Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 13:05, реферат
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, дәстүрлі европалық біліммен қатар, Қазақстан мәдениеті мен менталитетін ескере отырып дамуда. Университеттік білім жүйесі студенттердің өз тілінен басқа латын және грек тілдерін тереңдетіп оқытуды жетілдіріп, пайдаланып отыр. Себебі орта ғасырлардағы еуропа ғылымының негізі осы тілдер болды және осы тілдер арқылы дамыды. Философия, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, сонымен қатар медицина, биология, химия, пәндері, Ертедегі Рим және Грек ғылымдарына негізделген және терминдеріне, түсініктемелеріне, анықтамаларына сүйенеді.
Біздің заманымыздың басында Рим мемлекеті үлкен жерге ие болды, сондықтан романизация басталды. Үшінші кезеңнің ерекшелігі - әдеби және халық сөйлеу тілдерінің бір-бірінен айырылуы. Бұл жүйе Рим аймақтарында ерте басталды. Мысалы, Солтүстік Африкада б.з. I-II ғасырларында латын тілінде сөйлеу бөлек қалыптасты. Библия латын тіліне аударылып «Вульгата» деп аталды.
Үлкен жерлердің басып алынуы 400 жылдай болды, бұл уақытта сөйлеу латын тілі көптеген өзгерістерге ұшырады. Сондықтан бұл кезеңнің тілін – ережеге сай жатпайды деп атауға болады.
Әрбір тіл даму барысында көптеген өзгерістерге ұшырайды (роман тілдерінде айқын көрініп тұр). Қорытындылай келсек, онда –ае «ай» деп айтылды, ал «ц» әріпінен кейін –і немесе –ае болса, онда «к» деп оқылды. Мысалы, «Цицерон» - «Кикеро», ал «Цезарь» - «Кайсар» деп оқылды. Бірақ классика нормасымен қатар қарапайым сөйлеу тілі де болды.
Уақыт келе жата классикалық латын тілінде қарапайым халық сөйлескен жоқ. Ол «өлі тіл» деп аталды. «Дұрыс» айтылуы да ұмытылды. «Өлі тіл» жоғалған жоқ, оны әдебиетте, ғылымда, философияда қолданды.
Сонымен қатар мектеп және университет білімі латын тілінің қолданумен салынды. Классикалық латынның грамматикасы, стилистикасы және үлгісі, ал соңғы латын тілінен – айтылуы қалды.
Классикалық білім салт – дәстүрі негізгі орын алады. XIX ғасырда Ресейде бір қатар классикалық гимназиялар болды, оқуы Еуропаға ұқсады.
Жоғарыда айтылғанға қайта оралсақ – «Кикеро» немесе «Цицеро» деп үзілді кесілді – бір келкі жауап беруге болмайды. Латын тілінің дамуы ұзақ және қиын болды, сол себепті бір жақты жауап беруге болмайды. Гимназияда халық қолданған латын тілін қолданды. Ал классикалық тілмен көбіне тек филологтар жұмыс істейді.
16 Латын тілі – ұлы ақындардың тілі
Әлем мәдениетінде латын поэзиясы үлкен орын алады.Ұлы латын ақындардың шығармалары мәдениеттің негізі болды. Гуманитарлық білімнің шарты - латын поэзиясын білу. Латын поэзиясының гүлденуі - б.з.б. I ғасыр. I ғасырдағы Лукреция және Катулл ақындарының шығармалары түгелдей бізге жетті.
Тит Лукреции Кар (б.з.б. 96-55 жылдарда өмір сүрген) «Табиғат заттары туралы» философиялық дастанның авторы. Дастанның тілі өте бай. Лукрецияға Энний стилистикасы үлгі болды, ол өз уақытында дидактикалық дастандарды жазды.
Гай Валерий Катулл (б.з.б. 87-54 жылдары өмір сүрген) лирикалық бағыттың ақыны. Катуллдың 116 өлеңі бір жинаққа жиналды. Катулл әр уақытта сүйікті ақын боп қала берді. Оның белгілі жолы «Odi et amo» («Жек көремін және сүйемін») мақал-мәтелге айналды.
Ең атақты рим ақындары – Вергилий, Горации және Овидий болды.
Публий Вергилий Марон (б.з.б. 70-19 жылдары өмір сүрген), ол эпос жанрының ірі уәкілі болды. Оның шығармалары «Буколики» немесе «Эклоги». Ең басты шығармасы - «Энеида», ұлттық рим эпосына айналды. Осынан біз белгілі жолдар табамыз: «Сенің, римдық борышың – бүкіл халықтарды билеу! Міне өнерің сенің: әлем құқығын жазу, берілгендерді аяу ...». Ол ұлы Еуропа ақындарына үлгі болды.
Квинт Гораций Флокк (б.з.б.65-2 жылдары өмір сүрген) лиро-эпостық және сатира жанрының уәкілі. Гораций Еуропа мәдениетінің классикалық ақыны болды - өмірдің ұстазы.
Публий Овидий Назон (б.з.б.43ж.-б.з.18ж.) элегия және эпос жанрының уәкілі. Овидий махаббат лирикасы туралы элегия жинағын және монументалдық поэмалар жазды. Латын поэзиясының әлемі өте бай. Лукреция, Катуллдан кейін Лукона, Перана, Стация, Марциала аттары шықты.
17 Рим риторикасы
Антикалықтар ең жоғары деп сөзді бағалады. Антикалық жазушылар мен философтардың пікірінше тек сөз ғана еркін және білімді адамның табиғи ақыл –есін, қабілетін басқа адамдардың және өзінің алдында аша алады. Сөз - ол адамдардың дұрыс сөз құрастыруын, және өз ойын дұрыс құрастырып сыртқа жеткізуінің жалғыз жолы. Сондықтан барлық антикалық сонымен қатар, римдік білім сөз арқылы құрылып, соған бағынды және қандай да арнайы ғалым болған адамдарды жан-жақты дамытты.
Көне дәуірде көбінесе сөзді құрметтеді. Сөйлесудің жоғарғы формасы – риторика. Көне әлемнің адамдары жазылғанды дауыстап оқыды, іштей көзбен ешкім оқыған жоқ. IV ғасырда «ақырын» оқу сирек кездесті. Атақты христиан, жазушы Августин өзінің досы, белгілі жазушы, христиан Амвросия Медиоланның көзімен оқығанны айтып танырқайды.
Риторика өнері көне білімнің жоғарғы баспалдағы болды. Риторика оқуының 3 басты қайнары болды, олар табиғи дарындылық, теориялық білім және тәжрибелік жаттығулар. Білім риторикасының 3 негізгі дерегі олар: табиғи дарындылық, өзіндік теориялық білім, және тәжрибелік жаттығу. Сөз қорғау және дайындықтың 5 кезеңі саналады: материал табу (inventio) , оның дұрыс құрылымы (dispositio), оған сөз шығаруының қатысуы (elocutio) , жаттау немесе еске сақтау және сыртқа жеткізу (actio).
Римдік формалдық топтаудың 3 риторикалық түрі: 1) Салтанатты сөз, мерекелік жиындарда, мақтау кезінде қолданылатын сөздер (genus demonstrativum). 2) Кеңестік және саяси сөз, мемлекеттік лауазымдарға қатысты (genus delibirativum). 3) Соттық сөз , айыптаушы мен қорғаушыға өздерінің позицияларына қатысты сөздер (genius judicile). Римнің риторикасы гректерге де қатысты болды. Грецияның ең атақты ораторы Демосфен саналды. Александр Македонскийдің және Аристотельдің риторика жөнінде арнайы трактаты жазылған. ІІІ ғ. аяғында гректік білім жүйе және шешендік сөйлеу Римге келе бастады. II ғасырда грек риторикасы Римде қалыптасты. 161 жылы Римнен барлық грек-риторика оқытушылары шығарылды. Бірақ ІІ ғ. 2 жартысында Грецияға қосылған соң, гректік риторика Римда дамыды, және Демосфенге римдік әріптес пайда болды, ол Марк Тулий Цицерон (б.з.б. 106 – 43 жылдарда өмір сүрген) оратор, жазушы және саяси қайраткер. Цицерон бала кезінен данышпан, тіл байлығы керемет, шешен болған. Тіпті бала кезінде ерекшеленіп көзге түскен. Ол қандай да болған жерде ғажап шешендігімен кез- келген жанды тамсандырған. Оның арнайы риторикалық шығармалары қалған, мысалы: «Оратор», «Брут», «Ораторлар туралы» және т.б.
Тағы бір римдік риторика өнерінің өкілі Марк Фабий Квинтилиан (б.з.35-100жылдары өмір сүрген) баланы кіші кезден бастап шешендікке үйрету керектігі жайында жазған. Оның «Шешендікке баулу» («Наставление оратору») атты еңбегі сақталған, ол тек теориялық жағынан ғана емес, сонымен қатар педагогикалық жағынан бағалы. Квинтилианның еңбектері Қайта құру дәуірінде жоғары бағаланды.
18 Рим құқығының тілі
Римдіктер «әлемді 3 рет бағындырды». Бірінші рет – легиондармен, екінші – христиан дінімен, үшінші – құқықпен.
Құқық және заң ғылымы саласында римдіктер гректерден озып кетті. Грецияда заң ғылымы биік сатыға жеткен жоқ, ал осы ғылым саласында Рим жоғарғы сатыға көтерілді.
Заң жүйелері Орта және Жаңа уақыт уәкілдеріне үлкен әсерін тигізді. Еуропадағы құқық жүйелері Римнен әкелініп, тараған. Еуропа университеттерінде әлі күнге дейін рим құқығы өте құрметті және зерттеулі білім саласы боп қалуда.
Рим құқығының тарихы XII кестелі заңнан басталады. Олар 12 ағаш тақтайшыға жазылған, сондықтан XII кестелі заң деп аталады.
Рим құқығынының жүйесі республиканың соңында қалыптасты. Ол екі түрге бөлінеді – жалпы немесе мемлекеттік (jus publicium) және азаматтық құқық (jus privatum).
Рим құқығының дамуы екі кезеңнен тұрды: ерте кезең (б.з.б. III ғасырда) – ұлттық рим құқығының кезеңі.
Рим құқығының гүлденуі - республиканың соңына және империя дәуіріне жатады.
Рим заңына үлкен үлес рим заңгерлері қосты. Ең басында олар ақылшы сияқты жұмыс істеді. Рим азаматы маңызды іс жасау алдында, біріншіден заңгерге барды. Қағаздарды жасау, толтыру үшін арнаулы білім керек болды.
Цицеронның айтуы бойынша, заңгердің қызметі үш түрге бөлінеді:
- әр түрлі заң мәліметтерін өңдеу;
- ауыр сұрақтарға кеңес беру;
- процессуалдық мінездің кеңесі.
Заңгерлермен өңделген түрлері және анықтамалары өнердің
сатысына жетті. Рим заңгерлері өз қызметіне өнерге сияқты қарады. III ғасырдың соңында заңгершілік абыздар өнерінің құпиясынан шығып кетті. Олардың орнын заңгерлер алды.
Республиканың ірі кеңесшісі Квинт Люций Сцевола заң мектебінде оқытып, құқық туралы 18 кітап жазды. Оның оқушысы Цицерон болды. Б.з. II ғасырында заңгер Клавдий Сатурнин соттаушылардың көмегіне 7 пункт шығарды:
- қылмыстың себебі
- қылмыскердің даралығы немесе жәбірленушінің даралығы
- орыны
- уақыты
- сапасы
- мөлшері
- нәтижесі
Принципаттың кезеңінде екі мектеп құрылды: прокулиандық (негізін салушы Прокул) және сабиндық (негізін салушы Сабин) Бірінші мектептің өкілі – Лабеон, екіншісінің өкілі – Капитон. Б.з.III ғасырдың соңында екі мектептің өзгешеліктері жойылды. Заңгерлердің қызметінің даму шыңы I-III ғасырға келеді.
Юлиан үлкен зерттеу жұмыстарын өткізді. Оның теориялық өңдеулері екі құқықтың бірігуіне негіз болды. Юлианмен құрастырылған жинақта 90-ға жуық кітап кіреді, «бір қалыпты эдикт» атауын алды. Кітаптың көбі азамат құқығының күмбезіне кірді.
Атақты Ульпиан берілген мәселеге 100-ден аса жұмыстар жазды, атақты оның оқушысы Мадестин алды.
Белгілі ғалымдар рим құқығының классиктері, сирек соттарда сөйледі, заң тәжрибесімен айналысқан жоқ. Бірақ, көбі маңызды мемлекеттік қызметте отырды.
«Дигесты» - рим заңының жинағы, император Юстинианның қолдауымен құрылған. Онда 40 шақты белгілі заңгерлердің 2 мыңға жуық шығармасы болды. Ең атақты рим заңгерлері Папиниан, Павел, Гай, Ульпиан, Модестин (2 – 3 ғасырлар).
19 Латын тілі – ғылым тілі
Ғылым саласында, римдіктер гректердің оқушылары болды. Басында Рим ғылымы ұлттық құқықпен және риторикамен шектелді. Рим ғылымының басты мақсаты өмірде күнделікті қажет салаларды –емдеуді, ауылшаруашылығын, саясатты, соғыс өнерін және т.б. – жүиелеу болды.Ежелгі рим ғылымы энциклопедия түрінде жазылып дамыды. Біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырдың соңында ғана рим ғылымы тереңдетіліп зерттеле бастады. Әрине бұған басты себепкер болған грек мәдениеті.
Рим жаратылыстану патриархы Марк Порций Катон (б.з.б. 234-149 жылдары өмір сүрген) болды. Оның басты еңбектері ауыл шаруашылық, медицина, риторика, әскери іс туралы. Барлық еңбктерін өзінің ұлына арнау оқулық түрінде жазған. Осыдан тек «Ауыл шаруашылығы туралы» трактаты сақталған.
Грек ғылымы қатты әсер еткен ғалым Марк Теренций Варрон (б.з.б.116-27жылдары өмір сүрген) атақты рим энциклопедисы. Ең белгілі Варронның трактатында рим тарихы, мәдениеті және діні туралы жазылған. Атақты еңбектерінің бірі – «Божественные и человеческие древности» деп аталатын трактат, бірақ толық сақталмаған тек қана кейбір үзінділері біздің заманымызға жеткен. Варонның «Ауылшаруашылығы жөнінде» деген трактаты және мағанасы зор «Латын тілі жөнінде» атты филологиялық шығармасы сақталған.
Империя дәуіріндегі жаратылыстану б.з. I ғасырында Цельс, Сенека, Плиний еңбектерінде дамыды. Авл Корнелий Цельс «Өнер» деген энциклопедияны жазды, негізінен бұл энциклопедияның медицина тарауы сақталып біздің заманымызға жеткен.
Луций Анней Сенека (б.з.б 4 – б.з.65 өмір сүрген) - атақты философ, жазушы және драматург, жаратылыстануға қызығушылықты білдірді. Сенеканың шығармасы «Жаратылыс ғылымы сұрақтары», ауа-райының және табиғаттың құбылыстарына ғылыми сараптамалар беріп, сипаттаған жұмысы бізге жеткен.
Ең белгілі шығармалардың бірі - «Жаратылыс тарихы» Плиний Үлкенмен (23-79 жылдары өмір сүрген) жазылған. Онда рим жаратылыстанудың салт дәстүрлері жайында бірнеше жылғы жинақтаған еңбектері кіреді. Бұл энциклопедияға 400 аса әдеби шығармалар мен қатар ғалымның өз зертеу-бақылаулары кірген. Мазмұн тақырыбы да жан-жақты, мұнда геология, география, зоология, ботаника, медицина, өнер және т.т. қамтылған.
Латын авторлары ғылымда екінші боп қала берді, ал тарих саласында оларды гректермен салыстыруға болады. Ең атақты латын тарихшылары - Тит Ливий, Тацит және Светоний.
Тит Ливийдің (б.з.б.59 - б.з.17 өмір сүрген) ең белгілі еңбегі «Рим тарихы».
Корнелий Тацитта (б.з.55 - б.з.120 өмір сүрген) «Анналы» және «Тарих» (Рим императорлары туралы жазылған) еңбектері сақталған. Тациттың әдебиеті үлгі ретінде болды.
Гай Светоний (б.з.70-б.з.140 өмір сүрген) «12 цезардың өмірі» деген өмірбаяндық шығарма қалдырды.
20 Тілдің жаңа өмірі
Христиан латын тілінің белгілі уәкілдері: II-V ғасырларда Тертуллиан, Лактанций, Иероний және Августин болды.
Квинт Септимий Флорент Тертуллиан (160-220) христиан әдебиетінің тарихында атақты автор болды. Тертуллиан - әлемдік көлемдегі жазушы. Өзінің ойымен және стилімен ерекшеленген. Тілі бай, бірақ Солтүстік Африкада туып өскендіктен қарапайым халық тілін көп қолданған, яғни классикалық тілді қолданбаған.
Ал Цецилий Фирмиан Лактанций (III-IV ғасырлар) болса керісінше дұрыс классикалық тілмен жазған. Кезінде император Константинныңсарайында тәрбиеші қызметін атқарған. Ол христиандыққа мемлекеттік діннің статусын берді. Қайта өрлеу дәуірінің гуманистері Лактанцииді «екінші Цицерон» деп атады.
Сафроний Евсевий Иероним (347-420)- өз уақытының білімді адамы. Иероним Библияны латын тіліне аударды («Вульгата»), оны католик шіркеуінде қолданды.
Аврелий Августин (354-430) – патристика христиан дәуірінің авторы. Ойшыл боп еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер тигізді. Августинның тілі классикалық түрде дұрыс және ұғынықты.
Біздің заманымыздың басында провинцияларда қарапайым халық тілі классикалық тілден мүлдем алшақтай бастады. Бұл тілді – «вульгарная латынь» деп атады, ал V ғасырда алшақтық тереңдеп айқын көріне бастайды. Негізінен бұндай өзгеріс көршілес тайпалардың, варварлардың, әсері еді. Варварлар деп мәдениеті төмен, гректік-римдік мәдениет әсер етпеген халықтарды атаған. Олардың қатарына ғұндардан басқа, вандалдықтар, готтар және т.б. жататын. V ғасырда варварлармен қақтығыс жиілеп, шиеленісіп кетеді де, 410 жылы Рим қаласын готтар басып алып талан-таражға салып тонайды. Сөйтіп V ғасырдың аяғында варварлар тайпаларының соққысынан Батыс Рим империясы құлап жойылады. Енді негізінен гректік-римдік мәдениет Шығыс Рим империясында сақталып, ұзақ уақыт бойы осында дамиды. Бұл жер тарихта Византия деп аталады. Мұнда мемлекеттік әрі әдиби тіл болып грек тілі дамыған. Келесі VІ- VІІІ ғасырлар Шығыс Рим тарихында «қаралы ғасырлар» деп аталады, себебі бұл кезеңде рим провинцияларында жаңа мемлекеттер мен халықтар пайда бола бастайды. Латын тілі қатты өзгерістерге ұшырап, қарым-қатнас тілі болып қалады. Бұл кезең варварлық латын тілінің дамуына әкеліп соғады да, бұл тіл жаңа туған еуропалық тілдердің негізі болады.