Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 17:40, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысына сипаттама. Әдебиеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен жазушылардың қалдырған мұрасына қайта үңілу, оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік. Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлылығын айғақтайтын басты белгі болып табылады. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................8

1 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романының зерттелуі..........11

2 Ш. Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағы басты
кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы ...............................................................25

3 Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі.....................................41

4 4 Шәкәрім шығармаларын орта мектепте меңгерту әдістемесі..........62

Қорытынды .....................................................................................................75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................78

Прикрепленные файлы: 1 файл

адил-мария.doc

— 524.00 Кб (Скачать документ)

«Көрініске шоқынған»,  «Кел, аяқшы қымыз құй», «Ей, жарымыз, ай нұры», «Тұр, аяқшы, бер қымыз», «Көңіл жібі қолымнан», «Анық ерге жолдас бол», «Мәжілісінде досыңның», «Кешегі басшы піріміз» –  өлеңдері Шығыстың әйгілі ақыны Хафизден аударған.

Ақын мұрасын насихаттау жағы, шығармаларын орыс және басқа шет тілдерге аудару маңызды іс екені талассыз. Қаламгердің шығармаларын талдап, бағалау, оларды өз тәуелсіздігін қолына алған еліміздің игілігіне аса беруіне үлес қосу – әрбір зерттеушіге ортақ міндет болып табылады.

Шәкәрімнің прозалары мен қара сөздері «Бәйшешек бақшасы», «Мен жетпіс екі жасқа келгенше» (1930 ж.), «Шын бақыттың айнасы» (1918 ж.), «Мәнді сөздер». Ал, Шәкәрім Құдайбердіұлы «Әділ-Мария» романын                1925 жылы жазған. Бұл қаламгердің кемеліне  келген, мол тәжірибе  жиған шағы. Алайда түрлі қоғамдық, әлеуметтік және шығармашылық мәселерге байланысты. Бұл романның қолжазбасымен қаламгер алаңсыз айналыса алған жоқ.

«Әділ мен Мария» романы  ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі игі көремдік ізденістерді таныта алатын романдардың бірі. «Қайғылы роман» деуіне қарағанда романдағы сентименталды пафосты қаламгер айрықша  көрсеткісі келген тәрізді. «Әділ-Мария» романы ақынның лирикалық туындыларында, поэмаларында қойылған, көркемдік шешімін тапқан тақырыптарымен, мәселелерімен, проблемаларымен, ой-туындыларымен үндес, сәйкес, тамырлас. Шығармада қазақ ауылының 1910 жылдардағы өмірі қамтылған. Азды-көпті кемшіліктерге қарамастан роман кезіндегі қоғамдық ой-пікірде жиі көтеріліп тұрған бас бостандығына ұмтылыс, әйел теңдігі мәселелерге үн қосқан құнды шығарма.

«Әділ-Марияны» жазған Шәкәрім  туылған ғасырдың жиырмасыншы жылдарында айқын және ажарлы, кемел келбетімен көңіл аударған Мұхтар Әуезов әңгімелері, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың туындыларымен таныс болуы мүмкін емес. Эпикалық қарымы өлең құдіретімен асып-таса байқалған ақын қара сөз алқабында да өз бедерімен, артық айшықтарсыз, қарапайым әрі шынайы қасиетімен танылуға тырысқан.      

Романда болған уақиғаның  уақыты мен орны, қатысқан адамдар  аталады. Қаламгердің уақиға желісін сақтай жазуға ұмтылғаны аңғрылады, алайда замана, уақыт тілін түсіне алған Шәкәрім Құдайбердіұлының  өз толғамдары мен ой әуендері де аз емес.

Қазақ зерттеушілері  романтизмнің ХХ ғасырда жаңаша қарқын алғанын атап өтеді. Т. Кәкішұлы ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуында айқын көрініп, «әлі күнге дейін тамсандырып келе жатқан көркемдік амал – романтикалық суреттеу тәсілі» екенін  ашық айтады.

Қазақ романтизмінің  табиғаты, көркемдік әлемі  мәселесі оның даму жолын қарастыру қажеттілігінен туындайды. Осы тұрғыдан көркемдік-эстетикалық жүйе ретінде романтизм эволюциясын зерттеу аса маңызды. Сонымен қатар қазақ прозасының қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен романтизм табиғатын, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы прозаның романтикалық сипатын  жүйелі зерттеу тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Ш.Құдайбердіұлының қалдырған мол мұрасының идеялық мазмұн байлығы, тақырыптық ауқымы, жанрлық молдығы, көркемдік әсерлілігі, стильдік өзгешіліктері, тілдік шеберлігі де, толып жатқан сыр сипаттары, сан алуан қырлары, дәйекті зерттелетін кез енді туды. Шәкәрім Құдайбердіұлы қалдырған мұра идеялық көркемдік мазмұнының байлығымен ерекшеленеді. Шәкәрім ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиет тарихынан үлкен орын алды. Бүгінде халық қазынасына айалып отырған бұл мұра қоғамымызды рухани, байытуға, оның гуманистік және адамгершілік идеяларын, мақсат мұраттарын бекітуге қызмет ететіні хақ. Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдерінің  бұрынғы жырлардан өзгерегі «Шәкәрім» атты тұңғыш энциклопедияда (2008ж) көрініс тапқан. Шәкәрім поэзиясында ұлттық эпикалық категориялар жүйесі мейлінше кеңейтілген. 2008 жылы жарық көрген («Халықаралық Абай клубы», «Жидебай») Шаһкәрімнің «Қажыма, айым, қажыма», «Өкінішті ғұмыр», «Үзілмеген үміт» атты үш томдық кітаптар жарыққа шықты. Бұл жарияланған Шәкәрімнің  өз туындыларынан және ақын туралы зерттеу мақалаларынан тұрады.

Ақынның көп жылдар бойы ардақты есімі, мол мұрасы қалыптаса  бастап, қоғамдағы оң өзгерістердің  нәтижесінде ХХ ғасырдың соңында  ғана ақталған Шәкәрімді алаштың  басқа да алыптарымен бірге халқымыз айрықша қуанышпен қарсы алғаны күні бүгінгідей көз алдымызда. Шәкәрім ең алдымен ойшыл ақын Абайдың ақындық мектебінің ірі өкілі ретінде ол өзі нәр алған дәстүрден үйреніп қана қойған жоқ, оны өзінше даралықпен дамытты. Оның философиялық лирикасы, эпикалық шығармалары, прозасы қазіргі әдебиеттану ғылымында түпкілікті түрде зерттеле бастады.

Академик Заки Ахметов  өзінің “Шәкәрім – қазақ әдебиетінің  классигі” деген терең танымды  зерттеуінде: “Шәкәрімнің ақындық  әлемі бай, көп қырлы, тақырыбы, жанрлық түрлері жағынан да сан алуан. Ақынның “Еңлік-Кебек”, “Қалқаман-Мамыр” дастандарынан халық өмірін терең білетін, сан ғасырлық поэзиясының, сөз өнерінің бай дәстүрлерін, бейнелеу тәсілдерін еркін игергенін айқын аңғарсақ, фәлсапалық лирикасынан өте күрделі философиялық ойларды әсерлі жеткізудегі ақындық шеберлігін, жаңашылдығын сезініп, тәнті боламыз. Шәкәрімнің ақындық жаңашылдығы тыңнан қосқан өлең өлшем-өрнектерінен, өлеңдеріне шығарған әндерінен, үздік композиторлық дарынынан да анық танылады. Бұл жағынан алғанда, Шәкәрім қазақ әдебиетінде ғана емес, дүниежүзі әдебиетінде кездеседі деп айта аламыз”, – деп алып ақынның шығармашылығы туралы лайықты бағасын берген еді.

Академик Заки Ахметов  романтизмнің әдеби бағыт ретінде, әрі көркемдік әдіс мағынасында қолданылатынын атап өтеді. Ғалым романтизмге тән бейнелеу тәсілдерінің  ХХ ғасырда  жаңа сипат алып, дами түскенін және романтизмнің «негізгі принциптері көркем өнердің табиғатына сай болғандықтан алдағы уақытта да қолданыла беретінін» жазады [4.289-б.]. Романтикалық бейнелеу тәсіліне тән негізгі ұстанымдар (романтикалық кейіпкер, романтикалық көтеріңкі леп, қақтығыс сипаты, қиялшылдық, қоғамға сын көзімен қарау, болмысқа наразылық білдіру) нақтылы тарихи дәуірдің шеңберінен тыс уақытта да болады. 

Академик Заки Ахметов  «Шәкәрім Құдайбердіұлы» атты жаңа зерттеуіндегі  ғылыми тұжырымын теориялық негізге  ала отырып:

«Шәкәрімнің қара сөз  түріндегі шығармаларына келсек, ол қазақ әдебиетіндегі реалистік  психологиялық прозаны қалыптастырып, дамытуға аянбай күш жұмсағанын атап айтуымыз қажет.  «Әділ-Мария»  атты романын «Қайғылы роман» деп сипаттаған шығармасынан, сондағы сан түрлі адамдардың іс-әрекеттерін, көңіл-күйін, мінезін бейнелеуінен, сондай-ақ табиғатты, мысалы, Шыңғыстауды кейіптеу тәсілімен жан бітіргендей етіп суреттерінен анық байқаймыз. Шыңғыстау бауырында, маңайында болып жатқан жай-жағдай, оқиғаларды біліп, сезіне алатындай әсер туады да, шығармаға тән психологизм, лирикалық сарын күшейе түседі» [3.223-б.].

Әдебиеттанушы-ғалым Б.Майтановтың «Әділ-Мария» романына байланысты айтқан пікірі де осы шығарманың ұлттық және әлемдік әдеби үдеріс  сабақтастығына негізделген жаңашылдығын  дәйектейді:

«Көркемдік баяндау  құрылымы жағынан «Әділ-Марияның» екі түрлі өзгешелігі айдай анық. Бірі – компазициялық жүйедегі пейзаж қызметінің ауқымы болса, екінші – диалог формасын пьеса үлгісіндей алу. Диологта оқиға дамыту рәсімінен, кейбір мінездер сырынан мол хабар болса, табиғат дидары жазушының көкейкесті эмоционалдық әсері мен жан толғаныстарын қоса ашатын психологиялық бейнелеу тәсіліне айналады. Сонымен қатар, төңірек кескіні шығарманы мекен-жай ұғымының басты қызметін атқаруға тиіс екенін түсінеміз» [3.227-б.] – дейді.

Халқының азаттығын  аңсаған классик ақынның әр өлеңінен оның гуманистік, адамгершілік көзқарасы айқын көрініс тауып отырады. Шәкәрім ойшыл лирик ақын ғана емес, сонымен қатар, терең танымды эпик ақын. Оның эпикалық шығармаларында халық өмірінің табиғаты мол көрініс тапқан. Ақынның эпикалық қарымы дегенде, басқасын айтпағанда, ондағы тарихилық мәселесі өзінің тереңдігімен өзгешеленеді.

Жазушының “Әділ-Мария” романы, басқа да көптеген аудармалары, шағын прозалық шығармалары оның суреткер ретіндегі шығармашылығының тынысы кең екенін көрсетеді. ХХ ғасырдың басындағы жазылған романдарда Шәкәрімнің даралық стилі айқын көрініс тапқан. Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегі өзінің танымдық тереңдігімен ерекшеленеді. Ақын осы еңбегінде: «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді....» – деп басталады. Сондай-ақ, «Мұсылмандық шарты» еңбегі ұлттық теологияның бастауында тұрған құнды мұра болса, ал ұлт тарихын тереңнен қозғаған «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресінің» жөні өз алдына бір бөлек. Шәкәрім қазақ тарихы ғылымының алдында тұрған үш өзекті мәселеге көңіл аударған. Олар – қазақтың халық болып қалыптасуы мәселесі, қазақ хандығының құрылу тарихы және тұтас түркілер тарихы болып табылады.

Ақының “Шәкәрімтану мәселелері” атты тұңғыш сериялық ғылыми жинақ өзінің ғылыми айналымдағы  өмірін бастап кетті. Бүгінгі таңда ақынның бес томдық кітабы жарық көрді. Бұл жинақтың ғылыми құндылығы теология, философия, әдебиеттану, тарих, педагогика, тіл білімі тағы басқа көптеген гуманитарлық бағыттағы жазылған зерттеулерді жүйелеп, тұтас контексте қарастырады. Көрнекті ғалымдардың зерттеулері мен әр жылдары жазылған Шәкәрім тағдырына қатысы бар материалдар да берілген.

Соның бірі Шәкәрімді  ақтау комиссиясының төрағасы болған академик Жабайхан Әбділдиннің “Алаш  азаматтарының ақталуы” деп аталатын естелік мақаласы  жариялылық өрістей  түскенімен сол жылдардың өзінде Шәкәрімді ақтаудың оңайға соқпағаны, осы тұста республика Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметінде Нұрсұлтан Назарбаевтың алыптардың ақталуына сол кездің өзінде табандылықпен ерекше күш салғаны осы естелікте аталып көрсетілген. Сериялық жинақтың алтыншы томы Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің “Шәкәрім және ислам мәдениеті” деген мақаласымен ашылған. Шәкәрімнің осы саладағы терең танымы мен сенімі өте біліктілікпен бірінші рет толық және жан-жақты талданып түсіндіріледі.

Академик Ғарифолла  Есім Шәкәрімнің “Бес сауалына” берген терең философиялық жауап-толғанысы да осы сериялық ғылыми жинақта көрініс тапқан. Жалпы, сериялық ғылыми жинақтың методологиялық ұстанымында шәкәрімтану саласын кезеңдеу үрдісі де сақталып отырды. Алғашқы кезең, Шәкәрімнің өзінің көзі тірісінде жарық көрген мақалалар. Олар — Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов және Мұхтар Әуезовтің  зерттеулері. Сол шәкәрімтанудың алғашқы кезеңінің өзінде Алаш арыстары Шәкәрімнің қазақ мәдениетіндегі ерекше орнын атап көрсеткен болатын. Мысалы, Алаш көсемі Ә.Бөкейхановтан бастап ақиық ақындар М.Дулатов, С.Торайғыров, белгілі журналист-тарихшы С.Ғаббасов және тағы басқалар өз мақалаларында Шәкәрім туралы көптеген жылы пікірлер білдірген. Сонымен қатар, Шәкәрімнің сол кезеңде жазылған өз еңбектерінде де ақынның ойшыл гуманист ретіндегі тұлғасы анық көрініс тапқан. «Адам баласын алалап бөлуші болма, Адамзаттың бәрі – жақын, туыс» – дейді ақын. Шәкәрім ақталғаннан кейінгі қуанышты кезең. Осы уақытта гуманитарлық ғылым саласында Шәкәрімнің шығармашылығы мен еңбектерін зерттеген отыздан астам ғылыми диссертациялар қорғалды. Бірнешеуін атар болсақ, әдебиеттану ғылымында Балтабай Әбдіғази, өнертануда Әлия Сабырова, философияда Бақытжан Рақымжанов, педагогикада Анна Құдиярова тағы басқа зерттеушілер Шәкәрім шығармашылығын әр қырынан зерттей бастады. Қаламгер ойшылдың бейнесі, танымдық және көркемдік қуаты жан-жақты ашыла түсті.

Шәкәрімнің әдеби мұрасын, поэзиялық, прозалық тағы басқа сөз  өнері жанрында жазылған шығармалары  толық әрі жеке-жеке талдап қарастырылған. Сондай-ақ тарих, мәдениет, ғылым, дін, философия салалары бойынша жазылған шығармалары мен еңбектері, барлық ғылым салалары бойынша оның шығармашылығында кездесетін ұғымдар толық қамтылған. Гуманист ойшылдың тұлғасын, Шәкәрім шығармашылығын зерттеудегі ірі еңбек “Шәкәрім” энциклопедиясы, сонымен қатар шәкәрімтану ғылымының дамуына жаңа бағыт сілтер ізденіс жолы болады деп ойлаймыз. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына мазмұнының етене жақындасуына мол еңбек сіңірді. Көптеген өлеңдеріне ән шығарды. Абайдың кеңесі бойынша "Қалқаман-Мамыр" дастанын жазды. (1888 жыл). Мұнда кіршіксіз махаббат дәріптеліп, ел билеушілер орнатқан қатыгез тіршілікке қарсылық, айыптау бар болса, "Еңлік- Кебек" дастанында (1891 жыл) бірін-бірі сүйген екі жастың қасіретін ескілікті әдеп-ғұрыптың қатып қалған уағыздарымен байланыстырады. "Айсұлу- Нартайлақ" поэмасы жамандықты жазаласа, "Әділ-Мария" романында шынжыр балақ, шұбар төс алпауыттардың зорлық-зомбылығына қарсылық білдіріп, революцияның жеңісін хабарлаумен аяқтайды.

Замандар кернеуі үздіксіз.Осынау керуен көшіндегі әрбір жеке адам, мейлі қай деңгейдегі қайраткер болсын, қай кезеңде өмір сүріп, қандай көзқарас болсын адамның  бүкіл болмысын, не біржола жақсы, не тұтастай жаман деп біржақты бағаланбауға тиіс. Бұл – адамзат баласының дамуындағы мәңгілік қозғалыстан туған ғибратты тәжірибе.

ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың шегіндегі мәдени, рухани дамуында прогрессшіл ой-пікірлердің қалыптасуында  зор ролді атқарған Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақов Дулатов, сынды асыл перзенттерімен қайта табысты, олардың сан қырлы мұраларының мейлінше әділ де лайықты бағалау мүмкіндігіне ие болды [4.3-б.]. Шәкәрімнің қалған мұралары жанырлық, тақырыптық жағынан сан қырлы. Оның бәрін еңбек көлемінде талдап шығу мүмкін емес. Бұл зерттеулеулерге ақынның поэмалары, романы негіз болып отыр. Ендігі жерде өмір бойы тірнектеп жинаған білімін халқының игілігіне жұмсау, оны қағаз бетіне түсіріп, болашақ ұрпақтарға аманат етіп қалдыру. Шәкәрімнің шығармашылық мұрасы өте бай. Ақын қалған өмірін шығармашылық жолында әдебиеттің барлық жанырында жемісті еңбек еткен қаламгер. Оның қаламынан терең ойлы, халық басынан өткен тарих негізінде жазылған.

Тарихи шындық өмірлік  нақтылықтан алыстатпай, нанымды  және әсерлі жеткізу жағдайындағы жаңа ізденістер мен соны роман деп аталатын жанрды дүниеге әкелді. Ол бүкіл баяндауды жеке адамның тағдырына, оның мінез-құлқының қалыптасып, өзі жүрегіне әлеуметтік ортада кеңінен мәшһүрленуі төңірегіне шоғырландыратын. Роман тіліндегі қара сөзбен жазылған шығармалар – «Әділ-Мария» романы. Шәкәрімнің поэмалары қазақ романдары орны бөлек ерекше туындылар. Ақынның  қаламынан туған «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу» және де «Әділ-Мария»  романы, поэмаларының өзіне дейінгі дастандардан өзгешелігі фольклорлық не таза романтикалық түрде шешпей, жазба әдебиетке тән күрделі проблемаларды қоюымен қатар оларды тарихи-әлеуметтік, әдеби-эстетикалық талаптарға сәйкес, қазақ поэзиясында жаңа мазмұндағы өрнектер мен келісті суреттеулер, тың түр мен мазмұн пайда болып ұлттың рухани әлемін жаңа бір сатыға көтерген.

Қазақ әдебиетіндегі  роман жанрының жүгін өз дәрежесінде  көтерген «Әділ-Мария» романы – тіл  байлығы мол көркем туынды. Шығарманың стилдік құрлымы кесте-өрнектері  ұлттық тіл байлығын барынша шеберлікпен пайдаланған. «Әділ-Мария» өзіндік ерекшеліктері мол. Бұған дейін жарық көрген шығармалардан «Әділ-Мария» романы мүлде өзгеше дүние. Өзгешелігі тек оқиға, сюжетте емес, тіл байлығымен баяндау стилінде, кейіпкерлерінің сөйлеу мәнерінде. Жазушы характерді ашу мақсатында көбінесе сөз бояуын кейіпкердің өз аузымен, өз сөзімен келтіреді. Өмір шындығын барынша көркемдеп жеткізуде жазушы да кейіпкердің өзіне лайық «сөз» береді.    

Информация о работе Жазушының көркем шығарма жасаудағы тілі