Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 17:40, курсовая работа
Зерттеу жұмысына сипаттама. Әдебиеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен жазушылардың қалдырған мұрасына қайта үңілу, оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік. Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлылығын айғақтайтын басты белгі болып табылады. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген.
Кіріспе ................................................................................................................8
1 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романының зерттелуі..........11
2 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағы басты
кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы ...............................................................25
3 Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі.....................................41
4 4 Шәкәрім шығармаларын орта мектепте меңгерту әдістемесі..........62
Қорытынды .....................................................................................................75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................78
Адамдар арасындағы
бір-біріне деген шынайы қарым-қатынас
негізі оны сол ортада дұрыс
ұстап жүріп-тұруына ықпал
Егер сезіну барысында адам танылуы тиіс нысанның белгілі бір қасиеттері туралы дерек алатын болса, қабылдау сол тұлғаның немесе обьектінің тұтас бейнесін жасайды. Өйткені, қабылдау дегеніміз – адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер ету барысында обьектінің түрлі жеке-жеке қасиеттерінің бір жинақталғанын танытатын психикалық процесс [38, 32 б.]. Қабылдау өзіне тән тұтастық, константтық, құрылымдық, түйсіктілік және талғампаздық қасиеттерге ие. Шәкәрімнің өлеңдерін оқушыларға меңгерту кезінде кез келген шығармасын олардың қабылдап, өлең мазмұнын нақты оймен жеткізе білуі, идеясы мен тақырыбын дұрыс айқындай алуы, өлеңдегі не поэмаларындағы кейіпкер бейнесін толық сомдап шығуы аса маңызды. Ақын шығармаларын қабылдау негізінде оқушылардың танымдық ой-өрісі, адам бойындағы жағымды, жағымсыз қылықтарды түйсіне білуі, кез келген іске салыстырмалы түрде қарау, сараптап, таразылау қасиеттері артады.
Қабылдау жүзеге асуы үшін қажет қасиеттердің бірі – зейін. Зейіннің барлық табиғаты оның талғампаздығында, берілген мәліметті игеруде саналы не санасыз түрде әрекет ету. Зейін – сананың жеке тұлғаның белгілі бір нысанға назар аударған уақыттағы бағыт-бағдары, назар аударуы. Оқушының зейінін дамыту үшін сабақта басынан аяғына дейін Шәкәрім шығармаларына қатысты деректер, түрлі тапсырмалар арқылы ұстап отыру керек. Сабақта ақын өмірбаянына, шығармашылығына қатысты тың, жаңа мәліметтер айтылса, соғұрлым балалардың сабаққа деген қызығушылығы арта түседі. Әрі зейіндері жетіліп, дамып отырады. Мәселен, «Адамдық борышың» өлеңіне ассоциация құру туралы тапсырма берілгенде оқушылардың ерекше бір ынтамен орындағаны байқалады. Нәтижесінде оқушының логикалық ойлауы қалыптасады, зейіні тұрақтайды, сезімі оянады, арманын ұштайды, өзін-өзі тануға жол ашады. Сөйтіп, оқушы бойында психологиялақ сана қалыптасып, өзіндік тұжырым жасауға дағдыланады. Ассоциация құру арқылы оқушы қабылдаған білім нәтижесі төмендегі кестедегідей қорытындыланды.
Білім мазмұнын жаңарту қажеттігіне сай ең озық технологияларды жүйелі түрде қолдану – өркениетті елдер қатарына енудің бірден-бір жолы болмақ. Ресейлік және қазақстандық ғалымдар ғылым мен тәжірибені ұштастыра зерттеп, жаңа педогогикалық технология үлгілерін тиімді қолданудың жолдарын барынша нақты түрде көрсетті. Әсіресе, мектептерде оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары пайдаланылып, сабақ үрдісінде қолданылудың ерекшеліктерін В.Беспалько, В.К.Дьяченко, В.В.Гузеев, М.В.Кларин, Д.Хогрид, В.М.Монахов, Г.К.Селевко, М.А.Чошанов, Г.Нұрғалиева, С.М.Құсайынов, Ж.Қараев, Н.Нұрахметов, М.Жанпейісова, Г.Д.Әуелбекова, З.Бейсембаева, С.К.Исламгулова еңбектері әр қырынан нақтылайды. Орыс әдіскер-ғалымдары А.М.Берг, В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Н.Р.Талызиналардың бағдарламалы оқытуы, Л.В.Занков, А.С.Выготскийдің дамыта оқытуы, В.Р.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы, С.Н. Лысенкованың оза оқытуы, Ш.А.Амоношвили, Е.Б.Бондаревскаяның жеке бағдарлы оқытуы, В.М.Монаховтың модульдік оқытуы, В.Дьяченко, К.Я.Вазиналардың ұжымдық оқытуы, М.И.Махмудов, М.Н.Скаткиндердің проблемалық оқыту технологиялары кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар, бүгінгі таңда ұстаздар қауымының жас ұрпақты біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық, шығармашылық, ізденімпаздық қабілетін дамыту барысында қазақ әдіскерлері Т.Ақшолақов, Қ.Тасболатовтың «Проблемалық оқытуы», М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», Ж.Қараевтың «Білім беру жүйесінің ақпараттандыру технологиясы», «СОРОС-Қазақстан қайырымдылық қорының оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясы», Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісін қалыптастыру, тұлғасын дамыту бағытында тағы басқа озық оқыту технологиялары қарқындап келуде. Егеменді еліміздің дамушы елу мемлекет қатарында болудың негізгі бір талабы – мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін жаңа технология элементтерін сабақта қолдануды талап етіп отыр. Қазіргі жаһандану заманында жаңа технологияның басты мүддесі – оқушыны жай білімнен шығармашылыққа дейін көтермелеу. Қазіргі заманда жаңа технологиямен қаруланған ұстаздардың жеке тұлғаны қалыптастыруда көп ұтары сөзсіз.
Шәкәрім шығармаларын оқытуда жаңа технология элементтерін тиімді қолданудың негізгі мақсаты – оқушыға берілетін білімнің ғылыми жүйелілігі және білімді белсенділікпен саналы меңгере отырып, білімнің тиянақтылығына ерекше мән беру.
Шәкәрімнің
ақындық жолының бір арнасы –
поэмалары. Жалпы білім беретін
орта мектептің әдебиет пәнін
оқыту бағдарламасына енген Шәкәрім
өлеңдерін оқыту барысында
Поэманы талдау барысында оқытушы: «Поэмадағы қазақ ауылының шынайы келбеті қандай?» т.б. ізденгіш тапсырмалар беру кезеңінде оқушының көз алдына ауыл өмірі жанды сипатымен елес берері сөзсіз.
Поэмадағы үлкен ерекшелік – тұрмыстық, әдет-ғұрыптық көріністердің тапқыр суреттелуін яғни, ескі қазақ ауылының бүкіл тіршілік дүниесін реалистік тұрғыда суреттегенін оқушы танып қана қоймай, ақынның ауыл өмірінің шындығын бейнелеуде қажет детальдарды орынды қолданғанын байқату. Мысалы, «Қалқаман-Мамыр» поэмасында байдың «еркек-шора» қызы Мамырдың балалық, жастық өмірі, Қалқаманмен жылқыда жүріп кездесуі, жұмбақ айтыстары, «Бастаңғы» ойыны, тағы сол сияқты ұсақ көріністердің қай-қайсысы да ауыл өмірінің шындығын бейнелеуде көмегін тигізетін қажет детальдар екендігін оқушыларға поэманы талдау барысында айқындап танытудың маңызы ерекше. Өйткені, ақын поэма желісінің басталу, байланысу, шиеленісу, шарықтау кезеңдеріне жанды динамикалық сипат берген. Поэманың сюжеттік, композициялық жинақтылығы, құрылымы оқырманды өзіне баурап, тартымдылығымен қызықтырады.
Дәстүрден тыс
сабақ түрінің қай-қайсысы
10 сынып, қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлының өлеңдеріндегі ар-ұят мәселесі
Сабақтыңмақсаты:1.Ақын өлеңдерінен жастарымызға үлгі боларлықтай рухани азық алу,ақын сыр шумақтарынаносы қоғамның бейнесін көрсету.
2.Бабамыздың рухани
қазынасын елдік санамызды
Сабақтың көрнекілігі:Ш.
Сабақтың түрі:
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.Өткенге шолу жасай отырып,жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
Жаңа сабақты меңгерту.
Мұғалім:Қазір қазақ әдебиетіміздің тарихында орны ерекше тұрған, ежелден белгілі болған ақын,жазушыларымызды еске алғанда, еңалдымен, Шәкәрімді атауымыз орынды деп білемін.Өйткені ол Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі,бірегейі.
Олай дейтініміз,Абай
Шәкәрім
ақын өзінің өмірдегі мұрат-
Адамдық борышы ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін,
Серт қылғам еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін.
Ақын осы айтқан сертінен танған емес.Енді ақын өлеңдерін оқи отырып талдайық..
Слайд көрсету.
№ |
Өлеңдерінің аты |
Ар- ұят туралы өлең жолы |
Мазмұны |
«Жастарға» |
Арсыз, ғайбат,өтірік ынсапсыздық – Бұлардан бой тасалап ақталалық ! Арсыз, арам айланы тастасалық! Адал іске талаппен бастасалық! Неде болса білімді ізденелік! Надандықпен біржола қастасалық. |
Арсыздықтан, арамдықтан, ғайбаттылықтан, өтіріктен бой тасалау, яғни бұлардан аулақ болу. | |
«Ашу мен ынсап» |
Ал, ақылдас, бәрі бар, Дайын қылдым бәрін де: Сақтық, Ұят, Рахым, Ар, Ынсап деген кәрің де. Біз тұрғанда Арамның Дәм бола ма нәрінде? Қайғы емес қой Наданның Тығылғаны әр інге. |
Ұят, Ар, Сақтық, Рахым адамдар арасында орын алғанымен, арамдық та қалыспайтыны. | |
«Анық пен танық» |
Шолақ ойдың аяғы осы болмақ, Біраз күнге көңілдің хошы болмақ. Арсыз, арам, асығыс, айлакестік,- Мұның бәрі шайтанның досы болмақ |
Асығыстық, арамдық, арсыздық, айлакестік шайтанның досы болып есептелетіндігі. | |
«Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым" |
Ар сатар шайға да болса, Бір асам майға да болса. Ізденіп табады, жейді Арамды қайда да болса. |
Арыңды сату арқылы тамақ табу. | |
«Партия адамдары» |
Мықты байлар, бек жақсы осынықыл, Арды тастап ,қу менен сұмға тығыл, Ел зарлатып зорлықпен мал жиып ең, "Арам жемтік –азығы иттің" деп біл. |
Байлар арды тастап, елді зарлатып,мал жиғаны. | |
«Талап пен ақыл» |
Ар демек -адамшылық,намыс деген, Арың кетпесжағыңа қарыс деген. Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу, Сөз емес күншіл болып, алыс деген. Орынсызды істеуге өлгенше ұял, Ұят күшті өлімнен – дегендей –ақ. |
Ұяттың өлімнен күшті екенін, арды адамшылдық, намысқа жатқызуы. | |
«Бостандық таңы атты» |
Бостандықтаңыатты,қазағым, Арға ие басшының соңынан еріңдер. Ар түзелер адамның адамдық санасын Ақ жеңіп шығады, арамның қарасын. |
Арды жақтаушы адамның тәрбиесін алу. | |
«Шошыма, ойым, шошыма» |
Адамдық борыш ар үшін, Барша адамзат қамы үшін Серт бергем еңбек етем деп, Алдағы атар таң үшін. |
Ар үшін адамдық керектігі, сол адамдықтың арқасында ертеңін ойлап, адал еңбек ету. |
Оқулықпен жұмыс.
Тақтамен жұмыс.Слайдтан өлең шумағы шығады.Тармақ, бунақ, буын, ұйқас түрі ажыратылады.
Әдебиет теориясы.
Метафора. Эпитет. Теңеу
Жаңа сабақты игеру сапасын тексеру сұрақтары.
1.Ақынның ағартушылық бағыттағы қандай өлеңдерін білесіңдер?Ақын жастарға нені насихаттайды?
2. Шәкәрім неліктен талап пен ақыл атты екі ұғымға ерекше мән берді?
3.Ақын өлеңдерінде ар-ұят мәселесіне неге ерекше мән берген?
4.Шәкәрім өлеңдерінің бүгінгі күнгі алатын орны қандай?
Өтілген жаңа сабақты қорыту.
Қорыта айтар болсақ,
Шәкәрім Құдайбердіұлы - қазақ сахарасынан
шыққан, барша адамзат қамы үшін
еңбек еткен, сол ақиқат жолында
жанын құрбан қылып,хақты тапқан
халқымыздың зор мақтанышы,
Барша қазақ балаларына қалдырған мұрасын біз, кейінгі жастар жаман қылықтардан бойымызды аулақ ұстап, бабамыздың қалдырған рухани мұраларын пайдаланып, керегімізге жаратып, мағыналы да мәнді өмір сұрмеске?!
Үйге тапсырма.
1.Ақын өлеңдерін жаттау және «Поэзия және өмір» тақырыбына шағын шығарма жазу.
2.Ақындық қабілеті бар балалардың өздері қалаған тақырыпта өлең жазып келуін сұрау.
Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысып, пікір айтқан оқушылардың еңбегін атап айтып,баға қою.
Сыныптан тыс оқу – сыныпта оқытылатын сабақтардың заңды жалғасы. Демек, белгілі бір ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығын өту барысында жоғарыда аталған қағиданы басшылыққа ала отырып, сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұтымды ұйымдастыру – оқушының әдебиетке, өмірге деген көзқарасының дұрыс қалыптасуына септігін тиізеді. Әдебиет бойынша сыныптан тыс жұмыстарды әдістемелік тұрғыдан зерттеп-зерделеген ғалым Т.Қонысбайқызы: «Сыныптан тыс оқу – танымдық қабілеттерді дамытудың, баланың ой өрісін кеңейтудің, өздігінен оқуға тәрбиелеудің, кітапты пайдалана білуге үйретудің қуатты құралы болып саналады. Ең бастысы, оқуға деген құштарлықты оятып, қызығушылығын арттырады. Әдебиетке байланысты жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың қандай түрі болмасын оқушылардың ой-өрісін дамытып, білімдерін тереңдетіп, әдебиеттің ғылыми-теориялық жағын жете түсініп, оны өмірімен байланыстыруға ынталандырады. Сыныптан тыс жұмыстарды үнемі толықтырып өткізу, ұйымдастыру жолдары түрлендіріліп отырылады, оған белгілі бір шек қоюға болмайды, мұғалім ізденісіне сай үнемі дамуда болатыны белгілі» [13], – деп атап көрсеткендей, кез-келген сыныптан тыс жұмыстың мақсаты – оқушылардың алған білімін ары қарай дамытып, түсінігін арттырып, күнделікті іс-тәжірибеде қолдана білуі және халықтың салтын, мәдениетін, өнерін үйрену. Өз халқының әдет-ғұрып, салт-санасымен сусындаған бала сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға дағдыланады әрі бос уақыттарын ұтымды пайдаланып, оқу-тәрбие жұмысының жандануына жәрдемдеседі.
Шәкәрім шығармаларын насихаттауда жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс түрлері: сыныптан тыс оқу, драмалық үйірмелер, мәнерлеп оқу үйірмесі, әдеби-көркем кештер, экскурсиялар, туған өлке бойынша жорыққа шығу, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы, қазақ тілі мен әдебиет апталығы (әдебиет газеті және қолжазба журналдар, әдебиеттік ойындар әдеби турнир), кинотеатрларға бару т.б.
Мәнерлеп оқу - оқушылардың тілін дамытып, аса шешен сөйлеуге, үйретуде тәрбиелік маңызы ерекше. Оқылатын көркем шығарманың мазмұнын, идеясын бір-бірімен егіз өрімдей бірлікте қарастыра отырып, оның оқылуына ерекше мән беру қажет. Шәкәрім шығармашылығына байланысты сыныптан тыс мәнерлеп оқу үйірмесінің жұмыс түрлерін әр сынып деңгейіне қарай топтап жүргізу тиімділігі ескеріледі.
Жалпы білім беретін орта мектептерде Шәкәрім шығармалары бастауыш сыныптан бастап оқытыла бастайды. 2-сыныптың ана тілінде «Сен ғылымға», 3-сыныпта «Бостандық таңы атты», «Бір кесе меруерт» әңгімесі, 4-сыныпта «Жас келер», 5-сыныпта «Еріншек», 6- «Жолама қулар маңайға», «Адамдық борышың» өлеңдері оқытылады. Осы оқытылатын өлеңдерді негізге ала отырып, осы сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу үйірмесін ұйымдастырған өте оңды әрі пайдалы. Себебі, сәтті шығарма, сәтті оқылса, тыңдаушысының жүрегінен жол тауып, санасына ой салады. Оқушы шығармадан ләззат алады.
Халқына қоғамдық әлеуметтік, рухани мол мұра қалдырған, демократтық-ағартушылық ұғымдарды уағыздаған ақынның өмірі мен шығармашылық еңбектерін оқу бағдарламасында берілген материалдарды оқыту және сыныптан тыс оқу жұмыстарында кеңінен насихаттай отырып, оқушылардың танымдық қабілетін арттыруда оқушылар арасында ұйымдастырылған әдеби кештің рөлі ерекше. Халқына қоғамдық-әлеуметтік, рухани мол мұра қалдырған, демократтық-ағартушылық ұғымдарды уағыздаған ақынның өмірі мен шығармашылық еңбектерін, оқу бағдарламасында берілген материалдарды сыныптан тыс оқу жұмыстарында кеңінен насихаттай отырып, оқушылардың танымдық қабілетін арттыруда оқушылар арасында ұйымдастырылатын әдеби кеш өте маңызды.
Сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі – үйірме. Тәуелсіз елдің болашақ ұрпағының интеллектуалдық ой-өрісін дамытуда үйірме жұмысы да көп көмегін тигізеді. Шәкәрім шығармаларының жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез құлқын қалыптастыруда да ықпалы мол болғандықтан, оны үйірме жоспарына енгізіп, оқушыларға танытудың маңызы өте зор.
Үйірме жұмысы педагогтар мен оның жұмысын ұйымдастырушылардан талмай ізденуді, тың серпінді күш-қайратты талап етеді. Сондықтан да Шәкәрім шығармаларына қатысты сыныптан тыс жұмыстың бірі – үйірмені ұйымдастырғанда, ең алдымен, оның мақсат, міндеттері белгіленді.