Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2013 в 21:23, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінде тәуелсіз ел болған қазақ халқының қиын жол, қиын тағдырымен бірге жасасып, оның тарихы мен тағдыр-талайының көркем шежіресі болып келе жатқан қазақ әдебиеті қазір барлық жанрда дамып, тақырыптық-мазмұндық тереңдігімен, көл-көсір көркемдік-эстетикалық қуатымен халқымыздың мәдени-рухани әлемінде ерекше орын алып отыр. Бұл құбылыс әдебиетші ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан әр қырынан қарастырылып, әдебиетіміздің сан-салалы мәселелерімен байланыста жеке ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеуде де ғылыми мәнділігімен ерекшеленеді.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................3-5
І. Көркемдік ойлау жүйесіндегі әдеби әдістер және қазақ әдебиетіндегі романтизм........................................................................................................6-35
І.1. Романтизм және көркемдік ойлау ..........................................................6
І.2. Қазақ романтизмі және оның даму тарихы мен зерттелуі...................21
ІІ. О.Бөкей романтизмінің өзекті мәселелері мен суреттелу ерекше-
ліктері ..........................................................................................................36-48
ІІ.1 О.Бөкей романтизміндегі дәуірдің өзекті мәселелері .........................36
ІІ. 2. О.Бөкей романтизміндегі болмыс, ұлт, адам образдарының суреттелу ерекшеліктері ................................................................................................42
ІІІ. О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық, көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы......................................................................................49-74
ІІІ.1 О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық сипаттары..................49
ІІІ. 2. О.Бөкей романтизмінің көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы...........................................................................................................53
Қорытынды....................................................................................................75-76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................77-79

Прикрепленные файлы: 1 файл

О.Бокей романтизм.doc

— 551.50 Кб (Скачать документ)

Әдебиет тарихынан, сынынан, теориясынан қорғалған диссертациялар мен ғылыми монографиялар және БАҚ  беттеріндегі мақалалар негізінде  қазақ романтизмінің Мағжанға дейін үш түрлі бағытта дамығанын аңғарамыз. Бірі – таза романтикалық сюжет алу негізінде, екіншісі – ағартушылық кезеңдегі романтизмнің даму көрінісі, үшіншісі – екі әдеби әдістің (реализм мен романтизмнің) синтезденуі негізінде бір шығарма бойында тоғысып келуі. Ұлттық романтизмнің екінші, үшінші бағыттағы аралас дамуына Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мәшһүр – Жүсіп т.б. шығармаларын оқып, танысу барысында көз жеткіземіз.

Біз әдеби көркемдік  әдісті белгілі бір әдеби процесс  кезеңіне орай таныту үшін арнайы бірлікте алып отырған үш ақынның стильдік ортақтастығына тоқталатын болсақ, оладың образ құрудағы тәсіл ұқсастықтары, поэтикалық тіл ұқсастықтары т.т. тізбектеп сөз етуге болады. Сонымен, стиль қаламгерлердің бір – бірінен өмірді суреттеудегі көркемдік принциптерінің жақындастығының көрінісі болып табылады.

Олар сомдаған романтикалық образдар әрдайым олардың жан  – дүниесімен біте қайнасқан күйде  кездесіп, олардың шындық болмысты қабылдауындағы жеке қолтаңбаларын  көзге елестетеді. Аталған ақындар  осыны беруде: метафораға, теңеуге, эпитетке т.б. көріктеуіш амал – тәсілдерге иек артады. Жалпы, романтиктердің көркемдік танымын ерекшелендіретіні олардың әсіре контрастыққа ұмтылуы, кейіпкерді ерекше жағайда бейнелеуі, сонымен бірге, олар қолданған романтикалық стиль символға, фантастикаға, гиперболаға және де т.б. шартты көркем бейнелеу формаларына арқа сүйейді. Гегель өзінің эстетика туралы дәрістерінде Орта ғасырдағы рухсыздықтың салқыны рухани қызығушылықпен өмір кешкен қаламгерлерді діни романтизмге жетеледі дейді. Осындай рухсыздану қаупінен сескенген Мәшһр – Жүсіп жерден айырылдық, енді исламдық рухтан айырылмайық деген үмітпен діни романтизмге құлаш ұрды. Романтизм аяқ астынан дүниеге көркемдік әдіс ретінде келе қалмағандығына Белинский Гегель пікірімен келісе отырып, оның шығу тарихын Еврипид драмасынан, Тибулл лирикасына, Плотон философиясынан іздеп, олардан романтизмінің ұшқынын табады. Осы көнеден келе жатқан көркемдік ұшқыны үш ақын өлеңдерінде өзіне лайықты орын тапты. Оның бар екендігін Еуротектілік (Евроцентризм) үстемдік еткен дәуірде онша айта алмай келдік. Түрік романтизмі Қорқыт аңыздарында, руна жазуларында мәңгіге сақталғандығын енді – енді сөз ете бастадық. Өйткені, романтикалық характер көбіне – көп поэзияға тән қасиет болып келеді. Сондықтан, қазақ романтизмінің шекарасы кең екендігіне дау айтпаймыз. Жоғарыда келтірген Гегель мен Белинский көзқарастарымен келісе отырып, өнердегі романтикалық кескінделудің құбылмалылығы және олардың белгілі бір әлеуметтік – тарихи жағдайға байланыстылығын есте ұстау керек.

Белинскийдің ұстанған осы бір тұжырымның дұрыстығын қазақ  әдебиетінің тарихи даму жолынан  да аңғаруға болады. Әдебиетіміздегі  романтизм өзінің бар екендігін  білгізіп, әр түрлі тарихи кезеңдерде және әдеби ұстанымы әр қилы қаламгерлер  шығармашылығында түрлі деңгейде көрініс тауып отыруы – заңды құбылыс. Ауыз әдебиетіндегі арнау мен жоқтауда, батырлар жырында, көне түркі, орта ғасырлық қыпшақ жазба ескеткіштерінде, жыраулар поэзиясында, Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы т.б. ақындарымыздың лирикасында төбе көрсетті. Хандық биліктен береке кетпеген кезде жыраулар текті тұқымдарды көкке көтере жырласа, елдіктен айырыла бастаған тұста Махамбет хан тұқымына шүйлігіп, рухы күшті отаршылдыққа бас имеген бунтар жанның бейнесін Исатай бойына жинақтап, рухы асқақ жанның образын сомдады. Ал, орыс отарлаушылығы аяқталған тұста ақ патшаға қызмет етушілердің романтикалық бейнесін асқақтата сомдау алғы орынға шықты. Осылайша қазақ романтиктерінің әдеби образды поэтикалық түрде ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлер түріне топтап жырлауы қазақ кеңес әдебиетіндегі соцреализмге табылмас үлгі болғанын, қазақ әдебиетінің өзіндік дамуына, толысуына кедергі келтіргенін сөз арасында айта кетуге тиіспіз.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»  дастанынан да біз үш романтикалық кейіпкер бейнесін жолықтырамыз – Айбас, Қозы және Қарабай еліне Қозы келгенге дейінгі Қодар образдары. Осыны негізге ала отырып айтарымыз, түркі романтизмі – ең алдымен – ерекше дүниетаным туралы түсініктер жинағы. Поэзиямызда жауынгерлік өмірдің бейнетқорлықтан (көшпелік пен отырықшылдықтан артық екенін әспеттейді, ал осы екеуін бір – біріне  қарсы қоятындар қазақты көшіп қонған ел ретінде танытуға жанын салады, диханның соқасы мен бақташының таяғын  ұстанғандарды қару асынғандармен шатастырады) жоғары тұруы асқақтала жырланды. Қазақ қоғамының діни ұстанымы жағынан екі жарылуы бабалар дәстүрін жақтаушылардың (тәңірлік /маңғұл тайпаларынан бөлек/ – ариан дінін тұтынушылардың) бір тобы – христианданып казак атанса, екіншілері – мұсылманшылықты қабылдап, Өзбек хандығының қолтығына кірді. Діні бөлектер арасындағы бір ұлттың осы жіктелісі Серб пен Хорваттардың және Босниялықтардың  тағдыр талайындай аралас – құраластықты мәңгіге үзіп, екі бөлек халыққа айналып шыға келді. Өзге елден қалыңдық барымталап алып үйлену салты еркін түркілердің бірін  – еуропаландырса, екіншісін – маңғұлдандырды. Тек соғысты дәріптеген руна жазуларындағы түркілік азғындануға (Ариан дінінің негізгі принциптерінен бас тартып, өзгеге еліктеушілік өмір салты белең алып, шумерлік, арийлік құндылықтардан безіну) қарсы тұру, қытай мәдени – саяси экспанциясына қарсылық ретінде табғаш еліне деген өшпенділіктен бастау алады. Екі өзеннен (Еділ – Жайық пен Ертістен ) айырылу көшпелік өмір салтын туғызды. Енді сол қалыптасқан көшпелі өмір аясының тарылуы Сұлтанмахмұтқа «Дала мен қала» ақынының айтысы шығармасын жазуға жетелесе, одан бұрынырақ Мәшһүр – Жүсіпте «Сарыарқаның кімдікі екенін» романтикалық жырлауда, Еділ мен Жайықтан айырылу туралы зарланған жыраулар поэзиясындағы «ах, ұру» үрдісін жаңаша суреттеп, өз заманына сай бейнеледі.

Отарлық жағдайдағы қазақ  өмірінің қайғылы хал – ахуалы үш ақын элегияларында айқын көрініс  береді де, олардың өз дәуіріне деген  романтикалық қатынасын ашып көрсетеді. Олардағы романтизмді (бұл өте маңызды) рухани поэтизацияға ұмытылу деп  бір жақты түсінбеу қажет, отаршылдың шын бет пердесін ашуда осы көркемдік әдістің табылмас тәсіл болғандығынан деп ұғынғанымыз жөн.

Романтикалық дүниетаным жиынтығы дуалистік негізде суреттелетін өмірді айқын контрастылықпен байланыстырады. Ондағы қарама – қайшылықтың болуы шығармашылықтың романтикалық түріне тән айырықша белгі болғандықтан, үш ақын стилінде әр түрлі дәрежеде көрініс табады. Ш. Құдайбердіұлының қазақ тұрмысынан алынып жазылған үш поэмасында: «Қодар өлімі», «Қалқаман - Мамыр» және «Еңілік - Кебекте» тобықты руындағы екі оғаш оқиға және «Тобықты - Матай» жесір дауын өзек етіп алды. Шәкәрімде Қодар, Кебек пен Қалқаман қалыптасқан дәстүрге қарсы бунтар бейнесінде өз қоғамынан зәбір көруші жандар болуы реалистік суреттеуге романтикалық реңк береді. Қазақ қоғамына жат әдетке барған бунтарлар: Қодар, Қалқаман, Кебектердің іс –  әрекетін ақын эпикалық тұрғыдан жырлағанымен, бәрі бір махаббат үшін бастарын бәйгеге тіккен ерекшеліктері оларды романтикалық бейнеге айналдырған. «Реализм мен романизм әдістерінің ХХ ғасырда жақындасуы, бір – біріне әсері болғанын орыс әдебиетшілері де жоққа шығармайды»[33, 14].

Жаңа қазақ романтизмінде (Ақылбай мен Мағауияда) уақыт  пен  кеңістіктік шартты болса, Шәкәрімде  әлі ел есінен кетпеген нақты. Мысалға, Қодар оқиғасы. Аталған үш поэманы романтизмге жақындастырып тұрған нәрсе: шығарма кейіпкерлерінің өз сезімдеріне ие бола алмай, ұлттық ділге жат әрекеттерге барғандықтары. Қазақ ұғымындағы кездесуге тиіс емес, жайттардың шындық өмірде орын алып, оның Шәкәрімнің көркемдік сүзгісінен өтіп, әдеби шығармаға айналуы процесінде реалды қазақ тарихындағы нақты тұлғалар романтикалық рухқа оранып жырланады. Оқиғаларға өзек болған жат құбылыстар: туған келініне үйлену; немере қарындасымен көңіл қосу; өз әйелі бола тұра, біреудің аттастырылған  қалыңдығымен некесіз байланысқа түсу сияқты оғаш өмірілік ситуациялар бүгінгі де, кешегі де қазақ қоғамы мүшелерінің төбе шашын тік тұрғызатын қылықтарды шынайы суреттеуде романтикалық сарын реализммен алмасып келіп отырады. Бір әдеби әдіс біткен жерде, екінші әдіс бастау алады. Автордың өз кейіпкерлеріне деген көңілі, көзқарасы әр түрлі біреуіне (Кебекке) іш тартса, қалғандарына (Қодар мен Қалқаманға) қарсы екенін поэма контексінен аңғарып отырамыз. Бұлайша суреттеу Сұлтанмахмұтқа да тән. Адам сезіміне бойлауда эпос сияқты лирика жанрының өзіндік ерекше жолы болатындығы дау тудырмайды. Сол секілді реализмдегі өзіндік қамту ауқымы романтизмде де бар. Адамның күрделі сезімін беруге бір ғана реализм тарлық ететіндігінің әдеби көрініс беруіне Сұлтанмахмұттың «Айтыс»  поэмасын жатқыза аламыз. Қала мен дала ақындарының ішкі қалтырыстарын ашуда ақын романтизмге арқа сүйейді. Поэмада романтизм реализмнен ірге үзіп кетпейтініне, қайта қанаттасып, серіктесіп отыратыны ерекше назар аудартады. Сонымен бірге, ол өмірден жолын таппаған абстракты адамды дәстүрлі адам жасын жырға қосып термелеуді поэмаға айналдыра отырып, «Адасқан өмірде» әлеуметтік – саяси астармен сипатталған қазақ қоғамындағы «кішкентай адам» бейнесін қарама – қарсы қоя отырып, романтикалық шарттылық арқылы өз идеясын оқырманына жеткізе білсе, Мәшһүр жансызды жандандыру арқылы «Мешіт зарында» кәпір мен мұсылман діни қайшылығын романтикалық аспектіде фантастогармониялық тәсілмен астарлап, көркемдік шеберлікпен бере білген. Реализм мен романтизмнің астасуы төрт принципке сүйенеді: екеуі бір – біріне үнемі қарсы келетін әдіс емес; ортақ жақтары бола тұра, түбірлі өзгешеліктері де бар; екеуі бір шығарма бойында ешқашан тап – таза күйінде кездеспейді; екеуі қашанда бірін –  бірі толықтырып, қанаттаса өрбіп отырады[33]. Сонымен, мәтінді көркем қабылдауда сөз еркіне бағына отырып, автор қолданған әдіс түрлеріне байыппен қарауға үйретеді. Шәкәрім поэмаларына романтикалық реңк беруге: Құнанбай мен Найман төресінің сөз қақтығысын («Қодардың өлімі»); жігіттің діни жұмбағы («Қалқаман –  Мамыр»); Абыз көріпкелдігі («Еңілік – Кебекте») шығармашылық фон ретінде пайдаланған.

Мағжанға дейінгі романтизмнің жай – күйі туралы әдебиеттанушы  ғалым Б.Майтанов: «Романтиктерге хас  бір белгі өршілдік болса, ол «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам! Күн болмағанда кім болам!» деп тебіренетін Сұлтанмахмұт Торайғыров... – деп, ақынның өршіл рухын тамыршыдай тап басып басады да,  –  ... аталған және аталмаған талай жыр саңылақтарында кеңінен кездеседі. Бірақ бұл сипат басқа қаламгерлердің творчествосында әредік не шоғыр – шоғыр күйінде ұшырасқанымен, тұтас дүниетаным мен көркемдік – эстетикалық жүйе құрайтындай дәйекті, күрделі дәрежеге жеткен жоқ»[34, 52] – деп Мағжанға дейінгі романтизм әдісінің дамуын дұрыс саралайды.

Романтикалық гиперболалық поэтизациялау жазба әдебиеті өмірге келгенге дейін төл әдебиетімізде  «Алпамыста» – Ұлтан бейнесінде, «Қозы Көрпеш – Баян  сұлуда»  – Қодар бейнесінде айшықталды. Енді оның абстрактілік, жандандырыла поэтикалануы тұрмыстық нақтылану, шынайы деталдану арқылы реализм аясында романтикалық тұрпат алуы аталған үш ақын шығармашылығында берік орын алды. «Өзінің түрі жағынан реалистік болып келетін туындыларды не тұтастай, не жекелеген образдарды  романтикалық болмыс тұрғысынан ұғыну негізінде жазып шығуға әбден болады»[32] – Гуляев пікірімен бізде келісеміз. Шәкәрім жырлаған Кебек, Қодар, Қалқаман тағдырлары ру арасынан басқаға әйгіленуге тиісті емес тақырыптар еді. Шәкәрімнің ақындық ерлігі сол: тарихи шындықты «Қыз Жібектегідей» бұрмаламай (Кескен Терек қожаның орнына Бекежанды жаман атты еткені  сияқты) кейіпкерлер іс – әрекетіне орынсыз өзгертулер енгізбейді. Барлық жосығы реалистік болғанымен, «Қалқаман – Мамырдың» реализмі тек стиль жағынан ғана,  қалғаны ақынның ескі тарихқа деген романтикалық көзқарасы болып келеді.

ХХ ғасырдың басындағы  қазақ романтиктері отаршылдық езгіге қарсылық ретінде өз тарихының азат, бостан күндерін, яғни ақындық, азаматтық, ұлттық «Мен» жоғалмаған күндерін аңсай  жырлады. Сонысы үшін олар кейін әдебиет  тарихынан сызылып та тасталды. «Біз мені бар, бұла өскен халық едік, «мені» бар адам тірі. «Мені» бар ұлт жағасына қол алғызбайды. «Мен» – рух. «Менсіздік» - бейшаралық, жеңілудің басы.

Ұлттың кісі «мен» деп сөйлейтін еді»[35]. Аталған ғалым пікірімен келісе отырып, реалистік әдіспен жазылған шығармаларда кейде ашық, кейде жасырын романтикалық әдіс те бой көрсететін жоққа шығара алмаймыз. Ол үшін «Мен» атой салатын руна жазуындағы:

Ақыл иесі, сөз иесі мен болдым...

( Тоныкөк).

Ай, хан, мен айтпасам білмейсің!..

(Асан қайғы).

Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кәуірдің

Арасын бұзып өтіп дінді ашқан,

Сүйіншіұлы Қазтуған – 

деп өзіндік «Менді »  таныту;

Азаулының Аймадет Ер Доспамбет ағаның,

Хан ұлынан несі кем, би ұлынан несі кем!

Тәңірінің өз берген күнінде

Хан ұлынан артық еді  менің несібем! – 

деуі неге тұрады.

Ал, XVII ғасырда өмір кешкен Жиембет жырау:

Еңсегей бйлы ер Есім,

Есім сені есірткен

Есілде менің кеңесім! – 

деп қаһарлана тіл  безесе, оның өкшесін басқан ізбасары Бұқар жырау XVIII ғасырда :

Сені мен көргенде...

Қалтақтап жүріп күнелткен 

Үйсін Төле билердің

Түйесін баққан құл едің! – 

деген өршіл «Мен», сахаралық  демократия, сана бостандығы жыраулар поэзиясында мен мұндалап тұнып  тұр. Енді күрес түрі өзгеріп, бостандықты  жоғалтқан тұстағы ақындық «мен» Махамбеттің отты жырларында былайша төгіледі:

Ту түбінен ту алған,

Жауды көріп қуанған,

Мен  –  Өтемістің  баласы

Махамбет атты батырмын! – 

деп, араға ғасырлар салып, кезінде Қазтуған жырау сомдаған әдеби автопортретті қайталайды.

Романтикалық қайсар «мен» әдеби трансформацияға  ұшырап, Сұлтанмахмұт, Мәшһүр – Жүсіп, Шәкәрім дәуірінде нәзік мұңға  оранған астарлы сұлу элегияға айналды  десек қателеспейміз. Аталған ақындар  туындыларын парақтаған сайын оған көз жеткізе түсеміз.

Шәкәрім романтизмі ескі тарихи оқиғаларды өз заманы тұрғысынан бағамдауы тұрғысынан көрінсе, Мәшһүр – Жүсіп өз лирикасында мұсылман аңыздарындағы ерекше тұлғаларды сомдауда осы көркемдік әдіске жүгінді. Сұлтанмахмұт қоғамдағы «кішкентай жандардың» өз намысын таптатпаудағы өршілдігіне әлеуметтік астар бере, өзі өмір сүрген дәуірге үкім, кесік айту дәрежесіне романтикалық әдісті реализммен ұштастыра үлкен әдеби жетістікке өз шығармашылығында жете  білуді меңгерді.

ХІХ ғасырдың соңы мен  ХХ ғасырдың басындағы қазақ романтизмі (еуропадағы сияқты ағартушылық бағыттағы кризиске ұшыраған жоқ) ағартушылық реализмді романтизммен ұштастырды. Ыбырай мен Абайдан бастау алған ағартушылық үрдіс одан әрі түрлі әдеби реңкке ие болып, Сұлтанмахмұтта – әлеуметтік сарын, Мәшһүр – Жүсіпте – діни сарын, Шәкәрімде – гуманистік философиямен толығып, биік дәрежеге көтерілді.

Отар ұлт пен егемен елдің әдебиеті бір текті дамымайды. Тек жанр түріне тән ұқсастық екеуін бір арнаға тоғыстырғаны болмаса, экономикалық, саяси өмір шындығы, ұлттық діл, көркемдік әдіс пен көркемдік шешім шығаруда ұлт қаламгерлерін өз қарына тарттырады.

Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм