Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 17:40, курсовая работа
Зерттеу жұмысына сипаттама. Әдебиеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен жазушылардың қалдырған мұрасына қайта үңілу, оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік. Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлылығын айғақтайтын басты белгі болып табылады. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген.
Кіріспе ................................................................................................................8
1 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романының зерттелуі..........11
2 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағы басты
кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы ...............................................................25
3 Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі.....................................41
4 4 Шәкәрім шығармаларын орта мектепте меңгерту әдістемесі..........62
Қорытынды .....................................................................................................75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................78
Шәкәрімнің қандай шығармасында болсын, сомдалған образдардың тұтас қалпында оларды бірыңғай жағымды немесе жағымсыз деп бағалауға келе бермейтін ерекшеліктері көп. «Қалқаман-Мамырдағы» қарындасын өлтіріп, жігітті оққа байлайтын Көкенайды, «Еңілік-Кебектегі» Қабекеңді алыңыз. «Әділ-Мариядағы» Үсен де осындай. Шәкәрім олардың қай қайсысын да шынайы адам қалпында суреттейді. Негізінде Үсеннің бойында қарындасына деген мейірім мүлде жоқ деуге де болмайды. Өз ағасына:
«Мен малға қызығып тамыр болғаным жоқ, – дейді ол ағасы Асанға, – өзі қайта-қайта кісі салып, шақыртып болмаған соң «біреудің алтын басы еңкейсе»... – деген мақалдай болмайын дедім. Және де әркім өз басынбасын, қаймығып жүрсін дедім» [10.511-б.]. Марияға қолы жетпеген соң Әділді жазықсыз жер аудартқан, еді оны өлді деп өтірік хабар таратып, қарындасын зорлықпен тартып алмақ болған болыстың баласына қарсы Үсен кесек мінез танытады. Бұл оның жан дүниесіндегі псхиологиялық жаңғыру емес, өз арманының алдағы істеріне деген өкініштің нышаны еді. Шәкәрімнің романында суреттеліп отырған тарихи уақыт тынысы шынайы. Қоғамның әлеуметтік психологиясы айқын. Халықтың діліне сәйкес келе бермейтін өзгерістер адамдардың мінез құлқына, ниет пиғылына қара бұлтын төндіріп, бүкіл қауым психологиясындағы қайшылықтарды шиеліністіре түсті. Сондай құбылыстардың бірі ел ішіндегі болыс сайлау еді.
Роман кейіпкерлерінің арасындағы диалогтарда қайталау арқылы осы сайлау ісінің адамдардың тіршілігіне ғана емес, ой санасына да ықпал жасағаныны терең ұғындырады. Кейіпкерлерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздік арқылы бейнеленеді. Әділ мен Марияның махаббатына қарсы жақтың өкілдері әкелі-балалы Төребек, Еркімбектердің характерін ашуда күзде өтетін сайлау жағдайың маңызды болуы сондықтан. Төребек пен Еркінбектің мінезін сомдау сол қоғамдағы шенқұмар, мансапқұмарлықтарымен әшкерелейді. Өздерінің мақсаттарына жету жолында олар ештеңеден де тайынбайды.
Романдағы ендігі бір күрделі кейіпкер – Еркімбек. Бір қарағанда Еркімбек образы қалтарыс-бұлтарысы жоқ айқын да нақты бейне сияқты болып көрінеді. Романдағы қайғылы оқиғалар барысында, кісі өлімі, алауыздық тікелей Еркімбектің қолымен жасалынады, соның бастауымен өрбиді. Өтірік жала жауып Әділді түрмеге отырғызуы, өтірік өлді деуі, екі жасты өз қолымен өлтіруі де, бәрі Еркімбектің қолымен жасалады. Шәкәрім оның бүкіл болмысын, мінез-табиғатын ашып береді. Еркімбектің бойындағы қаталдық, жауыздық, көре алмаушылық, тасжүректік, намысшылдық, өтірік айту, жала жабу, жауыздылық сияқты мінездері кездеседі. Түптің түбінде өз дегеніне жетеді де, Әділ мен Марияны өлтіреді.
Әйтсе де бұған қарап Еркімбектің бірыңғай жағымсыз кейіптегі қара пиғылды қаһарман деп қабылдай алмаймыз. Романда Шәкәрімнің өзі де «мінезі қатты» дегенмен «қатал, жауыз» деп тікелей қараламайды. Оның бүкіл қаталдығын іс-әрекет арқылы көрінеді. «Әділ мен Марияны өз қолымен өлтіруі» Еркімбекті қазіргі ұғымдағы «ұнамсыз кейіпкер» деп айту қиын. Еркімбекте де өз заманының перзенті.
Романда қазақтың ұлттық-этнографиялық тұрмыстағы ауылдың, ондағы жеке үйлердің тіршілік қозғалыстары сонымен қатар тарихи шындық заңдылығына орай реалистік сипатпен бейнеленген.
Мысалы: романның үшінші бөлігіндегі Төребек болыстың ауылындағы қарбалас тіршілік, дабырласып сөйлесулер, карта, дойбы, тоғызқұмалақ ойнап отырған бозбалалар, қымыз ішіп отырғандар, бәрі де қазақ ауылы адамдарына тән уақыт шындығы айқын. Қазақ тұрмысының күнкөріс тіршілігі болып саналатын қой түлігіне қатысты іс-әрекеттері де реалистікпен суреттеледі.
Мысалға айтатын болсақ: «Қосақты қойды сауған қатындар қойды ағытып, арқанды шумақтап жатқанда, арты ағытылғанша кезеңнен қозылар да шауып қоя береді. Қозы баққан жалаң аяқ балалар қозыларды жанай жүгіріп, жіңішке даусымен қиқулап келеді. Ауылдан шыққан жалаңаш балалар да, құлағына қолын басып-басып алып қозының, қойдың шулаған даусын біресе ашық, біресе күңгірт естіп, у-у дегізіп, санға өзін-өзі шапалақтап, бір салып, қозының алдына қарай жөнеледі.... «Ойбай, әне кетті, міне кетті! Бәлі, ана, жағының бәрі кетіп қалды!» - деп шулап, кейбіреуі өте берген қозыны желкесінен ағашпен басып ұстап, кей балалар қашқын қозыны қуып жүріп құрықтап, көген арасындағылар абыр-сабыр қозы-лақтарды көгендеп те жатыр» [10.499-б.].
Еркімбек – Төребек болыстың баласы, бұлғандап өскен бай-патша. Шешенбайдай досының көмегімен Марияға ғашық болады. Романның соңына дейін Марияға қолым жетсе деп ұмтылса, романның аяғында күштеп алып қашуға дейін барады. Еркімбектің Марияға ғашық болуына басты себепкер Шешенбай екеуінің арасында әу баста болған әңгіме, жалған намыс. Оның сыртында бәске тіккен малы тағы бар. Еркімбек үшін Марияның бақытты болуы шарт емес еді. Ол Марияға сезім тұрғысынан емес, әу баста Шешенбайға берген уәдесін бұзбау еді. Соншалықты қатыгез, қарадүрсін әрекеті адами іспетті көрінетін оның ішкі есебі мен қулығы да бір өзіне жетерлік. Марияға үйлену үшін Еркімбек неше түрлі құйтыртқы әрекеттерден де бас тартпайды. Айдауда жүрген Әділдің жағдайын айтып жазған Ыс болысының волостнойының хатын алып, ондағы сөздерді өзгертіп, Әділдің «өлгенін» хабарлауы да пасықтық емес пе?
Алғаш рет қыздың кіші ағасы Үсенмен Мария туралы сөйлесіп, арадағы алыс беріске мал беріп, өзара мәмілескен сәтте Еркімбек өзінің ішкі есепке жүйрік екенін сездіріп, сабыр сақтайды. Асып-аптықпайды, қайта Үсенге бұл мәселені күзге дейін, болыс сайлауы өткенше қоя тұруды өзі ұсынады. Оның сыры бар. Еркімбектің әкесі Төребек болыс. Күзде қайта сайлау өтпекші. Еркімбектің бұрын сөз байласып қойған болашақ қайын жұрты да азулы. Егер құдалықтың шартын бұзып, Еркімбек Марияны алып жатса, ол жақтың шарты бұзылары хақ. Бұл Төребектің күзгі сайлауда алатын шардан айырылуы деген сөз. Алдын-ала осыны ойлаған Еркімбек Үсенмен жасаған келісімді кейінге қалдырады. Кейінірек Төребектің ойы да дәл осы арадан табылады. Баласының жасап жүрген әрекетін сезген сәтте болыс әке пұшаймен халге түседі.
«Қарағым-ау, арыстандай азулы қайның бар емес пе? Қызының үстіне қыз айттырған соң, ол бізді көре ме? Әрі онымен Әділдің бар ағайынымен мені көргісіз қылып, осы сайлауда әкеңді жерге отырғызғалы жүрмісің?» – [10. 521-б.] Төребек баласына айтып ескертеді.
Әке мен бала арасындағы әңгіме түптеп келгенде «біреудің ала жібін аттама» дейтін имандылыққа суарылған нұсқаудан гөрі күйкі тіршіліктің күйбең қызығына құл болу психологиясы жатыр. Бұл тұста Төребек пен Еркімбектің образына ортақ бірқатар белгілер бой көрсетеді. Әйтсе де әкелі-балалы кейіпкерлердің өз мақсатына жету жолындағы жеке-жеке мінез-құлқын айшықтайтын бірінен-бірі өзгеше қасиеттер жетерлік. Еркімбек жастыққа тән өркеуделілікпен алға ұмтылады, неге болса күшпен, атақпен жетуді ойлайды.
Төребек болса одан әлдеқайда терең, көпті көрген кәрі қасқырдай, алды артын ойламай аяқ баспайтын тісқаққан болыс. Романдағы тартыс барысына Төребек көп араласпағанымен оның әрекетінен сол заманғы әкімдердің зымиян тұлғасы байқалады. Әділден өш аламын деп жүрген ұлына тоқтау салады. Ақыр аяғында жан-жақтан арыз ұйымдастырып, Әділді жер аударуға себептер болды. Ағайынды Асан мен Үсеннің арасындағы кикілжіңге төрелік айтқан да оның зымияндығына да құрық болмайды.
Шәкәрімнің қай шығармасында болсын адам ішкі жан дүниесі бірінші кезекке қойылады. Ойшыл ақын ғұмыр бойы таза адам іздеумен өтті, таза адамға тән тамаша қасиеттерді түстеп түгендеп көрсете білді. Шәкәрім үшін адалдық бәрінен де жоғары. Адамдар бір-біріне қамқор болсын, мейірім шапағатын берсін. «Әділ-Мариядағы» кейіпкерлерге де осы көзбен қарайды. Шығарма оқиғасына араласқан он беске тарта кейіпкерлердің көпшілігі ізгі жандар. Тіпті кейіпкерлердің арасындағы кикілжің өзінің бояуын автор тым қалыңдата бермейді. Еркімбек, Төребек, Шешенбей секілді кейіпкерлердің мінездерін бейнелеуде қаралауға бармайды. Романда өрбіп отырған мекендеген ауылдардың өзі бір-бірімен туысқандық ілік шатыстығы аралас-құралас қауым. Адамдар да өзара қарама-қайшы түсініктігі дұшпандық пиғылдағы жандар емес. Романда кейіпкерлер байды жамандап, болысты сөгуге болмайды. Адамдарды жақсы мен жаманға бөлетін олардың өз пиғылдары.
Шәкәрімге тән философия романда аталып қана өтетін. Әділдің жер аударылып барған жеріндегі болыстың ізгі әрекеттері арқылы беріледі. Әділдің әкесі Жақсыбайдың азаматтығына куә болған бейтаныс болыс басына іс түсіп келген Әділден мейірімін аямайды. Соның көмегімен Әділ сырт жердегі қыспақ азабынан аман қалады.
Шәкәрім романда суреттелетін әрбір оқиғаға, әрбір образға тәптіштеп баға беру, тұжырым жасау жоқ. Романдағы әр оқиғаны оқырманға өзінше ой тастауды көздейді. Шығармада сомдалған кейіпкерлердің тағдыры, олардың басынан өтіп жатқан шытырман шиеліністер Шәкәрімнің фәни дүниенің жалғандығы, адам сезімі мен жастық шақтың тамаша көркі туралы философиялық толғаныстарымен қатар өріліп отырады. Романда кейіпкерлер басындағы жағдайлар табиғаты жан дүниесіндегі өзгерістер құбылыстарды жеткізу үшін жазушы псиологиялық талдау тәсілдерінің бірі ішкі ой толғамға жүгінеді. Басына жазықсыздан іс түсіп, қиналған сәттеріндегі Әділдің аузынан шығатын монологтар сөздер характер сипатын ашумен қатар, шығарманың көркемдік шырайын, ондағы шымшытырық тартысты бейнелей жеткізеді.
Шығарма сюжеті бір жыл аралығындағы жайларды қамтыса, ондағы әрбір оқиғаның, дәлірек айтқанда, көшіп-қону, қалыңдық ойнау, тағы басқалар сияқты әрекеттердің болған мезгілі дәл көрсетіліп отырады. Әділ-Марияның оқиғасы өткен дәуірдің әлсізге қиянаты өршіп тұрған кезі еді. Патша отаршылдарының айтақтауымен өзінің айналасын талап жеп отырған Төребек, Еркімбектер, мал да, күштер де солардікі. Еркімбек сияқтылар халықтың салтында жоқ бейбастыққа барады, біреудің бақытты некесін бұзады, отбасын ойрандап, жазықсыз сәбиді жетім қалдырады. Жазықсыз жігіттің жер аударылуын айтпағанда, оны айдаудан қашып келгенде ел-жұрты қуанышпен қарсы алмайды. Патша әкімдерінің ұғымында Әділ қашқын атанған жан. Тіпті Әділ өлгеннен кейін де жер қойнауына да жасырын беріледі.
Әділдің достары Серікбай, Мықтыбайды ертіп Марияның үлкен жеңгесі Асанның жары Зылиқаның көмегіне сеніп, қалыңдыққа бұрын келуді ойластыра, ал мақсатына жетсе, бұған қабаттаса Шешенбай тойынған Еркімбекті желікке салып, Асан мен Үсен үйіне келе жатқанда, қарсы жақ беттесе шығып, үлкен дабыра-шу шығады. Айғаймен іс ашқан оқиға қайғымен тамандалады. Қазір Шешенбай сойылға жығылса Еркінбек соқыр болғанымен ақ махаббат жолында Әділ мен Мария жауыздың қолынан қаза табады.
Кім мықты, кім жуан, өмір соныкі. Дала қасқырлары арамза түлкі, күзенге айналған. Қосылған екі жасты ажырату үшін арызды ұйымдастыру. Сол арыз арқылы күнәһар қылмыстан да құтылу Төребек пен баласы Еркінбектің іспетті шонжарлардың ісі. Әділдің соры – жалғыздығы. Әділдің алыс жерде әке танысы арқылы қудалау көрмеуі, ауырып өліммен қалуы, бірақ жіберген хатының теріс мағынада жетуі зор шиелініс әкелгенмен, Мария пәк адал, ақ жүрек сенімінен Әділдің өлгеніне сенбей ғашығын күтумен өтеді.
Шәкәрім ұғымында кісілік, парасат адамның мал-жанында емес, санасында терең соғар жүрегінде. Еркінбек сияқты зорлықшы типі сатиралық нысанасынан гөрі филлософиялық сұрақтың негізін елестетпек. Шәкәрімнің романның сыншыл реалистік не романтикалық сентименталдық дәстүрден өзгешелігі тарихи әлеуметтік мәселені жалпы ұжымдық тұрғыдан, өз басы дәл болған кейіппен, қинала, толғана, көтеруінде. Ер мен әйел, кедей мен байдың теңсіздігіне қарағанда, рухани теңсіздік, ар теңсіздігі, ұят теңсіздігі, тап қайшылығы омырау созып шыққан. Махаббат үшін, адамдық үшін тозаққа төзіп, оқпен алысып өлген Әділ мен Марияның рухы жоғары, жұлдызы биік. Сойқаншының жүзі қара, жаны азапта. Тартыстың шешімін уақыт ұсынбақ, уақыт әділеттің азаткері. Рахымшыл азапқа толы жан әлемінен екі дүниенің бар құпиясын тесіле зерттеген дана Шәкәрім тағы бір шерлі жасын сүртеді. Ақиқат іздейді, ол мәңгілік мұнарына жол сілтейді. Мәңгіліктің алдамшы емшісі табиғат жер басқан құмырсқа пенделермен арбаса, алдарқата ойнай беретіндей.
Әділ мен Мария махаббатына қатысты тұстарда ғана сәл иілгендей табиғат кәрі Шыңғыстау кейпінде сан түрлі сорақы әркеттерге орай тасбауыр қалпынан айнымайды да, жазушы автордың көңіл күйінішін қозғайды. Мұндай жағдайда сюжеттік өріммен тығыз байланыста, мекен жақ жағынан тұрақты тапжылмас орта ретінде бой көрсетеді. Кейде Шыңғыстау қаламгер суреттемек ойдың шырмауына араласып, таза баяндаушылық іске ден қояды. Көші-қон жүрген жастың арман тілегі, белді бекемнің күпіршілігіне кесім айтардай. Ел қуанышына кірбің қабақ байқатпастай.
«Қазан туған соң қара дауыл соғып, сарғайған жапырақтарды, жайқалған сәулелерді ұшырып, ағайыннан амалсыз алыс жерге кеткен жолаушыдай қаңғытып ала кетті» [10.520-б].
Бұл – Әділге төніп келе жатқан жамандықпен тұспа-тұс деталь. Кейіпкердің келешек күндерін елестететін күндер теңеу тұлғасымен мысқал-мысқал сыр жаймақ. Келіп ойнақ салған, «Әйда кет! Бәрі сенікі бүкіл! Сен болыстікі балаға тисе, бұл болмайтұғын еді» деп соғатын урядник репликасында ой мен тіл ыңғайында шынайы шымырлық жатыр ғой.
Шығарманың сюжеті кейіпкерлердің ішкі психологиясына, жан бостандығы, махаббат, адалдық, әділеттілік іздеуге құрылған. Романда тұрмыстық күйінің белгілері аз көрініс береді. Адамдар қарым-қатынастары тұрмыстық деңгейде емес, кейіпкерлердің рухани дүниесін, еркіндігін ашуға бетбұрыс жасаған туындылар. Кейіпкерлер іс-әрекетінен адами ішкі қалыптың сапалы тұстарын айқындайды. Ақын қай тақырыпты алса да махаббат мәселесін алғы кезекке шығарып, махаббат мәнін ашуда адамға, елге, жалпы адамзатқа, жерге, елге деген ақын жүрегінің ыстық ықыласы мен ізгілігін танытады.
Ақын бірде-бір кейіпкерінің сыртқы портретін ұзақ суреттемейді. Қысқа ғана суреттеп отырады. Себебі, ақын кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіне терең мән береді. Ішкі дүниені суреттегенде ой дүниеге, ішкі танымға, оның небір қалтарыстары мен сырларына үңіледі. Ақынның шеберлік әлемінің небір ой образдар мен тәсілдерді әдемі қолдана білгеніне тәнті боласыз.
Шәкәрім романда кейіпкерлерінің рухани әлемін, оның жан күйзелісін, психологиясын, терең сезімдерін қоғамдық құбылыстармен салыстырып көрсете білген. Адамның даму, жетілу, рухани әлемі, өзін-өзі тану деңгейінде ақын поэма сюжетінде жатық берген. Себебі, ақын адамның күрделі де, құбылмалы жан әлемінде махаббаттың, ізгіліктің рухани тазалықтың, қоғам, заман ауқымынан биіктігін дәлелдей көрсеткен.
Шәкәрім кейіпкерлер мен табиғат болмысын егіз санауы соншалық, Еркімбек зұлымнан мерт болған махаббат құрбандарының ауыр қазасы кезінде дала келбетіне көз салып: «Міне, дәл сол кезде күн батып кетіп, шапақтың шалақты шарбы бұтағындағы күннің қызыл нұры дәл Әділ мен Мария жарасынан сорғалап қандай қып-қызыл болып тараулана бастады» [10.538-б.]. «Дәл сол кезде күншығыстан қайғылы қаза саласын жамылып, түннің қараңғылығы – зұлмат» [10.539-б]. Жазушының қайғылы психологиялық суретті беруде, адамға қатысты нақты құбылыс төңірегіндегі тура теңеу тәсілі арқылы зор әсер қалдырар қасиетін де байқатады. Аспан, бұлт пен кешкі ландшафт сөнуге, айналған ғұмыр өкінішін жан өксігіне толы күйде бейнелейді. Соңғысы осы көріністің табиғи уақыт жағынан жалғасы да, тарихи-әлеуметтік уақыт жағынан азаттық таңының аластығын тарихи-әлеуметтік уақыт жағынан азаттық таңының алыстағанын тұспалдамақ қамырықты астармен көмкерілген, «Дәл осы кезде» деп қайталанып келетін тұрақты фраза суреттеу барысына үстеме поэтикалық қуат, серпінді мағына қоспақ.