл шаруашылық негізде, бір жағынан бағыныштының мүліктік, құқықтық қабілеті мен іс-әрекетке қабілеттілігі кеңейсе, екінші жағынан бағыныштылардың мәмілелері бойынша үй иесінің жауапкершілігі мойындалады.
Римде бағынышты ұлына және құлына да өзінің жеке дара басқаруына тең мүлік бөлу әдетке кіргені жоғарыда айтылды(мал, ауыл шаруашылық жер бөлігі т.с.с.). Мұндай мүлік peculium деп аталды. Мұндай жағдайда құлдық пекулия қатынастар бойынша қалыптасты. Бағыныштымен мәмілеге тұрған үшінші тұлғалар құлдардың мәмілелерінен берілетін сияқты үй иесіне қосымша талаптар қойды.
Пекулии – бағыныштыға тек басқаруға және пайдалануға берілетін мүлік; пекулии меншігі үй иесі болып қалды. Бағыныштының өлімі жағдайында пекулии оның барлық мүлкімен қатар оның мұрагерлеріне өтеді. Егер бағынышты ұлы әкесінің билігінен босатылып және әкесі пекулиидің қайтарылуын талап етпесе, пекулии ұлында сый ретінде қалады.
Бағыныштыға пекулии бөлумен байланысты кейбір басқа өзгерістер болды. Жанұя ішінде, үй иесі мен бағынышты арасында не бір үй иесінің қол астындағы бағыныштылар арасында қандай да бір міндеттерге жол бермеу ежелгі римдік отбасылық құқықтың жалпы принципі болды.
Бағыныштыға пекулии бөлу тәжірибесі мен сол бір жанұяның мүшелеріне байланысты міндетті қатынастарды құру мүмкіндігі мойындалды, бірақ бұл міндеттер талаптық қорғаныспен емес, тек «табиғилықпен» қамтамасыз етілді.
Уақыт өте келе пекулидің аталған түрімен бірге (peculium profectium деп аталатын әкесінен түсетін) бағыныштылардың мүліктік жеке әрекетін кеңейтуші және оларды азаматтық айналымды нағыз қатысушылары пекулидің басқа түрлері де шықты. Принципат басында peculium castrense (әскери пекулии) пайда болды, яғни ұлы әскри қызметте немесе әскери қызмет себебімен алатын мүлік (төлем ақы, әскери олжа, әскери қызметке түсуде берілетін сыйлықтар және т.б.). Әскери пекулии бағыныштының басқаруында ғана емес, сонымен бірге жеке меншік құқығында да жатты, олай болса да, бір шектеу болды: егер бағынышты қайтыс болса, оған қатысты әскери пекулииді бөлуде аманат қалдырмаған жағдайда, бұл мүлік жай пекули сияқты негіздерде үй иесіне түсті.
Б.з.д. ІҮ ғасырдың басында
әскери пекулидің құқықтық