Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2013 в 21:23, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінде тәуелсіз ел болған қазақ халқының қиын жол, қиын тағдырымен бірге жасасып, оның тарихы мен тағдыр-талайының көркем шежіресі болып келе жатқан қазақ әдебиеті қазір барлық жанрда дамып, тақырыптық-мазмұндық тереңдігімен, көл-көсір көркемдік-эстетикалық қуатымен халқымыздың мәдени-рухани әлемінде ерекше орын алып отыр. Бұл құбылыс әдебиетші ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан әр қырынан қарастырылып, әдебиетіміздің сан-салалы мәселелерімен байланыста жеке ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеуде де ғылыми мәнділігімен ерекшеленеді.
Кіріспе ............................................................................................................3-5
І. Көркемдік ойлау жүйесіндегі әдеби әдістер және қазақ әдебиетіндегі романтизм........................................................................................................6-35
І.1. Романтизм және көркемдік ойлау ..........................................................6
І.2. Қазақ романтизмі және оның даму тарихы мен зерттелуі...................21
ІІ. О.Бөкей романтизмінің өзекті мәселелері мен суреттелу ерекше-
ліктері ..........................................................................................................36-48
ІІ.1 О.Бөкей романтизміндегі дәуірдің өзекті мәселелері .........................36
ІІ. 2. О.Бөкей романтизміндегі болмыс, ұлт, адам образдарының суреттелу ерекшеліктері ................................................................................................42
ІІІ. О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық, көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы......................................................................................49-74
ІІІ.1 О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық сипаттары..................49
ІІІ. 2. О.Бөкей романтизмінің көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы...........................................................................................................53
Қорытынды....................................................................................................75-76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................77-79
Романтиктерге кең көлемді ойлау мәнері тән. Сондықтан олар жалпы адамзаттық аңсарды жүзеге асыру үшін халық аңыздарына, ежелгі мифологияға, діни аңыздарға құлшына ден қояды.Кеңес үкіметі тұсында, оған дейін де қазақ ескілігі әдебиет тарландары тарапынан көркем кестеленді. Романтик жазушылар романтизмге бет бұрғанда фантастикаға, символға және басқа да шартты көркем бейнелеу тәсілдеріне жүгінеді, өйткені, олар өмір шындығын берудің реализмде жоқ мүмкіндіктерін ашады. Шартты көркем бейнелеу тәсіліне қызығушылықты былайша түсіндіруге болады: романтиктердің философиялық, дүниетанымдық сауалдарды шешуге жиі талпынуы осы әдіс арқылы өз шешімін табады. Романтизм өнердің уақыт пен кеңістік ауқымын кеңейтіп, оны тақырыптық жағынан байытты.
Әдебиет тарихының әрбір
даму кезеңінде белгілі бір
Романтизм – бүкіл әлемдік әдеби құбылыс ретінде бір елде ерте, ал енді бір елде кеш әр түрлі атаумен ағартушы әдебиет аясында дүниеге келген ағым. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде осы ағым үстемдікке ие болды. Ағартушылықтың екінші кезеңі – Ресейдегі үш төңкеріске тұспа – тұс келді[36]. Оған дейін «Қазақ әдебиетіндегі ХІХ ғасырда орныға бастаған образдарды сомдаудағы нақтылық...оптимистік романтизм мен реализм.., сыншыл реализм.., діни – тәлімгерлік ағым.., «зар заман» ағымы.., жәдиттік ағымы.., т.б. түрлі әдеби көркемдік ізденістер мен әдеби ағымдардың дүниеге келуінің отарлық езгіге қарсы сарын шеңберінде өрістегені осындай ойға жетелейді»[37,50]. Осы сарыннан бастау алған қазақ азаматтық романтизмі ағым ретінде ХХ ғасыр басында әдеби айналысқа түсті.
Қазақ романтизмі – ұлт зиялыларының орыс бодандығына қарсы саяси және әдеби күресінің айнасына айналды.Қоғамды сынауда бірде тікелей, бірде астарлай орыстық таным – түсінікке қарсы шығып отырады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ романтиктері әлеуметтік мәселелерге баса көңіл бөліп, қоғамда туындаған орыс үстемдігінің асқынуы мен қазақ қоғамында туындаған теңсіздіктің себеп – салдарына көз жүгіртеді. Халық көкейіндегі жыр кестесіне түсіреді.
Қазақ романтизмі ағартушылық әдебиетпен іштей тұтасып келгенімен, күрес түрі жағынан одан алшақтанатын тұсы – орыс отаршылдығына ашық қарсы шығуы болып табылады.Осы жолда романтиктер өздерінің шығармашылық ізденістеріне екі бағытты арқау етті: Мәшһүр – Жүсіп бастаған топ – ақын – жыраулар дәстүрін ұстанса, Сәкен мен Мағжандар – әлемдік аяда қазақ романтизміне жаңа жанрлық сипат үстеді.
Қайсыбір әдеби ағымдар белгілі бір тарихи кезеңде туып, халықтың әлеуметтік өміріндегі эстетикалық – рухани мақсатқа қызмет етеді. Тап – таза бір ғана көркемдік әдіске құрылған туынды болмайды, Абайдан кейінгі әдеби процесте төңкеріске дейінгі уақыттың өзінде – ақ, қазақ жазба әдеби тілі күрделі де, желілі сипатқа ие болып, түрлі ағымдағы әдеби шығармаларды өмірге әкелді. «Үйткені олардың бір тобы революция жылдарында қоғам өмірінде болып жатқан теңдесі жоқ ұлы өзгерістердің түп мақсатына көзі жетпегендіктен, дауылдың артын күтіп тоқырасып қалды»[38, 15].
Қазақ әдебиетінде романтикалық әдеби қозғалыс дәуірін 1900-1930 жылдар аралығында Ресей империясында орын алған үш бірдей төңкерісті бастан кешкен қазақ қаламгерлерінің туындыларынан емін-еркін бағжайлауға болады. Түрлінше саяси – әлеуметтік қарама – қайшылыққа толы осы бір өтпелі дәуірдегі идеологиялық ұстаным көбіне романтизм арқылы көрініс тапты. Одан көбінесе дәстүрлі қазақ қоғамына сыртан телінген таптық таным – түсінікке қарсы идеологиялық оппозиция бағыты тіпті кеңесшіл деген қаламгерлер туындыларынан да танылып отырады. Оның негізінде романтикалық дүниетанымның шындық өмірді ішкі сәйкессіздік пен ұсқынсыздықтан тұратын құбылыс деп қабылдау жатқандығын сезінеміз. Міне, осыдан келіп романтизмге тән «қос әлемділік» туындайды. Шындық өмірді терістеп, оны зұлымдық үстемдігіндегі дүниеге балап, одан қашып, өзінің идеалды әлемін, адам өзін еркін сезінетін (алашшылдар – Абылай заманы, кеңесшілдер – коммунизм заманы ), шығармашылық күш – қайратын сүйікті ісіне жұмсайтын қоғамдық құрылысты аңсады. Осы таным шындық болмысты терістеу, бөтен өмір туралы арман романтиктер тарапынан бүгінгі күнге жаулық көзқарастағы, бөтен әлемді қалайтын қаһарман бейнесінде сомдалды. Сол кездегі қазақ әдебиетіндегі романтикалық қаһарман – тынымсыз, бүгінгіге мойынсұнбайтын, жаңа өмірге құштар жан.
Қазақ қаламгерлері ұлтына қатысты ағартушылық көзқараста болып, патша отаршылдығына қарсы романтикалық көзқарасты ұстанды. Кейін келе, өршіл романтиктердің романтикалық терістеуі ұлттық идеалдар мен құндылықтарға қарсы бағытталып, жаңа қоғамдық қатынас тудырған коммунистік қиял әлеміне елікті. Ұлттық бағыттағы қазақ романтиктері кеңес тудырған жаңа тұрмыстан аулақтап, өз арман мұраттарын көне тарих қойнауынан іздеді. Өйткені, романтиктер туып – өскен дәстүрлі өмір – тіршілік қазан төңкерісі әсерінен елеулі өзгеріске түсті, бүтін қазақ: бай, кедей деп бөлініп, жарты қазаққа айналды. Бұрын тек ақ сүйек және қара сүйек деп шарты түрде бөлінетін қазақ елі енді атаға емес, тапқа бөлінетін мүлде жаңа ұлтқа айналды. Бұрынғы патша отаршылар ұлтты алаламай езіп жаншыса, енді екіге бөліп, әрқайсысына қатысты түрлінше қитұрқы саясат ұстанды. Әдеби процесте патша отаршылдығын әшекерлеу романтиктеріміз үшін көп қиындық тудырмаса, жаңа қоғам келеңсіздігін әшекерлеуде олар көптеген кедегіргілерге ұшырап, өз сөзін емес, тап сөзін сөйлеуге мәжбүрленді. Осының кесірінен қазақ романтизмі қазақ әдебиетінде кенжелеп еніп отырды. Сонымен, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы ерте романтизм дәуірі болса, 1917 – 1930 орта романтизм дәуірі де, 1930 жылдардан ары қарай романтизмнің құлдырау дәуірі басталады. Бұл дәуір кейінгі қазақ романтизмінің үш ірі тұлғасын (Иса Байзақов, Қасым Аманжолов және Жұбан Молдағалиев пен О.Бөкейді) өмірге әкелді.
Қазақ романтизмінің бірінші және екінші кезеңін жалғастырған буын Мағжан, Сәкен, Ілияс және М. Көпейұлы туындылары болды. Аталған қаламгерлер нағыз романтикалық жыр жауһарларын тудыра алды. Олар маркстік, исламдық, түркілік және ұлттық дүниетанымдарды алаш игілігіне философиялық тұрғыдан айналдыра білді.
Орыс кеңестік әдебиеттану ғылымы кез келген елдің әдебиетінің тарихын белгілі бір тарихи кезеңде жүзеге асатын ұлттың материалдық және рухани өмірімен тығыз байланыстағы процесс деп қарастырады.
Қазақ әдебиетін жалпы дәуірлеу бар да, белгілі бір көркемдік әдістердің тууын, өркендеуін, күйреуін саралау бар. Осы негізде қазақ романтизмінің дәуірленуін үшке бөліп қарастыруға болады:
Туу мен дамуын:
1)Бабатүркі романтизмі;
2)Жыраулар романтизмі білдірсе,
Өркендеуін:
1)Зар – заман дәуіріндегі діни романтизм;
2) ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы азаматтық романтизм;
3) Төңкеріс дәуіріндегі саяси романтизм десек.
Құлдырауын:
1)Ж. Молдағалиевке
дейінгі ұлтсызданған
2)Ж. Молдағалиевтен кейінгі рухтанған романтизм деп шартты түрде бөлуге болады.
Сонымен, Ж.Молдагалиевтен кейінгі кеңестік кезең әдебиетіндегі романтизмді дамытқан О.Бөкей десек, бұл жолда оған дейінгі қазақ романтиктері екі проблемамен бетпе бет келді. Оның біріншісі – ұлттық аристократияны жырлауда тек қара күйе жағып, тарихты бұрмалау да, екіншісі – хаһ исламды жырлауға салынған табу. Алғашқы концепцияны бұзған – Мағжан болса, екіншісін – жоққа шығарған М.Көпейұлы болды. Ендігі жерде қаламгерлердің жазатыны, ғалымдардың зерттейтіні – бір ғана әлеуметтік топ – кедейлер ғана болды. «Біртұтас Алаш» концепциясындағы романтикалық қозғалыс қақ жарылып, өз өзектілігін жоғалтып, тарих сахнасынан шеттетіле бастады. Қазақ романтизмінің басынан бағы таюына қызылдардың әдебиет майданында жүргізген осындай солақай саясаты себеп болды.
Коммунистердің артта
қалған отар елдерді саяси ағарту
экспанциясына Шәкәрім мен
Большевиктік тәртіп романтиктерге біріншіден, сананың қақ жарылуына әкелсе; екіншіден, жеке тұлғаның еңсесін басып, өздерінің рухани күш – қуатының еркін дамуына шектеу қоюы (партиялық әдебиет) зығырдандарын қайнатты. Романтиктердің осындай көңілдері құлазыған шақта Абайға бір айналып соғып отыруы, сол дәуірдің әлеуметтік, имандылық сауалдарын шешуге септігін тигізіп, дұрыс жол сілтеді.
Абай ақындық мектебінің
әдеби өмірдегі басымдығы әлсіреп,
оның орнын ұлтқа табиғаты жат
империялық рухтағы орыс әдебиетінің
нашар көшірмесі плакаттық
Қазақ әдебиеттану ғылымы кеңестік тар қапастан құтылып, жаңа ғылыми дәуірге аяқ басты. Теоретик ғалымдарымыздың алдында өткен әдебиет тарихының ұлылығын танытып, оны бүгінгі күннің ой елегінен өткізіп, төл әдебиетіміздегі ағымдар мен бағыттар туралы жаңаша пайымдаулар жасау міндеті тұр.
Алдымен әдебиетіміздің тарихын дәуірлеп, кезең – кезеңге бөліп, оның ішкі ағымдары мен түйінді тұстарын нақты анықтаудан бастау керек шығар. Қай елдің әдебиетінде болмасын бірін – бірі толықтырып отыратын екі әдеби бағыт бар. Ол – романтизм мен реализм. Қалғандары дәуірдің ерекшелігінен туындаған ағымдар: сентиментализм, классицизм, натурализм т.б. жоғарыда аталған арналардан аттап шыға алмай осы екеуінің ішінде өсіп – өркендеп, олардың бойына сіңіп жоғалып отырады.
Құстың қос қанатындай осы екі бағыт қазақ әдебиетімен есте жоқ ескі заманнан бері бірге жасасып келеді.
Реализм туралы жан – жақты зерттелсе, романтизм турасында бұлай дей алмаймыз. Қазақ әдебиетіндегі романтикалық бағыт, әсіресе, ұлттық – романтикалық аңсар жайындағы теориялық мәселелер әлі шешімін таба қойған жоқ. Романтикалық бағыттың бастау көзі қазақ әдебиетінің көне түркілік кезеңінде жатыр. Ауыз әдебиетінің тереңінде романтизм ұялаған, өйткені, романтикалық бағыттың нәр берушісі қашанда халықтың өр рухы, асыл дегдарлығы мен Тәңір текті түркіге тән тәкәппарлығы. Осының бәрі жиылып келіп қазақтың сөз өнерінде таңбаланды. Жыраулар поэзиясындағы «Жорық жырларында» өрнектелген Жаугер ақынның ерекше тұлғаланған көсемдік келбеті осы бағыттың әдебиетімізде бар екенін танытады. Осылайша көнеден тамыр тартқан біздің романтикалық бастау көзіміздің әдеби талғам – түсінгі осындай болып келсе, отаршылық дәуір бұрынғы өрліктің сағын сындырып, қазақ романтизміне элегия мен азаматтық бағынбау сарынын үстеді.
Азаматтық бағынбау сарыны Махамбеттің алдаспан жырларына ұласса, мұң мен зарға толы элегиялық сарын зар заман ақындарының шығармашылығына арқау болды.
Ағартушылық дәуірге аяқ басқан шақта қазақ романтизмі өзінің бағыт – бағдарын анықтап, азаматтық, діни – философиялық т.б. қырынан өзін әдеби аренада таныта алды. Осылайша романтизм төл әдебиетіміздегі бірде толысып, бірде бәсеңдеп өзінің өміршеңдігін танытып келеді.
ХХ ғасыр басында
қазақ қаламгерлерінің барлығы
осы бағытта көкейдегі ойларын
сыртқа шығарса, ІІ жаһан соғысында
Қасым Аманжолов қазақтың өрлігін
танытса, кейінгі кезеңдегі
ІІ. О.БӨКЕЙ РОМАНТИЗМІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН СУРЕТТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ІІ.1 О.Бөкей романтизміндегі дәуірдің өзекті мәселелері
Романтизмнің басты мақсаты – өмірді қайыра тудыру ғана емес, сонымен бірге оның басқа да қырларын ұлтқа ұғындырып беру. О.Бөкей шығармашылығын осы негізде қарастыратын болсақ, өз дәуірін суреттейтін туындыларының проблематикасына (мәселелігіне) тоқталу ләзім. Туындыларындағы суреттелген әлеуметтік сипаттың идеялық түсіндірілуі, олардың дүниетанымымен байланысты болып келіп, қаламгерлер өздеріне керектілерін ғана қалқып алып, өздері тарапынан оған қажет деген көркемдік қасиеттерді ғана үстемелейді. Сонымен, әдеби туындыдағы мәселелік қоғамдық өмірдің түрлі жақтарын ашып көрсетуде: имандылық, философиялық, әлеуметтік, саяси т.т. болып келеді. Өнердің басты үш қасиеті: өмірдің көшірмесі, өмірдің түсіндірмесі және өмір құбылыстарына үкім айтып, кесік жасау еркшеліктеріне орай үш ақынның өз кейіпкерлеріне деген қатынасын анықтап біле аламыз. Бұл көзқарас қаламгер туындысындағы пафос арқылы ашылады. Ұлттық нақышта суреттелетін кейіпкерлердің терең де, тарихи шынайы идеялық – сезімдік бағалануы жазушының шығармашылық ойы мен туындысының пафосы болып табылады. Гегель өзінің эстетика туралы дәрістерінде суреткердің қанаттануы арқасында өзінің суреттейтін өмірі мен шындығына қол жеткізуін «Пафос» (грек тілінде күшті де, құштар сезім деген мағынаны білдіретін сөз) деп атайды. Пафостың нақтылы түрде көрініс беруін аталған ғұлама өнер туындысы мен оны қабылдаушының басты әсерленуі деп атап көрсетеді. Белинский Гегельдің көзқарасын көп жағдайда бөлісе отырып, пафос суреткердің дүниеге деген көзқарасынан, қоғамдық аңсарының асқақтығынан, өз заманындағы өткір әлеуметтік және имандылық проблемаларын шешуге тырысуынан келіп шығады деген ой қорытады. «Сынның бірінші міндеті – туындыны талдауда, оның пафосын анықтап алу»[2,VIII, 312 - 314].
Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм