Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2013 в 21:23, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінде тәуелсіз ел болған қазақ халқының қиын жол, қиын тағдырымен бірге жасасып, оның тарихы мен тағдыр-талайының көркем шежіресі болып келе жатқан қазақ әдебиеті қазір барлық жанрда дамып, тақырыптық-мазмұндық тереңдігімен, көл-көсір көркемдік-эстетикалық қуатымен халқымыздың мәдени-рухани әлемінде ерекше орын алып отыр. Бұл құбылыс әдебиетші ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан әр қырынан қарастырылып, әдебиетіміздің сан-салалы мәселелерімен байланыста жеке ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеуде де ғылыми мәнділігімен ерекшеленеді.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................3-5
І. Көркемдік ойлау жүйесіндегі әдеби әдістер және қазақ әдебиетіндегі романтизм........................................................................................................6-35
І.1. Романтизм және көркемдік ойлау ..........................................................6
І.2. Қазақ романтизмі және оның даму тарихы мен зерттелуі...................21
ІІ. О.Бөкей романтизмінің өзекті мәселелері мен суреттелу ерекше-
ліктері ..........................................................................................................36-48
ІІ.1 О.Бөкей романтизміндегі дәуірдің өзекті мәселелері .........................36
ІІ. 2. О.Бөкей романтизміндегі болмыс, ұлт, адам образдарының суреттелу ерекшеліктері ................................................................................................42
ІІІ. О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық, көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы......................................................................................49-74
ІІІ.1 О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық сипаттары..................49
ІІІ. 2. О.Бөкей романтизмінің көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы...........................................................................................................53
Қорытынды....................................................................................................75-76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................77-79

Прикрепленные файлы: 1 файл

О.Бокей романтизм.doc

— 551.50 Кб (Скачать документ)

Бұл орайда қаламгер өмір құбылыстарының көшірмесін тұтастық пен жан – жақты түрде басты ерекшеліктерін баса көрсете отырып, оның бейнеленуінің қандай бағытта дамуға тиістілігін түсіне білуі шарт.

Романтикалық өнер түрі осы көзқарас тұрғысынан қаламгердің  болмысқа деген эстетикалық бағалауымен  байланыста болатын эстетикалық идеалға сай не мақұлдайды, не жоққа шығарудың біреуінің жалына қол артады. Ұлы орыс сыншысы Белинский осы негізде көркемөнердің екі түрін саралаған болатын (идеалдық және реальдық). Романтизм реализмге өз түп негізінде қайшы келмейді. Олардың өмір процесін жинақтаудағы мақсаты бір дейтін сыншы ойымен келісе отыра, басты ерекшелік мынада екенін баса айтпақпыз, істің мәнісінде, романтизм қаламгердің өз идеалына сай өмір құбылысын суреттеуге жуықтап мақұлдауы үшін әсірелеу үрдісін ұстанады. Кейде шындық өмірде әлі туындамаған тек алғашқы нышаны біліне бастаған өмір шындығына эстетикалық ұстанымы тұрғысынан баға беріледі. Қазақ әдебиетінде жыраулардың орыс отаршылдығы тудыратын зардабы туралы жырларын романтизмге жатқызуға болады. Міне, осы тұрғыдан романтизмде әрқашан екідай дүниенің автордың суханы сүймейтін жағы сыналып, өмір келеңсіздігі әсірелене суреттеледі. Осыдан өмірді романтикалық суреттеудің өзгешеліктері екшеленеді: фантастикалық, шарттылық, ерекше жағдай мен кейіпкердің әспеттеле тұлғалануы тұтасып келіп, қаламгер зейін қоятын жинақтау формасына ұмтылысын көреміз. Субъективизм мен баяндау еркіндігі суреткерге өмірді реалды суреттеудің мүмкін еместігін танытады. Романтизмдегі түрлік өзгешелік өмірді бейнелеуді өзіне бағындырады. Бұның көрінісі ұшқыр сезімге бөленген бейнелі тілдік қолданыс, романтиктің троп пен фигураларға жиі жүгінуі бәрі қосылып келіп, тілдің субъективті негізіне ерекше көңіл аударылатынын танытады. Осы қасиеттің бәрі шындық өмірді суреттеу заңдылығын танытуда романтизм үшін еш кедергі бола алмайды. Горький белсенді романтизм деген терминді сүйіп қолданады[4].  «Егер ой арқылы алынған ақиқатқа долбарлы ой жүгірту арқылы  аңсарлы мүмкіндік пен образды қосақтасақ, онда шынайы болмысқа қатысты революциялық қобалжу тудыратын романтизмге қол жеткіземіз»[4,312]. Романтикалық рух адамның өмірге деген ерік – жігерін арттырып, өмірдегі әділетсіздікке қарсы майдан ашуын туындатады. Осы күрес белсенділігі өмір кедергісіне деген қарсылық романтизмнің шынайы сипаты болып табылады. Романтизмнің шығармашылық түрінің ерекшелігі сонда: өмірді суреттеудің қалыптасқан үлгісінен басқашалау болып келіп, өмірді шарттылық, гиперболалық, фантастикалық т.т. негізінде  шындыққа жанасымсыздықпен суреттеуінде. Романтикалық баяндау субъективті бояуға қанық троп пен фигураларға бай болып келеді.

Сондықтан, романтизмнің қазақ топырағында пайда болуының жалпы себебімен қатар ішкі өзіндік себептерінің болуы оның, яғни ұлттық романтизмнің ерек қайталанбас әлпетін қалыптастыруға бастайды демекпіз. Қазақ романтизмінің орыс, батыс романтизмімен кереғар келетін тұстары оларда кездеспейтін ағартушылық идеялар мен ағартушылық философияны романтизм табиғатымен ұштастыруы қазақ қаламгерлерінің өзіндік ұлттық ерекшелігі ретінде әлем әдебиеті тарихында қалды.          

Шындық өмірге романтикалық қатынастың пайда болуы – белгілі бір тарихи процесс пен жағдайдың әсері негізінде туындаған ел өміріндегі әлеуметтік және адамгершілік проблемалардың шешуін табуға деген әдеби көркемдік ұмытылыс. 1812 – 1814 жыл жаңа Американы тудырды деген В.Л.Паррингтон осы үш жылдың АҚШ әдеби өміріне өзгеріс әкелгенін орынды сөз етеді[40]. Қазақ романтизмінде қазақ хандығының өмірге келуі, Жоңғар шапқыншылығы, орыс отаршылдығы әр дәуір романтизмінде «Алаш рухын» әр түрлі сипатта айшықтады. Қазақ романтиктері санасында дал болу, қарсы шығу, керек етпеу, өмірден өз орнын таппау негізінде романтикалық  ұлттық ортақ бағамдаулардың қалыптасқанын аңғара аламыз. Кейін келе,Бүгін мен Ертеңнің –күңгірттігі, Өткеннің – асқақтығы  ұлттық романтикалық  шындықты бірде астарлы, бірде ашық, бірде шарттылықпен қабылдаудың тенденциясына айналды.

Жоғарыда келтірген  фактілер, аңғарулар, жеке тұжырымдар қоғам мен тұлғаның қарым –  қатынасын зерделеуде большевизмнің  күшпен сананы өзгертуге бағыт алуы толықтай философиялық, әдістемелік, эстетикалық қайта құруларға жетеледі. Осындай бет түзуге О.Бөкей мүлде дайын емес еді. Ол өз шығармаларында қиыннан қисынын тауып, әлсіз де болса, қарсылығын білдіріп үлгерді.

Осы тұрғыдан келгенде әдебиетке  байыптап қарасақ, 70-жылдарда әдебиетімізде үлкен серпін тудырып, өзгеше екпінмен келген бір топ жазушыларымыздың болғанын айту керек. Оның ішінде О.Бөкеев те бар.  Ол Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың «Қазақстан Ленин комсомолы» сыйлығының және «Жалын» сыйлықтарының лауреаты. Шығармалары ағылшын, неміс, чех, болгар, венгер, араб, жапон тілдеріне аударылған. Оның шығармалары оқырмандардың жылы ықыласына бөленіп, жазушы есімі қазір қалың қауымға белгілі бола бастады. Кітаптары орыс тіліне аударылып, одақтың оқырмандардың кітапханасынан орын алуда. Жұрттың көбі ол тұста қаптаған қалың ордені бар Еңбек ерлерін, Отан соғысының батырларын немесе коммунистік басшыларды дәріптеп жазуға әуес келсе, Оралхан бұған дейін әдебиетімізде  көрініс таппаған ешқандай дәреже-дақпырты жоқ қарапайым еңбек адамдарын (тракторшы, сауыншы, қойшы, орманшы, бұғышы және басқа) романтикалық негізде асқан шеберлікпен суреттей білді. Олардың күнделікті таусылмайтын күйбең тіршілігі, жан күйзелісі, қуаныш-қайғысы, арман-мұраты, қысқасы, ол өз кейіпкерінің қарапайым адам ретіндегі бітім – болмысына үңілді. Ол ізденісі өте сәтті, абыройлы шықты.

Қаламгердің тың сорапты  өнер жолын табуы бұрын жұрт көзіне іліне бермейтін адам бойындағы  қалтарыстарды, жан  дүниесіндегі нәзік  тұстарды  ашуымен ерекшеленеді. Не жазса да тебіреніп, толқып, өз кейіпкерінің басындағы күйді құдды өзі кешіп отырғандай жан-жүрегімен күйзеле, елжірей қағазға түсіретін, әрі сонысымен де ескі сүрлеуді таптамай, сөз өнеріне өзіндік үнімен, сырымен, айтар ойымен келген қаламгер О.Бөкей шығармаларында дәуірдің күрделі де өзекті мәселелері  романтикалық астармен терең бедерлене бейнеленді.

Ел өсті, елмен бірге  біздің өлкеміз өркендеді. Басынан  кешкен қиыншылықтары мен қателіктері, қуаныш табыстары республиканың  рухани кейпіне келкінделіп қалды. Халықтың бойы да, ойы да өсті. Интеграция  процеске білек сыбанып кірісе бастады. Бұл ежелден басталған процесс. Алғашқы елеулі, ілгері басушылықты ХІХ ғасырдан аңғарамыз. Бұл қозғалысты Окятбрь, алғашқы бес жылдықтар жеделдете түсті. Жеделдетудің екінші кезеңі – Ұлы Отан соғысы. Үшіншісі – тың игеру және бұдан былайғы  отыз жыл. 1985 жылы апрель Пленумынан  бастап жеделдетудің төртінші кезеңі басталды. Осы кезеңде заманымыздың қоғамдық маңызды тақырыбына арналған елеулі шығармалар  дүниеге келді

 

Бұл дәуірдегі жанр жүгін көп  атқарған жастар болды.  Олардың көбі әдебиетке  ауыл өмірін жырлай келді. Ал ауыл деген, қанша дегенмен, біздің ұлттық ұямыз ғой, сондықтан ауыл өмірін, оның адамдарын жазу  арқылы жас таланттар өзінің өскен ортасын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, тұтастай алғанда, ұлттық тұлғасын ашуды мақсат етеді, ұлттық ұғым-түсінікті, ұлттық психологияны  кең түсіндіреді. Бұл О.Бөкеевтің «Қар қызы», «Сайтан көпір», т.б. повестері[41]  ауыл өмірі мен ауыл адамдарының характерін жаңа қырынан аша білуімен, идеялық- көркемдік ізденістерімен бағалы. Оларда ұлттық психологияның биік көрінісі болған, «даланың иісі бұрқырап» (С.Жиенбаев) жүрген ауыл қарттарының кесек бейнелері  жасалады. Тоқсанбай («дермене»), Қажымқұл («Тіршілік»), Сейсен («Әке»), тағы басқалар тек адамгершілік пен имандылықтың ғана тұтқасы емес, күн санап жастары қалаға кетіп ұмытыла бастаған ана тіліміздің де қамқоры, ұлттық сананың мектебі болып көрінеді. Оралхан повестерінің қайсар мінезді кейіпкерлерін де ауыл, таудың боранды қатал табиғаты тәрбиелеген.

Қазақ повестерінің бір алуаны соғыс  туралы естеліктерге құрылған. Бұл  тақырыптағы туындылар соғыс  кезінің ауыртпалығын басынан кешкен еңбек  армиясының қатарында болған азаматтың  (О.Бөкеевтің «Бәрі де майдан»[41] повесі) әңгімелері түрінде жазылған.  Бұлардың бәрі де  алыстағы қазақ ауылының жоқшылық пен аштық жайлаған кейпін шебер суреттеп, аянышты тағдырларды ашады. Оралхан кейіпкерлері еңбек армиясындағы қызметтің ауырлығын айтып, оны бүгін жеңіс тойына шақырмағанына өкпелейді.

Жазушының «Жалын» баспасынан жарық көрген «Біздің жақта қыс ұзақ»[42] деп аталатын повестер жинағы бұл айтқанымызға дәлел. Жоғары да атап өткеніміздей, Оралхан кейіпкерлерінің қайсысы болса да қазіргі дәуірдің азаматтық міндеттерін белсенді атқарып жүрген іс адамдары. Жазушы солардың іс-әрекеті, мінез-құлқы, көзқарасы арқылы бүгінгі өмір шындығын, оның алуан сырларын ғана ашып қоймайды, өткенімізге де ой тоқтатып қарайды, болашағымызға да көз жібереді. Ол характерлерді шебер ашады, солардың көз қарасы, ұғым-түсінігі арқылы дәуірдің өзекті проблемаларын батыл айтқан.

Адамды ардақтау, оның ұлылығын жырлау, жалпы алғанда Оралхан  повестерiнiң негiзгi тақырыбы десе де болады.

Шығарманың қат-қабат  ішкі құрылымы, астарлы, бейнелі көркем ойы, образдар жүйесі, жазушының шеберлігі-осының әрқайсысы бір-бірімен байланысты, бірінен-бірі туындайтын үлкен проблема. Ал образдар жүйесіне еңбейінше, шығарманың тұтас бітім екенін, оның көркемдік ерекшеліктеріне тереңдемейінше, жазушы шеберлігін, шығарманың идеялық мазмұнын аша алмайды. Көркем әдебиет-образдар жүйесінен құралатыны мәлім. «Қазірде әдеби шығарманы,-дейді академик М. Б. Храпченко, - тек осының басын құрап тұрған күрделі система деп қана емес, сонымен бірге бір-бірімен жымдаса өрілген тұтас бітім деп сипаттайды»[43,28]. Ендеше, көркем әдебиетті тұтас бітім етіп тұрған сол образдар жүйесіне терең үңілмейінше, көркем туындының табиғатын тани алмаймыз. Көркем туындыдағы образдар жүйесі жазушының дүниеге көзқарасының, дүниетанымының көрінісі. Жазушы образдар жүйесінде өзінің ойын, идеалын, дүниетанымын білдіреді. Жазушы өмірді бейнелі образ арқылы мүсіндейтіні белгілі. Ал образда жалпылық та, даралық та сипат бар. Образ бойында объективтік те, субъективтік те қасиет бар. Сондықтан өнердегі образдың осы екі жағын бірлікте алып қарағанда, біз сол образ арқылы өмір шындығын ала аламыз. Біз кейіпкер характерін ашудағы композиция мен сюжеттің, әр образ, әр эпизод, әр штрих, детальдің мәнін нақтылы көркем шығарманы талдау үстінде көрсетпекпіз. Шығармадағы көптеген адамдар да сол шығарманың басты кейіпкерлерінің төңірегіне топтасады. Олардың сан қилы әрекеттері де басты кейіпкерлер характерін ашуға көмектеседі. Кейіпкер басындағы тартыстар арқылы жазушы қоғамдық тартыстарды көрсетеді. Сол тартыстарды жеке адам тағдырына байланысты білдіреді[44,35].

«Көркем әдебиеттегі  жинақтау – типке әкелсе, даралау  – мінезге әкеледі. Образ осылай туады. Мұның өзі, шын мәніндегі  өнер адамы үшін әрі әдемі, қызық  әрекет те, әрі «инемен құдық қазғандай» қиын әрекет. Суреткерлік шеберлік те осы әрекеттен көрінбек. Оралханның ғұмыр бойғы әрекеті – жазушылық шеберлік жолындағы әрекет. Шеберлік тағы да шексіз. Шығарма жазу нағыз шебер үшін шеберлеген сайын қиындай береді. Шеберлік демекші, қаламгер шеберлігінің түпкі түйіні – жазушының өз жан жүрегіндегі сезім мен сырды өзгенің ой - санасына мейлінше әсерлі және сұлу жеткізу, ұтымды және дәл тарту»[ 45,112].

 Оралхан өткен өмірдің  бір пұшпағын жастардың іс-әрекетін, кескін келбетін баяндаумен, бейнелеумен жеткізудің жетімсіздігін түсініп, оларға еркіндік береді, кесілте сөйлетеді, сөйтіп барып кеңестік дәуірдегі тұтас бір ауыл жастарының болмысын алдымызға жайып салады. «Қар қызын» оқып отырып, бір қарағанда, өлі де суық тыныштықта мүлгіген қарлы шыңдар қойнауындағы жалғыз қара ноқат трактор бейнеленген аппақ, қыбырсыз дүниенің алып кескіні, абстрактілі суреті көз алдыңызға келеді. Ал, кейіпкерлер сөйлеп қоя бергенде, олардың сөзі арқылы өлім түкірген аязбен арпалысқан тіршілік атойлап, алып полотноға тыныс бітеді, жанданып қоя береді. Сонда Оралханның жастары адами  жан сарайы  тұлға ретіндегі  даралануына   барынша  қызмет  етіп,  біріне  бірі  ұқсамауына,  жеке  бір сом да сымбатты бейнеге  айналған.

Сөзіміздің дәйектілігі  үшін мысал  келтірсек, « - Ақ пиманы прокатқа бере тұрасыз; -Ата, тоист, ақсақал менің пимамды қоса алыңыз, алыңыз да шыбын жанымды қалдырыңыз; - Ей, шал,-деп керілді Аманжан. – Сол кормыңнан бізді де кормиттасаң қайтеді; Мен глубоки ұйқыға кеттім, Айтатын сәлемің жоқ па! Чао! Хай!». Кейіпкерлерін, ауыл жастарын сөйлетуі арқылы Оралхан сол заманның демін тап басып бере алған, дәл сомдаған. Заман үнін келешекке жеткізу, қағаз бетінде өмір суретін сөзбен бедерлеу кез-келген жазушының міндеті, ал оны өзінше жеткізу, өзгелерге ұқсатпай айтудың ұтқыр амал-тәсілін табу-жазушы шеберлігінің белгісі. «Қар қызы» повесiн Оралхан «Сайтан көпiрмен» қосақтап, «Бiздiң жақта қыс ұзақ» деген атпен бiрiктiрiп берiптi. Оның себебi-есебiнiң тақырыптың жақындығынан болар. Соңғы повесте де Алтай малшыларының қысқы тiршiлiгi, қатал боран мен таулы жер өзгешелiктерi тудырған қиыншылыққа қарсы күресi, осы жолдағы адамдардың ерлiгi сөз болады. Алтайдың ұзақ қысы тек табиғат мезгiлiн ғана белгiлемейдi, адамдардың берiктiгi мен төзiмдiлiгi танытар сынақ екенi де екi повесте ортақ бейнеленген.

«Қар қызы» повесiнiң  кейiпкерлерi-Нұржан, Аманжан, Бақытжан атты жас жiгiттер. Озат тракторист Нұржан бастаған осы үшеуi Айыртаудың арғы бетiнен тракторге тiркелген шанамен  шөп алып келуге жұмсалады. Бәрi бiр кезде әкесiздiгiн соғысқа жауып өскен, тағдырлары ұқсас жас жiгiттер сын үстiнде бiрiн-бiрi таниды, өздерiн-өздерi ашады, жұртқа танылады. Нұржан байсалдылығымен, тиянақтылығымен, ойлылығымен көзге түссе, тентек Аманжан кiшi Қонқай екендiгiн байқатты. Ал, қалтасындағы құртын жолдастарына бермей, ұрлап жеп жатқан шолжың Бақытжан басына шын қауiп төнгенде батырлық мiнез көрсеттi. Бәрi де ашық көңiлдi, аңқау, балалық табы бойынан арылмаған жастар едi. Өмiр оларды әртүрлi жолға салды, барар бағытын белгiледi, кiм екенiн, кiм болайын деп тұрғаны әйгiлi едi. Жастарына лайық Оралхан кейiпкерлерiнiң барлығы да арманшыл, киялшыл жандар. Олар өзiмен-өзi сырласады, өткенiн еске алады, қуанады, күйiнедi. Сондай жағдайда көбiнесе жастық аңсарлары, сезiм күйлерi сөз болады.

Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм