Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 17:40, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысына сипаттама. Әдебиеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен жазушылардың қалдырған мұрасына қайта үңілу, оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік. Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлылығын айғақтайтын басты белгі болып табылады. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................8

1 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романының зерттелуі..........11

2 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағы басты
кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы ...............................................................25

3 Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі.....................................41

4 4 Шәкәрім шығармаларын орта мектепте меңгерту әдістемесі..........62

Қорытынды .....................................................................................................75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................78

Прикрепленные файлы: 1 файл

адил-мария.doc

— 524.00 Кб (Скачать документ)

Еркімбекпен арадағы  мәміле елге белгілі болған соң ағайынды Асан мен Үсен арасында тартыс туады. Асан қарындасын өз теңі Әділге беруді ойласа, Үсен бай ауылымен құда болуды мақсат тұтады. Кейіпкерлер арасындағы тартысты өрістетуде Шәкәрім қаламының қарымы айқын аңғарылады. Бас қаһармандар Әділ мен Мария ақыр аяғында сан түрлі сынақтан өтіп, тілеулес аға-жеңге, ағайынның көмегімен қосылып үй болады. Мұны көре алмаған Еркімбек өш алу мақсатымен Әділдің үстінен әкесінің ақылымен арыз жазып, жазықсыз жігітті жер аудартады. Романның соңында Әділ Еркімбектің Мәрияны күштеп алып кетуіне келген басбұзарлық қылығының үстінен түседі де, екі мұңлық та қаза табады.

Сол дәуірдегі қазақ  ауылындағы қыз бен жігіттің арасындағы махаббаты жайында жазылған шығармалар аз емес. Шәкәрім бұл тақырыпты өзінше шешіммен аяқтайды. Романдағы Асан, Байжан, Ержан, Серікбай, Зылихалардың ел ішіндегі әділетсіздікке қарсы бас көтеріп, соның нәтижесінде екі жастың бас қосып аз уақыт болса да бақытты өмір сүруі Шәкәрімнің қаламына тән шешім. Еркімбек пен Төребек бастаған әлділер тобын бейнелеуде де Шәкәрімнің реализмі көрінеді.

Романның композициялық  құрылымы, өрнек-бояулары көңіл аударарлық. Шығармада автордың үнемі қайрылып, сырласып отыратын қарт Шыңғыстауы қазақ даласының өткен жолының әрбір қалтарысына куәгер тарихтың бейнесі, бәрін де оймен екшеп, иығымен көтерер даналықтың жиынтық образы секілді.

Шәкәрімнің роман оқиғасын баяндау барысында үнемі Шыңғыстауға  жүгініп, оны куәлікке тартып отыруында  осындай философиялық терең мән  жатыр. Шәкәрімнің қай шығармасында болсын осындай айқын бояу, айшықты  суреттермен қатар терең философиялық ой, ғасырлар бойы жинақталған халық даналығы, тарихтың өшпес тағылымы қатар өріліп жатады.              

Шәкәрімнің романында  Шыңғыстаудың бөктеріндегі қазақ ауылындағы өткен оқиға суреттеледі. Бірақ  ойшыл қаламгердің басты мақсаты  болған оқиғаны баяндау, трагедиялық халге ұшыраған ғашық жастардың қайғысын оқырман жүрегіне жеткізу емес. Шәкәрімнің авторлық нысанасы – заман портретін жасау, тарихи дәуірдің философиясы мен психологиясын талдау. Қаламгер «оқиғаның болған жағдайын, оның басты қозғаушы күштерін саралап талдай отырып, оның бәрінің логикалық және психологиялық дәлелін, жүйесін көркемдік заңдылықтарына орай анықтайды. Романдағы кейіпкерлердің адами болмысы да, қоғамдағы орны да, тартыстың сыр-сипаты да өзгешелеу.

Ш.Құдайбердіұлы шығармада  қамтылатын өмір өрнектері мен адам мінездерінің, оқиғаларының қайталанбауын есте тұтқан. Еркімбек, әкесі Төребек төре, бай-бұлғаңдар, Зылиқа, Жәмила, Мария тәрізді қазақ әйелдерінің ашық жарқын жүзді, Үсен, Шешенбай  өсекшіл, арамза, сатқындар тағы басқа  сан алуан дүниетаным иелері көркем мүсінделген.

«Адамшылықтың алды – махаббат, ғаділет сезім» – деп ұлы ақын Абай айтқандай, жазушы шығарма оқиғасын махаббат төңірегінде құра отырып, жас кейіпкерлердің сүйіспеншілік қасиеттерін ашып көрсетеді.

 Ш.Құдайбердіұлы романды баяндау арқылы кейіпкерлердің жан дүниесін айқындалмай қоймайтындай оқиғалар игімен, тартыс табиғатын талдауда алғырлық танытқан. Кейіпкерлердің аса үлкен шеберлікпен сомдалған. Романдағы басты қаһармандар – Әділ мен Мария. Мария шынайы бейне ата- анасынан ерте айрылған. Бір үйдің жалғыз қызы. Марияның бойында қазақ қыздарына тән нәзіктік, ибалылық, саналылық та, сұлу да, нәзік қасиеттері байқалады. Марияның қазақ қыздарына тән ақылы мен биік парасаты, сезімталдығы мен адамгершілігі мол. Мария өзі Еркімбектің қолынан қаза табады. Жалпы романда кейіпкерлердің өзара тіл қатысуына, диалог пен монологқа ақын қатты назар аударған, өзінің идеялық нысанын жеткізудегі басты құралы осы деп білген. Диалог пен монологты ақын өз кейіпкерлерінің бүкіл болмысын ашуға шебер пайдаланған. Кейіпкер тұлғасын айқындайтын ең басты сипат - әрекет және негіссіз, жөн-жосықсыз әрекет емес, заманға сай, ортаға лайық, мінезге сыйымды, психологиялық дәйекті әрекет болып табылады.      

Әділ де ата-анасынан ерте айрылған. Бір үйдің жалғыз баласы. Романдағы оқиғалар барысында Әділ батыр күйінде көрінбейді. Шәкәрім Әділдің образын сомдауда шынайы реалистік шеберлік танытады, шектен тыс әсірелеуге бармайды. Жазушы Әділі қара күштің иесі емес, оның қолымен, немесе бастауымен істелген ерлік те жоқ. Әйтсе де ол адамдық сезімінің жетегінде зарланып өткен адам да емес. Әділдің бойында ақыл, кекшілдік, ерекше батылдық бар. Марияны алып қашар сәттегі батыл шешімге келуі, өмірдің қайшылықтарын жеңсем, түрмеден шыққасын Еркімбектен кек аламын деуі, жігіттік жігерінен, әділетсіздікке қарсы күрестігі батылдығы өр мінезді адам. Бірақ романның соңында Әділ де Еркімбектің қолынан қаза табады. Әділ бәрін ақылмен ойлайды. Оған қоса Әділдің  артында демеуші болар елі, достары бар   Байжан, Асан, Злиқа, Серікбай, Мықтыбай секілді жанашырлары бар.  Бірақ екі жастың өлімі, асқар тауым деп арқа сүйген елі мен достары, жақсылыққа жанашыр болар қауқар қалмады. Керағар, кесапат жаланың шым-шытырық дүниенің ұшығын табу мүмкін емес еді.

Әділ образын даралық қасиеттерді айқын көрсететін тағы бір эпизод – Еркімбектің оққа байлаған сәттегі көңіл күйі мен іс-әрекеті. Әділдің күйзелісі, торығуы сезім суреттері романда жоқ. Тек қайғылы бұлт торлаған тымырық ортадан енді бір мезетте Әділдің батыл да ашық үні естіледі. Ол егілмейді, достарымен қоштаса сөйлейді. Артында қалған баласы Қасым мен әжесінің амандығын тілейді. Әділ бәріне тәуекел етерліктей батыл. Мариясыз өмірдің енді қызығы жоқ. Әділдің соңғы өтініші «Мына Мария мен мені қабірге сал!-деп Марияны құшақтады да көзін жұмады» [10. 539-б.]. Осылайша, жазушы қазақ халқының бар болмысы мен кескін-келбетін, психологиясын Әділ бойына сыйдырып, қазақ әдебиетіне тағы бір ірі тұлғаны әкелді.

Әділ мен Марияның түнгі табиғат аясындағы қашу сәтін лирикалық-психологиялық бейнелеудің лирикалық және кейіптеулік тұтастықпен өрілген көркемдік-әсерлік сипаты айқын:

«Міне, осы іңірде туған  толық Ай дәл Марияның қысылып  ұялғандай қып-қызыл болып туса да, көтеріле келе бозарып, жоғарылағанда, әбден бойы үйренгендей маңқиып, жер жүзіне сүттей тұнық сәулесін түсіріп, Айдың бетіндегі кісі пішінді қожыры қырандай қарап. «Әділ мен Марияның алғашқы қосылғанын көрмейінші!» –  деген сияқтанды-ау! Сонда, кәрі Шыңғыстау, сен алыстан мұнарлатып, басыңды күнбатысқа беріп көлденең сұлап: «Әділ мен Мария былай жатсашы!» –  дегендей бөктердің аласа адырын бауырыңа қысып, төстегі елге жантая қарап жатпап па едің?» [10. 501-502-бб].

Романда Әділ мен Марияның кіршіксіз пәк сезімдеріне тілеулестік  танытып, толғанып отыратын екі ғашықтың да өз тіршілігі бар. Романда Шыңғыстау жанды бейне болып шыққан. Ол адамша толғанып қана қоймайды, оқиғаға араласады, диалогқа түседі, сол арқылы миінездерді сомдауға ықпал жасайды. Бірде оймен, бірде адаммен сыр ақтарысады.

...Міне, Әділ мен Марияның  алғашқы кездесу сәті. Жаз айының қоңыр мақпалдай майда түні. Шәкәрімнің баяндауына үңілсек:

«Әділ мен Марияның алғашқы  қосылған махаббатын көріп, аспандағы  жарық ай әлдеқашандағы кәрі Шыңғыстауға  дыбыссыз ымбалмен:

«Сен көрген жоқсын-ды. Бұрнағы жылы Зылиқа түскен тойда кез болған. Сонда Әділ Марияны көрісімен анық іші елжіреп, жүрегі ысып кетіп қадалғанда қасынан асып тұрған кекілінің астынан үзіле қараған Марияның нұрлы қара көзі Әділдің жас жүрегіне қанжардай қадалған. Марияның да жас жүрегі лүпілдеп, денесі салқын термен жібісе де ол кезде 14 жасар ғана бала болғандықтан, Мария неге сүйткенін байқай алмаған.

Сол күні Әділ келе сала әжесіне айтып, Жақсыбай марқұм Бақтыбаймен  құда болып, қалың малын да біржолата  берген. Ол жылы Бақтыбай да, Жақсыбай да өліп, былтыр Марияның шешесі және өліп, Әділдің бұрын бара алмай жүргені сол  болатын» – деп кәрі Шыңғыстау үнсіз сөзін аяқтады да, Әділ мен Марияның қосылғанына бойы балқып, қолтық-шабы сияқты көгал өзектерін дымқыл шық басып, терміп, көзі бұлдырап, мұнар тартқандай болды» [10. 503-504-бб.].

Қазақ ұғымында сұлулық  пен жарық сәуленің, әлдеқандай  бір қасиетті құбылыстың символына  балаған Ай мен Күн тәрізді  ғарыштық дене мен Шыңғыстау секілді  географиялық ұғымға тіл бітіру, сырластыру арқылы екі жастың махаббатына тән  пәктіктің қадірін арттырып, роман сюжетіне арқау болған оқиғаны қалыңдата түседі. Әділ мен Марияның басындағы ғашықтық халдің жай-жапсарын куәгер Шыңғыстаудың аузымен баяндайды. Тұтастай алғанда, романның басынан аяғына дейін адам мен табиғат тынысы қатар өрбіп отырады. Кейіпкерлердің ішкі сезімін, психологиялық күйін, күйініш-сүйінішін жеткізуге де Шыңғыстау көмекке келеді. Жалғыз Шыңғыстау емес, романда жанды кейіпке көшіп, өзара сырласып жатады.

Романда 1910-1911 жылғы қазақ ауылында болған өмір шындығына алып келеді. Басты оқиға ғашық жастардың хикаясы. Сол кездегі тарихи шындық, адамдар арасындағы қарым-қатынас, әлеуметтік психология, қоғамдық құрылым заңдылықтары мен кейіпкерлердің, бас қаһармандары Әділ мен Марияның басындағы оқиғаларға қатысты өрбіп отырады. Роман басталғаннан-ақ табиғаттың әсем бір кезіндегі қазақ ауылының қарбалас тіршілігіне тап боламыз. Шынайы ауыл суреті көрініс береді. Қыстың қытымыр қыспағынан босап, көңілді май айының жайдары мейірімінен жадыраған, қуаныш құшағындағы мәре-сәре ауыл адамдарына жолығамыз. Олардың арасында Әділ мен Мария да жүр. Бұрынғыдан келе жатқан қалыпты дәстүр бойынша ғашық жастардың трагедиялық тағдырларына ең алдымен олардың бірінің бай, бірінің кедей ортасынан шығуы себепкер болуы тиіс еді десек, Әділ де, Мария да әлеуметтік жағдайы, рухани мәдени деңгейі қарайлас жандар. Өзара әңгіме барысында, диолог үстінде бірлі-жарым сөзбен ишарат етілген болмысы, автор оларды Қамар мен Ахмет, Жамал мен Ғали, Ғайша мен Қожаш т.б.секілді оқыған, көзі ашық деп суреттеп жатпайды. Ол  қасиеттердің бәрі іс-әрекет үстінде ашылады.

Романда негізгі бір ерекшелігі Әділ мен Мария бір-біріне ынтыққан  жастардың аяғын тұсау болатын қара күш негізінен қыздың өзге біреуге атастырылып қойылуы немесе қалың малға сатылуы, Шәкәрімнің кейіпкерлері жастайынан бір-біріне атастырылып қойылған. Екі жастың екеуіне де ешқандай қарсылығы жоқ. Бірін-бірі жақсы көреді, махаббаттарына тосқауыл болар кедергі де көрінбейді. Оған қоса айналасында өздеріне  қолдау жасайтын достары, жанашыр аға женгелері бар.

Романның басында кезедесетін  кейіпкерлер арасындағы диалогтарды атқарып тұрған қызметі де орасан. Түптеп келгенде жайлауға қонған қатарлас екі ауылдың екі топ жастың әрқайсысында болып жатқан диалог түріндегі  әңгіме бүкіл шығарманың мазмұнынан хабар береді.

Мысалы: «Әділ: – Әй, құрдасым-ай – деп, Серікбайдың арқаға қақты да: – Зылиқа жеңгей уәдесінде тұрса, Марияны бүгін түнде қолымызға береді десеңізші!

Серікбай: – Уәдесінде  тұрмай, өз қалыңдығыңды өзіңнен аясын  ба?

Ана  күні ғана жеңгетайға бір, көйлекті шыт пен төрт кез барқыт бергеніміз қане?

Әділ: Ойбай-ау! Мен Зылиқа жеңгей бізден аянады дейім бе? Ана  бір Үсен деген кіші қайнағам мен  қатынына Жәмила бізді жатша қорып, аңдып жүрген жоқ па? [10.250-495-бб.].

Бұл – Милы құдығына қоныстанып жатқан бас кейіпкер. Әділ мен оның досы Серікбайдың арасындағы әңгіме. Сөз төркіні негізінде Әділ мен Мария  махаббаты. Ата-аналары екеуін жасынан атастырып қойған. Ер жете келе жастар бір-біріне ынтық күйге түскен. Ендігі мақсаттары тезірек жолығысу, сүйген жүректердің тілегін орындап, бас қосу. Аяққа тұсау болатын қол алысып, уәделесіп, әкелері Жақсыбай мен Бақтыбайдың дүниеден өтіп кеткендігі. Бірақ жастар қамқоршысыз, жалғыз емес. Екеуара диалогта аталған Зылиқа сондай жанашырларының бірі, Марияның үлкен жеңгесі. Асан мен Зылиқа екі жастың бақыты болғанын қалайды. Бір жағынан  Марияға бас-көз  болуды тапсырып кеткен марқұм ата-анасының тілеуін орындауды ойлайды. Сол себепті де Зылиқа мен Мария арасында қарым-қатынас аса жақын, жеңге мен қайынсіңілі де болатын ыстық сезім екеуіне тән.

«Мария: – Апырай, жеңеше-ай! Мен саған өкпелейін дедім  ғой! Әжем өтерінде екеуміздің қолымызды  ұстап отырып: «Қарағым,  Зылиқа, мына Мария жанымды әуелі құдайға, екінші саған тапсырам...» дегені қане?... Зылиқа. Қалқам, еркем, маған өкпелеме! Мен сені өзгелердің жеңгесіндей  бұзықтыққа жұмсамаймын. Менің тілейтінім сол әжем мен әкемнің сені атастырып кеткен Әділ күйеу жасырып қалыңдық ойнаймын деп маған кісі салып жүр»                 [10.500-б.].

Екеуінде де кіршісіз, адалдық бар. Үлкеннің кішіге, кішінің үлкенге деген  айрықша  адал ықыласы бар. Қалыңдығына жетсем деп армандаған Әділ де осындай адал сезімнің құлы. Жолдасқа сыйлы, елге қадірлі азамат. Бір ғана соры ата-анасынан жалғыз қалғандығы.

Әділ мен Марияға  тән  қасиеті, сыртқы келбеті мен ішкі жан дүниесінің сұлулығы ғана емес, бір-біріне деген адалдығы мен қиындыққа қарсы тұра білер қайсарлығы да өр намысы тағы да бар.  Көз жұмар сәттеріне дейін олар әділеттілік, адалдық үшін күреседі. Сол қайсар намыстың, күрескерліктің нәтижесінде олар «Қамар сұлудағы» Қамар мен Ахметтің күйін кешеді, аз уақыт болса да түтін түтетіп, сәби сүйеді.

Ақ пен қараның қатар  өмір сүруі табиғаттың бұлжымас заңы. Шәкәрімнің  романында, Әділ мен  Серікбай арасында әлгіндей диолог жүріп  жатқанда сонымен қатарлас Төребек болыстың ауылында да Мария туралы әңгіме болады. Мариядай сұлудың жайын естіген болыстың ұлы қыздың  басына екі құлынды бие тігеді. Осылайша екі ауылдағы екі түрлі  көрініс, екі түрлі мінез  тоғысы Әділ мен Мария басындағы оқиғаларды күрт шиеленіс иіріп, қиын тартыс басталады.  Оқиғаның  бұдан кейінгі  барысында Марияның  кіші ағасы Үсен мен жеңгесі Жәмила араласады. Олар Асан мен Зылиқаға мүлде кереғар жандар. Бір қарағанда Үсен де, Жәмилада ауылдағы қарапайым көптің бірі. Ал олардың  ішкі дүниесі үңіле қарағанда, өзгеше сипат көзге шалынады. Романда олардың портреттік және психологиялық образын жасайтын авторлық суреттеу жоқ. Олардың даңғойлық, мансапқұмарлық, атаққұмарлық қасиеттері, Марияның айналасындағы жасырын келісімдер тұсында ашыла береді.

Үсен болса «Бақытсыз  Жамалдағы» Сәрсенбай секілді пендешілік, психологияға бой алдырады. Сәрсенбай  би болмақ үмітпен Жамалды Байжанның  баласына беруге келіссе, «Әділ-Мариядағы» Үсеннің  арманы болыспен құда болу. Сол арқылы өзінің халық алдында  өз дәрежесін  көтеру, жағдайын жақсарту. Үсен үшін Марияның тағдыры осы игілікке жетудің жолы ғана еді. Үсен қарындасының бақытын ойламайды. Өз мақсатына жетсе болғаны. Өзіне  қарсы шыққан ағайындар сөзінің ол үшін әсері де жоқ еді. Үсен бойында жаман қаиеттермен қатар ізгілігі де бар қарапайым пенде. Үсеннің іс- әрекеті роман барысында ой жоспары, болыспен  құда болуды мәртебе санауы да кәдімгі пендешіліктен туған десек те болады. Күнделікті өмірде кездесіп  жататын таныс пихология. Осы тұрғыдан Үсен пасық пиғылға  бой алдыруына, Төребек болыстың мақтанқұмар, баласы Еркінбектің жағына шығуына басты себепкер Шешенбай пысықтың арбауына түскен әйелі Жәмиланың аярлығы. Үсен  Еркімбекпен сөз  байласып, екеуара алыс-беріс ырымын да жасап қояды. Ақыр аяында күзгі сайлау өткенше бұл істі тоқтата тұруға келіседі. Үсен оған қарсылық білдірмейді.

Информация о работе Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі