Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 17:40, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысына сипаттама. Әдебиеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен жазушылардың қалдырған мұрасына қайта үңілу, оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік. Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлылығын айғақтайтын басты белгі болып табылады. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................8

1 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романының зерттелуі..........11

2 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағы басты
кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы ...............................................................25

3 Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі.....................................41

4 4 Шәкәрім шығармаларын орта мектепте меңгерту әдістемесі..........62

Қорытынды .....................................................................................................75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................78

Прикрепленные файлы: 1 файл

адил-мария.doc

— 524.00 Кб (Скачать документ)

«Әділ-Мария» романын  жазудағы мақсаты, идеясы тереңде. Шәкәрім  Шыңғыстау қойнауында өтіп жатқан сансыз уақиғалардың бірін ғана алып, соған мәңгілік өмір, адамзат философиясы тұрғысынан қарайды. Сезім орнаған ой ағысын, тебіренісін көркем образға көшіреді. Шыңғыстауға бағытталған монолог, диолог, лирикалық шегіністер мен ой-толғамдарына философиялық ойлар, образға бөлер түрлі психолхгиялық, пейзаждық параллельдер сұрақтарға көп кездеседі.

«Әділ-Мария» романында  синкретті (грек.sqnketismos-қосылу) сиапты мол. Лиризім философияға толы, авторлық монологтар уақиғаны баяндаудың түрлі  деңгейіндегі үлгілерімен қабаттасып келсе, диологті бейнелеудің үлгілерімен қабаттасып келсе, диологті бейнелеудің дәстүрлі драмалық, классикалық түрлері қатар қолданылады. Шеберлікпен суреттелетін пейзаж, адам портреттері, түрлі мінездер психологиясы, іс-әрекеттер суретімен аралас келіп отырады. Баяндау ырғағы да үнемі өзгерісте. Романның бір бөлімдері жүйелі түрдегі суретке көшіріле жан-жақты жазылса, екінші бір бөліктері мүлде жалаң баяндалады. Романы туралы сын, зерттеу мақалаларында көбіне шығармада бейнелейтін тағдырлар тарихы туралы айтылады.  Негізінде, роман берекетсіз тірлік кешкен бозбалалардың бос қалжыңынан басталған бәсекенің адасу трагедиясына ұласу тарихы туралы қаламгерлік толғам.

1912 жылы Семей қаласындағы  «Жәрдем» баспасынан көрген «Қалқаман-Мамыр»  поэмасы ХІХ ғасырдың аяғында  туған. А,л «Еңлік-Кебек» Абай кеңесі бойынша ұлы ақынның көзі тірі кезінде жазылған. «Қалқаман-Мамырды» автор тарихы хикая деп атаған. Бұл жанырлық анықтаманың дұрыстығына шүбә келтіруімізге болмайды. Шығарманың оқиғасы ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінде, жоңғар шапқыншылығы қарсаңында болады. Тарихи фон поэма қаһармандарының қай тұста өмір сүргенін бағдарлау үшін ғана емес, трагедияға эпикалық құлаш та бітіріп тұр, Мамыр сияқты сүйген жарын өлтірген, өзін оққа қиған руластарына өкпелі Қалқаманның туған ортасын тастап қашу – поэманың негізгі идеялық-көркемдік ұйытқысы және дүние жүзілік әдебиетте сирек кездесетін шешім. Мұны ең әуелі сол заманның Көкеней сияқты ел билеушілері орнатқан қатыгез тәртіпке қарсылық, оны айыптау деп түсіну керек. Бас қаһарманы Қалқаманның назарлығына автор да ортақ. Тарихи оқиға поэманың трагедиялық интонациясын күшейтеді дейтініміз сондықтан. Нағашы жұртына қарай атының басын қойған Қалқаманды елінің іздеу салуына жоңғар ойраны салдарынан мұршасы келмей қалады Бейбақ жастарға іштей тілектес Әнет бабаның өзі бір төбенің басына қалып қояды. Осының бәрі шығарманың мұңды сарынын күшейте түседі.

Ал, «Еңлік-Кебек» – лирикалық  поэма. Мұнда тарих ролі оқиғаның қай кез болғанын хабарлаумен  шектеледі. Шығарма сюжетіне романтикалық сарын араласқан. Нысанбай абыздың Кебекке ашқан балы, биік қабақ, сұрша қызбен кездессе бақытсыздыққа душар болатынын алдын ала болжауы, бірақ Еңлік пен Кебек кездескеннен кейінгі жерде  тағдырға көнбестік, шарасыздық мотивтері кейінгі жерде ысырылады. Шәкәрімнің бір табысы – трагедияны, Еңлік пен Кебектің қайғылы қазаға ұшырауынан әлдебір рудың мойнына қоймай, патриархалдық сананың байланыстыруында болса керек.

Шәкәрімнің шығармашылығында ерекше ден қоятын тақырыбы – ғылым. Өмірінің соңына дейін оқу мен  ізденіске, дүниенің терең тылсымына мән беріп, ой жүгірткен ақын ғылымның маңыздылығына айрықша мән берген. Ш.Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романы – қазақ әдебиетіндегі қазақ әдебиетіндегі роман жанрына қосылған үлкен үлес, өз заманының жүгін аброймен төтере білген, уақыттың сынынан, сүрінбей өтіп халқымен қайта қауышқан асыл қазына. 

Қаламгер шығармасының  сан алуан суретке толы, өмір құбылыстарын көркем айшықтаған күрделі сала. Ақынның  сырларына үңіліп, философиялық, психологиялық, тарихи себептерін ашу әлі талай  зерттеулерге негіз болары анық. Біз өз мақстамыз тұрғысынан ғана ой тұжырымдар түйіндедік. Ал, Ш.Құдайбердіұлы мұрасы туралы ой толғаныстарының жөні бөлек. Әсіресе, ширек ғасырдан астам уақыт бойы ақын шығармаларының ақталу ісінің тарихы туралы сан мәрте өткен пікір алысулар, кеңесулер, ой қорытулар, ұсыныс беру тұстарында басы-қасында болған. 1966-1969 жылдарда М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Шәкәрім шығармаларын түбегейлі жинап, зерттеу жұмыстарын жүргізіпті. Ғылыми үйлестіру мәжілісінде қазақ әдебиетінің шоқтығы биік санаткерлері Сәбит Мұқанов, Ісмет Кеңесбаев, Ысқақ Дүйсенбаев, Жұбан Молдағалиев, Ісләм Жарылғапов, Серік Қирабаев, Зәки Ахметов, Зейнолла Қабдолов және Мүсілім Базарбаев ақын мұрасын кешеуілдетпей жарыққа шығару, халық кәдесіне асыру керек деп тапқан.

Соңғы жылдары жазылып  жатқан зерттеулерден ақын прозасынының мәңгілік құндылықтарын аңғаруға болады. Шәкәрімнің «Әділ-Мария» романын зерттеу мәселесі  қазақ әдебиетінің туу, ер жету, қалыптасу процесімен тығыз байланысты. Зерттеулер мен пікірлер романның өзіндік ерекшеліктерін, жазушының тілін, стилін, өзге романдар мен сабақтастығын атап көрсеткен. Қазақ әдебиеті өзiнiң бүкiл даму барысында күрделi де қайшылықты жолдардан өттi. Бүгiнгi қазақ ұлттық әдебиетi өсiп-өркендеген көп салалы, көп жанрлы, көрнектi авторлары бар, әлемдiк әдебиет деңгейiне көтерiлдi. Жазушы өмірінің соңына дейін қаламын тастамай, әдебиетке өз өрнегі мен үлгісін қалдырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Ш.Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романындағы басты кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы

 

Қазақ романтикасының қалыптасу, даму тарихында ХХ ғасырдың бас кезіңдегі  эпикалық шығармалар айрықша орын алды. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамалдан»  кейін 1912 жылы жарық көрген қиял ғажайып  оқиғалары көп Тайыр Жомартбаевтың  «Қыз көрелігіндегі» Ғанижамал образына Міржақып Дулатовтың оқыған, зейінді, әсем де асыл жары белгілі бір дәреж де прототип болуы қайран қалдырады. Бұл екі шығармада да сыншыл бағдардан гөрі таза гуманистік әуен басым жол көрсету, кесіп айтуға қарағанда бірінде наз, екіншісінде тіпті де оқшау шешім, қанағат сезім күшті болып келеді.Ал С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», «Кім жазықты?», С.Көбеевтің «Қалың мал» әлеуметтік өмір сырын ашына, күле, мысқылдаудан  құралған.

ХХ ғасырдың басындығы  жанрлық көркемдік ізденістердің  нәтижесінде туған шығармалардың бірі, Ш.Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романы болды. Азды көпті кемшіліктеріне қарамастан «Әділ-Мария» кезінде қоғамдық ой пікірді жиі көтеріліп отырған бас бостандығына ұмтылыс, әйел теңдігі мәселелеріне үн қосқан құнды шығарма. Романда табиғат пен адамның тығыз бірлігі шынайы суреттеп жазылған. Романдағы кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, көңіл-күйін, мінезін бейімделуін, сондай-ақ табиғатты Шыңғыстауды кейіптеу тәсілімен жан бітіргендей етіп көрсеткенін анық байқаймыз. Шыңғыстау бауырында, маңайында болып жатқан жай-жағдай, оқиғаларды біліп, сезіне алатындай әсер туады да, шығармаға тән психлогизм, лирикалық сарын күшейе түседі, «Әділ-Мария» романы өз заманының идеялық, әлеуметтік көркемдік эстетикалық жүгін көтерген, сол дәуірдің рухани қажетінен туған роман. Сол кездегі әдебиеттегі адам мәселесі, оның тыныс тіршілігі ой-санасы, әлеуметтік рухани бостандығы, қоғамдағы орны, проблемалар бірінші кезекте тұрды.  Басқа жанрларға қарағанда тұңғыш дүниеге келген, алғашқы қадамдарын жасаған қазақ романдарының барлығы, адам мәселесі төңірегінде тақырыпта қозғайды.

«Бақытсыз Жамалдан»  бастап, «Қыз көрелік», «Мұңлы Мариям»  романдарының қай қайсысы да қазақ  қоғамындағы адамның бостандығы, әйел теңдігі мәселесін көтереді. Қазақ қыздарының бас еркіне салынған тұсау, ғашық жастардың тағдырындағы трагедиялық ахуал дәл осы тарихи дәуірде ғана пайда болған, бүкіл халықтың болмыс бітіміне сіңіп кеткен әдеп-ғұрыптық дәстүр деп айту қиын. Бұл арада негізінен қазақ ежелден-ақ қыздарын малға сатқан, өз перзентінің тағдырына материалдық игілік тұрғысынан ғана қараған деген тұжырым тумау керек. Қазақ қай заманда да аруларын ардақтап, қыздарын көркіне балаған. Десек те, махаббат жолында құрбан болған Жібек пен Төлеген, Еңілік пен Кебек, Мамыр мен Қалқаман, Жамал мен Ғалия, Қамар мен Ахмет, Әділ мен Мария тағдыры ел арасында қаншалықты көп кездессе де, ол жастар ешқашан жанашырсыз, жалғыз қалған жоқ. ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиетіміздің көтерген сан алуан тақырыптарының қатарына әйел теңдігі, қазақ қыздарының әдет-ғұрпы, еріксіздігі, махаббат трагедиясы мәселелерінің қозғалуына белгілі бір объективті, субъективті факторлар себеп болғаны анық. Ең алдымен, қандай қаламгер болсын шығарма жазғанда өзі көргенді, естігенді, өзіне етене таныс жайларды басты назарға алады.

ХХ ғасырдың басында қадамын жаңа бастаған қазақ прозашылары, романшылары үшін ең жақсы таныс шындық ауыл өмірі, ел тынысы еді. Жазушылардың бәрі сол ортадан шығып, ондағы болып жатқан әлеуметтік психология ахуалында көрді. Сол себепті қаламгерлердің қаламына да бірінші ел көріністертері ілікті.

ХХ ғасыр бұл кезең  саяси-әлеуметтік төңкерістердің ғана дәуірі болып қойған жоқ, адамдар  санасындағы түрлі жаңғырулар мен  күресу заманы болды. Бостандыққа, еркіндікке ұмтылу өріс алды. Жазушылар да тарих ұсынған осы жағдайларды дер кезінде аңғартуға тырысты. Жаңа дәуірдің  идеологиясының өзі  жазушыларды осы тақырыпқа баруға итермеледі. Соның нәтижесінде адам бостандығы ой мен еріктің азаттығы сияқты мәселелерді көрсетуге келгенде қазақ прозашылары сөз жоқ, әйел теңдігі тақырыбына жүгінеді, әрине тақырып бір болғанмен әр шығармаға арқау болған көркем тартыс, характерлер сипаты әр алуан. Алғашқы романдарда кейіпкерлер болған жастардың бойында пәк сезімге деген адалдықпен қатар күрескерлікте, тағдырға мойынсұнушылық та, әрекетсіздік те, бәрі-бәрі байқалып жатады.

ХХ ғасырдың басында  қазақ романдарындағы қазақ жастарының трагедиясы да осы қалыпта суреттелді. Атап айтатын болсақ, оларда бас  кейіпкерлер ретінде бірде-бірі ғашық, ақылды әрі білімді, көзі ашық қыз бен жігіт, бірақ олар қосылуға, армандарына жетуге дәрменсіз. Қыз өзге біреуге айттырылған немесе әке-шешесі қалың малға ұзатуды ұйғарған. Қыз ата-ананың шешіміне әдет-ғұрып заңдарына қарсы тұра алмай, қатыны өлген шалға, тоқалдыққа немесе өзі сүймейтін адамға ұзатады. Бұдан соң қыз бен жігіттің қор болған, ақыр аяғында өлім құшқан тағдыры баяндалады.

Шығармаларындағы кейіпкерлер  образдарын жасау қаһарман бейнесін сомдаудағы Шәкәрімге тән ерекшеліктердің  бірі  атап айтқанда, философиялық пайым мен әлеуметтік астарлылықтың сырларына ғылыми негіздеме, қазақ әдебиетінде негізгі орын алатын. Роман жазу үлгісінде қазақ қоғамындағы жеке адамның жан бостандығына, рухани дамуына, адами сананың өзі – тану үрдісіне көпшіліктің ортақ ойлау, салт-дәстүрді көлденең салып, жекелік жетілуіне бөгет болатын тұстарды шынайы түрде жазады.

Қазақ романдарында әлеуметтік теңсіздік мәселесі алғашқы кезекте  қозғалатын «Әділ-Марияда» жалпы адамгершілік ынсап ахуалын, жеке адамға хас ізгілік  пен сұрқиялықтың қайшылық қырбайылығын күйттеу басым. Әділ, Ғали, Әбдірахман, Қожаш тәрізді оқығанымен, жоқшылық зарын тартушы емес. Олар тек өз ғашықтарына қосылуды армандайды. «Әділ-Мария» романында бас кейіпкерлері – қарапайым шаруа жігіт Әділ мен кедей қызы Мария. Екеуінің  ата-аналары көзі тірісінде бір-біріне құда түсіп, екі жасты атастырып, үй қылуды арман еткен. Ата-аналары балаларының бас қосып, түтін түтеткенін көре алмай көз жұмған. Марияның атастырылған жеріне наразылығы жоқ. Басын қосқан екі мұңлықты қосуға бата қылған үлкен отбасылырының Жақсыбай мен Бақтыбайдың, Марияның анасының бұл өмірден кетуі. Әділ мен Марияның ажар, ақылынан басқа да негізгі қасиеттері адалдығы мен өжеттігі, байлық пен зорлыққа иілмес өркеуде намыскерлігі. Егер түбін барласақ, бұл ежелдегі Қозы мен Баян хикиясындағы жайттарды еске салады.  Мұндағы Қарабай қыздың кіші ағасы Үсен, әрине Үсен өз деңгейіндегі ғана адам. Айта кетер сараңдығы да «Бақытсыз Жамалдағы» Сәрсенбай тәрізді қорқақтығы да жоқ, тек Төребек болыстың ұлы Еркінбекпен қайыра құдаласуды бір замат дәреже санайтындай. Пендешілік, күпірлік арада жүрген жантық Шешенбай сұм, Үсеннің әйелі Жәмиланы өз арбауына түсіру, мақсатында Шешенбай  қолыннан келгенін аямайды. Романдағы мінездердің өсу жолын іштен әдіптеу көзделмеген, бірақ сырт жағдаяттар үлкен өзгеріс сыңайын байқатады.

Роман сюжетінің дамуы  атастырылған Әділ мен Марияның ержетіп, күйеу мен қалыңдық болып қосылғаны. Оқиғаның  негізгі шиеленісі Төребек болыстың баласы Еркінбектің бұрынғы қалыңдығынан бас тартып, енді Марияны алып қашу әрекетін жасайды. Сюжет оқиғасының шарықтау шегінде ұрлық істейтіні, істеді деп жала жабылып Әділ абақтыға жазықсыз қамалады. Мария қайғыдан қан жұтып ауырып қалады. Түрмеден қашып қайта оралған, Әділ Марияға қосылғанымен, озбыр болыс Төребектің баласы Еркінбектің қолынан екеуі де қаза табады. Сюжеттің негізгі шешімі мөлдір махаббат, сезімнің мәңгілік сақталуын, беріктілігін дәлелдеу. Шәкәрім кейіпкерлерінің адами болмысы да, қоғамдағы орны да, тартыстың сыр сипаты да өзгешелеу. Мұнда әлеуметтік теңсіздік бар мен жоқтың, күшті мен әлсіздің, бай мен кедейдің, тартысы, бірінші кезекке шықпайды. Әділ мен Марияны қарапайым өмір шындығымен  суреттеу арқылы Шәкәрім өзінің шығармашылық табиғатына тән тағы бір қасиетін көрсетеді. Адамершілік, тазалық, адалдық, ынсап ұғымдарын баса айтады. Шәкәрім романда адамның әрбір іс-әрекеті мен ой пиғылы  осы ұғымдрға бағынуы керек. Адамды түрлі сапалық топқа бөлетін материалдық жағдайы емес, ішкі әлемі мен жан дүниесі болуға тиіс. Шәкәрім романда ең бірінші ерекшелік осыған саяды.

Кейіпкерлер негізінен ата-анасынан ерте айрылған, көздері тірісінде құда түсіп кеткен. Бірақ олардың бас қосып, түтін түтеткенін көре алмай көз жұмған.

...Көктемгі дала. Ел  жайлауға көшіп, дала төсіне  бырталай қонып жатыр. Марияның  екі ағасы Асан мен Үсен  де осы қарбалас құшағында. Бұл тұста Жақсыбайдың жалғыз баласы Әділдің ауылы. Міне, дәл осындай күндердің бірінде жігіттің досы Серікбай мен қыз жеңгесі Зылиқа Әділ мен Марияны жақынырақ таныстырады.

Мына бір тұста Төребек  болыстың ауылы. Ішер асқа тойып, қымыз  буымен есірген орта. Болыстың баласы Еркімбек және оның досы Шешенбай да Мариямен танысудың жолдарын қарастыруда. Үсен мен Еркімбек төс қағыстырып дос болып, құдалықтың азын-аулақ ырымын да жасап қояды. Бірақ мәселенің шешімін күзге дейін, болыс сайлауы аяқталғанша шегере тұруға уәде қылысады. Ондағы ойлары – алда-жалда бұл келісімнің кесірген ағайын арасы бүлінсе, күзде болғалы тұрған сайлауда Төребек дауыс жинай алмауы мүмкін. Оның болыс болып қалар-қалмауына сенім болмай қалуы ықтимал. Еркімбек о баста осының барлығын ойлайды.

Осы тұста жазушы патша  өкіметінің әкімшілік басқару реформасының салдарынан қазақ ортасына жайып  кеткен партияшылдықты, билік құмарлық, жағымпаздық пен алауыздықты, жікке бөлінушілікті, қоғамдағы адамдарды аяусыз әшкерелейді. Еркімбектің ойы басқа болса да, ал оның әкесі Төребек болыс азулы да ауқатты құдасынан қаймығады. Еркімбекке қалыңдық іздеп, бай ауылмен құда болғанда ол осы мансабының жайын ойлаған болатын.

Информация о работе Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі