Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 17:40, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысына сипаттама. Әдебиеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен жазушылардың қалдырған мұрасына қайта үңілу, оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік. Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлылығын айғақтайтын басты белгі болып табылады. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................8

1 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романының зерттелуі..........11

2 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағы басты
кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы ...............................................................25

3 Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі.....................................41

4 4 Шәкәрім шығармаларын орта мектепте меңгерту әдістемесі..........62

Қорытынды .....................................................................................................75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................78

Прикрепленные файлы: 1 файл

адил-мария.doc

— 524.00 Кб (Скачать документ)

Сол күні Әділ келе сала әжесіне айтып, Жақсыбай марқұм Бақтыбаймен құда болып, қалың малын да біржолата берген. Ол жылы Бақтыбай да, Жақсыбай да өліп, былтыр Марияның шешесі және өліп, Әділдің ұрын бара алмай жүргені сол болатын», – деп кәрі Шыңғыстау үнсіз сөзін аяқтады да, Әділ мен Марияның қосылғанына бойы балқып, қолтық-шабы сияқты көгал өзектерін дымқыл шық басып, тершіп, көзі бұлдырап, мұнар тартқандай болды» [10.503-504-бб.]. Негізіде қазақ ұғымында сұлулық пен жарық сәуленің, қасиетті құбылыстың символына баланған Ай мен Күн  тәрізді ғарыштық дене мен Шыңғыстау секілді географиялық ұғымға тіл бітіру, салыстыру арқылы ақын екі жастың махаббатына тән пәктіктің қадірін арттырып, роман сюжетінде арқау болған оқиға бояуын қалыңдата түседі. Әділ мен Мария басындағы ғашықтық халдың жай-жапсарын жазушы қарт куәгер Шыңғыстаудың «аузымен» баяндайды.  

«Әділ-Мария» романы компазицясының бастауынан бастап, авторлық лирикалық  қаһарман атынан Шыңғыстаумен тілдесуі арқылы өзіндік болмысын даралап  танытатын лирикалық сыршылдықты  аңғартатын ерекшклік. Таумен, аспанмен, аймен, күнмен, жұлдыздармен, желмен, т.б. сан алуан табиғат мүшелерімен сырласып өсетін, есейген, ержететін, өмірден өткенше табиғатпен іштей сұхбаттасатын қазақ ділінің көркемдік ойлау әлемінің көрінісі бұл! Табиғат және адам іс-әрекеттерін, мінез-құлық құбылыстарын тұтастырғанда кейде егіздей бейнелеу-әдеби шығарманың эстетикалық әсерлігін күшейте түсетін ерекшелік болып табылады.

Тұтастай алатын болсақ, романның басынан аяғына дейін адам мен табиғат тынысы қатар өрбіп  отырады. Кейіпкерлердің ішкі сезімін, психологиялық күйін, күйініш сүйінішін жеткізуде Шәкәрімге Шыңғыстау көмекке келеді. Жалғыз Шыңғыстау емес, романда жанды кейіпке көшіп, өзара «сырласып» жататын басқа да кеңістік нүктелері жоқ емес. Көктемнің масатыдай жайнаған жайлауының ірге көтерген елдің артына қалып бара жатқан «Көксеңгір, Шақпақ, Ақшатаулар өкпелеп, наз қылған әйел пішінденіп, мұнартып, мұңайып: «Қап! Бізді тастап барғандығыңды да көреміз» [10.525-б.] немесе «Терең асуда келе жатқан көше екі жақтағы қабағын түйген қара жартастың «бәлем, үстіңе құлап, талқаныңды шығарайын ба?» – деп [10.525-б.] тұрғандай» болуы осындай детальдар қатарында.

Мұндай көркемдік тәсіл  арқылы романдағы кейіпкерлер мінездерін ашуда орасан зор қызмет атқарып  тұр. Автор осы арқылы психолгиялық параллизмнің небір үлгісін жасайды. Шәкәрім өзінің  түйінді тұжырымдарын да адам мен табиғаттың бірлігін іздейді.

... «Сол кезде Шыңғыс  жақтан қайғылы қара бұлт шығып,  қара дауыл болып, қарлы жаңбыр  жауа бастады. Ауылдан былай  шыға бергенде, бір қаңбақты жел  ұшырып, дедектетіп апарып, құдыққа салғанын Әділ көріп, абақты есіне түсіп:

– Әттең, туысқансыз жалғыздық-ай! Шіркін, опасыз дүние-ай! Көрсетпегің  осы екен ғой! – деп көзінің  жасы сорғалап, амалсыз кетіп барады...»[10. 527-б.].

Бұл Әділдің жазықсыз жалалы болып, абақтыға айдалып, урядниктің алдында келе жатқандағы күйі. Әділдің тағдыры жел айдаған қаңбақтікіндей. Адалдығын қалай дәлелдесін? Арамдық ойлаған пасықтың құрығына түсіп, жанашырсыз жалғыздығына өкініп егілгеннен басқа не шара? Шыңғыс жақтан жылжыған қара бұлт секілді тағдырдың да қара дауылы соққан заман бұл! Осы бір сезім күйіндегі Әділдің түнерген табиғат құшағынан айырып ала алмайсың. Екеуі қаншалықты астасып, ішкі жан дүниесімен бірге күйзеліске түскендей.

Трагедияға соқтырар өрттің ұшқыны оқиға өтер кеңістіктің өзге тұсынан жалыт етіп тұтынады. Атап айтқанда, көршілес қонып жатқан ауылда қымызға тойып күпінген жігіттердің аузындағы желіккен әңгіме ғана оқырманды селт еткізіп, көңілінде әлдеқандай бір алаң тудырғандай. Бірақ Шәкәрім жас жігіт пен қыздың басына болашақта үйірілмек қайғы бұлтының ызғарын басқаша сездіреді. Дәлірек айтқанда, жазушы көркем бейнелеу құралдарының бірі пейзаждық элементтерді, оқиғаның мезгілдік, мекендік детальдарын өте шебер пайдаланады.

...Көктем дала. Мамыр  айы. Дала төбесіне бытырай қонып жатқан ауыл. Қызыл-жасыл киінген қыз-жігіттер, ауыл адамдары. Милы құдығының басына қонып, биелерін  байлатып бола сала үйдің тігіліуіне қарамастан, көгалға сырмақ төсетіп, бір табақ ет пен бір тегене қымызды алдарына алып мәз-мейрам болып отырған Әділ бастаған жастар... Қандай әдемі әрі шынайы сурет, этнографиялық бояу қанық картина!? Табиғатта дәл осындай күйде. Жаратылыс пен адамның көңіл күйі астасып жатқандай. Алайда, осы көріністің, осы тұтастықтың астарына Шәкәрім көп ой жасырады. Жазушы толғанысы былайша ақтарылады.

«Май-май! Әттең, май жұлдызы-ай! Сен жан-жануардың қайғысын ұмытқызып, бейіш ауасын жұтқызып, қабағын ашқызып, үмітін ілгері басқызып, тозбас өмір, таймас бақ бергендей алдайтының-ай! Жайқалған  жасыл шөпті қуартатын, жалбыраған жапырақ пен жайнаған гүлдерді жаныннан айрылып ұшыратын күз болмайтындай-ақ, жазушы Шыңғыс даласымен қар астында қалып, қайғылы ақ бүркейін жамылып, жоғарлаған жалындай, жорға мінген жастардай жылмаңдап аққан мөлдір сулар, мұнан былай рахат-қуаныштан үміт үзген мұңлы жүректен мұз болып қататын қыс болмайтындай-ақ, сен, май, әттең, май! Жан-жануарлардың, адамзаттың артын ұмыттырып, алдын ойлатпайсың-ау!» [10. 494-б.].

Жазушы осы бір ой-толғау арқылы көп жайытты ұқтырады. Табиғат  мезгілдерінің үздіксіз алмасып, бүгінгі көктемді ертеңгі күздің ығыстыратыны секілді, Әділ мен Мария басындағы бүгінгі «бейіш ауасын жұтқандай» көңілді шақтардың да ертеңгі бір тұста қайғыға ұласатынын тұспалдайды. «Әттең» деген бір ғана сөздің оқиғаға  қаншалықты бояу беріп тұрғанына назар аударыңыз. Әдемілікке тамсанып тұрған адамның көмейіне келе қоймайтын сөз. Ал, жазушы «Әттең, май жұлдызы-ай!» дей тұрып, бүкіл оқиғаның болашақ барысынан хабар береді.

Романның басында кездесетін кейіпкерлер арасындағы диалогтардың атқарып тұрған қызметі орасан. Түптеп келгенде, жайлауға қонған қатарлас екі ауылдағы екі топ жастың әрқайсысында болып жатқан диолог түріндегі әңгіме бүкіл шығарманың мазмұнынан хабар береді.

«Әділ: – Әй, құрдасым – ай, – деп Серікбайды арқаға қақты да:  – Зылиқа жеңгей уәдесінде тұрса, Марияны бүгін түнде қолымызға береді десеңші!

Серікбай: - Уәдесінде  тұрмай, өз қалыңдығыңды өзіңнен аясын  ба? Ана күнгі жеңгетайға бір көйлектік  шыт пен төрт кез барқыт бергеніміз қане?

Әділ: –  Ойбай –  ау! Мен Зылиқа жеңгей бізден  аянады дейім бе? Ана бір Үсен деген бізді жатша қорып, аңдып жүрген жоқ па?» [10.495- б.].

Бұл – Милы құдығына қоныстанып жатқан бас кейіпкерлер Әділ мен  оның досы Серікбайдың арасындағы әңгіме. Сөз төркіні Әділ мен Марияның махаббаты.  

Романда араласатын кейіпкерлердің іс әрекеттетін мен сезім, толғамдары уақыт пен кеңістік ұғымдарымен, тікелей қатынаста өрбіп отырады. Бір қарағанда шығарманың жалпы құралымы мен баяндалау тәсілімін драмалық шығармаларға тән көркемдік сипат аңғарылады. «Әділ-Мария» романындағы философиялық толғаныстардың сыр сипаты әралуан. Оны беруде Шәкәрім әртүрлі көркемдік тәсілдерге барады. Шәкәрім бейнелеген  Шыңғыстау кейде жанды құбылысқа айналып, динамикалық қалыпқа көшсе, кей тұста автордың өзінің кейпіне кіргендей әсер етеді. Оқиғаның мекендік өлшемдерін беруде Шәкәрім керемет суреткелік шеберлік танытады. Романда нгізінде Шыңғыстау! Оның  баурайында қатар қонған қарапайым қазақ ауылдары. Ауыл  суреті пейзаждық көріністерімен астаса келіп, шынайы көркем суретке айналады.

«...Асудан шұрқыратып айдаған жылқы, шулатып айдаған қой, бұзауын іздеп ілгеріңді кейінді мөңіреп жүгірген сиыр, жүгі ауып, бақырып басысп жатқан түйе, ауған жүкті басқан қатындардың аты шылбырын  шұбатып, қоқан ерін қоқақтатып, көпшілігін жалпылдатып, жылқыға қарай шауып  бара жатыр. Арық түйесіне жүгін артып алған кедейлердің жас балалары шулап жылып, кейбір жалаңбас, жалаңаяқ балалар тайынан жығылып, тайы алдыңғы айдаған жылқыға қарай пісіней жөнелгенде. «Ағатай,  ана тайымды  ұстай алшы!- деп көзі жасаурап, өкпесі ентіккен. Мына жақтағы таулар да, өзен тоғайларда таңдайы тақылдған көкек, саңқылдаған сары ала қаз, таспен тоғайдағы тамыжылтып айраған неше түрлі тоғайлар, су жағасындағы көгалдан шыққан   балтаның тақылдаған дауысы! Тағы! Тағылар![10. 507-508-бб].

Мұндай табиғат суреттері психологиялық параллелиз, көркем детальдар, түрінде кейіпкер характерін, олдардың басындағы ахуалды бейнелеуде үлкен рөлді атқараған. Әділ мен Марияның бақытты сәттері, бірімен бірі қуанышты мезеттері олардың көңіндегі қуанышты шуақтар табиғатың жайнаған, жайдары қалпымен егіз бейнеленеді. Ал қазан айында «....қара дауыл соғып, сарғайған жапырақтарды, жайқалған, селеулерді ұштастырып, ағайыннан алыс жерге амалсыз жеткен жолаушыдай-ақ қаңғытып ала кетті. Көкпек,  тобылғыларындағы өрмекшінің еңбек қылып тоқыған ұясын бұзып» [10. 526-б.] кеткен табиғаттың сұрғылттау суреті Әділдің басына төніп келе жатқан қасірет сызын сездіргендей. Енді аздан соң Әділ де әділетсіздіктің қара дауылына душар болып, урядниктің айдауына түседі. Мария екеуінің ұядай болып отырған шаңырағы да дауыл бұзған өрмекшінің торындай аласапыранның желінен дірдек қағады. «Ендігі жердегі Әділдің тағдыры «....Шығыс жақтан қайғылы қара бұлт шығып дауыл болып қарлы жаңбыр жауа бастады. Ауылдан былай шыға бергенде, бір қаңбақты жел ұшып, дедектетіп апарып, құдыққа салған» [10.527-б] дала суретінің бояуымен астасады. Мұндағы қара бұлтпен дауыл, қарлы жаңбыр әділетсіздіктің, қиянаттың символы болса, жел ойнаған қаңбақ  – Әділдің тәлккеке түскен кең тағдырдың белгісі.

Шәкәрімнің кең палитралы қаламынан құдіретінен туған табиғат көріністері, пейзаждық кардинаталар, кейіпкерлер тағдырымен жымдасып, адам мен табиғат арасындағы тамырластықтың ара жігін мүлде жойып жібергендей болады. Бейнелі теңеулер, кестелі тіл арқылы өрнектелген осынау көркем тұтастық прозашы Шәкәрімнің қолтаңбасындағы айрықша қуатты танытса керек.

«....Шыңғысты басқан қардай қайғылы ақ бүркейін жамылып, жап-жас  ыстық жүрегі февральдың шақылдаған аязындағы мұздай болып қатты»[10. 533-б.].

Бұл – Еркімбек сұмның өтірік хаты арқылы Әділдің «өлгенін» естігенде шақтағы жоқтау айтып зарланып отырған, бұған дейін қаншама тағдыр сынынан өтсе де, сүйіктісіне деген адал сезімін ардақтап, бар ғұмырын махаббатына арнаған Марияның бейнесі, Әділ мен Мария арасындағы махаббаттың барынша көрінер тұсы болып табылады.

Шығарманың аяғында  Марияны зорлықпен алып кетуге келген Еркімбектің қолынан Әділ мен  Мария қаза табатын тұстағы қайғылы  психологияны да жазушы табиғаттың келбетіндегі жекеленген көрініс бояулары арқылы жүректі дір еткізетіндей етіп суреттеп көрсетеді. 

.... «Міне, дәл сол  кезде күн батып кетіп, шапақтың  шашақты шарбы бұлтындағы күннің  қызыл нұры Әділ мен Марияның  жарасынан сорғалаған қандай  қып-қызыл болып тараулана бастады» [10. 538-б.].

Соңғы арпалыс үстінде  Еркімбектің көзіне қанжар тиеді. Осы арқылы Шәкәрім жер бетіндегі зұлымдық, қатыгездік атаулының түптің түбінде жазасыз кетпейтінін тұспалдаса керек. Заман шындығы  жазушыға осындай ой түйгізеді.    

Романның басынан аяғына дейін Шәкәрім оқиғаның мезгілдік, мекендік, көркем тартыспен ғажап тұтастыққа алып шығады. Географиялық белгілер, жер-су атаулары нақты. Ал, уақыт ұғымына келгенде жазушы аса мұқияттылық танытады.  Әрбір эпизоттың басында бірде «Майдың 15-сі күні...», «Майдың 25-сі күні...», «июннің 15-сі болып қалды», «Он алтыншы июнь күні», «Сентябрдің жиырмасы күні», «октябірдің он бесі күні» деген тәрізді нақты деректерді мәлімдесе, енді бірқатар тұста «осы іңірде», «осы түні», «дәл осы ымыртта»деген мезгілдік ишараны білдіретін тіркестерге орын береді.

Бұл деректердің бәрі шығарма оқиғасын баяндаудағы белгілі бір көркемдік жүйелілікті аңғартады. Сонымен қатар бұл деректер романда көп кездесетін «әні», «міне», «дәл осы сәтте», «иә», «сен» түріндегі экспрессивті бояуы қалың сөздер мен тіркестер түрінде оқиғаның ширығу процесіне де өлшеусіз үлес қосқанын айта кеткен жөн болар еді. Шығарманың өне бойыда Шәкәрімнің өмір туралы, фәни дүниенің өткіншілігі тағдырдың құбылмалылығы жайындағы философиялық толғаныстары өзек болып отырады. Ондай толғаныстар бірде қарт Шыңғыстаудың атына баяндаса, енді бірде Шыңғыстауға, жерге, суға, өтіп жатқан уақыт керуеніне қарата Шәкәрімнің өз аузынан ақтарылады. «Ұшқаны білінбейтін ұшқыр заманның зырқырап өтіп бара жатқанын....»[10. 517-б.], «Әрине, әлем айналғанын қоя ма? Уақыттан жүйрік уақыт сыдыртып қақаған аяз, қатты боранды ақпанды да туғызды», – деген [10. 531-б.] ойлы сөйлемдерінің мағыналық мезгілдік ишаралар жатса да, түпкі мәнінде уақыт пен адамның өмірі жөніндегі жазушының терең философиясының жасырғаны айқын сезіледі.

Шәкәрім тұтас романның өзін осындай философиялық тұжырыммен түйіндейді:

«Таза махаббатқа құрбан болған екі ғашықтың қадірлі моласын  халық алтынмен жазуға лайық ақ бостандықты  туғызған, адал жүректі азаматтардың арқасында ғана білді» [10. 539-б.]. Қаламгер өзінің өзек болған осындай пікірлермен роман жанырына шеберлікпен көшіріп, ғашық жастардың басындағы трагедияның мысалында өзіне ғана тән оқшау қолтаңбамен айшықтап береді.  

Көркем әдебиеттің негізгі  нысаны өмірдің шындығын дәуірдің ақиқатын бейнелеу десек, жирмасыншы  ғасырдың басындағы ұлттық әдебиет үшін бұл шындықтың шеңбері әлдеқайда кеңейе түскен еді. Осы шындықты бейнелеуге поэзиясымен қатар проза тілінде атсалысқан Шәкәрім оған өзгешелеу тұрғыдан келді. Шәкәрімнің өмір бойы армандаған әділетті өмір идеясы, «таза адам», «таза ақыл», «ұждан» ұғымдары тұрады. Өмірде болып жатқан құбылыстар мне оқиғалардың мәнін ол осы ұғымдар тұрғысынан түсінуге және өзгелерге түсіндіруге ұмтылды. «Әділ-Мария» романында өз тұсындағы «....сыншыл реалистік не романтикалық, сентименталдық дәстүрден өзгешелігі – тарихи-әлеуметтік мәселені жалпы ұждандық тұрғыдан, өз басы дәл болған кейіппен, қинала, толғана көтеруіде» [11.27-б.].

Шәкәрім үшін Әділ мен  Марияның басынан өткен трагедия қоғам жөніндегі өз үнін, өз үкімін паш етуінің кілті болды. Ақын махаббат мұңылықтарының басындағы трагедия мен ел, қоғам басындағы трагедияны асқан шеберлікпен, ақындық көрегендікпен ұштастыра білді. Бір ғана махаббат тарихын баяндау арқылы қазақ қоғамындағы бір кездегі сыр-сипатын ашып берді. Романның ең басты құндылығы да осында еді, әлеуметтік астарының тереңдігінде жатыр. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу», «Әділ-Мария» роман, поэмалары негізгі арқауы махаббат тақырыбы болғанымен автор осынау тар шеңберде қалып қоймайды. Ғашық жастардың трагедиясы арқылы қоғамдағы психологиялық керегарлықты, түрлі сана қақтығыстарын, әлеуметтік әділетсіздік пен теңсіздік мәселелерін көрсетеді. Романның әлеуметтік астары терең. Кейіпкерлер образдары да аса күрделі. Типтік дәрежеде сомдалған. Түрлі детальдар, көркемдік шешімдер арқылы Шәкәрім өз қаһармандарының мінездерін анық әрі нанымды етіп суреттейді.

Бейне жасау тәсілдеріне  лайық оның түрлері туады. Образ  жасау тәсілдерінің әр алуандығы  сияқты, оның түрлері де әр алуан  болып келеді. Олар жағымды, жағымсыз образдар. «Әділ-Мария» романындағы жағымды образдар: Серікбай, Мықтыбай, Зылиқа, Асан, Байжан,Әділдің әжесі, Мария, Әділ, Байбол. Жағымсыз образдар: Еркімбек, Шешенбай, Жәмила, Үсен, әкесі Төребек.

Романдағы трагедиялық  образ. Трагедиялық образ да әдебиетте тым әріден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңа, адам мен қоғам арамдық пен жауыздық арасындағы ымырасыз күрестен,бітпес тартыстан, қайшылықтардан, адам жеңіп болмас ауыр, азапты жайларды әдеби шығармада терең және шебер жинақтаудан туады. Трагедиялық құбылыстар өмір де, өнерде де юморлық не сатиралық құбылыстарға қарма-қарсы: юмор мен сатирада күлкікі жайлар ажуа, мысқыл, кескін түрінде көрінсе, трагедияда қатерлі нәрселер қайғы, қорқыныш, қаза түрінде көрінеді. Трагедиялық қаһарманның өмірі көбіне өліммен аяқталып отырады. Себебі оның айқасқан жауы өзінен күшті, әлеуметтік қиянат адам еркінен тыс үлкен. Сондықтан да қаһарман – халықтың алыс арманы, алдағы бақыты жолындағы күрестің құрбаны. Тіршілікте адам өмірінде сүюмен қатар жек көру, қуаныш пен бірге реніш, бақыт қана емес, қасірет те болатын секілді, әдебиетте де трагедиялық образдар болған және бола бермек. Шәкәрімнің «Әділ-Мария» романындағы трагедиялық образ:

Информация о работе Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі