Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 17:40, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысына сипаттама. Әдебиеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен жазушылардың қалдырған мұрасына қайта үңілу, оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік. Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлылығын айғақтайтын басты белгі болып табылады. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................8

1 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романының зерттелуі..........11

2 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағы басты
кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы ...............................................................25

3 Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі.....................................41

4 4 Шәкәрім шығармаларын орта мектепте меңгерту әдістемесі..........62

Қорытынды .....................................................................................................75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................78

Прикрепленные файлы: 1 файл

адил-мария.doc

— 524.00 Кб (Скачать документ)

Арнайы мақсат етіп қоймаса  да қаламгер қаһармандарының жан дүниесін  құбылыстарын тереңдеп бедерлеуге ұмтылатын тұстар бар. Мәселен Марияның тағыдырына бйланысты алған хаттан соң  Әділ  жүзіндегі өзгерісті, көңіліндегі алабұлаң төңкерісті байыптай қарау бірталай этикалық, әрі философиялық ойлармен жалғасады. Шәкәрім жас жігіт сезімінде қызғаныш алауы тұтануынан өмірдің қызығын көретіндей. Суыт хабар қадалған оққа, жауыз Еркімбек айдаһарға теңеледі. Әділ сүйгені үшін күресуді бақыт санайтын байламға жетеді. Жер аударылып кеткен жадау күндерінде Әділдің өмірге келгеніне өкінуі, әкесінен бұрын өлмегеніне қиналуы, шын күлкі, шын қуаныштан арылуын монологтық арқылы араластыра суреттеу, аз-маз жұбанышын әжесі мен жары Марияны көру, кек алу үміті болатына мән беру немесе Әділдің ауруға ұшырап, тән мен жан қиналысын ортақ төл сөз арқылы үлкен экперессиялық кернеумен, романдағы психологиялық талдау негізінен  автор назары мен тұлғаның  өткірлігі, ойшылдығына, тілдік айшықтық сұлулығы мен дәлдігіне, бейнелік  жігеріне сүйенгенін дәлелдемек.

Атап айтқанда, Әділ мен Мария романы біріне-бірі ғашық болып қосылған. Сол жолда опат, құрбан болған махаббат мұңлықтарының хикаясы ғана деп қарауға болмайды. Сол кездегі көп романдарда әйел теңсіздігі, махаббат зары бірінші кезекте көрсетіліп жатса, Шәкәрім бұл мәселеге әлеуметтік- психологиялық тұрғысынан көз жібереді. Қоғамдағы екі түрлі күштің күресін бейнелейді. Романның бір басында адам сезімінің пәктігі мен нәзіктігі жатса, екінші басында билік өктемдігі тұрады. Теке-тірес барысында заманына сай екінші күш жеңіске жетеді. Шәкәрімнің мақсаты - өмірдегі әділетсіздікке қарсы күрескен жастардың ізгі әрекеттерін  баяндау.

Романдағы оқиға желісі шарықтау шегіне жеткендей. Әділ мен  Мария Еркімбек жауыздың қолынан қаза табады. Өлер алдында бір-екі ауыз тілге келген Әділ, Асанға қарата айтып:

– Қош, Зылиқаға салем  айт!....Ана сорлы кемпір мен жетім  Қасымды қолдарыңа ал! Мына Мария  мен мені қабірге сал – деп  Марияны құшақтады да көзін жұмды. [10.539б].

Бұл құрғақ жылау емес, жалынышты өкініш те емес. Әділдің  ендігі жердегі тілегі – ұлы Қасым мен әжесінің амандығы еді.

Шәкәрім романдағы кейіпкерлердің қай-қайсысы да психологиялық жағынан  барынша жан-жақты ашылған. Ақын өз қаһармандарының сыртқы портреттік кескіндеріне назар аудармай, олардың  жан дүниесін, мінез-құлқын, рухани қасиеттерін жете суреттеуге ден қояды. Бір-біріне ғашықтар қосыла алмай, өмірден зарланып өткен ғашық жандар әр дәуірде де болған. Олардың тілеулес жанашырлары да жоқ емес. Әйтсе де көптің сөзі көлеңкеде қалып, мұңлық жандар өз мұңдарын өздері мәңгілікке арқалап кете баратын болған.

Шәкәрім, міне, осындай  қасиеттердің түпкі тамырына үңілді. Романның әлеуметтік астарының терең  болуы сондықтан. Шығарманың негізгі  арқауы да осыдан бастау алады. Шығармадағы  негізгі арқау – Әділ мен Марияны  опасыз, қанішер Еркімбектің өлтіруі. Қоғамдағы әділетсіздікке, ескілік психологиясы, адамдардың алауыздығымен болған іс.

Шәкәрім кейіпкерлердің қай-қайсысы да психологиялық жағынан  барынша жан-жақты ашады. Ақын өз  қаһармандарының сыртқы портреттік кескіндеріне назар аудармай, олардың жан дүниесін, мінез-құлқын, рухани қасиеттерін жете суреттеуге ден қояды. «Әділ-Мария» романындағы кейіпкерлер іс-әрекетінің қай-қайсысының да психологиялық, мінез-құлықтық негізі айқын, сол себепті де кейіпкерлер бейнесі нақты әрі нанымды суреттелген. Дәлірек айтқанда, кейіпкерлер қандай жағдайда, қандай сипатта бейнеленсе де шынайы реалистік үлгіде жасалған.                   

Шәкәрімнің қай дастаны, романдары болсын оптимистік рухта аяқталады. Атап айтқанда, «Қалқаман-Мамыр» Қалқаманның ажал оғынан аман қалып, алыс елде ұрпағын жалғастырғанын баяндаумен бітсе, «Еңлік-Кебектің» соңында қос мұңлықтың сәбиі қалады. «Әділ мен Мария» романында өз тағдырымен қош айтысып артына шырылдаған сәбиін қалдырады. Сәби өмірдің жалғасы, тіршілік дамуындағы үздіксіздіктің белгісі. «Нартайлақ пен Айсұлу» да Шәкәрімнің осындай ахуалымен тұжырымдауы заңды.

Шығарманың  бас  мен  аяғы жинақы, кейіпкерлердің қарым-қатынастары, тартыс-таластары, іс-әрекеттері, идеялдық көркемдік қасиеттері жан-жақты  қамтылған. Жазушы өмірінің соңына дейін  қаламын тастамай, әдебиетке өз өрнегі мен үлгісін қалдырды. Шәкәрімнің романы осындай оқырман қауымын ізгілікке, сұлулыққа, шындыққа тәрбиелейтін мәңгілік мұра болып табылады.

Жалпы романның ең басты әрі күретамыр идеясын  – адамгершілік пен адами құндылықтарды  дәріптеуді жазушы ортақ кейіпкерлерді  келістіре сомдау арқылы жүзеге асырған. Мәселен, Әділ – романтик, арманшыл азамат.

Мария бейнесіне байланысты қосымша баға беру артық. Романның оқырмандарды дүр сілкіндіріп, қазақ әдебиеті тарихында ең көп оқылған бүкілхалықтық  шығарма болуында Мария образының  сомдалуы да шешуші роль атқарғаны даусыз. Жалпы кейіпкерлер галереясына байланысты Ш.Құдайбердіұлы бір ұстанымды шығарманың қазығы еткен. Ол жағымсыз кейіпкерлерден гөрі жағымды кейіпкерлерге көбірек мән беру арқылы өмірдің жақсы жақтарын жан-жақты ашып көрсетуге ұмтылған. «Жақсының жақсылығын айтып, нұрын тасыту» арқылы романның тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлген. Ш.Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романындағы басты кейіпкерлер бейнесі толықтай әрі жан-жақты ашылған. Романдағы әр кейіпкердің ісі мен сөзі сай. 

Белгілі ақиқатты қайталап айтсақ, мәселе мұраның аз-көптігінде емес, салмағында болып келеді. Әдеби мұраның салмағы – өміршеңдігінде. Бар талант, барша ғұмырын бірегей жазушысы әдебиетіне жұмсаған Ш.Құдайбердіұлы мұрасы өміршең. Кешесінен бүгіні, бүгінінен ертеңі жарқын.

Өмірде өнер адамының орнының беделінің  жоқтығы, оның орнына билік құрғандардың өктемдігі жазықсыздар жалған жаланың құрбаны болып жапа шегетіні жайлы  ақын өзінше  ой толғайды.

Романды оқи отырып жазушының кейіпкерлерді өте шебер суреттегені мен шығарманың ешбір көркем туындыға ұқсамайтын өзіндік көркемдік ерекшелігі бар екенін көреміз. Шығарманың оқырманына берер пайдасы мол. Білім мен өнерге үлкен-кішіні құрметтеуге, қолда бар асылдың қадірін түсінуге, мейірімділік пен сүйіспеншілікке тәрбиелейтін туындының қазақ әдебиетінде өз орны бар. Осыған қарап, ұлттық әдеби тіршілігімізде философиялық, көркемдік, өрісі биік, зор тынысты мен арнасы кең тағы бір ірі шығарма дүниеге келгенін көрдік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі

 

Қай ақын болсын өз дәуірінің перзенті, өз заманының жемісі. Шәкәрім де сондай. Күрделі тарихи кезеңде ғұмыр кешті. Туған халқының басындағы жағдайды және рухани, мәдени ауыртпалықтарды, заман проблемаларын көзімен көрді, көңілімен саралады. Қаламгер өз жұртының жағдайын өте жақсы түсінді. Ғасырлар бойы тарих сахнасында сан қилы аласапыран күйді басынан кешіріп келе жатқан. Қазақ елінің түсінік-танымының дәрежесі, әлеуметтік- экономикалық және мәдени тұрмысының деңгейі, психологиялық күйі, ой-сана бостандығының жағдайы, әлемдік кеңістік пен уақыт ауқымындағы орны жайындағы мәліметтерге қанық болды. Сондықтан да Шәкәрім заманның шындығын, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді тануда және оны өз шығармашылығы арқылы көтеруде асқан білімділікпен қоса, айрықша ұстамдылық пен көрегендік танытты. Шәкәрім айналасындағы жазушыларға   терең үңілді. Жылт еткен бір сәттік қуанышқа немесе уайымға бой алдырмады. Болып жатқан оқиғалардың түп-төркінін дүние доңғалағының айналыс заңдылығын іздейді.

«Әділ-Мария» романына тән өмірлік  шындықты лирикалық-психологиялық сарынмен, көркемдік жинақтаудың озық тәсілімен бейнелеу қазақ романдарының кейінгі даму үрдісіне көркемдік даму негізі болып қалыптасты. Романның сюжеттік – компазициялық желісінде ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ауылдарында ортақ өмір шындығын,  оқиғаларға арқау етіп алынған. Көлемді прозалық шығарманың мазмұны мен пішіні жүйесінде классикалық әдеби шығармаға тән көркемдік әдістер тұтастығымен жазылғандығы байқалады.

Романның идеялық-компазициялық  желісін құрайтын негізгі мәселелер айқын қамтылып көрсетілген: бірінші – ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығы шамасындағы қазақ ауылының көшпелі тұрмыс жағдайының ( қыстау мен жайлау арасындағы көшу-қону, т.б ) көріністері; екіншіден – қазақтың ұлттық-этнографиялық атабабалық салт-дәстүрінің негізгі оқиға нысаны болғандығы. Шығармашылық өсу, кемелдену, даму жолынан байқалатын ендігі бір қасиет – ақын өзінің бір қарағанда жеке көрінетін ойларынан халық жөніндегі толғамдарынан туындайды. Халық тағдыры – Шәкәрімнің романындағы көкейкесті тақырып болып табылады.  Жазушының әшкерелейтіні де халықтың басындағы кеселдер, мақтан тұтары да халықтық қазына. Романдағы тарихилық сипат оқиғалардың уақыт пен кеңістіктегі нүктесін айқындаумен шектеледі, яғни тарих мұнда оқиғалар үшін өз кейіпкерлерінің басындағы әлеуметтік трагедияның астарынан айқындаудың басты құралына айналды. Өзінің ақындық позициясынан да, азаматтық тұжырымын да роман арқылы сомдап отырды.   

Тұтастай алғанда, Шәкәрімнің әдеби мұрасы – аса бай қазына. Шәкәрім әдебиеттің барлық жанрына  қалам тербеді. Туған халқының мәйекті ойы мен маржандай тілі негізінде ғажайып сұлу, мазмұны терең, кестесі көркем поэмалар, дастандар қалдырды. «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек»,  «Нартайлақ-Айсұлу» атты тамаша поэмалар жазды. Көркем проза үлгісінде Шәкәрімнің шығармалары ХХ ғасырдың басындағы ұлттық проза өз үлесін қосып қана қойған жоқ, оның орнығып, ілгерілеуіне елеулі ықпал жасады. Әсіресе, жазушының «Әділ-Мария» романы қазақ топырағында жаңа қалыптасып келе жатқан көркем роман дәстүрін көркемдік мазмұнымен байыта түсті. Шәкәрім жеке тұлғаны шексіз адамзат әлемінің ең бір мәнді бөлшегі деп қарайды. Қаламгердің пайымдауынша, өмірдегі жақсылық та, жамандық та жеке адамның бойындағы қасиет-кемшіліктерден бастау алады. Шәкәрім үшін кемшіліктің үлкен-кішісі жоқ. Оның бәрін бірімен-бірі сабақтасып жатқан, түптеп келгенде үлкен қасіреттерді тудыратын кеселдер деп санайды. ХХ ғасырдың басында қоғамдық идеология тұтастай өзгерді. Бұл кезең қаламгердің, оқыған азаматтардың көзқарастарында, қызмет-әрекеттінде де түрлі қайшылықтардың тууына себеп болды. Идеологиялық қалып аясындағы тақырыптар пайда болды, ой-сана тәуелсіздігі айқын сезілді. Шәкәрім қандай шығарма жазса да, оның түп негізіне үңіле отырып пікір білдіріп отырады. Замандас ақындары коммунистік партияны, кеңес өкіметін шығармаларына тақырып етіп жатқанда Шәкәрім айналасында болып жатқан өзгерістерге байыппен, ойлана қарады.

ХХ ғасырдың басындағы  қазақ прозасы немесе Шәкәрімнің шығармалары жөніндегі еңбектерінде ішінара сөз етумен шектеліп келеміз. Ал, шындыққа жүгінетін болсақ, жазушының  көркем проза саласындағы еңбегі аса салмақты. Ойшыл қаламгер прозаның роман, әңгіме, эссе, мақала, тарих-философиялық трактат сынды бірқатар жанырларында қалам тербеді. Рас, көлем жағынан Шәкәрім прозасын аса ауқымды деуге келмес. Дегенмен көркемдік мәні, ғылыми, тарихи, философиялық құндылығы жағынан олар ұлтымыздың қымбат қазыналарының қатарына орын алары ақиқат.

Шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі әрі көркемі –  «Әділ-Мария» романы. Шынайы көркем қара сөз үлгісінде жазылған алғашқы  қазақ романдарының қатарынан орын алатын бұл туынды-әрқилы мінездерді тоғысқан, өмірлік тартысқа құрылған шығарма. ХХ ғасырдың басындағы әдебиетте жиі көтерілген әйел теңдігі тақырыбына арналғанмен, бұл романда Шәкәрім оқиға желісін өзінше өрбітеді, өзгеше шешім қабылдайды.  Қарапайым өмір шындығын суреттеу арқылы Шәкәрім адамгершілік пен ар тазалығы, адалдық пен қанағатшылдық  мәселелерін көтереді. Қаламгердің  пайымдауынша, адамның әрбір іс-әрекеті осы ұғымдарға бағынуы керек дейді.

«Әділ-Мария» романының  сюжеттік-композициялық желісі ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ауылдарына ортақ өмір шындығының оқиғалары  арқау етіп алынған. Көлемді прозалық шығарманың мазмұны мен пішіні жүйесінде классикалық әдеби шығармаларға тән әртүрлі көркемдік әдістер тұтастығымен жазылғандығы байқалады. Романның идеялық-компазициялық желісін құрайтын мынадай мәселелер айқын қамтылған: бірінші – ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығы шамасындағы қазақ ауылының көшпелі тұрмыс жағдайы болса; екіншісі – қазақтың ұлттық-этнографиялық, ата-балалық салт-дәстүрінің негізгі оқиға нысаны болғандығы. Шәкәрімнің «Әділ-Мария» романындағы Шыңғыстауды кейіптеу тәсілі сипатымен бейнеленген жерлері қазіргі қазақ романдарына көркемдік негіз болғаны айқын байқалады. «Әділ-Мария» мен қазіргі қазақ романдары поэтикасындағы сабақтастық ұлттық әдебиетіміздің көркемдік үрдістері жетістіктерін дәлелдейді.      

Шәкәрім өмірді бейнелеу приципі ағатушылық демократиялық эстетикадан өзгелеу тереңірек «Әділ мен Мария»  романын жазған уақытта социалистік реализмнің таптық, партиялық принциптері Шәкәрім Құдайбердіұлына мәлім болса керек.  Өнердің аяғына тұсау, мойына құрық түсе  қоймаса да қақпайлаулардың күшеюі аңғарылатын. Көргені көп, түйгені мол қаламгер үміт күткен жаңа өкімет өктемдігінен тіксіне бастаған. Шәкәрім сяси күрес шиеленсісе бастаған Семей түгілі, бітпейтін дау жанжалы мол ағайын арасы, ауылдан да алыста, Шыңғытау қойнауында өзімен-өзі оңашада.  Қалагердің тақырыпқа, роман өзгіне айналар фабулаға өзге көзбен, оймен қарағаны байқалады.

«Әділ мен Мария» романын  жазудағы мақсат қолында билік, байлығы бар күштілермен бір ғана ат-шапан үшін берудің тағдырын трагедияға ұшыратар алаяқ, қулар құлқынын жинақтап көркем бейнелеу емес. Сол тәрізді қазақ әдет - ғұрыпы бойынша әкелері құда болып баталасқан, бірін-бірі сүйген жастар өмірінің ерлі - зайыпты болған кезінде де тағдыр тәлкегіне душар болу тарихын баяндау да емес. Қаламгер мақсаты идеясы тереңде. Шәкәрім Шыңғыстау қойнауында өтіп жатқан сансыз уқиғалардың бірін ғана алып, оған мәңгілік өмір, адамзат филиософиясы тұрғысынан қарайды. Сезім оранған ой ағысын, тебіренісін көркем образға көшіреді. Шыңғыстауға бағытталған монолог, диолог, лирикалық шегіністер мен ой толғамдарында философиялық ойлар, образға бөлер түрлі психоогиялық, пейзаждық параллельдер, сұрақтар көптеп  кездеседі.

Информация о работе Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі