Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 17:40, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысына сипаттама. Әдебиеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен жазушылардың қалдырған мұрасына қайта үңілу, оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік. Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлылығын айғақтайтын басты белгі болып табылады. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................8

1 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романының зерттелуі..........11

2 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағы басты
кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы ...............................................................25

3 Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі.....................................41

4 4 Шәкәрім шығармаларын орта мектепте меңгерту әдістемесі..........62

Қорытынды .....................................................................................................75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................78

Прикрепленные файлы: 1 файл

адил-мария.doc

— 524.00 Кб (Скачать документ)

«Әділ-Мария» романында  синкретті (синкретизм грек. sqnkretismos - қосылу) сипаты мол. Лиризмі фиолософияға толы, авторлық монлогтар уақиғаны баяндаудың түрлі деңгейдегі үлгілерімен қабаттасып келсе, диологті бейнелеудің дәстүлі драмалық, классиклық түрлері қатар қолданылады. Шеберлікпен суреттелетін пейзаж, адам портреттері, түрлі  мінездер псиологиясы, іс-әрекеттер суретімен араласып отырады. Баяндау ырғағы да үнемі өзгерісте. Романның бір бөлімдері жүйелі  түрдегі суретке көшірме жан-жақты жазылса, екінші бір бөліктері мүлде жалаң баяндалады. Әсіресе, романның соңғы бөліктері:

Қазақ ауылының тірлігін суреттеуде де Шәкәрім өзге, тосын тәсілдер қолданады. «Ауылдан шыққан жалаңаш балалар да құлағына қолын басып-басып алып қозының, қойдың шулаған даусын бірісе ащы, біресе күңгірт естіп, у-у дегізіп, санаға өзін-өзі шапалақтап, бір салып қозының алдында қарай жөнелді.

Шекті қоңыр үйден  шыққан қартаң адам таяғын алып, дөңге  шығып, жамырап жайылған қойдың алдынан  «шайт-шайт» деп тұр. Міне дәл  осы кезде сен, Шыңғыстау, бауырыңа жапқан қара шымылдық сияқты көлеңкеңді төстегі елге түсіріп, сенің соныңды  білгендей-ақ қымызға тойып алған тапалдау қара қойшы шидемнің бір жеңін белсеніп алып, үйден шыға келіп, қойдың алдына келіп тымағын лақтырып, қойды көген басына иіре бастады....»   

Өмірді дүниені көп  көрген Шәкәрім ешқандай өзге ел тірлігіне  ұқсамайтын, табиғаттың өз әніндей оның құшағында бейғам, өзінше өтіп жатқан өмір мәні туралы ойларына да қазақы тіршілікке орай баяндайды. Жазушы осы қазақы шындыққа бойлады, өзін оған деген толғамын белгілейді, өтіп жатқан уақиғалар мен тіршіліктің ішкі мәнін саналайды. Шығармада өскен орта мен адамдар арасындағы қарым-қатынастар сипатын, уақиға арқауын бейнелеуге ұмтылу аңғарылады. Сондықтан да әлеуметтік уақиғалар да тиісті  деңгейде суреттеледі. Алайда, бұл проблематика да отызыншы жылдардан кейінгі романдардағыдай контрасты түрде емес, табиғи қалыпта. Мәселен, айтқаны болмай қалмайтын Еркімбекте ғана емес, оны қайта-қайта айдап салып отырған Шешенбайда, жөнсіз зорлыққа мүмкіндік беріп отырған әкесі, болыс Төребекте. Еркімбек үшін Марияның рухани дүниесі, өмір туралы көзқарас талғамы, тілегі бар адам емес. Ендеше Марияға ие болу тізгіні қызда емес, үлкендерде, аға-жеңгенің, әке-шешесінің ризашылығында. Мұндай көзқарас тақырыптағы романдарда жиі кездеседі. Бұл қоғамдық санада ұзақ сақталған, әрі барша халықтарына да кездесетін көзқарас.

Уақиға ХХ ғасырдың басында 1910-1911 жылдары болса да Еркімбек, Шешенбайлардың салт-санасында әйел, қызға деген көзқарас «Еңілік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр»  кезіндегі қалыптан ұзамаған. Жастардың сүйгенімен қашып, артынан үлкен  дауға ұласуы, трагедияға айналуы қазақ әдебиетінде дәстүрлі тақырып. Ал, әулетті әкелері атастырып бірін-бірі қосылған жастардың, ерлі-зайыптылардың арасын, отбасын бұзу әдебиетіміздің тарихында сирек кездесетін нәрсе «Әділ-Мария» романда біреудің некелі әйелін зорлықпен тартып алмақ болу, жаңа қоғамдық қатынастарға байланысты мүмкін болып, отырғаны жүйелі түрде суреттеледі. Осыны  жақсы білетін Еркімбек ешнәрседен тайнбаса, әкесі мал іздейді. Пәленің бәрін заңдастыруды ойластырады. Сол заңдардың арқасыда Әділ отбасын трагедияға ұшыратып, екі бірдей адамды жазықсыз құрбан қылып, теңдік бермей кетіп жатыр. Жазықсыз жер аударылған, қашып келіп некелі әйеліне жолығып жүрген Әділ ресми үкімет алдында қашқын оны өлтірген Еркімбек өзін үкіметке қашқынды ұстаудға көмектеседі. Автордың мақсаты Еркімбектің жазаға ұшырағанын көрсету, дәстүрлі қазақ әдебиетіндегідей ақтық шешімді суреттеу емес. Мақсат өзгеде, шығарманың идеялық бағыты, тақырыптық мазмұны тек қана әйел теңсіздігіне, махаббатқа арналып отырған жоқ. Қазақ әйелінің қызының рухани әлемі, мақсаты сүйгені махаббаты бар қазақы ескі салт-сананың жаңа заманда да қандай сұмдық трагедияға апара алатынын көрсетуінде.

Романда май айының мамыражай  кешін суреттеумен басталады. «Май! Май! Әттең, май жұлдызы-ай! Сен жан-жануарлардың қайғысын ұмытқызып, бейіш ауасын жұтқызып, қабағын ашқызып, үмітін ілгері басқызып, тозбас өмір, таймас бақ бергендей алдайтының-ай!

Жан-жануардың,  адамзаттың да артын ұмыттырып, алдын ойлатпайсың-ау!...»  Бұл-тамылжыған табиғат құшағындағы  әдемі кештің суреті ғана емес, астары бар көрініс.

Осы кеште болыстың бұлаң, баласы Еркімбек қасындағы бозбалалармен  қымызға бөккен, қызыққа батқан. Өмірде өзге қызық, мақсат бар деп  ойламайтындай бір сәт. Осы ортаға Шешенбай келеді. Жылпос жігіт жай  келмей, лепіріп отырған топқа от ала келеді. Ерігіп отырған Еркімбекке ермек табылады.

Өмір құбылыстарын кеңінен  көрсеткен әлеуметтік маңызы зор  шығарманың көркемдік ерекшелігін  де ауқымды талдауды қажет етеді. Романда монолог, диалаг бір-бірімен  тығыз қабысып, шеберліктің әр алуан үлгісін бейнелейді. Жазушының диалог құру шеберлігі оқырманды бірден-ақ баурап алады.

Шешенбай мен Еркімбек арасындағы диолог өте мағыналы, талантты жазылған.

«Еркімбек: – Шешенбай, сен менің қалжыңыма ыза болмай, шыныңды айтшы? Шын маған лайық сұлу көрдің бе?

Шешенбай: – Мен көруін көрдім-ау, бірақ сен оның маңына да бара алмайсың, ол кімнің қызы деп  менен сұрамай-ақ қой! Құр ішқұса болып өлерсің! Егер мен Төребек  болыстың баласы болсам, осы кешке-ақ сол қызбен жақын болудың бабын  табар едім....»

Талайды көрген Шешенбай даңғойлау болыстың баласын қайрап салды.

«Еркімбек: – Ол қыз  айтқаныңдай болмаса қайтесің?

Шешенбай: – Айтқанымдай  сұлу болмаса, мына астымдағы бәйге  ақтабан сенікі. Егер айтқаныңдай  болып, сол қызға өзің маңайлай алмасаң  қайтесің?

Еркімбек: – Атыңның  бағасын берейін.

Шешенбай: – Атымның  бағасы бес құнды бие!Маған екі  құнды бие беремісің? Өзгешін  кештім!

Еркімбек: – Болды, берейін! Әкел қолыңды!

Шешенбай: – Әкелсең, әкел! Екеуі алысты да, Еркімбек қолын  жазбай тұрып бозбалаларға қарап:

– Жігіттер, бұл шын  серт! Бұған куә болыңдар!». Трагедия бастауы осы. Мұнда анық таптық, әлеуметтік сипат жоқ [10.497-б.].

Әкелері атастырылған қалыңдық пен күйеу қалыңдық ойынына дайындалуда. Бір қарағанда бейтаныс жандар тәрізді. Бұрын бірін-бірі көрмесе де көңілдері толған. Енді оңашада қалыңдық – күйеу болып алғаш рет кездеспек. Әділ мен Серікбай күнге қарап «Жарықтық, қашан батады» деп жаздың ұзақ түнін батыра алмай отырса, Әділдің келетін хабарын жеңгесін тосын естіген Мария даусы дірілдеп: «Жеңешетай-ау! Жүрегім лүпілдеп, тұла бойым ұйырғандай салқындап кеткені несі! Мен сенің айтқаныңнан шықпаймын ғой, бірақ жат кісінің қасына ...» – деп ол сөзін аяғын аяқтай алмай, кідіріп...

Жастардың кездесуін  туған толық ай да, Шыңғыстау да, автор да өзгеше хабарлайтындай. Міне, романтикалық кеште бұлардың жолына қақпан, басына тор құрылуда. Шәкәрім махаббат пен жауыздықты беймарал, бейтарап табиғат аясына суреттеу арқылы оқырман жүрегіне күдік ұялатады.

Осыдан бастап Еркімбектің, Әділ мен Мариия артына түсуі ақыры оларды өлтіріп тынуының тарихи романда шымыр баяндалады. Шәкірім шығарма сюжетінде сұрланып тұрған бір уақиғаларды созбаламай баяндаумен шектелсе, екінші бір тұстарда көлемді көріністерге орын береді. Шәкәрім романдағы Әділ мен Мария трагедиясына себеп болған жайларды ашып көрсетуге тырысады. Бетін қайтарған Еркімбек психологиясын кейде баяндаса, кейде бейнелеуге көшеді. Шығармада болып жатқан даңсыздыққа жол беріп отырған қоғамдық қатынастарды  ашып көрсетеді.

Әділ мен Мария уақиғасы Кәрі Шыңғыстау қойнауында өтіп жатқан көп уақиғалардың бірі ғана. Онда бақытты жандар тағдыры да бақытсыз жандар  трагедиясы  да қабаттаса өрбіп келеді. Шыңғыстау табиғат үшін бәрі бір, оның кең қойнауы бақытты тағдарға да сұмдық трагедияға да рахат пен бейнетке де куә, сансыз уақиғаларға тән.

Шыңғыстауға айға, май  айына бағытталатын толғамдарда  автор тілі дәстүрлі шығыс әдебиеті поэтикасына өте жақындайды. Уақиға құбылыстарды сезімдік эмоциялды, философиялық мәнге орай өсіре бояу баяндауға  көшкенде авторлық көркемдік идеялық ізденістер айқын көрінеді.

«Әділ-Мария» романы  туралы сын, зерттеу мақалаларда  көбіне шығармада бейнелейтін тағдырлар  тарихы туралы айтылады. Әйел теңдігі  тақырыбындағы  шығарма онда қоғам  қайшылығы, таптар тартысы аңғарылады деген пікірлер келтіреді. Негізінде бұл роман берекетсіз тірлік кешкен бозбалалардың бол  қалжыңнан басталған бәскенің адасу трагедиясына ұласу тарихы туралы қаламгерлік толғам.

Мысалы: шығарма құрылым  сюжеттік желіде орналасқан эпизоттарды  тау, ай, табиғатпен авторлық диологқа, монолгқа қабаттастырылған «фабула мен сюжет әр дүниенің басталуы мен аяқталуына қатысты мәселемен тығыз байланысты»,- деп ерекше ұшқыр ойдың кең айдыны Виктор Шкловский айтқандай: Жазушы да аталмыш көркемдік нұсқаға ерекше мән береді. Көркемдік баяндау құрылымы жағынан Әділ мен Марияның екі түрлі өзгешелігі айдай анық. Бірі – композициялық жүйедегі пейзаж қызметінің ауқымы болса,  екінші – диолог формасы пьеса үлгісіндей алуы. Диологта оқиға дамыту, тәсімінен кейбір мінездер сырынан мол хабар болса, табиғат дидары жазушының көкейтесті эмоциялық әсері мен жан толғаныстарын қоса ашатын псиологиялық бейнелеу тәсіліне айналған. Сонымен қатар төңірек (ландшафт) кескіні шығармадағы мекен-жай ұғымының басты қызметін атқаруға тиіс екенін түсінеміз.

Шәкәрімнің аһ ұрған кеудесін жарып шыққан арқылы сөздерге құлақ салмау қиын: «Кәрі Шыңғыстау! Адам жерге ие болғанна бері қарай сенің көрмегенің жоқ. Шыңғыс, Темір сияқты талай-талай сайыпқырандарды қолыңнан жөнелттің. Сенде талай адамның құмар қанып, қуанғаны да болды., жанып суанғаныда болды. Талай-Талай талпынған жас жүрек мұратына да жетті. Талай бақытсыздың жарық күніндей үміті үзіліп кетті. Сенде неше түрлі ел дәурен сүріп, аң аулап, мал да бақты. Ай мен күндей ажарлы сұлу, қыршын жастарды да, арыстан жүректі айнымас батырларды да, әлемнен азған алаяқ, аузынан бал тамған шешен билерді де жерошақтай жер қазып, үңірейтіп бауырыңа көміп жатсаң да, бақайыңнан келмей, түк көрмегендей-ақ маңқиып тұра бересің-ау! Сонымен де қоймай, қысқа күнгі күн шығыстан ұзақ күнгі күн батысқа қарай керегедей жайылған кең қолтығыңды ашып үңірейтіп: «Кел-кел! Тағы менің қолтығыма кіріп, біресе рахат, біресе бейнет көріп, аз күн арпалысып өтетінің келіңдер!» – деп, үнсіз дауысымен шақырып тұратыныңды қайтемін... »[10. 493-б].

Роман шымылдығын осындай терең тебіреніспен ашылса, бұдан да ашық, айқын күрделі байлам, толғанысып жабылады. Өмірдің тұңғиық сыры мен мұңын бар жанпейілі қапысыз түсінігі келетін философ ақын табиғат феноменін суреттемек қасіретті оқиғаның ең дана куәгері, ең әділ сарапшысына санаған миллирад ғасырдың кенже күндеріндегі еншісі алып тау кеше мен бүгін және болашық замандардың жұлындай тұтас қалпының керенау, кербез мәңгіліктің символы. Шәкәрім романда бүкіл шығарма бойына «кәрі  Шыңғсытауға»,  «сен» арқылы  жақын алысындай не алыс жақынындай бірде базына, бірде өкпе бірде сағыныш айта тікелей сөйлеумен болды. Шәкәрім тау құшағында халықтыр тарихындағы, пенделер тіршілігіндегі ұлы сәттер мен күйкі мезеттердің астасып жатуына, жүрекке батар зұлымдықты көргенде де, шарадан асар қуанышты көргенде де, әдетінен жаңылмай, міз бақпайтын табиғат тылсымына қайран қалуымен алдағы әркет, тартыс болмысының оқшау эмоционолдық күш мәнін меңзек.

Едәуір көлемді бұл  шығарманың жанрлық ерекшеліктері  идеялық көркемдік жағы қысқа  сөз етілгенде Әділ-Мария да қазақ проза таихында, Шәкірім творчествосында лайықты орын алатын құнды көркем туынды. «Әділ- Мария» романы ақынның лирикалық туындыларында, поэмаларында қойылған көркемдік шешімін тапқан тақырыптарымен мәселелерімен проблемаларын ой - туындылармен үндес, тамырлас. Шығармада қазақ ауылының 1910 жылы өмірі қамтылған.

Романында табиғат құбылыстарын ирреалды әлем деңгейінде қабылдау баяндаушыға  қаһармандарының сезімдеріне, көңіл-күйлеріне  барлау жасауға мүмкіндік береді. Баяндаушы санасындағы реалды және ирреалды әлемдердің алмасып келуі табиғатты мәңгілік ретінде тұтастай қабылдау танымын көрсетеді. Романда мезгіл мөлшері дәл айтылып отырған 1910 жылғы наурыздың ортасымен 1911 жылы мамырдың он бесінде дейінгі аралықтаа негізгі фабула желісі қамтылса, сюжеттік уақыт Шәкәрім қалам тербеген шақпен текетіресіп жатыр. Күн мен түнген тән бөліктер, белігі бір іс-жағдаятың заматтық шамасы (фразеолоиялық тіркестер арқылы) өту мөлшерін нақты пайымдау бар. «Әне», «міне», «міне, дәл сол кезде сен, кәрі Шыңғыстау», «міне осы іңірде туған толық ой» деген эсрессивті мағынадағы сөздер әрекет, сезім динамикасын әсерлі леппен бейнелеуге қызмет етеді. Сахара қауымына ортақ тұрмыс-тіршілік дағдылары, жер мен мал қамына аралас қам-қаракет нышандары, қыз бен жігіт кездесер, жортуылға шығар мезгіл сипаты немесе ғашықтардың қайда, қандай жағдайда, қай тұс, қай мекенде жалғасу көріністері этнографиялық нақыш, натуралистік айна-қатесіз бедерлермен көріктелгенін аңғарасыз.

Бұған дейінгі қазақ  романдарында әлеуметтік теңсіздік мәселесі алғашқы кезекте қозғалатын. Шығармада жалпы адамгершілік ынсап ахуалын, жеке адамға хас ізгілік пен сұрқиялықтың қайшылық-қырбайлығын күйіттеу басым. Әділ мен Ғали, Әбдірахман, Қожаш тәрізді оқығанымен, жоқшылық зарын тартушы емес. Маряның атастырылған жеріне наразылығы жоқ. Екі мұңлықты қосуға бата қылған үлкен отбасыларының – Жақсыбай мен Бақтыбайдың, Маря анасының бұл өмірден ерте кетуі себеп болды. Романдағы характерлердің өсу жолын іштен әдіптеу көзделген, бірақ сырт жағдайлар үлкен өзгеріс сыңайын байқата алады:

«Еркінбек ашуланып: –  Білдім, білдім! Басында мені алдап, малымды алған екенсің ғой! Кет  ауылымнан!»

Үсен: – Кетсем, кетемін! Құдай сақтар кімнің басы кімнің қанжығасында жүр? – деп атына міне жөнелді.[10.537-б.]. Әділді жалған жаламен жер аударып, соңынан өлдіге жорыған өтірік хат жіберткен, Маряны тірі жесір етіп, енді өзі тағы да күшпен иеленбек болған Еркінбек залымның арамдығын ұққан Үсен кесек мінез танытады, «жаным – арымның садақасына» көшеді. Әйтсе де бұл – кеш қылық. Бәрі өз өлшемімен таразыға тең тартылып жатса, Шыңғыс бөктеріндегі тағы бір аянышты трагедия жөргегін жұлқыламас па еді?! Кінәсіз қан төгілмеспе еді?! Жетім перзент ауа жұтып шытқырамас па еді?! Қаламгердің кең ойы да адамзат баласының соншалықты бейшаралығына, көңілдерінің тарлығы өмірлерінің қысқалығына налу, түңілу сарынымен тамырлас.

 Романда пейзаж  автор психологиясы мен кейіпкерлердің  ішкі өмірін бейнелеуде аса  зор рөл атқарады. Бірде «іңірде  туған толық ай дәл Марияның  қысылып ұялғандай қып-қызыл боп туса»[10. 501-б.] сол арқылы дала фонындағы кескін мен сезім дірілі арасындағы үш қатар үндестік топшыланса, кейінен ландшафт (төңірек) бедерінің ай қозғалысымен қатар жаңа рең алу сәті метафорлық ораммен сипатталса, бірде осы жарықтық ай екі ғашықтың танысу, сүйісу сырын айтып, шартты түрде сөйлеп кетеді [10. 504-б.]. Оқиғалық желі, лирикалық шегініс бар драмалық үлгі («сен, көрген жоқсың-ды») психологиялық дәйекдеме бар. Айдың куәгерлігін меңзеу нәтижесінді табиғат құбылыстарының қайталамалылығы өзгермелілгі тіршілік көріністернің әр алуандғы астармен түйінделеді. Пейзаж мезгілдік, мекендік, сюжеттік, психологиялық, міндетер жүгін авторылық баяндау және диалог репликсы түрінде қатар көтеріп тұрғанына,  назар аудару   ырғақты сазды тілмен келісті жазылған, жазушы прозасындағы шеберлік айшығын таныта түспек.

Әділ мен Мария махаббатына  қатысты тұстарда ана сәл иілгендей  табиғат кәрі Шыңғыстау кейпінде сан түрлі сорақы әрекеттерге  орай тасбауыр қалпынан айнымайды да, автордың көңіл-күйін шын қозғайды. Мұндай жағдайда да сюжеттік өрім мен тығыз байланыста, мекен шақ жағынан тұрақты табжылмас орта ретінде бой көрсетпек. Кейде Шыңғыстау қаламгер суреттемек ойдың шырмауына араласып, таза баяндаушылық іске ден қояды. Көші-қон жүрген жастың арманы жарлының тілегі, белді-бекемнің күпірлігіне келісім айтардай. Ел қуанышына кірбің қабақ байқатпастай.

Информация о работе Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі