Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 17:40, курсовая работа
Зерттеу жұмысына сипаттама. Әдебиеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен жазушылардың қалдырған мұрасына қайта үңілу, оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік. Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлылығын айғақтайтын басты белгі болып табылады. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген.
Кіріспе ................................................................................................................8
1 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романының зерттелуі..........11
2 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағы басты
кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы ...............................................................25
3 Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі.....................................41
4 4 Шәкәрім шығармаларын орта мектепте меңгерту әдістемесі..........62
Қорытынды .....................................................................................................75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................78
Үйірме жұмысының мақсаты: оқушыларды Шәкәрім шығармаларымен сусындата отырып, сол шығармалар мазмұнындағы ұлтжандылық, халқына деген құрмет, адами қасиеттерді қалыптастыру.
Үйірменің міндеттері:
Үйірменің отырыстарында Шәкәрімнің қысқа және көлемді шығармаларымен таныса отырып, соның негізінде пьесалар, шағын драмалық қойылымдар әзірленіп, мектеп ұжымына ұсынылып отырылады. Шәкәрімнің өз өмір тарихынан болсын, «Қалқаман Мамыр», «Крез патша», «Дубровский әңгімесі», «Әділ-Мария» романы т.б. туындылары болсын шағын қойылымдар қойылады.
Шәкәрім шығармаларын таныту мақсатындағы сыныптан тыс жұмыстардың бірі – саяхат (экскурсия). Әсіресе, Семей өңірі үшін мұндай саяхаттардың берер тағлымы орасан зор. Абай шығармаларын өткенде, Абай ауданы Қарауыл елді мекенінің жанындағы Жидебай аулына саяхат жасалса, енді бірде Семей қаласындағы орталық мұражайға барып, Абай жөнінде көп мәліметтер алып қайтты.
Қорыта келгенде, оқушыларға Шәкәрім шығармаларын сыныптан тыс меңгерту жүйесі оларға бүкіл адамзаттық құндылықтарды, патриоттық, азаматтық сезімді тұлға бойына кешенді негіздеуге, орнықтырып оқытуға бағытталады. Балаларды интеллектуалдық, эстетикалық, коммуникативтік сезім-санасы мен мәдениетіне баулиды. Оқушылардың жеке тұлғасын Шәкәрім шығармаларын игерту негізінде қалыптастыруда мұндай сыныптан тыс жұмыстар жүргізу – бүгінгі заман талабы. Олар оқушы дүниетанымын байытып, өмірге деген көзқарастарын одан әрі ұштай түсері хақ.
8-сынып. Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердиевтің «Әділ-Мәрия» романы
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға Шәкәрім Құдайбердиевтің
толық мәлімет бере отыра,
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, қозғал-тоқта,
Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрімнің портреті, «Қылқалам
Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері, музыка.
Сабақтың барысы:
Күй орындалып тұрады. «Қылқалам ұшындағы данышпан бейнесі» атты суреттер көрмесін мұқият қарап, қандай ойлар туындады? деген сұраққа жауап береді.
II. Мағынаны ажырату
1.Кіріспе сөз (2 минут)
Бұл сабақта біз
ақынның өмірлік жолын
Бүгінгі сабақта тек «Әділ-Мәрия» романына үңілеміз.
2.Элетрондық оқулықпен жұмыс (15 минут)
1-топ
Өмірлік жолы деген тарауды ашамыз.
2-топ
Ұрпақтары деген тарауды ашып, танысамыз
1.Әр топ зерттеген мәселесін ортаға салады
2. 2 топқа да ортақ
Білемін |
Білдім |
Білгім келеді |
Жұмыстарын оқыту 2-минут
3.Шығармашылығына тоқталу
«Ғафиз» күйі орындалып тұрады
Мұғалімнің сөзі:
Қай ақын болмасын өз дәуірінің перзенті, өз заманының жемісі. Шәкәрім де сондай. Күрделі тарихи кезеңде ғұмыр кешті. Туған халқының басындағы экономикалық және рухани, мәдени ауртпалықтарды, заман мәселелерін көзімен көрді, көңілімен саралады. Өз жұртының жағдайын өте жақсы түсінді. Сондықтан да ол заманның шындығын, әлеуметтік-қоғамдық мәселерді тануда және өз шығармашылығы арқылы көтеруде асқан шеберлік танытты. Тұтастай алғанда Шәкәрімнің әдеби мұрасы - аса бай қазына. Ол әдебиеттің барлық жанрында қалам тербеді. Халқымыздың мәдени мұражайында тілі негізінде ғажайып сұлу, мазмұны терең, кестесі көркем лирикалық өлеңдер қалдырды. Ұлы Абайдың үлгісін өлшем ете отырып, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ- Айсұлу» атты тамаша поэмалар, «Әділ-Мария» атты керемет роман жазды. Көркем проза үлгісіндегі Шәкәрімнің шығармалары ХХ ғасырдың басындағы ұлттық прозаға өз үлесін қосып қана қоймай, оның орнығып, ілгерілеуіне ықпал жасады. Әсіресе «Әділ-Мария» романы көркемдік мазмұны жағынан өте бай болып келеді.
Прозалық шығармаларының
ішінде ең көлемдісі және
III. Рефлексия (14 минут)
5 минуттік эссе жазу (5 м. )
«Автор орындығы» стратегиясы арқылы тексеру. 1, 2 оқушы шығып өз эссесін оқиды, 1 пікір, 1 сұрақ қою керек. (3 минут)
1,2 саналу арқылы екі
топқа бөлінеміз, шеңберге
«Қозғал – тоқта» стратегиясы бойынша «Шәкәрім туралы не білдім?» (6 минут)
«Қылқалам ұшындағы данышпан бейнесі» атты суреттер көрмесіне қайта оралу, мұқият қарап, енді қандай ойлар туындады? деген сұраққа жауап береді. (2 минут)
IV. Үй жұмысы Кезекші пошташы болып үй тапсырмасын таратады: «Әділ-Мәрия» романын оқу.
Қорытынды
Қазақ әдебиетінің тарихында ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ғұмыр кешкен, Абайдың ізбасар шәкірт інілерінің бірегейі, ақын, озық ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының орны бөлек.
Кеңестік дәуірдегі
әдебиетіміз бен
“Шәкәрім Құдайбердіұлының
телегей-теңіз мол мұрасын
Шәкәрімнің «Әділ-Мария»
романында зорлық-зомбылықтар,
ХІХ ғасырда өмір сүрген, ақынның таза он шақты жылындай бүкіл саналы өмірін қазақ әдебиетін дамытуға арнаған Шәкәрім Құдайбердіұлы артына айтарлықтай мол мұра қалдырды. Оның еңбектері қазақ әдебиеттану ғылымының, сынының қалыптасып дамуына үлкен үлес болып қосылды. Заман өзгергенмен күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ, қайта сын-зерттеу еңбектері кеңестік кезеңдегі ұлттық әдебиетіміздің көркемдік сыр-сипатын жан-жақты түсіне білуге көмектесетін, қазақ әдебиеті сынының, ғылымының дамуына айтарлықтай үлес болып қосылатын елеулі еңбектер болып қала береді.
Кезінде осылай жоғары бағаланған роман – жазушының бұған дейін жазған шығармаларының негізінде жазылған, сондағы идеялардың сабақтастығын көрсететін ірі туынды. Мұнда адамдар арасындағы бақталастық, күндестіктен туған кішігірім реніш, өкпелер жинала келіп бітіспес үлкен тартысқа айналады. Автор ертеректе болған сол қақтығыстарға шегініс жасап, оқырманның есіне салып отырады. Алайда мұның екі жағы байқалады. Бірі – романда шиеленіскен тартыстың түп-төркініне үңіле қарау, екіншісі – басқа романдардың көріністерді, оқиғаларды сол күйінде өзгеріссіз қайталау. Қалай дегенде де жазушы романда алдына қойған мақсатына жеткен.
Романның көркемдік
эстетикалық жетістігі
Қорыта айтқанда, кемеңгер жазушының «Әділ-Мария» романын талдай отырып, бірсыпыра нақтылы тұжырымдарға келеміз. Шәкәрімнің бұл романы идеялық мазмұны мен көркемдік түрі жағынан терең философиялық оралым тапқан шығарма. Автордың негізгі айтпақ ойы да сол. Өмірде өнер адамының орнының беделінің жоқтығы, оның орнына билік құрғандардың өктемдігі жазықсыздар жалған жаланың құрбаны болып жапа шегетіні жайлы ой толғайды.
Ең алдымен, Шәкәрім Құдайбердіұлы прозаның кіші жанрында қалыптасқан шебер суреткер екендігі танылады. Қазақ прозасының даму тарихында Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларының алатын орны зор. Ол қазақ әдебиетінің қалыптасу дәуірінде көркем әңгіменің негізін қалаушылардың бірі болды. Жазушының «Әділ-Мария», «Нартайлақ-Айсұлу», «Еңлік-Кебек» сияқты туындылары идеялық, көркемдік жағынан әлі күнге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Автор қазақ әдебиет жанрларын дамытуға өмірінің соңына дейін белсенді ат салысып келді.
Шәкәрім Құдайбердіұлы ғашық жандардың сом тұлғасын жасады. Көлемді еңбектерінен жазушы қаламына тән айрықша көркемдік шеберлікті аңғару қиын емес. Жазушы тыңнан жаңа сөз іздеп отырмайды. Қарапайым, тілге жатық сөздерді «Қалауын тапса қар жанар» дегендей қалауын тауып, қиыстыра отырып сөзбен өрнек өреді. Романдағы кейіпкерлер бейнесі, олардың іс-әрекеті, ой-ниеті, мақсат-тілегі, күрес-тартыс үстінде шынайы көрініс тапқан. Онда адам өмірі, адам тағдыры өмірдің қайнаған ортасынан алынған оқиғалар желісімен өріліп көркем шешімін тапты. Бұл шығармалардың көтерген жүгінің, көркемдік жетістігінің қазақ әдебиетінен алатын орны ерекше. Көркем шығарманың құндылығы оның өміршеңдігінде болса, Шәкәрім Құдайбердіұлының кейіпкерлер бейнесін сомдауға арналған жоғарыдағы шығармалары өз құнын қашанда жоймақ емес. Кейбір замандастарымызға берер Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларының тәрбиелік мәні өте зор.
Жалпы білім
беретін қазақ орта мектептерінде
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Мектептерде Ш.Құдайбердіұлының шығармаларына әлі де зәруліктің аз екенін байқатады. Солай бола тұрса да, ғылыми зерттеу еңбекте сыныптан тыс оқу мен жұмыс түрлері жете қарастырылды. Ш.Құдайбердіұлының шығармаларын сыныптан тыс жұмыстары арқылы терең меңгертудің жолдары, әдіс-тәсілдері көрсетіліп, нақтыланды. Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыруда ақынға арналған сыныптан тыс жұмыстар жүйесі беріліп, іс-шаралар өткізудің үлгі, жоспары ұсынылды.