Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 17:40, курсовая работа
Зерттеу жұмысына сипаттама. Әдебиеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен жазушылардың қалдырған мұрасына қайта үңілу, оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік. Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлылығын айғақтайтын басты белгі болып табылады. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген.
Кіріспе ................................................................................................................8
1 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романының зерттелуі..........11
2 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағы басты
кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы ...............................................................25
3 Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі.....................................41
4 4 Шәкәрім шығармаларын орта мектепте меңгерту әдістемесі..........62
Қорытынды .....................................................................................................75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................78
«Міне, кәрі Шыңғыстау! Осының бәрі сенің көз алдында болған іс. Дәл сол кезде қарлы жаңбыр қара дауылыңды соққызып, Әділі ургядник бір айдаса, ыққа қарай сен дауылыңен екі айдап, бурадай бұрқырағанын, жерді қара түнек боран қылып аспанды қара жаңбырлы қара бұлтпен қаптағанның Әділге қылған кәрің бе?... Әйтпесе, рақымсыз зұлымдыққа ызаланып, жазасызды аялап жылағаның ба?... [10.527-б.]. Табиғат суреті сол негізінде бірақ жаңаша үдете өрнектеледі. Әдеттегі қаратпа сөз. Шыңғыстау таза символикалық бейне болып табылады. Қара түнек дауылмен қарды әкелген ол емес. Ол құбылыс тау бөктеріне өзі кеп әлек салуда. Өз қойнауында туған Әділмен бірге опық жеп, зар төгетін кәрі Шыңғыс. Ұқсастыра қабаттастыра суреттеу принциптері басым. Астрофизикалық құбылыстарға салыстырылатын адам өмірі, дала, аспан адам тағдыры. Дала мен адам нақты, аспан мен тағдыр бұлдыр. Шыңғыстау мен қаламгер автор әрі сырлас, әрі мұңдас. Жазушы өзімсіне сөйлейді. Баланың әкеге еркелегеніндей. Тау – анадан, аспан – ата-ананың қаһарына араша сұрау. Табиғат пен адам дүниесінің тұтастығы, бауыр үшін анаға кінә арту болып келеді. Пейзаждың түпкі мәні әлеумметтік өмір қайшылығын сұрапыл қиянаттының құрық бермес асаулығы ишаралау.
Шәкәрім кейіпкерлер мен табиғат болмысын егіз санауы соншалық, Еркінбек зұлымнан мерт болатын махаббат құрбандарының ауыр қазасы кезінде де дала келбетіне көз салады:
«Міне, дәл сол кезде күн батып кетіп, шапақтың шашақты шарбы бұлтындағы күннің қызыл нұры дәл Әділ мен Марияның жарасынан сорғалаған қандай қып-қызыл болып тараулана бастады.» ?... [10.538-б.]. «Дәл сол кезде күншығыстан қайғылы қара салысын жамылып, түннің қараңғылығы – зұлымат та шықты» [10.539-б.]. Жазушының қайғылы психологиялық суретті беруде, көрінісінің адамға қатысты нақты құбылыс төңірегіндегі тура теңеу тәсілі арқылы зор әсер қалдырар қасиетін және байқатады. Аспан, бұлт пен қан кешкі ландшафт кескінін, сөнуге айналған ғұмыр өкінішін жан өксігіне толы күйде бейнелейді. Соңғысы – осы көріністің табиғи уақыт жағынан жалғасы да, тарихи-әлеуметтік уақыт жағынан азаттық таңының алыстығын тұспалдамақ қамырықты астармен көмкерілген. «Дәл сол кезде» деп қайталанып келетін тұрақты фраза суреттеу барысында үстеме поэтикалық қуат, серпінді мағына қоспақ.
Арнайы мақсат етіп қоймаса да, қаламгер қаһармандарының жан дүние құбылыстарын тереңдеп бедерлеуге ұмтылатын тұстар бар. Мәселен, Маряның тағдырына байланысты алған хаттан соң Әділ жүзіндегі өзгерісті, көңіліндегі алабұлаң төңкерісті байыптай қарау бірталай поэтикалық, әрі философиялық ойлармен жалғасады. Жазушы жас жігіт сезіміне қызғаныш алауы тұтануынан өмірдің қызығын көретіндей. Суыт хабар қадалған оққа, жауыз Еркінбек айдаһарға теңеледі. Әділ сүйгені үшін күресуді бақыт санайтын байламға жетеді. Жер аударылып кеткен жадау күндерде Әділдің өмірге келгеніне өкінуі, әкесінен бұрын өлмегеніне қиналуы, шын күлкі, шын қуаныштан арылуын монологтық реплика араластыра суреттеу, аз-маз жұбанышы әжесі мен жары Маряны көру кек алу үміті болатынына мән беру немесе Әділдің ауруға ұшырап, тән мен жан қиналысын ортақ төл сөз арқылы үлкен экспрессиялық кернеумен, шешендік сұрау үлгісін пайдалана өрнектеу [10.53-б.]. Романдағы психологиялық талдау негізінен автор назары мен тұлғаның өткірлігі, ойшылдығына, тілдік айшықтың сұлулығы мен дәлдігіне, бейнелік жігеріне сүйенгенін дәлелдемек.
Шәкәрімнің ұзақ ойланып, жазылған «Әділ-Мария» романының өз еншісіндегі сапалы, салмақты көркемдік қуаттар, өмір мен өлім жайлы философиялық толғаулар қазақ халқының тарихына, елдік, ұлттық қасиетіне қатысты тебіреністер мен сабақтас жатыр. Шығарманың бейне жүйесіне, сөздік кестесінен бөлектеніп тұрған оқшау нәрселер емес, сырлы бейне, жалынды сезім арқылы берілген күйлер. Романдағы табиғат ортаны жан-жақты зерттеп, терең тану мен жазушының бай қиял және шеберлік қосылғанда ғана шығарманың бойына қан жүріп, кейіпкерлеріне жан кіретінін Шәкәрім Құдайбердіұлының тәжірибесін дәлелдей түседі. Романға қатысты мәселелерге аса ыздаһаттылықпен қарап, сараң деректерді орынды пайдаланып, тау-кен істеріне ғылыми еңбектерді түбегейлі оқып, өз объектісін жан-жақты зерттегеннін аңғаруға болады. Шебер жазушы табиғат көріністерін түрлі сипат-мағынада қолданады. Табиғат, көбінесе, мінез-құлық, іс-әрекеттердің қосымша сипатталып жарысып отырытын өз алдына дүниелік құрайды. Бірде іс-әрекет, мінез-құлық, жай-жағдайлармен қабысып, адам өміріне жақын келсе, бірде тәуелсіз бейнедей алыстайды.
Ш. Құдайбердіұлы роман жандандыра, әрлендіру тәсілдерінің бірі халық даналығы – мақал-мәтелдерді, өлеңді пайдалану өнегесі романда толық байқалады. Бір байқалатын жай жазушы мақал-мәлелдерді көп және жете біледі, бірақ сол білгендерінің бәрін сол күйінде тізе бермей, сөз орайына, бейнелеуге алынып отырған жағдайға байланысты өте ұтымды қолданады. Соның өзінде мыңдаған оқырмандарға қашаннан таныс мақал-мәтелдерге жазып , сиректеу айтылатын мақал-мәтелдер айтылатынын тілге тиек етеді.
Мысалы, Әділ мен Серікбадың диалогында: «Кеш болса қойға соқпақ табылар» деп бір қойшы айтқандай, үшеумізге үш тай табылмай ма?[10. 496-б.].
Шешенбай мен Еркімбектің кездескен сәтіндегі Еркімбек «Төбетке өлексенің бәрі бір бос», – деп Абай марқұм айтқан [10.497-б] сен қыз көрсең-ақ шіркіннің сұлуы–ай деп таң қалатынсың!
Шығармада Әділдің аузына бұрын салдардың айтатын өлеңі еске түсіреді:
Ауылыңа мұнан бұрын барғаным жоқ.
Көзімді өзге қызға салғаным жоқ,
Қосылып өлсем, шейіт болар едім,
Сен үшін айдалсам да арманым жоқ. – деп әндетеді [10. 499б].
Аттарды апанның ішіне түсіріп ұстап отыр, Мықтыбай! Бірақ сақ болып отыр. «Жаман айтпай жақсы жоқ», біз сасқалақтап келе қалсақ, атың үркіп, аттан айырылып қалып жүрме! [10. 502- б.] – деп Серікбай ескертеді.
Шешенбай Жәмилаға келіп: Шешенбай: Сізге Еркімбек сәлем айтты, нағашы апама сәлем де, мені қайын сінілсімен жақын қылсын дейді.
Жәмила: Қайдан білейін, былтыр түсе салып, биыл жаман атын шығарып жүрмесе, «отыз тістен шыққан сөзді отыз ру ел біледі» деген мақал бар емес пе?-дейді [10.506-б.].
Ағалы-інілі Үсен Асанға айтты: Шырағым, сен артын ойламай, балалық қылдың ау! Маған ақылдаспай, болыстың баласымен тамыр болдым деп екі қараға бола басымызды партияға байлап бердік қой. «Бүлінген елден бүлдіргі алма» дегендей, біздің партияда неміз бар еді? Әкеміздің жолымен ара ағайын болып қана жүргеніміз жөн еді ғой!
Үсен: Мен малға қызығып тамыр болғаным жоқ, өзі қайта-қайта кісі салып, шақыртып болмаған соң, «біреудің алтын басы еңкейсе...» дегендей мақалдай болмайын дедім.Және әркім басынбасын, қаймығып жүрсін дедім. Деп Үсен сөзін аяқтайды [10. 511-б.].
Әділ екеуі шошақ тастан қарады да отырды. Серікбай қалжындап:
– Япырай құрдас, тағатың таусылып, діңкең құрыды ау, – дегенше Зылиқаның итарқасының алдынан от жарқ ете түсті. «Өзелене түсу оттан қиын» деген арабтардың мақалындай-ақ өліп отырған екеуі Мария мен Зылиханың нұрлы жүзіне сәуле беріп, бұлаңдап атой берген отты көрген соң, тастан түсіп, құс аңдыған мергендей жарды жағалай еңбектеп, шаңырақ күркеге жүрегі дүрсілдеп азар жетті [10.512-б.].
Осының бәріне қарап отырып, жазушының шеберлігі мен шығарманың ешбір көркем туындыға ұқсамайтын өзіндік көркемдік ерекшелігі бар екенін көреміз. Шығарманың оқырманына берер пайдасы зор. Білім мен өнерге үлкен-кішіні құрметтеуге, қолда бар асылдың қадірін түсінуге, мейірімділік пен сүйіспеншілікке тәрбиелейтін туындының қазақ әдебиетінде өз орны бар. Осыған қарап, ұлттық әдеби тіршілігімізде философиялық, көркемдік, өрісі биік, зор тынысты, психологиялық арнасы кең тағы бір ірі шығарма дүниеге келгенін көрдік.
Осы айтылған мақалдарының
тектен-тек туа салмайтынын
Осының бәріне қарап отырып, жазушының шеберлігі мен шығарманың ешбір көркем туындыға ұқсамайтын өзіндік көркемдік ерекшелігі бар екенін көреміз. Шығарманың оқырманына берер пайдасы зор. Білім мен өнерге үлкен -кішіні құрметтеуге, қолда бар асылдың қадірін түсінуге, мейірімділік пен сүйіспеншілікке тәрбиелейтін туындының қазақ әдебиетінде өз орны бар. Осыған қарап, ұлттық әдеби тіршілігімізде философиялық, көркемдік, өрісі биік, зор тынысты, психологиялық арнасы кең тағы бір ірі шығарма дүниеге келгенін көрдік.
Романды тартымды, қызықты етіп тұртын диалог мөлшері көп те, аз да емес. Олардың барлығы оқиға дамыту, тартыс кернеуін суреттеу, жан дүние қозғалыстарын пайымдау және адамдар арасындағы қақтығыс, ұлы жеңіс хабарын қарсы алу, жаңа дәуір ұранына үн қосу сияқты күрделі жағдаяттарды толымды әрі ықшам етуге қызмет етеді. Көптеген негізгі кейіпкерлердің мініз -қырлары, жастардың ауылы жастарының жарасамды әзілдері, оптимистік, бауырластық, сүйіспеншілік аңсарлары, жаңа заман адамына, болашақ бақытты тұрмысқа тән еңселі, мәнді тіршілігі де өзара сұхбат, лебіз алмасу реалистік нақышпен берілген.
Мысалы, романдағы Серікбай мен Зылиқа әзілдері өз алдына бір төбе.
Серікбай: – Айтқаным айтқан, әйдә, жүр.
Зылиха: – Сәке, бұл жолы қалжыныңды қоя тұрсаң қайтеді? Аманшылық болса күнгейде тағы бір келесіңдер, оснда қалжыңдасарсыңдар.
Серікбай: – Жоқ, жоқ, әне, таң бозара бастады. Өзім де қызығын көргелі өліп отырмын, әйда, жүр! – деп Зылиқаны жетелей жөнелді.
Серікбай: – Әділ! Мына Мықтыбайға берген уәде қайда? Жылдам Мария мен екеуің құшақтасып ауыздарыңнан сүйіс! Әйтпесе, мына күйеуің жасырын келіп отыр деп Асан айғай салам!
Зылиқа күліп: – Қой, Сәке, қой!
Серікбай: – Жоқ, жоқ уәдем бар, бол-бол! – дейді [10.505-б.].
Әдемі жарасқан жастардың арасындағы қалжын көңілін тауып, айналасындағы үлкен-кішілерге де еркелеп қалжындасып тұр.
Шығарма соңы жазушының өмір, әділет, парасатты бейне туралы ашық толғанысымен аяқталған. Бұл – философиялық трактатқа ұқсас үрдіс. Қиял-ұғымы қиырды шарлаған, өзіне-өзі сауал беріп, жауап іздеген қаламгер, «бізше адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізсіз – адал еңбек, ақ жүрек, болуы керек» [10.541-б.] – дейді. Барша жаманат атаулының көзі «нәпсі, өзімшілдік, мақтан» екенін нақты атау адамшылық мәселесін ой, тәжірибеге қоса сұңғыла түйсік, сезгір сана мен пайымдау ерекшелігін аңғартса керек.
Романдағы оқиғаның уақыт пен кеңістіктегі өлшемдерін айқындауға келгенде Шәкәрім әдеттегідей нақты. Поэмаларындағы секілді ол мұнда да жер су атауларын әрбір оқиғаның болған күнімен айын дәл көрсетіп отырады. Әйтсе де жай хронологияға ұрынбайды. Қайта сол уақыт пен кеңістік өлшемдері арқылы романдағы психологизді тереңдетіп, көркемдік тартысыты ширықтырып, адамдар мінездерін жан-жақты ашуға мүмкіндік алады. Тіпті «дәл сол кезде», «дәл сол күні», «әне», «міне» деген экспрессивті баяуы анық сілтеме тіркестер мен сөздер арқылы оқиғаның мезгілдік мекендік нүктелерін нақтылау үстінде автор адамдардың басындағы әркет пен сезім күйлерін бейнелей жеткізеді.
Негізінде бұған дейінгі ғашықтық туралы шығармалардағы сюжеттік желі, кейіпкерлер басындғы тартыс, оқиғаның басталуы, шарықтау шегі, шешім табуы сонау ауыз әдебитінен келе жатқан қалыптасқан үлгі айналасынан ұзап кете қоймайтын. Өмір құбылыстарының әрбір ұшқынынан ататын түйенің жүгіндей ауыр ой түйіп отыру философ ақын Шәкәрімнің шығармашылық қолтаңбасына тән ерекшелік десек, автор бұл романда да өзінің шағын прозлық туындағыларындағы секілді философиялық прозаның үлгісін таныта білді. Шығарма құрылымында бірін бірі толықтырып, қатар өрбітіп екі өмір бар. Бірі трагедияға ұшыраған жастар өмірі тағдыр тарихы, екіншісі сол тарихтың әр тұсына үңіле қарап, мәңгі өмір, табиғат туралы толғаныста отырған автор. Сол толғаныстардың бәрін жазушы адамдар арасындағы тартысты бейнелеу барысында түрлі пихологиялық талдауларға жүгіне отырып, мейлінше көркем жеткізеді.
«Реалистік шындыққа негізделген псхологиялық талдау тәсілі адам характерін жан-жақты ашып, оның жан дүниесінің қыртыс қабаттарын толық қамтуды талап етеді», – деп ғалым Т.Рахымжанов тұжырымдайды. Шәкәрім талдаулар барысында өз кейіпкердерінің мінездерін, психологиялық хал ахуалын аша түседі. Жалпы романдағы көркемдік тәсілдері де оқшау, өзгеше болып келеді.
Романның осындай философиялық сипатын танытатын ең негізгі көркемдік құрал ойшыл Шәкәрім сомдаған Шыңғастаудың образы. Әрбір оқиға тұсында қайырылып, сырласып отыру арқылы Шәкәрім осынау романтикалық бейнені халықтық даналықтың, табиғат ана сыйлайтын ұлылық пен парасаттылықтың образы дәрежесіне көтереді. Түптеп келгенде, Шыңғыстау сол төңіректе бұрын-соңды өткен, өтіп жатқан, жалғаса беретін тіршілік процесіннің куәгері ғана емес, Шәкәрім ұсынатын адамгершілік, гуманистік иделдардың биік тұлғасы болып табылады.
«Әділ-Мариядағы» әлеуметтік-психологиялық философиялық мәселелердің қай-қайсысы да, табиғат пен адам, ортақ қайшылықтары мен қақтығыстарының барлығы да осы автордың көз алдында өтеді. Шәкәрімнің авторлық позициясы мен идеялары арқылы беріледп отырады. Тіпті романның негізгі ішкі құрылымын тұтастырып ұстап тұрған көрекмдік құралдың өзі де осы төңіректен табылады.
Романда Әділ мен Марияның
кіршіксіз пәк сезімдеріне
...Міне, Әділ мен Марияның алғашқы кездесу сәті. Жаз айының қоңыр мақпалдай майда түні. Шәкәрімнің баяндауына үңілсек:
«Әділ мен Марияның алғашқы қосылған махаббаттарын көріп, аспандағы жарық ай әлдеқашандағы кәрі Шыңғыстауға дыбыссыз ымбалмен:
«Ақсақал-ау! Мына екеуі бір-біріне не қылған құмар? Мұнан басқа қалыңдық ойнаған кісі жоқ па еді? Мына екеуі бірін-бірі құшақтап жатып өлсе, арман қылатын емес қой? Бұл бұрын бірін-бірі көріп, асық болып па еді?» – дегенде кәрі Шыңғыстау терең шаттан шығып, ай жарығымен жарқырап, бұраңдап аққан мөлдір өзен суын сылқ-сылқ күлдіріп айтыпты:
«Сен көрген жоқсың-ды. Бұрынғы жылы Зылиха түскен тойда бұл екеуі кез болған. Сонда Әділ Марияны көрісімен-ақ іші елжіреп, жүрегі ысып кетіп қалалғанда қасынан асып тұрған кекілінің астынан сүзіле қараған Марияның нұрлы қара көзі Әділдің жас жүрегіне қанжардай қадалған. Марияда жас жүрегі лүпілдеп, денесі салқын термен жібісе де ол кезде 14 жасар ғана бала болғандықтан, Мария неге сүйткенін байқай алмаған. Бұл іс күндіз болғандықтан, оны сен көре алған жоқсың.