Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2013 в 21:23, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінде тәуелсіз ел болған қазақ халқының қиын жол, қиын тағдырымен бірге жасасып, оның тарихы мен тағдыр-талайының көркем шежіресі болып келе жатқан қазақ әдебиеті қазір барлық жанрда дамып, тақырыптық-мазмұндық тереңдігімен, көл-көсір көркемдік-эстетикалық қуатымен халқымыздың мәдени-рухани әлемінде ерекше орын алып отыр. Бұл құбылыс әдебиетші ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан әр қырынан қарастырылып, әдебиетіміздің сан-салалы мәселелерімен байланыста жеке ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеуде де ғылыми мәнділігімен ерекшеленеді.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................3-5
І. Көркемдік ойлау жүйесіндегі әдеби әдістер және қазақ әдебиетіндегі романтизм........................................................................................................6-35
І.1. Романтизм және көркемдік ойлау ..........................................................6
І.2. Қазақ романтизмі және оның даму тарихы мен зерттелуі...................21
ІІ. О.Бөкей романтизмінің өзекті мәселелері мен суреттелу ерекше-
ліктері ..........................................................................................................36-48
ІІ.1 О.Бөкей романтизміндегі дәуірдің өзекті мәселелері .........................36
ІІ. 2. О.Бөкей романтизміндегі болмыс, ұлт, адам образдарының суреттелу ерекшеліктері ................................................................................................42
ІІІ. О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық, көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы......................................................................................49-74
ІІІ.1 О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық сипаттары..................49
ІІІ. 2. О.Бөкей романтизмінің көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы...........................................................................................................53
Қорытынды....................................................................................................75-76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................77-79

Прикрепленные файлы: 1 файл

О.Бокей романтизм.doc

— 551.50 Кб (Скачать документ)

Сарқындының  осы монологында  заман шындығы жатыр. Ол талай оқиғаның куәсі боп, енді соны өзімен бірге  о дүниеге алып бара жатыр. Сарқындының тосын қылығы - өзін тірідей көрге көмдіруі. Жалпы, Оралхан повестеріндегі  кейіпкерлердің көбі тосын мінезді боп келеді. «Қар қызы» повесіндегі Тоңқай шал да адамға қосылмай жалғыз өзі айдалада тұратын.  Ол да – жаңа заманды тосырқап, қабылдамаған адам. Боранда адасып барған жас қыздың абыройын төгіп, ол қыз еліне оралмай, басқа ауылға кетеді.  Бірақ артында «Қар қызы» деген аңыз  қалады. Қоңқай да, қар қызы да романтикалық үлгіде сомдалған бейнелер. О.Бөкейұлының «Қар қызы» повесінде тағы да Алтай өңіріндегі адамдар өмірі суреттеледі. Нұржан, Аманжол, Бақытжан – үшеуі де – соғыстан кейін дүниеге келгендер. Бірақ, оларға шешелері әкелерің соғыста өлген деп айтады.

Үшеуінің мінезі үш түрлі, қыстың қақаған қысында алыс жерден шөп әкелеміз деп олар көп қиындық көреді. Олар бірін-бірі осы қиындықта таниды. «Бөкеев өз кейіпкерлерін ашу үшін олардың мінезінің терең иірімдеріне бару үшін олардың әдейі шекаралық ситуацияларға салады. Сөйтіп, кеңістікте жалғыз қалғанда ғана оның адамдығының, оның пірінің құны білінеді»[50, 99] дегенді айтады Ермек Аманшиев.

Повесть қыстың аласұрған  борасынынан ығып, «айдай аппақ» әлемде адасқан жігіттердің бастарынан кешірген кесапаттары туралы. Жай күнде Аманжанның мінезі ұр да жық, Бақытжан – бейғам, Нұржан  - сабырлы, қиялшылдау, ақылды. Үшеуі Қоңқай шалдың  үйіне тоқтайды.  Қоңқай айдалада жалғыз үй отырады.  Күн суықта ашығып, тонған жігіттермен ол бірден саудаға кіріседі. Қону үшін ақша төлейсіңдер деп,  өзі Нұржанның пимасына, Аманжанның сағатына жармасады. Бақытжан күн суықта да қалғи береді,  шал мен Аманжанның  төбелесінен оянып кетеді. Қоңқай алпамсадай Аманжанды мұрттай ұшырады. «Осы жасына дейін қыңқ деп ауырмаған, тоңып-жаурау дегенді білмейтін, ормандағы аң екеш аң секілді ғажап адам еді. Елмен аралас-құраласы жоқ, қоршаудан қашып шыққан бұғыдай саяқ ғұмыр кешті. Бір қызығы, осы жетім шал ұстаған аңның терісін аудан, тіпті облыс басшыларының үстінен, ал жесең дәмі аузыңнан  кетпейтін балын әрқайсысының үйінен көруге болар еді. Осы елдің тойын қойып, топырақты өліміне қатыспаған қаңғыбас Қоңқайда дін, идея, бір нәрсеге сену секілді үлкен ұғымдар атымен ада - өзімен-өзі, оқшау өмір сүріп жетпістен асып барады»[48, 267].

Бұл Қоңқай да – «Қайдасың, қасқа құлынымдағы» Сарқынды шал  секілді оқшау жан. Бұл да – баяғы байдың ұрпағы. Мүмкін, аталары  өкіметтен қуғын көрген соң, өкіметтен, адамдардан суып кеткен болар. Бірақ, Қоңқай ешкімді керек қылмайды, оны жұрт, аудан, облыс басшылары керек қылады екен. Қоңқай аулаған аңдардың терілері сол бастықтардың үстінде жүреді екен. Қоңқайдың жігіттерге айтқаны: оған қара басының жалғыз еркіндігі керек.

«Жазушы Қоңқай бейнесін осылай іс-әрекет үстінде, диалог, баяндау  арқылы сомдаған. Қоңқайға Аманжан «жүрегің жоқ» дейді. Ал Қоңқай:

    • Жүрек дегеніңіз, қол басындай ет пе, шырағым.
    • Бірақ, ата, қол басындай етке бүкіл жер шары сыйып тұрған жоқ па.
  • Нұржанның бұл сөзі шалға әсер етті білем, сынағандай көз қиығын тастап, біраз үнсіз отырды да:

Адал екенсің, жігітім, - дейді. – Мынау екеуінен де сен көбірек азап шегерсің»[48, 266].

Шынында да, шал дұрыс  аңғарған.  Аманжан ақылын ашуға  жеңдіретін өркеуде болса, Бақытжан – қорқақ. Ал, Нұржан істі ақылмен  шешеді. Ол тіпті аңызға айналған «Қар қызымен» кездескісі келеді. «Қар қызы» деген аңыздың шығуына себепкер – Қоңқай. Шешесін ауруханаға апарып, қайтар жолда Қоңқай үйіне жөн сұрауға тоқтаған Алмажан деген қызды бұғының қанын ішіп, көзі қанталап отырған Қоңқай бас салады. Түннің бір уағында қашып шыққан Алмажанды үсіп жатқан жерінен басқа бір ауылдың шалы тауып алып,  ешкімге айтпай, үйлерінде емдейді. Олардың баласы жоқ болған соң,  қыз сол үйде қалып қояды. Ал «Қар қызы» деген аңызды әдейі таратып жібереді.  Ал Аманжанның әкесі – Қоңқай. Оны жігіттер Қоңқайды көргенде бірден ұқсатады. Аманжанның шешесі де – Қоңқайдың құрбаны.  Үйінде бір қыс ұстап,  аяғы ауыр болған соң өз ауылына емес, басқа ауылға апарып тастайды. Оны ешкім білмегенмен, Аманжанның түрі барлық сырды ашып береді.

Қоңқайдың осы ісінен-ақ оның адамшылдық, ардан безгенін, тасжүрек, мейірімсіз екенін көреміз. Ол үш жігітке дәм татырмай аш жібереді. Ол үш жігітке былай дейді: «Қоңқай орталарыңда,  Қоңқай жер шарының түкпір-түкпірінде, Қоңқай әркімнің қарақан басында, лүпілдеп соққан жүрегінде, өз шыққан тауым биік болсын дер тілегінде. Тек қана бір-бірінен жасқана жасырады»[48, 274].

      Мопассанның «Жалғыздық» деп аталатын новелласында: «адамдар мен жұлдыздардың арасы алыс емес,  адамдар мен адамдардың арасы алыс» әр адам өмірде өзін жалғыз сезініп өтеді , - дейтін. Адамдар қоғамдасып бірге өмір сүргенімен, аралары алшақ, бір-біріне соншалықты жат болатыны талай өлеңдер мен басқа шығармаларда айтылып жүр. Ал, Қоңқай сырттай жалғыз өмір сүргенімен, адамдар іштей Қоңқай секілді жалғыз.  Тек сыртына білдіртпейді.  Қоңқай істеген жауыздықты адамдар жұрт арасында отырып та істейді. Осы повестегі Ақбілек деген жылқышының қызы зоотехник абыройын төккен соң қайтыс болғаны Аманжанның түсі арқылы беріледі.

Шөп әкелуге шыққан үш жігіт Қоңқайды көріп, одан далада суық түнде үсіп қала жаздап, одан бір топ қасқырға түнімен  ән салып беріп,  әбден қиындықты көреді. Өмір үшін арпалысады. Жазушы кейіпкерлерін осындай қиындық  үстінде танытады. Үшеуі қиындықты жеңіп шығады. Бірақ үшеуінің жолы қайтарда айрылады. Нұржан сол «Қар қызы» ауылында қалады. Ал Аманжан сол Қоңқай асуы тұсында түсіп қалады: «Қоңқай шалдан не жеңілем, не жеңем, не соның жолын қуып кетермін, әйтеуір, үлкен өмірге барғым келмейді. Ендігі келгеніңде бұл жер – Аманжан асуы аталады» [48, 360].

Сонымен, «Қар қызы» повесінің  кейіпкерлері Қоңқай, Қар қызы –  Алмажан, Нұржан,  Бақытжан, Аманжандар өз мінез-құлықтарымен дараланып көрінеді. Сөзімізді Қуанышбай Құрманғалидың пікірімен аяқтайық: «Жазушының  өз кейіпкерлерін өмірдің қиын сәттерінде көрсетіп, сол сыннан қалай сүрінбей өткендігін көрсетуге құмарлығы да шығармашылығының  айрықша ерекшелігі. Қажырлы, қайсар мақсатына жетпей жаны  тыншымайтын жазушы кейіпкерлері өмірмен қоян-қолтық араласып кетеді де, қалың оқырманды адал да арлы, табанды да сезімтал адамдар қатарына  жүруге үндейді».

 

 

ІІІ. О.Бөкей романтизмінің  идеялық-мазмұндық, көркемдік сөз  өрнектері мен стильдік тіл айшығы

 

ІІІ.1 О.Бөкей  романтизмінің  идеялық-мазмұндық  сипаттары

 

Ұлтымыз үміттенген асыл арманды, яғни отаршылдық қамытын сыпыруды қазан төңкерісі іске асыра алмады, тек империялық езгінің орнын қызыл отарлаумен алмастырды. Жаңа келгендер, коммунистер, қазаққа жат түсініктер мен тар ұғым аясындағы марксизм принциптерін келсін – келмесін әдеби – мәдени руханиятымызға зорлықпен таңды. Қоғамдағы өзгерістер көпірме қызыл сөзбен шебер бүркемелегені сондай, көпшілік қызылдарға сене бастады. Көпшіліктің күткен ұлы үміті ақталмады. Қызылдар әкелген келеңсізідіктерді (дінге, салт – санаға жасаған мәдени – рухани шабуылдары) нақты әлеуметтік – саяси тұрғыдан сын нысанына алуда, Мағжан, Мәшһүр – Жүсіп, Шәкәрім т.б. қаламгерлер әлі күнге дейін өз мәнін жоймаған пікірлерін кеңестік цензура тыйым салғанша білдіріп отырды. Қоғамды тапқа бөлудің кесірі әдебиетке де салқынын тигізді. Қазақ қаламгерлерінің бір тобы кеңестік өмір шындығында белең алған жексұрындықты, өмір ұсқынсыздығын ретінде қабылдаса, екіншілері уақытша келеңсіздік деп оны ақтауға тырысты. Алғашқылары өз романтикалық туындыларында ерекше қаһарманды сомдаса, соңғылары ерекше қоғамды әспеттеуге кірісті. Осыны орынды аңғарған С.Қирабаев: «Сәкен кітаптары кезінде авторының творчестволық батылдығымен, жаңа ойлары және формалық ізденулерімен үнемі айтыс тудырып отырды. Бұған «Асау тұлпар», «Тар жол, тайғақ кешу», кейінрек, «Қызыл ат», «Қызыл сұңқарлардың» маңында болған қызу пікірлер дәлел»[51,3], – дейді.

Осындай кеңестік идеология  қыспағында дамыған қазақ прозасында ақыл қуаттылығын және шындық болмысты романтикалық жоққа шығару нәтижесінде романтикалық прозаның ерекшелігі мен нышандары туындайды. Ол – ең алдымен, роамнтикалық қаһарман. Қоғамнан қағажу көрген, тобырға қарсы келетін ерекше де, беймаза адам әдетте жалғыз да, қайғылы болып келеді. Романтикалық қаһарман шындық өмірге қарсы өзіндік наразылық тудырып, атойлап қарсы шығу арқылы күйкі тірліктегі рухсыздық пен имансыздыққа келіспейтін поэтикалық әрі романтикалық қиялдың жүзеге асуына қызмет етеді. О.Бөкейде романтикалық қаһарманның осы ерекшелігі өз мәнісінде толық та, жарқын көрініс тапты.

Жалпы қазақ романтизмінде көзге онша ілінбей келе жатқан өте – мөте маңызды ағым – философиялық романтизм оның көш басында ғұлама Абай бастаған поэзия алыптары тұр. Осы бағытта қалам сілтегендер қатарына шығармашылығындағы көптеген нышан ортақтастығына орай О.Бөкей де қосылады.

Философиялық романтизм – басқа да кейбір әдеби ұғымдар сияқты бір шама шартты ұғым, қалай десек те, бұл әлі де нақтылауды көп қажет етеді. Неміс романтизмінің теоретигі Ф.Шлегель: «Көркемөнер мен философия бірігуге тиіс»[52,171] – деген ұран тастады да, оны осы бағыттағы тілектестері іліп әкетті. ХІХ ғасырдың 20 – 30 жылдарында Ресейде осы ағым өкілдері / Любомудрлар / Хомяков, Шевыров т.б. өз туындыларын өмірге әкелді. Қазақ әдебиетінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында Сұлтанмахмұт, шәкәрім, Ғұмар Қараш т.б. өз шығармаларында арнайы мақсатпен осы бір соны сүрлеуге түрен салмаса да, туындыларының бойынан мұсылмандық, түркілік және ұлттық дүниетаным мен философиялық ой түйінденулерінде романтизм басымдығымен аталған ағым түрі жиі бой көрсетті. Мысалы, Мәшһүрде кездесетін философияны – діншіл, Сәкенде кездесетін философияны – маркстік деп бөлшектеу дұрыс емес. Екеуі де, өз өлеңдерімен ұлттық философияны бірде реалистік, бірде романтикалық, енді бірде синтетикалық сипатта қазақ оқырманы санасына сіңірді. Сол әдеби қызметімен ғасырдың басындағы әдебиетке сусаған халқының рухани – эстетикалық қажетін өтеді. Кейін ХХ ғасырдың 70 – 90 жылдары әлем таныған қазақ жазушылары О.Бөкей мен Ә.Әлімжанов (соңғысы орыс тілді болса да қазақша таным – түсінікті басшылыққа алды) дала рухын ұлттық философия негізінде дүние жүзіне танытты. Сөйтіп, Абайдан бастау алған осы ағым өз өміршеңдігін, жасампаздығын, осылайша, әлі күнге жоймауда.

Қазақтың жанын, сезімін, өмірлік толғанысын сездіру үшін терең философияға оранған О.Бөкейдің реалистік шыншылдық пен романтикалық асқақтыққа толы прозасын енді – енді танып түсіне бастадық. Қазақ әдебиетіндегі өз бастауын есте жоқ баба түркі дәуірінен алатын ұлан – ғайыр философиялық мұрасының дәстүр жалғастығын ыждағаттылықпен зерттеп, қазіргі таңда қазақ әдебиеттану ғылымында қол жеткізілген ғылыми ой – сана деңгейінде қайта қорытып, оны көркемдік әдіс тұрғысынан қарстыруда әлемдік романтикалық дүниетанымның ажырамас біртұтас әдеби бұтағы ретінде қайталанбас табиғи айшығымен бар болмысымен ашып көрсету –оралхантануда да жауапты да, күрделі мәселердің бірі. Біздің мақсат – О.Бөкей шығармаларында өзіндік философиялық толғаныстарын реализмінен романизмін бөліп алып жеке – жеке қарастыру емес, екеуін үнемі бірлікте алып, бірге зерделеп отыру. Жазушының романтикасындағы бой көресетін философиясының шығармашылығында алатын орнын анықтауға тырысу енді – енді басталды.

Романтизм – тек қана суреттеудің ерекше әдісі емес, сонымен  бірге өмірге, қоғамға, адамға деген  көзқарастың қалыптасқан көркемдік  жүйесі. Романтизм үшін дайым тұрақты романтикалық сюжеттер, өзіндік лирика – романтикалық композиция түзіп, романтикалық қаһарман ерекшелігін айқындайды. Міне, осы құрылым О.Бөкей шығармашылығында бірте – бірте көрініс тауып, толық қырынан көрінеді. Бұл жайды жазушы прозасының идеялық-мазмұндық сипаттары айғақтайды. Енді соған келейік.

    Қарт Алтайдың  Қатынқарағайында дүниеге келген  қаламгер ( өзгелердей «Катон», «Катон-Қарағай», «Катон-Қарағай» деп емес, О.Бөкей  өз шығармаларында ұдайы   «Қатынқарағай», «Қатынқарағай ауданы» деп жазады. Сөз төркінін терең танитын Оралхан Бөкейдің  осы қолданысында тілдік, тарихи, ғылыми дәлдік бар! )

    Оралохан Бөкейдің  сөзінің бағасы мен бәсін, қасиеті  мен қадірін де біз күн өткен  сайын айқынырақ сезіне бастағандаймыз.Қаламының қут-нәрін дүние ақиқатын,өмір шындығын, болмыс шындығын ашу мен іздеуге бағыштаған жазушының жан шырылын, астарлы ойларын, ескертпелерін де есімізге жиі-жиі түсіре бастағандаймыз.

     Оралхан  Бөкейдің оқырманға ең соңғы  ұсынған шығармасы – «Атау  кере (Қауіпті будан)» повесі. «Повесть» деп аталғанымен, шын мәнінде бұл туынды – повесть-ескертпе (повесть-предупреждение).

      О.Бөкей  бізге, яки тірілерге нені ескертіп  еді? Нені қауіп етіп айтып кеткен еді? Енді осыған назар аударалықшы.

      У.Керр  дейтін американдық генетик-селекционер бал арасының тұқымын жақсарту ниетімен америкалық ара мен африкалық араны қолдан будандастырып, өзгеше бір тұқым өсіріп шығарады. Бұл аралар аса еңбекқор, тынымсыз, әрі балды да көп беретін болып шығады. Бірақ бір жаманы, будан аралар – аса қатыгез. Ұясына жақындағанды жабыла талайды. Және уы да өте зәрлі. Шаққанын сеспей қатырады. Осы мысал-деректі өз повесіне кіріктіре отырып Оралхан ғажап параллель жасайды. Есіл-дерті – «ақша тапсам, мал тапсам», мұнан басқа мұңы да, сыры да жоқ Ерік деген омарташы жігіт (Еріктің әкесі – қазақ, шешесі – орыс. Биологиялық тұрғыдан алып қарар болсаңыз, бұл да – «будан») пайдаға шаш-етектен батып қалуды көздеп, балды көп жинайтын әлгі будан араларды Америкадан Алтайға алдыртады. Ауылдастарының «Жат жұрттық ешқашан жарытқан да, жерсінген де емес, бүгін балын берсе, ертең уын ұсынады» деген ескертуіне де құлақ аспайды. Осы жерде О.Бөкей біз ұдайы «ұмытып» кете беретін факторға, генетикалық факторға, генетикалық сыр-сипатына айрықша түбегейлеп үңіледі. (Кезінде Сталин бізге жан-жануарлардың генетикасын оқытты да, адамның генетикасын оқытуға тыйым салды ғой. Мұнда да сұмдық саяси есеп жатқан-ды!)

Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм