Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 17:40, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысына сипаттама. Әдебиеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен жазушылардың қалдырған мұрасына қайта үңілу, оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік. Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлылығын айғақтайтын басты белгі болып табылады. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................8

1 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романының зерттелуі..........11

2 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағы басты
кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы ...............................................................25

3 Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі.....................................41

4 4 Шәкәрім шығармаларын орта мектепте меңгерту әдістемесі..........62

Қорытынды .....................................................................................................75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................78

Прикрепленные файлы: 1 файл

адил-мария.doc

— 524.00 Кб (Скачать документ)

– Ойбай-ау! Мынау Әділ ғой! – деп Марияның қолын қоя беріп атына қарай жүгірді. Оны ұрамын деп ұмтылған Серікбайға бәрі жабылып кетіп үш сойыл қабат тиіп, ол құлап қалды. Әділ аттан түсе жүгіріп, мылтығын суырып алып атайын дегенде, Еркімбектің қолынан жұлқынып босанған Мария да арасына кез болып, соған тиетін болған соң, ата алмай кідіріп қалғанда, Еркімбек алты-атарын жұлып алып тарс қойғанда, Әділдің мылтығы қолынан түсіп кетіп бүжиіп, кеудесін қолымен басып отыра кетті. Оны көрген Мария:

 –  Құдай-ай! Сорым  бір жолата қайнады ма деп, Әділді құшақтай алғанда, Еркімбек қанжарын суырып алып, Марияны қорқыту үшін: «жүр жылдам! Әйтпесе сені де бауыздап кетем» десе де, Мария Әділді құшақтап айрылмаған соң, Еркімбек: «ал бауыздаймын» деп, қанжарды Марияның алқымына апарғанда, Мария қанжар ұстаған қолына жабысқан соң, қолынан жұлып қалғанда қанжар Еркімбектің өз көзіне тиіп бір көзін шығарған соң, ыза болып: «әйтеуір болары болды, енді сені тірі тастап кетпеймін» деп, Марияны шалқасынан салып, табанмен басып тұрып, қанжармен жүректен салып алды да: «Ал жүзқара, құр сүйекті құшақта да жат» деп айтады.[10.538-б.]. Роман аяғы екі жас жауыз Еркімбектің қолынан қаза табады.

Әдеби шығарманың мазмұны  – өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішін  – осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яғни әдеби қаһармандар өмірі. Дәлірек айтқанда, Әділдің Мария, Асан, Үсен, Еркімбек, Зылиқа, Шешенбай, Серікбай, Мықтыбай, Жәмила, Байжан, Байбол, болыс Ержан, Еркімбектің әкесі, қым – қиғаш күрес пен тартысқа толы қиян–қилы тағдыр тіршілігі, жала жабушылық, алауыздық өмір. Осынау әр алуан кейіпкерлердің шытырман өмір – өзара қарым-қатысы, іс-әрекеті, бірін-бірі жақсы көру не жек көру сезімдері арқылы білдіреді. Романдағы әр қаһарманның қатысқанын, көркем бейне, қоғамдық  мінезднрі ретінде қалай қалыптасқанын байқаймыз. Автор биік эстетикалық идеал тұрғысынан шынайы, шебер суреттеген Шыңғыстау мен сырласқан. (1910-1917 жж.) ішінде ғашық жандардың басынан кешкен аса мәнді күрделі әлеуметтік саяси оқиғалар шығармадағы кейіпкерлер тағдырымен жіксіз кірігі, бірігіп, тіпті тұтасып кететінін көреміз.

Шығарма туралы әңгімені тақырыптан бастаған жөн. Өйткені тақырып-өнер туындысының іргетасы. Өнер өмірден  туатын болса, суреткердің өмірден  ең алдымен іздеп табары-өз шығарманың тақырыбы. Тақырып табу  бір күннің не бірер әрекеттің шаруасы емес, жазушының бүкіл қаламгерлік қимылының өн бойында жататын, творчестикалық процестің барлық кезеңдеріне бірдей ортақ жұмсы. Шәкәрімнің «Әділ-Мария» романы «Қайғылы роман» деп атаған. «Әділ-Мария» 1925 жылы жазған. Романның жазылу мерзімі дөп басып айту қиын, ХХ ғасырдың басындағы қазақ прозасын зерттеген ғалым А.Ісмақова аталмыш роман «Бақытсыз Жамалдан» ертерек жазылмаса, кеш жазылмаған  деген пікірді білдіреді [4. 303-б.].

Шығарманың соңғы бөліктеріне қарағанда «1917 жылы Әділ мен Марияға күмбез қоюы, май аяғында бітіріп, халқына мәлімдеп ас беруі» авторлық деректерге қарағанда ғалымның бір пікірдің жаңсақтығы байқалады. Роман Шәкәрімнің төңкерістен кейін белсенді, істерге араласып, саятқорасында жатып шығармашылықпен айналысқан алаңсыз күндерінде жазылса керек. Романға барар жол жеңіл болмаған. Шәкәрімнің шағын прозадағы қадамдары сөз жоқ «Әділ-Марияға» апарар нәрлі соқпақтар болды.  Шығарманың тұңғыш жарық көруі 1998жылы. Жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дер едік.

Өмірдегі шындықтың  шынайы әдеби шығармаға айналу, әдебиеттегі  мазмұнның, мазмұнды пішінге көшу, тақырыптың идеялық-көркемдік шешім табу процесінде сюжет пен композицияның атқарар ролін еш нәрсемен ауыстыру мүмкін емес. Фабула (латынша әңгімелеу, баяндау, тарихты айтып беру) – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау. «Әділ-Мария» романының фабуласы шамамен мынадай: «Ата-анасы қалың малын біржолата берген. Екі жаста ата-анасынан ерте айрылады. Бірақ жастар қосыла алмай әлек, негізгі кедергі байдың баласы Еркімбек еді. Марияға қосылам деп Әділге жала жауып түрмеге қаматады. Әділден хат келгенде «Тағдырдың ағымымен бізге келген Әділініңіз қатты ауру болды. Сізге қайта хабар қылуға жер алыс болған соң, Мына Батырбектен хат жаздым. Еркімбек хаттың «ауру болды» деген сөзін «аурып өлді» деп бұзып,  «Жазым болса» деген сөзді қырып тастап, оның орнына «жақсы жауып» деп  жазады» [10.532-б.]. Хатты көрген де Мария мен әжесін»ң құса болуы, Әділдің өлмегеніне сенбеуі романда баяндалады.

Сюжеттік бйланыс –  адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың бастауы іспетті, шығарма  арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді, Айталық, «Әділ-Мариядағы» сюжеттік байланыс:

«Бұрынғы жылы Зылиқа түскен тойда бұл екеуі кез  болған. Сонда Әділ Марияны көрісімен-ақ іші елжіреп, жүрегі ысып кетіп қадалғанда қасынан асып тұрған кекілінің астынан  сүзіле қарағанда Марияның нұрлы  қара көзі Әділдің жас жүрегіне қанжардай қадалған еді. Марияның да жас жүрегі лүпілдеп, денесі салқын термен жібісе де ол он төрт жасар ғана бала болғандықтан, Мария неге сүйткенін байқай алмаған» [10. 504-б.]. Байланыс соншалықты ұтымды, сәтті қиыстырған.

«Қазақ романы тақыр жерде, жоқтан пайда болған жоқ. Қазақ романының ұлттық тамыры тереңде және ол ұлттық характерлерді бейнелеудің дәстүрлі баяндау тәсілімен сабақтас » – деген пікірді ескерсек, ХХ ғасырдың басында туған жаңа жанрдағы талпыныстар, оның ішіндегі Шәкәрімнің «Әділ-Мария» романы да осынау бай дәстүрдің нәтижесінде дүниеге келді дер едік. Және де қымбат қазынаны жаңа бояумен өрнектей отрып, өзіндік үлеспен келді.

«Әділ-Мария» романының  көркемдігі, романдағы кейіпкерлердің бейнелері мен тұтастығы  прозалық мұрасының осынау үрдісті үлкен айдынға алып баратын нәрлі салалардың бірі екендігі даусыз.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 Шәкәрім шығармаларын орта мектепте меңгерту әдістемесі

 

 1990 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігі жалпы білім беретін мектептің әдебиет пәні бағдарламасына Шәкәрім шығармаларын оқытуды міндеттеді. 1991 жылдан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстары болашақ мектептің оқу-әдістемелік негіздерін қалауға бағытталып, өзінің тілі, ұлттық рәміздері бар егеменді ел болуымызға байланысты ұлттық рухани қазынамызға оралу, жаңаша ойлау тұрғысынан пәннің бүкіл оқу-әдістемелік жүйесін түбірлі жаңарту мәселесі қолға алынды. Халқымызға қайта оралған көптеген асыл қазыналарымыз, соның ішінде М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов шығармалары толықтай қарастырылып, оларды әдеби білім мазмұнына іріктеп алу ісі жүзеге асырылды.

1991-1992 оқу жылына  арналған әдебиет пәнінің өтпелі  бағдарламасына Ш.Құдайбердіұлының  шығармашылығы алғаш рет енгізілді.  Әдеби білім мазмұны жаңаша  қайта қаралып жатқан кезең болғанымен бағдарлама авторлары Шәкәрімнің әр сыныпқа лайықтап, көркемдік қуаты жоғары, оқушының жас ерекшілігіне сай келетін лирикалық шығармаларын саралай отырып, таңдап ала білген. Осы бағдарламада Ш.Құдайбердіұлының                         ҮІ сыныпта «Адамдық борышың» өлеңі берілсе, ҮІІІ сыныпта «Жолама қулар маңайға», «Жасымнан жетік білдім» өлеңдерін оқытуға екі сағат бөлінген.                   Х сыныпта «Жастарға», «Дүние мен өмір», «Ашу мен ынсап», «Бай мен кедей», «Бостандық туы жарқырап», «Ажалсыз әскер», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жапанда жалғыз жатып елден безіп» және «Еңлік-Кебек» поэмасын оқытуға барлығы сегіз сағат бөлінген. Ш.Құдайбердіұлының шығармаларын жанрлық алуан түрлілігі, тақырыптық ауқымның кеңдігі, идеялық мазмұнының байлығы, көркемдік әсерлігі қарастырыла отырып, «Қалқаман-Мамыр» поэмасы, «Жастарға»,  «Анық пен танық», «Бай мен қонақ», «Бостандық таңы атты», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» өлеңдері және  А.С.Пушкиннен Шәкәрімнің аудармасы «Дубровский», «Бәйшешек бақшасы», «Шын бақыттың айнасы» қара сөздері берілген.

ҮІІ сыныпта  ақынның айтайын деген өзекті  ойы байлық, бақ  еңбекте, қанағатта, риясыз адал болуда екендігін оқушыға  саналы түрде меңгерту болса, қосымша  оқуға «Епті тышқан» өлеңін оқыта  отырып, адамның жағымсыз жат қылықтарынан аулақ болуына оқушылардың бой алдырмауына жол сілтейді. Оқушылардың орта буын сыныптарында алған әдеби білімі жоғарғы сыныптарда күрделене түседі. Мұны Х сыныпта  арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығындағы Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған тараудан көруге болады. «Тумақ, өлмек – тағдырдың қазасы», «Мен адамның таппаймын өнерлігін», «Біреудің мінін кешірсең», «Ей көп халық, көп халық», «Жасымнан жетік білдім», «Елге көнсем, ақ жолдан адасамын», «Анадан алғаш туғанымда», «Жуандар», «Бай мен қонақ», «Өмір», «Бостандық таңы атты», «Насихат», «Патшалар сансыз шығын қылды» өлеңдері және «Еңлік-Кебек», «Ләйлі- Мәжнүн» поэмалары оқытуға бөлінген жеті сағатты қамтиды.  Мектептегі жоғарғы буын – әдеби білім берудегі шешуші кезең. Оқушыларға қаншама уақыт халқынан қол үзіп қалған Шәкәрім шығармаларын кеңінен оқытуға байланысты Т.Ақшолақов, Ә.Дайырова, С.Қалиев, Ә. Қанафиндердің құрастыруымен 1992 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясы» жарық көрді. Бұл оқу құралы Х-ХІ сыныптарға арналған қазақ әдебиеті хрестоматияларын толықтыру ретінде ұсынылды.  «Жастарға», «Ашу мен ынсап», «Шын сырым», «Бай мен кедей», «Бостандық таңы атты», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Ажалсыз әскер», «Сен ғылымға», «Ақындарға», «Жасымнан жетік білдім», «Қазақтың жаманы болмас», «Мал жимақ», «Қалқаман-Мамыр», «Ләйлі-Мәжнүн» шығармалары енгізілген. Шәкәрім шығармалары негізінде оқушыға әдеби білім беру тұрғысынан ақын өлеңдерінің енгізілгендігі әдебиет оқулықтарының сапалық деңгейінің қаншалықты екендігіне тікелей қатысты. Оқушының Шәкәрім шығармаларын мектеп оқулығы көлемінде ғана танылып білу, ақынның суреткерлік құпияларын мәнді де мағыналы, терең  меңгеру үшін «Қазақ әдебиеті хрестоматиясына» енген еңбектерінің құндылығы ерекше. Бірақ олардың қатарына «Әділ-Мария» романы ендірілмеген.

«Шәкәрімнің қай  шығармаларын алып қарастырсақ та, айдыны да, арнасы да кең дүние! Өзінің жарты ғасырдан астам уақыт кеңістігіндей  шығармашылық жолында ол әдебиеттің барлық жанрына еңбек етті. Салмақты да сүбелі туындылар тудырды. Абай талантының алтын бесігінде ер жеткен Шәкәрім ақынның мұралары өз заманының үнін көтерді, тынысын танытты»,  – деп шәкәрімтанушы ғалым Б.Әбдіғазиұлы өз еңбегінде орынды көрсетеді [4, 128 б.]. 

Жас ұрпақты  адамгершілік биік мұраттарға жетелейтін, адалдылық пен ақылдылық, парасаттылық пен азаматтылыққа үндейтін  Шәкәрім шығармаларын оқытуда мектептегі әдебиет пәнінің атқарар рөлі де айырықша.

Жалпы орта білім  беретін мектептерінде қазақ  әдебиетін оқыту  мәселелері

Ы.Алтынсарин, Б.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов,    Қ. Жұмалиев, т.б. еңбектерінен бастау алады. С.Қирабаев, А.Көшімбаев, Ә.Қоңыратбаев, Т.Ақшолақов, Ә.Дайырова, С.Тілешова, Т.Жұмажанова, С.Мақпырұлы,  Б.Сманов, Г.Құрманбаева, А.Тамаев,  Б.Әрінова, т.б. ғалым-зерттеушілердің зерттеу еңбектерінде,  сонымен бірге М.Мұстафина, Р.Бораш, С.Жибраев, Ә.Мұхтарова, Д.Аңсабаев, Н.Дөкенова, Б.Жұмақаева, А.Демеуова,  т.б. әдіскерлердің зерттеулерінде қарастырылғанымен, «қайта оралған» ақын-жазушылардың шығармаларын оқыту мәселелері ғылыми-әдістемелік жағынан толық зерттелген жоқ. Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын журнал-газет беттеріндегі мақалалар болмаса, оларды оқыту мәселелелері арнайы зерттеу нысаны болмады. Уақыт сұранысына сай ұлттық құндылықтарымызға терең үңіліп, қазақ әдебиетін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру – бүгінде  көкейкесті, аса өзекті  мәселелеріміздің бірі.

Шәкәрімнің  шығармашылық жолы – ХІХ ғасыр  мен ХХ ғасыр арасында қазақ әдебиетінің  дамуына үлес қосқан ғалым этнограф Ш.Уәлихановтың, балалар әдебиетінің  атасы, педагог Ы. Алтынсариннің, хакім Абайдың көзқарастарын, шығармаларының идеялық тақырыптарын С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Торайғыров, тағы басқа қазақ зиялыларының еңбектерімен байланыстырған «рухани алтын діңгек». 

Шәкәрімнің  ақындық тұлғасын бізге алғаш  рет танытқан ақын – С.Торайғыров. Шәкәрім мен Сұлтанмахмұт шығармаларында әр қырынан ашылатын тақырыптар, әсіресе, оқу-білімді насихаттау, адалдықты паш ету сияқты ұлттық рух тұнып тұр. «Қазақтың екі ұлы перзентінің сырттай танысуы «Айқап» журналымен тікелей байланысты. Ұлт қамын ойлаған Ш.Құдайбердіұлы мен С. Торайғыров «Қазақ» газеті арқылы түйдектелген түйінді ойларын оқырманмен бөлісіп, келелі проблемаларды бүкпесіз батыл талқыға, көптің назарына дер кезінде ұсынып, қалың жұртшылықтың үнемі ілтипатында болды», – деген зерттеуші ғалым А.Еспембетовтың [5] пікірінен қос классиктің баспасөз арқылы бірін-бірі тануы, қазақ ұлтының аласапыран уақытта мұң-мұқтажын, отарлық езгіден құтқару керектігін сезініп, олардың жүзбе-жүз танысып, араларында үзілмеген сыйластық, қаяусыз достық, шексіз сүйіспеншілік болғандығын аңғарамыз.

ХХ ғасырдың басында Шәкәрімнің жарыққа шыққан шығармаларына айырықша назар аударып, баспа бетінде пікір білдіріп отырған Әлихан Бөкейханов екендігі еңбекте нақты көрсетілді. Ш.Құдайбердіұлы  мен Ә.Бөкейхановтың бір-бірімен таныстығы 1900 жылдан басталса керек. Олардың рухани қарым-қатынаста болғандығын Семей қаласында кездесіп тұрғандықтарын кейбір саяси мәселелерге байланысты хат жазысып, пікір алысып отырғандықтары жайлы ғалымдардың дәлелді дәйектері бар. «Түрік, қырғыз қазақ һәм хандар шежіресі» жайында жазған мақаласына пікірін айтып жазған мақаласында Ә.Бөкейханов Шәкәрім мұрасын бүкіл халықтың тануы керектігіне мән бере отырып, оны насихаттау керектігін жете түсінген. Демек, аталған халық зиялыларынан басқа елге қамқор, зерек  ойлы азаматтар да Шәкәрім шығармаларына дер кезінде үн қосып, өз ойларын білдіріп, құнды еңбектер екендігін бағалап отырған.

Шәкәрім еңбектеріне  бойлаған сайын бүгінгі ұрпақ  ұлы ойшылдың білімге шақырған ұранды үнін ғана емес, оның адамзатты тәрбиелеу саласындағы даналық ақылын терең меңгеріп, нұсқаған тағылымдарындағы теориялық ой-пікірлерге қаныға түседі. Оның педагогика ғылымының дидактика саласына қатысты пікірлері де ұшан-теңіз екендігіне көзіңіз жетіп, өнеге алар тұстары баршылық. Шәкәрім шығармаларының ішкі сырларын терең де, жан-жақты білу үшін жалпылама айтумен ғана шектелмей, ол ұсынған ойларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан өте байыпты да байсалды аңғара білу қажет. Өйткені, Шәкәрім дидактиканың басты принциптері мен ғылымды меңгеру тәсілдерін және оны игерудің амалдарын даналықпен дәл нұсқап, педагогикалық-психологиялық негіздерін терең аша білген.

Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушының ойлау мен  тілін дамыту, қабылдау, ес, қиялды жетілдіру  сынды психологиялық үдерістер Шәкәрім шығармаларын меңгерту барысында қалыптастырылатыны еңбекте нақты мысалдармен көрсетілді. Білім алу үдерісінде оқушының саналы түрде ойлай білу дағдысы дамып отырады. ҮІ сыныпта берілген «Адамдық борышың» өлеңі  ой-санасы енді-енді толыққанды жетіліп келе жатқан жасөпірім оқушыға зор ықпалын тигізері анық. Қазіргі біздің қоғамымыз үшін ақын шығармасында берілген  «Адам» деген ұғымды биік ұстап, «Азамат» болып қалыптасу идеясы жеке тұлғаның  жан-жақты өсіп, қалыптасуында нағыз тәрбие құралы болып табылады. Шәкәрім санамалап, атап көрсеткен «халқына еңбек ету», «ақ жолдан айнымау», «ар сақтау», «білім мен өнерді үйрену», «мансаптың тағы үшін мақтанға салынбау», «келешек қамы үшін жол көрсету», т.б. ұлағатқа, өнегеге толы адамға тән қасиеттерді оқып отырған жас жеткіншек әр ұғым-қасиетті ойлана отыра, меңгеріп, оның байыбына жетуге тырысары анық. Үйде де, мектепте де осындай тәрбие алған бала болашақта елінің бетке ұстар, халқына қамқор азаматы болып қалыптасатынына шек келтіруге болмайды.

Информация о работе Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі