Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 17:40, курсовая работа
Зерттеу жұмысына сипаттама. Әдебиеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен жазушылардың қалдырған мұрасына қайта үңілу, оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік. Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлылығын айғақтайтын басты белгі болып табылады. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген.
Кіріспе ................................................................................................................8
1 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романының зерттелуі..........11
2 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағы басты
кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы ...............................................................25
3 Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі.....................................41
4 4 Шәкәрім шығармаларын орта мектепте меңгерту әдістемесі..........62
Қорытынды .....................................................................................................75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................78
Романда адам мәселесі өзгеше өрнекпен, талап-тілекпен сомдалып, алдымен адам жан дүниесінің сапалы жақтарын дамыту баса көрсетіліп, адам табиғи жаратылыстың күрделі нәтижесі ғана емес рухани жан әлемі ерекше қасиетке ие болған құбылыс екендігін дәлелдеу үшін жүйе жасалды.
«Әділ-Мария» тақырыптық жағынан махаббатты жырлау мен терең сезімі, психологизм мен трагизмнің өзгешелігін шебер пайдалана білген қаламгер ерекшеліктерін саралау арқылы, белгілі романды өзіндік өрнегін айшықтауға арналған. Ақын қозғаған махаббат мәселесінің мәні жеке адамдар арасындағы сезім адам мен Шыңғыстаумен сырласу арқылы өмірдің мәнін ұқтыру. Шыңғыстаудың күйін, тынысын адам тіршілігіне ұқсату арқылы образды суреттер жасайды.
Сондай-ақ ақын сөздің мәні мен маңызына айрықша мән берген. Ақын ұғымында сөз құдіретті, ерекше – бір әлем. Сөз адам өмірін айшықтайтын әрі адам танымын танытатын дүние. Шығармадағы әрбір сөзге байыппен қараған, сөз астарында небір мән-мағыналарын ашып табиғатпен тілдескен танымды ұштайтын қолданыстарды орнымен де пайдаланған.
Шәкәрімнің негізгі арқауы – ғашық жандардың, романдағы адамдар болмысы. Ақын адам болашағына, оның рухани ішкі әлеміне және қуатына сенеді.
Мысалы: «Әділ-Мария» романда қос ғашықтың адамдардың қарсылығы өлімге әкеліп тірейді. Өлім көпшілік қауым қолымен жасалады. Адамгершілік пен адалдық, әділет махаббат жолындағы қиыншылықтарын, адами, ойлары автордың танымдық деңгейін танытуда зор қызмет атқарып тұр.
Шығарманың соңында өлім аузында жатқан Әділ бойындағы сабырлылық, артында қалған достарына, ұлы мен әжесіне өмір тілеу, ал, Еркімбектің барар жерінің бір екенін ескерту. Романдағы шымыр құрылған диалог пен кейіпкер сөзінен сол кездегі заман келбетін, адамдардың ішкі жан дүниесіндегі әртүрлі сезім күйлерін (психологизмін), оқиғаның шиеліскен тартысын айқындауға болады.
«Қалқаман-Мамыр», «Әділ-Мария», «Еңлек-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты көркем романдар, поэмалары, сондай-ақ прозалық, философиялық, тарихи туындылар, аудармалары дүниеге келген. Шәкәрімнің шығармашылық мұрасы мұнымен шектелмейді. Шәкәрім – Абай шәкірттерінің ішіндегі ең ұзақ өмір сүргіні ең мол мұра қалдырған. Оның негізгі мұрасы бүгінгі ұрпаққа қолжазба түрінде немесе ел аузында жатталған күйінде жетті. Шәкәрімнің шығармашылығы күрделі ғылыми зерттеу еңбегінің объектісі болған емес. Тек соңғы жылдары ғана қолға алынған жұмыстың нәтижесінде бірқатар ғылыми мақалалар жарық көрді. Олардың дені ақын шығармашылығын көпшілік оқырманға таныстыру мақсатындағы республикалық баспа сөздерде жарияланған материалдар екенін атап айтуға тиіспіз. Бұл іске Қ. Мұхаметханов, Ш. Сәтбаева, М. Мағауин, Ш. Елукенов, М. Базарбаев, Х.Сүйншалиев ғалымдар қатысты.
Шәкәрім роман жазу үлгісінде қазақ қоғамындағы жеке бас бостандығына, рухани дамуына, адами сананың өзі – тану үрдісіне көпшіліктің ортақ ойлау, жекелік жетілуіне бөгет болатын тұстарды шынайы түрде жазған.
Ш.Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романда көтерген тақырып жағы әр алуан. Жеке адамның өзіндік жетілу жолдарына, бөгет болатын жағдайларды таныту мәселелерін көтереді., қазақ қоғамындағы даму жүйесіне кедергі келетін тұстарды көрсету болып табылады, махаббат мәселесін сөз ете отыра, оның астарында бүкіл қазақ қоғамының, ортаның кемшілігін талқыға салу, сол арқылы шындықты көрсету жазушының негізгі арқауы болды.
Жазушының көркем проза жанрындағы өзіндік ерекшеліктері туралы жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізілді дей алмаймыз. ХХ ғасрдың басындағы қазақ прозасы жазушының шығармашылығы, еңбектері сөзетілумен ғана шектеліп келеді. Қаламгердің көркем проза саласындағы еңбктері өте ауқымды. Шәкәрімнің мұраларын тереңдей зерттеу, жазушының әр шығармасының, әрбір өлеңінің, әр ойының түпкіріне үңіліп, жан-жақты саралап басты мақсат етуіміз керк.
Ақынның романда көздеген
мақсаты қазақ қоғамындағы
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеевтің, Міржақып Дулатовтың романдағы бас кейіпкерлер ретінде біріне-бірі ғашық ақылды да білімді қыз бен жігіт. Бірақ олардың бас қосып, бақытты ғұмыр кешулеріне кедергі көп, мүмкіндік жоқ. Қыз әлдекімге айттырылған немесе болашақ жары оған тең емес болып келеді. Қыз болса ата-анасының шешіміне, әдет-ғұрып заңдарына қарсы тұруға дәрменсіз күйде тоқалдыққа немесе өзі сүймеген біреуге ұзатылып кетеді. Бұдан соң ғашық болған мұңылықтардың трагедиялық тағдырлары суреттеледі жазушылардың шығармаларында осы сюжеттік желі сақталады.
Ал, Шәкәрім «Әділ-Мария» романында осынау қалыптасқан трафаретті бұзады. Романдағы кейіпкерлердің адами болмысы да, қоғамдағы орны да, тартыстың сыр-сипаты да өзгешелеу болып келеді. Романда әлеуметтік теңсіздік, бар мен жоқтың, күшті мен әлсіздің, бай мен кедейдің тартысы бірінші кезекте суреттелмейді тек қарапайым ғана өмір шындығын суреттеу арқылы ақын адамгершілік пен ар тазалығы, адалдық пен ынсап мәселелерін көтереді. Шәкәрімнің пайымдауынша, адамның әрбір іс-әрекетті осы ұғымдарға бағынуы керек. Адамдарды бай мен кедейге бөліп қарауға болмайды. Бай да кедей де түптеп келгенде адам. Адамды түрлі сапалық топтарға бөлетін материалдық жағдайы емес, іші әлемі, жан дүниесінің жай-күйі болуға тиіс. Шәкәрімнің романында алға тартылатын басты идея, негізгі көркемдік шешім осыған саяды. Жалпы адамгершілік мәселесі Шәкәрімнің бүкіл шығармашылық табиғатына тән тақырып деуге болады.
Шәкәрімнің шығармашылық мұрасымен таныстыру бағытында, жалпы қасиеттерін саралау, ақынның ұлттық әдебиеттегі орнын айқындау мақсатында зерттеліп келеді. Ендігі жерде, Шәкәрім мұраларын тереңдей зерттеу кезеңі туды. Шәкәрімнің әрбір өлеңінің, әр ойының түкпіріне үңіліп, тереңде жатқан дәнін аршып, нәрін айқындау міндетін басты мақсат етуіміз керек.
Шәкәрімнің романдағы
мезгіл мөлшері дәл айтылып отырған. 1910 жылы наурыздың ортасы мен 1911 жылғы
мамырдың он бесінде дейінгі аралықта
фабула (лат.fabula-аңыз,әңгіме,
Романтизм тәсілі шығармада кеңінен қолданылған. Романтизм құбылысын терең тану үшін оның тарихи-әлеуметтік негізіне жіті назар аударып, әдеби бағыт ретіндегі романтизмнің тууына себеп болатын тарихи жағдайларды саралап алған абзал.
Романтизм құбылысын нақты-тарихи және гносеологиялық аспект тұрғысынан зерттеп-тануға болады. Романтизмнің әдеби бағыт ретіндегі бейнелеу өзгешеліктері сол тарихи дәуірдің талап-тілектеріне сәйкес, нақтылы кезеңнің қоғамдық, мәдени жағдайларына байланысты қалыптасты. Қоғамдағы тәртіпке наразылық, бостандық идеясы, төңкерісшіл рух, төңкеріс жаншылғаннан кейінгі ахуалға көңілі толмау сезімі батыс әдебиетіне романтизмді алып келді. Қазақ топырағында буржуазиялық төңкерістер болмағанымен, романтизмнің өркендеуіне қазақ даласына буржуазиялық қарым-қатынастардың орнығуы, ұлттық сана мен жеке тұлға сана-сезімінің оянуы, халық рухының, қоғамдық сананың жаңа деңгейге көтерілуі әсер етті. Қазақ романтизмі, ең алдымен, қазақ әдебиетінің өткен дәуірлерінен бастау алады, яғни романтизмді көркемдік ойлаудың типі ретінде ұлттық ойлау жүйесінің ерекшеліктерімен түсіндіруге болады.
Романтизм әдеби бағыт ретінде белгілі дәуірмен, нақты тарихи жағдайлармен байланысты болса, көркемдік әдіс ретінде әлдеқайда кең мағына береді. Академик З. Қабдолов әдістің қайталанып отыратын тұрақты құбылыс екенін нақтылай отырып, романтизмді көркемдік әдістің біріне жатқызады. Әдебиеттануда романтизмді зерттеудің гносеологиялық аспектісі өнердегі романтикалық бастаудың өміршеңдігін, мәңгілігін терең негіздеуге мүмкіндік берді. Романтикалық шығармашылық түрі белгілі бір деңгейде суреткер тұлғасына, оның психикалық ойлау жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты. Романтизм – басқа әдеби әдістер сияқты болмысты бейнелеудің спецификалық бір формасы.
Романтизмнің әдеби бағыт ретінде, әрі көркемдік әдіс мағынасында қолданылатынын атап өткен жөн. Романтизмге тән бейнелеу тәсілдерінің ХХ ғасырда жаңа сипат алып, дами түскенін және романтизмнің «негізгі принциптері көркем өнердің табиғатына сай болғандықтан алдағы уақытта да қолданыла беретінін». Романтикалық бейнелеу тәсіліне тән негізгі ұстанымдар (романтикалық кейіпкер, романтикалық көтеріңкі леп, қақтығыс сипаты, қиялшылдық, қоғамға сын көзімен қарау, болмысқа наразылық білдіру) нақтылы тарихи дәуірдің шеңберінен тыс уақытта да болады.
Романтизм туралы теориялық
толғамдардың, пікірталастардың сан
алуандығын ескере отырып, тұжырымдай
айтсақ, романтизм – өзінің мазмұны
мен формасы жағынан
Қаламгер романының сыншыл реалистік немесе романтикалық, синтементалдық дәстүрден өзгешелігі – тарихи-әлеуметтік мәселені жалпы ұждандық тұрғыдан, қинала, толғана, көтеруінде. Ер мен әйел, кедей мен байдың теңсіздігіне қарағанда, рухани теңсіздігі, ұят теңсіздігі, жан қайшылықтары басты назарда болады. Махаббат үшін, адамдық үшін тозаққа төзіп, оқпен алысып өлген - Әділ-Марияның рухы жоғары, жұлдызы биік. Сойқаншының беті қара, жаны азапта. Тартыстың шешімін уақыт ұсынбақ. Уақыт - әділеттің азаткері. Рахымшыл, азапқа толы жан әлемінен екі дүниенің бар құпиясын тесіле зерттеген дана Шәкәрім тағы бір шерлі жасын сүртеді. Ақиқат іздейді, ол мәңгілік мұнарына жол сілтейді.
Шығарма соңында жазушының өмірі, әділет, парасатты бейне туралы ашық толғанысымен аяқталған. Бұл – философиялық трактатқа ұқсас үрдіс. Қиял-ұғымы қиырды шарлаған, өзіне-өзі сауал беріп, жауап іздеген қаламгер өзінше ойға жүгінеді: «Бізше адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі-адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуы керек [10.541-б.]. Барша жаманат атаулының көзі «нәпсі, өзімшілдік, мақтан» екенін нақты атау адамшылық, мәселесін ой, тәжірибеге қоса сұңғыла түйсік, сезгер санамен пайымдау ерекшелігін аңғартса керек.
Роман жанырына қалам тартқан Шәкәрім бүкіл поэзиясы мен қара сөзіне, ғылымына өзек болған пікірлермен дәстүрлі ғашықтық трагедия мысалы бойынша проза заңдылығына сай өзіндік оқшау шеберлікпен кестелейді. Ол–өлі сөз емес, жанды әлем, әрекет-сезім жалынына орнаған жоталы – жонды мінез, тартыс – жалтарыс емес, қанды айқас, қайғылы шешімге әкелер тіршілік тасқынына ұқсас. «Әділ-Мария» – ұлы адамның бейуақыттағы терең күрсініс демі, кең дүние мағынасына деген кепілді күмәні мен азапқа толы қажыған үміт.
Роман кемеліне келген, ақынның мол тәжірибе жиған шағы. Алайда түрлі қоғамдық, әлеуметтік және шығармашылық мәселелерге байланысты бұл романның қолжазбасымен қаламгер алаңсыз айналыса алған жоқ. «Әділ- Мария» ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі игі көркемдік ізденістерді таныта алатын романдардың бірі. Романда болған уақиғаның уақыты мен орны, қатынасқан адамдар түгел аталады. Қаламгердің уақиға желісін сақтай жазуға ұмтылғаны аңғарылады., алайда замана, уақыт тілін түсіне алған Шәкәрім Құдайбердіұлының өз толғамдары мен ой әунедері де аз емес.
Шәкәрім Құдайбердіұлының
«Әділ мен Мария» романын жазған
уақытта социалистік
«Кәрі Шыңғыстау! Адам жерге ие болғаннан бері қарай сенің көрмегенің жоқ. Шыңғыс. Темір сияқты талай–талай сайып қырандарыңды қолыңнан жөнелттің. Сенде талай адамның құмары қанып, қуанғаны да болады, жүрегі жанып суалғаны да болады. Талай–талай талпынған жас жүрек мұратына да жетті. Талай бақытсыздың жарық күніндей үміті үзіліп кетті. Сенде неше түрлі ел дәурен сүріп, аң аулап, мал бақты. Сенде талай–талай сабаздың қаны судай да ақты. Ай мен күндей ажарлы сұлу, қыршын жастарды да, арыстан жүрек айнымас батырларды да, әлемнен озған алаяқ, аузынан бал тамған шешен билерді де жерошақтай жер қазып, үңірейтіп бауырыңа көміп жатсаң да, бақайыңнан келмей түк көрмегендей –ақ маңқиып тұра бересің – ау! Онымен де қоймай, қысқа күнгі күн батысқа қарай керегендей жайылған кең қолтығыңды ашып үңірейтіп: «Кел-кел! Тағы менің қолтығыма кіріп, біресе рахат, біресе бейнет көріп, аз күн арпалысып өтетінің келіңдер! » – деп үнсіз даусыңмен шақырып тұратыныңды қайтермін!»....[10.493б]. Бұл экспозиция – бастаудың өзі қыз-жігіт арасындағы уақиғадан өзге өлшемдерді көрсетеді, ал хронотоп өзнеше.