Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 17:40, курсовая работа
Зерттеу жұмысына сипаттама. Әдебиеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен жазушылардың қалдырған мұрасына қайта үңілу, оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік. Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлылығын айғақтайтын басты белгі болып табылады. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген.
Кіріспе ................................................................................................................8
1 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романының зерттелуі..........11
2 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағы басты
кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы ...............................................................25
3 Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі.....................................41
4 4 Шәкәрім шығармаларын орта мектепте меңгерту әдістемесі..........62
Қорытынды .....................................................................................................75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................78
Мазмұны
Кіріспе ..............................
1 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романының зерттелуі..........11
2 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағы басты
кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы ..............................
3 Жазушының көркем шығарма
жасаудағы тілі..........................
4 4 Шәкәрім шығармаларын орта мектепте меңгерту әдістемесі..........62
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі ..............................
Кіріспе
Зерттеу жұмысына сипаттама. Әдебиеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен жазушылардың қалдырған мұрасына қайта үңілу, оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік. Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлылығын айғақтайтын басты белгі болып табылады. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген.
Диплом жұмысында Шәкәрім Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романының зерттелуіне, романдағы басты кейіпкерлер бейнесінің жасалуына, жазушының тілі, стилі шеберлігіне сипаттама беріледі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ш.Құдайбердіұлы жетпіс үш жасына дейін өзінің көп жылдар бойы қаламгерлік тұғырында қазақ әдебиетіне қалтқысыз қызмет етті десе болады. Ақын әдебиетіміздің көп жанрына еңбек сіңірді. Қазақ романдарын бүгінгі жеткен биігін сөз еткенде, Ш.Құдайбердіұлынсыз елестету мүмкін емес. Әсіресе, ақынның «Әділ-Мария» тақырыбына қалам тербеген және дастандары жайында жазған, бүгінгі замандас өмірін бейнелеген туындылары – әдебиетіміздің қымбат қазынасына қосылған елеулі үлес болып табылып, жазушының әдебиеттегі орнын одан сайын биіктете түседі.
Ол – қазақ әдебиетінің аса талантты қаламгері, әдеби тіліміздің дамуына, кемелденуіне ерекше үлес қосқан жазушы. Оның қаламынан қазақтың көптеген поэмалары, дастандары, өлеңдері, мақалалары қайта жаңғырып, құлпырып шықты. Кен іздеген барлаушы секілді Шәкәрім халық тілінің тереңде жатқан неше алуан қазынасын таба білді. Ол әдебиетімізге сөз қолданудың сан салалы үйлесімді үлгілерін әкелді. Шәкәрімнің әрбір шығармасынан маңызды оқиғалар, қызғылықты характерлер ғана табылып қоймай, тіліміздің жаңа қырлары, мол мүмкіншіліктері таныла түседі.
Қаламгердің «Әділ-Мария» романындағы күрделі тақырыптарды дүниетанымдық тұрғыдан көркем бейнелеу үлгісін ғылыми саралау – бүгінгі қазақ романдарынан бастау көздерін анықтауға негіз болады. «Әділ-Мария» романы қазақтың ғана емес, жалпы адамзаттық ақыл-ой дүниесімен астасып жататындығымен құнды болып келеді. Шәкәрім Құдайбердіұлының көп қырлы шығармашылығы тақырыптық мазмұны, көркемдік болмысы алуан түрлі, әрі күрделі. Шәкәрімнің «Әділ-Мария» романы аумалы-төкпелі өмірге, трагедияға толы заманда ғана емес оған дейін де, бүгінгі күні де, адамзат үшін аса маңызды тақырып болып келді. Ақын қалам тербеген аса елеулі тақырыптарда қоғам, әлеумет мәселелері терең ойшылдықпен көркемделіп, философиялық және терең әлеуметтік мазмұнға ие болады.
Шәкәрім Құдайбердіұлының прозалық шығарма жасаудағы шеберлігін, дүниетанымын ашу – зерттеу жұмысының басты міндеті болып табылады. Жазушының адам, табиғат, заманды тұтастыра көрсетіп, көркем тілмен толымды образ жасауы диплом жұмысының негізгі өзегіне айналды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы әр түрлі ғылым салалары тарапынан зерттеліп, соңғы жылдары Шәкәрімтану жеке ғылым саласы ретінде біршама жетістіктерге жетіп, қалыптаса бастағаны белгілі. Шәкәрім болмысының күрделілігі мен оның қалдырған мұраларының сан салалы сипаты әр түрлі ғылым өкілдерінің назарын аудартып, тың ізденістер тудыруда. Шәкәрім шығармашылығының роман, дастандарымен ғана шектелмейтіндігі, философиялық тарихи дерек көздері мен ағартушылық-педагогикалық көзқарастарының жүйесін кешенді түрде зерттеудің, енді қолға алына бастауы заман үрдісінен туған қажеттілік.
Сондықтан қазіргі кезеңде Шәкәрім шығармашылығын белсенді зерттеумен әдебиетшілермен қоса, философтар, тарихшылар, педагогика және психология ғылымдарының мамандары айналысуда. 1975 жылы Ы.Дүйсенбаевтың ықпалымен «Краткая литературная энциклопедияның» 8-томына «Худайбердиев Шакарим» атты мақала енгізілсе, 1978 жылы М.Мағауин «Поэты Казахстана» деген жинақта ақынның бірсыпыра өлеңдерін жариялады.
Зерттеу жұмысының болжамы. Егер, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Әділ-Мәрия» романындағы басты кейіпкерлер бейнесі психологиялық тұрғыда өз дәрежесінде берілсе, онда Шәкәрім зерттеулеріне қосылған мол үлес болар еді.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романының ерекшеліктерін ашу үшін оның дүниетанымына бойлау, ақыл-ойын қалыптастырған негіздерін саралау, сол арқылы қазақтың болмысын келтіру болып табылады. «Әділ-Мария» романы мәңгілік тақырып – махаббатты жырлаудағы ой-сезімнің бітімі мен терең сезімі, психологизм өзгешелігі сарындарын шебер пайдалана білген қаламгерлік ерекшеліктерін саралау арқылы белгілі тақырыпты толғаудағы өзіндік өрнегін айшықтау. Ақын «Әділ-Мария» романындағы махаббат мәселесінің мәні жеке адамдар арасындағы сезім сипатынан ашып, адам мен жаратылыс арасындағы үйлесім табиғатымен бірлікте алынуы арқылы өмірдің түпкі мән-маңызын ұқтыруға бағытталатынын айқындау. «Әділ-Мария» романы қоғам мен әлеуметтің өзекті тақырыптарын саралау арқылы негізгі өзекті мәселелерді қозғайды.
«Әділ-Мария» романында табиғаттың болмысының айқын белгісі ретінде адам мен тылсымның арақатынасына бойлау, сол арқылы адамзаттың көнеден бүгінге дейінгі мәңгілік тақырыптары әсерінен махаббат ұғымының да аясы кеңіп, ол адамзатты, жалпы өмірді сүю ұғымына ұласатындығы дәйектеледі.
Зерттеу нәтижесіндегі негізгі тұжырым түйіні – «Әділ-Мария» романында махаббат, сүйіспеншілік сезімдерінің мән-мазмұнының тереңдеп, жалпы ғаламдық, адамзаттық ауқымда алынуы. Махаббат құдіретін адам жанын ізгілікке, мейірімге толтырып, сол арқылы оның бүкіл болмысына әсер ететін күш ретінде бейнелейтін сыршыл ақын бұл идеяларын да таныта бастады.
Ғылыми жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері. Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде қазақ әдебиеттанушылары ғалымдары ұсынған ғылыми еңбектер қолдандым. Зерттеу жұмысының объектілерін әдеби және романдарға талдау жасауда біз белгілі әдебиеттанушы-ғалымдар З.Ахметов, Ш.Елеукенов, Б.Майтанов, Б.Әбдіғазиұлы, Ш.Сәтбаева, С.Істілеува, Ә.Мұратов, З.Бисенғали, Қ.Мұхаметханов, М.Әуезов, Шалабаев, Ә.Тәжібаев, М.Базарбаев, М.Мағауин т.б еңбектері мен ой-тұжырымдары әдістемелік бағыт-бағдар ретінде пайдаландым.
Зерттеудің нысаны. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Әділ-Мария» романының ерекшеліктерін анықтау – романның көркемдік әсемдігін, терең ойшылдығын, сыншылдығы мен шыншылдығының табиғатын көрсету болып табылады. Зерттеудің дерек көзі ретінде Шәкәрім Құдайбердіұлының баспалардан жарық көрген шығармаларының жинақтары, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорларында сақталған құжаттары, Республика кітапханалары қорларында сақталған Шәкәрім шығармаларының қолжазбалары, Шәкәрім туралы оның туыстарының жеке иелігінен алынған түрлі қолжазбалар, деректер және естеліктер пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың негізгі нысаны ретінде Ш. Құдайбердіұлының шығармалары (1988), «Шәкәрімтану мәселелері» екінші, үшінші том (2007), Б.Әбдіғазиұлының «Шәкәрім әлемі» (2008) және тағы басқа зерттеулер және баспа бетінде жарық көрген ғылыми мақалалар пайдаланылды.
Зерттеудің әдістері. Әдебиеттану ғылымына тән кешенділік, жүйелілік, салыстырмалық, объективті-аналитикалық, тарихи тұрғыдан жүйелі талдау, жинақтау, қорыту әдіс-тәсілдері басшылыққа алынды. Сонымен қатар, отандық әдебиеттану ғылымының тұжырым байыптаулары, романның табиғатын, эпика жанрлары, дастан, поэмалардың жанрлық-стильдік, көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер дипломдық жұмысымыздың негізгі методологиялық әрі теориялық негізі ретінде қарастырылады.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, төрт бөлім, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Шәкәрім Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романының зерттелуі
XIX ғасырдың екінші
жартысы мен XX ғасырдың басында
өмір сүрген Шәкәрім Құдайберді
Өмірінің соңғы жылдары мен күндерін тауда жалғыз өткізіп жүрген жетпіс үштегі Шәкәрім 1931 жылдың 2 қазанында дүниеден кетті. Зұлымның, сұмның қолынан асыл адам қаза тапты. Қаныпезерлер оның сүйегін құдыққа тастайды, туыстары кейін мүрдесін тауып, жерлеген… Оған ұзақ жылдар бойы буржуазиялық ұлтшыл “Алаш” партиясының қызметіне, Совет өкіметін орнатуға қарсылар тобына – бай-қулақ элементтерге қатысы бар делінген кінә тағылды, атын айтуға тиым салынды.
Ақынның 1911 жылы тұңғыш кітабы «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» Орынборда басылып шықты, бірқатар туындалары 1912 жылы Семейде басылған ақынның «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмалары жарыққа шықты. Орыс ақыны А.Пушкиннен аударған «Дубровский әңгімесі» (1924 жыл), «Боран» шығармасы (1936 жыл) «Әдебиет майданы» журналында жарияланды. «Ләйлі-Мәжүн» дастаны «Шолпан» журналына басылып, кейінірек С.Сейфуллин басшылығымен жеке кітап болып шықты. Шәкәрімнің шығармашылығының қаншалықты қатаң қыспақты, шытырман шектеулерді бастан кешіргенімен ақынның ойлы да көркем жыр жолдары, өмір даналығын бойына мол дарытқан поэмалары, өзге де өрлі туындылары халықтың жүрегінен алыстаған жоқ. Шәкәрім жарты ғасырдан астам уақытында шығармашылық жолында, әдебиеттің барлық жанрларында қалам тербеді.
Шәкәрім Абайдың маңында жүріп, ұлы ақыннан шығармашылық шабыт дарытқан, өнеге үйренген, талантты шәкірттерінің алдыңғы қатарында болды. Қай жанрда, қай тақырыпта қалам ұстаса да Шәкәрім өз туындысына таңғы шықтай мөлдіреген шындық пен шыңыраудай терең ой дарыта білді. Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі халқымыздың сонау тарих тереңінен бүгінге жалғасып келе жатқан аса бай мәдени, рухани қазынасын түгендеу мен бағалаудың құрамдас бір саласы боларына дау жоқ.
Алғаш рет Шәкәрім шығармашылғын ғылыми тұрғыдан негіздеген Ә.Тәжібаев, Ш.Сәтбаеваның, М.Мағауиннің мақалалары жарық көрді. Шәкәрім мұрасына жан-жақты монографиялық деңгейде тұңғыш рет талдау жасап, баға берген Ш.Сәтбаеваның, ақынның поэзиялық мұрасын зерттеуге арналған Б.Әбдіғазиевтің кітаптары шықты [8.13-б.]. Шәкәрім сынды сан қырлы талант иесінің барлық жанрларындағы шығармашылық мұралары әдеби дәстүр мен жалғастық, көркемдік таным және уақыт сабақтастығы тұрғысынан тұңғыш рет қарастырылды.
Ш.Құдайбердіұлының шығармалары туралы пікір айту, зерттеу бүгін ғана басталған іс емес. Шәкәрімнің есімі мен әдеби мұрасы ақталып, шығармаларының жинақтары жарық көрген соңғы жиырма жылдың көлемінде, қазақ әдебиеттану ғылымындағы тың серпілістің бір арнасы. Шәкәрім мұраларының терең сырларына үңілуге, оның көркемдік табиғатын ғылыми негіздеуге бағыт алды. Шәкәрім Шығыстың ұлы шайырларының бірі Сағди шығармашылығының арасындағы сюжет алмасу дәстүрінің өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасады [8.15-б.].
Көркемдік әдіс – әдебиеттану ғылымындағы күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Әдебиеттің даму бағыттары, көркемдік таным арналары әдіс мәселесімен тығыз ұштасады. Өткен күн мұраларын бүгінгі күн биігінен қайта таразылаған тұста көркемдік әдістер, әдеби бағыт пен ағымдар мәселелері жан-жақты талқылауды, терең зерттеуді қажет етеді.
Шәкәрімнің прозалық шығармалары, жазушының прозашы ретінде қалыптасу жолын саралап көрсету мақсатында оның көркем прозаға барар жолдағы игі талпыныстары іспетті болған «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Үш анық», «Мұсылмандық шарты» сипатындағы трактат шығармаларына алғаш рет назар аударылды [8.16-б.]. Шәкәрімнің көркем аударма саласындағы еңбектері, шығыс әдебиетінің үлгісіндегі нәзирашылдық дәстүрдің Шәкәрім шығармашылындағы үздік көрініс болып табылатын «Ләйлә-Мәнжүн» дастаны. А.Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты прозалық шығармаларының ерекшеліктері, оларды аударудағы дәстүрлі аударма ауқымына сия бермейтін көркемдік ізденістер нәзирашылдықтың нысандары арқылы талданды. Шәкәрімнің артына қалдырған өлеңдері үлкен мұра болып қалды. «Жастық туралы» (1879 ж.), «Кәрілік туралы» (1879 ж.), «Жастарға» (1879 ж.), «Жаз келер» (1880 ж.), «Шын сырым» (1881 ж.), «Ашу мен ынсап», «Шаруа мен ысырап», «Анық пен танық», «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Махаббат пен құмарлық», «Дүние мен өмір», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу мен күндеу» т.б.өлеңдері жарыққа шықты. Шәкәрімнің дастандары «Қалқаман-Мамыр» поэмасы, «Еңлік-Кебек» поэмасы, «Нартайлақ пен Айсұлу» поэмасы, «Мұтылғанның өмірі», «Ләйлә-Мәжүн» поэмасы 1907 жылы жарыққа шықты.